Мысал 4. Массасы 300 г 12%-дық NaCl ерітіндісін даярлау үшін массалық үлестері 10% және 20%-дық бастапқы ерітінділердің қандай массаларын араластырамыз?
Шығарылуы. Араластыру ережесін пайдаланады: араластыратын ерітінділердің массалары араластырылатын ерітінділердің массалық үлестерінің айырмасы мен қоспаның массалық үлесі кері пропорционалды:
Бұл ережені пайдалануды жеңілдету үшін крест ережесін немесе Пирсон квадратын қолданады:
бастапқы ерітінділердің массалық үлестерін бірінің астына бірін жазады, ал олардың оң жағындағы ортасына – алынуы керек ерітіндінің массалық үлесін жазады:
үлкен массалық үлестен берілгенді шегереді де нәтижесін төменгі оң жаққа жазады: берілген массалық үлестен кішісін шегереді де нәтижесін жоғарғы оң жаққа жазады:
0,02 саны 0,08 сандары тиісінше ω2(NaCl)=0,2(20%) және ω1(NaCl)=0,1(10%) болатын ерітінділердің қандай массалық үлесте алу керектігін көрсетеді:
ω2(NaCl)
ω2(NaCl)=0,1 болатын ерітіндінің массасы:
ω1(NaCl)
Д. Ерітіндінің молярлық концентрациясы См – 1 л ерітіндідегі еріген заттың моль санын көрсетеді. Өлшем бірлігі моль/л.
мұндағы n – еріген заттың мөлшері (моль);
V – ерітіндінің көлемі (литр);
m – еріген заттың массасы (кг, г);
M – еріген заттың молярлық массасы (г/моль).
1 М – бір молярлық ерітінді (1 литр ерітіндіде еріген заттың 1 молі болады);
0,5 М – жарты молярлық ерітінді;
0,1 М – децимолярлық ерітінді;
0,01 М – сантимолярлық ерітінді;
0,001 М – миллимолярлық ерітінді.
Достарыңызбен бөлісу: |