Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері: екі томдық оқу құралы. - 2-ші
басылымы. - Алматы: Қарасай, 2012
2. Әуелғазина Т.Қ. Партия жүйесі – саяси зерттеудің нысаны // Вестник
КазНУ: Сер. философия, культурология, политология. – 2013. - № 2. – 95-102 б.
3. Дәрімбет Б. Демократия мен автократия: Саяси өмір шежіресі – А., 2004
4. Жумасултанова Г. А. Саясаттану пәні бойынша кестелер мен сызбалар
жиынтығы: электрондық оқу құралы - Қарағанды мемлекеттік ун-ті. - Электрон.
текстовые дан.(1,46 МБ). – Караганда, 2011
5. Жумасултанова Г.А., Көшербаев Д.Б., Булумбаев О.Р., Жұмағұлов Е.Т.,
Искаков Е.Р. Саясаттану. Оқу-әдістемелік құрал (барлық мамандықтар үшін) -
Қарағанды: «Идилия» баспасы, 2017. – 150 б.
6. Қалиев Н. Қазақстан партиялық жүйесі // Саясат, 2002, № 11.
7. Мейірманов С. Т. Саясат теориясы: оқу құралы / С. Т. Мейірманов. -
Алматы: Эпиграф, 2016. - 335 б.
8. Саяси түсіндірме сөздік: аңықтамалық басылым / ред. М. Әшімбаев. -
Алматы: Жүйелі зерттеулер ин-ты, 2007. - 615 б.
9. Рахымбаева А.С. Саясаттану: оқу құралы. - 2-ші басылым. - Астана:
Фолиант, 2012. - 230 б.
Дәріс 26. Саяси мәдениет пен мінез-құлық
Дәріс жоспары:
1. Мәдениетті әлеуметтану тұрғыдан түсінуі, оның қоғамдығы маңызы мен
мазмұны.
2. Саяси мәдениет түсінігі мен құрылымы және қызметі мен түрлері.
1.
Саяси мәдениеттің қоғамдығы маңызы мен рөлі.
«Мәдениет» деген ұғым латын тіліндегі "Cultura" сөзінен алынған. Ол
өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналарды білдіреді.
Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен
істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде
қарастырады.
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам
қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерлеп, дамиды,
мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байланысты.
Мәдениетті жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы - мәдениет
әлеуметтануды зерттейді. Ол мәдбниеттің қоғамдағы атқаратын қызметінің
заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттң алатын орны
мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтікдемографиялық әр түрлі топтардың
мәдени қызметін, мәдени деңгейін, мәдени салада бұл топтардың талаптілегін,
мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени дәрежесін, өндіріс және
мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың,
мекемелердің жағдайын атқарып жатқан қызметтерін, мәдени қызметкерлердің
жағдайын және іс-қызметін, т.с.с. зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен
бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім, ғылым,
этикалық және керкемөнер, адамгершілік) мен мекемелерінің (театр, кино,
мұражай, кітапханалар) дамуын болжап, жоспарлайды.
Мәдениет әлеуметтануы дамып келе жатқан жеке дара ғылыми-мәдени
теориямен
тығыз
байланысты.
Мәдениет
теориясының
мәдениет
әлеуметтануынан ерекшелігі бар. Сондықтан мәдениет теориясы мәдениет
әлеуметта¬нуынан басқа мәселелерді зерттейді. Олар: мәдениеттің ігдтей
дамуы, мәдени-тарихи процесс, әр түрлі мәдениеттердің бір-бірімен ауысу
заңдылықтары. Ал, мәдени әлеуметтану қоғамда мәдениеттің әлеуметтік
маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортада оның қызмет
істеуіне баса көңіл аударады. Бұл мәселелерді мәдениет теориясы
зерттемейді.Ғылыми әлеуметтану мәдениеті аталмыш саланы бір бүтін
қоғамдық жүйе ретінде талдап зерттегенде, оның шығуы, пайда болып дамуын,
анықталуын әр уақытта қоғамдық өндірістік тәсілмен байланыстырады.
Жоғарыда керсетілгендей, мәдениет әр уақытта адамның әлеуметтік
қызметінде оның тұлға боп қалыптасуы мен оның қалай іске асырылатынын
көрсетеді. Мұның өзі екі негізгі түрде болады:
а) адамның нақтылы іс-қызметінің тәсілі, оньщ шығармашылық мазмұны;
б) адамдардың материалдық және рухани болмыс-бітімі өндіріс процесінде
олардың іс-қызметінің затқа айналу процесі ретінде көрінеді. Бұл әрбір тарихи
дәуірде алуан түрлі ескерткіштер мен мәдени құндылықтар арқылы
анықталады, адамның тұлғалық сапасы нақтылы іске асырылғанын аңғартады.
Мысал ретінде оқымыстылардың тұжырымдары теория түрінде болып бір
уақытта материалдық зат түріне (яғни, техника, станок, алуан түрлі құралдарға,
т.б.) саяси қозғалыс, әлеуметтік революцияға айналады. Мәдениет
әлеуметтануының негізгі мәселесі - мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның
қоғамда атқаратын қызметінің заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің
шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы мәдени және
рухани қүнды мұраттарды қалыптастырады. Мұнан әрі мәдени әлеуметтану
әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттелген іс-қызметтің
(жұмыстың) орындалу мазмұндарын анықтайды. Мысалы, жаңа көркем әдебиет
пен арнаулы бір көркем өнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты
орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды
жұмсарту нсмесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.
Мәдени әлеуметтану қоғамдағы алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық
топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасып, олардың мәдениетке қандай
талғамы барын, талап-тілек қоятынын, мәдени ошақтардың тек өндіріс
жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы, араласуы
қандай, бұл іс-жұмыстарда театр, кино, музей, кітапханалар, стадиондардың,
т.б. жұмыс дәрежелері қалай, олар не істеп жүр, адамдардың, олардың алуан
топтарының талап-тілектерін қанағаттандыра ала ма немесе қанағаттандыра
алмай ма, т.б., міне осы тәрізді мәселелерді қамтиды. Мысалы, қазіргі уақытта
театрларға көптеген адам бармайды, өйткені қойылымдар адамдарды
тартпайды. Бұған қоса театр басқармалары үйымдастыру жұмысын дұрыс
жолға қоя алмаған.Театр туралы айтылған осы пікіріміз кітапханағада,
мекемелеріне де (әсіресе, стадион) қатысты Мәдениеттің мәні мен мазмұны
оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі
болғандықтан әр түрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі
элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным,
яғни таңба - символдық элемент болып саналады. Халықта "күш-білімде" деп
босқа айтылмаған.
Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.
1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар, техника, құрылымдар,
т.б.;
2. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет, т.б. Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі
бір шартқа (жағдайға) байланысты. Дегепмен, олардың арасында тығыз
байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді.
Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар
нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа да құрал-жабдық түріне айналады,
ал жаңадан пайда болтан техника, құрылғы, технология, т.б. жаңа ой-пікірлер,
тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.
Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әр түрлі түсінеді.
Біреулер мәдениетті қоғамдағы қүндылықтарды адамдардың жете ұғынуы,
саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері - қоғамдағы адамдардың білім мен
тәрбие алу процестерінде пайда болтан адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның
ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның саяси,
құқықтық, кәсіби (мамандық), эстетикалық, т.б. мәдениеттілігі туралы әңгіме
қозғайды; үшіншілері, мәдениетті адамның шығармашылық қабілетімен, оның
білгіштігімен,
көркем
әдебиетті,
өнерді,
басқа
тілдерді
білуімен,
кішіпейілдігімен, өзін-өзі ұстап білумен, құқықтың жауапкершілігімен
ұштастырады. Бұл анықтамаларда мәдениет үғымы бір жақты қаралып,
бұрмаланған. Шынын айтсақ, бұл жерде жеке адамның әлеумсттік тұлға ретінде
қалыптасуының нақтылы, негізгі жолдары туралы айтылмақ. Жеке адамның
мәдени мұралар мен мұраттарды, яғни алуан түрлі құндылықтарды, ережелерді,
нұсқауларды, жоғары адамгершілік қасиеттерді, салт-дәстүрлерді, әдет-
ғүрыптарды, бүкіл адамзаттың озық тәжірибесін жан-жақты меңгеріп, бойына
сіңіруі, адамдардың бұларға жаппай тартылуын, оларға белсенді, жауапты
қатынасын, білім мен тәрбиенің тығыз байланыстығы туралы айтылмаған.
Жеке адамның мәдениетін, санасын, белсенділігін, жауапкершілігін неғұрлым
жоғары дәрежеде арттыратын қоғамдағы өндіргіш күштердің, ғылым мен
техниканың, өндірістің тигізер ықпалы қамтылмаған, қоғамды ғылыми
басқаруға, демократияны дамытуға, күнделікті материалдық тұрмыс-
жағдайында, адамның үйлесімді дамуына осылардың тікелей немесе жанама
тигізетін әсері туралы да, ештеңе айтылмаған. Ақыр аяғында бұл факторлар
адамның әлеуметтану процесін құрайтыны естен шығарылған. Қазіргі уақытта
мәдениегттің 300-ден астам анықтамалары бар. Осылардың әр-қайсысына
тоқталмай-ақ, оның негізгі мынандай үш анықтамасына тоқтауды жөн көрдік.
Біздің әлеуметтік дүние танымымызда руханилық, адамгершілік жөне
құнды қасиеттер, әсіресе, шындық, әділеттілік және әдемілік негіздерінде
адамның бостандығын, еркіндігін терең түсіну үстем болып келді. Ал,
бұлардың арасындағы қарама-қатынастар мен байланыстар өте күрделі
болғандықтан, адамның руханилығын бір жақты ғана қарауға болмайды.
Керісінше, руханият адамның ішкі дүниесінің өзгеруі, құндылықтардың,
мысалы, жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, т.с.с. аражігін ажырата
білу негізінде пайда болады. Өзінің сұрыптау, реттеудегі іс-қызметін
анықтағаннан кейін адам өзінің белгілі бір құндылығын қалыптастырады. Бұл
жөнінде жүргізілген әлеуметтану зерттеулеріне сүйенсек, құндылықтар,
олардың жүйелері әр уақытта ауысып отырады, ал, адамгершілік қасиеттерді
алдынғы орынға қоятын санада өздерінің ішінара орналасу реті, тәртібі болады.
Мысалы, социализм кезінде азаматтық, еңбек сүйгіштік, міндет, борыш, қарыз,
кішіпейілдік, қарзкылық бағалық, құндылықтар болса, қазір, нарықтық
жағдайда, олар: мейірбаңдық, қайырымдылық, іскерлік, табыс, ерекше үлгі-
тұлға болып өзгерді.
Қазіргі қоғамдық-саяси кезең адам тұлғасының рухани өміріне бір жақты
әсер етпейді. Жалпы қоғамның рухани өмірінің дамуында екі үлкен бағыт
(тенденция)
бар
екенін
аңғартады:
Біріншісі,
жалпы
адамзаттық
қүндылықтардың таптық қүндылықтардан артықшылығын, басымдылығын
көрсетеді және жан-жағты адамзат құндылықтары адамның іс-қызметімен
тығыз байланысты. Адамдардың рухани мүмкіншілігі тоқырау уақытында да
бұзылған жоқ, ол қазіргі уақытта іске асырылуда. Екінші бағыт, ел-жүрттың
белгілі бір бөлігіне ғана тән. Бұл бөлік бұрынғы идеологиялық
құндылықтардан, ережелерден қол үзгеннен кейін адамдардың ішкі рухани
кеңістігі түмшаланып калды. Ал, адамның рухани өмірінің осындай жағдайда
болуы адамдардың қорқынышын, енжарлығын, селқостығын (апатия) немесе
керісінше, ойға келмейтін олардың тым белсенділігін туғызып отыр. Соған
орай осындай жағымсыз, теріс құңдылықтарды болдырмау үшін жалпы
адамзатқа ортақ қүндылықтарды терең біліп, тусіну, ұлттардың жағымды әдет-
ғұрыптарын жаңғыртып дамыту, оларды өмірде қолдану, адамдарда ыдыратуға
емес, ымыраластыруға шақыратын жағымды қидылықтарды насихат құралына
айналдыру керек. Бұл әлеуметтік және рухани сабақтастығы үзілген,
бытыраңқы, "басы бірікпейтін" қарым-қатынастарды жоюға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |