Ф-УК-01/046
Бекбенова А.Р.
«Педагогика» пәнінен
cтуденттің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) және
оқытушы басшылығымен орындалатын студенттің өзіндік жұмысын (ОСӨЖ) ұйымдастыруына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Білім беру бағдарламасы үшін
Шымкент, 2022ж.
ОСӨЖ , СӨЖ-дің ұйымдастырылуы
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Оқытушы оқыған кез келген дәріс тақырыбы студентке түсінікті бола бермейді. Оның себептерінің бірі – студенттің басты қызығушылық объектісі – мамандық алу. Ал, оқылған дәріс оның болашақ мамандығымен байланыссыз болса, оны игеруге құлқы болмайды. Онымен қоса, оқу процесінің бастапқы кезеңдерінде, студенттерде қойылған проблеманы шешуге қажетті өзіндік жұмыс істеу дағдылары әлі толық қалыптаспайды. Сондықтан, оқу процесінің алғашқы кезеңдерінде оқытушы тек проблема қою ғана емес, оны шешу жолдарына студенттерді баулуы тиіс. Бұл орайда, СӨЖ рефарат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындауға ықпал етуі қажет.
Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған.
Студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, студенттің өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты. Өзінідік жұмысты оқытушының дұрыс басқара білу және студенттердің дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері болып табылады.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:
— студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,
— әдістемелік қамтамасыз ету,
— бақылау және орындалу бағасы,
— талдау және жетілдіру.
СӨЖ-дің ұйымдастырылуы
Библиографиялық мәліметтерді өңдеу (картотеканы дайындау);
жазбаша жұмыстарды дайындау (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация, тақырыптар бойынша жазбаша жұмыс);
ғылыми жобаны өндеу (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар);
виртуальдық жұмыстарды іздестіру (интернет жүйесі және локальды желі арқылы);
·жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы);
Электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы);
ОСӨЖ , СӨЖ-дің негізгі түрлері және олардың орындалу ережесі
СӨЖ– дің негізгі түрлері және олардың орындалуережесі.
Реферат - бет А4, көлемі - 8-10 бет, шрифт №14. (терілгеннұсқа). Құрылымы: тақырыбы, жоспары, кіріспе, тақырып актуальдылығы және практикалық маңыздылығы, негізгібөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша.
Тақырыпбойынша конспект – арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Құрылымы: тақырыпаты, актуальдылығы, практикалық маңызы, салыстырмалы талдау, пайдаланылған әдебиеттер. Қажет жағдайда сурет, диаграмма т.б. графикалық материалдар болуы тиіс.
Қосымша сұрақтарды конспектілеу және үй тапсырмасын орындау -арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Қолданылған әдебиеттер, ұқыптылық, логикалық шешім және баяндау тілі бағалауда ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |