4. Әдістеме: Балалардың балабақша өміріндегі және мектептегі эмоциялық мәнді жақтарын елестетуін зерттеу. (Көңілді – көңілсіз.)
Зерттеудің барысы: 6-7 жасар балаларға мынадай әңгіменің соңын өздері ойлап, аяқтау ұсынылады: Марат мектептен көңілсіз күйде келді. Сен неге көңілсізсің? - деп сұрады шешесі. Ал Марат: «Себебі біздің мұғаліміміз Айша апай … -деп жауап берді. Ол әрі қарай не деп айтты?
Осындай ситуациялар ұсынылады. Ситуацияларда мектептен көңілді келген бала, сондай-ақ, балабақшадан көңілді және көңілсіз келген балалар жайында айтылуы тиіс.
Алынған мәліметтерді өңдеу: Балалардың жауаптары 4 типке бөлінеді:
«Баға»: көңілді- себебі мұғалім оған «бес» деген жақсы баға қойды; көңілсіз-себебі мұғалім «екі» деген нашар баға қойды.
«Мұғаліммен (тәрбиешімен) болған келеңсіз қарым-қатынастар»: мақтады, жазалады, ұрысты, класстан шығарып жіберді, мейірімді болды, ренжулі болды т.с.с.
«Мұғалім-сабақтар»: мұғалім (тәрбиеші) ауырды, бүгін келді, басқа мектепке ауысты. Бұл типке мынадай жауаптар енеді: көңілді (көңілсіз) көңіл-күйдің себебі сабақтардың болуы немесе болмауы.