уақыттағы құндылықтарды сақтау жөнінде бұқара халықтың ой-пікірін,
қозғалысын ұйымдастыру, еліміздің территориясын мекендейтін халықтардың
экономикалық мәдениетін оқып, біліп зерттеу, әр жынысты адамдардың
өндірістегі мәдени қатынастарын, т.с.с кеңінен зерттеу.
2.
Мәдениеттің саяси
(оған құқықты мәдениетті кірігіп отырып) саласында:
қоғамның барлық салаларында еңбекшілердің қоғамды, өндірісті басқаруға
белсенді қатынасуын, демократияның барлық түрлерін дамыту, адамдардың
алуан түрлі топтарының, жіктерінің саяси және экономикалық білімін көтеру,
олардың саяси белсенділігін арттыру, т.б. (Бұл жерде мәдени әлеуметтану саяси
әлеуметтанумен тығыз байланысты).
3.
Экономикалық мәдениет
саласында нарықтық жағдайдағы еңбекшілердің
экономикалық білімдерін, олардың нарықтық қатынастардың толық игеріп,
меңгеруі басты мәселе ретінде зерттеледі.
4.
Мәдениеттің рухани саласында
: Ел-жүрттың әрбір топтарының мәдени
іс-қызметі және мәдени дәрежесінің көтерілуін; аймақтық (территориялық)
бірліктердегі (қала, село) рухани мәдениеттің жағдайы мен дамуын; рухани
мәдсниеттің әр түрлерін (білім, ғылым, эстетикалық және көркем әдебиет,
адамгершілік); мәдени мекемелердің, олардың қызметкерлерінің (клуб, театр,
музей, кітапхана, т.б.) іс-қызметін; ел-жүрттың әр түрлі мәдени қызметін (оқу,
мамандандырылған емес техникалық және көркемдік шығармашылықпен
үштастырып терең, жан-жақты зерттеу; қала мен ауыл-сслолардың,
облыстардың, жалпы республиканың мәдени дамуының әлеуметтік және
болжам жоспарларын зерттеу, т.б. жатады.
Жалпы алғанда, мәдени салалардағы осы зерттеулердің басты мақсаты - ол
еңбекші бұқара халықтың әлеумсттік белсенділігін, олардың адамдық
факторларының белсенділігін арттыру және жаңаша ойлау, іс-әрекет, қызмет
жасауды қалыптастыру көзделген. Мәдениет әлеуметтануы қарыштап дамып
келк жатқан жеке дара ғылыми- мәдени теориямен тығыз байланысты.
Мәдениет теориясының мәдениет әлеуметтануынан ерекшелігі бар. Сондықтан
мәдениет теориясы мәдениет әлеуметтануынан басқа мәселелерді зеріттейді.
Олар: мәдениеттің іштей дамуы, мәдени-тарихи процесс, әр түрлі
мәдениеттердің бір-бірімен ауысу заңдылықтары. Ал, мәдени әлеуметтану
қоғамда мәдениеттің әлеуметтік маңызына, алатын орынына және нақтылы
әлеуметтік орада оның қызмет істеуіне баса көңіл аударады. Бұл мәселелерді
мәдениет теориясы зерттемейді.
Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі - мәдениеттің ерекше
құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің заңдылықтарын, қоғамдық
мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы
мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады. Мұнан әрі мәдени
әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттелген іс
қызметтің орындалу мазмұндарын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: