Бекен исабаев


Қазақша білмеймісің айрылмасты



бет6/8
Дата04.07.2022
өлшемі0,85 Mb.
#37470
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ұлылар мекені

Қазақша білмеймісің айрылмасты...
десем, әлі де соны айтамын.
Бұрынғыдай болмайды мына ғасыр
Дүниеге қан шашылды қызыл - жасыл. Замана уақытында торын құрды,
Бұған пайда қылмайды ұсақ тәсіл.
Ендігі жерде, бөлінгенді қойған жөн. Туыстарым бөтен емессіңдер. Өзгені айтпағанда, ЖайлекеңменЕсекең бірге туысқаныңды ұмытпандар.
Жетпіске жасым кетті, алдым сексен,
Бұл күнде болып тұрмын жермен жексен.
Қит етсе, Көкбай сөйтті деуші едіңдер,
Ал мен кеттім, орныма егін ексең.
Бұдан кейін молла сөзден тыйылды. Шаршады ма, сөйлемеді» дейді Ыбырайша ақсақал.
Айтқан күнінде Қаракөлден, ертең таң салқынын- да аттанады. Қасына інілері Ыбырайша, Алдарахметұлы Ыбырайымқұл, бәйбішесі Үмітжан, ұлы Ахметқалиды алады. Және салт атпен Тоғанбайды ертеді. Күн әскере ыстық болады. Көкең шыдай алмай, жол бойға құдық, бұлақтардан су алғызып, ішіне, арқасына бастырып отырады. Қанайдан асқанда Тоғанбайды салт оздырып, Күшікбай кезеңіндегі Уақ руынан Смағұлға, бұлар барғанша жеке киіз үй тігіп қоюды тапсырып, сәлем жолдайды.
Ыбырайша сөзі:
Түс ауа Күшікбай кезеңіне келсек, Смағұл жеке үй тігіп қойыпты Көкең тыншыға алмады. Бір әредікте Смағұлға Қаракөлдегі бір дәрігер жігітті еске алып, өзі барып, ертіп әкелуін сұрады. Жігіт келді. Жасы отыз шамасында секілді.
Жігіт сәлем беріп кірісімен, Көкең колын ұсынып, тамырын ұстауды сұрады. Жігіт Көкең тамырын ұстап:
- Апыр-ай, бір тер буып тұр-ау, - деп, қиыла сөйледі.
Көкең:- Тарт қолыңды! Сен өзің аурусың, менің ауыруымды қайдан білесің?! - деп жекірді.
Жігіт: - Тақсыр-ай, үш күннен бері сырқат едім. Сіз шақырады деген соң келдім. Кешіріңіз! - деді.
Көкең бәрімізге үйді босатып, бәйбішесімен екеуін оңаша қалдыруды айтып: «Күн ыстық қой. Асықпай, шайға қанып алыңдар! Алдарыңда көп шаруа бар» деді. Дәрігер жігіт те бізбен бірге кетті. Смағұлдікіне келген соң, дәрігер құмалақ тартып: - Ой, бәрекелді-ай,мен білмеген екем ғой. Бір ме, әлде екі сағат, Көкең терлеп, жадырайды екен. Асықпай, шайға қанып алыңдар,-депбізді күтісуге кірісіп кетті.
Ыстықта қаңырығымыз түтеп қиналған біз шайды
ұзақ ішіп, мейлінше жайланып алып, Көкеңе келсек, Үмітжан шешеміз Көкеңнің бетін ақпен жауып қойып отыр екен. Көкеңнің өзі осылай тапсырыпты. Дүниеден Көкең осылай өтті.
Бұдан соңғы елге хабар беру, сүйекті алып жүру
секілді шаруалар істелді ғой. Көкеңнің қонақасысы сол Қаракөлде, жетісі Еркеде берілді. Ең бастысы-жарықтықтың Тақырда, мешітінің іргесінде жерленуі еді. Өзі қалай айтса, солай болды да қойды.Бұданкейінгі өмірдің барысы біздің ойымызға сыймастай болды да кетті. Ерлік пе, өрлік пе, салыстырған ағай- ындар «аяғы бас, басы аяқ» болды дейміз бе, қым- қуыт, шым-шуыт болды. Көкеңнің жаназасын өзіміздің Берлібек молла шығарды.
Бізге енді Жамантайдың Қаратайы ұрпақтарын сөз етпек керек. Қаратайдан Мұсатай, Ахатай, Көкітай. Мұсатайдан ЬІбырайша, ЬІбырайхан, Бегімхан, Кенжехан туады.
Мұсатай балаларының ішінен Ыбырайшаны (1880- 1964) бөліп атауымыз керек. Ол кісі ағасы Көкбай қасында жүріп көпті көрген, өзі де ақын, сөйлесе де асқан байыппен тереңнең толғап, жеріне жеткізе, ғылыми талдау деңгейіне дейін көтеретін еді. ЬІбырайша талдауларының айырықша көңіл бөлерлігі мәселені ислам пәлсафасы, Абай көзқарасының негізіне апарып тіреп отыратын. Аузы шабан, ұшқары сөзге мүлде жоқ-тын.
Кеңес дәуірінің қуғыны мен зобалаңын үрім-бұтақ, туыс-жақындарымен бірге көп көріп, басынан кешірген ол нені сұрасаңыз да, нені сөйлесе де, ой елегінен әбден өткізіп болғанша үн-түнсіз ой тереңіне сүңгіп, жүзіп бол- май жауап қайыра қоймайтын. Өзі шылым шегетін. Сенің төзімің жетсін. Сұрағыңа жауап алам десең, ол кісі бір оралған шылымын шегіп болғанша шыдауың керек. Ал, ол жауабын сөйлей бастаса, айтар жауабы мәселенің қал- тарысын қалдырмай аршып беретін. Тегі, өз басым біз сөзұғар жасқа жеткен шамадағы Әрхам, Әлімбет, Жақын, Ахметбек, Мақұлбай, Жақып, Сабыржан, Әбіш, Леймен секілді көкірегі даңғыл сөз білер қарттардың бәрі-ақ өткен өмірден сөйлер сәті келгенде іле жөнелмей, үнемі көп-көп бөгеліп, тоқтап барып жауап қайтарар еді.Ал, Әрхам, Леймен, Ахметбектер сөйлер алдында бетін қолымен уқалап-уқалап, сыйпап-сыйпап алатын. ­Өз басым сол қариялардың соларына таңданып, бұл не ғадеттері екен деп отыратынмын. Сөйтсем, ол жарықтықтар бір нәрседен қателесіп кетпейтін, әңгімесінде айтылмақшы оқиғаға қатысар аруаққа қиянат сөйлеп қоймаймын ба, әрі осы адамның өзі қандай, әлдебіреу артында тұрған жоқ па, сөзімді «ана орынға» жеткізіп бармай ма деп, барлап, жауабын жқптап тұрады екен-ау! Ол шақта, оны ойлармыз ба, сөзін неге тез сөйлемейді екен деп тықыршып тұратын едік. Біз әңгімелегелі отырған Ыбырайша қарт жасында рахатты да, кейінгі азапты ғұмырды да молынан кешіп өткен кісі еді. Өз айтысынша, ағасы Көкбай ақынның қасына атшысы боп он жеті жасынан ерген екен. Бұл кезде Көкбай Абайға толық мағынасындагы серігі, досы, жолдасы болған Көкбай екен. Жұрт бұрыңғы дағдысынша Көкбайды Абайдың Көкбайы десе де, Көкбай Көкше руының басшысына айналған. Ал, күллі Тобықты жұртына Абай ізімен діни ұстаздыққа бет алған кезі екен. Бірақ, ақындығын тастамаған. Бүкіл Семипалат уезі Көкбай пікірін Абай пікірінің жалғасы деп ұққандай шақ екен. Жоғарыда айтылған «жүрісім-тұрысымның бәрі Абайша» дейтін өлеңнің тууындағы «Абайды мен сөйлетем» дейтіні де, ұлы Абайдың жан дүниесіне Көкбайдың жетіктігін көрсетеді. Нақтырақ болу үшін ЬІбырайшаның өзін сөйлетейік.
...Абайдікіне Көкеңмен еріп, олде неше барғанмын. Бұ жолы ел жайлауға шығып жатқан кез-тін. Көкең «Абай ағам ауылы жайлауға көшіп келіпті. Қоныс қайырлы болсын айталық» деген соң, Абай аулына келдік. Абайдікіне көрші Керей - Төлеңгіт адамдары келіп отыр екен. Біз ертерек келген екеміз. Үй кісіге тола қоймапты. Мезгіл түске таяғанда «Қоныс қайырлы болсын!» айта келген кісіге үй толды. Көбі - Керей елінің кісісі. Жұрт шайға бас қойғанда, қасында атшысы бар Керейдің Бегеш шешені келді. Отырған бар Керей жапырыла сырғып, Бегеш кеп үйдің нақ төріне отырды. Абайға «қоныс қайырлы болсынын» айтты. Шай аяқталуға таяғанда Керейдің үлкен байы Әлдекке келді. Отырғандардың ешкімі орын бере қоймады. Әлдеке есік жақта бөгеліп қалды. Абай өзі қозғалып, «Кел, Әлдеке!» деп өзінен жоғары орын нұсқады. Әлдеке Абайдың жоғарғы жағынан орын алды. Шай жаңартылып әкелінді. Төрде Бегеш сөйлеп отыр. Абай бір сәтте бар денесімен бұрылып Бегешке қарап:
Бегеш, айтшы, қазақ алаяқ деп кімді айтады?-деді.Бегеш іле:

  • Айтайын, Абай, - деп сөйлеп кетті.

  • Қазақ алаяқты үш түрлі деп біледі. Бірі сыпылдап сөйлеп, жыпылдап бағады. Түскі уәдесін кешке, кешкі уәдесін түске ұмытады. Жүзінде ұялыс, ісіңде қиналыс жоқ. Мал оған тұрмайды, ол сөзінде тұрмайды. Өмірі сұраумен, өтірікті құраумен өтеді.

Екіншісі, бірінші алаяқтың бар қасиеті бойында бола- ды. Бірақ, одан гөрі алу мен беру бойында болады. Сұраса алмай қоймайды, біреуден альп екіншіге, екіншіден алып үшіншіге өткізуге тоймайды. Онысын және не тепкі көрсе де қоймайды. Ағайынның аласын сүйеді. Бірінің де, екінің де, одан асып үшіншінің арасында күйінді боп жүреді. Оның сөзінше ол болмаса, ағайын оңбақ емес, ол септемесе, ауыл үй қонбақ емес. Айналып келгенде ел әрекесін емес, берекесін тілейтін сияқты. Сол су жұқпастығынан түсіргені өзіне Алла берген сыбаға сыйы сияқты. Ағайын ішінде сынаптай сырғып, жыландай жылжыған ол үзеңгісін алты қабат тағады, бір әрекеден соң келесісінің тұтануын бағады. Жүрісі жылмаң, мінезі қылмаң дейтін алаяқ осы.
Үшінші, өз қажеті өзінен шығады. Ешкімнен ешнә- рсе сұрамауға, несие сөз сөйлемеуге бейіл, қолындағы- сын бұлдамайды, барын жарқыратпайды. Сөз сұрасаң, тиімдісін айтады да қояды, қолында барына тояды. Сөзі мен ісінің кемі болса болар, артығы болмайды. Сон- дықтан, ол әлдекімше, жазық жерде сүрініп, болмашыға ұрынбайды. Өзінде барға қанағаты - иманы, аз малы мен отының басы жиғаны боп, шүкіранасы молболады. Бірақ, мұндай кісінің мұндай ісі қазақтын ішіне қонбайды. Өйткені, бұл ағайынға кіріптар болмай қояды. Тізесі бүгіліп, белі иілмей жүреді. Сол себепті ол тосылуы жоқ алаяқ қу саналады. Алаяқ ку болмаса неге қақпан басып, тұсау көрмей жүреді делінеді.
Меніңше, Абайжан, қазақ таныған алаяқтың үш түрі осы. Ал, «Дария қасынан құдық қазба» деген қазақ сөзі не сөз Абай?-деп тоқтады.
Абай қабағын керіп, Бегешке қарады да қойды. Сөз жайлаудың сол жылғы жайлылығына ауысты да, өзге сөз болған жоқ. Кеш түсе ауылымызға қайттық.
Көкең жол үстінде: «Сендер Абай мен Бегеш сөзінен не ұқтыңдар?»-деп еді, Алдарахмет қажы өзінің түсіндіруін сұрады.
Көкбай: «Керей іші тыйыш болмаса керек. Тақауда онда болыс сайлауы жүрмек. Бегеш пен Әлдеке жұлқысып жүр деген. Бұл екеуінің бірінің жеңуі Абай- дын кайсысын колдауына байланысты. Ояз Абайдың айтқанын істейді. Абай мен Әлдеке жақын құда. Бірақ көрерсіндер, бұл сайлауда Бегештің дегені болады. Жаңа Бегеш үйге кіріп келгенде, отырған бар Керей Бегешке жапырыла жылжып, төрден орын берді. Бұл отырғанның дені Әлдекенің туысқандары еді. Әлдеке келгенде солардың бірі орын бермеді. Қозғалмады. Абай соны көріп отыр. Ол Әлдекеден Бегештің Керей ортасында қадірі артығын көріп, Бегешті бір қайырып, тіпті жасытып қойғысы келіп, ана сұрақты қойып, «Бегеш, сен алаяқпысың?» дегендей боп еді, Бегеш тауып та, ұтып та кетті. «Дария қасынан құдық қазба!» деген не сөз?» деген сұраумен «Абай сен дария, мен кұдық емес пе едім. Осынша шұқшиғаның не? Кінәм не?» - деді. Абай тоқтап қалды. Көрерсіңдер, бұл жолғы Керей сайлауында Бегештің айтқаны болады».
Әлдеке бізбен де құда еді. Біздің бір апамызды Әлде- ке байдың жақын інісі алған болатын. Керей сайлауына құлағымды түріп жүрдім.
Сол жазда Керей елінде сайлау болып өтіп, сайланғ- андар түп-түгел Бегеш бетінің кісілері бопты. Міне сөздің күші, - деді Ыбырайша қарт.
«Әлдеке бірде Көкеңе: Ойпыр-ай, молла-ай, қара аспанды төңдірмеші!.. Әріп пен Шәкәрім ақындығын не
дер едің? Тығынбай айтшы, - деді.
- Бай, ол екуінің ақындығына шәгің бар ма еді. Ақын ғой, ақын ғой олар. Бірақ, Әріп екеуіміздің өлеңіміздің балынан уы көп қой, уы көп. Қажы өлеңінің уынан балы көп, балы көп,- деді» дейді Ыбырайша.
«Абай ақындығы өз алдына, жаратылысы, өмірді ұғып-тануы басқа болатын. Бірде өмірді батысша ба- ғаласа, кенет мұсылман ұғымында таниды дүниені.Ал қазақы қалыпты қашан, қайда болсын бұзбайды және соның бәрін орнымен салқын ақылға сыйғызып ұста- нады», - деп келіп сөйлеген Көкеңнің мына бір әңгімелерін еске алған еді Ыбырайша.
...Менің Абай қасында болғаныма 4-5 жыл өткен ша- мада, жайлауда үлкен той болды. Тойға Тобықты, Жо- балай Керей, семіз Найман жиылды. Тойға Абай да Оспан да, Тәкежан - Ысқақ та үй тігіп, Құнекең айна- ласы үш ауыл боп барды. Оспан қыстан бері Бесқара- ғайдың бір палуанын қолында күтімде ұстайтын. Абай қолында көктемде өзі алып келген Мамай руынан 19 жасар Төлегенұлы Нұрмағанбет деген жігітті күреске түсірмек-тін. Көктемде Архат жаққа барып ек, әңгіме үстінде, Абай өз қолындағы балуандарының жасы келіп, сырт буын боп қалғандығын айтып «Мамай атаң ұрпағынан балуандар көп шығатын еді, бұ күнде күресіп жүрген жас жігіттер бар ма?» деп сұрады. Отырғандар- дың бірі Қарабас Күйісбайдың Абыланбек деген баласы- ның қирата жығып жүргенін айтты. Оны Абай құптама- ды. Қарабастардың мақтаншақ, қырт келетінін, көп сөйлеп, мақтан сөйлейтін кісіден шыққан балуан жығы- латынын айтты. Біреу отырып Төлегеннің Нұрмағамбет деген баласы да күресетінін, «мінезі біртоға, жұмсақ, әзір жауырыны жер иіскеген жоқ» деді.
Қорғантастың Орда жақ мойнын асып келе жатқа- нымызда жолдан «әу» дейтіндей жерде 20-30 қой жай- ып жүрген біреу көрінді. Абай атының басын соған бұрды. Мұрты жаңа түбіттелген бозбала екен. Абай жөнін сұрап еді. Кешегі айтылған Төлегеннің Нұрма- ғамбет деген баласы боп шықты. Абай аттан түсіріп, сырт киімін шешіндіріп көрді. Бұлшық еттері бөлек- бөлек боп, сыртқа теуіп тұр екен. Қастағы біреуге қойды қарай тұруды тапсырды да, Нұрмағамбетті ертіп ауылғакелді.Төлегенді сыртқа шақыртып ап, бір қойшы жалдаса, жылына не алатынын сұрады. Төлеген жалданғаннан қойшының жылдық ақысы үш қой, үш киім деді.
Абай:- Төлеген, сен қой бағуға малшы жалда. Ақысын мен төлеймін. Ал мына балаңды мен алдым, -деп Нұрмағамбетті ертіп кеткен-тін.
Той өтетін жерге конған күні кешке тамақтан соң, Абай маған қонақ үйдегі Нұрмағамбетті ертіп келуді тапсырды. Ай сүтке малынғандай аппақ, нұрынан жердегі ине көрінгендей. Үшеуіміз Оспан аулына келдік. Абай Оспанды дауыстап шақырып ап, балуанын ертіп шығуды бұйырды. Оспанның да іздегені осы екен. Балуанын ертіп шығып «Жық, Абайдың балуанын!» - дейді. Екі балуан ұстаса кетіп, бірер жұлқысқаннан кейін Нұрмағамбет оң қолын жауырыннан салып жіберіп, өзіне тартып ап, іштен шалып тастап жіберді.
Абай: - Әй, Оспан-ай! Күніне бір қой, бір саба қымыз ішетін кісі Тобықтыдан таба алмағансың-ау! – деп жүріп кетті. Артынан сол түні Оспан әлгі балуанды қуып жіберіпті деп естідік.
Осы күннің ертеңіңде, үлкен бесін шамасында Найман ауылындағы Топтай палуанды шақыртып ап, екеуін күрестірді. Алғашқыда Топтай шалып, тастап еді. Нұрма- ғамбет үйге соғылды. Екеуі қайта ұстасқанда Топтай және шалып тастап еді, Нұрмағамбет кермедегі аттарға соғылды. Абай ары күрестірмеді. Көрер көзге Нұрмағамбеттен Топтайдың басымдығы айқын болды. Кешінде маған Нұрмағамбетті қадағалап жүруді, оның қайратының Топтайдан кем еместігіне сендіруді тапсырды. Нұрмағамбетті сөйлеп, шындай бердім. Нұрмағамбет кешегіден кейін өзін Топтай қарсысына Абай шығармас дей берді. Мен де солай ойлайтұғым. Бірақ, онымды балуанға сездіре қоймадым. Той басталды. Бас балуанға Топтай шықты. Сабазыныңденесін-ай десеңші! Білек, бұлшық еті саптаяқ-саптаяқтай бөлек-бөлек. Жауырыны астаудай. Шүйдесін шоқы дерсің. Ал, бөксесі сыптығыр. Жараған теке мүшелі деп осындай дене бітісі барды айтар. Ал,біздің Нұрмағамбетте де осы бітім, келбеттің көшірмесі дерсің. Тек, екеуінің айырмасы Топтай қара қоңырлау болғанда Нұрмағамбет түсі албыраған қызыл сары, сәл-пәл шегірлеу. Тым сұлу көрінеді. Оның денесі әлі толыспаған. Топтайдан гөрі жұқалтаң. Абай кеп балуандар ортасындағы Нұрмағамбеттің шешінуін бұйырды. Нұрмағамбеттің түсі қуқылданып, Топтай қарсысына барды. Ұстаса кеткен жерде-ақ, Топтай Нұрмағамбеттің екі иығына қолды салып жіберіп иірмейсің бе?!. Нұрмағамбеттің аяғы аннан бір, мыннан бір тиеді. Бірақ, лақтырып жібере алмады. Жұлып- жұлып лақтыруға көшіп еді, Нұрмағамбет дік-дік түседі.Кешегідей қашан шалар екен десем Нұрмағамбеттің оң қолы іштен тіреп алған сияқты. Топ- тай буырқаньш қайрат үстіне қайрат салып жүр. Абай ағам екі балуанды қас қақпай бағып отыр. Енді Найман Берікбол орнынан тұрып сақ-сақ күліп кеп, «Абайдың алдына апарып жық! Абайдың алдына апарып соқ!» - деп айғайлай бастады. Ол іші адал, бірақ мақтаншақ, үркөппе кісі еді. Абайдың өңі қарайынқырай бастады, ол да орынынан тұрып, балуандар қасына келді.
Абай келді де Нұрмағамбетке: «Суыр қолды іштен! Сал жауырыннан! Шал іштен! Таста!» - деп төрт рет жекіре бұйырды. Нұрмағамбет Абай бұйрығын маши- неше орындады. «Суыр қолды!» дегенде іштегі оң қолды жұлып ап, «Сал жауырынға!» дегенде қолдың сарт еткені естілді. «Шал іштен!» дегенде қолымен жұлка тартып, оң аяқтың іштен сарт етіп шалғаны естілді. Абай «Таста!» дегенде, сірестіре қайқатып әкеп, тастап кеп жіберді. Абайдың «бәсе!» - деген даусы шығып кетіп, қолын артына ұстаған күйде жүре берді.
Жұрттың аруақ шақырған, айғайынан құлақ тұнды. Найман Берікбол болса, «Абайдың балуаны жыққан жоқ Топтайды. Абайдың өзі жықты! Абайдын салауаты басып кетті!» - деп даурықты. Көп адамдар осы сөзді айтып жатты. Мен Абай ағамның артынан кеп, жұрттың жаңағы сөзін жеткіздім.
- Сандалыпты қазақтар! Мен салауатыммен жыға- тынболсам, «Абайдың алдына апарып жық! Абайдың алдына апарып соқ!»- дегізіп нем бар. Нұрмағамбеттің өз күші жықты. Ол Топтайдың атағынан сескеніп, қорқып жүрді. Бұдан кейін Нұрмағамбетті жығар балуан кезңге қояр ма екен,- деді Абай ағам.
Сол Нұрмағамбет Абай ағам қасында отыз жыл боп, қырық тоғыз жасқа шекті күресіп, жығылмады. Жасы қырық тоғызға келгенде баоуанның өзінің өтінуі бойынша босатып, Қызыладырдан жер алып, алдына жүз жылқы, бес түйе, екі жүз қой салып, жеке ауыл боп көшіп шықты.
Абай ағамның асқан ат сыншысы екені мәлім ғой, Мен Наурызбайдың Қызылауыз атын сипаттаймын деп, «қанаты қабырғада кере қарыс, танауы десең болар бейне талыс» деп басталатын өлеңімді ұнатпай, «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» атты өлеңін жазғанын білесіңдер. Бұл қазақ өлеңіндегі аттың сынына арналған өлеңнің үлгісі болатынына күмән жоқ. Сол Абайдан да ат бабын, өнерін білуден асып кеткен адам болды және оған Абай қалай қарағанын сөйлейін, - деді Көкең.

  • Жайлауда, Шақпақтың төсінде, тағы да Керей, Тобықты тойы болды. Абай бәйгі аттарын қарап-қарап кеп, ат айдаларда көпшілікке былай өтініш етті.

  • Қауым! Сендерде бір өтінішім боп тұр. Осы бәйгіге екі-ақ ат шапса деп едім. Бірі - менің торы атым, екіншісі - Наманайдың қоңыр аты. Жалғыз той бұл емес қой, өзге аттарды өзге тойларда сынармыз. Жұрт келісті. Екі ат айдалып кетті. Тойдың өзге кызығы - теңге алу, қыз қуу, аударыс секілді ойындар жүріп, балуандар белдесуі де аяқталды. Халық ат келуін күтіп отыр. Абай ағам бәсекелесі Наманаиды іздеді. Наманай жоқ. Наманайды іздестіріп еді, шамасы 700-800 қадамдай қашықтықтағы келесі қорымда отыр деп келді. Іздеушіні шақырта және жіберіп еді, ол «Бармаймын. Қарақшы сол қорым

болса, Абайдың аты келеді», - депті. Абай оған кісіні қайыра жіберіп, «қарақшыны сонда апарсақ қайтеді екен?» деп сұратты. Наманай: «Онда менің атым келеді», - депті.Абай орнынан тұрып «Суыр карақшыны. Наманайдың әулиелігін көрейік!» - деп өзі бастап, той халқын соңынан ертіп, жаяу Наманай отырған қорымға келді. Карақшы қайыра тігілді.
Бәйгі аттар шаңы көрінді. Екі ат іркес-тіркескеледі. Алда Абай ағам торы аты, Наманайдың қоңыр аты кұйрық тістескен. Екеуі де жылқыдан жаңа ұстап мінгендей ағынды. Бағанағы қорымнан сол қалпында Абайдың торы аты бірінші боп өтті де, қорымнан өтісімен, қоңыр ат торы атпен теңесіп қарақшыға 100 қадамдай калғанда оза бастады! Сөйтіп, қарақшыдан өткенде Наманай коңыр аты Абайдың торы атынан есік пен төрдей алда өтті. Сақ, Тоғалақ адамдары аруақтап жатыр. Наманай - Сақ руынан ғой. Абай орнынан тұрып, етегін қағып тұрып «Жынды ит өзгені осындай білсеші!» деді. Өңінде разылықбар. Жіпсіп күреңітіпті. Ешбір реніш жоқ. Қайта Наманайдың атының өнері мен бабын сынықшыдай дәл басқанына қуанғандай.
Базаралы айдаудан келді. Қаладан қарсы алдық. Базыкеңнің еліне есен-сау келгенін қуаныштап, қаладан Шыңғысқа дейін ере де келдік. Базыкеңе сәлемдесе Абай ағам да келіп, қуаныш бөлісті. Абайдың білетіндігіне не дауа!? Базыкеңнің мінісіне деп ер - тұрманымен нардай Қаракөк атты жетектеп, ағасына су жаңа ішкі-сыртқы киім тіктіріп әкепті. Базыкеңнін аман келгеніне деп Кішекең той жасады. Бір кезде айдалуына себепші болған Абай Базаралы тойын басқарды. Екі жағында да кірбің қабақ жоқ. Кішекен балаларының бес аты бәйгіден бірінен соң бірі іркес- тіркес келді. Оразбай бай сол жылдары алдына ат салмай жүрген туысы Ысмайылдың Жирен атын әкеп қосқан екен, алтыншы болды. Оразекең шапшаң кісі: «Мына жирен ит шаппаған ба, қолтығы да терлемепті ғой», - деді, налығандай. Абай: «Ей, бай, бүгінКішекеңнің аруағы көтеріліп тұр ғой. Аруақ біз емес. Тарылма!» — деп күліп еді.
Абай жарыктық қыран кұс туралы «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде
Көкіректе жамандық еш ниетжоқ,
Аң болады кеңесін құс салғанда.
Ешкімгезияны жоқ өзім көрген,
Бір қызық ісім екен сұм жалғанда - деп еді. Меніңше, бәйгі аттың шабуы мен келуіне де ол осы тұрғыдан қарайды-ау деймін.
Қаратайшешен хақында Өуезовтың романындағыдан өңге қосарымыз да шамалы. Тек, Қаракең Сарымсақ би мен әкесі Сапақтан кейін Көкше руының бірден- бір басшысы болған кісі. Өзі көп жасаған. Қаратай Сапақұлы (1806-1894) ұзақ ғұмырында Құнанбаймен бірде араз,бірде тату боп жүргенде, ең алдымен Көкшеруыныңмүддесіне күллі ғұмырын бағындырғаны айтылады. Сондықтан да Көкше руында Сарымсақ би менҚаратайесімі қатар аталады.
Қаракеңнің шешендігін, білгір, білігін мойындағандай боп, Құнанбай оған әрдайым ілтипат етіп жүреді екен. Алыс ірі рулар арасындағы келелі істерге Қаратай жүрген.
Бұл әсіресе, Құнанбай аға сұлтан болған 1850-жыл- дарда машықты іске айналды. Құнанбайдың жер алу, иелену, сол үшін қиян-кескі талас-тартысқа түскен кезі де осы кез. Қаратай мұнда Құнанбайдың мықты сүйеніші болып алады. Бұл, Құнанбайға іштей қарсы туыстары Бөжей, Байсал, Сүйіндіктерге ұнамай, Құнанбай-Қаратай арасын бөлуге ұмтылады. Оны Қаратай да сезсе керек.
«Сары күз еді, - депті Қарекең, - Бөжей, Байсал, Сүйіндік және өзіміздің Бектас бар бір ауылдан түстеніп шықтық. Атшыларымызбен үлкен топпыз. Құнекеңмен екеуіміз ауылдан шыға бір әңгіме сүрлеуіне түсіп, алда келеміз. Байқаймын, арттағы топтың алдына түсіп алып, Бөжей мен Байсал жүргісі жоқ, топты бөгеп келеді. Біз бірте - бірте ұзай бердік. Артқы топпен арамыз екі шақырымдай боп қалды. Сол шақта Бөжей, Байсал не тілеп келе жатқанын ұқтым. Қазір мырза екеуіміздің арамызға от жағып, айырылыстырмақ. Қазір мырза аттан қонып, дәреттенуі тиіс. Атшымыз артта қалды. Сайын далада екеуіміз ғана.
Аттан қонған мырзаның атын мен ұстап тұрып, мен аттандыруым керек. Қоса түссем, ол менің атымды ұстамайды. Мұны көріп келе жатқан Бөжей- Байсал мені келеке, сайқы-мазақ ету керек. Неге де болса бекіндім... Бәсекелес Бөжей - Байсалға келеке болғанша Алланың жазуын көрмек болдым. Құнанбай мені шын серік етіп жүр ме, әлде пайдалану үшін ғанакерексіне ме екен? Оны да сынамақпын. Ойлаған ойым болды. Құнекең аттан түсті. Мен ат үстіндемін. Мырза дәреті үстінде аты жүре беріп еді, өзі ұстап қалды. Өзі аттанды. Түсіне көз салсам өңі бұзылып кеткен екен. Жүре беріп едік, күттірмей-ақ Бөжей - Байсал бастап, арттағы топ та жарысып жепі. Келе Байсал Құнекең өңіне көзін салып жіберді. Мырзаның түрі бозғылданып тік тұрып кеткен екен. Бекең (Бектас) маған: «Қаражан-ай, бекер істедің-ау, Құнанбайдың жасы үлкен емес пе еді», - деді. Мен тәуекелге бел буғанымды айттым. Осыдан Құнекең сырттай бастады. Бір қимылын тосып жүрміз. Шақырту келді. Атшыларымызды ертіп, Бекең екеуіміз келдік. Жидебайға шақырыпты. Күз. Боқырау өткен. Жұрт қыс тосқан шақ. Екеуімізді жеке күтті. Таңертеңгі шайдан соң шақырған шаруасын бастады. Құнекең өз тағдырына риза екен. Құнанбай боп туып, ортамыздан Құнанбай боп атқа мініп, ел иесі боп шыққан. Ортасы солай өсіріпті. Ағайын арасындағы кемпірназ қайда жоқ. Оны есепке алса, Құнанбай бола ма?! Әйтсе де, көңілінде бір түйткіл жүреді екен. Сонау Шақпақтан Жидебайға шекті түйесінің қомын терлетпей көшетін жер иеленген. Күзеуге түсерде бесік өңгерген әйелдей болады ылғи. Алдында көлденеңдеп Орда жатады. Орда - Мамай жері. Кеше бүкіл Тобықты баласын ту- ту Мұғажардан бастап әкелген Мамай батыр ұрпақтарын ренжітуге әсте болмайды. Мамай атаң балаларынан, өтесіне одан кем жер бермей, Кіші Орданы, Шілікті кезең асуын қосып алсам деп едім. Екеуің бұған не дейсіңдер? - деді. Екеуі үндемейді. Құнекеңнің ойы белгілі бола бастайды.
Құнекең бөгелмей: «Мен Мамай атаң балаларына Бақанас өзенінің бойын беріп алсам деп едім. Кіші Орданы. Ал, Көкше Ақшатаудан Ақирек, Балқыбеке құлап, Керей-Найманды ығыстырып, Балқаш құласа болмай ма?
-Беке, сіздің қонағыңыз көп еді, 100 тұсақ қой қойыңызға қосылсын. Қаратай сен Құсала атқа қызығып жүруші едің. Құсала атты мініп ауылыңа көркейіп қайт! Бұдан соң Көкше билігі тек екуінің ғана қолында болады,-дейді.
Екі Көкшеде үн жоқ. Құнанбай қадалып отырып алған соң, Бақанасты бере алмайтындықтарын айтады. Ырғасу екінші күнге созылғанда, Құнанбай Қаратай мен Бектасты кері шалбардың балағына салғызып, бастарын төмен салбыратып керегеге ілгізіп қойыпты.
Ара ағайындыққа Бөжей түсіп, екі жаққа тыным, бітім болады. Осыдан бастап, Құнанбай - Қаратай арасы кейде араз, кейде тату бола беріпті. Сол қатынас елге Абай ие болғанға дейін созылған, Мұқаң «Абай жолы» эпопеясында бұдан мол хабардар етеді.
Қаратай Құнанбайдың ерекше жаратылыс иесі екенін айтады. Құнанбайдың жауырыны жантайып жатқанда үш кез деген. Ал, шешендігін сөйлегенде «Құнанбай қу таңдай шешен дейтін шешен еді. Күнұзын сөйлегенде қақырынғанын, я жөткірінгенін естігенім жоқ» , — депті.
Енді біз Есбайдың інісі Жарылғап ұрпақтары туралы сөйлейміз. Жарылғап ұрпақтарын сөйлегенде оның әрі би, әрі бай үлкен ұлы Бозамбайдан, оның әулетінен бастамақ керек.
Бозамбай байлығы туралы сөйлегенде жұрт «әкесі Белібай дәулеті соған бітті» деген. Бертін келе батагөй кариялар «мал мен басың Бозамбайдай өссін!» деп бата да беретін болған. Бозамбай шамамен 1792 жылы туып,1879 жылы өлген. Одан «8» ұл туған. Екі әйелдің бірі
бәйбішесі- Жекен Қаракесек Жаныс байдың қызы. Арқадағы үлкен ас - Жаныстың Сәтбайының асы болғаны мәлім. Атақты айтыс ақындары Кемпірбай мен Шөже айтысы осы Жаныстың Сәтбайының асында болады.
Кемпірбай Шөжеден жеңіліп, қазақ ақындарының дәстүрі бойынша өзінің жеңілісін өзі жырлап жүреді.
Жасымнан аруақ қонып, өлең қудым,
Атадан қорыққан болсам неге тудым?!
Жаныстың Сәтбайының асы бар деп,
Жаратып жалғыз көктің тілін будым.
Әрқашан салушы едім омырауға,
Құдай-ау бергеніңе сансыз тәуба.
Сыртында тойлы ауылдың жетектеткен,
Кездестім Шөже деген пәле-дауға- деп бастайды баяндауын.
Жекен - жеті ұл туған аналық бәйбішенің шын есімі болғанымен, оны көбіне Шұға бәйбіше деп атаған. Жаныс бай қызын ұзатқанда жасауың кілең шағи, дүрия, шұғамен жасап берген екен де ол кісі келін боп түсіп, той өткен жер «Шұға» аталған. Кең қоныс, мал ішуге жарамды мол сулы қақ. Жарылғап ұрпактарының Есбайлық туыстарымен шектесетін кезеулігінің шеті де осы қоныс. Дәлірек айтсақ, жоғарыда жазғанымыздай Шолақтерек бргіғінің түстікке қарай еңістеп, аласарып «Бестас» күзеуіне құлайтын жері.
Шұғаның батысына тұпа-тура жүрсек, 16 шақырымдай жерде, Шолақтерек биігінен «әу» дейтіндей жерде «Бозамбайдың Тастықұдығы» аталатын құйқалы құтты қоныс күзеулік бар.Осы орын барша Жарылғап атамыз - ұрпақтарына «алтын діңгекті» орын екен. Өйткені, «Бозамбай байдың кара шаңырағы осы арада 1929 жылға дейін өз туыстарына ғана емес, күллі Көкше баласына «астына ат, аузына ас» беретін қыдырлы қоныс боп тұрған.
Бозамбай әулеті хақында сөз болғанда ұлы Абайға соқпай өтуге де жол жоқ. Архам ЬІсқақов ұлы атасы туралы естелігінде қоңыр Көкшеге болыс болғанда Абай- дың жолдас етіп араласқан кісілері қатарында Шүлембай, Мырзахан, Күлембайларды атайды. Иә, Күлембай - Абайдың ертедегі қазақ атқамінер ел билеушілерінің келбет-бейнесін беретін атақты өлеңі «Ассалаумағалаи- кум, болыс, мал-жан аман ба» деп басталатын «Күлем- байға» өлеңімен байланысты белгілі есім. КүлембайСа- тидың үлкені болса, Сати - Бозамбайдың үлкен ұлы- Күлембайұлы Нұранбай да белгілі тұлға болған.Абайға
қастық жасалатынКөшбикедегі 1898 ж. оқиғада Нұранбай Абай қасынан табылған. Нұранбаймен ағайындарының мәңгілікке қоштасу сәті туады.
«Бұл 1922 жылы еді, ел жайлауға жаңа шықкан, Нұрекең болыс болатын дейді, - ЬІбырайша қарт, - Бурахан қажы:«Қарағым, бізді кімге тапсырасың? Арыңа кім ие болады,» - деді. Нұрекең үн қатпады. Нұрғали (Біткембайұлы, ата баласы саналады): «Е,сөйлесешешен, жас болса да Мақұлбайға тапсырмай ма?» - деді. Нұрекең үндемей жатып-жатып жастығын көтертті де:
- Мақұлбай ақпа шешен екені рас. Бірак, ол сорына қарай, тоқалдан туып тұр ғой. Көкшенің баласы, жайларың белгілі еді. Бір таптан Дүтбай мен Көкбайдан артық құдай туа ма? Оларға да «ат қойып, айдар тағып», «Дүтбай қу», «Көкбай қу» атандырып едіңдер. Өздерің күнде көретін Олжай балаларын қарашы! Жасын аспандатып сөйлемей отыра алмайды. Әбіш, Мағаш, Тұраш, Мекеш, Архаш, Білөш, Жөбеш, Дөку, Жөку, Бұғыш, Бердеш... Адамның мінезсіз жындысы Біләлдай болар, оны да Біләш, Біләш деп келе жатыр.
«Өлі тілін тірі алмайды» деген бар еді. Маған сал- саңдар, Жақыпбай бірдеңеге жарар еді. Мінезінде қат- тылық бар. Басына ел тауқыметі түссе, жұмсару Қиынға түспейді ғой. Бірақ, оған да бір ат тағарсыңдар! - деген Нұрамбай.
Бұл сөзден шығар түйін: Бозамбай ұрпағында осындай ой түйетін ойшыл адам да болған. Шынында да Көкше атамыз балаларында өз арасынан шыққан білікті азаматтарын бағалай алмаушылықтың бары рас-ақ!
Енді Бозекең ұрпағымен Абай жарықтықтың араласуын нақты сөйлелік. Байдың бәйбішесі Шұғага Тобықты руын жинап, 1872жылы ас берген. Ас өткен орын Бозамбай Тастықұдығы аталған. Осы төбе мен Шолақтерек жары мен екі орта.
Астың қонақ күтетін үйлер тігілген жері- бұрыннан сөз еткен Дәркембай Тұщыбұлағына асатын жол үсті, жар басталар көк алды ой. Байдың өз ауылы Тастықұдық жаққа тігіліпті. Асты Абай басқарыпты. Ат Құнанбай қорығының батысындағы кіндікті Жұпар-Нан қорығының басынан жіберіліпті. Алыстығы Алыстығы 35-40шақырымнан кем емес. Аста бас балуандыққа Күсен түсіп жыққан екен. Бәйгіден нағашының, Жаныс балаларының қосқан аты бірінші, Бозанбайдың өзі қосқан «Көктырна» атты жүйрігі екінші келіпті. Абай күліп «Нағашысыз жиен бол- майтынын «Көктырнаның» да білгені ғой» депті дейді.
- Бай, бәйбішеңіз аруағы көтеріліп, бір аунап жатқан шығар. Бәрі жөн болғанмен, Сіз бір нәрсені ескермей жүр екенсіз. Маған бұл қоныста су тапшылығы сезілді. Шолақтеректің бауыры бастау, бұлақ болғанда сыртында су болмауы қалай? «Тәуекел» деп, ана төбенің тап үсті мен мына беткейінен екі-үш құдық қазғызсаңыз қайтер? Белібай бабаңызға сыйынып бір іс етіңізші! - дейді.
Бай дереу Абай нұсқаған жерден үш құдық қазғызған екен. Әр құдығының арасы 53 те 62 метр. Құдықтардың суы бір сарқылып көрмеген. Жұрт «Бозамбай байдың Тастықұдығы» атап келіп, онымен бірге Абайдың да «сол жер су түндігі екенің қалай дәл білгенін» таңырқап сөз етіседі.
Бозамбай шаңырағы кенжесі Шүлембайда қалған. Шүлембай тым кең мінезді, қолы ашық жомарт жан екен. Байдың шаңырағын туыстары түгіл, күллі Көкше руына ортақ үй етіп ұстай білген екен. Өзінен жалғызӘзімхан туып, ер жеткен. Әзімханның бәйбішесі - Мамай руының үлкен байы Асаубайқызы Бәтибала (жалған аты Байбатыр), кіші әйелі - Мырза руындағы Қаңбақ деген кісінің қызы Күлсін. Өзі Құлжатай, Мұсатай, Балтақай дейтін үш ұлды болған. Бірақ, бұл адам көп жасамаған. Әкесі Шүлембай алпысқа жетпей, өзі отыздан аз-ақ асып екі ұл Құлжатайы мен Мұсатаиы төртеуі бірдей бір жыл ішінде дүние салады. Тек, Қарашаңырақ иесі боп бес жасар Балтақай қалады. Оның анасы Бәтибала, кіші шешесі Күлсін алды жиырмадан сәл асып, соңы жиырмаға жетпей, Шүлембайдың кіші әйелі Аналық Сазанбайқызы отыз екі жаста жесір қалады. Бұл 884жылы екен. Малын атасақ жылқының саны мыі үш жүз қой екі мыңнан астам екен.
Әмеңгерлік заңының жесір таласы қызады. Дау-талас ұлғайа келе, оған Абай араласып тындым жасайды.
Абай Бозанбайдың жеті ұлын алдына шақыртып ап, бұл таласты былай бітірген. Өзге Көкшеден Дүтбай мен Көкбайды, Төлебайды қатыстырыпты бұл әңгімеге.
Абай:- Бозанбайдың орны жаяуға ат, ашқа ас болған. Бөлгенді кім шығарып жүр. Ол орын бөлінбейді. Кім бөледі? Байдың жеті баласы, жетім баланы тәрбиелеңдер. Жас өсіп, жарлы байиды. Жетеуің сол үйдің дәулетімен жеті қатын ал! Бірінші Уақбайдан- сен Садықан, Әзімханның бәйбішесі, Бәтибаланың қолына кір. Малына, шаруасына бас- көз бол! Өзім сыртынан бағып отырамын. Екінші Сәти, сен Шүлембайдың кіші әйелін еншісімен Аналықты ал, үшінші Кенжеғұлдан, Алтынхан - сен Әзімханның тоқалы Күлсінді еншісімен ал. Төртінші, Мәтіғұлдан - Еркебай сен, бесіншіс, Бітімбай сен, алтыншы, Бітімбәйдан - Шыңғай сен, жетінші, Мырзахан сен үлкен балаң Ақылтайға осы соңғы төртеуің қалаған жерлеріңнен құда түсіп, үлкен шаңырақ малынан қалың төлеп, қатын алыңдар, - депті. Бар оқиға бұдан соң, Абай айтқанындай бопты. Мәтіғұлұлы Еркебай Мырза руынан Жаңыл деген қызға; Бітімбай Найман Шағырайқызы Шөнішке, Біткенбайұлы Шыңғай Ырғызбай руынан Ырсайдың Ысқағының қызы Құттыбалаға, Мырзаханның үлкен ұлы Ақылтай Найман Мүлкібайқызы Бикүлсінге үйленіпті. Сөйтіп, бүлінуге бет алған Бозамбай арты берекеленген екен.
Қымбатты оқушымыз, біз Бозамбайдың өзге ұлдарын атап келіп, жоғарыда Мырзахан есімді бір кісіні де Бозамбай ұлдарының қатарында атағанымызды аңғарды ма екен? Мырзахан Бозамбайдың кіші әйелі Сақаннан туған ең кенже ұлы,шешесі-Найман қызы. Бұл адам дүниеден өткенінше (1842-1920) Абайды пайғамбар көріп өткен. Абай «жетім баланы сендер тәрбиелеңдер» деген сөзіне қалет етпеген кісі. Сонысынақарай, Мырзаханға көзі тірісінде де Алланың бергенімол болған. Өлгеннен соң да Бозекең балаларының ең ұрпақтысы да, ісі сәтті болғаны осы Мырзахан.
Абай туралы айтқан Мырзаханның екі әңгімесі: «Шыңғыстың Қырғыз шатында бір қыран бүркіт ұя сап, балапан ұшырып жүрді. Ұясынан тасбақа қалдығы да кезікті. Бүркіттің ең қыранының жердегі тасбақаны да бүріп әкетіп, жем ететіні мәлім. Бір жылы аңдып жүріп, ұясынан бір балапан алдым. Балапанның түсі көмірдей қара, көрген кісі қызыққандай еді. Атын Қарабалапан қойдым. Қарабалапанды түлетіп жүргенімде күзде сұрата жіберген Абайдың арнаулы адамы келді... Бере алмадым. Себебі балапанды алғаш алып жіберген сәтте, “жетімге», Балташқа деп арнап едім. Балтақай бірер жылдан кейін аңға еріп шығуға жарап қалған еді. Қарабалапанды армансыз түлеттім. Бірер рет күніне түлкіні екіден алып та жіберді. Құс көңіліме әбден қонды. Қар екі-үш жауған еді. Күннің бұлыңғырына қарамай қағушымды алып, қара тазымды ертіп, аңға шықтым. Күн ашылмады. Сәскеде жапалақтап қар жауып кетті. Қағушым туысы Керей бір жас жігіт еді. Қарабалапанды соның қолына қондырдым да, үйге қайырып, тазыны ертіп, Шыңғыстағы елге беттедім. Сәлден соң күн ашылды да, жаңа ғана жүрген бір түлкі ізі кезігіп, әжептәуір уақытқа бөгелдім. Ақыры соны қанжығама байланып ап, шымылдықтан құлай бергенде, көлденең жүрген бір аттының ізіне кезіктім. Із қардың жауғаны басы- лған соң жүрген. Кішкене жүрген соң, аңдасам, бағанағы өз қағушы жігітімнің атының ізі. Жас жылқы еді, мінер жақ артқы аяғының тағасы жартылай сынған-тын. Із тұпа-тура шымылдықтан құлап, Қарашокы мен Хан биігінің ортасын қақ жарып өткен. Сайрап жатыр.
Ойыма Абайдың Қарабалапанды сұратқаны түсіп «Апырай Қарабалапан Абайдың құс қорасынан шықпаса игі етті» деп күбірлеп, сол маңдағы бір ауылға қона кеттім. Таңертең қағушымның ізіне түсіп жүріп ем, із тұп-тура Жидебай, Абай қорасынан шықты. Сәлемімді алып тұрып «Е, Мырзахан! Шымылдықта, ат басын тартып тұрып айтқаның болды. Қарабалапан менің құсқорама қонып қалды ғой» деді Абай.
-Қонса, құсыңыз қайырлы болсын! - деп үйге кірдім. Абайдың менен не сұрары мәлім. Қыран құс, жүйрік ат және аңшылық жайында болады әңгімесі. Көбіне қадалып білгісі келетіні қыранның тек-тегі, әрқайсының бабы. Сондай бір әңгіме үстінде Абай: «Мырзахан, маған Қарабалапанды неге бермедің?» - деді Мен: «Абай! (мен Абайдан үш жас үлкенмін) Сізден жанымды аямаймын дегенім көлгірлік болар. Дүние аясам, оным иттік болар еді ғой. Қарабалапанды жетім қақысы болған соң бермедім.
Алғаш ұядан алғанда қарашаңырақтағы жалғыз- жетімек Балтақайға арнап едім», - дедім. Абай бетіме ойлана қарады да қойды. Абай жай тұратын кісі. Мен де жайырақ тұрып, атымды ерттеп қойдым. Абай шай үстінде «Түстіктен соң қайтарсың, Мырзахан, аулыңа жалғыз қайтасың ба?» - деді.
Мен: - Жоқ. Қағушы жігітімді ерте қайтам ғой, - дедім.
Абай: - Жөн, жөн, Мырзахан, - деп өңі жыли түсті. Біз аттанарда сыртқа жарықтықтың өзі шықты да: - Мырзахан ана тұрган бір түйе, бір атты жетектей кет! Сен жетім қақысы дедің ғой. Хош! — деп жүріп кетті. Абай мінезі белгілі, сенің алмаймыңды тыңдай ма ол.
Содан әлгі Керей жігітке «сенімен қалай хабарласты Абай» деген секілді бір сөз сөйлеген жоқпын.
Ал, мына бір жай бұдан көп бұрын болған еді. Ша- масы, Абай өлерден 8-9 жыл бұрын ағайындарыммен ренжістім де, Найман нағашыларыма көшкім келді.Нағашыларыммен уәдені байлап ап, үлкен ұлым Ақылтайды ертіп, Абайға қоштасуга келдім. Жайды Абайға толық айттым. Абай марқұм көпке шекті үндемей, баламыз екеуімізге барлай қарап отырып-отырып: «Мырзахан, сен Жетісуға көшпе! Өзің білетін Ақшатаудағы Бақалы бұлақтан қора сал. Сол сенің құт мекенің болар. Осыдан барысымен «Бақалы бұлақтан кірпіш құйғызып жатыр Мырзахан» дегенді еститін болайын. Екі жылға шыдасаң, мына Ақылтайың атқа мінер. Ақылтай атқа мінген соң, Керей-Найманның жауы Ақбалтайдан бері асар деймісің! Бересің бе осынымды? Бер!-деп қадалды Абай. Сасып қап» Кірпіш оңай ғой, төбесін қайтемін?» -деппін. «Төбесіне алаң етпе, мен мойыныма алайын оны. Уәде сол болсын!»-деп ырза-хошын айтып жөнелтті, жарықтық.
Келе сала, Бақалы бұлақтан кірпішқұйғыздым.Абайдан хабар жоқ. Қора қаланып жатыр. Өзіміз көпжанбыз. Қора өте үлкен. Ешкімге айтпасам да, «төбесін қайтер екем» деп іштей уайым етем. Қора құрылысын үш күнде тұрғызып боп жатып қалсақ, ертеңгісін сәске әлетінде ауылым - Бақалы бұлақ үстін сырғауыл артқан түйе керуені басып кеткені. Сөйтсем, Абай марқұм көктемде Көксала өзенінің бойынан ағаш қиғызып қабықтатып қойып, менің қора қабырғасын қалап болуымды тосады екен-ау! Асылым, Абай ғой, мені туған ел-жерімде қалдырып, өркен жайдырған!»
Иә, Бозамбайдың «кіші ауылы» (Мырзахан ауылын кіші ауыл атаған), кіші әйелі Сахан апаның Мырзаханының ұрпағы осында өркен жайған, өсіп-өнген. Мырзаханның зираты да сол Ақшатаудың Бақалы бұлағында қазір де тұр. Сахан ана да сонда жерленген.
Мырзахан жоғарыдағы жайымен Абайға Ақылтайдың 14 жасында келдім деген. Ақылтай НКВД қолынан 54 жасында, Семей түрмесіне апарылып, бұрынғы «Бұзау», кейіннен «Полковник», бүгінде «Стадион» аталатын Ертіс аралында 1930 жылдың 17 қарашасында атылады. Сонда Мырзахан Абайға Ақылтайдың 14 жасында келгенде бұл 1890 жыл болады. Ақылтай Абай айтқандай, 16 жасынан атқа мініп, Жондағы Жобалай Керей мен нағашысы Найман еліне мәлім ықпалды азамат боп өседі. Мырзахан өзі дәме еткен ұлына бар өнерін - мергеншілік, құсбегілік, атбегілік, аңшылык секілді бір азаматқа қажет өнердің баршасын қапысыз үйреткен. Оның үстіне Ақылтай өзі де аса байыпты» тілді, жауырыны жер иіскемеген балуан болған. Ақылтай Керей-Найманның батыры ма, ері ме, серісі ме бәрімен дос, аралас, бастас болыпты да, бұл бір Көкшенің емес, бар Тобықтының пайдасына жарапты. Достары: Керейде Самалықтан бастап, Айдынкөл, Шалқар, Арап, Базар, Жабағытай; Найманда Есімхан төре, Айпар, Жайпар секілді біртуарлар болған. Сондықтан да жоғын іздеп Ақылтайға келгендер ол екі жұрттағы алашақтарынан ұпайларын түгелдеп қайтып отырған. Абайдың «Ақылтай атқа мінген соң Керей-Найманныңжаулары Ақбалтайдан бері аспайды» деген сөзі расқа шыққан.
Ал, Бозекең қарашаңырағының иесі, бес жасында жетім қалған Балтақайға еткен Абай қамқорлығын үлкендерайтып тауыса алмайды екен. Атасы мен әкесі дүниесалысымен Балтақайға Уақтағы өз досы Нұркеніңқызы Рәзияға Садықанды ертіп барып, құда түсіпті.Рәзияны түсіргенде құданың бірі қып Ақылбайды жіберіпті.
Балтақай ел асқан күйші болды. Оған да Абай қамқорлық еткен. Сол шақта Абай мен Шәкәрімге күй үйреткен дәулескер домбырашы Біткенбай күйші тірі екен. Абай кеңесімен қарт күйшіден Балтақай күй үйренген. Демек Балтақайдың да күй үйренген мектебі Керей Байжігіттің күйшілік мектебі болады. Біз көргендегі Көкшенің бірен-саран домбыра ұстайтындары «Тепең көк», «Бозайғыр», «Саймақтың сары өзені», «Қалмақтың қара жорғасы», «Қазақтың қара жорғасы» дейтін күйлерді шама-шарқынша тартатын еді.
Балтақайдың мергендігі, қүсбегілігі, атбегілігі, жоққа қайырымдылығы, сері жүрісі, жаудан қайтпас ерлігі, қамшыгерлігі аңызға айналған. Балтақайдың кісілігі Көкше арасында емес, Семей, Аягөз, Қарқаралы өңіріңе кең жайылады. Оның өз тұсындағы азаматпын деп жүргендермен араласпағаны кемде-кем еді дейтін еді үлкендер.
Бұл біз әңгімелеп отырған 1870-1900 жылдар іші Көкше ғана емес, жалпы Тобықты аталатын аз рудың бап айы оңынан туған айшуақты шағы болса керек. Абайы бар, алысқа атағы да, айдыны да сол. Ірілі-ұсақты рулар ішінде шоғыр-шоғыр малды байы, елін қорғар ер-азаматтары молыққан шақ. Көкшеде соның құт қонған шаңырағы Бозамбай үйі болып, оның жас иесі Балтақай да жомарттығымен даңқталады.
Балтақай бәйбішесі Уақ Нүрке қызы Рәзияны 15жасында 1900 жылы түсірді. Рәзия басына екі отау тігіп, 200 жылқы, 150 қой, 8 түйе еншісімен келеді Қазақ салтында ұзатылған қыздың жасауы мең мал еншісі алынған қалың малына орай болмақшы десек, Рәзия шешеміздің қалың малы да осал болмаса керек. Бұл сөзіміз дәлелді болу үшін бір мысал келтірелік. Сүйіндіктегі Шорманның Мұсасы бір қызын ұзатып тұрып, аттанып бара жатқан құдасын қайта шақыртып алып, камзолынан 3 сом алып ұсыныпты. «Мұныңыз не мырза?» деген құдасына, Мұса мырза «Сенің берген қалың малыңнан менің қызыма берген жасау мен еншім үш сомға кем екен» деген.
Біз енді Бурахан адырынан асып, Шолақеспеге ба- ратын жолмен Көкшенің Томан ұрпақтарының күзеуіне келеміз.
Балтайдың шын аты - Балталы. Ол батыр болған кісі дегенбіз. Жалғыз ұлы Өтегеннен тоғыз немересі болған екен. Немерелерінің есіміне «қошқар» сөзін қосқан. Сондықтан бұл тоғыз немересін Балтайдың «тоғыз қошқары» атайды. Батырдың «ақтабан шұбырынды» тұсында қартайып қалған кезі екен. Соғыста оның жалғыз ұлы Өтеген, ер жеткен жеті немересі қалмақ қолынан өледі. Жас екі немересі Байқошқар мен Жанқошқары қалады. Қазіргі Балтай осы екеуінен тарайды.
Қарт Балтай батыр Шу өзені бойымен аулын бастап келе жатып, қамыс арасындағы алаңқайға шығады. Алаң көшкен ел жұртының орны болады. Жұрттан бір түйенің жемтік қаңқасын көреді. Қаңқадан қара күшікүріп және бір еркек бала шығады. Жемтік жегені көрініп тұрады. Қанқаны айналған біреуі «мұнда жәнебір бала жатыр» дейді. Қарт батыр найзаға сүйеніп тұрған. Сонда батыр серігінің бірі:
- Батыр, бір Алла кезіктіріп тұрған шығар мына балаларды. Жақсы болса ұлыңыз, жаман болса құлыңыз болар. Сіз алсаңыз қайтер осы олжаны - дейді. Балтай батыр: Жөн қарағым. Тегінде болар-ау, ана оңаша жатқан баланы әперші маған.
Атын Қаракүшік қояды. Шежірешілер Қаракүшікті Балтайдың інісі деп, батырдың есімімен қосып, тең атайтыны осы жайдан. Шынында да, Қаракүшіктің тегінде тектілік болса керек, Балтайдың жас қалған немерелері Байқошқар мен Жанқошқарга үлкен сүйеніш-тірек болып, ер жеткізеді. Тіпті, Қаракүшік басқа да, малға да Балтай ұрпақтарынан мол боп өсіп, Көкше атамыздың Томаны әулетінің өсіп-өнуіне, атының өшпеуіне ие боп келген әулет екенін атап көрсетуіміз керек.
Қаракүшіктен Көсе, Ақан, Назар туады. Көсе бәйбішеден. Көсе ұрпақтары Өскенбай, Құнанбай кезінде бүкіл Томан, асса Көкше руының иесі болғаны айтылады. Көсенің Ораз, Берістенінің балалары Көкше руының баянында із қалдырған адамдар.
Ал, Берістен - оның баласы Жексенай. Жексенай момындау, бірақ тереңдеп ойлайтын, байсалды кісі екен. 1840 жылдар тұсында ол байып, жылқысы мыңға тартыпты. Сол жылдарда Шыңғыста қыс қатайып, жылқыны қыстан аман алып шығу қиындайды. Өзге амалы құрыған Жексенай, «жылқының басы қоңыр айғыр қайда бастаса да соңынан ерейін!»- деген байлауын жасайды. Жылқы Шолақеспе, Миялы бойында екен. Жылқы Ертісті бетке алып сырғи береді. Жыл мезгілі-желтоқсан екен. Біраз күннен соң қоңыр айғыр жылқыны соңына салып кеп, Ертістен өтіп, қарағайға еніпті.
Енді Жексенайұлы Айтқазыға арнайы тоқталуымыз керек. Өйткені, ол тарихи адам әрі Әуезовтың «Абай жолы» романының белгілі кейіпкері.
Айтқазы Жексенайұлы 1877-78 оқу жылында Семей қаласында уездік училищенің ІІІ класында Әріп ақынмен бірге оқыған.
Көрнекті абайтанушы Қайым Мұхамедханов: «Айтқазы-Тобықты ішінде Көкше руынан шыққан пысық жігіт. Ертістің ар жағындағы қарағай ішіндегі Белағаш деп аталатын қазақ болысында көп жыл болыс болған. Көкбайға ағайын адам. Абай ақылды, шешен, орамды жігіт деп жақсы көрген»- дейді. (“Абай” журналы. 5 сан, 1993 жыл. 34-бет). Әріппен айтысқанда тағы да Көкбай ақын:
...Айтқазы кім?- Айтқазы алтын құрыш,
Асқар бел тобықтыға үлкен тыныс.
Жалғыз үй Белағашта жүрсе-дағы,
Неше жыл ғаділетпен болды болыс.
Тұрғандай өмірінде барлық Семей,
Қалада сарт, ноғай мен қазақ, орыс.
Өзі жомарт, өзі ер, өзі оқыған.
Қандай деп мақтасам да емес бұрыс – дейді.
Иә, Айтқазының пысықтығы мен шешен, орамдылығы ерте білінген екен. Абай ертекшісі Баймағамбет Мыр- заханұлының айтқаны: «Бір жылы қыста Абай қашаба шанаға дара ат жеткізіп, ар жақтан бер жаққа келе жаттық. Жағаның биік жарынан түсе бергі жаққа келе жаттық. Ар жақ жағаның биік жарынан түсе бергенімізде, «Абай аға тоқтаңызшы! Тоқтаңызшы!» деген жас адамның дауысы шықты. Бала дауысы. Абайға бала түгілі үлкен тоқта деп айтпайды. Жүре бердім. Абай «тоқта!» деген белгі берді. Ылдидан төмен Ақтабан қоңыр атты әрең тоқтаттым. Арқалаған боқшасы бар екі бала. Бірі сөйлей жөнелді:
- Абай аға, мына Белағаштағы туыс ағайыныңыздың бірімін. Ныспым Айтқазы, Көкше Жексенайдың ба- ласымын. Осы қалада училищеде оқушы едік. Мына бір Қаракесектің баласы былтыр болыс болдым деп, мақта- нып мазамды алды. Келесі сайлауда Белағаш болысының сайлауына түсейін -деп едім. Не айтасыз? - деді.
Абай ойлана қарап отырып:- Неше жастасың?- деді.
Бала:- Тақауда 15 жасқа толдым - деп еді, Абай: Тым жас екенсің - деді.
Бала:- Абай аға, жас болыс бола ма, ақыл болыс болады да!-деп, жүріп кетті. Абай жүре қой демей, ойланып отырып:- Шіркін-ай, болып тұр екен ғой! Әттен өмірі қысқа болады-ау! - деп өкінді-деген.
Сол Айтқазы ержетісімен съезд секілді үлкен ындарда «Абай ағама» деп, Абайға арнап үй тіккізіп отырады екен. Тіпті, Айтқазы Мағауияға айттырылғанқалыңдық Уақтың Шонжары, Абайдың досы Шыңқожаның Нұркесінің қызын да алып қашып, екінші әйелі еткен.
Мағауия қызды көріп, менсіне қоймай, бұл Нүрке қызын намыстандырып, Айтқазыға өзі сөз салды деген сөз бар. Қалай болғанда да Нұрке қызы Абай келіні ғой. Істі істегенмен Айтқазы қатты қысылса керек. Абай сондай шақта да өз биігінен табылып, қызды да, Айтқазыны да айыптамай, Нұрекені қыз-күйеуімен өзі табыстырып, Айтқазыны бұрынғысынша бауырында ұстай беріпті. Ыбырайша Мұсатайұлының сөзі.
Көкең: Семейден Абай ағам үйіне Жексенайдың Айтқазысы келіпті. Ат ертте, сәлемдесіп келейік,-деді. Бұрыннан қалада Айтқазыны көріп жүретінмін. Көкең Айтқазыны үйіне шақыра қайтты. Абай сөзарасында Айтқазыға көп көңіл бөліп отырды. Абай «Айтқазы» демей, «Айтаға» дейді екен. Біраз күннен соң, Айтқазы Көкендікіне келіп, қонақ болып, екі-үш күн жатты. Тығынбай, іркіліссіз, еркін сөйлейтін кісі екен. Көкең мен ара-тұра қалжындасып та отырды. Осыдан 40-50 күн шамасында Айтқазы еліне қайттыдеп естідім, Абайдың үйінен аттаныпты еліне. Сол күндер ауылда жоқ едім. Келген соң Көкеңнен Айтқазының келу және қайту жайын сұрадым.
Көкең:Абай ағам «Айтқазы қайтқалы жатыр» деп, Шыңғыспен Қоңыр Көкше елінің басты адамдарын түгелшақырыпты. Қызу мәжіліс үстінде Абай Айтқазыға бір-екірет: Айтаға, менің әнебір сөзіме жауап қайырмадыңғой?- деп еді, ол үндемеді. Абай осы сөзін үшінші рет айтқанда барып, Айтқазы:- Абай аға, Белағаштың басы болмасам да аяғы емес шығармын. Әйтеуір Белағаш дәлеңкесі етіп төбесіне көтеріп отыр. Сіздің елде бір жарым ай жүргенде, екі жарым керегеден аса алмадым ғой. Мені қайтесіз!- деді. Абай ағам: Жөн, Айтаға жөн! - деді.
Сөйтсем, Абай Айтқазыға «Елге қайт! Жер беремін»-дейді екен. Айтқазының елге келуінің осы мәні де бар екен.
Бірақ жасы отыздан жаңа асқан Айтқазыға біздің шалдар төрін берсін бе, ол төрде емес, үнемі үшінші, иә төртінші кісіден кейінгі орында отырса керек. Айтқазы соны Абай алдына тартып, өзін бұл ел мойындай қоймайтынын айтқаны екен әлгісі. Абай да соны ұғып, Айтқазы сөзін мақұлдапты.
Айтқазы бері келгенде Семей уезінің ешбір ірі ша- раларына қатыспай қалмаған, өзіндік із қалдырған кісі. Абай мүше болатын Россия Географиялық қоғамының «Бастауыш білім беруге қамқоршы бөліміне Абай, Ақылбай, Мағауиямен қатар жарна төлеп отырған. Айтқазының келе-келе беделінің өсуі сонша, Абай басына қастандық жасаушыларға айыптау билігін шығарушы Найман Серікбай қажы, Қаракесек Қалилар қатарындағы бидің бірі де болған. Мұқаң Базаралының Тәкежанның «400» жылқысын қырғаннан соңғы билікте Айтқазы да болып еді деп жазады.
Көсенің басшысы Бектас Жексенай көшуінен соң дүние салады да, кей бойында оты бар азаматтары өңге ру арасына көшіп, сіңісіп кеткен секілденеді. Соның мысалы - Көсе баласы Нарбота ұрпақтарының тағдыры.
Нарботада Тұрақбай, Жүрекбай, Мырзабай. Тұрақбай, Шүрекбай балалары бірде Белағаш, бірде Семейді қоныс етіп, ел ортасында болмаса, Мырзабай балуан Топай ара- сына сіңіп кеткен. Мырзабайдан - Ақылбек, одан - Омар балуан, оның баласы Мырзақасым балуанды көзіміз көрді.
Ақылбекұлы Омар Абай балуаны боп, ақ сирак Омар аталған екен. Ыбырайұлы Леймен ақынды (1889-1971) сөйлетейік.13 жасымда әкеме еріп Шақпақтағы бір тойға бардым. Тойға Керей-Төлеңгітте келген екен. Тобықты-Керей екіге жарылып отырды. Абайды бұл алғаш көруім. Абай жасы мен құралпас ұлын қолынан жетектеп, балуандар күресетін ортадағы майдан даласына барып отырды. Одан бері де, бір сақалына ақ кірген адам, он-он бес балуан тобы жайғасты. Солармен бірге Оразбай бастаған бір топ үлкендер отырды. Оразбаймен құда едік, танитынмын. Бәйге аттар айдалып кеткен соң күрес басталды. Ортаға Керей балуаны шықты. Балуан кесек денелі, аппақ 30 жас шамасындағы жігіт екен. Тобықты балуандарының бесеуін бірінен соң бірін жықты ол. Балуан бәйгесіне беретіні шапан екен. Әр балуанды жыққан сайын Керей жағы бір шапаннан алып тұрды. Балуанның бесеуін жықкан соң да Керей балуаны майдан даласынан кетпей келесі күресті тілегендей тұрып қалды. Сол кезде күрес орнына таяу отырған Абай бар денесімен бұрылып, балуандар тобымен арада жалғыз отырған адамға бірдеңе дегендей болды. Керей балуаны әлі тұр. Шал жауырынын қиқаңдатып- қиқаңдатып біраз отырды да шешінді. Той халкы жым- жырт. Өзім астымда сұр тайым бар, әкемнің қасында тұрдым. Жердегілерден гөрі ат үстінде бәрі анық көрінеді: Жігітке қарсы шал барды. Бір-екі рет екеуі айналы жүрді де, ұстаса кетіп, жұлысып-жұлысып жіберген соң, біреуінің шалып алғаны көрінді. Жұрт аруақ шақырысып шуласьш кетгі. Екеуі сіресіп тұрыңқырап қалып еді, кенет біреуі тастап жіберді. Қарасақ шал жігітгің үстінеқонып қалған екен. Шал орнына бір аяғын көтеріп-ап, жалғыз аяқтап келіп, қол-аяғы дірілдеп киініп жатты. Шалған аяғынан қан аққаны көрінді. Бәйгеге және бір шапан әкеліңді. Сол кезде Абайдың «Шақыр, Бегешті!» деген дауысы шықты. Абай алдына Бегеш келді. Абай Бегешке:- Әкел жаңағы алған шапандарды!- деді. Бегеш өз туыстарының ортасына барып, таратып әкетілген ша- пандарды жинап жатқаны байқалды. Жұртта үн жоқ Әжептәуір уақыттан соң, шапандарды алып Бегеш келіп, шапандар Абай алдына тасталды.
Абай сөйледі.
- Керейдің баласы тойға келесің. Ат қосып, балуан күрестіресің. Қазақта бас балуан күреске түспеуші ме еді, бәйгесін алмаушы ма еді? Одан соң келесісі түспей ме күреске. Шапан үшін келдің бе? Ал, балуаныңнан кәрінің күші асты. Бер шапанды. Екі жақтың халқы да үнсіз. Абай сәл тыныстап отырып: - Тағы сөз қыласыңдар ғой, Абай тойдағы шапанды да билетпеді деп, екіншіден бүйтпеңдер. Кәріге екі шапан таста да, өзгесін алып қайт, Бегеш!- деді.
Кейіннен білсем бұл кәрі балуан Көкше ақ сирақ Омар атты балуан екен. Осы адам жасынан Олжай арасында, Топай Беркімбай бай қолында болған екен.
Бұл ағайындарға тән нәрсе - асқан биязы, әдепті мінезділік. Ұлы - Абай Омарға таңырқап:- Сен күрескенде күшті қайдан аласың? Күш иесінде не лепірген мақтан, не шамырқанған ашу болса керек еді. Сен болсаң күресте де келін мінезден жаңылмайсың –дейді екен.
Сасық батыр туралы сөз айрықша болуы керек. Сасық арысы Тобықты, берісі Көкшенің Шыңғыс жеріне орнығуында қайрат етіп, әр буын сайын есімі мен ісі сөйленіп келген белгілі тұлға.
Ең алдымен, Сасық әрі батыр, әрі ақын. Батырдың ерлігі сөйленсе - батырлығы, батырлығы сөйленсе - ақындығы айтылып, бойындағы осы екі қасиеті егіз қатар боп ел есінде қалған.
Еңлік-Кебек оқиғасынан соң, Матай мен Тобықты шайқас-шабуылы көпке шекті басылмаған. Соның ең соңғы ірі шайқасы Матайдың Маян батырының жорығы болады. Бұл - 1805 жылдың қазан айында болған оқиға екен.
Біздің жыл мезгілін кесіп айтатынымыз, бұл оқиға Семейдің түрме мұрағатында сақталған. Оны тапқан филология ғылымының докторы Тұрсын Жұртбаев. Мұрағатта сол оқиғада Тобықты Мамай батыр 80 жаста деп көрсетілген. Түркістанда, Әзірет Сұлтанда жерленген Мамай батыр басына қойылған таста «Тобықты Мамай батыр 1810 жыл өлген» деп тұр. Сондықтан, осы екі мұрағат бірін-бірі бекітуі оқиғаның болғанын растайды деп білеміз. Оқиғаның барысына келейік.
Тобықты Матайдың қол жиып, шабуылдайтынынан толық хабардар болып отырады. Тобықтыны шапқанда да өзгенің емес тұп-тура Кеңгірбай бидің жылқысын алмақ болады екен. Қолдың басына жауырыны жер иіскемеген палуан, алып күш иесі, батыр Маян белгіленіпті. Маян батырдың сүйегі Бура руының Қарабасынан, жасында Матай Шүрек байдың атшысы болған да от пен судан өткен танылған батыр боп, қырыққа жасы таяп толған кезі екен.
Тобықты жұрты жау шабуылын тоса-тоса жалық- қандай болады. Күздің боқырауы өтеді. Қабекен мен Мамай батыр(бұл шақта Кеңгірбай би 70, Мамай 80 жаста) ақылдаса кеп, Қабекеңнің жылқысы, Қыдыр тауының сырты, Қызылшоқыдан сәл жоғарылау. «Әнеттің Ақ шиі деген» шағын қорыққа салынады. Ел түгелдей құлақтанған. Мамай батыр Қарауылдан түспейтін кісі. Матай келсе Орда тауының екі қанатының бірінен өтуі керек. Жылқы болса ішкеріде, ел ортасында. Қай жақтан келсін, жау білінбей келе алмайды. Есеп соған құрылады. Тобықты жұрты жаппай қыстауларына қондырылады. Күз ұзақ әрі ашық боп тұрады. Бір күні күн шықпай Жидебай-Барақ қорығындағы Кеңгірбай биді қойшысы оятып, Шыңғыстағы «Борлы биігінен» түтін шығып жатқанын хабарлайды, Би дереу Қыдыр тұмсығындағы Бақай батырға кісі шаптырып шақыртса, батыр бір күн бұрын Қарақорыққа кеткенін айтып келіпті. Би дереу екі-үш кісіні қос-қостан ат жетектеп, Бақай батыр артынан аттандырып, әр 7-8 шақырымға батыр мінуіне бірден ат байлап кетуге тапсырыпты. Бақайды 7-8 шақырымнан ары ат көріп шаба алмайды екен. Сондай жерде ауыстырып отырған. Бұдан соң Көкше сасықты шақыртып алып, Сасыққа өзінің төрт аяқтыға шалдырмас «Түлкі жирен» атына мінгізіп, жылқысына жіберіпті. Бидің Сасыққа тапсырғаны: Жаумен соғыспайсыңдар. Жау жылқыға тиген соң, жылқышы жылқы қарасынан көз жазып қалмай еріп отырсын. Ал сен қайтсеңде Маянды бөгеуге тиіссің! Қазаң жетсе амал жоқ, әйтпесе Түлкі жирен жебе жететін жақындата қоймас жауды. Жау Шүйгін су, Балапан, Қарауыл деңгейіне күн шыға жететін ет!-дейді. Оқиғаның барысы Қабекеңнің айтқанындай болған. Әнеттің Ақшиіндегі жылқыға Матай қолы түн ауа кеп тиіпті. Маян батыр сыбызғы тартып келген жылқыға. Соғысқан ешкім жоқ. Жылқыны Қарауылды бетке алып, айдап жөнеледі. Соңында ұран-сүрен салған жылқышылар. Енді біраздан соң Түлкі жиренмен Сасық денесі шағын, ат ауырлай қоймайтын кісі екен. Сасекең жылқыны айырудың орнына «кеу», «кеу» леп жылқыны қоса айдасып өлеңдетті дейді.
Жылқы алуға Матайдан Маян келді,
Қазасы қазір жетер қ.ям келді.
Қа.. екем аз уақыт қоя тұрсын,
Жұмыртқаңды сатып ап, соям енді.
Маян бұған шыдасын ба, күркіреп қуып кеп кетеді.
Қанша қусын Түлкі жирен шеніне келтірмейді. Маян қайтканда Сасық соңынан ере кеп және өлеңдетеді. Өлеңінің бәрі Маянның жанына тиер сөз боп, түнімен әуре боп, таң атканын аңғармаған екен. Матайлар жылқыны алған бетте Қарауылға қарай еңкейіп кетіп, таңата Қолқайнардан шалқайып, Балпаңның шығыс тұмсығынан жоғары, қазіргі Зұлқарыш пен Мұсақұл төбесінің іргесімен өтіп, Есбай бейіті тұрған қырмен Боқай биітіне бет алыпты. Күн шығар кез боп қалса керек. Жауды Тобықтылар топ-топ боп тосып жүріп, Қаракүшіктің немересі Сырымбет қолымен, Шоңай батырмен кезігеді. Кейінгіге жеткен хабарда, күн Боқай биігіне иегін сүйеп, жаңа шашырап шығып келе жатыр екен.
Шоңай Маянды жекпе-жекке шақырыпты. Жекпе- жекте Маян Шоңайды өлтіріпті. Бір мың тоғыз жүз елуінші жылдарға шекті сол төбені «Шоңай төбесі» деуші еді, қабір топырағы да көрініп жататын.1970 жылдардан былай Абай елі төбені «Хош төбе» атап жүр.
Маян қолы Қарауыл биігін іргелей айдамай жылқыны Кеңгірбай би ауылының тақ қасына бұра айдағаны несі? Алғашқыда Сасық батыр бастаған топқа (жы- лқышыларға) бұл түсініксіз болады. Маян Шоңайды өлтірісімен, Боқай биігінің оңтүстігіне жылқы бетін түзеп, біржола кетуге бет алады. Бірақ, алдынан әр қыр сайын қарулы адамдар ұшырасып, қарсыласпай алдына түсіп алып, біріне-бірі қосылып алып, жосылып отырады. Сонымен осы қол Маян қолын жетектегендей, қазіргі Маян бейіті тұрған төбедегі қалын қол үстіне әкеп күп еткізеді.
Қолдың тап ортасында қолына ту ұстаған қарт Ма- майдың өзі тұрады. Тобықты қолының жауын осы арада тосқаны көрінеді. Матайларға енді шегіну жоқ еді. Маян атын ойнатып жекпе-жек сұрайды. Сұрағанда Көкшенің жас батыры Битанұлы Құнанқойды атап шақырады. Өйткені, Құнанқой бір жыл бұрын Маянның немере ағасы Жабағы батырды өлтірген екен. Жабағы қабірі қазіргі Жабағы аталып жүрген қыстақ пен Қосағаш арасындағы жазықта.
Батырлар салтында атап шақырған жекпе-жекке шықпау өліммен тең. Жекпе-жекте Маян Құнанқойды өлтіреді. Құнанқойдың қаны төгілген жер - «Маян төбесіндегі» түстік іргесі. Батырға салынған бейіт тұрған жер — сол жер.
Маян батыр төбеге қайта шығып, ұрандап, айдын- данды дейді. Және тағы жекпе-жек сұрайды. Тобықтылар жасығандай боп, ешкім шыға қоймапты. Мұрағатта: «80 жастағы қарт батыр Мамайдың колындағы туы селкілдеп кетті» деп жазылған. Ауызекі әңгімеде 80 жастағы Мамай батырдың өзі шықпақ боп сауытын алғызғаны, батыр сауытын кие бастағанда келіп қалған Жуантаяқ Бақай батырдың дауысы естілді дейді. Маян атын ойнақтатып төбе үстінде жүр екен. Бақай дауысы естілісімен тұра қалыпты. Бақай келген бетте Маянмен жекпе-жекке түсе кетіпті. Бақаймен бірге Кеңгірбай бидің өзі де жеткен. Екі алып ұзақ шайқасып, найзалары омырылып түсіпті. Қылышқа қол салмай екеуі де айбалталарын алыпты. Айбалта қолға алынған соң аяу да, амандық та болмауы тиіс. Үш реттен салысып-салысып, өтіскен де Маян атынан ауып түсіп қалыпты. Қорқыраған дауысы бүкіл қолға естілген Бақайдың сол иығына енген айбалта тұр екен. Батыр сәл тұрып, ап! - деп айбалтаны суырып ап лақ- тырып жіберіпті. Бақайдың қанын тоқтатудың амалын істеп жатқанда, Матай қолын үш-төрт есе көп Тобықтылар қоршап жіберген екен. Жаппай соғысқа жібермей Мамайдың дауысы шыққан. -Тоқтаңдар! Қырыласыңдар ма? Бүгінмен күнің таусыла ма? Матай қолы қаруыңды таста! Біздің жұрт кейін шегін! Би кесіміңді айт!-депті батыр.
Екі батыр екі жерде жатады арыстай боп. Бақай болса қанға батып ол отырады. Би сөйледі дейді. –Матайдың баласы бір қазақпыз, бір жүзбіз, үш кісімді өлтіргенің аздай тағы да қан тілеп келдің. Қолыңның шамасы жүз кісіден артық-ау. Бұл келісің жылқы алу ғана емес қой. Қан тілесең-тілегенің болды. Бізден екеу, сенен біреу болса да бірегей ұлың өлді. Кек артынан кек туатынын көрдік. Мен кек қумауды қол кердім. Осымен тынайық. Матай балалары ел шабам деп қолмен келуінің соңы осы болсын! Тағы да шыдадым. Шыдамымның ең соңғысы осы! Айта барыңдар еліңе. Бұдан соң, «Мен Қазанға барғанша қан жаумасың қар жаусын, мен Қазанға барған соң қар жаумасын қан жаусын!»- дейтін боламын. Бұл қан жамылған екі ердің үстінде жасаған антым! Матай енді ел шабуға қолмен келсең не мен, не сен! Соңғы сөзім бұл! Жеткіз еліңе! Олай демесе тұрысатын жерін айтып хабар салсын. Ал қазір екі қол, екі еріңді қаны төгілген жеріне көм. Елі үшін қанын төккен ерге тиер сыбаға сол ғой, Матай осы кесімге тоқтасаң еріңнің басына белгі тұрғызуыңа рұқсат. Сол екі рулы елдің кетісуінің де, келуінің де тағылымды белгісі болсын. Маянның астындағы көк ат «қанды ат» есебінде және ерулі отыз ат Бақайға берілсін. Қолдың астынан отыз ат алынып Құнанқой үйінің босағасына байлансын! Менің кесімім осы!- деген би. Қол екі ерді жер қойнына тапсырып, тарасады. Бұдан соң Матай елінің келіскені болар, қалың қолмен келуі тыйылған. Ал екі жақтың ұры-қарысының барымта-сырымтасы жүре берген.
Бақай батыр Мамай, Кеңгірбайдан көп кіші емес. Сол кезде жетпіс жастың аржақ, бержағында болса керек. Алып күш иесі екен. Мамай батыр батырлығының үстіне ақыл иесі болған. Шәкір ақын «Тоқтамыс батыр» қиссасында Мамайды батырлығымен қоса, би деген жөн дейді. Оның ақылдылығы осы шайқас үстінде де көрінген. Матай қолының келуін Ордада Қарауыл биікте отырып көзінен өткерген батыр Боқай биігінің бауырындағы қоңыр төбеге жау салығын салғанын көреді. Салықта қалған «21» жігіт отыз ерулі атымен қосып, тыпыр еткізбей қолға түсіреді. Салық салу дегеніміз - мұндай ірі жорықта қолдың белгілі бөлігі мен атты шайқас болады-ау деген жерге таяулау тығып, тың ұстауды айтады. Ондай тың азаматтар мен жарамды атты ұстайтын жерді –«тоқым тыққан» атаған. Боқай биігінің бауырындағы сол адыр қазірде «тоқым тыққан» атына ие. Маян жылқыны осылай бұрып айдап жігіттері мен тың аттарды қосып алмақшы болған.
Бақай Жуантаяқтың (Дәулетектің) Жиеншора дейтін ұлының Шыршығынан. Шыршықтан Бердібай, Бердібайдан Бақай туады. Қыстауы да жерленеген жері де қыдыр тауының үстік тұмсығынан қол созымдай жерде. Асфальт жолдың тау ішінде Бақай бұлағы аталған сол батырдың қонысы. Бақай батыр Маянның мойынын үзіп өлтіргенмен өзі де Маян салған жарадан оңала алмай дүние салған.
Ел есінде Сасықтың мына бір ісі ұмытылмаған. Бұл әңгіме ертеде жарияланған. Ахат Қүдайбердіұлы жазбасынан «Абай» журналы 1992 жылғы 4-санында қайта жарияланды.
Матай батыры Жалбағай Тобықтыдан жылқы ала берген соң, баршын тартқан Сасық қол ертіп, Жалба- ғайдың жылқысын алуға аттаныпты. Жалбағай хабар- ланып сақтанып, жылқыны бір қолатқа салып, төбе басында отырыпты. Оны көрген Сасық қолын екіге бөліп, бір бөлігіне жылқыны тастақпен сырғытып, кезең асып, өзінің даусы шыққанша айдамай тоса тұруды тапсырыпты. Сасық жасағын ертіп, Жалбағай отырған төбеге жақындап келіп (ай алакөлеңке) өлеңдетіпті.
Аспанда қара бүркіт айналып жүр,
Жылқы алуға боз бала сайланып жүр.
Бүгін түнде түс көрдім мен Жалбағай,
Етік, шалбар жаныма байланып жүр.
Жалбағай-ау, кедей болсаң мүсіркейін,
Байтал болсаң айғыр боп кісінейін.
Егер қорықпай артымнан қуар болсаң,
Қызыл көтен қойдай ғып түсірейін.
Кеу-кеу!-деп жылқыға тиген боп, шаңдаққа қарай қашыпты. Ай астынан шаң шыққан соң, жылқыны солай қуған қой деп , Матайлар қуып, төбелесіп
жүргенде аты жығылып Сасық колға түсіпті. Жалбағай қолға түсушінің Сасық екенін білген соң өлтірмек боп қылышын суырыпты.
Сонда Сасық:- Ақылсыз дарақы құл! Бәріміз мұсылман баласымыз. Мені мына қауымға қоштастыр депті. - Қоштаса ғой-дегенде Сасық:

  • Ей, қауым! Осының ішінде Тобықтыдан қыз алған күйеу, қыздан туған жиен бар шығар. Тобықтының жаксысы мен батырларына сөлем айт! Менің құныма мал алмасын. Жалбағайды бас қып жүз Матайды бау- ыздамаса ахиретте еікі қолым жағасында! Ал енді да- рақы құл қырық жерден бауыздасаң да мейлің!- депті.

Жалбағай:- Әй ерсің ғой, Сасық ерсің ғой! Қайра- тыңның аздығы болмаса, ерлігіңе дауым жоқ! Қар- шыға батыр дейтін батырсың-ау! Ерлігің үшін кеңдік еттім. Енді екеуіміз Матай-Тобықтыны жарасты- райық. Барымта алған жылқыңды қайыр, мен де қай- ырайын-десе Сасық:
-«Барымта басынан қайтады» деген. Әуелі алған сен ең. Сен алғаныңды қайыр да, ере барып жылқың- ды алып қайт - деген соң, Жалбағай Сасықты үйіне ертіп барып, жылқыны қайырыпты да, өзі ере жүріпті. Ел шетіне ілінген соң бір жерде, Сасық қанжарын суырып алып, Жалбағайға:

  • Енді иман айту кезегі сенікі- десе Жалбағай:

  • Жәдіғой-ай, алдап па едің- деп қалтырап кеткенде, Сасық:

Сасықта қайратта жоқ алдау да жоқ,
Бір кісі жердің жүзін жалмау да жоқ.
Құдайдың шеберін қарашы! Маған бітетін денені саған беріп, саған бітетін жүректі маған беріп қойғанын. Егер менің жүрегім саған бітсе - Тобықты түгіл Матайды құртар едің. Сенің денең маған бітсе, - әлде неше Матайдың құнын тартар едім. Ал, қоркақ құлым! Бұл құнымды алған бітімнің басы ғой! –деп, жылқысын жиып беріп, Жалбағайға бір сабаз атан жетелетіпті.
Бұдан кейінгі екі рудың ірі жанжалдары сөйленбейді. Сасекеңнің (Жанғабылдың) осындай мәмілегерлігі де болған.
Енді Досболдайдың Тоқтаболатының ұрпақтарына ішіміз езіліп отырып ауысамыз. Тлқтаболаттан жалғыз ұл-Тоқбай. Тоқбайдан-Қалдан, Тұрлан, Қиял, Ержан атты төрт батыр ұл туған. Қалданнан бізге жеткен Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі тұлға-Күшікбай батыр туралы жазалық.
Қалдан батыр қартайып, тоқсан жасқа жетіп өлген кісі. Батырдан қартайған кезінде «Өзінен күші асқан кісі кезікті ме?» деген сұраққа айтқаны мынау екен.
- «Жасым 49-ға жеткен, әбден толған кезім еді. Күз ұзаққа созылып, соғым соймағанбыз. Қасыма қырық жігіт ертіп, бір-бірден күздік жылқы соймақ боп Уаққа аттандық. Бір ғана белден тұратын Арқалықтан қарап отырмыз. Уақтар жылқысын суғарып шығарды. Іңір болды. Ай туып келе жатқанда жылқыға тидік. Уақтар тайлы-таяғы қалмай жылқы соңынан қуып келеді. Астымда көк бедеуім бар. Бір-ақ айыл тартушы ем. Қуғыншылармен бірге келемін. Байқауымша, менімен ұрысуға жарайтын кісі байқалмайды. Ай көтерілгенде арттан «Қайда? Қайда?» деген қаһарлы дауыс шықты. Қарасам астында көк қасқа аты, қолында қос шашақты найзасы бар біреу құйылтып келеді. Атқа отырысы ұнап кетті. «Менімен қаруласуға жарайтын осы-ау» деп, Мұнда! Мұндалап! Топтан шыға салдым. Көк қасқа ат жер сүзіп келеді. Көп ұзатпай жетіп, қасымнан өте берді.
Менің сүйіп ұстайтын қаруым шоқпар мен қара балта еді. Шоқпар тақымымда болғанда, балта қанжығамда жүретін. Көк бедеуді тақымдап-тақымдап жіберіп, әлгіні шоқпармен желкеден ұрып кеп жібердім. «Еһ» деп еңкейіп ат басын тежеп қалғанда, қасынан өте бердім. Әлгі жауырынымнан қолды салып жіберіп, аттан ырғып-ырғып жұлып алды. Жерге түсіп қалдым. Жау атының ағынымен біраз жер барып-барып, қайта айналып келді де:- Сен кімсің? -деді.

  • Мен Қалданмын - дедім. - А-а, Қалда екенбісіз - деп, түсіп мені қолтыктап бедеуіме мінгізді де, жылқы соңынан бара жаткан ағайындарына «Қайт! Қайт!» деп дауыстап қайырып алды. Ортасында мен, қолға түскенмін, ауылға келдік. Жұпыны бір үйге кіргізді. Жалғыз кемпір шешесі бар, мұрты түбіттеніп қалғанжас өспірім жігіт, жабағы сойғызып жатыр. Жылқыны түгендеп, 40 жылқыны жаудың әкеткенін хабарлады. Жігіт қабақ шытқан жоқ. Қонақасыны жеп ертесімен тұрдым. Көк бедеу мен Көк қасқа атты арқандап қойыпты. Жігіт енді жөнін айтты. Есімі Күшікбай екен. Жасы осы күзде 17-ге толыпты. Өзі ата-анадан жалғыз, әкесі ертеде дүниеден өтіпті. Үйде шешесімен екеуі ғана. Әкесі марқұм бір адамның қызын айттырыпты. Қалың малын төлей алмай, келіншегін түсіре алмай жүрген жайы бар екен. Үш- төрт күн өтті. Күтімдемін. Мен қолға түскен кісімін.

«Қайтамын» деп айта алмаймын. Бала «қайт» демейді. Сол тірлікпен бір апта өткенде Күшікбай:- Әке аттанып келініңізге төлейтін мал алып келсек қайтеді- деп, өтінді. Мен күліп:- Балам-ау, мен сенің қолыңдағы көжегің емеспін бе? Еркім өзіңде - дедім. Күшікбай:- Жоқ, батыр. Кісі қапысыз бола ма? Мен Сізді түсіргенім жоқ. Сіз әке, мен балаңыз болайын!- деп қиылды.
Содан әкелі-балалы екеуіміз Алтай қалмақтарына аттанып, керегімізден үш есе артық жылқы әкелдік. Қалмақ жылқысын алғандағы бала қайратын айтып сұрамаңыз. Менің қасында еріп жүргенім болмаса, қару жұмсатқан жоқ балам.
Жылқыны әкеп, қуғыншы келе ме деп, біраз тоспа- лап барып, қалың малды айдап, құда аулына барып, тойды келесі жазға белгілеп қайттым. Алғашқы қар жауды. Елден мені іздеген құдайдың құлы болсашы,Күшікбай аулында болғаныма қырық күннен асқанда балам қайтуыма рұқсат етіп отырып:

  • Әке, жаздың бір сәтті күні келініңізді өзініз барып әкелерсіз. Мына жолыңызға Көк қасқа атымды мініп кетіңіз!- десін. Мен алмаймынды айтамьш ғой. Оны құлағына ілген балам болмады. Көк қасқа атты жетектеп елге келсем, біздің «соққандар» Уақ елінің қырық жылқысын күздікке жығып ап, жатыр. Баршасын шақырып алып, қырық жылқын Күшікбайға айдатып апарып бергіздім. Жазда бас құда боп барып, Күшікбайдың келіншегін түсірдік. Жыл сайын арнайы барып, аунап-қунап дегендей , рақаттанып қайтып жүрдім. Күшікбай бүкіл Уақ руының тынысын кеңітті. Алыс-жақындағы елоны мойындап, ту иесі батыр боп аты шықты. Жасы 21-ге толды. Содан төртінші жылдың күзінде қаралы хабар келді.Күшікбайға қара шешек шығып, есі кіресілі-шығасылы боп жатқанда, аулына Уақтың онымен бәсекелес Төбет дейтін батыры кеп, жемде тұрған Қызыл ат дейтін атын ұстап әкетіпті. Ағайын барда жау табылатын қазақ әдеті, Күшікбайдың бұл дүниелік емесін біліп, көзі тірісінде есе алып қалмақ болған.

Батыр бір есі кіргенде, жылап отырған, әкесінің інісі Төбеттің ісін айтып қойыпты.
Жас батыр қорлыққа шыдасын ба, жалаңаш етіне жалаң шекпенді суға сап, Төбетті куып беріпті. Күшікбайдың қызыл атын алғанға астамсып отырған Төбеттің төбесінен жай түскендей, найзасын жарқылда- тып Күшікбай жетіп, оны жекпе-жекке шақырып, аулы- на ат ойнатыпты. Қорқақ неме үйінен шыға ала ма?!
Ағайындары араға түсіп, батырға айыпқа ат пен ша- пан беріп, атын қайырыпты. Ауру меңдеген батыр көп тұра алмай, дереу аулына қайтқан. Артынан туысқан- дары шығып, Күшікбай кезеңі аталған Арқалық асу- ында, төбе үстінде байлаулы атқа келсе, асыл Күшікбай дүниеден өтіп те кетіпті.
Шекпен қажаған қара шешектің суы шекпенніңсыртына шығып кетсе керек. Есіл боздақтан ұрпақ қалмады. Міне, мені осы «Күшікбай алды».
М.Әуезовтің Қалданның бұл әңгімесін естігені анық. Және көңіл бөлер бір жай-Күшікбай ағайындары кейңнге шекті Күшікбай бекетін мекендеп келді. Ұлы жазушының «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі Кейуана Қаптағайды Әуезбен бірге туысқан еді деп жазды «Жаз Мұхтар» кітабында Ахмет Әуезов.
Қалдан батыр өткен ғасырдың алғашқы 10-15 жылдарында өлген. Қалданның ол кез есімі ұмытылмаған. Сондықтан да ұлы Мұхтар Күшікбайды Қалдан батырдың осы әңгімесімен байланысты етіп, әңгімесінеенгізді. Жас Мұхтар Күнгікбайдың жас өлгенін мұңдапоның күш-қуаты, ашуының сыртқа шығуын ашу табиғатының қаттылығымен байланыстырған.
Қалдан батырды Тобықты елінің бас батырының бірі ретінде Уәйіс те жазған.
Шығысқа бет алдық дейік. Сол жағымызда терең өзек, батыстан шығысқа созыла біткен зор қабырға биік те, оң жағымызда оңтүстіктен солтүстікке созылған және биік. Мұның алғашқысы - Жігітек руының күзеуі, Тікенекті өзегі мен Дүйсембайдың Ақбиігі, екіншісі - Көкше руының күзеуі, егіндік жері, атақты Миялы биігі. Ал, алдымызда - кішігірм қарағанда адырлары, арғы қарсыда көлденеңдей жатқан бел-белестер. Сол қырқадан асып түскенде, Миялы биігінің сілемі, кішігірім адырша Қожа адыры аталады.
Қожа адырында бүгінде бір ғана кұлаған қора орны жатыр. Қожа аталған кісінің қыстау орны - сол. Қожа - Тұңғышбай Ешеннің жалғыз ұлы, есімі - Мағзұм, бері келегенде кәсібі бала сүндеттейтін болып, есіміне «қожа» сөзі қосылған. Тұңғышбай Ешен - Мәтен батырдың немересі. Ол жарықтық жасынан ислам оқуына құлай беріліп, шариғат тәртібін берік ұстанып, өз бетімен ізденіп, жасынан дін өкілі ретінде мойындалған. Көбіне жұрт ортасындағы қасиет иесі адамдарды өлген соң ғана әулиеміз деп танып мойындап жатса, тобықты жұрты бұл кісіні тірісінде-ақ піріміз деп таныған.
Тұңғышбай Ешен Құнанбайдан 4-5 жастай кіші. Жасы 14-15-ке келгенде Әзірет сұлтанға барып, сол атыраптағы әулие-әмбиелерді аралап, содан былай жылына бір рет Түркістанға барып қайтады екен. Ұстаз алдын көрмесе де, Құран Кәрім, Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисіне жетік болған.
Тұңғышбай Ешен туралы бізге мынадай аңыз-әңгімелер жетті. Ешен қыстауы Көлденең өзені Базаралы
қыстауынан 1,5 шақырымдай ғана кашықтықта. Базекең бір жылы күзде әулиелік қасиетін сынамақ болып, Ешеннің жалғыз қоңыр шолақ сиырын айдатып алғызып, арнаулы кісі жіберіп, оған Ешен үйіне қонып, әулиенің бар сөз, бар әрекетін өзіне бұлжытпай жеткізуді тапсырыпты. Базаралы кісісі ертеңінде келіп, Ешеннің кешкі, азанғы намаз батасында: «Иә, Алла, Базаралыжанға тауфих бере көр» деп бата қайырғанын айтып келіпті. Базекең дереу атқа мініп, бір ат, бір шапан айыбын әкеп, Ешеннің аяғына жығылыпты.
Ешен есіріп ауырған, босану ауырлаған жүкті әйел- дерге шапағат етуде ел табынған. Бірде Керей елінің бір тентектеу бай кісісінің келіні босана алмай, жа- рықтықты шақыртып, әулие «Иә, Алла» деп босаға аттаған сәтте келіні жеңілдеген екен. Ешен қайтарда әлгі байекең: «Ешеке, сізге күз ғой, бір-екі қошқар айдатсам деп отырмын», - депті. Атшысы: «Қошқар айдағанға жүре ме? Алмаймыз», - деп шырпыры шығыпты. Ешен: «Өзіңнің дегенің болсын», - деп атшысын тоқтатыпты. Екі қошқарды қосақтаса, бір-біріне айбат шегіп, жүрмеуге айналғанда, Ешен: «Ой, хайуандар жөнге түс!» - деп тобылғы таяғын нұсқағанда алдарына түсіп беріпті. Кешкі бесін намазының мезеті жетеді. Аттарын тұсатып, Ешен атшысымен екеуі намазға отырғанда бір көкжал қасқыр кошқарларды қуа жөнеліпті. Тұра ұмтылған ат- шысын Ешен қабағымен жасқап жібермепті. Қасқыр қуған қос қошқар белден асып кетіпті. Ешен намазын аяқтап, атшысы екеуі бір неше кезең асып келе жатса, бір-біріне қарсы қарап тартысып тұрған Қошқарларын көреді. Келсе, қасқыр қошқарлар қосақталған шылбырға буынып өліп қалған екен дейді.
Тұңғышбай Ешен жыл сайын Түркістанға барып, әзірет Сұлтанға зират етіп, түстіктегі әулие-әнбилерге дұға қайырып, Бұхарға дейін барып қайтады екен. Бұл сапары кейде 3-4 айға созылса керек. Бір сапарынан кеш, ел қыстауға қонған соң оралып, үйіне де соқпай Жидебайға кеп, Құнекең үйіне түсіпті. Құнекең:- Өй, Тұңғаш, таңертең келген Қаратай, сені әлі оралған жоқ деп еді, келген бетің бе бұл?-депті. Ешен:-Йә, мырза, тұп-
тура сіздікіне, Өсекең қара шаңырағына келетің жөнім болды.
Құнекең Ешенге арнап мал сойғызып, келу жөнін сұрағанда Ешен Зере шешесі, семіз жеңгесі (Ұлжан) мырзаның өзіне ғана айтары барын айтып, үйді оңаша- латып сөйлеген екен.

  • Әзірет Сұлтанға зиярат етіп, ат басын Бұқарадан қайырып, Ибрагим ата басына түнедім. Сол түні сізге қатысты бір ғажап түс көрдім. Түсімде осы Жидебайда өзім көріп, білмеген бір ғажап аспанды тіреген заңғар шың орнапты. Ғажаптанып, бұрын бұл шың жоқ еді ғой деп, жоғарыға қарасам сіз, сізден төмен семіз жеңешем екеуіңізді көрем. Сіз түрегеп тұрсыз. Ал отырған жеңешемнің етегі әлгі шыңнан асып Шыңғыстауды орап алған сияқтанды. Бұған тағы ғажаптанып, шыңнан ұшар басына қарап едім, Сіздің артыңыздан басы асқан бір жігітті аңдадым. Бірақ, түсін көре алмадым. Осыдан соң тағатым қалмай, үйге соқпай, Сізге, би шаңырағына келдім.

Зере әже қолма-қол ақсарбас шалып, етін жұртқа таратқызып жіберіп:

  • Құнаш, Тұңғашқа Ибрайым ата басында бұл түс тектен-текке көрінген жоқ. Келесі немеремнің есімін Ыбырай қой деген бұл аяны ғой аруақтардың. Ешенніңқолы бос қайтпасын!- депті. Құнекең Ешенді үйіне үш құлынды бие, бір ат жетектетіп қайырған. Абай Хан биігі атырабына келсе, менің есімімді қойған осы Ешен әулие ғой!- деп, Ешен басына дұға қайырады екен.

Сіз енді мейлі қыста келіңіз, мейлі жазда келіңіз бәрібір осы алқап төріндегі аса еңселі, бүкіл аумактыңоңтүстігіндегі қорғаны болып жатқан қабырға биікке көз салмай тұра алмайсыз. Бұл бүкіл Бауыр жеріндегі ең биік нүкте - Миялы биігі, Бауыр жеріндегі тауларды Мұхтар Әуезовтің Миялы-Тышқан, Байғабыл деп атағандағы бірінші сөйлейтін Миялысы осы.
Егер кеш қараңғысы түскен соң, бұл биікке шықсаңыз аспанның ашығы түгіл бұлт бүркенген түнінде де Семей шаһарының жарығын көресіз. Бауыр жерінің құты- қарағаны десек (қараған жөніндегі сөзіміз кейінде сөйленер), Ербекей мен сонау жартастан бергі (ішінде Обалы-Қоғалы, Итжөн бар) түйе жасырынар (түйе қара- ған делік) қараған осы арадан басталып, Қара сиыр, Суық жал, Байтөбет, Әйгерім күзегінен өтіп, Қанай қарағанын қосьш ап, Сары туақтан өтіп барып сейіледі.
Ал Миялы биігі биіктің үстінен асып салынған Шолақеспеден келетін дала жолымен жүргенде кілт ой түседі. Солыңызда сонша биіктің төсін қамысты, төс бұлақ, ал ойда қалың қорым бейіттер, қабырлар бар. Енді Миялы биігінің атына келсек, оны сөйлеу қиын болмаса керек. Ой, аңғарда сыңсыған қамыс-құрақ, бүлдірген, жеремшек (қыземшек), түйетабан, қоңырбас, қияқ, көкшалғын, жусанның оншақты түрі. Жауылша, бидайық шөптер, әсіресе мия шөбі толып өскен. Су молдығы айтып тауысқысыз. Ербекей биігінің оңтүстік батысындағы Сайдан құрғақшылық жылдың өзінде екі бастау, бір бұлақ жыраға құяды. Ал аңғар, ой табанында жарық-жарықтың суы көгалдың бетіне шығып жатады.
Бұл атыраптың Миялыдан кейінгі аты Жанқара ата- лады. Көкшенің екінші ұлының есімі - Топыш. Топыштан Бәші, Шобан. Бәшіден Алыбай (Әлім), Жасыбай, Қарабақан, Турабай туады. Бұлардың алғашқы екеуі Алыбай мен Жасыбай «Ақтабан шұбырындыда» құмға кетіп, бүгінге дейін қызылқұм Көкшелері аталады. Ал, Бәшінің кейінгі екі ұлы Қарабақан мен Турабай Шу бойында қалған.
Мұсатайұлы Ыбырайша қарт Көкбай ақын бірде осы Көкше тұқымдары хақында сөйлеп «Шуда Бәшінің Қарабақан, Турабайынан екі ауыл, Дүзембет атамыздан үш ауыл қалыпты. Шу Тобықтыларының басшылыары Асан және Нөкербек деген жақсы кісілер болған дегенін естідім» деп еді. Бұл сөз Асанов Нөкербек ағамыздың М.Әуезов атындағы драма театры әртістері 1963 жылы Семей қаласына келгенде Семейдегі Көкшелерді іздеп, менің атыма хаты келуімен байланысты сөйленген еді.
Шыңғыс Көкшелерінің де, Қызылқұм Көкшелерінің шежіресінде де Алыбайдың лақап аты Әлім делінді де, Шыңғыс Көкшелері арсында өздерін Әлімненбіз деп кеп, аталары атын Төбет батыр дейді. Қызылқұмдықтар Әлімнен Есен, Баяш дейді де, Төбетті атамайды.
Бұл қалай?
Бірет пен Алыбайдың (Әлімнің) әйелдері бір кісінің қыздары екен де, Бірет Төбетті баурына салыпты. «Ту- рабай, - дер еді Ыбырайша қарт- ерлігі мен қайратты- лығынан сырттан дегендей Төбет аталған екен де, Бірет атамызда Әлімнен (Алыбайдан) баурына салған ағасы- ның ұлын туысының есіміне орай Төбет атаған екен. Бұл бала шынында да жойқын күш, батыл, қорықпас жүрек иесі боп, Төбет атын ақтаған екен. Төбет Шыңғысқа келгенде жас бала жігіт боп кеп, батырлық даңқы осы қоныстарды иеленуде шыққан.» Төбеттен Аспантай жалғыз. Аспантайдан Шыңғыстағы Бәші ұрпақтары аталып жүрген Қарабас, Сарбас, Жанқара, Кенже туады. Бәрінің де ұрпағы өскен. Төбет қарт батыр Боқайға бейім боп, жас шағынан Боқайға ерген. Сондықтан болар, күні кешеге дейін бұл аталар балалары: «Біз Боқай - Төбетпіз бірміз»,- дескен.
Матайлар Шар бойына көшкен соң да Матай - То- бықты көпке дейін шайқаса берген ғой. Төбет батырдың немересі Жанқараның Миялы бауырын мекендеуі сол шайқастың бірінің куәсі іспетті жер. Матай (Шар бойындағылары) көшіп кеткен шамада Төбет батыр 5-6 серігімен Миялы биігінің төс бұлағында тынымдап жатқанда, таңғы елең-аланда жүздей Матай қолы бұларды қоршап алып, ат-тондарын беріп, жаяу кетуін талап етіпті. Батыр үшін бұл өліммен тең қорлық. Төбет сол талапта көнуден өлімді қалап, жүз кісімен ұрысқа түсіпті. Ұрыс соңы ашынған Тобықтылар пайдасына шешіліп, Матайлардан жеті, Көкше Тобықтылардың үшеуінің қаза табуымен аяқталып, Төбет Матайларды айдап тастапты. Бұл жөнінде Көкбай ақын «Арбалы - Сарытау» өлеңінде:
БақанасКөкше жері еді мекен еткен,
ҚонырданКөкше айырылыпжеке кеткен
Кешегі ақ найзаның заманында
Күш салып батыр Көкше мекен еткен.
Матайды айдағанда Төбет батыр
Жүз жаумен жалғыз ұрысып қару еткен.
Көкшеден сол күндегі талай батыр,
Елі үшін, жері үшін соғыста өткен, - дейді.
Осы оқиға кезінде Ақшоқыдан бергі Бауыр жерін Уақруымекендейтін. Оны бекітетін Мәмеділ - Қабыл, Бөрілі мен Аралтөбе арасындағы Ажыбай сайы аталатынжерлер атауы.
Төбет батыр шайқаста қаза болған он азаматты Ербе- кей биігінің бергі балағына жерлеп, сол орынды, ол да батыр, өзіне ұнаған немересі Жанқараға қоныс етіп береді де, бұл орын содан Жанқара аталып кетеді. Ал, сіз «Матайлар жеті азаматын құнсыз жіберді ме?» дерсіз.
Біздіңше, сол кездің адамдарында иман, тоқтам бар. Жүз кісі 5-6 кісіге жабылса, әділет кім жағында болу керек. Екі дұшпан соғысып, шайқас үстінде қазаланса, ертеде құны төлене бермеген де. Ескі орыннан жоғары үш-жүз қадамдай жерде он тас қабір жатыр. Жетеуі бір, үшеуі бір, екі бөлек қабір арасында 6-7 қадам салып жерленген. Сөз еткен шайқаста қаза болғандар қабірлері осы.
Ұлы Мұқаң кейіпкерлікке алған Сақау Тұрсын ту- ралы жазуға міндеттіміз. Сақау Тұрсынды ұрлығынан тыя отырып, оның кесек мінезі мен ұтқырлығына Абай жарықтық риза болады екен. Ақылбай, Мағауия, Тұра- ғұлдар алысқа аттанғанда Абай Тұрсынды ертіп жіберіп отырған. Тұрсын тапқырлығына тоқталмайақ, өзім Жуантаяқ Төлебайдың Қарасы Шыңкожаұлы алтабай ақсақалдың айтқанын келтірейін.
«Жиырмадан асып отызға келіп едім. Күнім өтіп бара жатқандай жұлынамын. Ер деп, батыр деп айтқызғым келсе керек елге. Бір күні кешқұрым Тыш-
ннан Ақылбайдың Әлімқұлы үйінен аттанып, ақтың Арқалығына кеп түнедім. Сәске шамасында қайта атқа мініп, тұрғы-тұрғымен жүріп келе жатқанымда алыстан бір жолаушы көрінді. Көзіме жетегі бар секілді. Баспалап кеп бір иек артпадан қарасам, екі бие жетегі бар ақсақалды шал келеді. Көңіліме арам ой келді. Несіне сандалып, алысқа аттанып барамын. Одан да мына шалды қағып тастап, жетектегі екі биесін алайын! Осы ойдың баурап алғаны сонша шалдан озып барып, қарсысына шыға келіп, «Ұрып таста! Ұрып таста!» деп ұрандап тап бердім. Шал көрді де «Тәйт!» деп қолымен жайқап жіберіп, тура келді. Несіне бөгелейін, сойылмен ұрып өте шықтым. Қайта бұрылсам, шал ат үстінде кетіп барады. Аттан шалдың ұшып түспегеніне жынданғандай болсам керек. Даусымның ащы кезі ғой, қышқырып кеп тағы салып өттім. «Серейген шығарсың, қу теке» деп ойлап, ат ағынын басып бұрылсам, шал ат үстінде. Атқа қамшыны басып-басып жіберіп және ұмтылайын. Үшінші рет сойыл соқтым шалға. Сол-ақ екен тіземнен сақ еткізгені, лақтырған тымақша ұштым аттан. Шал атын қаңтарып, жетегін ат мойынына байлап, жайымен кеп, кеудеме мінді. Менде қозғалар хал жоқ. Көзім бақырайып, есеңгіреп жатырмын. Шал:-Сен кімсің?- деді. Мен жөнімді айттым. - Ә, Шыңқожаның бір жындысы бар деп еді. Сен екенсің ғой сол! Жынды болмасаң жалғыз кісіге шабарсың ба?- деп, сапысын суырып алды. Иманым ұшып кетті... Жалынып «ағатайлап» жатырмын. «Ендігәрі жалғыз аттыға жоламайын!» деймін. Сәл ойланғандай болды да:- Әй, кәпір, көзің жаман екен, қоймассың. Менен саған белгі болсын,- деп, танауымның екі желбезегін сетіп-сетіп жіберді. Шынында да Балтабай ақсақал танауының екі желбезегі сөйлеген сайын желпілдеп тұратын еді. Тұрсын 1930 жылдардың нәубетінде өлген.
Төбеттің тұқымы Қонақбайдың Есет батырына келсек, Есеттен бүгінгі көңіл толарлық ұрпақ бар.
Мамайдың Байшорасынан Түгелбайұлы Ахтамберді батырдың Есет батыр туралы айтқанын сөйлелік.
«Біздің Мұсабай үйінің Байжұма деген он кісіге жылқы алғызбайтын, менімен түйдей құрдасым болды.Бір күні үйіне келсем басына қызыл тақия киіп, ыңқылдап күрсілдеп жатыр. Басына қызыл тақия киді дегенім-басы жарылған, қан дегенім. –Ой, дию, саған не болған?-деймін ғой. Ол,-Әй, Аха, осыдан үш күн бұрын пері ме, адам ба білмеймін. Соққыға жығып кетті.
-Сені соққыға жыққан шын пері болар. Қане айтшы!
- Ай көтеріліп қалған. Жылқының шетінде айғырым- ның ауыздығнын алып тұр ем, айғырым құлағын тігіп қараған соң, көз салсам, ай сәулесінің астымен бір қылаң атты ағып келеді. Жалма-жан айғырдың ауыздығын салып жіберіп, алдынан шыға бердім. Астымдағы айғырым ұрысқа жарамды жылқы еді. Екеуімізде де үн жоқ. Сойылмен салысып кеп кеттік. Есім жисам аттан түсіп қалыппын. Басым жарылған, қойышым қанға толыпты. Орнымнан тұрсам, жылқы жусап тұр. Ай ба- тып барады. Жылқыдан бағанағы қылаң атты ат жалына еңкейіп шығып барады. Болған біткен іс осы. Беті Қор- ғантас жақ еді. Сен кім екенін сұрастырып көрші.
Байжұманы ұрып жыққан неменің кім екенін білуге құмартып, қылаң аттының кеткен бетімен іздестірсек, ол Көкше Төбет Есет батыр боп шықгы.
Қорғантастағы Сәмек байдың үйінде ол да екі күн жатып, менің алдымда аттанып кетіпті. Оған да Байжұ- ма сойылы осал соқпаса керек. Біреулер Есетке Байжұ- маның тым мықтылығын, он кісіге жылқы алғызбағанын сөйлеп, мақтаса керек. Есет жұрт мақтаған Байжұмамен бір шайқаспақ боп, кетіп бара жатқан сапарын былай тастап, істеген ісі ғой әлгі. Әй, ана қайратына қарағанда Көкшенің бергіде аса ірі батыры сол Есет-ау!
Төбет ұрпағы Байғазыдан - Дүбірбай бай. Кейде осы адамды арғы тегі Дүзбембет еді, бізге жиен деген сөз еститін едік. Бірақ, Дүбірбай Көкшенің көп байларынан әрі малды, әрі салтанатты болған. Дүбірбайдан екі ұл-Ержан, Сыдық. Ержан санаттағы ел азаматы әрі мырза болған кісі. Бай бейіті Қарауылдан 12 шақырым қашықтықтағы Маянмен екі ортадағы «Айлы бейіт» аталады. Төбет атамыздың бергідегі белгілі адам- іның көбісі сонда жерленген.
Абай заманында атаққа шыққан жүйрік аттың бірі - осы Дүбірбай үйінің шабдар аты екен. Ол шақта байдың өлген кезі, бай артына баласы Ержан мырза ие. Боқай Балақайұлы Серікбай ақсақал естегісі мынау.
«Шабдар ат бесті еді. Жаздағы Мамай мен Көкше тойларында үш рет бәйгіден озып келген-тін. Еңді күзде, Балқыбек бойында Тобықты мен Керейдің бір үлкен тойы болатын болды. Ержанның шабдар бестіні бір жазда төртінші рет бәйгіге қосқысы келді де, атты Абайға көрсетіп алуға бардық. Ержан Абай жатқан үйге кіріп, шығып еді, Абай: «атты есік алдынан өткізіңдер» депті. Күн ғажап ыстық болатын. Абай:- Байдың шабдар бестісі осы екен ғой депті. Құнанбай балалары бір-бір үй тіккізіп жеке-жеке жататын. Ержан енді Ұлжанның үлкені Тәңірбердіге көрсетпек болды Шабдар бестіні. Тәкежан сыртқа, кебісін аяғына іліп шығып көрді. Ұзын арық ақ шал екен.

  • Абайға апарған шығарсыңдар бестіні?- деді Тәкежан.

-Апардық, жатқан үйінің есігінің алдынан өткіздірді. «Ә, байдың шабдар бестісі осы екен ғой» деп, өзге сөз айтпады Абай, - деді Ержан.

  • Абайдың жатқан үйінің есігі тар екен ғой. Абай аттың бауырын түгел көрмеген екен. Аттың айдалар жерін Абай белгілейді ғой. Абай атты ұнатқан екен. Бірақ, жері жақын деп біліпті. Көрерсіңдер, ат алысқа айдалады, Бәйгі сендердікі, Аллау акпар!- деп Тәкежан бата жасап, бізді қайырды.

Ат Тәкежан болжағандай алыстан жіберілетін бопты. Абайдың әмірі сол болған. Ол кезде бәйгі ат тартылатын. Ержан мырза маған бір жүйрік ат мінгізіп, ат тартуға жіберді. Шамасы, 15 шақырымдай, шығып, Шабдар бестіні тосулымын. Жанымнан 12 ат өткенде он үшінші боп Шабдар бесті құйысқаны сартылдап келеді екен. Тарту қажетсіз. Аруақтап бірге шауып келем. Екі шақырымдай жерге еруге жарады атым. Шабдар бесті көз алдымда сағымша бұлдырап кетгі де қалды. Той басына келсек, Шабдар ат екінші келген аттан жарты шақырымдай озып келген екен. Дүбірбай үйінің жылқысы ақ жал шабдар, керторы келіп, аяқтары желді жылқы тұқымы еді.1949 жылдың жазында колхоздың жүз елуден астам жылқысын бір ай бақтым. Сонда бұл Шолақеспе атырабы табиғатынан нені көруші ем?! Жанай алқабында қараған гүл атып, ақ, сары гүлдері жер өңін кіргізеді. Аланкайлардағы шалғында да көбіне ақ қою көк гүлдер өседі. Көкпек жиектеріндегі тақырдан ары жусанның түр-түрі қара, ақ, көк жусандар селеулер- мен араласып тұрғаны. Олар жауылшамен алмасып қырға қарай кер бетегеге ұласады. Шиліапанда түп- түп шидің түбіндегі балауса ши талшықтары желбірейді. Жылқы сол талшықтар мен ши басындағы өрімді де сүйіп жейді екен.
Кейде ай жарық күндері шалқия төстиген кең жазық беткейдегі Шолақеспе қалашығы ай астында сұлу сәу- леге оранып, ақшыл тартатын. Өзеннен, шалғыннан шыққан түн буы қаланы орай қымтап, көзден тасалай- тын. Бүгін сол сурет көз алдыма келіп, ақынның: Керілген кербез дала, кер бетеге,
Дариға-ай, мекенінен ел кете ме? - деген өлеңі ойыма оралады. Біз енді үлкен Қаракөлдің шығысын көмкеріп тұрған Күйгенбұлақ жерін, оны мекен еткен Жігітек(Жандос) атамыз ұрпақтарын тоқталамыз.
Адырдың, әм бұлақтың «Күйген» аталуы Жігітектен сәбилердің осы қоныста жұқпалы шешек дертінен қазалануына байланысты.Бір күзде осы қоныстан 40 сәбидің өлімі барша жұртқа ауыр тигені сөзсіз. Шешектің тарауына жол бермеу үшін қонысты өртеуі-білгірлік. Халқымен жаны бір Абайдың ағайындарына арнап кеп, көңіл айтып, қайғы бөліскені жұрт ауызында қалған. Әбіш Жиреншең Абай
Күйгенбұлақ-
Қорасан әулие қонған бұлақ,
Шұңқыр балаға толған бұлақ, - депті дейді.
Бұрын осы шығарманың бірінші бөліміңде сөз етілген Орынбайұлы Тілеке ақсақал оған Абай сөзі деп:
Қырық шырақ бірден сөніп,
Қырық жас өмірі кұраған бұлақ.
Ана жылап зарлаған,
Ата көзін бұлаған бұлақ,
Мен де отырмын әрең шыдап, - дегенді қосады.
Күйгенбұлақты Қотанбұлақ балалары: Түсіп, Мерей, Уақ, Жақып күзек еткен. Жақыптан қатты мінезімен, бір ұстанған бетінен қайтпайтын, жертабан атанған Бейсембі. Анығында, Абай өміріне қастық жасаушылар арасында осы Бейсембіден артық қаны қатқан қаскөйі болмаған. Көкше Балтай тобының Жанқошқары ұрпағы, Бейсембі жиені Абылханұлы Исабай мынаны айтып еді. Біздің айтарымыздың алғашқысы бұрын баспада әлденеше жарияланғантын.
Ол, Абай өлерінен екі күн бұрын Бейсембінің Абай көңілін сұрамаққа барып, алдарынан Кәкітай шығып, ауылға баруға рұқсат етпей, қайтарғаны туралы.
- Сонда дейді, - Исабай ақсақал,- бие желісі ауылдан жарты шақырымдай жер екен. Абайдың қорылдаған дауысы бізге естіледі. Бешім нағашым: -Абай бізге жоқ екен. Құнекең де осындай аурудан, қорылдап жатып, бауырда, Күшікбай Арқалығына тақау, Құдайбердінің Үштөбесі деген жерде дүние салып еді,- деді. Екі күннен соң Абай жаназасына шақырушы келді.
Исабай Абылханұлының екінші айтқаны (бұл ешқ- айда жарияланған жоқ):- Абай өміріне қастандык жасалған соң, жарты ай өте, Бешім қасына отыз шақты кісі еріп, Абайға көңіл қостық білдіруге барды. Наға- шыма атшы есепті боп, мен де бардым, шай соңында, дастархан басында отырып қаппын. Үйде нағашым, Абай үшеуіміз қалған екеміз, Абай маған қайта-қайта қарай берді. Нағашым:- Абай, бұл менің туған жиенім. Айтарың болса айта бер-дедікетті. Абай:-А- а, сұлу мұрт жиенбе еді?- деп, сөз бастап кетті. Шыныдада Исабай ақсакал өте келбетті, аппақ, зор денелі кісі еді.Қошқар тұмсығымен аялы бота көзіне мұрты жарасып сексеннен асқан шағында да тым өңі келісіп тұратын сұлу қарт болатын.
Абайдың көзіне жас толып, төгілердей боп тұр екен. Сөйлеп кетті.
-Бешім, Бешім... Арыма соққы тиді. Бәрі өзімнен болды-ау?.. Егер үш Олжай тұтас тұрса, Есболаттың Оразбайы тұсымнан кеп, оята алушы ма еді?!. Өзімнен болды ғой... Үш Олжайды бер маған, өле-өлгенімше басын қосып өтейін, Бешім!-деді.
Бейсенбі нағашым:-Жоқ, Абай! Алдайсың! Талай алдағасын!-деді. Осы сөздер екеуінің арасында үш реттен қайталанды. Сырттан бөгде кісілер кеп қалған соң, сөз тоқтап қалды.
Бұдан соң Бейсенбіге Абай және сөйлессе, Бешім илікпеген. Алайда сол жылдың қараша айында, Белағашта пайдада жүріп, ( соның мәнін жоғарыда жазғамыз) қайтқанда Абай Бешімге Түсіптің баласы Мадиярды салып, бәтуаға келгенін естідім, Обалы қанша, осыдан соң, Абай үш Олжайдың басын қосып, береке-бірлікте ұстады. Үш Олжай тату болған соң, жалпы Тобықты баласы татулыққа келді. Абай өлгенде Тобықты бір кісінің баласындай ынтымақты еді.
Бейсенбіні қатты мінезді, ұстаған бетінен қайтуы қиын дегенде, Абай басына қастандық жасаудың басшысы болғанын қайталап айтып, сол қаскөй топтың көбі Жігітек руының кісілері-Құлайғырұлы Әзберген, Найманбайұлы Бұланбай бастаған топ болған. Алғаш «сұмдық боқтық айтып» (М. Әуезов)бірінші боп ұмтылатын Әзберген, қамшы сілтейтін Әбен болыстың інісі Нұрғазы дүлей екен.
Күйгенбұлақтың нақ басын Бейсенбі күзек еткен. Сол бұлақтан үлкен қара көлге қарай екі жүз қадам жерде ол бұлақтан үлкен қара көлге қарай екі жүз қадам жерде 30-40кіші тас қабір жатыр. Шешек пен қызылшадан өлген балалар қабірі сол болса керек.
Бұл шығармада өнбойын қайтпас жүректі, қайратты білекті өскендер хакында мол жаздық. Оның себебі сол азаматтардың М.Әуезовтің ұлы эпопеясының кейіпкерлері болуы және сол аталар ісін жазу үстінде Ұлы Абайдан бастап тарихы көп адамдар іс-әрекеті айтылып, бейнелері ашыла түсетіндігі болды. Соны ескере отырып бірер хикаятты алдарыңызға және ұсынамыз.
Құнанбай балалары Базаралы, Балағазды айдатып, Балағаз айдауда, Сібірде өлген. Балағаздан Ибақ, Иқат туған. Мұқаң романда Қаумен «қарымы қысқа», кедей деп жазса, сол кедейлік бұл ұрпақтың ғұмырлық еншісіне тигендей. Ибақ ұрлыкты кәсіп қып, дүниеден өткен.
Ибақ: «Ел жайлаудан көшіп, асудан аскан бетте Ай- ыртауға қарай аттандым. Есебімше, ауыл Шөптікөл бойына келген шамада оралмақпын. Бері келгенде на- сыбай шақшам жаппада қалғанын білдім. Ел көзіне түспекші емес едім. Бірақ, насыбайға шыдай алмас бол- дым. Күшікбай Арқалығын жалбылап, жолаушы кезіксе насыбай атпақшы боп келемін. Кіші бесін шамасында алыстан бір шоғыр көрінді. Арқалық іші-тыс дейтін емес, бір ғана қыр ғой. Бір қырқадан қарасам, шақырымға таяу жерде алты атты келеді. Алдағы атты жалғыз, арттағылар жұбы жазылмаған, жүрістері суыт. Қырдан асып түсіп, қарсы жүрдім. Таяп қалды. Алдағысының мінгені жорға, салдыртып келеді. Арттағылар желе шоқырақтауда. Мен де ұмтыла түстім. Дауыс жетеді-ау дейтін жерде алдыңғы атты атын тежеп, тоқтап, саптама конышынан шақшасын суырып, бұрылып ап насыбай атты. Өліп кете жаздадым. Шақшасы да, ері де күміс болса керек, күнге шағылысып, жарқ-жұрқ етті. Атымды тебініп, келіп жеттім. Басында құндыз бөркі бар, қарынды, еңгезердей кісі екен. Сәлем беріп, тұра қалдым. Маған қараған да жок. Тор жорға ат сып етіп жанымнан өте шықты. Атымды тебініп, аттыдан өтіп барып, сәлем беріп, және тұра қалдым. Сәлемімді алмай, ат басын ірікпей жанымнан тағы да өтті де кетті. Не болғанымды білмей, қасынан шауып өттім де, торы жорғаны кимелей барып, алдына тұра қалдым да: - Ағатай, зарығып келем, бір атым насыбай беріңізші?- дедім.
Құндыз бөрікті:- Енеңді ұрайын! Саған арнап насы- бай үгіп пе ем!-дегені. Жер-көк тұтасып, дүние түнек боп кеткендей боп кетті маған. Аяғымдағы сойылымды кдлай алғанымды білмеймін, кұндыз бөріктіні салып кеп кеттім. Аттан ұшып түсті. Мен де аттан атқи түсіп, жығылып жатқан құндыз бөріктінің насыбай шақша тыққан қонышына жармаса кеттім. Күміс шақшадан насыбай атқанда барып, мұның артында кісісі бары есіме түсті. Басымды көтеріп алсам, бесеуі кейін қашып барады. Құндыз бөріктім серейіп жатыр. Шақшаны қалтама тығып, торы жорға атты жетектеп жүрдім де кеттім. Ойға алған жерімнен мал алып, келсем ауылдар Шөптікөл бойына қонған екен. Семізден жараған торы жорға ат жер баспайды. Ұрлыққа салдым жануарды. Күз түсті. Енді торы жорғаны сиғызу қиын болды. Қара қатқақта сойып алдым. Шынтақ қазы берді. Күміс ерді тығып қойдым. Жазға салым құлағыма еміс-еміс сөз тие бастады. ЬІлдидағы Керей елінің басшысы Төлтидің Рақышының торы жорға атын күзде өзін ұрып жығып, алып кетіпті. Сол кісіні Абай іздейді деген. Дымым ішімде, жүріп жаттым. Көп күн өтпей-ақ, ертеңгі күнге Абай шақырады деген хабар жетті. Абай шақырар өзге істің жөні жоқ. Сол құндыз бөріктімен байланысты шақырып отыр деп есептеп, туысқан әрі ақылшымыз Абай алдында қадірі бар Ақаңа-Шыңқожаұлы Ақтамберді ақсақалға бардым. Ештеңені жасырмай, Ақаң алдына болған оқиғаны жайып салдым. Ақаң көп ойланып, толғанып кеп, мынадай шешім айтты.
«Ертең Абайға екеуіміз барайық. Абайдың таңертеңгі шай үстіне мен бұрын кірермін. Сен аз-маз бөгеліп, менен соң кір деді. Өзгесін бара көрмек болдық». Шоши-шоши Абай аулына бардым. Менің қорқатыным дүре еді. Ақаңнаң соң, көп бөгелмей, сәлем беріп Абай үстіне кіріп келсем, шай ішу аяқталып қалған екен. Төрде күздегі құндыз бөріктім төбедей болып отыр. Көзімізге көзіміз түсіп кетті. Таныды мені. Абай боқтап жөнелді,
атамыздан арамға жерігенімізді қазып кеп, Рақыштай мырзаны ұруға колымның қалай барғанын, онымен қой- май, ат-тонын тонап алып кеткенімді кінә етіп, ой зіркілдеп берді. «Сал дүрені!» деп айта ма деп үрейім ұшып мен тұрмын. Бір шақта Абай:- Сен әлде танатын шығарсың? Алмаған шығарсың?-дегенде, Ақтамберді ақсақал:- Абайжан, бұл Ракыш мырзаның атын неге алды екен, сұрамайсың ба?- дегенде (Акаң жінішке дауысты кісі еді), Абай: - Е, бұл қалай алыпты?- деді. Ақаң:- Айт қалай алғанынды Абайжанға!- деген соң, болған істі бұлжытпай, бөгде сөз қоспай, айтып шықтым. Мырза- ның қонышындағы насыбайды атып жібергенде, артында бес кісі бар екені есіме түсіп, жалт қарасам бесеуі де қашып бара жатыр дегенімде, Абай мырс еткендей бол- ды. Рақышпен бірге еріп келген, Абай дастарханында отырғандар төмен қарап кетті. Қашушылар солар болса керек. Кілкің кескендей жас бала жігіттер екен.
Абай ойланып отырып:- Ертең Рақыш мырзаның кісісі үйіңе барады. Бір ат, бір түйе бер!- деп, билік айтты.
Рақыш:- Абай мырза, бұл билігіңіз жөні не? Бір ат, бір түйе тек менің ерімнің ғана пұлы емес пе? Сол жерде сол таяқтан өліп кетсем не болар еді? Бас құным қайда?- деді. Абай үндеген жоқ. Қуана-қуана кеп, Абай кескен малды дайындап қойдым. Ертеңінде Ракыш кісісі келіп, ат пен түйені алып кетті. Бірак мен мұнымен құтылғам жоқ. Ендігі жан түршіктірер хабар Құнанбайдың кенжесі Оспаннан келді. Айтушылар Оспан мен Рақыш дос екен. Оспан:- Құнанбайдың осы орыс баласы Абайдан көргенім-ай, Рақыштай мырзаны ұрып жыққан қанды балақ Ибаққа бір ат, бір түйе кескенін қарашы! Ел бетіне калай қараймыз?! Бәлем, Ибақ ісім сенімен болсын! -деп, күжілдейді екен. Бұл хабар әнеукүнгіден әлде қайда жайсыз тиді. Оспан Абай емес. Оспан ешкімненкөмек сұрамайды, өзгені жұмсамайды. Кезіккен жерде өзі-ақ сойып салады. Оған қарсы келер Тобықтыда жан жоқ. Қысылғаным ғой, тағы да Ақаң алдына келдім- Ақаң: «Іс қиындады бала, Кенжені айламен алайық. Ертең екеуміз тағы да әнеукүнгідей ертеңгі шайға Кенже алдына барайық. Сен бұл жолы менен соң кіргенде, қоржынға Рақыштың ерін сала бар да, күміс айшықты қасын көрсетіп, босағаға қоярсың»-деді.
Солайша келіп тағы да Оспан алдында тұрмын. Оспан боқтап, боқтап алып, бір тыныстағанда, Ақаң:-Кенже-ау, бұдан Рақыш мырзаның неге ұрып жыққанын сұрап білсеңші!-дегенде, Оспан да-Е, бұл, әкеңді ұрайын, неге ұрды екен Рақышты!-деді. Іс жайын толық айтып шықтым. Оспан күркіремейсіңбе?!
-Әй, Құнанбайдың орыс баласынан көргенім-ай! Рақышқа бір ат, бір түие бергізіп... Бір атым насыбайдан әкесі өліп пе екен оның? Еркектің зарығып келе жатқандағы меселін білмегеені ғой иттің. Айдап тастайтын-ақ орайы бар екен ғой Абайдың! Кездесермін бәлем бір атым насыбайдан әкесі өлген Рақышпен!-дегенде Оспан, Ақаң маған «шығып кет» деп белгі берді. Шыға сала қашпаймын ба аулыма. Ер салынған қоржын сол бетінше қалды Оспан үйінде. Сөйтіп, Абай мен Оспаннан, Керейдің Рақышынан солай құтылдым,-деген әңгімесінде Ибақ.
Тасқұдық қонысындағы екінші үлкен бұлақ Түлкібай балаларынікі. Түлкібайдан Орынбай, Түңілікбай деген екі ұлы болған. Орынбай бай болған. Мың жылқы біткен кісі екен. Одан Тілекке, Даубай туады. Екеуін де көрдік. Екеуінен де ұрпақтар бар.
Біз осы шығарманың бірінші бөлімінде Тілеке ақсақал естегілерінен бағалы деректер келтіргеміз. Ол кісінің Шыңғыс елінің өткенінен көп білуге мүмкіндігі мол болған. Орекең ел ортасына сыйлы, кең бейілді, қолы ашық кісі екен де, балалары кеңдік пен молдықта өсіпті.
Тілеке жазушымен қыр жігіттерінің боз балалық шағындағы көрген қызық тамашасын белгілі мөлшерде бірге өткізген екен.Содан да болар Мұқаң келбетті, кесек денелі еді. Киімді таза, кербез киінетін. Жақсы ат, жақсы киіммен жақсылар қасына болпаш бай баласы есепті көп еріпті. «Мен көбіне өз тұсымдағы оқыған, «қара таяқтыларға» үйір едім дейтін. Мұхтар Әуезовтан аттай он жасқа үлкен болса да болашақ 60 жасқа толған мерей тойы үстінде туған Қасқабұдақ аулы мінгізген жирен төбел жүйріктің тізгінін Тілекеге ұстатқанын көзіміз көрген-тін.
Тілеке ақсақал жас досы туралы мынаны айтқан еді.
- Мұхтар жас кезінде салмақты, көп сөзге араласа қоймай томпақтау отыратын еді. Бірақ жолдастарының не ісі болмасын оның көзінен қақас қалмайтын. Кей-кейде суырып салып өлең де шығарып тастайтын. Бір отырысымызда Мұхтармен қатар оқитын Ғабитхан молланың ұлы Сіләмғазы Мұхтармен сөз таластыра берді, Мұхтар Сіләмғазының бетіне қарап отырып:
Қара қамзол, ақ көйлек,
Кісі болғың келеді сөз сөйлеп.
Әй, шірітесің-ау, сен-
Көп сөйлеп - деп еді.
Және Тілеке:- Балалар, мен жасымда әйел халқына құмар болдым. Қыз аңдимын деп жүріп, күлкіге де қал- ған жерлерім көп еді. Сондайдың бірінен соң Мұхтар:
Атың сенің - Тілеке,
Сөйлер сөзің - береке.
Әйелге тым құмарсың,
Болып жүрме келеке, - деген-тін.
Осы кісі әйелдері көп өліп, он үш некелі болған. Көргенде үш бәйбішесінің артынан еріп келген 6-7 ұл мен қызы болды. Бәрі де Тілекенің аты-жөніне жазылды. Тікеңді қатты сыйлап, құрмет тұтуы кісі қызыққандай еді. Ұлы Мұқаң досының кең, берекелі мінезін анықаңғарған болса керек. Тілек Орынбайұлы кейінгі Тобықтының атбегі қартының маңдай алдысы еді. Көп жасап, 1982 жылы 95 жасында дүниеден өтті.
Түлкібайдың екінші ұлы Түңілікбайдан Дүйсенбай, Шолан, Сатыбалды туады. Үшеуінен де ұрпақ шөбереге жетіп өсуде. Дүйсенбай кесек мінезді, адуын, батыр сүрей адам болып, Түңілікбай артына ие болған.
Тастықұдықтың оңтүстігіндегі Ақбиік бауырындағы бұлаққа қора салып мекендеген. Содан бұл биік Дүйсембайдың Ақбиігі аталып келеді.
Сол Дүйсембай Абай туралы мынадай естелік айтқан. «Бір жылы Абай Талдыбұлақты қыстады. Қаңтар айының басында қар әлі бекімеген кез, Абай шақырады деген соң келіп, үйіне қондым. Таңертеңгі шай үстінде Абай. –Дүйсембай, атыңды осында пішенге қойып кет. Қара буырыл атты жаратып қойдым. Зар күйінде. Қасқыр ішігім тозыңқырап кетті. Ішіктік қасқыр соғып әкеп бер!»-деп жұмсады.
Абайдың бақытын қарашы, Қалампыр бұлағына келгенде, Еренайдың Ақбиігінен таңертең Байтөбет қарағанына құлаған бес қасқыр іздері кезіге кетті. Сөзді созып не қылайын, жұлдыз шыға бес қасқырды да соғып болдым. Түнімен қасқырлар өлігін жинап, бәрін сойып, терілерін Абайдың таңертеңгі шай мезетінде, Талдыбұлаққа әкелдім. Сәлем беріп, кіріп келгенімде, Абай:- Оу, Дүйсембай жай ма?- деп қадалды. Мен ішіктік қасқыр соғып әкелгенімді естірттім. Абайдың ризалығы байқалды. Түскі астан соң, қайтпақ болдым. Абай ойлана қарап отырып: - Дүйсембай, қара бурыл атты міне кет. Атыңды да әкетесің ғой. Бірақ, атымды ұрлыққа мінгізе көрме. Ал өзің қаншаға шекті мінем десең де рұқсат - деді. Содан бурыл атты үш жыл міндім - деген.
Тастықұдық төбелерін басып, Ақбиіктің сыртынан жүргенде оңтүстіктегі өңір алақанға салғандай анық көрінеді. Алыстан мұнартып Архат тұрса, Қосымбет, Жа- най биіктері қоңыр тартады. Бері де Шолақеспе атырабы жылы шыраймен қарайды. Ал, Бажек адыры аяқ астында тұрады да, екі адыр ортасындағы ақ өзектік жалғыз өскен ағашқа көз тоқтатасыз. Бұл «Жалғыз тал» аталады.
Ақбиікке өрлесең қамыс, құрақты, басында үкісі желбіреген ақ шилі қоныс бар. Қоныстың оң жағы жайдақтау. Апан-апан жұрт орны. Ал, Тікенектіге Құлайтын өзек басында бастаудан гөрі бұлаққа келіңкірейтін шұрқылдап жатқан су бар орын Қара- шаның Аққұдығы аталады.
Бабахан қырманы деген орында Мұқаң жазғандай Жігітектің бауырда егінші жатақ кедейлер бар дегенін бекіте түседі.
Қараша балалары хақында сөз қозғағанда Тобықты руында аты шыққан, «Абай жолы» эпопеясындағы азаматтық ірілікпен көзге түсетін бейне Абылғазы батырға тоқтамауға болмайды.
Абылғазы шамамен 1837-38 жылдардың бірінде туып, беріде 1925-27 жылдың бірінде өліп, атақонысыШыңғыстағы Қараша қойтасында, ата-баба қорымына жерленген.
Қыдыр тауының таусылар оңтүстік тұмсығын бүгіндеде Мұздыбай атайды. Мұздыбай малды, үйіне кісі түсетіндей кісі екен. Көтібақтың екінші әйелі Меңістен Боранбай, Әйтей, Құдас үш ұл болып, олар үш Меңіс аталған. Боранбай - үлкені. Біз бұрын Кеңгірбай билікті алғашқыда Боранбайға беріп, кейіннен Өскенбайға ел тізгінін ұстатты дегенбіз. Ал, Әйтейден-Байсал, Жиреншенің әкесі Досай (жалған аты Шоқа) т.б. туып, Құнекең, Абай тұсында Көтібақты Байсал мен Жиренше кезегімен билеген. Ал, беріде Құдас немерелері Мұздыбай, Кенжебек атқа мінеді де, Кенжебек әрі малды, әрі сөзді, келбеті келіскен өнді, жүріс-тұрыста салтанатты сүйетін, руын Жиреншеұлы Құлкемен қатар билеген екен. Сол Кенжебек пен Мұздыбай екеуі 1923 жылы Салбурынға құс бабын біледі, әрі көргені көп, әңгімесіз қылмайды деп, ерте кетуге Абылғазы Қарашаұлына келіпті. Абаң өзінің кәрілігін (85 жаста), әрі атқа мінуге де әлі жоқтығын айтса, ағайынды Кенжебек пен Мұздыбай Дулат ұлдары таскенеше жабысып, құзыр бопты. Мінуіне ат емес, атан түйе әкелгенін, атан үстіне қаудақ құрып, құстөсек төсегенің, жеуіне деп жоғары сапалы таза ұннан 1,5 пұт, тек батырға деп бармақ қазылы ұрғашы жабағы сойып алғандарын айтып, Абанды салбурынға ерте барыпты. Ат күтімі мен қағушы жігіттерін айтпағанда, құс бабын біледі дейтін Әйтейдің немересі Бибаланы алады. Бибаланы Мұқаңроманда Жиреншенің қасында қағушы еді дейді.
Боран апталап соққан бір күндерде тоқсан жасты алқымдап отырған Абылғазы қарттан інілері әнгіме сұраған. Абаң қарттың жұмысы әңгіме мен күніне бір рет қыран кұстардың бабын тексеру ғана. Өзі де зеріксе керек.
-Балалар айтайын бір әңгіме. Бұл әңгіме Абай жарықтықпен байланысты, және өзімнің Тобықты атамаруағының назасына ұшырағаным туралы болады, - бастапты әңгімесін Абылғазы қарт.
Әкем Қарашаға 1100 қара ала жылқы бітті. Ұры- қара таба алмай жүрген кезім. Өзімді Тобықтының бас батыры санаймын. Жылқыда бір боз ат, бір бедеу көк бие бар. Осы екеуінен өзге жылқыны жылқым бар-ау деп санасам бұйырмасын. Жаз шыға Көк биенуі ұстаймын да Боз ат бос жүреді. Күзде ақ боз атты ұстап, көк биені жылқыға қостым. Боз ат жараулы еді. Атты ақпанға дейін мініп, содан кейін тебінге жібермекпін. Ақбозды сергісін деп анда-санда жылқыға қосатыным болушы еді. Бір күні сол әдетімше кешкі жылқы шығарда Ақбозды жылқыға жібердім де бір топырыштау бие ұстап міндім. Жылқы қыстау алдынан өріске, сыртқа Шыңғыс сыртына қарай шықты. Іңір қараңғысы әбден түскен шақта жылқыдан «аттан-даған!» дауыс шықты. Тау-тас, сай-сала «атта- нға» толы. Шауып келем. Арманым: Ақ боз бен Көкбиенің біріне қолым жетсе-ау!.. Жылқыдан тағалы тай тастамай қуып барады. Жау аз да емес, осал да емес болды. Қуып шыққандарымыз іріктеліп, қырық кісі қос-қосар алып, сайланып ап, қуып жөнелдік. Мың жарымдай жылқыда кәрі-құртаң жадау тай-байтал болмай ма. Жолшыбай қалып жатыр. Жылқы шұбырындысынан адасу жоқ. Күн-түн қуып, алтыншы сөткеде, таң атқанда бір биіктен көз салсам, алдымда көз ұшында 2-3 үйлі ауыл көрінеді. Бір үйінің босағасында көк бие байлаулы тұр. Қаным қайнағаны сонша, қалшылдап кетсем керек. Жетектегі атты ауысып мініп, ат басын ағыттым ауылға. Ел тұрмағап. Ауыл көрінісімен «ой, бауырымдап» ат қой- дым. Көк бие байланған үйден 2-3 жігіт жүгіре шығып еді, бір-бір қағып ұшырып жібердім. Үйден бір шал шығып:- Ой, қарағым-ау, қырамысың?! Сені алған жау бізді де алды!- деген соң, тоқтадым. Қарт мән-жайды былай түсіндірді. Таң қараңғысында қалың жылқы бұл ауылдың аз (70-80 бас) жылқысыныңүстіне түседі де, жау бұлардың жылқысын да қосып айдап, тура ауылды басып өтеді. Сонда Көкбие (бұрлығып қалған) үйді айналып шықпай қойыпты. Үйдегі жігіттердің бірі үстіндегі кісіні аттан жұлып алған жерде, қолдан екі кісі кеп мінгестіріп әкетіп, Көк бие бұлар қолында қала беріпті.
Жылқы алушылардың өткеніне үш күн екен. Сонда олар бізден үш күншілік жерге озған. Ал, біздің аттарымызда, күйі жоқ, олай екен, ендеше оларға жету де жоқ. Бармақты шайнай-шайнай ат басын кейін бұрдық. Ең бататыны жылқы алған жауымыздың кім екенін, қайдан келгендер екенін білмейміз. Тек, менің іштей жұбанышым көк бедеуді алып қалғаным ғана. Тобықты боп жиылып, біздің үйге алты жүздей жылқы жиып берді. Бұрынғы жылқыдан жүздейі қалған. Жеті жүз жылқы басы құралды. Үш жылдың жүзі болды. Қалың жылқыдан, оны әкеткен жаудан да бір хабар ұшығы шықсашы!. Ал, мен болсам у жеген қасқырдай аласұрамын. Ұйқы-күлкіден айрылдым. Күнім ат үстінде, елсізді кезуде өтті. Шешелерің қасына жатпаймын десем де болады. Содан үш жыл өткенде Алатау ішін кезіп жүргенімде, таң жарықтала жан-жаққа көз салсам, алыс биіктен бір қылаң көзіме ілінді. Анықтап көз тастасам, боз атым. Көзім мақтаным емес, шырақтар, түстік жер- ден көруші еді. Боз аттан жан қала ма, жөнелдім. Маңай әбден жарықталып, күн шығуға айналды. Боз ат тұрған биікке тақалғанда, атымның бір мінезі есіме түсіп, шошып кеттім. Атым бөгде кісіні көргенде, ұйықтап жатқан иесін тарпып оятып жіберетін еді. Енді өз атымнан өзім тығылып, ат көзіне түспеу үшін таса-тасамен атқа тақадым. Күн де шықты. Жауым оянып атқа мінгенше жетіп үлгеретіндей иек артпадан шыға ұмтылдым. Боз ат та иесін оятып үлгіргенде мен де жетіп, үзеңгіге аяғын сала берген дұшпанымды ұрып та жібердім. Бүктеліп түсті. Қарғып түсіп, жерден көтерсем, шоқша сақалы аппақ қудай бір шал. Басы жарылыпты. Есін жинасымен «Қайдан келдің? Кімсің?» дедім шала буындырып тұрып «Керей руынан, теңіз бойынанмын» дегенін естідім де бауыздап жіберіп, қанын тойғанымша жұттым да, шал денесін таспен бастырып тастап, атымды алып жөнелдім. Боз ат астыма түскен соң дүнием түгелденді. Әркімнен жиналған жылқы тұра ма біртіндеп шығын боп жатса да оған опынар мен емес. Боз атты тақымымда ойнатып жүрмін. Армандаған Ақбоз ат маусым айында қолыма түсіп еді, күзекке түсіп, бауырдан қайта көшкен қараша айына таман Абай шақырады деген хабар жетті. Бардым Абай алдына. Ақбоз атты қайдан, қалай тапқанымды сұрады. Шалды бауыздап қанын ішкенімді, тек теңіз бойынын керейі екенін ғана білгенімді айтқаным сол екен: Абайым түтеп берсін. Ең жеңіл сөзі: - Осынша қанға құнығармысың?! Шалды неге әкелмейсің мұнда. Тобықтыдан бұдан бұрын ертеде екі дүркін жылқы әкеткен жау еді ол. Кім екені, қай жақтыкі екені білінбей кеткен болатын. Қап, Төбет-ай, қолға түскен жауды құтқарғанын қарашы! Сен, Төбет жауды қолға түсірдім, кегімді алдым, өлтірдім дейсің ғой! Жоқ, сен оны құтқардың. Ол өз құнын алып кеткен кісі! Шық үйден!- деп алдынан айдап тастады. Абайдікі ақиқат қой. Мен шалдың аты-жөнін де білмеймін. Ендеше, Абайға өкпелер де орын жоқ. Өз кінәм өзімде, қыс өтіп жайлауға шыққанда, ел арасында Абай Керейге аттандырмақ боп, ат пен азамат іріктеп жатыр деген хабар тарады. Күннен-күн озуда. Тобықтының бас батыры маған келген шақыру жоқ. Абайға жүрегім мұздап, ішім суи бастады. Жау әкеткен жылқы менікі. Ел азаматтары арасындағы атағым ше? Бұл мені емес, бүкіл Жігітекті жер ету, Абай да ежелгі ағайын өштігіне бой ұрды деп, тың-тыңдаумен жүрмін. Қолдың аттанар күнін де естіп, жанымның күйзелгеніай.. Абайға жүрегімнің қарайғаны-ай!.. Ертең аттанады деп естіп отырғанымда ертеңгі сәскеге шақыртқан Абай хабары да жетті. «Уһ!» деп бір дем алдым. Ақбоз ат болсын, болмасын бабында-тын.
Келсем, Пұшантайдағы Абай ауылының үсті хан базар. Еліміздің санаттағы мықты, ер жігіттері басы
қосылған. Бірақ бірі де қолды кімнің басқаратынын білмейді. Қол ағасы белгіленбеген. Тобықты атамның әр атасына ие ел аксакалдары да жиналған екен. Бір көк қасқа айтылып сойылыпты. Ет желініп болған соң Абай ортамызға кеп, шешімді сөзін айтты. Аттанбақ кісі саны жетпіс бір екен. Бұл Тобықты руы үшін киелі сан саналады. Өйткені Тобықты Шыңғыстауға келгенде, Кеңгірбай-Мамай соңынан еретін жігіттер саны жетпіс бір бопты. Менің тосқаным - қол ағасын Абайдың атауы. Абай бір шетте отырған бір жігітті қолымен ымдап шақырды. Мен танымайтын жасөспірім. Мұрты жаңа түбіттене бастаған. Абай:- «Қолды мына жігіт бастайды. Аты - Бесбесбай. Осы ұзын сызса жүресің, көлденең сызса қонасың. Мұның дегеніне бағынбағаның, жұмсауына жүрмегенің - бұл ел бетін көрмей-ақ қой. Аруақты аяққа таптап, шіріген жұмыртқамын де, өзге ел табасың кімің болсаң да! Баратын елің - Керей елі, жерің Қорғалжын теңізінің бойы. Сол ел мен жерді жақсы білетін мына екі жігіт - менің жылқышым. Қыс бойы жылқыда болды. Естеріңде болсын, қолда кісі қалдырмаңдар. Кісі өлтіруге ұмтылмаңдар. Қолға түсер болсаң, қорықпа! Мен тірі болсам, ұзатпай алып шығамын. Сендермен ел аруағы бірге бармақ. Аруақ алдымызда бастап, бетімізді түзеп отыр деңдер. Аруақ жар болсын, жігіттер. Сендер ұрлыққа емес, ел намысы үшін аттанып отырсыңдар!»
Ал, Бәке!- деп, Жуантаяқ Байғұлақ ақсақалға сөз берді. Бәкең бата беріп жөнелтіп салды. Ауылдан аруақ шақырып, «Абылай» мен «Кеңгірбайды» кезек атап, ұрандап шауып шықтық. Барымта жасырынып шығар ұрлық емес, салты солай...
Жол тартып келеміз. Шыққаннан бұрынғыәдетімше қол алдындамын. Қолбасы бала да меніменқатар жүріп отырады. Әңгімеге тартсам, сөзге жоқ, тұрпайылау сөйлеп, қоңқ етіп жауаптасады. Дене бітісі мен атқа отырысына сүйсінейін. Атпен қоса туып, қоса жұтылғандай отырысы. Тым шекелі, басы кішігірім қазаннан үлкен, көзі жолбарыс көзіндей отқа толып, жып-жылмағай тасырайып тұрады. Мінгені соқталы ұзын ақ көк ат. Боз атпен желіп жөнелсем, жалпылдап шауып отырады. Қаруы-бақан іспеттес ұзын сойыл, тақымында қара шоқпар, белінде қысқалау қылыш.
Қол сулар, ат шалдырар, түнейтін жерлерді менің белгілеуімдітілейді бала. Кейде оның мақұлдауынсыз-ақ берген әміріме бала басшы қарсы келмейді. Онысына ырза да болғанмен, қолбасы болып белгіленбегенімішімдіаяздай қарып жібітпейді-ақ.
Сарыарқа жерінің өңі сан мәрте ауысты. Бір өңірі балқашты мол көгалды болса, бір өңірі ұсақ төбелі қыр- қалар, бір өңірі, ақ сортан шөлді. Жігіттер жалыққандай, қажығандай... Содан барар жерімізге таяғандаймыз. Жер бітісі өзгеріп, ылди боп, жазыққа айналды. Жобалауымызша, бір-ер күндік жер калды десіп келе жатқан бір түнде жол бастаушы екі Керей қашып та кетті. Қапы ұрдық та қалдық. Не істеу керек? Жетпіс бірімізден бұл жаққа аяқ басқанымыз жоқ екен. Қолбасымыз: - «Сонша жерден келіп, қобалжудың керегі не, Абайдың екі жылқышысы еліне хабарға кеткен болды. Дұшпан хабар тапты деп есептейік те, осы бетімізде түнде жүріп, күндіз қарауыл карайық. Жүрегіңе қобалжу кіргенің болса, менен рұқсат, ат басын кері бұруыңа болады. Қазір Абаң екеуіміз арамызды ашып тұрамыз, өткенің қол қатарында қаласың!»- деп, қатқылдау сөйледі. Бала басшының бұл сөзі менің ішіме қона кетті. Бұл қолды қайрау, ер қайратып жану ғой. Жақ ашпайақ жеке шығып, бала басшы, екеуіміз арамызды ашып тұра қалдық. Қол бір-бірлеп екеуіміздің арамыздан өтіп болды. Бұл қол алдағы айқасқа тас түйін деген сөз. Қолбасы бала көзі жайнап, өңі кіріп дүр сілкінгендей. «Біз бүгін күндіз ашық жүреміз. Түнде кеткен екеу жетіп, елі хабарланғанша уақыт ұту керек. Ат тынығатындай Уақытымыз бар әлі!»- деп бастап жөнелді. Байқаймын, есбесбай бала етек-жеңін жинап, дұшпанға кезігер сәт таяңған сайын өзгере бастағандай. Тым жинақылана түсті. Бұл қолға да әсер етіп, жігіттердің жүріс-тұрыстары ширап кетті. Жүрісіміз суыт болды. Жер танабын бірөңкей саңлақ аттар қуырып-ақ жіберді. Жазықтан шығып, төбе-төбеге кеп іліндік. Кежуілге, қарауылға адамдар бөліп, қол тынымдады. Ертеңмен тұрып, ыстық істеп ішіп, ат оттатып жаттық. Қарауылдағылар «алыс емес бір биік көрінеді, кежуілпгілер сонда кетті» деп келді. Түс қия олар кеп, бір түстік жерден жайқын теңіз суы көрінгенін, бергі жағы қалыңел екен, көшіп судан өтіп, қонып жатқанға ұқсайды» деп келді. Қолбасы маган:- Сіздің көзіңіз алысты көреді дейді ғой. Қасыңызға екі жігіт алып, жо- лаушыға ұқсап биікке шықсаңыз. Егер көшіп, судан өтіп қонып жатса, еңді жасырынып қайтеміз. Күн батқанша сол биікке жетіп, қараңғы түсе, судан өтіп жылқысына тиелік!- деді. Мен де сол сөзді қостадым. Өйткені, бүгін біз үшін қолайлы күн. Бүгіннен кешіксек бұл елге ішкеріден тағы да күш қосылмақ. Биіктен қарасам кежуілші топтікі рас. Қалың ел судан аржаққа асығыс өтіп қонып жатыр. Атой сап, қолга белгі берген соң, олар да келді. Аттардың ерін алып, сергітіп, кеш түсуін күтіп, ас ішіп жаттық.
Күн кешкіре биікке шығып қарап отырмыз. Ши- мандай қалың ел судың ар жағына қонып, үйлерін тігіп болыпты. Бергі жағада тіршілік белгісі жоқ. Әр үш- төрт ауыл ортасына жылқыны қоғамдап жүр. Ауылдар жылқыларын теңізге жапты да жылқылырын топтап айдап кеп, бір-біріне қоса бастады. Әр топтағы жылқыда үш-төрт мыңның қарасы бар. Мұнысы жылқыларын солайша топтап ұстап, құрылған қолдарында топтап жиып ұстаудың, жауды сөйтіп қарсы алудың шарасы екенін ұқтық. Осы арада үлкен бір қате жібергеніміз көрінді. Мынау судан арғыға калай өтеміз, өткелді бар- лап білуді ойдан шығарғамыз. Тағы да не істеу керекке тірелгенде, Бесбесбай «тілсіз жау болғанмен судан қор- қып қайтпаспыз. Бір қылта жері табылмас дерсіндер ме, саламыз суға атты»- деп қайраттанды.
Зор шайқас болатынына күмән жоқ. Қалың шайқас үстінде бір-бірімізді ұрып алмаудың тәсілін іздестірдік. Ақылдаса кеп, баршамыз сыртқы киімді шешіп, сыптай қып буып қанжығаға байлап ап, ішкі көйлегімізбен кілең ақ киімді болмақпыз. Ол да істелді. Қолда кісіқалдырмау үшін бір-бірін жақсы танитын сыр мінез жігіттерден топ құрып, жетекшісіне ешбірінен көз жазбай, топ боп соғысу міндеттелді. Бірі аттан түсіп қалса қоршап тұра қап атқа мінгізіп немесе бірі өңгеріп әкетуі керек. «Абылайлайтын» тек колбасы Бесбесбай болмақ. Ол олай бұлай болса, «Абылайлап» дауыстайтын мен болуым керек. Өзгелер тек «Кеңгірбайлайтын» болсын!.. Қол бағытты сол дауыстан айырады. Осыған тоқтап, Алла мен аруаққа сыйынып, іңір түсе теңізге бет түзедік. Бала бастыққа қараймын, өң-түс, жүріс-тұрысында қымсынған, қысылған нышан жоқ. Тек тастүйін ширығу бар. Біраздан соң Бесбесбай:- Ақсақал, қолдың артына түсейік!- деген соң, ат басын іркіп,кейіндепем, «Абай ағам кісі жазым болса, сүйегін қалдырмай белгілі бір жерге «аманаттай» жерлеңдер. Кейін алғызамын»- деді. Ал, сіз алғашқыда соғысқа араласпай тың тұрыңыз, шайқас бүгін түнімен бітпес. Арттан қуғын болмай қоймас»- деді. Ақыл сөз. Теңізге кеп тірелдік. Біз соғысу үшін ғана емес, жылқы алуға келдік қой. Қолдың көбі соғыста жүргенде жылқыны айдап кетуге деп жиырма жігіт бөлгеміз. Су бойын жағалап келіп-келіп бір қылтаға ат салып, өтіп шықтық. Жылқы айдаушылар басшысы жырынды жершіл Баймұрын болатын. Баймұрынды шалғыншыға жібердік. Баймұрын «теңіз жағасында жылқы жоқ. Ел жылқысын үш-төрт мыңнан шоғыр ұстап, ішкеріде бағып жүр. Үй сайын ат ерттеулі. Бірнеше кежуілдегі топтар көрдім. Меніңше, ары ішкеріге өтіп барып соқтығайық. Жеңіл бұзып өтпесек жылқы алғызбайды. Артымыздан қуғынболдырмау үшін осы дұрыс болады - деді. Қолбасымыз да, қол да осыны дұрыс көрді. Ішке өтіп, бір қалың жылқының тұсында аттардың босатқызып, ер тұрманды түзеп алып, атқа қондық. Сыбызғымды қолыма алдым. Қолбасымыз зырылдауығын қатайтты. Бұл келгендердің осалы бар ма... Бір-біреуі бір қол бастар азаматтар. Әр қайсысы он кісілік атан жілік жігіттері десек, сол жетпіс біріміз мыңға татимыз-ау деп ойлаймын. Сыбызғы, зырылдауық тартьш кеп жылқыға тидік. Жерде көк те айғай... Жері ойдым-ойдым ағаш, қалың шалғынды екен. Кіммен кім соғысьш жатыр - мәлімсіз. Аннан бір, мыннан бір қолбасы баланың «Абылайлап» ақырған дауысы шығып қояды. «Қайда?», «Қайдалағаң» ел кісілері құйылып жатыр. Бір тәуірі мылтықдаусы шықпайды. Сарт-сарт қағысқан сойыл, шоқпар, бір-біріне кіжініскен дауыстан құлақ тұнады. Мен соғысқа араласқаным жоқ. Ауық-ауық жүгіртіп кеп, қолды аралап өтемін Біздің ақ киімділеріміз лек-лек боп араласып, бұзып өтіп, бұзып шығып жүр. Ел кісілері жусап қалып жатыр. Бірақ, үсті-үстіне төрт тараптан құйылып жатқап кісіде есеп жоқ. «Кеңгірбайлаған» сол уақытқа дейін жарқын-жарқын шыкқан дауыстар қырылдап, карлығып шығатын болды. Қолбасы даусы да қарлыққандай. Ал, соғыс жүрісі жойқын. Ұрыс бәсендер емес. Сырттай тұрып жалығып, жүрегім де сескене бастады. «Түгел қолда қаламыз» - деген үрей денеме кірді. Әрі Абай ұнаған, қолбасы еткен жігіттің жеңіп, жылқы апарғандағы атақ, даңқ көз алдыма келіп, ішімді қызғаныш та буып барады. Әлі бір ретке де сойыл сілтегемін жоқ.
Атым да, өзім де тың тұрмын. Басыма екі талай күн туса қашып құтылатыныма бек сенімдімін. Осы ұры ой бойымды әбден билеп алды. Түн ортасы ауып, таң алдындағы қараңғылық түсе соғысушылар су жаға- лауына қарай ауыса бастады. Тың-тыңдап соңынан еріп келем. Жан-жақтан қосылушы ел адамдары да сирей бастады. Елді жау еңсере бастағандай, «апырмай-ай, шынымен біз жеңгеніміз бе?» - деп ойлап, бағанағы со- ғыс орынын аралап, аттан түсіп қалғандар болса, құтқарып ап, абырой алмаққа Ақбозбен жүгіртіп жүрмін. Мертіккен, жаралы боп есеңгіреп отырғандар, ыңқылдап жаяулап атын іздеп жүргендер ығы-жығы. Майдан даласын оңды-солды сүзіп жүрмін. “Ат - ер серігі, қанаты” дейміз ғой. Жақсы аттың иесімен жаны да бір ғой. Кісімен бірге араласып жүрген жаралы аттардың өзі бір табын дерлік. Денінің басы жарылған. Біздің жігіттер ел адамдарының мінген аттарында шекеден ұрып құлата берген сияқты. Сонымен, өстіп бір қауым уақыт өткізіп аппын. Соғыс болған жерде қалған бір кісіміздің де жоқтығына көзім жетіп, қол артынан жүрсем, жылқы да, жау да, ел де жоқ. Судан жылқыны өткізіп әкетіпті. Ұрыс сарыны алыстан естіледі. Суды жағалап өткел іздеп келемін, өткел жоқ. Ақбозды суға салуға жүрегім дауаламайды. Өзімде жалғысырау, қорқу бардай. Содан тағы бөгелеңдеп біраз жүріп, көзім бір судың енсіз, ат қарғып өтердей жеріне түсіп, Ақбозды ағындатып көп қарғыттым. Ақбоз ытқып кеткенде, мына масқараны қараңыз, тақымым босап ат құйындата кетті де қалды. Бұл масқараның үстіне, судың жау ел жағында қалғанымды қараңыз... Екі етекті түріп дегендей, бір қолыма шоқпарымды алып, бір қолымда сойылымды сүйретіп кеп, таң әбден жарықталғанда судан Ақбоз атпен өте алмаған сорлы басым ағашты құлатып түсіріп, бағанағы жерден ағаш бұтақтарын бір-бір басып өтіп, жөнелдім жаяу. Ендігі бар мақсатым көзге түспей осы арадан кетсем деймін. Ат барған соң, біреу болмаса біреу жоқтап, біреуі іздеп келер деймін. Ағаш-ағашты далдалап, бұғып келе жатқанымда бір алаңқайдан бес кісі шыға келіп, төбелеп-төбелеп ұстап алды. Сілтеген сойылым тисе бұйырмасын біреуіне. Жетектерінде бір қара шолақ аттары бар екен. Соған мінгізіп, екі аяғымнан атқа таңды да тастады. Екі қолым артыма қайырыла байланған. Сөздерінше, бүкіл серіктерімнен қолға түскен жалғыз мен екенмін. Есім енді кіргендей өз жайымды ойласам, мені аруақтың атқаны анық. Іштарлық, күншілдік иттің жеткізгені осы. Абай қолбасы етпесе, сол иттігімді дәл білген... Тарт сазайыңды деп өзімді өзім табалаймын. Алайда, үміт шіркін де үзілмейді. Күн шыға су жағасына таяғанда артыма көз салсам, көз ұшында бір қара жүлындай боп ұшып келеді. Көз сүртуге қол жоқ, тесіле қарағанда жетегінде қылаңы бар. Қолбасы бала Бесбесбай шығар дейін десем, оның ақкөк аты қылаң боп көрінуі керек қой. Суға кеп түсіп, судан шыға бергенде шалқалап қап, анықтап көз салсам жетектегі ат нақ Ақбоз атым болды. Енді мыналар көріп қоя ма деп, бұларды сөзбен алдандыра бастадым.Малын алдырып, өздері жеңіліп келе жатқандар сөз көтере ме?... Болмашы әзіліме ашу шақырып, кезек- кезек сойып келеді, өзіме-өзім “Саған сол керек. Аруақ атқан соң осылай болмақ!” деп келемін. Ашулысеріктерім біраздан кейін қара шолақты жетектен жіберіп, алдына салып айдады. Енді маған қамшы емес сойыл тиіп келеді. Оны да сыбағам деп қабылдаймын. Сөйтіп келе жатып, әжептәуір соққы алдым. Бір шақта көз қиығын жіберсем, бағанағы қарайған төніп кеп қапты. Қу сөзді көбейтіп жібердім бе, екі-үшеуі бірдей тілдеп, төпелей бастағанда:- Қайда апарасың?!- депақырған дауыс шыққанда бесеуі тұра-тұра қашты. Әлгі келген бесеуін бес-ақ сап ұрып жықты. Бесбесбайды таныдым. Ақ көк аты терден қап-қара боп кетіпті. Енді менің астымдағы қара шолақ ит ұстатсашы... Әйтеуір әуре боп жүріп ұстап, аяғымды таңған шылбырды қиып жібергенде серейіп түстім. Қолымды босатып Ақбозды әкеп тосқанда үш ұмытылып атыма міне алмадым, Бесбесбай: -Ой, Төбет!-деп зекіп, ат үстінен кеп, атқа көтеріп салды. Жөнелдік. Баланың зекігеніне қарағанда ол менің соғысқа қатыспағанымды білетін секілденеді. Бұл да қайғы үстіне қайғы боп жамалды. Оның үстіне күні кеше Ақбоздың желісіне әрең ілісетін көк ат қазір дүлдүлге айналған. Менің Ақбозым баланың ақ көгінің желісіне шауып әзер іліседі. Баланың өзі ше?!. Иығы шығып, өркештеніп кеткен. Бағана киген ішкі ақ жейдесінен тамтық жоқ. Бұрынғы қазандай басы екі есе үлкейген. Көзіне түсіре киген сеңсең тымағы басына тарлық еткендей төбесінде шошаяды. Шоқпары жарыла сыныпты. Сойылы қысқарыпты. Сойылдың ұшына көзім түсіп еді ұшынан жеміріле сыныпты. Бұл баланың ұрғанда сойылды дәлме-дәл сілтегендігін көрсетеді. Ұрар жеріне сойыл ұшы дәл тигенде жеміріліп отырылмақшы. Қолға келіп жеттік, жігіттер алдымыздан шығып маған аңырая қарайды. Бәрінің жайды білгісі келеді. Менде, Бесбесбайда да үн жоқ. Мен кеп жігіттерді түгендесем бәрі түгел. Тек, баршасы жаралы, бастары жарылып, мойындарына, мұрттарына қан қатқан. Сынған ба, мойындарына қолдарын асып алғандары да көп. Бірақ, мойып келе жатқан бірі жоқ. Шіркін, жеңіс қуанышына не жетсін!?. Түстік жерге шығып, анадағы төбелерге жеткен соң, қолды тоқтатып, екі биені сойып, қол ыстық ішті. Қолбасы: -Аба, жылқының мөлшерін шамалаңызшы, ерімен келген атты бір-бірлеп санаңыз!-деп, аз-маз тынықты. Карауылдағылар артымыздан көрінген жорғ- лаған тышкан жоқ- деседі.
Жылқы саны екі мыңнан аспаса, кем емес сияқты. Баймұрын: “Екі жарымға тартады- дейді. Ертоқымды атекі жүз елуден асты. Енді жылқыны тықпалап айдамай ауық-ауық тыныстатып, көгалды, я калың бетегелі жерде біраз жұлғызып-жұлғызып келеміз. Таң біліне соңғы қонған биігімізге жетіп және тыныстап, ыстық ішіп, қолды іріктедік. Соғыс үстінде жылқыны айдаған жігіттер тындау екен.
Баймұрын мен Дулат ақсақал (Мамайдың Байшо- расының батыры, жетпіс жасқа жасы келіп қалған) бастаған он бестей жігіт солардан іріктеліп, өзге жігіттерден жарасы жеңілдеу жиырмаға тарта жігітті барлығы отыздан астамымыз тосқауылға қалмақ бол- дық. Қолбасы бала ұйықтаса болды қатты ыңқылдайды. Тымағын басынан алмайды. Көзі ісіктен көрінбейді. Ісік бетінде іркілдеп тұр. Жылқымен ілгері жүре бер дегенімізге үн қатпай, тосқауылда қала берді. Бесбесбай ат үстінде де ыңқылдайтын болды да, сәске түсе:- Аба, біз бұл бетімізден бұрыла жүрейікші!- деп, қиыстай тартты. Он шақырымдай шыққан соң, бір биік түбіндегі бұлақты көріп, артқа көз салсақ, біздің қол келеді, әлі қуғыншы көрінбейді. Оны көрдік те бұлаққа кеп аттан түстік. Жер таза екеніне көзіміз жеткен еді.
Енді бала сеңсең тымағын алып еді, басын көріп жүрегім тіксінді. Басы бас емес, шоқы. Бітеу жара деген сөз жетпейді. Ісігі іркілдеп, көгеріп талаурап кетіпті. Бала батыр шөке түсіп отыра кетті де «Аба басымда қыл шылбыр мен таңып алып едім. Көріне ме?» деді. Көрінбейді. Екі шекесін қысып қарап көрсем, қыл шылбыр басқа еніпті де, қылдары әр жерде қылтияды. Батырқылыштың ұшымен шетін алып көруді сұрап еді. Шылбыр тым терең енген. Өйтуге болмайтын болды. Енді бала есі кейде ауып, кейде кіріп, басын тіліп, Рысуын ағызуды өтініп болмады. ЬІстығы қол тигізетіндей. Бас құйқасын тіліп, қанды сары суағызылмаса, баланың мың жаны болса да тірі қалуы екі талай еді. Селебе пышағыммен батыр басының кұйқаеын төртке тіліп-тіліп жібергенде, шапшыған қанды сары суы бетімді жуып жіберді. Батырым есінен танды да қалды. Жаным ашиды-ақ!.. Басын тіземе салып отырып, ақырыңдап сауа сығып отырып, бітеу жарадан болған сары су, қанды іріңін тауысып, таза бұлақ суымен жуып басын таңған қыл шылбырды бірсін-бірсін кесіп алдым. Бала сол бетінде тұяқ серіппей ұйықтады да қалды. Биікке шығып, қолға атой беріп, әрі батырды күзету мен тосқауылға жиырма жігітті алып қалдым. Баймұрынды алға бір түстік жерде шалғында отыруды тапсырдым. Қуғын сезсек біз де, ол да бір-бірімізге хабар жіберуге тиісті болдық. Өйткені,қолбасының қашан оянып, қашан ес жиятыны мәлімсіз-тін. Ертеңінде, салқын түсе, қолбасымыз оянып, ес жиып тамаққа қарады. Жас неме ғой, етке тойған соң, сәт санап сергіп күшіне ене берді. Сал бөксе боп боп қалған төл аттарымыз да терін кептіріп, қунаған-тын. Бәріміз де бір ауыздан ең соңғы қауіпті түн осы дестік. Ел адамдары екі күн жиналысып енді бесінші төулікте бізге жетуге тиіс. Жылқы соңынан ат басын еркін жібердік. Соған дейін Ақбоз ат алдына ат түсер деп ойлаппын ба? Ақ бозым шыға созылып зымғап берді. Қолбасымыз екінші ілекте келеді. Аттардың алғашқы қарқыны басылып шын жүйрік бауыры жазылар жер шапқанда Бесбесбайдың Ақкөгінің құлаштап, кеп қалғанын байқадым. Ақбозыма тақымды қанша қысып, атым қанша зымғағанмен Ақкөк ат қоймай жетіп, көп таласпай-ақ алдыма шықты. Осы арада менен де, атымнан да аруақ қашты деген ойым расқа шықты деп білдім. Бір ғажабы бала батырға бұрынғы қызғанышым оянбады. Ісіне сүйсінгендеймін. Оған сүйсінген сайын Абайдың мұның кімдігін танығанына таңдана түсемін. Халқымыздың бір нақылы де есіме келе береді. Ертеден “Бақытты аттың соңынан құнаны, бақытты ердің соңынан ұланы туады дейтін. Әлде бұл жігіт ел бақытына-туды ма екен?!!
Қолдың қолбасыға деген бейіл құрметіне сынмен қарауға ауысамын. Келе жатқан жолда көп жігіттер маған қарайлап, шешімді сөзді менен күтіп келгентін. Енді олай емес, бала басшыға әбден сенгендік байқатады. Не сөзі болсын табанда орындайды. Оны жассынатын бірі жоқ сияқты. Оның ісі кілең батырлар ішіне қонғаны күмәнсіз секілді.
Қуғын жоқ боп шықты. Батырлар да сергіп, әңгімеге әзіл-күлкіге ден қоя бастады. Төл аттарымызды босатып, жаудан алынған аттарға міндік. Жануарлардың арасында не сәйгүлік кезігеді. Бөрі де ер азаматтардың жанына балаған аттары ғой. Мен ептеп соғыс жайындағы пікірлерді суыртпақтап сұрай бастадым. Күнімен тостық. Қуғыншы жоқ. Бар жігітпен сөйлесе берем бе, тыңдағаным Дулат батыр мен Баймұрын болды. Екеуі де сөзге жоқ кісілер. Екі батыр да Бесбесбай қайратына риза, ал оны қолбасы еткен Абай сыншылдығына қайран қалады. Дулат қарт:- Құнанбайдың мына Абайының білетіндігіне өлшеу жоқ. Торғай атамыздың немересі Байтөреұлы Бесбесбайды қайдан тапты екен? Бұл өзі бұрын көрінбеген жап-жас неме емес пе? деп бір қояды.
Баймұрын болса, «Біз Даукең екеуіміз ұрысқа жыл- қыны суға саларда, судан өткен соң араластық қой. Оған дейін соғыс барысын сырттай аңыстап, жылқы- ны шашау шығармай, суға карай аудара бердік. Ой- пыр-ай, не қылған соғысқыш ел!.. Бесбесбайдың «Абылайлаған» даусы өзіне жау шақырғандай болады. Не бір дию жігіттер «Абылайлаушы» қолбасы екенін аңдап алын, ортаға алып жабылып береді. Жүн сабағандай сабайды. Аты мертіксе, не болады деген ұры ой басы- ма келгенде сенің сақтығыңа ырзалығым ше? Қолбасыны қорғауға қойған үшеуіміз-Бөдей Жамансары, өз ағалары Көшбесбай, Жарқымбайлар қылған қайратта есеп жоқ-ау!.. Батырдың өзі алдын аршығанда бұлар екі қанатта екен. Әсіресе, Жарқымбай батыр атының алдына жан жолатпауға бар қайратын салғанын көзім көрді, Баланың өзі ше?!.
Сол қолында шоқпарын үйіріп жау ағашын тигізбесе, оң қолындағы сойылмен алды-артыменбірдей ұрады. Адамның аруағы көтерілетін уағы болса, бұл баланың сол түні аруағы көтерілген, өзіне деаруақ қонған, қорғаған сәт түні болды.
Бұл сөзге не айтарсың?.. Менен өзге жігіттердің бәрінің жүзі жарқын... шынын айтсам, бұл менің күнім сөнуімнің басы екен.
Елге де жеттік. Екі күн бұрын хабаршы жібергеміз Әрине Абайға кетті ғой хабаршы. Абай «Қара шаңыраққа - Өскенен шыққан үй, Зере, Ұлжан бәйбішелер аулына келсін», - депті. Тобықты елінің бас көтерер басшылары түгел жиналған. Онда қажының - Құнекеңнщ көзі тірі. Өз тұрғыластарымен өзі - бір төбе. Жас бозбала, жігіт - желең түстік жерден қарсы алды.
Ел бауырға түспей, бізді тоспалап отыр екен. Абай ауылы Бала Шақпаққа қоныпты. Жылқыны Байқошқар өзені бойына өрлете салдық. Бозқасқа, ақсарбас айтылып сойылуында есеп жоқ. Біздің келуіміз екі күн тойланды. Бесбесбай қасынан мені екі елі тастамайды. Бұрынғысынша төр менікі, менің бағатыным - Абай. Абай өңінде де мені ұнамаған белгі жоқ. Үшінші күні олжа үлес болды. Үлес Абай аузымен бөлінді.Абайдан шақырту келді. Абай Оспан үйінде жалғыз екен. Үстіне кірген маған көзінің болатын салып қарағанда, шөгіп кеткендей болдым.
- Е,е, Абылғазы! Талай салыстырған тарлық сенде де бар болды-ау!.. Қайыр, бұл жолғыңды ұмытайын. Бұрынғы Абылғазы боп жүре бер. Аруақ кешсе, кешірдім мен! Бар!..- деді. Тірі шықтым десем де, өліп шықтым. Осы жолдан былай күнім сөнді деп ем ғой. Бұдан соң, қол бастап көргем жоқ. Үш балам Манқа, Тілеуке, Арыстан атқа мінген болады. Қой ұрының аз- ақ алды. Иә, Абаңның бала-немерелері маңайын қан- қақсатқан ұры болған. Маңқа, Тілеуке нәубетке дейін бар екен. Соңғы өмірлерінен хабарсызбыз.
Ал, Бесбесбай Торғайдың Жабағысының ұлы Байт- өреден туады. Бесбесбай бәйбішесі - «Абай жолы» романындағы Әнет руының қызы Балбала. Бесбесбай дүниеден (1863-1919ж) Тобықты елінің бас қолбасшы- сы боп өткен. Міне, Көкең тауына көз тігеміз де, Мәшhүр Жүсіптің бір сөзі еске түседі. Мәшекең Қалмақтар Сарыарқадан айырылған соң «Тегелеңдей тау қайда, Жекендей жер қайда?» деп жылайды екен дейді. Ол туыстарымыз «Д» дыбысын «Т» деп сойлеген. Иә, көріп жүрміз екеуі де жер сауырсыны – ақ! Көкентау Шыңғысқа келе жатқандағы алғашқы аталарымыз іргесі тиген жер ғой. Блімізді ел еткен (біз үшін) Қабекеңмен сөйленер тарихи сөздер де осы жермен байланысты. Әне Көкеннің үлкен асуы Кеңсай, оның түстік қапталында Әлмағамбет әншінің Қарабұлағы. Қарабұлақ үстімен, Көкеннің Шығысын аралап жүрсең, Көкентаудың иесі Уақ атамыздың белгілі адамдарының қонысы «хандар» сайына барамыз. Ол - Абаймен сыйлас, ұлы ақын басына орыс ұлығынан қауіп төнген 1885 жылғы Қарамола съезінде серік, сүйеніш болған Әлімхан ақсақалдың, атақты әнші, сазгер ақын Мұха Әділхановтың да қонысы. Екі қадірлі азаматтың жерленген жері де осы сай. «Қабірлерің нұрға толып, Алланың рахметінде бо- лыңыздар» деп дұға қайырамыз!
Осы арадан солтүстік батысқа көз тіксек және бірер жер көлемі көзге шалынып, «бізде де сен сөйлер тарихи әңгіме бар емес пе?» дейтіндей. Алғашқысы Құмкөл ғой. Оразбай бай Абайға қыр көрсеткендей Көкеннің момын еңбекші еліне барымташы қол аттандырып, жылқыға талас шайқас осы Құмкөлде болады.
Мұқаң Оразбай жасақтаған барымташылар тобына Бесбесбай батырдан бастап, Тобықтының өткен ғасырдағы Саптыаяқ, Дубай, Жарқымбай, Құлайғыр, Күсен секілді батырлары түп-түгел аттанып еді дейді. Мұқаң мұнда да көркемдік шындыққа барып отыр. Оразбай жасағының Уақ еліне шабуылы 1897 жылы болған. Қолбасы Ескене Жуантаяқ Мұса батыр. Бұл барымта - Оразбайға абырой әпермек түгілі әлек әкелген абыройсыз іс болды. Барымташыдан он үші қолға түсіп, Семей абақтысына жабылып, Оразбайдың орыс ұлықтарына пара –пұлды.. Малды оңды – солды шашуымен азар басатылған. Мұқаң жазғанындай Абай бұл қо күшіне, Оразбайдың барымтасына барынша қарсы боп, әділетте, момын жұртжағында болады. Осы жөнде біз бірер үзікестеліктерге тоқталамыз. Қолбасы Мұса 1933 жылы Рубцовкада өлген. Беріге дейін ұрлық істеген кісі Ал, Мұқаң романда одан гөрі ірі батырлар есімін ұлы кітап кейіпкерлері деп алғанды жөн көрген.
Абай жайында көп дерек берген Қатпа әкесі Қорамжан мынаны айтқан. «Абай шақырып ап «мына хатты Көкенге, Нұркеге апарып бер. Оразбай Төреқұдық, Қаракұдыққа қол жинап, ертең Уақтың Құмкөлдегі елінен жылқы алғызғалы жатыр. Хатты тезірек жеткіз!» деп жіберді. Былай шыққан соң, ойлана келе, хатты Нұркеге емес, Төреқұдыктағы Оразбайга әкеп бердім. Оразбай барымташыларды аттандырғанда ішінде болдым. Барымташылардың жолы болмады. Соғыс басталғанда, әзір отырған Уақ жұртының қимыл-қарсылық шайқасынан сескеніп, қорқып қашқан он үші қолға түсіп, аяғы шаттаққа айналды. Сол келген бетімде Оразбай қасында қалдым. Үйім Абай аулында. Онда баруға бетім жок. Сол сенделіспен бір айдан артық жүріп, ақыры бір түні атымды далаға тұсап тастап, ерімді аркалап, Ой- құдықта отырған Абай ауылындағы үйіме жасырынып келіп, қонып шықтым. Абай үйінде, Абайға шай үстінде кеп, сәлем бердім. Абай дағдысынша: -Ой, Қорамжан, сен әнеукүнгі хатты Нұркеге апармапсың, Оразбайға беріпсің ғой, - деп, даусы зілді шықты. Мен де жалма-жан:- Абай, ол күні Сіз Тобықты емес едіңіз. Мен Тобықты емес кісінің тілін алам ба?- дедім. Абай аңырая қарап:- Иә, Қорамжан, ол күні мен Тобықты емес едім. Шайға кел!
деп сөз өрбітпеді. Бұдан сон Абай хат жөнінде сөз еткен емес.
Қанай алқабы шүйгін шөп, мол сулы, мал өсіруге таптырмайтын қорық. Қысы аязды, боранды болған((мен, шаруа адамына қолайлы - ақ жер. Ертеде Тобықты жүргіншілерінің қонып жатып, ауылдарын ығыр қылған жерлері.
Қанай жері хақында Абайдың «Қыс» өлеңімен бай- ланысты ғалым Қайым Мұхамедханов пен абайтануАбай мұражайының қызметкері Бейсембай Мұздыбай маркұм арасында аз-маз айтыс туды. Біз сол өнінде өз пікірімізді білдіре кетсек теріс те болмас
- дейді.
Кәкең болса, «Абай бұл өсиетті Уақтың Қондыбайы, Қанай кедейлеріне жер жалдағаны үшін берме деп отырған жоқ. Тобықтының жерін жалдайтын Қондыбай Қанайына берме!»- дейді деп, 1940-45 жылдарда Абай шығармалары жинағы Мұхтар Әуезов сарашылдығымен шыққан түсіндірмесіндегі «Қондыбай, Қанай қыста жылқы жайылысына жерін жалдайтын Тобықты шалдары» деген сөзін дәлел етеді.
Мұхтар Әуезов 1940 жылы осы Қанай қонысын білмей отыр ма? Өз қонысы Бөрілі Қанай қарағанынан қашықтығы 18 шақырымда көрініп-ақ тұр емес пе? Мұқаңның жылқы табындарына жерін жалдап беретін Қондыбай, Қанай Тобықты шалдары дейтіні несі? Қондыбай, Қанай деген кімдер?
Абай «Қыс» өлеңін 1888 жылдарда жазған. Ол кез - Тобықтының Қондыбай, Қанайының тірі кезі не өлсе де ұмытылмағанестегі кезі.
Қондыбай Сарыұлы Кішіктің бәйбішесінен туатын Саңмұрынның Байқара деген баласының бірі. Біз шы- ғарманың бірінші, «Ақшоқы - Абай мекені» деген өлімде Мұсақұл шайқасында Жігітек батырларына Қарсы ерекше қайрат көрсеткені үшін Құнанбай Қонайға Қарабиік, Әнет Дүйсембайға Көкбиікті, Топай рыбайға Сарыбиікті берді дегеміз. Бұл бабаларымыз жер қойынында болғанмен, сол жерлер марқұмдаресімін ататқызып бүгін тұр. Ұлы Мұхтардың «Жер әңгімеші, жер әнгімеші болған соң - ел әңгімеші» дейтің сөзі осы емес пе?!
Қондыбай Қарабиігі Аршалы, Ешкі өлмес таулары мен Берікқара, Ақшоқы биігінің арасында Оразбайдың Төреқұдық, Қарақұдық қонысының желкесіндетұр. Қондыбай, Сарыбай, Дүйсембайлар бұл атырапты Уақтар тастап кеткен шақта 1850 жылдар мекендеген. Мұсақұл шайқасында отыз жастан аз асқан азаматтар десек, Абай «Қыс» өлеңін жазған кезде тірі де.
Қондыбай қонысынан Көкенге дейінгі жерлер иесіз. Оны Қондыбай иеленіп жүріп, неге байлар жылқысына майлап, қысқы соғымы мен мінісін айырмайды. Қанай ісі де осы секілді болады. Тағы да шығарманың осы бөлімінде Құндызды - Шет бойын Тобықты алғанда (Қисық - Доғал билігін еске түсіріңіз) сол жерге ие бо- лып күзетуді Қүнекең Есім руының Қанай батырына тапсырған. Барақ батыр бұрынғыша Саға бойына көшін қондырмақ болғанда, Барақ төренің бетін қайырған, көш жүгін түсіртпей, қондырмай жіберген кісі - Қанай.
Құндызды - Шеттен Архат, Бұрхатқа дейінгі бос жерді Қанай батыр да иемденіп, Тобықты жылқы қостарына майлап (жалдап) ол да соғымы мен мінісін айырды дейміз.
Қанайдан алты шақырымда оңтүстік Шығыс бетінде созылған бел «Итжон» жатыр. Шынында да, мейлі түстігінен - Тышқан, Бөрілі жағынан, мейлі терістігінен - Қанай жанынан қараңыз бүкеңдеп, тіміскілеп жүрген иттің жоны іспеттес бір бел ғана. Соның Шығысынан сәл биіктеп Қашама, Серікбай қонысы жатыр. Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңі осы қоныста жазылғаны белгілі.
Қашама - Итжонның терістік кемері. Апан-құдықты кемердегі тасты қашап отырып қазғаны көрініп түр- Апан-құдықтарда көбіне су кілкілдеп бетіне шығып тұрса, су төмен түсетін құрғақшылық жылы құдыққабырға тастарының жер тасы көрініп тұрады.
Қанай қарағанының түстігінде, асфальт өтетін темір көпірдіңоңмен солында қарағанды өзек созылып жатыр. Батысы Сартуақ түбегіне ұласса, сол Итжонды бауырлап Бөрілі, Байғабыл, Аралтөбе, Тышқан биіктерімен төбелеріне жететін жазық болады.
Тышқан, Талдыбұлақ Ақылбай Абайұлының, оның бала, немерелерінің ата қонысы болған. Басында Ақыл- бай Нұрғаным қолында өскен шақтан бұл манды күзеу етіп, кейіннен 1875-80 жылдарында қора-жай салса керек. Нұрғанымның кейінде Құтайба қолына ауысып, Тесіпшықканнан қора салғызып, Үлкен Ақшоқыға, Құнекең зиратына жерлегенін айтқанбыз. Тышқанда үлкен зират бар. Сол зиратта Ақылбайға әкесінің әлемдік мерекесіне байланысты Маңғыстаудың Ұлутасынан тұрғызылған кереге там тұр. Біз білетіндерден зиратта Ақыл ағаңнан өзге бәйбішесі Ізкен, жастай өлген Әлімқұлұлы Тайыр, Әлімқұлдың өзі жерленген. Ақыл ағаң дүние салған соң, бұл қонысқа ие Әлімқұл болады. Ақылбайдың Өлімқұл (1879-1914), Өубөкір (1881-1934), Исраил (1895-1959) дейтін үш ұлы болса, солардың ел тоқтаған кісіліктісі Әлімқұл екен. Өлімқұлдың болыс кандидаты болғаны, жүйрік аттар ұстағаны айтылады. Ал, Әубәкір ақын жеке тұлға ғой. Қазірде Абайдан қалған ер ұрпақ та осы Ақылбай - Әлімқұлдан. Әлімқұлдан - Бөғыфур, одан - Эрнест, Бауэр, Айдар. Айдардан - Данияр.
Мұқаңның Бөрілі, Аралтөбе, Тышқан қоныстарына соңғы келгені 1943 жылдың 27 шілдесі болды. Мұқаңның сапар соңынан «Ақын елінде» атты жолсапар әңгімесін жазғаны мәлім. Сапар мақсатын майдандағы іні-шәкірті Мәлік Ғабдуллинге жазған хаты толық ашады.
«...Қыс бойы, осы шаққа шейін де көп жұмыс істеп істеп Қаладан шықпай, колхозды да көптен көре алмадым. Сондықтан, бір жағы демалыс, бір жағы жүріс Абай ауданына жүрейін деп отырмын. Жолдастарым Жақсы - Есмағамбет пен Сапарғали Бегалин. Августың 15-інде қайтып келеміз. Бұл барыста романның екенші кітабына керек пейзаж, көріністер, табиғат ерекшелігі сияқты бояуларды, әсіресе айырықша жия қайтпақпын. Бұрын роман жазбай жүргенде өз ауданым жалпы біліп жүргенім жеткілікті сияқты еді. Арнап, қадағалап суреттеуге кірген дегенде қайта карап, сол Жидебай, Түйеөркештерді қайтадан көрід алу сияқты мағлұматтарым бар»...
Сапарын Мұқаң өзінің кіндік қаны тамып, қозылақ қуып, бұзау мен құлын мінген, тай үйреткен Байға- был-Тышқан атырабын аралап, ата-ана, аға жеңгесі Ділдәдай ана басына барып, тізе бүгіп, дұға оқумең аяқтаған ғой.
Ұлы жазушының сапары жемісті болғанын «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабының «Оқапта» тара- уын оқығанда, Абайдың Салбурындағы және Тоғжанмен кездесер жолындағы суреттемелерінен көздеріңіз жетеді. Мұқаң Ұлы ақынның «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі мен (1888 жылы жазылған), «Мен не болсам болайын, сен аман бол!» дейтін Абай өлеңінің туу сәтін түлғалағанын, «Қыс» өлеңіндегі «Алты қанат ақ орданы» шайқалтатын ақырған арқа боранын суреттеу арқылы қарасөзде ақын атасымен жарысқан- дай болғанына кім таңданбайды.
Мұқаң сол 27 шілде күнінің үлкен бесін әлетіндегі Бөрілі-Аралтөбе - Тышқан жерін аралауын Тышқанның «Қарасуына» шомылып барып аяқтапты.
Сол сапардағы жалғыз серігі Қайым Мұхамедханов бұл жолғы естелігін былай аяқтайды.« ...Үшеуміз Тышқаннан, Ақыл ағаң басына дұға қайырған соң, көш жолымен Тышқанның Қарасуына келдік. Мұқан біздерге аттарды тұсап жіберуді тапсырып, өзі шешіне бастады. Біз аттарды тұсап жібергенше, шешініп суға түсті де кетті Біз де суға түстік. Мұқаң судан бұрын шығып, жерден бірдеңелер алып жүрді Судан шығып, киінсек Мұқан түсі жылып, көңілді кезіндегідей көзінен нұр төгіліп, тас үстінде отырды. Біз тездеп киініп, қасына келгенімізде:- Сендер суға каймақ жалата білесіндер ме?- деп, кішкене жұқа қалақ тастар берді. Бағана сол қалақ тастарды жинаған екен. Мұқан: «Бала кезімізде Бөрілідеп осы қара суға, сиыр соқпағына түсіп, жаяу кеп, шомылушы ек» деп күлімсіреді. Мұкая жадыраған соң, Кенже ағаң екеуіміз де көңілденіп, сол көңілмен суға тас жалаттық.
шыланбаған кез.


Бағанағы ұжым аулы Тазабекке келсек, ауыл орында бір жеңіл машина тұр. Жүргізушісі ауылдың жалаңбұт балаларынан машинасын қорғаштап жүр. Мұқан Қарауылда отырып, облыс атқару комитеті төрағасымен сөйлесіп, Тазабекке сол күні кешкұрымға машине шақыртқан екен. Онысын дағдысына сіңген сақтығына салып, маған да айтпаған. Сол бетімізде Семейге келіп едік» - дейді Кәкең.
Тышқан Қара суы Бөріліден Байғабыл төбелерімен төтелеп жүргенде төрт шақырымнан аса қоймайды. Қарасу аса үлкен емес. Аумағы 240 шаршы метрдей ғана. Терең де емес. Көзді су болса керек. Өзге бос сулар құрғақшылық жылдары құрып қалғанда, бұл су тартылмайды. Ал, Мұкаңның бала кезінде терең де, аумақты шығар. Ол кезде жер сулы, нулы, табиғат тап-


Біз 1920 жылдар басында Тобықты елінде талас- тартыстар қатты өршіді дегеміз. Тап тартысының, иә рушылдық тартыстың өршуі дейсіз бе, өзіңіз біліңіз. Әйтеуір, сол тартыс зардабының осы атырапқа, Абай артына соққаны анық. Тартыста жер мұрасын даулап, Абай артына ие Тұрағұл Құнанбаев бастағанын, қанша ауыр болсын, айтпасымызға жол жоқ. Оны атап өтпей бұл қоныстың кейінгі баяны ашылмақшы емес.
Тұрағұл Әйгерім балаларына шұрайлы қоныс тимегенін, бәйбіше балалары жердаң саурысына ие болып отырғанын жарияға шығарып, мұра даулауға кіріседі. Ақыры дау Шәкәрімнің билік айтуымен тынады. Бұл шақта Ділдә бәйбіше немерелерінің сөз ұстары Өлімқұл өлген. Әубәкір, Шәбеп дүниәуи істен каперсіз адамдар.
Кәкітай дүние салғанына да жеті жылға жуық уақыт өткен. Шәкәрімнің билігі қазақтың ежелгі мұра заңына сүйеніп айтылады. Жердің бірінші таңдауы бәйбіше, Жүсіпқызы Алшынбай Ділдә балаларына ғерілген. Оған бәйбіше балалары қара шаңырақ Оспан Үиі отырған Жидебайды, екінші таңдауда Әйгерім балалары Ділдә отырған Аралтөбеге көшіп, Тұрағұл кіші Кілоқыны иеленбек болады. Әйгерімнің 1919 жылы дүние салғанын еске алыңыз.
Ділдә қолында бәйбішенің жұмсауында жүретің Өскенбайдың інісі Мырзатай ұрпағы Қарабекұлы Мұқаш мынаны айтқан еді. Мұқаш 1969 жылы желтоқсанның 20-25 күндерінің бірінде Қасқабұлақта 76 жасында дүние сап жерленді.
Ділдә бәйбіше, Мағауия үйі Дәмегөй бөйбіше бар бауырға Аралтөбеге көшпекші кез. Ділдә болыс Тұра- ғұлды шақыртты. Тұраш Үлкен Акшоқыға келген екен. Шақыра барған мен едім. Бәйбішенің үстіне Тұраш кіріп сәлемдесіп, Ділдә апай:

  • Әй, Тұраш, мені өз қолыңа ал! Мен көшпей өз қолында қалайын!- деді. Тұраш:- Анам-ай, анам-ай, ол не дегенің? Біреу ренжітті ме?- деп еді. Ділдә:- Жоқ, Тұраш! Сөйт, қарағым!- деп, зекіп дауысы қатаң шықты. Тұрағұл бәйбішенің аяғын құшақтай жата кетіп, жылап жіберді.

  • Анам-ай, анам-ай! Ақ сүтінді еміп едім. Сонда да кімнен туғанымды білемін ғой. Менің отқа түскенім аз ба еді? Бұл не қылғаның? Аясаңшы мені!-деп жылап отырды.

Ділдә бәйбіше отырып-отырып, жылап отырған Тұраштың кетуіне рұқсат етті. Тұрағұлды бәйбіше ба- урына салып өсірген ғой...
«Бұдан соң аулымыз Кіші Ақшоқыны тастап, бауы- рға Аралтөбеге көшті»деді Мұқаш. Тұрағұлды Ділдәнің баурына салып өсіргенін, Мәкен анамыз өзінің Абайды «әке», Тұрағұлды «аға» дейтінін айтқан еді.
Иә, бұл қоныс Аралтөбе десе, Аралтөбе. Тышқан жағын Қарасу өзегі, батысында сулы жар-жыра қоршаса, түстігін Тізесу алқабы қоршап, Аралдағы оқшау төбе боп тұрады. Бірақ, кейінгі үлкендер Мағауия дегенді ұнатқан. Жұрт қазірде де Аралтөбе делінетін ертедегі атынан гөрі Мағауияны көбірек айтады. Бұл Ділдә, Мағауия үйі - бәйбішесі Дәмөгей, балалары Жағыпар, Бабыр, Құтайба, қыздан Кәмила, Рөпила, Нөркес, Ләйлә, Ишағы, Ғазел бар, бірөңкей асыл балалар өскендіктен, әм Мағауияның тірісінде халық сүйіктісі азамат болғаны есте ұсталып, «Мағауия есімі атала берсін», «ұмытылмасын» деген халық ықласы болса керек.
Ділдә анамыз 1924 жылдың қысында 83 жасында өліп Әйгерім қасына жерленген Зиратқа екеуінен өңгеҚұтайбайданәйелі Текті қойылыпты. Бертінде 1987 жылы Бөрліде Мұқаң мұражайы ашылып, жазушының 90 жылдығы мерекеленгенде Әйгерім - Ділдә зиратынын құламаған бір қабырғасы ғана тұрғантын. Зираттың сондағы фото-суреті сақталуда. Абайдың әлемдік мерекесін тойлауға дайындық қарсаңында ақын әйелдерінін басына кесене-белгі тұрғызу мәселесі мемлекеттік деңгейде көтерілу үстінде ақын ұрпақтарынын, отбасының тағдырлары сөз болды.
Мағыстаулық Сайын Тоқтамыс, Жолан секілді аза- маттар Ділдәдай ел анасына жеке зират тұрғызылма- ғанына таңырқап, ана өмірінің соңы қайғылы, мұңна- ламенөткенін мұндап, Әйгерім мен Ділдаға жеке-жеке керегетам тұрғызуға бел байлап, іске кірісіп еді. Кейін білсек, сол азаматтар мемлекеттік құқы бар азамат- тармен заңды құжат, келісім қағаз толтырмай-ақ, ел мен аруақ үшін іске кіріскен екен-ау! Олар Әйгерім тасы сыртына өнер иесі екенін танытатын оюлармен өрнектесе, Ділдәның кереге тамына парасатты ел анасын ұғындыратындай еңселі қарапайым келбет берді. Бірақ, бізді облыс басшылары бір ұялатын іс жасады бұл істе. Ақылбай, Ділдә, Әйгерім кереге тамдарын салушылар келісім құжатын толтырмаған деп, ақысын әлі төлеген жоқ. Сайын мен Жолан марқұм жұмыс бастағанда-ақ Ділдә ана кесенесін «Абай еліне тартуымыз» деп еді. Азаматтар сол сөзін ұстады. Ал, билік басындағылардың екі кереге тамға ақы төлемейтін орайы жоқ еді.
Тұрағұл кіші Ақшоқыны алған соң да Жидебай қорығын алудың әрекетін жасаған. Осы күнгі Шәкәрім кесенесі мен Махмұт қорасының арасынан, кесенеден Үш жүз қадамдай жерге қора салып, қоныстанған. Бұл Шәкәрімнің де, Әубәкірдің де наразылығын туғызса керек. Әубәкір Еркежанның төркініне көшкені де айтылады. Жалпы Әубәкір Жидебайдан алғашқы да Қайын жұртына, екінші де Бақанасқа көшкен. Бұл туралы 1925 жазылған Шәкәрім өлеңі де бар.Қоштасты Әукеш неге су мен жерге,
Кәрі-жас, кейінгі қалған елге?
Хан ордасы секілді кайран орын,
Кез болды қапияда кұйын-желге.
Мінеки, дүниенің шолақтығы,
Адамзат дүниеге қонақтығы.
Тау қозғалса қозғалмас екі көшті,
Япыр-ай, осы кімнің олақтығы?!
Япыр-ай, осылар неге көшіп отыр?!.
Артын ойлап, Бабырды қолына алған,
Әулие ғой Абайды десіп отыр.
Әрине, дүние өстіп өтетұғын,
Әр кемелге бір зауал жететұғын.
Жалғыз-ақ Еркежанның жазығы не,
Абай мен бай қасынан кететұғын?!.
Болады мұның түбі кімге пайда?..
Құдайым қырсығынан сақтағай да.
Жел жүрсе, жел жағынан желкелейтін,
Үлкен үйді жоқтайтын Тұраш қайда?
Иә, Ділдә ананың өмір соңы мұң мен қам-қапада өткен. Аралтөбе елден шет, жатақ іспеттес. Абай, Мағауия заманын айтпағанда, мұндағыға қарағанда Ақшоқы - хан базар ортасы. Бәйбіше күні немереге түскен. Киімі жыртық, тамағы аш болмаса да көңілі ойсыраған өкініште, мұңға толған. Сондықтан да, ұлы аналық Ділдә өлер жылы (1924 жылы) жайлауға Аралтөбеден көшерде, Әйгерім зиратына кеп, Әйгерімге «Әй, Тоқал, сенің Аллаға тілегің менен гөрі бір табан жақын еді. Мені енді жүргізбей қасыңа ал!» деп сөз арнаған екен. Ділдәға арнайы зират тұрғызбай, Әйгерім қасына қоюда бәйбішенің осы сөзі себеп болған. Алланың арнағаны да осы жер шығар. Әйтпесе, Ділдә Абайға лайықты жар, ел анасы болған.
Қазіргі «Абай жолы» эпопеясының оқырмандары Ділдәны, сонша ақылды өнерпаз Ақылбай, Әбдірахман, Мағауиядай балалардың анасын Мұқаң бейнелеуі бойынша топас, дөрекі, іші тар, қызғаншақ адам деп ұғады. Мұқаң Ділдәны көрген, білген. Тіпті, кей деректердеМұқаң Кәмилаға қосылғанда Ділдә екі жасқа батассын берді деп те айтылады. Оның үстіне, Мұқаңның Абай халқыннда роман жазуға барлауы есепті Пушкинннің 100 жылдық мерекесіне байланыста 1937 жылғы «Татьянаныңқырдағы әні» (Татьяна в степи) новелласында Абай касындағы жары Ділдә берілген, оңда Әйгерім жоқ.
Мұқан ұлы романын жазу үстіндегі толғағында Абай әйелдерін бейнелеуге, Ділдәнің үстіне Әйгерімді алуын, әм Әйгерім бейнесін беруді сәтті шешкен дейміз. Алдымен, өмірдегі Ділдә ана болмысын өзгертіп, мар- кұмды топас, қызғаншақ етіп, одан соң Ділдәдан Абай- ды түңілдіріп ап, Әйгерімге кезіктіреді. Және Әйгерімді уыз ғашығы Тоғжан бейнесінде танып, Тоғжан салатын «Топай көк» әнінің үнімен ғашық етеді. “Әнді сүйсең, менше сүй” деп ақынның өзі айтқандай көркі, сәнімен де, күйлі үн сырлы әнімен де Тоғжан деп танып, Шүкіман есімін өзгертіп Әйгерім атын қояды.
Мұқаңның «кешкі лампының жарығымен ай жүзді, нәркес көзді, бұлбұл үнді Әйгерімнің ажымын қиялым- мен жоғалтып, Абайдай ұлы адамды тұтқындаған сұлу өңіне қарап отырушы едім» деуі де тегін бе?
Аралтөбенің аяғында Абай қыстауынан бір жарым шақырым қашықтықта «Тізесу» дейтін шұрылдаған су орны бар. «Тізесу» деп суы бетіне шығып жататын бол- ған соң аталған секілді. Бұл жер халқымыздың ұлы сазгері, ұлы әншісі Біржан салды көрген кезде кеудесіне шалғынын төсеген жер. Біржан көктемде, қар кетіп жатқанда келген. «Абай «сасық қамал қыстауда қарсы алмаймын» деп, салға арнап, Тізесуда үй тіккізді. «Бір балама босанып, орауда отыр едім. Дауысының несін айтайын, Тізесуда отырып салған әні Біржанның там үйде отырған маған қасымда отырып он салғандай естілуші еді» депті Әйгерім.
Ұлы Мұхтардың айтып таратуымен 1950 жылдарға халқымызға кең тараған, Күләш пен Жүсіпбектің, Ермекбастаған бар опера әншілерінің репертуарына енген «Ақылбай әнінің» дүниеге келген жері де осы ыхнқан мен Аралтөбе қонысы.
Мұқаң Ақылбайдың бұл ән сазының туу себебін шын иесі Тұрағүлға тіремей Мағауиямен байланыстырады.
Оның себебі, ол шақта Тұрағұлды Алашордакөсемінің бірі деп, есімін ататпайтын. Соған байланысты Мұқаң Тұрағұл орнына Мағашты атап, тоқал алуға Мағаш бара жатқанда шығарған ән деген. Әнші Әлмағамбет скрипка өнерін Семей қаласында Абай жалдаған өнерпаздан Тұрағұлмен бірге үйренгең. Әлмағамбетұлы Шабдан әкем мынаны айтты дейді; «Екі қыс орыс өнерпазынан скрипка үйреніп қайтқан соң, ертеңгі шай үстінде сәлем беріп, Абай ағама келдім. Абай: -Қайсысың жақсы тамамдадың?- деді. Мен үндемедім. «-Ә-ө-деді Абай ағам, - кедейдің көк шолағы бәйгеден келген екен ғой». Тұраш сабақты көп босатса керек.
Тұрағүл екінші әйелі, Делбегетейдегі Матайқызы Сақыпжамалға үйленгенде, асқан әнші, домбырашы, скрипкада ойнаудың шебері сол Әлекең (1869 -1932) бармай болар ма? Қалың қазақ Абайдан өнер жаңасын күтетінін біледі. Ендеше, Тұраш қайнына жаңа ән салып барғаны жөн болмақ қой. Ертең Матай еліне барып, өнер көрсеткен Әлекең Ақыл ағасына барып жаңа ән сұраса айып па?!
Әлмағамбет Ақыл ағасының денесіне жарасқан күпісіне кірердей боп бауырында тұр. Әлекең өзінің шаршы денесіне шақ жіңішке даусымен түсіндіріп жа- тыр... Түсіндіріп жатыр...
Етшең денесінің иілісін жаңа жазған Ақыл аған төңірекке көз салды. Күн көк жиектен асып кеткенмен қызыл торғыны тарамапты. Шығыс түстік ашық көк пердесін түсірген. Денесі сергіп кетті. Қораға қарай қоз- ғала беріп, баурына кіре тұрған Әлекеңе қарай:- Та- ңертең жүреріңде келе кет!- деп дауыстап, бұрылып үйіне беттеді. Әлекеңе Ақыл ағасының мына жүрісіәншейінгі қимылынан жітірек көрінді.
Аралтөбе ауылы бүгін ерте оянған. Аттар да ерте ұсталып ерттелігі дайын тұр, үлкендер де асығулы. Көп бөгеліс болмай құдалар тобы аттанды. Күйеулер де ере жүрді. Әлмағамбет қана Тізесуға жетпей Аралтөбе іргесімен Тышқанға бұрыла тартты. Бұған танданысқ- андар да бар. Інісін аттандыруға Мағаштың өзі келгенМатайға құдаларды бастап Мұқаметжан ағасы, қайына еріп келінін әкелуге Мөржан аттанды. Мағауиянын ол тараптан алаңдары жоқ. Ат алғызып ертетті. Пәлі, мынау Әлмағамбет үні. Ән шырқайды. Сарыны жаңа ән-ау! Біз естісін деп бұрыла жүрген. Ақыл ағаннан алған ән болды бұнысы. Бәрекелде, Тұраш қайнынамына жаңа әнмен баруы абырой ғой. Абай ағам риза болатын болды-ау!.. Ақыл ағам-ай, Дарын- ау! Теуіп сыртқа шыққан сәтін көрмей қалдық-ау!..

Бір ән тауып Әлекең бер деген соң,
Матайды алыс бір талай жер деген соң.
Он минуттей ойыма осы ән түсті.
Апаш-Құпаш қолымды сермеген соң.
Ішіккидім бұлғыннан құндыз жаға,
Жас дәуренді өткіздім бермей баға.
Ақылжан деп көп қыздар тұрушы еді,
Дейтұғын сұмдық шықты Ақыл аға.
Ақыл ағаң сазында, сөзінде де мұң бардай. Ақылағаң жастығын армансыз базарласа керек еді ғой... Әлде, пенделігі билік етті ме?..
Тышқан бұлағында Ақыл ағаң туындатқан «Дағыс- тан», «Зұлыс» поэмаларын не дерміз?!. Сонда бір шақта, осыдан бір ғасырдан аз-ақ бұрын осы жер ұлылық ұйыған даналық пен дарындардың жер ұйығы болған. Енді осы қоныста сондай дарындар болар ма, көрер ме екен?!.
Мұратты жеріміз - Бөрілі ауылы, Бөрілі қорығы. Бөріліні Байғабылдың аласа биігі кезектесіп келетін төбе адырлары қоршайды. Тек, батыс терістігі ашық, бірақ оны да алты шақырымнан Итжон белі көлденеңдеп жатыр. Түстік жағындағы адырлар екі атаумен - Шығыс шеткісі Сар жарық, ал түстік адыры Қара Жарық адырлары аталады. Екеуінің бауырын тұтас- тыратын қалың қараған батыста ендеп, Итжонның Ақтамақ қарағанына ұласады.
Әуезовтың іні-шәкірті Өлкей Марғұланнан ту-ту Баянауылдан қасқыр алар ит тұқымын алғызуында
аңшылық құмарлығы болғанмен, қасқырға деген өшпенділігіқысас бар.Біз Аққасқаны көзі көрген, екіншісі жазып кет- кен екі кісінің естелігіне кезіктік. Ахынайұлы Үбіғәли - ақсақал жасынан жылқы баққан кісі. Қожаның Арынбек - Ағзам дейтін балаларында қасқырдың албастысы, жойқын Аққасқа ит бар екенін, иттің кісі қабатынын да естиді екен. Сол кісі Қожа аулына кеп, кақпаны аша бергенде тұмсығында тұмылдырығы бар, көзі тасырайған тайыншадай ақ ит шыға келгенде шошып кап, «бұдан бұрын қимылдайын» деп қамшымен тартып кеп қалғанымда, «кыңқ» етіп үн шығармастан кора төбесіне жалғыз-ақ қарғып шығып кетті деді.Ал, Ниязбек Алдажаров Абай мұражайындағы естелігінде өзінің Асқар қожаның жиені екенін, бір жылы күзде нағашы шешесіне амандаса келгенде Аққасқаны көргенін жазады.«Мінгенім ақсақ тор құнан еді. Мен келген соң, бүйрек қарағаннан бұзауға қасқыр шауып, сиырдың өкірген даусы шықты. Ауыл «Аққасқаны шығар! Аққасқаны шығар!»- деп айқайлап жатты. Ағзам үйінен шығарылған ит қарағанға қарай жөнелді, төбе үстінде көріп тұрмыз. Сарбұлақ, Қаражарық адырына қарай қасқыр да, ит те борпылдақ ащы топырақты бұрқылдатып кетіп барады. Ауылда дайын ат жоқ екен. Бір жігіт менің ақсақ құнанымды мініп, артынан кетті. Бір шайқайнатым уақыттан соң әлгі жігіт бір арлан қасқырды бөктеріп алып келді. «Аққасқа ит өлтіріп тастаған екен» деді ол. Мен Аққасқаны сонда көрдім».Қожа аулында өскен Әлімбек Тұрғанбайұлы Мұхтар ауылға демалып жүргенде, бұл оның Кәмилаға үйленген кезі. Екі үй тіккендегі Дүзмембет туысқандар тойға шақырды. Тойға Мұхтар Майбасардың Оразғалиының жүйрік Көк бестісін мініп барды. Тойлы ауыл лақ берді. Лақ алған Мұхтар Көкбестімен ешкімге жеткізбей лақты Бөріліге әкеп еді. Біраз күннен соң Көкбестіні Саржарық бойында қасқыр жеп кеткенін естігенде ол қатты ренжіп, Баянауылда қасқырды қояндай алатын ит тұқымы бар екенін, содан аңшы ағасы Ағзамға бір- ер ит әкеп беретінін айтып отырғанын естіп едім – деген-тін
Әлімбек. Аққасқа, Сарқасқа иттерді Баянауылдан мұнда алғызу ойы Мұқаңа сонда туу орайы бар.
Бөрілі - бүгінде он жеті шатырлы отызға тарта от- басы мекендеген ауыл. Ауыл ортасында ақ шаңқанмұнаралы бейіт-кесене, Семей қаласынан келетін асфальт жол шетінде шатырсыз, бірақ көз тартар әсем көркі мен келбеті бар үй-жай бар. Бұл екі кұрылыс та осы атырапты мәртебелендіретін әлемдік атақ-абыройы бар құрылыс. Кесене биіктігі 9 м 20 сантиметр, басында айы жарқыраған Мұхтар Әуезовтың әкесі мен анасы - Омархан Әуезұлы мен Нұржамал Әбсеметқызы Әуез келіні мұнара бейіті. Іргесінде жазушы әкесінің інісі, жа- зушынын ұлы өмірі бағдарламашысы аяулы ағасы Қасымбек пен жеңгесі Ғалия Ахметбекқызы жерленген. Демек, бұл жер - шығарманың осы бөлімін Бауыр еліне мәртебе деп атандырған ұлы қоныс. Бұл қонысты мәртебелі деуге толық құқы беретін ұлы Мұхтардың «кіндігш кесіп, кірін жуған» алғаш жарық нұрын көрген, қарын шашы алынған, «тәй тәй басып», қаз тұрған орын болуымен бірге, бұл бұрын Абай мекен етіп, өзінің болашақ ізбасары Мұқаң әулетіне сыйлаған қоныс болуымен де даңқты, қасиетті.
Бұл хақында сөз етер, ой толғар кім де болса Ұлы Абайдың бұл шешімін Алланың Абай-Мұхтарға, сол перзенттері арқылы қазағыма, қазағымның келешегіне түсірген жарық нұры деуіне сөз жоқ.
Бұл орынның ғажаптығы сонда осы Бөріліден 20 шақырымда Абай, мұнда Мұхтар туып, айналасы қырық жыл аясында бір өлкеде бірінен соң бірі қос ұлы адам туады. Бірі - XIX ғасырдың екінші елу жылы бойына, екіншісі XX ғасырдың бірінші елу жылдығында туған халқы ақыл - ойы мен өнерінің туы болған қос алып. Бұл екі елу жылдық бүкіл әлем тарихының дамуында түбегейлі ықпалы болған дүмпулер, төңкерістер ағыны дамуын әкелген ғасырлық мерзім де. Ал біздің туған ұлтымыз, үшін бұл жүз жыл бүкіл арғы-бергі даму, өсу жолындағы түйін де, белес те болды. Көкбай ақын айтқандай, «дүниеге қызыл-жасыл от шашылғантын. Халқымыз «түйені жел шайқаса, ешкіні көктен көр» дейді. Әлемдік держава Ресей ішекқарны аяғына басына түсіп, тек кеудесі соғып, ышқына бұлқынып жатқанда қазақтай аз халықтың азаттық алар сәт-мезгілі соққандай-тын.
Елім, ұлтым деп қаны бұрқыраған азамат сол жолда күреспек керек. Бұл шақта ұлы Абай рухы көкірексезімін ашқан қазақ жастарының озық легі оянып, туған ұлты үшін күрес жасағына қосылып жатты.
Мұқаң атасы Әуез оқыған, білімдар жан еді. Араб, парсы, түркі тілдеріне жетіктігінің үстіне Құран Көрімді меңгеруі Абайдың өзін таңырқататын. Абай өлеңдері, ғақлиясы Әуез қарттыңиманына айналып кеткен. Сондықтан да, ол қария өзі бейілі құлаған «Қоңырына» қара танысымен жатқа айтқызғаны Абай өлендері болды. Солайша, алты жасында жаттаған Абай шығармашылығы тағдыры белгілеп беріп, түсірген сара жолы, құтты жолы бодады.
Мұқаң, дәлірек айтсақ, әу бастан-ақ Абай жолына түседі. Абай жолы Мұхтар жолы болады. Мұқаң «Абай ауылы қазақ даласының академиясы еді» дейді. Енде- ше, Бөрілі сол академияның филиалы десек, болмас па?!.Аралтөбе-Тышқан Бөріліге нені жеткізетін еді? Ең алдымен, Абай ауылынан Бөріліге қазақ халқының со- нау-сонау ғасыр қатпарынан аңқыған сахара самалы мен түркі халықтарының, одан берідегі Әз Жәнібек, Керей, Қасым, Ақназар, Абылай замаңдарындағы ұлт бостан- дығы, жеке ел болу, тәуелсіздігінің иісі, сарыны соғатын.
Ақылбайдың «Дағыстан», «Қисса Зұлыс», Шәкәрім-нің «Ләйлі-Мәжнүн», «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Дубровский» дастандарын оқымаған, білмеген, жаттай алмаған бұл өңірдің кісілері бітеу кеуде, надан саналмақ.
Осы өңірде Ақыл ағаң қасында көп болатын шеркеш Қазақбай, оның баласы Ережептердің шалт қимылды, тік сөзді мінездері мен сіріңке қара, орақ тұмсық, бұйра шаш, қапсағай денелер, алакөз, сұсты өңдері ата- бабалары өскен Кавказ хақындағы дастандарды оқуға итермелеп тұратындай.
Ақыл ағаң дүниеден өткенінше сыйлас көрші, ерке жиені болды. Ол Нұрғаным ананың баласы ғой... Ақыл ағаң дастандарының, өлеңдерінің келісімі, сөз өрнегі, суреті қандай?!.
Зор зұлыс, Зодыр зұлыс, түсі суық,
Басына жан бармаған мұның жуық.
Алабас ақ бурадай бұрқыраған,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет