тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен
азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси
нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар
жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең
алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі
мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс
істейтін саяси
мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси мәдениет
-
қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің,
құндылықтардың, саяси дәстүрлердің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген
саяси әрекетті бағыттап, бақылай алады.
Қазіргі кезде батыс әдебиетінде саяси мәдениеттің мазмұнын ашуға
бағытталған отыздан астам анықтамалар бар.
Саяси мәдениет саясаттану ілімінде өте күрделі және әлі жеке
тексерілмеген тақырыптың бірі болып табылады. Саяси мәдениеттің отыздан
астам анықтамасы бар болса да жеке саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдеи̌
ортақ анықтамасы жоқ. ʼʼСаяси мәдениетʼʼ деген ұғымды бірінші рет
пайдаланып, ғылыми әдебиетке енгізген XVIII э. өмір сүрген
немістің
ағартушысы фәлсафашы Иоганн Гердер болды. Бұл ұғым саясаттануға XX
ғасырдың 50-60 жылдары енді. Американың зерттеушілері Г. Алмонд, С. Верба,
Л. Пай ʼʼсаяси мәдениетʼʼ деген атпен саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар
еңбектер жазды.
ʼʼСаяси мәдениетʼʼ ұғымының жалпыға бірдеи̌ ортақ анықтамасы жоқ.
Сондағы бірнеше анықтамаларға тоқталып көрейік.
Поляк саясаттанушысы Е. Вятрдің анықтамасы бойынша ʼʼсаяси мәдениетʼʼ
өкімет пен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастарға, байланысты
мақсаттар, құндылықтар мен жүріс-тұрыс беталысы актілерінің жиынтығы.
Сондықтан саяси мәдениетке жататындар мыналар деи̌ді:
а) саясат жайлы білімі, фактілермен таныстығы, оларға қызығушылығы
болуы;
б) билікті іске асыруға
қатысты саяси құбылыстарды, құндылықтардың
талдануын бағалай білу;
в) саяси мақсаттың сезімге әсер ететін жағы-мысалы, отанды сүю, оның
жауларына өшпенділік;
г) әртүрлі жағдайда қандай әрекет жасауды анықтайтын сол қоғамда әбден
танылған саяси мінез-құлықтың үлгілері.
Саяси мәдениетке берілген түсініктемелердің басым көбінде-оған халықтың
рухани мәдениетінің бір бөлігі, қоғамдық-саяси институттар мен саяси
процестерге байланысты элементтер кіретіндігі мойындалады. Сондықтан әр
елдің саяси мәдениетін дұрыс түсіну үшін оны жалпыұлттық мәдениеттің кең
және тығыз бөлігі ретінде қарауымыз керек.
Саяси
мәдениетті
құрастыратын
басты
элементтер-жалпыұлттық
мәдениетке,
тарихи-ұлттық,
діни-дәстүрлікке,
әдет-ғұрыпқа,
рухани
мақсаттарға т.б. тығыз байланысты.
Саяси мәдениетті құрайтын элементтердің сапалы бөліктері ретінде ұзақ
жылдар бойы қалыптасқан саяси дәстүрлер, сол
кезеңде пайда болған саяси
ереже-тәжірибелер,
ойлар,
тұжырымдар,
әртүрліқоғамдық-саяси
институттардың қарым-қатынастарын сенімді түрде қарауға болады. Оның
құрылымына тағы да өмір сүріп тұрған саяси құрылыс, оның институттары,
жеке адам мен қоғамның, мемлекеттің араларындағы жалпы өзара көзқарастар
туралы түсініктер кіреді.
Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік
қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын
айтады. Саяси мәдениет дегеніміз қоғамның саяси өміріне лайықты типті саяси
сана мен саяси мінез құлықтың жиынтығы болып табылады.
Саяси
мәдениет
cаясаттанушылар
анықтағандай
төмендегідей
элементтерден тұрады: 1) саясат туралы белгілі бір білімнің болуы; 2)
оқиғаларға өзіндік баға бере алуы; 3) саяси қызметке қатысу қабілеттілігі; 4)
саяси әрекеттерді эмоционалды басқара білуі.
Саяси мәдениет құрылымы:
- саяси стереотип (қағида, таптаурын), саяси билік,
саясат туралы
қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.
- саяси сана - саналы және санасыз, рационалды және иррационалды,
нормативті және эмпирикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.
- саяси менталитет - ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық,
сапалы, тұрақты жағдайы. Индивидтің, әлеуметтік топтың, саяси альянстың,
саяси партияның, халықтың ойлау түрі.
- саяси әлеуметтену - адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере
отырып, сол ортаға бейімделу үрдісі.
Саяси әлеуметтенудің басты кезеңдері
:
- саясилану;
- идеологизация;
- институттану.
Тікелей саяси әлеуметтену
- мемлекет
өз азаматтарын өзі тәрбиелеп,
олардың өзі қадағалайды.
Қосалқы саяси әлеуметену - мемлекет араласпайды, тұлға өз қабілеті мен
тілегіне орай қоғамға бейімделіп, мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.
Қоғамның саяси мәдениеті көптеген факторларға, атап айтқанда, халықтың
жалпы мәдениеті мен менталитетіне, өкілдік етудің деңгейіне, мемлекет
саясатының беделіне, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне тәуелді болып
келеді. Қоғамдық пікірді өздеріне тарту үшін билік саяси мәдениеттің осындай
факторларын тиімді пайдаланады. Атап айтқанда, адамның өзімшіл табиғатын,
әлеуметтік теңдікті, әлеуметтік жанжалдардың жоқтығын, жеке бас
бостандығын,
таңдау құқығының бар екендігін, баспасөздің бостандығын,
мемлекеттің әділ әрекетін, пікір алуандығын және тағы басқаларды алға
тартады. Баспасөзге иелік ету және оның бостандығын жарнамалау саяси
сананы жаулап алуды жеңілдетеді және өзіне қажетті ақпараттарды тиімді
жеткізуге мүмкіндік береді. Билік элитасына саяси шешімдерді қабылдауға
нағыз еркін адамдардың қатысуы қажет емес. Оларға адамдар өздерін еркін
сезініп, өз өмірлерін өздеріміз шешеміз деп ойлағаны ғана керек. Азаматтардың
саяси мәдениеті осыған сәйкес болса және билеуші элита оны соншалықты
адамдар
санасына сіңіре алса, биліктің тұрақтылығы мен басқаруы неғұрлым
берік бола түседі.
1963 жылы Г. Алмонд пен С. Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген
кітабында саяси мәдениеттің жіктелуі көрсетілген.
Г. Алмонд
саяси мәдениеттің үш түрін атап көрсетеді
:
1) Патриархалдық (дәстүрлі) – бүкіл мемлекетке қатысты мәселеден гөрі,
өзі тұратын жердің мәселесіне қызығушылық таныту. Бұл мәдениет
азаматтардың саяси өмірге қызықпаушылымен сипатталады.
2) Азаматтық – билік басындағы кандидатқа дауыс беру. Бұл топтағы
адамдар үкіметті сынағанымен, дауысын бәрібір сол үкіметке немесе
кандидатқа береді. Мұнда адамдар саяси институттардың шешімдерін
мойындап,
толық орындайды, бірақ олардың жұмысына бел шешіп
араласпайды.
3) Саналы қатысу, яғни қоғамшыл тұрпатындағы – қазіргі заманғы саяси
мінез-құлық. Мұндай адамдар саясатқа белсенді түрде араласады, әрбір
дауыстың маңызды екендігін түсінеді, өзінің таңдауын дербес жасайды.
Дегенмен де, олар саясатта өзінің «белсенді» рөліне бағдар ұстауға бейім
тұрғанымен, олардың ондай рөлдерге сезімі мен бағасы қабылдау мен теріске
шығаруға дейінгі аралықта құбылуы мүмкін. Жалпы бұл мәдениетте азаматтар
саясатқа белсене араласады.
Саяси мәдениеттің түрлерін
келесі кесте арқылы көруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: