Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет181/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Есептер мен жаттығулар.
Мысал 1. Массасы 11,1 г сусыз кальций хлоридін 200 г суда еріткенде, ерітіндінің температурасы 8,90С-қа көтерілген. Кристаллогидраттың CaCl2∙6H2O ерігіштік энтальпиясын 19,08 кДж/моль деп алып, CaCl2 гидраттану энтальпиясын анықтаңыз (ерітіндінің меншікті жылу сыйымдылығын судың меншікті жылу сыйымдылығына 4,184 Дж∙г-1∙К-1 тең деп аламыз).

Шығарылуы. 1. Сусыз тұздың еру энтальпиясын анықтаймыз. Ол үшін массасы 11,1 г тұз ерігенде бөлінген жылудың мөлшерін Q=m∙c∙∆t формуласы бойынша есептейміз, мұндағы m – судың массасы; с – меншікті жылу сыйымдылығы; ∆t – су температурасының көтерілуі.

Q = 200 г ∙ 4,184 Дж∙г-1∙К-1 ∙ 8,9 К = 7450 Дж = 7,45 кДж

1 моль СаСl2 – үшін (M(CaCl2) = 111 г/моль);



, немесе ∆Н = -74,5 кДж/моль.

2. Еру процесін бір стадияда (1) немесе екі стадия (2) түрінде көрсетуге болады:

1) CaCl2(қ) + aq → ерітінді, ∆Н1

2) CaCl2(қ) + 6H2O → CaCl2(қ)∙6H2O, ∆Н2

3) CaCl2∙6Н2О(қ) + aq → ерітінді, ∆Н3

Гесс заңы бойынша ∆Н1 =∆Н2 + ∆Н3,

∆Н2 =∆Н1 - ∆Н3, мұндағы ∆Н1=-74,5 кДж/моль, ал ∆Н3=19,08 кДж/моль (есептің берілгені бойынша); олай болса, тұздың гидратациялану энтальпиясы:

∆Н2 = -74,5 – 19,08 = -93,6 кДж/моль.

Мысал 2. Массасы 10 г аммоний хлоридін 233 г суда еріткенде ерітіндінің температурасы 2,80 градусқа төмендеген. Аммоний хлоридінің еру энтальпиясын анықтаңыз.

Шығарылуы. Ерітінді өте сұйытылған болғандықтан

с(NH4Cl) = с(H2O) = 4,184 Дж∙г-1∙К-1 деп аламыз.

mеріт. = mсу + mе.з = 233 + 10 = 243 г

Сіңірілген жылу мөлшерін Q=m∙c∙∆t формуласы бойынша есептейміз.

Q = 243 ∙ 4,184 ∙ (-2,80) = -28,44 Дж ≈ 2,84 кДж.



Сонымен 10 г тұз ерігендегі сіңірілген жылу -2,84 кДж болса, 1 моль (NH4Cl) үшін (M(NH4Cl) = 53,5 г/моль):

ал энтальпияның өзгеруі:

∆Н = 15,2 кДж/моль.
1. Берілген еріткіштердің қайсысында: спиртте (∆Н=6,69), бензолда (∆Н=17,57) және төртхлорсутекте ∆Н = 24,37 кДж/моль йод жақсы ериді?

І2(қ) → І2(ер.) процесіндегі энтропияның өзгеруін үш жағдайда да бірдей деп аламыз.

2. Белгілі температурадағы газдардың суда еру процесінің тепе-теңдік кезіндегі нұсқасы берілген:

1) H2S(г) H2S(ер.), ∆Н1 = -19,24 кДж/моль.

2) SO2(г) SO2(ер.), ∆Н2 = -35,98 кДж/моль.

Екі жағдайдағы энтропияның өзеруі (∆S) шамалас деп алып, қай газдың көбірек еритінін түсіндіріңіз.

3. Берілген жағдайларда еріткіш пен еріген зат арасында әрекеттесулердің қандай түрлері орын алуы мүмкін: 1) калий хлориді суда; 2) йод спиртте; 3)глюкоза суда; 4) спирт суда; 5) бензол трихлорсутекте ерігенде?

4. Төмендегі берілген заттардың қайсысы суда, қайсысы полюссіз еріткіш – бензолда жақсы ериді: NaHCO3, HCl, I2, C­6H14? Неліктен?

5. Тұздың 900С температурадағы ерігіштігі 204,9 г/100 г Н2О ал 100С-та – 21,2 г/100 г Н2О. Осы тұздың қаныққан ерітіндісін 900С-тан 100С-қа дейін салқындатқанда 367,4 г тұз кристалданған. Қаныққан ерітінді даярлау үшін (900С) қанша тұз және қанша су жұмсалғанын есептеңіз. Жауабы: 409,8 г; 200 г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет