Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет93/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   273
pH = -lg[H+] pОH = -lg[ОH-]

Қышқылды ерітінділерде рН < 7, бейтараптыда рН = 7, сілтілікте рН >7.



Қышқылдар мен сілтілер әсер еткендегі индикатор түсінің өзгерісі

1-кесте


Индикатор

Индикатор бояуы

қышқылды ортада

(рН < 7)

бейтарап ортада

(рН = 7)

сілтілі ортада

(рН > 7)

Лакмус

қызыл

күлгін

көк

Метилоранж

қызғылт

қызыл сары

сары

Фенолфталеин

түссіз

түссіз

қызыл күрең

Иондық алмасу реакциялары. Тұздар гидролизі
Электролит ерітінділерді өзара әрекеттестіргенде реакция еріген заттардың иондары арасында жүреді. Егер реакция барысында нашар диссоциацияланатын зат түзілсе, не қосылыстың бірі ерітіндіден тұнбаға түссе, не газ күйінде бөлініп шықса, электролит ерітінділері арасындағы реакциялар аяғына дейін жүреді.

Мысалы:


FeCl3 + 3NaOH = Fe(OH)3↓ + 3NaCl.

Ион түрінде жазсақ,

Fe+3 + 3Cl- + 3Na+ + OH = Fe(OH)3↓ + 3Na+ + 3Cl.

Иондық теңдеудегі химиялық әрекеттесулерге қатынаспаған иондарды (Na+,Cl) еске алмай, иондық теңдеуді қысқаша жазуға болады.

Fe+3 + 3OH = Fe(OH)3↓.

Еріген тұз иондарының су иондарымен өзара әрекеттесуі тұздардың гидролизі делінеді. Бұл әрекет сутек ионының концентрациясы өзгеру арқылы жүреді. Тұз иондары мен су иондарының әрекеттесуі нәтижесінде кемінде бір нашар диссоциацияланатын, не суда нашар еритін заттың түзілуі тұздардың гидролизденетінін көрсетеді. Ондай заттардың түзілуі су иондарының бірімен байланысу арқылы, демек судың диссоциациялану тепе-теңдігінің ауысуы, не ерітіндінің рН өзгеруі арқылы жүреді.

Тұздардың гидролизі қарама-қарсы екі әрекеттен: су молекуласының сутек және гидроксил иондарына диссоциациялануы мен ерітіндідегі тұз иондарының судың [H+] және [ОH] иондарымен әрекеттесу процестерінен құралады.

Тұздар үш жағдайда гидролизденеді.

1. Күшті негіз бен әлсіз қышқыл тұзының мысалы үшін натрий ацетатының гидролизін қарастыралық:

CH3COONa CH3COO + Na+,

HOH H+ + OH,

CH3COOH


Мұндағы судың H+ ионы тұздың СН3СОО ионымен байланысып, нашар диссоциацияланатын сірке қышқылын түзеді де, судың диссоциациялануын арттырады. Сонда ерітіндіде ОH ионының концентрациясы артады, демек ерітінді сілтілік ортаны (рН>7) көрсетеді. Гидролиздену реакциясын кәдімгі реакциялар теңдеуі түрінде де жазуға болады:

CH3COONa + HOH = CH3COOH + NaOH

немесе ион түріне

CH3COO + HOH = CH3COOH + OH.

Күшті негіз бен көп негізді әлсіз қышқылдан түзілген тұздар қышқылдық тұз түзіп, сатыланып гидролизденеді.

2. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизденгенде ерітіндідегі сутек ионының концентрациясы артады және мұндай ерітінділердің pH<7 болады, демек ерітіндінің реакция ортасы қышқылдық болады. Егер тұз түзуі катион көп зарядты болса, онда гидролиздену нәтижесінде көбіне бос күйіндегі негіз емес, негіздік тұздар түзіледі.

3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар басқа тұздарға қарағанда жеңіл гидролизденеді, өйткені олардың иондары судың Н+ және ОН иондарының екеуімен де байланысады. Егер қышқыл мен негіздің күші шамалас болса, онда ерітіндінің pH=7 болады, ал қышқыл негізден күштілеу болса, әлсіз қышқылдық, керісінше қышқылдан негіз күштілеу болса, әлсіз сілтілік ортаны көрсетеді.

Көпшілік жағдайда тұздардың гидролизі қайтымды әрекет, кейбір өте әлсіз негіздер мен өте әлсіз қышқылдардың тұздары қайтымсыз гидролизденеді, гидролиз өнімі әрі қиын еритін зат – тұнба түрінде, әрі газ күйінде бөлінуі мүмкін.

Мысалы:

Al2S3 + 6HOH 3H2S + 2Al(OH)3

Гидролизденген молекулалар санының жалпы еріген молекулалар санына қатынасын гидролиздену дәрежесі деп атайды. Гидролиздену дәрежесі тұздың табиғатына, ерітіндінің концентрациясына және температураға тәуелді болады. Гидролиздену дәрежесін арттыру қажет боса, оған су құяды, не қыздырады. Қыздыру арқылы кейбір тұздардың гидролизденуін іс жүзінде аяғына дейін жеткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет