24
жағдайына түссе ( тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт
баяулайды.
Жаңа туған баланың дамуының айырықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене)
қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері
тезірек қалыптасады, соның ішінде
әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды
қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты
рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Әрине, туа біткен реакциялардың көпшілігі
сәбидің өмір сүруі үшін керек. Шартты рефлекс баланың 10
айлық кезінде пайда
болады, яғни тамақтану үстінде.
Дүниеге келу оның бойындағы органикалық қажеттікті оттекке, тағамға,
жылылыққа қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған мінез-құлықтың туа біткен,
инстинкті формаларын таза күйінде бақылауға болатын адам өміріндегі бірден бір
кезең болып табылады. Бұл органикалық қажеттіктер, дегенмен, психикалық дамудың
негізі бола алмайды- олар тек қана баланың өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Бала бойындағы шартсыз рефлекстер мінез-құлықтың
адамдық формаларының
пайда болуын қамтамасыз ете алмайды. Оның хайуанаттар ролінен өзгешілігі осында.
Ал, хайуанаттар төліндегі шартсыз рефлекстердің күрделі жиынтығы қорғаныш, жемтік
аулау, аналық, қалыпты өмір сүруге қажетті тағы басқа реакциялар қалыптасқан
малдың не аңның өсіп шығуына мүмкіндік береді.
Зерттеулер көрсеткендей, баланың туа біткен аздаған
реакцияларының жиынтығында
сыртқы тітіркендіргіштерге көптеген рефлекстер бар, олардың негізінде ештеңе
дамымайды. Бұл – баланың хайуанаттардың арғы атасынан тұқым қуалайтын
атавизимдік рефлекстер. Жоғарыда аталған туа біткен рефлекстердің
ішінде жармасу
рефлексі мен еңбектеу рефлексі осыған жатады. Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері
бара – бара жойылады. Жармасу рефлексі жұдырық түйген кезде алақанның
тітіркенуінен пайда болады. Баланың психикалық дамуына сыртқы дүниемен өзара
әсер теу қабілетін дамытуға қажетті қозғалыстарды жармасу қимылдары негізінде емес,
саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау негізінде басталады. Жармасу
рефлексі бала қарамауға үйренуден бұрын жойылады.
Табанмен тіреп еңбектеу
рефлексі де кеңістікте өздігінен қозғалуды дамытудың негізі болып есептелмейді.
Зерттеулер нағыз еңбектеу аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалысыныан
басталатынын көрсетті: бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады, қолын «кезек қозғап», алға
жылжиды.
Қармау мен еңбектеу туған күннен бастап емес, одан едәуір кейін, үлкендердің осы
қимылдары үйретуімен, жаттықтырумен қалыптасады.
Сонымен, бала хайуанаттар төліне қарағанда, әлдеқайда
туа біткен мінез-құлық
формаларымен аз қаруланған. Балада адамға тән мінез-құлық формалары әлі де
қалыптаспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: