Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет8/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   108
жоғары
өрлеу және 
төмен құлдырау
, яғни кері кеу бағытында 
болады. 
Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы 
(кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы 
(экономикалық вертикалды мобильдік) жатады. 
Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі 
кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында 
мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.
Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ 
қоғамындағы 
төмен 
құлдырау 
мобильдігінің 
себептерін 
адамның 
психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, 
сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы 
статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне 
индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады. 
Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір 
ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: 
әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше 
ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – 
ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады. 
Горизантальды мобильділікте – индивид бір әлеуметтік позициядан 
екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның 
әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы 
жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік 
қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды. 
Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің мысалына индивидтің бір 
азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан 
жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен 
екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде де 
индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.
Көлденең мобильділіккке географиялық мобильдік те жатады. Бұл 
индивидтің әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана 
бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды 
білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды 
жатқызуға болады. 
Мобильділіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген 
де түрлері бар. 
Ұрпақтар арасындағы мобильділікте 
балалар өздерінің әке-шешелерінің 
әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі 
сатыда болулары мүмкін. 
Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал. 
Ұрпақтар ішіндегі мобильдікліте 
индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу 
немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. 
Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид 
өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың 
директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін. 


Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрі,
 
яғни ұрпақтар арасындағы 
мобильдік ұзақ мерзімдік процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей 
мобильдігі – қысқа мерзімді процеске жатады. әлеуметтік мобильдіктің бірінші 
түрінде әлеуметтанушылардың зерттеуіне таптар арасындағы мобильдік, ал, 
екіншісінде – дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады. 
Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір 
әлеуметтік жағдайға ауысуыболып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, 
бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б. 
өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы 
мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшемнен шектелуі 
мүмкін. 
Жек мобильдік 
туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің 
әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай 
құлдырауы. 
Топтық мобильдік 
тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік 
статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. 
Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік 
революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық 
соғыстар; азамат соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің
ауысуы; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; 
империяны құру жатады. 
Топтық мобильдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары 
қарқынмен жүреді. Мәселен, Ресейдегі Қазан төңкерісі большевиктер 
партиясының бұрын болмаған беделін көтеріп, қоғамға мойындатты. Сонымен 
қатар еңбекші таптан шыққан адамдардың білім алуға, ғылыммен айналысуға, 
билікке қол жеткізулеріне кең мүмкіндіктер ашылды. Сөйтіп халытық 
интеллигенция қалыптаса бастады. Мұнымен қатар жаңа өкімет буржуазиялық
интеллигенцияға қарсы шабуылын бастады, оларды қуғындап, тіпті жоюға 
дейін барды. Осы процестердің нәтижесінде Ресейде әлеуметтік мобильдіктің 
деңгейі жоғарылай түсті. 
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтермен бірге 
оның ұйымдасқан мобильдік түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен, 
көлденең бағыттағы мобильдігі мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге 
асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың 
келісімінсіз де болуы мімкін. 
Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО-да 
қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың келуі; ұйымдасқан 
әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты 
ұлы Отан соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен 
жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады. 
Әлеуметтік мобильдік құбылысының екі өлшемі бар. Олар – мобильдіктің 
жылдамдығы және көлемі. 
Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы 
белгілі бір уақыт аралығындағы 
тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке 


индивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық
саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді. 
Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші 
біреулердің ондай дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше сатылардан өтуі және бұл 
процестің ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. 
Мысалы, кеңестер Одағында қарапайым адамның жоғары саяси элита 
қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек 
болған. Яғни, қарапайым қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия 
ұйымдарында, аудан, қала, облыс көлемінде басшылық қызметтеде жоғары 
беделге ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға мүмкіндік алған. 
Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны 
белгілі бір уақыт аралығындағы 
өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді. 
Бұл сан абсолюттік болады да, оның қоғам халқының жалпы санына қатынасы 
салыстырмалы көлемді пайызрақылы көрсетіледі.
Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді 
болып келеді және ол қоғамдарда жеке вертикалды өрлеу бағытындағы 
мобильдіктің көлемі жоғары. 
Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты? 
деген сұрауға ғалымдар: 
біріншіден,
ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне 
байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, 
әлеуметтік экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары статусқа ие болуы үшін 
әрбір индивидтің қажымай –талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы 
қажет. 
Екіншіден, 
жеке адамның тік өрлеу бағытында бір әлеуметтік жағдайдан
екінші бір әлеуметтік жағдайға ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, 
ондағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық 
саяси жүйесі бар елдерде кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің 
жылдамдығы мен қарқыны да жоғары. 
Американ әлеуметтанушылары П. Балу мен О. Дункан дамыған елдердегі 
әлеуметтік қарқынын зерттеу нәтижесінде АҚШ-да тік жоғары бағыттағы 
мобильдік 
басым 
деген 
қорытындыға 
келген. 
Батыс 
ғалымдары 
постиндустриалдық қоғамдарда «төменгі» және «жоғары таптардың» үлес 
салмағына қарағанда «орта таптың» үлес салмағының өсіп отырғындығын 
айтады. Мәселен, С. Липсет АҚШ-тың әлеуметтік таптың құрылымын бүйірі 
шығыңқы ромб бейнесінде көрсетуге болады дейді.
П.А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: «Егер мобильдік абсолютті түрде 
әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік страталар 
да болмас еді. Олай болса барлық қоғам страталарға жіктеледі. Қоғам өзінше 
бір «елеуіш» тәрізді, яғни онда индивидтер мен таптарды белгілі бір 
өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның нәтижесінде біреулер 
әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі сатылардан 
орын алады». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет