Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет93/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 
1. Әлемдік саясаттану антологиясы [Текст]: 10 томдық. - Алматы: 
Қазақстан. - (Мәдени мұра). - 2006, 2007 
2. Әләкбарова Н. Саяси ілімнің тарихы және методологиясы: оқулық. - 
Баку: Әзірбайжан, 2005. - 239 б. 
3. Иманбаев М. Саяси мәдениет ұғымының әдістемелік анықтамалары // 
Саясат. - 2002. - № 2. 
4. Жұмасұлтанова Г. А. Саяси модернизация [Текст]: оқулық / Г. А. 
Жұмасұлтанова, Д. Б. Көшербаев. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2012. - 135 б 


5. Нұрмағамбетов Б. Ғ. Саясаттану негіздері [Текст]: оқу құралы / Б. Ғ. 
Нұрмағамбетов. - Қарағанды: ҚР ПМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды 
Академиясы, 2011. - 93 б 
6. Қазбеков Н.А. Саяси мәдениет және саяси идеология: оқу құралы; 
Қарағанды "Болашақ" университеті. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2011. - 119 б. 
7. Жүніспекұлы. Саяси мәдениет және ойын тәрбібінің өзгеруі. // Ақиқат 
1999 № 6 
8. Рахметов Қ.Ж. Саясаттану: оқу құралы/ Қ. Ж. Рахметов, А. Н. Болатова, 
З. Н. Исмағамбетова. - Алматы: Өлке, 2009. - 175 б.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 27. Саяси сана мен саяси идеология 
 
Дәріс жоспары: 
1. Саяси идеология, оның қоғамда алатын орны және түрлері. 
2. Қазіргі саяси идеологиялардың түрлері мен мазмұны. 
1. Саяси идеология, оның қоғамда алатын орны және түрлері. 
Саяси 
сананың құрамдас бөлігі және өзегі - саяси идеология. «Идеология» деген ұғым 
гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми 
айналымға, әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашы А. Дестют де Траси 
(1754-1836 ж.) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда 
болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндіреді. Кейін 
келе бұл сөздің мазмұны өзгерді, қазір идеология деп адамдардың үлкен 
әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін 
білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Саяси идеология – саяси сананың жоғары деңгейі есебінде саяси билікке 
байланысты 
түрлі 
әлеуметтік 
топтардың 
мүдделерін 
бейнелейтін 
көзқарастардың, идеялардың, құндылықтардың жүйеленген жиынтығы болып 
табылады. Оның басты мақсаты - әлеуметтік топтардың мүдделерін негізге ала 
отырып, қоғамдық проблемаларды тұтас ашып көрсету және оларды шешудің, 
туындайтын міндеттерді іске асырудың жолдары мен әдіс-амалдарын анықтау, 
соған көпшілікті жұмылдыру. Ол теориялық тұжырымдар, саяси тұғырнамалар 
мен бағдарламалар арқылы көрініс табады. 
Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-
түжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік. 
Теориялық-түжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен 
құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар 
қалыптасады. 
Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен 
идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына 
айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін 
қалыптастырады. 
Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен 
игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды. 
Идеология әр түрлі - саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, 
фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясат пен 
тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір 
адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды 
орнақтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің 
жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немес оған ықпал ету арқылы өз мақсат-
мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология - жалпы идеологияның 
да өзегі. Оның ерекшелігі - саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға 
немесе өзгертуге іс - әрекетті бағыттайды. 
Саяси идеология ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар 
өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, 


прогрес идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау 
мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, 
болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді. 
Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, торптың негізгі мүдделерін 
танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықта, бағалы бағыттар 
жйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге 
асырудың құралдарымен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап 
өзіндік санаға жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бір ыңғай 
қоғамдаастықтың мүшесі болып сезіну - әрбір саяси қозғалыстың мүшесін 
байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология-сезім тудытартын 
нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекетіне мән-мағына 
беріп күшейтеді. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін, адамдар ғажап 
ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады. 
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның 
төмендегідей қызметтерінен білінеді: 
1. Идеологиялық танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп 
түсіндіреді. 
2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогрес, тұлға және билік 
және т.б. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне 
бағдар көрсетеді 
3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға 
тартып, мақсат- мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке 
тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға
жұмылдырады. 
4. Амортизация қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, 
идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. 
5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның және болашақтағы 
дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды. 
Бұл міндеттердің тиянақты орындалуы саяси идеологияның қаншалықты 
дәрежеде ғылымға сүйенетіндігіне байланысты. Объективті заңдылықтарды 
басшылыққа алған, ғылыми методологияға сүйенген идеолгия қашан да 
пәрменді болмақ. Алайда ғылымның басты мақсаты - ақиқатты іздеу, 
объективті заңдылықтарды ашу, құбылыстың ішкі мәніне үңілу болса, 
идеологияның мақсаты - белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесіне сәйкес келетін 
саяси мақсатқа қол жеткізу екені белгілі. Олай болса идеология ғылыммен 
үнемі етене қабысып сәйкес келе бермейді. Идеологияның ғылыми немесе 
ғылыми емес, прогрессивтік немесе кертартпа, т.б. болып бөлінетіні сондықтан. 
Қазіргі кезде табиғатына қарай идеология прогрессивтік және реакциялық, 
либералдық және радикалдық, ұлтшылдық және шовинистік болып жүр. 
Сондай тарихи тәжірибеге орай антифашизм, антикоммунизм идеялары да 
өрістеу үстінде. 
Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі - либерализм (латынның 
либералис - еркін деген сөзінен). Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. 
Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвиль, Дж. Милль. Ол 
феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса 


бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан
еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық 
саяси доктрина арқылы білдірді. 
Бүгінгі таңда либерализм - ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол 
үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның 
көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан 
шықты. Либерализмнің идеалы қазіргі саяси демократия принциптерінің 
қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына 
енді. Либералдық идеологияның негізгі принципі - адамның еркіндігі, тұлғаның 
табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы. 
Олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.
XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс 
либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне 
көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы 
үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмейді. Сондықтан либерализм өз 
идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм 
(неолиберализм) деген ат алды.
Консервативтік (латынның консервативус-қорғаушы деген сөзінен) 
идеология Ұлы Француз революциясының (1789 ж.) саяси идеялары мен 
оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық 
былықтың, бүлікшілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын 
XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан 
алады. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философ және 
мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам 
қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы 
Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1733-
1859) және т.б. жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және 
феодалдық және аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта 
түлетуге тырысты. Өмірде әдет-ғұрып дәстүр негізгі рөл атқарады.
XIX ғасырдың аяғы XX басында консерватизм негізгі қағидаларына 
өзгерістер еңгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси 
демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70-жылдарынан 
Батыстағы 
консервативтік 
ой-пікірдің 
жетекші 
бағыты 
жаңарған 
консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары 
бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. 
Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке 
негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен 
байланысты ілім. Қазіргі кезде социализм теорияларын бірнеше топтарға 
бөлуге болады: 
а) ортодокстік марксизм, ол 20-ғасырда буржуазиялық қоғамды 
революциялық жолмен өзгерту және таптық күрес арқылы коммунизмді және 
оның төменгі сатысы болып табылатын социализмді орнатудың лениндік 
теориясына ұласты; 
ә) 
марксизммен 
генетикалық 
тұрғыдан 
байланысты 
әлеуметтік-
демократиялық ілімдер; 


б) ұлт-азаттық қозғалыстар негізінде туындаған түрлі социалистік 
түсініктер, т.с.с. Социализмнің түрлі ілімдері негізінде қоғамның социалистік 
құрылысының үлгілері жасалды. 
Мәселен, ортодокстік марксизм (ленинизм) Ресейде және Шығыс Еуропа 
елдерінде практикалық қолданыс тапты. Бұл үлгілерге мынадай белгілер тән: 
а) мемлекеттік меншіктің басымдықта болуы, жеке меншіктің тек халық 
шаруашылығының жекелеген салаларындағы (ауыл шаруашылығы, қызмет 
көрсету аясы) түрі ретінде ғана болуы; 
ә) экономиканың нарықтық негіздерін теріске шығару жоне шаруашылықты 
жоспарлы жүргізу, мемлекеттік реттеу; 
б) қоғамдық тұтыну қорлары арқылы медицина қызметін көрсету және 
білім беру тетігі, тегін білім беру, денсаулық сақтау; 
в) қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізі ретіндегі 
ұжымшылдық; 
г) бір партиялық құрылыс және мемлекеттік құрылымдардың басты 
қағидаты болып табылатын тоталитаризм. 
Жалпы алғанда мұндай социализмді мемлекеттік немесе номенклатуралық 
социализм ретінде сипаттауға болады. Сайып келгенде, "мамыражай 
революциялар" мен қайта құру реформалары салдарынан социализм нарықтық 
шаруашылықтарға өзгертілді.
Батыс Еуропада социализмнің әлеуметтік-демократиялық (скандинавиялық) 
үлгісі дамыды. Қозғалыстағы бұл үлгіге сәйкес социализмге бүкіл қоғам 
қатысуға тиіс, оның үстіне большевиктік үлгіден өзгеше түрде бұл қозғалыс 
әлеуметтік келісім жағдайында эволюциялық сипатта болуға тиіс. Жалпы 
алғанда осы үлгіні іске асыру практикасы ойдағыдай болды. Үшінші бағыт - 
антиимпериалистік ұлтшылдық шегінде әлеуметтік идеяларды іске асыру 
(мұның өзі нашар дамыған елдерге - бұрынғы отарларға тән)
Мүндай жағдайда Социализм үлттық қайта өрлеуді, өндірістің өсуін және 
әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін қоғамдық құрылыс болып табылады. 
Социализмнің бұл үлгісінің ерекшеліктері: Социализм мен ұлттық қайта өрлеу 
идеяларының дінмен және тиісінше ұлттық дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен 
ұштасуы және олардың социализмнің осы тұрпатының табиғи негізіне айналуы. 
Ақыр соңында, Социализм нышандарының ұжымшылдық пен өзін-өзі 
басқаруға негізделген жекелеген әлеуметтік нысандарда дамып келе жатқанын 
айтуға болады. Олар: халықтық кәсіпорындар да (АҚШ-та, Еуропада), 
Израильдағы кибуцтер де, түрлі тұрпаттағы кооперативтер де. Жалпы алғанда 
әзірге әлеуметтік теңсіздіктер мен әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар 
орын алып отырғанда социализм идеялары мен оларды іске асыру әрекеттері 
дами береді. 
Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен) идеялар XIX 
ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар К. Маркс (1818-1883) 
пен Ф. Энгельс (1820-1895). Олар жаң-жақты дамыған, еркін адамды 
қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы 
буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализм орнататын бірден-бір 
құрал - социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – жұмысшы 


табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. XIX ғасырдың аяғы XX 
ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және 
реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И. Ленин басқарды. 
Рюрмистік идеялар немістің социал-демократы Э. Бернштейн еңбегінде 
дамытылды. 
Сонымен қатар социал-демократия идеологиясы, фашизм, неофашизм 
идеологиялары бар. Мысалы, фашизм (Италияның фашизмо - бірлестік деген 
сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін 
салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джентилье, О. Шпенглер. 
Сондай-ақ идеологиялардың анархизм, радикализм, экстремизм, популизм, 
терроризм және т.б. ағымдары белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет