Бейвервалды (вервальды емес) коммуникация Орындағандар: Зиноллаева Аяжан, Зиноллаева Анар, Қоңырбай Нұрай, Самалбаева Назкен Филология мамандығының



бет2/5
Дата20.09.2023
өлшемі38,67 Kb.
#108911
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бейвервалды (вервальды емес) коммуникация Орындағандар Зиноллае-emirsaba.org

Дене қимылдары, дене қалпы
қарым-қатынас үстінде науқастан қосымша ақпарат жинастыруға мүмкіншілік береді. Мысалы, науқастың жүру мәнері оның физикалық жағдайын, көңіл-күйін сипаттайды. Қол сермеу (жест) және дене қалпы (поза) пациенттің мінезі мен көңіл-күйін көрсетеді.


Толқу үстінде науқас үнемі басының, бетінің әр жеріне қолымен тиіп кетіп немесе уқалап, сипалап тұрады.

Науқастың қолын төсіне айқастыру, қолын арқасына ұстауы сияқты жестілер оның қорғаныш реакцияларын білдіреді.

Қолдарын беліне таянуы, алақанын төмен қарап ұстауы, саусақтарын жоғары бағытта ұстауы сияқты жесттер науқастың қарсылығын білдіреді.

Егер науқас дәрігерді мұқият тыңдаса, мынандай дене қалпы байқалады: қолдары иегінде, басы сәл еңкейінкі, қолдарының саусақтары төмен бағытталған.

Жабық позалар – науқастың қатынасуға қарсылық жағынан сездіреді. Оларға жататындар: кеудесіне қолдарын айқастыра тұруы – “Наполеон позасы”, аяғын айқастыра отыру, қол ұшын қалтаға салуы немесе қолдарын арқасына жасыруы,басын және денесін басқа жаққа бұрып ұстауы,

Ашық позалар – науқастың ара қатынасқа және әрекетке даярлығын көрсетеді. Оларға жататындар: басы және денесі қатынасушыға қарай бұрылған, бетке тіке қарау.

Вербалды емес коммуникация:
Күлкі Бет әлпеті Көзқараспен алмасу


Вербальды емес коммуникация формалары:
дауыс ырғағы
бет пішіні
іс-қимыл

Вербальды емес коммуникацияның жекелеген, ерекшеленген нысандары:
адамның өскен ортасындағы мәдениет үлгілеріне байланысты
әр елдің тәртіптік этикасына байланысты
әр ұлттың өз символдық белгілеріне байланысты
Бұл терминді 1940 жылы ұсынған американ ғалымы А.Хилл болды. Бейвербалды амалдарды зерттеу алғаш С.Спенсер, В.Вундт, Ч.Дарвин еңбектерінен бастау алады.
Профессор Бердвислл адамдар қарым-қатынасында жеткізілетін хабардың 38% сөзбен, 65%бейвербалды амалдардың көмегімен берілетіндігін тұжырымдайды. Бұл ғылым саласы XX ғасырдың елуінші жылдарынан бастап қарқынды зерттеле бастады. Шетел тіл білімінде бейвербалды амалдар елуінші жылдардың басында қолға алынды. Бұл мәселе Дж.Трейгер, Т.Сибеок, Ч.Хоккет, М.Уэст, Р.Бердвислл т.б лингвистердің еңбектерінде, А.Шефлен, М.Уэст, К.Л.Пайк т.б психологтардың еңбектерінде зерттелді. Өзге тілдерде бұл ғылым саласы айтарлықтай жақсы зерттелген деуге болады. Мысалы, орыс тіл білімінде ым-ишараттарды Г.В.Колшанский, Н.И.Смирнова, А.А.Акишина, Т.М. Николаева, А.В.Филиппов, Е.В.Красильникова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, Т.Т.Железанова, Л.Н.Капанадзе, ағылшын тіліндегі ым-ишараттардың зерттеушісі А.Пиз, армяндардың тіліндегіні-А.А Хачатрян, Р.М Тохмонян, ал татарлар мен башқұрттар тіліндегі ым-ишараттардың бірден-бір зерттеушісі – Ф.Ф.Султанова.
Бейвербалды амалдар туралы көзқарастар, алғашқы ойлар қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ.Жұбановтың еңбегінде кездеседі:

«Ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толады.Тіпті бірінің тілін бірі білмеген, я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, ыммен ылаждап түсінісуге болады, оның үстіне, сөз- сөздің жігін дыбыс сазымен бірде айырып, бірде қосып айтқасын, сөздің орны жылжып кеткені де онша байқалмайды».
Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдарды Ә.Қайдар, М.Мұқанов, С.Татубаев, А.Сейсенова, К.Қажығалиева, С.Бейсембаева, М.Ешимов сынды ғалымдар әр қырынан зерттеген. Сонымен қатар Қ.Қажығалиеваның, Ж.Өмірәлиеваның, Э.Оразаливаның мақалаларын, ой-тұжырымдарын да атап өтуге болады. Сондай-ақ Б.Момынова мен С.Бейсембаеваның авторлығымен жарық көрген ым мен ишараттың түсіндірме сөздігі де осы мәселені зерттеуге арналған еңбек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет