Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы



Pdf көрінісі
бет18/67
Дата08.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106624
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67
Байланысты:
Beisenbekova

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


23 
 
 
 
 
 
 
Бөлім 2. Жас кезеңдеріне психологиялық сипаттама. 
Тақырып 4. Нәрестелік шақтағы баланың психикалық дамуы. 
Жаңа туған кезең. 
Баланың дүниеге келуі – күрт өзгеріс болып табылады. 
Біршама тұрақты ортадағы тіршіліктен (ана организмдегі) ол кенеттен жиі өзгеріп 
тұратын сан алуан тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем жағдайға, яғни 
бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл – есті адам болып өсетің дүниеге 
шығады. Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін).Өмірге бала шыр етіп келетіні 
белгілі. Бірақта, баланың дүниеге келуіндегі шыр етіп қалуын әр түрлі пікірлермен 
ғалымдар түсіндіргісі келеді. Мәселен З.Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете 
қалуын ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептеді. Фрейд 
бойынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір 
талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың 
психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратын пессимистік тұрғыда 
суреттейді.
Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ 
болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің 
қиялдарында, түс тәріздес толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен 
шектеледі деп есептеді. Бұл Ж.Пиаженің алғашқы еңбектеріне әсер етті. Фрейд пен 
Пиаженнің аталаған қағидалары өткір сынға алынды. Француздың прогерсшіл 
зерттеушісі А.Валлон шарылдап жылауы бірдемені алдын ала сезу немесе соған 
байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиял деп 
есептеді. Ал. кеңес психологтарының тарапынан Л.С.Выготский сынға алды. Ол
нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді. 
Әрине, баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер 
қамтамасыз етеді. Оларда әлі де болса жетекші іс-әрекеттер жоқ. Шартсыз рефлекстер 
баланың дамуындағы алғы шарты. Оның түрлері: 

қорғаныс рефлекстері
– 
олар тітіркендіргіштен қашықтауға немесе оның әрекетін 
шектеуге бағытталған. (көзін жыпылдату, түшкіру, жөтелу). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет