Бекбенова А. Р. «Педагогика» пәнінен cтуденттің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) және



бет2/9
Дата11.10.2024
өлшемі215,5 Kb.
#147782
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОБСӨЖ әдістеме

Кестелер мен суреттер, диаграммалар, графиктер - арнайы СӨЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады.
Құрылымы: кестенің атауы, терминдер анықтамасы және салыстырмалы талдау. Барлық кесте, сурет, диаграмма және графикке міндетті түрде талдау жасалу қажет. Диаграмма мен суреттерді арнайы компьютерлік программамен салып дәптерге қосымша келтіруге болады.
Кроссворд - арнайы СӨЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кроссвордтың тақырыбы, атауы, сұрақтар, жауаптар. Кем дегенде 15-20 жуық терминнен тұруы тиіс.
Глоссарий - арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Терминдердің анықтамасы жазылады.
Жеке дәптер арнап алфавит тәртібі мен немесе жүйелік тақырыптық бағытта орындауға болады.
ОСӨЖ,СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар

Студенттер СӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша жазбаша нысанда дайындалады. Студент тарапынан дайындалған СӨЖ оқытушының офис сағантарында қорғайды. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол тақырыпқа байланысты оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап етіледі.


СӨЖ туралы талаптар:
Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӨЖ тақырыбына кіріспе жасайды. Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихына тоқталады, құқықтағы орны мен маңызы қарастырылады.
Осыдан кейін негізіне тоқталады. Негізгі бөлімде тақырыпты жан жақты ашуға тырысады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибеге тоқталады. Жұмыста студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды көрсетіп автордың субъективті позициясын ашуға тиісті.
Осыдан кейін барып өзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа байланысты өзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады.
Студенттер СӨЖ жазу барысында жұмыс бағдарламасында сонымен қатар силлабустарда көрсетілген әдебиеттерді пайдалана алады. Жұмыстың көлеміне байланысты шектеулер жоқ, бірақ тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашуы тиіс. СӨЖ орындауда жоспары,мазмұны және қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі. Қолданылған әдебиеттер тізімінде, ғылыми еңбектің аталуы, авторы, баспа атауы, шыққан жері мен жылы көрсетіледі.
СӨЖ мақсаты: тақырып шеңберінде жоспарда көрсетілген сұрақтар бойынша негізделген ғылыми және тәжірибелік қорытындыларды шығару.

4. СӨЖ нысанының түрлері


1. Тақырып сұрағының презентациясы – студенттің үйде тыңғылықты дайындалып келуі (кестелерді,сызба нұсқаларды,оргтехникалар мен басқа да интерактивті әдістерді пайдалануы)
2. Жеке жоба – сабақ барысындағы оқытушының сұрағына жауап беру, арнайы білімді пайдаланып, өзінің логикалық тұрғыдан көзқарасын негіздеу.
3. Пікірталастарға қатысу (іскерлік ойындар) – студенттің қойылған тапсырма бойынша пікірталастық негіздегі, авторлық позициямен қайнар көздерді меңгеру түріндегі белсенді іс-әрекеті.
4. Топтық жоба – қойылған мәселені талдау бойынша студенттің кең және терең қызығушылығын көрсетіп, танытуы.
5. Эссе – студенттің жіберілген тақырыптар бойынша өз бетінше мазмұндамасын жеткізуі(жазбаша)
6. Шығарма – аудиториялық шектеулі уақыт жағдайында зерттеліп отырған тақырып немесе тақырып циклы бойынша өзіндік, жазбаша шығармашылық материал.
СӨЖ жазбаша нысанда, тақырыпты ашып, негіздеп жазу түрінде тапсырылады және студент тарапынан қорғалады, бұл жайында тапсырма бөлімінде айтылған.
СӨЖ тақырыптары төменде белгіленген тақырыптардың алғашқы үшеуі жетінші аптаға дейін оқытушының офис уақыттарында тапсырылады, ал кейінгі екеуі, яғни 4-5 тақырыптар он үшіні аптаға дейін тапсырылады. Кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды. Силлабуста көрсетілген мерзімнен кейін даярланған СӨЖ қаралмайды.
Реферат. Студентте бір тақырыпты таңдау құқығы бар, осы тақырып бойынша ол материалдарды жинап, қорғау үшін реферат әзірлеу тиіс. Рефераттардың қорғалуы оқытушыментағайындалған мерзімде өткізіледі (сабақ кестесіне сәйкес). Рефераттарды дайындау және рәсімдеу бойынша нұсқаулар Рефератты жазғанда осындай жағдайларға назар аударылады: Реферат ғылыми әдебиеттерде, сондай-ақ басқа ақпарат көздерінде (интернет, газеттер мен журналдар және т.б.) белгілі өзекті тақырып бойынша жарияланған концепциялардың айқындалуы болып табылады. Рефератта ешқандай жаңалықтың элементтері болуға тиісті емес, бұл жерде бірнеше қайнар көздерінде көрініс тапқан берілген тақырыптағы негізгі идеяларды сауатты айтып беру және оларды әр түрлі көзқарастар бойынша топтастыру жеткілікті болып табылады. Рефераттың көлемі 5-тен кем емес және 15 баспа беттен артық емес болады. Рефератты Word 6,0 немесе 7,0 (Windows'2000) редакторы пішінде теру керек, бет үлгісі – А4; қаріп (шрифт) түрі – Times New Roman (KZ Times New Roman), қаріп (шрифт) өлшемі – 14. Мәтінде артық, тақырыптан басқа жаққа алып кететін, керегі жоқ мәліметтер болмау тиіс. Реферат мазмұнының берілген тақырыпқа сәйкестілігі бағалаудың маңызды критериі болып саналады. Сондықтан рефераттың бас мақсаты ақпарат көздерін толық пайдаланып, авторлардың пікірлерін дұрыс түсіну және жұмыста оларды өзгертпей көрсете білу. Рефераттың құрылымы қойылған міндеттемелерге байланысты. Реферат титулдық беттен басталады. Одан кейін мазмұны көрсетіледі. Мазмұны рефераттың жоспары болып табылады, бұл жерде әр бөлімнің қасында тиісті беттердің нөмірі көрсетіледі. Рефераттың мәтіні үш бөлімге бөлінеді, яғни кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделеді, сонымен бірге негізгі мәселелер, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, пайдаланған қайнар көздері сипатталады. Жұмыстың негізгі бөлімі реферат логикалық қатарының басты элементі болып табылады. Ол бірнеше тараудан немесе біртұтас мәтіннен тұрады. Негізгі бөлімде кезегімен, тараулар арасындағы логикалық байланыстың сақталынуымен кіріспеде қойылған мәселесі сипатталады, осы сұрақ бойынша алуан пікірлер көрсетіледі, авторлық көзқарасы негізделеді. Қажет болған жағдайда рефераттың мәтіні суреттер, кестелер мен сызбалармен толықтырылады. Жұмыстың қорытындысында зерттеу жұмысының теориялық мәселелеріне қатысты басты-басты қол жеткен тұжырымдары көрініс табады. Рефераттын соңында библиографиялық тізімі яғни пайдаланылған әдебиеттер мен басқа қайнар көздерінен тізімі көрсетіледі. Рефераттың рәсімделенуі де жұмыстың маңызды аспектісі болып табылады, себебі рефераттың дұрыс рәсімделгені қорытынды бағаға ықпал етеді. Өзекті, қызықты жазылған рефераттың құнтсыз рәсімделуі бағаны төмендетуге негіз бола алады.
2. Жазбаша жұмыс. Белгілі бір тақырып немесе бірнеше тақырып, сондай-ақ бүкіл курс бойынша әзірленген сұрақтарға жауап беруге дайындалу.
3. Логикалық тапсырмалар: студенттерге курсының әр тақырыптары бойынша логикалық тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмалар ұсынылған әдебиеттердің негізінде жазбаша нысанда орындалады.
4. Баяндама. Баяндаманы әзірлеу жоспары: – оқытушымен бірге тақырыпты таңдау; – базалық оқулық пен оқу-әдістемелік құралы бойынша тақырыпты зерттеу; – баяндаманың негізгі идеяларын айқындау; – ұсынылған әдебиетпен танысу; – баяндаманың жоспарын құру; – тақырып бойынша негізгі ұғымдарымен сөздіктер мен анықтамалықтардың көмегімен танысу; – баяндаманың тезистерін әзірлеу; – мысалдармен иллюстрацияларды табу, көптеген тақырыптар бойынша Power Point бағдарламасында орындалған презентацияны көрсету баяндаманы жақсы әшекейлейді; – баяндаманың мәтінің дайындау. Баяндаманың ұсынылатын ұзақтығы – 10 мин. Баяндаушының сөздерінен кейін аудиторияның сұрақтарына жауап беру және оқытушының тұжырмдамасы үшін уақыт қалдырылады. Жариялы баяндаманың құрылымы. Классикалық риторикада ауызша баяндаманың үш бөлімнен тұратын құрылымы қалыптасқан: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспе талқыланатын тақырыпқа тыңдаушылардың назарын аудару тәсілі. Әдеттей кіріспе баяндама уақытының сегізден бір бөлігін алады. Негізгі бөлімінде тақырып толығымен ашылып, тиісті мәліметтер және дәлелдер келтіріледі. Негізгі бөлімінде жиі жіберілетін қателіктерге жатады: – тақырыптың шегінен шығып кету; – нақты жоспардың жоқтығы; – бір сұрақтан басқа сұраққа секіріп кету. Қорытынды қысқаша және анық болуға тиіс. Сонымен бірге тыңдаушыларға көңіл аударғандары үшін рахмет айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет