Электролиттік диссоциация теориясының негізгі ережелерін тұжырымдаңыз. Электролиттерге және бейэлектролиттерге қандай заттар жатады?
Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан а) қышқылдардың, ә) негіздердің жалпы қасиеттерін қалай түсіндіруге болады?
Электролиттік диссоциация дәрежесі нені сипаттайды?
Әлсіз электролиттің диссоциациялану дәрежесі мен оның ерітіндідегі концентрациясының арасындағы байланысты көрсетіңіз. Оствальдтың сұйылту заңы қалай тұжырымдалады?
Қандай электролиттер ерітіндіде сатылы диссоциацияға ұшырайды?