Бекен исабаев



бет4/8
Дата04.07.2022
өлшемі0,85 Mb.
#37470
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ұлылар мекені

1 - қатарда:
Құнанбай Өскенбайұлы - 1804 - 1886
Ысқақ Құнанбайұлы - 11 мамыр 1847-1902
Тәңірберді Құнанбайұлы - 21 көкек 1834-1906
Жақып Өскенбайұлы - 1814-1906
Солтанбек Өскенбайұлы — 1837-1907 Ызғұтты Шибайұлы - 1830-1908
Смағұл Құнанбайұлы - 1 маусым 1852-1932
2 - қатарда:
Әбдірахман Ибраһимұлы Өскенбаев - 1868-1895 Мағауия Ибраһимүлы - 1870-1904
Төлепберді Майшоқыұлы - 1828-1909
Құтайба Мағауияұлы - Ыскақ Ырсайұлы - 1860-1930

  1. қатарда:

Мағрипа Сүлейменқызы - 1873-1896 Мөржан Қамбарқызы - 1881-2.1904 Мәніке Шүрекбайқызы - 1846-1909 Нұрғаным Бердіханқызы - 1843-1908

  1. қатарда:

Жерленген марқұмдардан хабарсызбыз. Зираттың Кәкітай жақ бөлегінде:
Кәкітай (Әбдікәкім) Ысқақұлы - 1870-1915 Әуезхан Бердіханұлы -1830-1917 (Көкітаймен арасында бізге белгісіз бір адам жерленген).
Пайғамбар Хадисіңде дінге сенушілер кайтыс болған соң да оның пайдасына мынадай сауаптар жазылып тұрады.
Жұртқа берген білімі, туған перзенті, мұраға қалған Құраны, салдырған қонақ үйі,қазған құдығы, тірі кезінде берген садақасы, -делінген. Осы жер, осы ел иесі Құнанбай мырзаның хақ мұсылмандығы осы пайғамбар хадисіндегі шарттарға толық сай келеді.
Құнанбай Өскенбайұлының туған ұлтына арнап Меккеде салған Такия (қонақ) үйі әлемге мәлім. Ал, туған перзенті Абай марқұм қазақ халқының тарихтың не бір аласапыраны тоғысқан алмағайыпты кезеңдерінде құбыланамасы, бастаушы айшырақ құтыбы, күншарығы болған, мәңгілік болмақ та, бастай да бермек!
Ақшоқы төсіндегі осы бақилық қонысыңда Алла дәргейінде бола беріңіз, Жарықтық!

ҚАСИЕТТІ ҚАСҚАБҰЛАҚ


Бұл киелі орын -Қасқабұлақ хақында сөз етпес бұрын Сарыадыр жотасына тоқтамасқа болмайды.
Сарыадыр, Шолпан - бір-бірінен бөлек емес, Ақшо- қының шығысында, қарама-қарсы 17-18 шақырымдық қашықтықта Қашқынбай, Ойқұдық жазығын көмкеріп жатқан жота сілемі.
Әуелгі сөзіміз Шолпан жотасы туралы.
1957 жылдың қыркүйек айының 21-24 күндері ішінде Семей облысы өңірінде Ұлы Мұқаңның 60 жылдық мерейтойы мерекеленді. Жазушы тойы Аягөз қаласынан басталып, Семей - Қасқабұлақ, Қарауыл - Жидебай, Абай - Бірлік, Құндызды (ол кезде Жданов атындағы) елді мекендеріндегі халық мерекесіне ұласты.
Аудан халқын қуандырған - туған өлкесіне ат ізін жиі сала бермейтін жазушының бұл салтанатқа өзінің қатысуы еді. Сөз орайы келген соң айта кетейік, тегі қазақ мәдениеті ұлы қайраткерінің 40, 50 жасқа толу кезендері соған шекті мерекеленіп көрмеген де екен. 40 жылдығы 1937 жылдың жаппай жазалауына, 50 жыл- дығы 1947 жылдың космополитизмге қарсы қауырт на- уқандық күресіне тұспа-тұс келген. Демек, бұл салта- натты жиын той - Мұқаңның туған жері, туған елінде оның көзі көрген тұңғыш та, соңғы да мерекесі.
Қазір Мұқаңды көзі көріп, араласта болған ол кезде жас, бұл күнде мосқал тартқан көрнекті кей азаматтар- дың 60 жылдық мерекесі үстінде «Сіз көп мақталып кеттіңіз-ау» деген біреуіне, Мұқаңның «мақтаса, мақта- сын, ғұмырымдағы бір мақтауды да қимайсыңдар ма?!»,- дегенін жазып жүр. Мұқаңдай халқына еңбек етіп мақ- талғанның не артығы, не сөкеті бар екен?..
1957 жылы 22 қыркүйекте кіші бесін әлетінде Қас- қабұлақ ауылында жерлестері қоршауында тұрып, Мұқаңның «Сіздер мына адырды да Қасқабұлақ адыры атайсыздар ма?» - дегені. Мақұлдай жөнелеміз ғой баяғы.
- Пәлі, жігіттер, адырды бұлақ атымен атап жүр екенсіңдер ғой, Адыр аты — Шолпан. Бұрынғылар мұны Шолпан адыры дейтін - деді Мұқаң.
Бұл сөздің жөні кейіннен былай анықталды.
Осы шығарманың «Ақшоқы атырабында» аталатын бөлімінде Өтепбайұлы Нұғыман ақсақал естелігінен әңгімелегеміз. Сол ақсақал «Шолпан - менің; әкемнің туған қарындасының есімі. Ол марқұм 9-10 жас ша- масында қара шешектен өлген екен.
1860 жылдар ішінде осы маңнан ығныстырылған Уақтар қол кұрап кеп, Тобықтыньщ шеткі ауылдары - Әнеттерді шауыпты. Өзге ауылдар жаугершіліктен ығысып, Акшоқыға көшкенде біздің ауыл Шолпан қыз натттар жатып көше алмай, қазір де «Қисық қорасы» деп жүрген сайға малын матап тастап, тығыла қонып отырыпты»,- деген-ді.
Шәкәрімұлы Ахат естелігінде Шәкәрім қажы атасы Құнанбайдың: «Менде Әнет, Қарабатыр, Жуантаяқ руларының қарызы бар еді, соларға сен қамқор бол!» - деген тапсырмасы болғанын жазады. Әділет иесі Құнекеңнің Әнет бабаң ұрпақтарына қамқор болуын Шәкәрімдей немересіне тапсыруын бабаң ұрпақтарына кезінде ел иелері (Олжайлықтар бүткіл Тобықтыны басқарып келгенін есіңізге алыңыз) қамқоршы болма- ғанын ескерді ме екен деген ой оралады бізге.
Шолпан қыз қабірі үстіне ат бесік (сандықша) тұрғы- зылған. Атбесік орнын қазірде де табуға болады. Жо- таның шығыс бауырында мол сулы бұлақ бар. Бұлақ та Шолпан қыз есімімен аталады. Беріректе Абай шығармаларының көшірмешісі Мүрсейіт молда осы бұлақтың батыс терістігінде қора-жай салған. Оны бүгінгі ұрпақ Қисық (ол Мүрсейіттің үлкен баласы- ның жалған аты, шын есімі - Рақымбай, 1971 жылы дүние салды) қорасының орны деп атайды.
Соңғы кездерде Абай мұрасына зор үлес қосушы Мүрсейіттің жерленген жері, өзінің кім болғаны ха- қында да жиі-жиі сөз қозғалғанымен тиянақталмай жүр. Тіпті, молланың немересі, білікті азамат Рақымбайұлы Мүфтибектің өзі де ол кісінің жерленген жерін білмейтіндігін теледидарда жария етті. Бет қызаратын- ақ іс.
Оқырмандар мақтанды демесін, біздің Мүрсейіт мол- ла жерленген орыннан хабардар бірден-бір адам болу- ымыз ғажап та болмас. Өтепбайұлы Нұғыман әм Рақымбай қарттардың екеуі бірдей молланың 1917 жылдың мизам айының басында, ел жайлаудан қай- тқанда Бөкенші асуының аузында, Қаракемер деген жерде, ораза айты үстінде дүниеден қайтқанын айтқан-ды. Кейіннен Нұғыман ақсақал бар жайлауға бара жатып, асу аузына тақау, жол жиегінен жарты шақырымдай төбе беткейіндегі тас үйілген қабірге дұға қайырғанбыз. Мүрсейіт басына ескерткіш тақта қою кезегі келгенде көрсетуімізге әбден болады да.
Иә, Шолпан, Сарыадыр адырлары Шығыс оңтүстік- тен батысқа қарай созыла, бір-бірімен ұштаса біткен, көлденеңі енді емес, жота үстімен жүргенде екі қапта- лынан көзден таса қалтарыстары қалмайды. Міне, осы екі адырдың сол сай, жыра, жатаған бұлақ төбелерінен мөлдір сулы алты асыл бұлағы ағып шығады. Оның бірі - Шолпан бұлағы дегеміз. Ал қалған бес бұлағының бәрі де Қасқабұлақ аталады. Қасқабұлақ я төбе, я бет- кейден жарып ағып, алыстан да, жақыннан да көріне кетер жарқырап жатқан су дегенге саймай ма? Халқымызда «Уа, қасқа-ай!» деген сүйсіністі сөз де бар ғой.
Біз енді бес Қасқабұлақтың Шолпан жақ шеткісі - Ызғұтты Қасқабұлағынан бастаймыз. Ызғұтты есімі оқырмандарына таныс есім екеніне күмән жоқ. Ал сізге етене есім ғой.
Тек, Ызғұтты батырдың бұл ортаға қадірлілігін Абай Қасқабұлағынан қол созым жердегі бұл бұлақты күзеуге беріп, Құнекең асыл жиенін асыл ұлы мен көрші, қоныстас еткенін көрсеткіміз келеді.
Бүгінгі ұрпақ Ызғұтты батырды қажы нағашысына сенімді сүйеніш болған атпал азаматтығын аңыздап сөйлегенімен Қажы оған қыстау, жайлау, күзеу секілді қоныстарды қайдан бергенін, батырдың жерленген ор- нын да біле бермейтінін естіп жүрміз. Әуелі, бұдан ал- пыс-жетпіс жасты алқымдаған Абайлық ағайындар да бейхабарлық танытады.
Батыр жиеннің күзеуі - бұл Қасқабұлақ шалқып ағатын су емес, орта ортадан жоғары малы бар шаруаға суы қазірде де жетіп артылады. Бұлақ басына кеңшар кезінде қыстақ салынған. Бүгінде де 300-400 дей қой кыстап, Ызғұтты қыстағы аталады. Қыста кары қалың келеді. Бірақ қар қалыңдығының есесін іргелес тұрғаң Ойкұдық, Қашқынбай қорығы өтейді. Бұл орынды көргісі келушіні Қасқабұлақ ауылының терістік батыс шетінен Ақшоқыға шығатын жол үстінен түсіреді.
Енді ЬІрзаекеңе Қажы бөліп берген қыстау-қоныс қайдаға келсек, ол мекен Кеңгірбай би зираты тұрғаң қырқаның Оспан көлі жақ үсті. Қыстау орны әлі танылады. Батырдың үлкен ұлы зираты бертінге шекті құламаған еді.
Қымбатты оқушым, сізді мен ұлы ақын бабамыз кіндік қаны тамған, әлемнің жарық нұрын алғащ көріп,мөлдір суына да алғаш шомылған, Зередей әже, Ұлжандай ана, Өсекең мен Құнекеңдей ата мен әкенің ыстық алақаны мен шуақты мейіріміне бөленген орың бірде үлкен, бірде сырт аталып кеп, соңынан Абай Қас- қабұлағы деген дүние жүзіне мөлім, киелі атқа түбегейлі ие Абай Қасқабұлағына әкеп тұрмын.
Етпеттей жатып, қос алақаныңызбен алып суың ішесіз бе, жуынып, шайынасыз ба, топырағына тәу етіп, сыйынасыз ба,өзіңіз білесіз! Біздің деріміз: тілегіңіз періштенің құлағына шалынсын!
Ендігі жерде Мұқаңды сөйлетпей бола ма? «...Жаз- дың бір тыныш кезінде, Қасқабұлақта биікше тастақ төбенің басында кешкі ауылдың тірлік тынысын тың- дап Абай отырды. Бұның оқшау аулы сыртка шықпай, бауырда қалып, Ойқұдық, Ералыны жатақтармең көрші жайлаған. Қалың ел дырдуынан әдейі жырылып қалыс қалған еді.
Бүгін таңертең сырт жайлаудан көп жолаушы жас қонақтар, ақын, әнші достар келген еді. Абайға солар жаңа қуаныш хабарлар жеткізген. Абай сөзі халыққа жағып, кең жайылып кетіпті. Қарқаралы - Қоянды жәрмеңкесіне жиналған төрт арыстың бәр кәрі-жасы Абай атына қанық бопты: «Абай деген жақсы шығыпты», «Сөзі, өсиеті бөлек, білгіш шығыпты», «Халыққа қамқор, мұндьна дос, жуаң содырға қас жан дейді», «Тобықтыдан туса да, бір тобықты емес, исі ел жоқшысы, ел ұлы боп туыпты», «Сөзің тыңдаймыз, өсиетін ұғамыз» -деседі екен жұрт.
...Енді Абай сол топтан жалғыз бөлініп, өз ойымен шығыпты. Қазір ол кешкі дүние көркіне сыр қосады. Шексіз жайқын боп Ералы, Ойқұдық, Қорық далалары созылады. Кең әлемнің бұдырсыз жазық жүзі жадырап тыныс алғандай, батар күннің қиыс түскен шұғыласы даланы қызғылт жарқын нұрға бөлепті. Тегіс, шексіз рақат нұр. Шабытты ақын көңілі қазір көз алдында дала емес - теңіз, кең, тыныш теңіз жүзін көргендей. Сол теңізге, өмір-тарих мол мұхитына бір кеме жалғыз жалауын көтеріп жол тартты. Алға басты, белгісіз болса да ғажайып шұғыласы бар жағаға, ұзақ сапарға басты ол кеме, жалауында да «Тартыс», «Үміт» деген ұран бар. Халық үмітін үстіне арқалаған сол кеме «Келешек» деген жағаға қарай тартты.
Бұл - «Абай кемесі». Кең жайқын әлемде сенімді түзу жол сызып маңып барады. Алға барады, ұзап барады. Биіктен қиян, алыс көкжиекке қадалып қараған Абай көзі, ой көзі сол кемені оң сапарға ұзатып, талмастан телміре қалыпты. Бар жазықтан ұстын биік төбеде шабыты мен өзі боп отырып қалған Абай қуанышты бір мақтаныш сезді. Оның сол мақтанышқа хақы бар еді».
(М.Әуезов «Абай жолы» Роман-эпопея. Екінші кітап 328,329-бет. Алматы. Жеті жарғы 1997 ж.)
Роман - эпопеяда Абай Қасқабұлағы хақында бұдан өзге бір-ер жерде ғана сөз етілсе, Мұқаң туған ұлтының Абайдай ақыл-ойшысы көшбасшысының туған жерін суреттеуде ұлы жанның әлем кеңістігіне осы орыннан жол тартқанын ұқтырардай шеберлікке басады.
Қазақ домбырасының дүниедегі үн, саз атаулыны бойына сыйғызған «9» пернесін жеке-жеке басып, керекті үн-сазын іздеген сазгердей анда-санда осы үзіндіден қажетіңді ал дегенді өсиеттейтіндей.
Абай өз сөзінің халқына «жағып», «кең жайылып», оны туған ел-жұрты өз қамқоры, «мұңдысына дос», «жуан содырына қас» жан боп туғанын мақтаныш етіп, «сөзін тыңдаймыз», «өсиетін ұғамыз» дескенін достары- нан естіп мақтаныш сезіміне бөленгенін және сол мақ- танышқа хақы бар екенін осы орында айтады. Неге?Өйткені, Ұлы Абайдың осы жерде, осы Қаскабұлақ ба- сында туғанын Сіздің де білгеңініз жөн. Қараңыз кеністікке, көкжиекке көз салыңыз!.. Сізге де Ералы, Ойкұдык, Қорық далаларының «бұдырсыз жазық жүзі» теңіз, кең, тыныш теңіздей боп көрінер. Арыраң бар- ласаңыз - Үлкен Акшоқы төсіндегі Құнекең зираты бүгінгі мекен - жай ауылы. Өлі де жітірек шола түссеңіз де бұл атырапта, жайқындай жазықта, бел- белес, төбе, кырқа шалына коймас. Жок кой! Мұқаң- ша сөйлесек, бұдырсыз жазық! Тіпті, жазық дала емес ау, теңіз, кең, тыныш теңіз жүзі.
Ал, мен осы сәтте, оқырман ойында ғажайып бір сәулелі ой туғанына еш күмәнданбаймын. Сіздің Жиде- бай корығындағы Абай - Шәкәрім ескерткіш-кешенін еске алып тұрғаныңызға сенімдімін.
Жоғарыдағы үзіндімен Ұлы Әуезов Абай мен Шәкәрімге тұрғызылған ескерткіш нұсқасын сонау қырқыншы жылдар соңында-ақ осы Қасқабұлақ ағып шығатын «бар жазықтан ұстын биік төбеде», «шабы- тымен өзі боп отырып қалған Абай көзіне түсіреді». «Шабытты ақын көзі - дейді Мұқаң, - дала емес теңіз, кең, тыныш теңіз жүзін көргендей».
Дала-теңіз. Теңізде жалауы көтеріліп жүзген кеме болмақ! Ал, кеме жалғыз - Абай кемесі екен. Жала- уында да «Тартыс», «Үміт» деген ұран бар. Халық үмітін үстіне арқалаған сол кеме «Келешек» деген жағаға қарай тартты. Бұл «Абай кемесі» кең жайқын әлемде сенімді түзу жол сызып маңып барады. «Алға барады, ұзап барады». Жазушының мақсұтты сөзі осы.
Абай пешенесіне туған халқын нұрлы болашаққа бастау жазыльш, сол жолда көрген бейнеті мен азабы, тартысты күресі болса, ұлы жанның кіндік каны тамған осы топырақтан, осы Қаскабұлақтан басталмаққа керек.
Абайдың 150 жылдық әлемдік мерекесі карсаңында ақын қабіріне, оның ұлылығына лайық ескерткіш кешен тұрғызу кезегі келгенде Мемлекеттік комиссияның бүгінгі салынган нұсқаны таңдауы тіпті де тегін еместін.
Ашығын айтайық, Халқымызға танымал, әлемдік деңгейдегі сәулетші Бек Ибрай тобының ұсынған ескерткіш жобасы жұрт көкейіне бірден конды. Жабық бәйге қорытындысың шығармақшы алқа мәжілісіне аудан халқы атынан барғандар аяулы - Хафиз Матаев пен Абай қорық-мұражайының директоры сұңғыла Төкен Ибрагимовтар тобы. «Осы жоба қабылданды» деп келгенде Абай елі бірауыздан қолдаған болатын жоба макетін Қазақ мәдениетінің білгірі, ардақты Өзбекәлі Жәнібеков марқұм «осы жобаның өтуіне көп күш салған еді» дейді бүгінде де Хафиз бен Төкен.
Өзбекәлі марқұмның ескерткіш-кешені жобасының ой негізін Мұқаң марқұмның «Абай» романының II кітабында сөзбен салып кеткенін салған бетте-ақ та- нығаны хақ. Мұқаң дала-теңізде жүзіп бара жатқан кеме - «жалғыз Абай кемесі» деп жазған. Сайын Сарыарқада халық үмітінкелешек жағалауына Абайдан соң Шәкәрім бастады дегенге кім таласар. Солай десек, Абай мен Шәкәрімге құдіретті кең Алла бір жерден топырақ бұйыртып қатар қабірленуге бұйырса, туған халқының руханижүгін келешекке кезегімен арқалауға жазса, онда екі ұлы жанның кемесін де бірінің ізімен бірін жүргізбеккеСонымен, Абай - Шәкәрім ескерткіш-кешені суретін ұлы Әуезов жарты ғасыр бұрын сөзбен салған дейтініміздің кәбі осындай.
Енді Мұқаң жазуындағы«халық үмітін үсіне арқалаған» Абай кемесі бара жатқан «Келешекке» аз-маз тоқталсақ...
Роман жазылған 1947-50 (III кітап) кездегі келешек жаға бір-ақ сөзге - коммунизмге тірелетін. Алайда, Мұқаң сол «измді» Абай халқын бастал апармақ нысанасы еді дей қойды ма екен? Абай болса, коммунизмге жету жолындағы күрес тап тартысын танымаған. Бір қазақтың бір-біріне жауығуын тілемеген. «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесен істің бәрі бос» деп үндеген жан.
Мұқаң Абай өсиетіне құлай сенген бетінде, Абай ар- мандаган қазағының келешегі бірігуінде, бүгінше сөйлесек, өз байрағы, өз рәмізі, тәуелсіздік туы желбіреген Мемлекет - егеменді ел болатын «келешекті» меңзеген болар. Сол кездегі соңиализм идеясының әсіре белсенділері солай ұқсын, солайша қабылдасын деп, ал өзі түпкі мақсатын туған халқының жеке мемлекеттілігін көрші империя тепкісінен азат, тәуелсіз ел болуын - «алтындай нұрлы болашақты», «келешек» деген сөзге сыйғызып, арман етті деп білсек, сол жарасар қазір.
Әдетте, тарихта ізін қалдырған ұлы жандардың дүниеге келуі, өмір белестері туралы аңыз-әфсаналар көп айтылады. Абай хақында да аңызды әңгімелер ел арасына кең тараған. Біз ұлы ақынның балалық, жастық шағы туралы бір-ерін ғана айтумен шектелеміз.
Біріншісі, Абайдың ана кұрсағынан босап, дүниеге келгенін білгені туралы. Бұл жайлы анда-санда әркім баспа бетінде жазып отырады. Біздің естігеніміз Абай жарықтық тілі шығып, естияр болғанда анасынан:
- Апа, мен туған күні үйдің іші қызылды-жасылды болып тұрып еді. Ол не деп? - сұрапты: Ұлжан ана:- «Есіме түсірсем - депті - сол күні жүн бояп кептіріп қойып ек».
Екіншісі, бала шағында Абайдың қатты сырқаттан- ғаны жайында. Мұқаң бұл жайды аттап өтпей, роман- ның I кітабының 1-тарауы «Қайтқанда» да келтіріп, жас Абай Қодар өлімін көріп, қиянатқа төзбей, сырқаттан- ды дегенді ұқтырады.
Біздің естігеніміз: Абай 9 жасында есінен танып, қатты ауырып анасы жолаушы жүрген әкесін шақыртып апты. Құнекең іңірде Ұлжанды ғана ертіп, есін білмей жатқан Абайдың денесін көреді. Жарықтықтың ыстығы бет шарпыпты. Денесі білеу-білеу боп іскен, қып-қызыл екен. Құнекең: «Ә, бұрын қуаты ішінде жүр еді. Сыртына іпыққан екен. Денесін ешкімге көрсетпе, бәйбіше» - депті дейді.
Абайды оған дейін ауылда ұстап, тоғыз жасында Се- мейге оқуға беруі осы әңгімемен байланысты емес пе екен?! Абай жасында аса момын, селт етпейтін маңғаз, бала болып, көп ойнай бермейді екен. Бұндай қалып атасы Өскенбайда да болған екен.
Ахат Құдайбердіұлы мен Ниязбек Алдажарұлы екеуінін естелігінде де Өскенекеңнің бала кезінде бір орында тапжылмай, «былшиып» отыра беретінін, тіпті Ермек ана ауырып, нашарлап жатқан Мырзатайдың басынан Өскенбайды айналдырмақ болғанда, батыр на- ғашы Жәнібек: «Әй, сендер кісі танымайды екенсіңдер. Мынау Өскенбай бір орында отырып ап төрт тарапты түгел жинаймын деп отыр ғой. Мырзатайларыңды өздерің-ақ жақсы ғып алындар. Өскенбайға тиюші бол- маңдар», - деп сын беріпті дейді.
Үшінші, Семей қаласында Абайды бір өзбек сын- шысының сынағаны туралы. Абайдың қалада оқыған мерзімі үш жыл үш ай делінеді. Демек, оқиға болашақ акынның 12-13 жас шамасында болған.
Шәкірт Абай кала көшесінде келе жатса (әрине жа- лғыз емес) айдауыл бір адамды айдап әкеле жатыпты. Жаз. Күн өте ыссы екен. Әлгі адам Абайлар касына кеп тұра қап, бала Абайды көріп:
Басы көнектей,
Бөксесі сенектей- Құлағы шұнақ,
Кеудесі аққан бұлақ,
Құлжа мойын төгерек,
Бұдан артық не керек,-деген. Абай полиция басқармасынан босаттырып алса, ол ұлты өзбек, сыншы адам екен. Баласын Құнекеңнің өзінің сынауын Мұқаң жарықтық тым әдемі келтіреді-ау! Бұл алдағы бөлімде Абай 7-8 жасқа келгеннен-ақ, Құнекең әр нәрседе Абайға сұрақ қойып, жүйрік ат, қыран құс, палуандар жайында пікірін естіп отырады екен дегеміз. Мұнда Құнекендей сұңғыла әкенің өзі дәметкен ұлының шама-шарқын байқауы жатыр емес пе? Тіші, өзімен үзеңгілес, тізелесуге жарайтын өз кезінің от ауызды, орақ тілді шешендерінің байқауына да салып отырған да секілді.

  • Осы, ана Ысқақ бір жошын! Бір түрлі пысық та сергек неме! - деді.

  • Ол әлгі Күңкенің қолындағы ма? - деп сұрап алып, Бөжей, - Рас, құлдырап тұр! - деді.

-Иә, рас-ау, соның оты бар! - деп Байсал да қостады. Мұның бөрі қиялап айтқан Құнанбайдың қошеметі.
Үндемей түңіліп, сұп-сұр боп отырған Құнанбай ол сөздерге көп шіміркенген жоқ. Қайта, теріс көрген- дей мойнын бұрып, Абайға карап:

  • Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан қүтсеңдерші! -деді. Құнанбайдың мына баласын осында шақыртып алып отырған және жаңағыдай етіп та- нытқалы отырғанын өзгеден Қаратай бұрын аңғарған. Ол дағдылы, майысқақ, ептілікке салып, Құнанбайдың жаңағы бетімен Абайды сөз қыла бастады. Бөжей мен Байсалға қарап:

  • Сендер мұның сүндетке отыртқанда не дегенін естіп пе едіңдер? - деп аз күліп алды. Абай өзінің балалық, шалалық мінезінің бір мынадай суық пішінді үлкендердің ортасына салғалы келе жатқан Қаратайға ырза емес еді. Қысылып, ұяла бастады. Бірақ тоқтатар шарасы жоқ. Сондықтан, бар тапқаны - ол бала өзі еместей, үндемей сазарып қалды.

Қаратай күле отырып:

  • Сүндетке отырғызғанда, ауырсынып жылап жа- тып «Қүдай-ай, бұл қорлықты көргенше, қыз қьш неге жаратпадың!..» депті. Сонда шешесі « -Ақылсыз ба- лам-ау, қыз болсаң бала таппас па едің, содан қиын боп па?» десе, мынау «Ойбай, сонысы тағы бар ма еді» деп жылауын тия қойып, шыдай беріпті», - деді. Үлкендер ақырын мырс-мырс күліп қойды.(Абай жолы. Роман эпопея. Бірінпгі кітап. Алматы. Жеті жарғы. 1997ж.)

Дана Мұқаң, біріншіден, Құнанбайдың Абайдай ұлына лайықты әке, Абай қабілетін алғаш танушы бо- лғанын, екіншіден Абайда бала шақтан-ақ ұтықты сөзге тоқтағыштық пен ұстамды мінез болғанын осы бір шағын болса да шалқардай кеңдігі бар үзік суретпен бере салғаны-ақ!
Оқушы есінде болар, Қасқабұлақтары ағып шығатын Шолпан адыры ертеде Әнет баба ұрпақтары мекені бол- ған дегеміз. Әнеттің үшінші әйелінен туған - Шақасы- нан Айтуар, одан Бабалы. Қасқабұлақ осы Бабалы деген кісінің күзегі болыпты. Бабалыдан - Отарбай. Отарбай- Дан - Күлембай 1976 жылы 96 жасында дүниеден өтті. Біз бұл әңгімені Күлембай Отарбайұлынан естіп едік.
Бабалық әңгімесі: «Құндыздай қап-қара үш жүз жы- лқы біпі. Жайлауға көшерде сырт Қасқабұлақтан жыл- қымды суғарып тұр ем, Құнекеңнің үлкен ұлы Құдайберді марқұм келіл:
-Бабалық, мына бұлағың қай жерге дейін ағады? - деді. Мен: - Анау Ойқұдық жақтағы шеткі тұмсық төбеге түсетін — дедім.
- Ой, бәрекелді-ай, Ойқұдыққа дейін құламайды екен, өрісің қысқа болады-ау сенің - деп жүріп кетті. Жайлауға шығысымен жылқыма қотыр дерті килікті. Шақпақтағы сынапты бұлақ суына да, Қырық ошақтың көліне де шомылдырдым, жазылмады. Қыс түскенше сол дерттен жылқым өліп болды.
Келер жылы Құдайберді кеп: - Бабалық, Қасқабұ- лағыңа қонсам деп ем, - деп сұрап келді. Бердім.
-Ахат Семейдегі Абай қорық-мұражайына тапсырған естелігінде әкесі Шәкәрім қажының баласына езінің өмір жолын шолған өңгімесі бар. Шәкәрім қажы ұстаз алдына бармай-ақ өз бетімен хат танып, алғашқы өлеңін 7 жасында шығарған екен. Осы жаста әкесі өлгеннен соң, атасы Құнекең қолына алыпты да, рухани тәрбиесі бүтіндей Абай қолына көшкен. Оқитын кітап дүниесін Абай іріктеп беріп отырса керек. Жасөспірім Шәкәрімнің білуге құштарлығы, үйренуге ұмтылысы зор болғаны сонша, алыстан хабар алып, хабар беретін теле- граф туралы оқып, қатар қонған киіз үйлердің шаңырағынан ешкі шегін тартып хабар алмақ та болған екен. Ал, домбыра, мандолин, скрипка секілді саз аспаптарьш ерте меңгеріпті. «Бәкем орнына (Құдайбердгігі Абай Бәке деп атаған) ел үйірілсін» деп болыс сайлатып, Шәкәрімді ел ісіне де жастай араластырған. Шәкәрімнің өлемдік әдебиет классикасына, оньщ іпгінде Шығыс поэзиясына қызығушылығын, көне түркі өнері мен тарихын танып білуге бағыттаған да ағасы Абай болғанын айтқан. Ма- ңызы елеулі бір үзігіне ғана тоқтайық.
Мағаш өліп, Абай түсініксіз бір дертке шалдыққан: ұйықтамай, көбіне түрегеп отырған. Дәрігер шақырт- паған. Көп күндер қасында боп, үйге барып қайтуға рұхсат сұраған Шәкәрімге үш күн рұхсат етеді. «Үйгекелсем де мазам болмай, ертеңінде сәскеде Абай ағанікіне келдім. Үй ішінде қызу әңгіме болып жатыр. Сәлем беріп кіріп келдім. Үй толы кісі. Бәрі жым-жырт бола қалды. Әңгіме мен туралы болған ба деп ойлап, қысылып калдым. Абай ағам:

  • Нағыз сорлы мына Шәкәрім екен, - деп салды. Мен: - Неге Абай аға? - дедім. Абай:

  • Сен сорлы емей, кім сорлы. Мен өлемін. Сен білімсіз қалдың-ау - деді. Абай осыдан бір жыл бұры- нғы уәдесін еске алған еді. Бір мәжіліс үстінде Абай:

  • Шәкәрім, сенің ақындығыңнан тарихшылдығың басым, шығыс жұртына барып, солардың кітапхана- ларына отырсаң деп едім. Түркияда - Стамбул, Араб- та - Мысыр, Мекке, Мәдина, Египетте - Александрия, Французда - Париж кітапханаларында зерттеу жүргізсең деймін. Біздің халқымыз тарихы сол жақтан арна тартса керек, — деп еді.

Мен: - Оныңыз жөн ғой, аға. Ол - өзімнің де арма- ным. Бірақ, менде қаражат жоқ қой!
Абай: - Мен тірі болсам, қаражат табылады. Қара- жатыңа мен жауаптымын. Ал, сен сол жұрттардың тілін меңгере бер. Қажылық басты мақсатым демессің, ғылым үшін барасың, - деді.
Мен: - Абай аға, сіз олай десеңіз, мен не қиыншылық кезіксе де, сізге берген уәдемді орындаймын! Сол шығыс елдерінің кітапханаларында болатыныма сеніңіз! - дедім.
Абай: - Жөн екен, онда! Әй, Шәкәрім-ай, мен сырқ- атқа айналдым ғой. Айтқан күні тоспай-ақ, ерте келгенің жақсы болды ғой» - деп тоқтап еді.
Осы жерде ақынның сүйікті шәкірті Көкбай Жана- тайұлы туралы естігеніміздің бір үзігіне тоқтала кету керек сияқты. Біз жас кезімізден Көкбайдың көбінекей моллалығын, ол кісінің мешіт-медресе салғанын еститін едік. Қазіргі Қасқабұлақ ауылында 1964 жылы дүниеден кайтқанынша Көкбаймен немере, өзі де ақын, шығыс әдебиетінің де, мұсылман діни аңыздарының да білгірі Ыбырайша Мұсатайұлы деген ақсақал тұрды.
Бір әңгіме үстінде «Ата, Абай өлгенше Көкбайдың молла аты болды ма?» деп сұрадым. «Жоқ, Абай өлген- ше Көкең молла аталған жок болатын, ақын Көкбай аталатын» - деді.
Бұл дәл сөз емес екен. Мен ақсақалға жоғарыдағы сұрақты 1953 жылы қойып отырмын. Ал елуінші жыл- дардың бас шені тағы да күйіп тұрған шақ еді. Қазақ зиялыларының бір тобы «Халық жауы» атанып, айдауда жүрген. Мұхтар мен Қаныштар да қуғында еді. Ақсақал қорқып, жалтара жауап берген екен. Білмей тұрған жоқ ол кісі. Ыбырайша Абай өлгенде 24 жаста, Көкбай өлгенде 45 жаста. 1951 жылы Мұқаң Абай ауданына Қазақ ССР Ғылым академиясының құрамында Қайым Мұқамедханов, ленинградтық ғалым, этнограф, тарихшы Аккерман (Семей қаласына жер аударылып келген), Абай немересі, Мағауия қызы Уәсилә бар экспедиция жасақтап, Қасқабұлақ ауқымындағы Құнанбай зиратын, «қойма тығылды» делінетін. Аралтөбедегі Әйгерім қорасын, Жидебайдағы Кеңгірбай - Абай зираты, Тақыр- дан Көкбайдың мешіті мен медресесін, Шыңғыстағы Өзімбай Тәңірбердіұлы зиратын зерттеп келуге жіберген екен. Біз Ақкерман жазған зерттеу материалын оқыған едік. Сызбасын Ақкерман жасап, Қайым аға қол қойған ғажайып материал көп дүниеден хабар бергендей. Тек, экспедиция, Абай ауданы райкомы сыртта өрт шығып ав- томашиналарын екі мәрте өртке адамдар жіберіп, бензиндері жетпегендіктен, Ақшоқыға, Құнекең зираты- на бара алмағандықтарын жазған.
Біз бұл жерде Көкбайдың мешіт-медресесінің мате- риалына тоқталмақпыз.
Экспедицияның қорытынды есебінде Көкбай медресесі 1901 жылы салынып, жобалай Керей, Семіз Найман, Сыбан, Қойбағыс Уақ, Ақымбет және бар То- бықты руларынан қаражат жиналғаны, бала саны 360- қа жеткені, Көкбайдың 1921 жылға дейін сабақ бергені, медреседе, мұсылманның діни пәндерінен өзге орыс тілі, география, математикадан сабақ жүргені жазылған. Мешіт 1903 жылы ашылды дейді. Бұдан шығатын қорытынды: біріншісі, Көкбай мешіті мен медресесі
Абайдың көзі тірісінде, Абайдың мақұлдауымен салы- нған. Екіншісі, Көкбай медресесінде таза діни сабьқ емес, орыс тілі, география, математика секілді іргелі ғылым негіздерінде дәріс оқылған. Мұнда да Абай өсиеті барлығы сөзсіз. Сонымен мақсұтты сөзіме келсем, ол - Абайдың Шығыс мәдениетімен байланысты туралы болмақ. Мұқаң Абайдың Шығыстық поэзиясы мен пәлсафасы толық ашылмады, ол келешектегі зерттеушілер еншісі деп кеткен ғой. Ал, Шәкәрім мен Көкбайдай айырдың қос өркеші іспетті аса ірі қос шәкіртіне шығыстарихын, ислам дінін зерттеу мен жас ұрпаққа сол бағыттағы ғылым негіздерін үйретуді тап- сыруы да ұлы ойшыл ақынның шығысқа сырт қарама- ғандьны ғой.
Сарадыр жаққа, асфальт бойына көз салалық, Абай Қасқабұлағына қарама-қарсы, оңтүстікке қарай тура бір шақырым жүрсек, асфальтқа шығамыз да Тәкежан Қасқабұлағына кезігеміз. Бұл бұлақ та көп зобалаңды көріп барып, бүгінде көзі ашылып, түзелген. Бұрын бұнда қыстау болмаған. Күзек боп келген.
- Тәкежан Қасқабұлағы ағып шығатын төбелер тізбегін басып, Абай Ойқұдығына бармақ шарт. Себебі, Ойқұдықты біз атап өткен төрт Қасқабұлақтан бөлуге тіпті де болмайды. Ойқұдықтар суы мал ішуге жарамды болғанмен, ауыз суға жарамсыз, кермек келеді. Жидебай, Ақшоқы бойын қыстайтын ауылдар бауыр төріне шырқап қонып күзеу етпей-ақ, Қасқабұлақтардан қайтып, күзде үш Ойқұдық бойында көбірек отыратын болған. Ауыз суды Қасқабұлақтан тасып ішеді екен.
Қазір Абай Қасқабұлағы ертеде ағып жететін тұмсық төбешік үстінде бір шымқай ақ кұрылыс көрінеді. Маңы - бақша егістігінің орны. Бертінде кеңшар сол орынға картоп егіп, суды автомобилімен тасып құйып, өнім алмақ болған-тын. Бірақ табысқа жете алмады. Соны көргенде ертедегі, дәлірек айтқанда, 1945 жылғы бір іс ойға оралып еді.
Құнанбай қажы шөбересі Архам Кәкітайұлы Ысқа- қов өткен XX ғасырдың жиырмасыншы жылының басшенінде, Шыңғыс сыртындағы Баканас өзені бойына арық қазып, елді отыршылдыққа, егтншілікке бастағаны мәлім. Қазір екінің бірі-ақ ол іс Мұхтар Әуезов кеңесімен, сол кісінің қамқорльнымен болғанын айтады.
Сол кездегі Семей облысы жер бөлімінің бастығы Ешмұхаметов естелігінде Мұхаң Архамға қарызға ақша, тұқым алып беріп, сол істің жүруіне қатты ынта қойғанын жазады. Егіншілік те, құрылыс та жақсы жолға қойылыпты. Арық күні бүгін іске жарайтын күйде. Сол орынға иелік ететін «Бірлік» кеңшары 1990- 95 жылдарында су жайып, көп жылдық шөптен мол өнім алып отыратын еді. Әрине, арық қазуды, суғарып егіннен мол өнім алуды ұйымдастыруды ол кездің идеологиясы Құнанбай қажы ұрпағына лайық деп таппайды да, Архам ақсақал қудалануға түсіп, бұл өлкеден Өзбекстанға кетуге мәжбүр болады.
1940-45 жылдары Қазақстанда Абай жарықтық қайта тірілгендей. Мұхтар Әуезов екі адамға Мағауия қызы Уәсила мен Архам Кәкітайұлына Абайдың тікелей ұрпағы есебінде Мемлекеттік стипендия тағайындауға қол жеткізді. Архам ақсақал Семейдегі Абай мұражайында біраз жыл қызмет істеді де, 1945 жылы ақын атасының ғасырлық мерекесі қарсаңында Қасқ- абұлақ ауыл шаруашылық артеліне көнгін келді. Қалың бұқара қуанып қарсы алады. Архам көңілі де көтеріледі. Кенже ұлы Азатты Қарлығаш атты келініне үйлендірш, сол кездің өлшемімен келістіріп той жасады.
Абай 100 жылдық мерекесін өткізу жөніндегі Рес- публикалық комиссияның мүшесі Мұкаң да келіп жетті елге. Мұкаң Архаммен кезікті. Мұқаң Архамның қайда жүргенінен толық хабардар адам ғой. Туған жері мен еліне оралуымен құттықтай келіп, Мұқаң Архамға сөз тастайды ғой.
- Архам аға, сіз бен біз жиырмасыншы жылдар ішінде Бақанас өзені бойында бір игі іс бастап, аяқтай алмай кетіп едік-ау! Сіз елге қайта оралған соң, Сырт Қаскабұлақ суы сылдырап босқа аға бергені жөн болар ма?! Және бір игі істі бастап көрмейсіз бе? - деп қалады.
-Архам: - Апырай, Мұхтар қарағым-ай, өзіме де бір бұлдыр ой кеп жүреді. Алла колдаса, Бақанаста- ғыдай болмаса да, мына той өтісімен колға алармын. Қаскабұлақ суы Бақанас емес қой. Бұлақ суын тоғап картоп, капуста, қарбыз секілді дүниелер өсірсем де болар, - деймін.
Мұқан: - Бәрекелді, Архам аға! Қазіргі жағдайда ол да аз дүние болмас, - деп қостай түседі.
Бірақ, Мұқаң мен Архам бір жайды, әлі де партбю- рократияның қалпы босаңсымағанын ескермеген екен.
Абай атасының 100 жылдық тойы өтісімен, Архам сол кездегі Күлмен ауылкеңесінің төрағасы Рахымбаев Мұхтар мен Қасқабұлақ ауыл шаруашылығы артелінің бастығы Темірханов Жікендей інілеріне келіп, Абай Қасқабұлағын тоғап картоп, капуста, қарбыз секілді дүниелер егіп өсіргісі келетінін, ол үшін керекті адам, құрал-сайман, көлік күштерін өзі табатынын, тек заңмен рұқсат етулерін, өнімін колхоз қамбасына құятынын және колхозға мүшелікке қабылдауды сұрайды. Мұхтар мен Жікен екеуі де Архам тілегін қуана қарсы алып, тез шешіп беретіндерін айтысады. Осымен көңілі көтерілген Архам жүріп жатады. Күз өтіп, қыс түсуге айналғанда колхоз баскармасына келсе, Жікен бастық өзгеріп қалған, ауыл кеңес төрағасына сілтейді. Төраға Мұхтар Жікеннен арман, «аудан басшыларына айтып ем, үндемеді олар» дейді. Мән- жайды Архам сонда барып бір-ақ аңғарады. «Оның Құнанбай қажы шөбересі екені әлі ұмытылмағаны ғой. Шіркіндер, Қасқабұлаққа ие бола қалып, Архам «атам жері еді» деп даулайды дей ме екен. Иә, ауданы бар, ауылы бар - баршасының көзіне мен сүйел боп көрінем-ау осы. Ел-жұртымның берген сәлемі мен қошемет-құрметі тарылтады-ау осыларды. Пәлі, мен адасып отыр екем, ежелден күзетші, қамқоршым үш өріп мекемесін неге естен шығарғам. Қой, Абай ағам ұлы тойына қатысу, қызықтау да сәтімен бұйырған сыбағам деп біліп, жөнімді табайын. Заман түзелгендей болса, аруақ қолдаса, әлі де оралармын елге. Қайран Шыңғыс, топырақ сенен бұйырса деген зар тілекпен суытайын ізімді» деп, қыс табалдырыққа келген боқырау күндерінщ бірінде Аягөзге көшеді Сөйтіп, Абай Қасқабұлағының қасиетгі суы туған ел игілігіне айналдырмақ болған Мұқаң мен Архамның асыл армандары орындалмай кала- ды.
Жаңағы төбешіктен батыска қарай кұлай бере-ақ шалғыны белуардан пәйекке кезігесіз. Жусаны мен изені, сарбас жоңышкадай шөп түрлері пәйекті қоюлата түседі. Кей жерлерде шоқ-шоқ қоға, қамыстар бой созады. Жер бітісі - ойпаң. Сіз Абайдың атаққа шыққан қонысы - Ойқұдыққа келдіңіз, халқымыздың тұңғыш пьеса-трагедиясы осы қоныста, Абай - Әйгерім киіз үйінде қойылғаны да есіңізге түседі. Осы сәтте мен мәнді бір жайды еске салсам ба деймін. Халқымыз даму жолында көп зобалаң, небір айтып болмас ауыртпа- шылықтарға жиі-жиі кезігіп отырғандығынан болар соның бәріне кәрі тарих атаны кіналап жатамыз. Ал осы арада сол қарт бабай біздің ұлтымызға, ұлтымыздың ту-ту арыдан бастау алатын өнеріне мейірлене қарағандай. Неге десеңіз, қанды касабы мен өркениеті қос қатар келген XX ғасыр басында қазақ ұлтының біртуар ұлдары шоғыр-шоғырымен тарих сахнасына шығып, өнері, әдебиеті дамып жүре берді. Сол күрт өркендеу ағынында тап осы қоныс - Ойқұдықта жөне өзге де емес, Ұлы Абай шаңырағында, кәдімгі киіз үйде, ұлт мәдениетінің келешектегі ұлы жетекшісі Мұхтар Әуезовтың пьесасы «Еңлік-Кебекпен» қазақ, театрының шымылдығы ашылады. Бұл айтулы күн 1917 жылдың маусым айының 7 жұлдызы делініп жүр. Әбден қисынды. Бауыр елі мамырдың ортасында қозғалып, маусымның басында жайлауына қонатын болған. Абай - Әйгерім конысы, Аралтөбе Ойқұдықтан 25 шақырымдай жер. Ендеше пьеса бауыр елі жайлауға бет- теген кезде қойылған.
Кейінде біліп жүрміз, Мұқаңнан 7-8 ай, я жыл бұрын пьеса жазған таланттар болған екен. Бірак, қазақ театрының шымылдығы Мұхтардың «Еңлік- Кебегімен» ашылғаны ұлт өнерінің тарихына өшпестей боп, алтын әріппен жазылды. Сондықтан да Ойқұдық қонысының мақтанышпен: «Мені ұлы Абай қоныс еткен. Менде казақ театрының шымылдығы алғаш ашылған. Мемлекет ауқымындағы Абай атындағы опера-балет, Мұхтар Әуезов атындағы драма театры бастаған бар театр бастауында мен тұрмын!» деп бар дауыспен жар салуға қақысы бар.
Ойқұдықты өрлегенде шалғын арасынан әлсін-әлсін үкісі желбіреген шоқ-шоқ қамыс, топ-топ қоға өскен орындар кезігеді. Майбасардың қамысты құдығы деген орын бұл. Майбасар - Өскенбайдың 4 - тоқалының бірінен туған, ата баласы. Сондықтан, Майекең әулеті қай орынды қоныс етем десе де қақылы. Қыстауы - Көлкайнарда. Өзі Көлқайнардағы үлкен ұлы Ахметжан пірәдарға салынған бейітке жерленген.
Бізге Өсекеңнің өзге тоқалдарынан туған ұрпақта- рынан Майбасар ұрпақтарының ертеде де, бүгін де осал болмағанын айту шарт. Майбасардан туған (өткен белімде айтқанбыз) бір Мұхаметжанның өзі неге тұра- ды?.. Және қазір Майекеңнің төрт ұлы: Мұхаметжан, Жаукен, Ахметжан, Ақтанбердісінің бәрінен де ұрпақ бар.
Жоғарыда есімі аталып кеткен ақын Бөпебай Тұлға- жанұлын бүгінгі ұрпаққа аз-маз таныстыра кету па- рызымыз сияқтанады. Өйткені, бұл адам да белгілі дөрежеде ертеректе әдеби қауымға танымал азамат бо- лған.
1972 жылы жазда Бөпештің жиеншарына немере інім Төлеуқоңырұлы Жеңісбек үйленіп, Қасқабұлақ аулында ақынмен дастархандас, мәжілістес болдым. Басы шелектей дейтін марқасқаның өзі екен. Асықпаңыз, сол бас әңгімесіне де жетерміз.
Бөпебай: «1934-36 жылдары Шар аудандык газетінің сарашысы (редактор) болдым. 1935 жылы Алматыда аудан газеті редакторларының үш айлық семинар курсына қатыстым. Лекция оқитын ұстаздарымыздың бірі - қазақ әдебиетінің ірі қайраткері, «тәкәббір ақын» - Сөкен Сейфуллин болды. Халық ол кісіні өрі сыйлайтын әрі қаймығатын да. «Совнарком Сәкен» дейтін. «Еңбекші Қазақстан», «Әдебиет және искусство» журналын да редакциялайтын. Ол кезде Шыңғы- стаудан ығысып кеп, Шарда Тобықты елінің көпте- ген көнекөз шешен, білгір қарттары тұратын, Торғайдан -Құлыншақ немересі Наданбайұлы Тұмабай, Жігітек-тен - Түсіптің Мәдияры, (Абай әншісі атанған), Аянбайдың Өміржаны (60 ж ішінде Қарашоқыдан колжазбасы табылған кісі). Бөкеншіден - Әлімбет.
Мен осы кісілер әңгімесінен ағымдағы баспасөзге ма- териалдар жолдап, кейде өлендерімнен де жіберіп тұра- тын едім. Сәкен әр қайсымызбен танысу үстінде мені есіне түсіріп, мақалаларыма ризалығын ашық айтты. Мен көтеріліп қалдым.
Сәкен қара таяғына бір шынтағын тіреп, тіп-тік қал- пында, шалбарының қыры бір елідей көзге ұрьш тұрып сөйлейтін. Сөзі түйіртпектеу, сөйлемдері қысқа келетін. Қазақ әдебиетінің арғы-бергі тарихын қозғау үстінде, Абайдан мысалдар келтіріп тұрып, кей-кейде Шәкәрім- нен сөйлеп, қажының әндеріне де тоқталатьш.
Бұл кезде біздің өңірде Шәкәрім атын атаған кісі жоқ болды дей бер. Ал, совет өкіметінің «оң көзі» Со- внарком Сәкен Шәкәрім атын іркілмей айтыл, ақындығы мен сазгерлігіне тіпті пәлсәфасына жоғары баға беретін. «Апырай, Шәкәрімнің Абайдан гөрі философтығы артық-ау» - дейтін кейде Сәкен.
Мен бастапқы кезде Совнарком Сәкеннің Совет өкіметінің жауы Шәкәрім қажы жөніндегі пікіріне тіксіне тыңдап, сеніңкіремейтін едім. Біраз уақыттан соң, Сәкеңнің Шәкәрім атын сөйлеуіне етім үйренді ме, ақын талдауларының күнгі женді ме, лекторымыздың Қажы шығармаларын аса жоғары бағалайтынына сендім де, ол кісі Қажы өлеңінен, я әнінен айтып тұрып мүдірген жерін жалғап беретін болдым. Сәкен де бөгеле қалғанда, «Бөпеш, арғы жағы қалай еді?» деп жиі-жиі сөз салғыш- тайтын болды. Кейде Шәкәрім әндерін де айтқызатын.
Сонымен Совнарком Сәкенмен үйірлесіп көттім. Бірнеше рет үйіне ертіп апарып, дөм ішкізіп, өзі керек деген материалдарын жазып алатын болды. Сырттай суық көрінгенмен, жайсаңдығында қапы жоқ кісі екен.
Сәкең кетерімде «Бөпеш жаза бер, жаза бер! Әсіресе, Шәкәрім кажыдан естіген - білгенінді менен ірке көрме. Әлі бәрі орнына келеді, қорықпа!» - деп қатты тапсырып, «орындаймын» деген уәдемді алды. Астанадан қанаттанып оралдым. Газеттегі жұмысым да өрле- гендей. Қарттарды кезек-кезек шақырып ап, естегілерін жазып берейін. Сәкеңе деген хат-хабарым әй, аптасына бір үзілмеген шығар. Сонымен бұл ісіме 5-6 ай өткенде пәле кезікті.
Шар аудандық милициясының начальнигі Әнеш де- ген қаныпезер біреу еді. Қарапайым адамдарды қорқ- ытып-үркітіп, пара да алады. Жазықсыз жалалап, қыл- мысты етіл айдатып та жатады. Халықты қан-қақсатты. Партия мүшесі, газет сарашысы есепті райкомның біріншіхатшысына айтсам, «апырым-ай, ол сүйтіп жүр ме екен» анықтайын деп созбұйдаға сала берді. Содан «Әнеш-Өңнеш» деген фельотон жазып, газетке бастырдым да, райком өкілі боп, ауылдарға жүріп кеттім. Ол кезде райком өкілдігі екі-үш аптаға созылатын. Сол күндер шамасында қайтып мекемеме келсем, редакция тас-талқан. Райком үш кісіден комиссия құрып, газетті тексертіп, бюроға дайындап қойыпты. Не керек, райком бюросы партия қатарынан шығарып, орнымнан босатты да тастады.
Мен байғұс жатқан жыланды өзім басыппын ғой. Өнешпен райком хатшысы жандай дос, өрі жемтіктес екен де. Бюрода айтысып-айтысып, ақыры жер боп жеңіліп кеп жатсам, түн ауа бюро мүшесі, деподан жұмысшы, руы арғын бір қарт кісі кеп «Шырағым, ақылымды алсаң, жөнінді тап. Сені жабуға райком келісім берді»,- деді. Поезға отыра сап, Семейге келдім. Семей облыстық газеті «Екпіндінің» редакторына келсем, бастығым теріс қарап қалыпты. Бес айлық жалақымды алмаған едім. Өзім тығылып жатып, жолдастардың ықпалымен үш күн дегенде жалақымды алып, Семей темір жол бекетінен мінуге қорқып, атжалдап, Семейден он екі шақырым тұратын Шөптіқақ аялдауынан поезға міндім. Бетім - Алматы. Сенгенім - Совнар- ком Секен. Секен ағаға әттең бір тілдессем не көрсем деарманда кеттім демес едім деп ойлаймын. Алматыға кеп, сәске шамасында Сәкен ағандікіне де жеттім-ау!..
Сәкен аға маңайы толған, қобырап шашылған қағаз, шашы дудардай, қағаздар ортасында, жерде отыр. Сәкен аға әрдайым аса паң, кербез, сымбатын бір бұзбай, аңыздағы қалпында жүрсе, жазу үстінде ол дағдысында болмай, әсіресе қағаздарын шашып тастап отыратын еді. Мені көрісімен «О, Бөпеш, келіп қалдың ба, кел, кел!» деп мамыражай күйде қарсы алды. Не болар екен деп қауіппен келген мен жадырап кеттім де, жай-күйімді баяндап бердім.
Нені көрмеген Сәкен, еш қаперсіз, менің ісімді бол- машы нәрсе деп бағалағандай: «Е, Бөпеш, қысылма. Мен ертең ЦК-ға барайын, жайды білейін. Өзің шошыған- сың-ау! Бүгін алаңсыз дем ал. Туыс, жолдас деген бар шығар. Ертең сағат 12-де осы үйден, Гүлбаһрамның қолынан дәм татарсың», - деп жайбарақат қала берді. Менің де жерім кеңіп, еңсем биіктеді. Ол кез Ғабиттің «Қыз Жібегінің» даңқы дүрілдеп түрған. Көшелердеіі афишаларға сол күні «Қыз Жібек» қойылатыны жар- намаланған. Кенгінде «Қыз Жібекті» көріп, шаттанып, әрі ұлтабарым сыр беріңкірегендіктен көптен ішпей жүрген мен ашулыдан біраз тастап жіберіп, ұйқымды мейлінше қандырып, түске жуық Сәкен ағанікіне келдім. Көңілімде еш алаң жоқ. Совнарком Сәкен секілді ағам мен үшін ЦК-ға барса, дүнием түгел емес пе?!.
Сәкендікіне келсем, Сәкен шыттай киінген, үлкен бөлмесінің төрінде бері қарап тұр екен. Өңі жылусыз, тым суық. Үстіме суық су құйылғандай болды. Бойымнан жаным кетіп бара ма, суық тер бүрк етіп жығыла бере босағаға сүйеніп тұрып қаппын. Ағада үн жоқ. Мені көрмегендей. Мен босағада сүйеніп тұрып:

  • Сәкен аға-ау, мен не болдым!.. Мен не болдым?! - дей беріппін.

Сәкеңнің:

  • Гүлбаһрам! - деген даусы шықты.

Дайындап қойған екен. Столға ет жасалды. Үшеуміз де
үнсізбіз. Дастарханға рюмкалар әкелінді. Сәкен
аға «іш», «іш» деп отырып, екі-үш кұйым коньяк алғ- ьізып койды маған. Өзі татып қоятын дағдысын бүзып, бір кұйымдайын (жүз грамдай) ішті. Бұл мені шошыта түсті. Дастархан жинала бастағанда мен тағы да:
-Сәкен аға, мен не істеймін... Мен не істеймін?.. деп әлденеше қайталадым:
Сәкен екі қолын соза көтеріп, алаканын Алатауға карата:
-Қырғызға каш!.. Қырғызға қаш!... Қырғызға қаш! - деп үш қайталады.
Маған кеткеннен басқа не қалды?.. Сөлбірейіп қозғ- ала бергенде, Сөкен бір конвертті костюмімнің қалта- сына салып жіберді.
-Алмаймын.. алмаймын.. деп ем, - саған керек бола- ды.. керек болады деп сыртқа дейін шығарып, қошын айтып қала берді. Бұл - менің Сәкен ағаны сонғы көруім.
Май айының соңғы күндерінің бірі болса керек еді. Сәкен аға ақылы бойынша сол бетте Қырғыз еліне кеттім. Бір мектебіне мүғалім боп орналастым. Бір- екі ай, я үш ай ма, бір күні Қырғыз газеттеріяің беттері қап-қарала боп шыға келді. Қара жазу - Сәкен Сейфуллинді «Халық жауы» деген қаралау боп шықты.
Сәкең ағаның «Қырғызға қаш» ақылы көрегендік болды. Сол туыс елде жүргенімнен аман қалдым. Менің ойымша, мен үшін ЦК-ға барған Сәкен зұлмат ызғарын тұңғыш сезіп, тұңғыш рет айтқаны болмай, беті қайтқан жолы болу керек.»

  • Әйтеуірі біраз әңгіме қозғадық қой. Мен Мұқаңмен соңғы жолығысуымда жарықтықты ашуландырып алғанымды айтайын, - дейді Бөпеш.

  • Алматыға 4-5 жылдай келмей жүріп, жол түсіп, Ғайсанікіне келдім. Ертеңінде күн жексенбі болатын. Мұқаңды көптен көрмеп ем, Ғайсаға Мұқаңа сәлем бергім келетінін айттым. Ғайса телефон шал деп ақыл берді. Телефон шалып ем Мұқаң:

  • Ой, Бөпеш, екеуміз көріспегелі көп болды-ау! Те- лефондағаның жақсы болды-ау! Ертең түсте үйге кел.

Ғайса да келсін. Біз өз аз қалдық қой. Пәлі, бір әңгімелесейікші! – деді. Ертеңінде Ғайса екеуміз сауда дүкендерін аралап жүріп, бір шляпа сатып ап кидім. Ескірген шляпамды үйге әкеп қойып барып, Мұқаңдікіне келдім. Мәжілісіміз ұзаққа созылды.Түн ортасы боп қалған кезде сыртқа шығып келдім де, Мұқаң үйінің бөлмелерін аралап келіп ем, Мұқаң:

  • Бөпеш, бөлмелерді араладың-ау деймін. Айтпағың бар ма? - деді

  • Мұқа үйіңізде кәп бар ма? Бірақ, мен Мұғыштың фотасын көре алмадым ғой, - дейін. Ғайса ыршьш түскен- дей болды. Не боп қалды дегендей Мұқаңа қарасам, ерні көгеріп, қабағы қарсы жабыла, түсіне ашу іліне қалды.

-Пәлі. Пәлі! Айтарсыңдар сендер? Жүйкемді осылар-ақжеп бітірді ғой! Сен осыны айтасың, өзгелер не айтпайды осы, ой, шіркіннің таба алмай жүрген бейнесін қарашы ей! Табарсың қатты суретін!Ғайса-ай, мынау мынаның табасы ма, әлдеештеңенібілмей сөйлеп отыр ма?..Ой, Бөпебай, өзге білмесе де сен білуің керек еді ғой Мұғыш жайын, а..
Ғайса көзін қысып, ымдап «кетейік!» деп белгі береді. Мең болсам, орнымнан тұруға дәрменім жоқ. Сорлы болдым да қалдым. Мұкаң болса түтеп отыр. Қанша уақытөткенін білмеймін. Бір кезде есіктен шыға бергенде Мұқаңның:

  • Ой, Бөпебай, менің шляпамды киіп барасын, ба? - деген даусы шықты. Қарасам, Мұқаңның ескі шляпасы екен киіп бара жатқаным. Есім шығып кетсе керек.

-Ой, «Құдай бергенге береді»,- деген осы екен ғой. Шляпамды бағана ғана сатып алып ем, Сіздің ескі
Шляпаңызды киіп барамын ғой,- дедім. Мұкаң: «Ох!
Ох!» деп бар денесімен секілдеп күліп: «Шақыр Ғайсаны», - деді. Ғайса сыртқа шығып кетіпті. Шақырсам
ляпа оқиғасын айтып, Мұқаң шляпасын көрсетіп барыпсендіріп Ғайсаны үйге ертіп кірдім. Мұқаң күліп-күліп ап, орнығып отырысқан соң, әңгіме бастады.Тамақты қайта жасап жатыр.
- Ой, Бөпеш, - дейді Мұкаң. Мен қартаяйын дедім- ау, саған ұрсып жібергенімді қарашы! Адам ұрыс білетін кісіге ұрсады ғой. Сен ұрыс жөнін білесің, ә?! Әйтсе де, менің жүйкем тоза бастады. Ол шіркін темір деймісің. Тозбай қайтсын!.. не көрмеді ол!...
-Ой, дәурен-ай, ойыңа келгенді іркілмей айтып, лықсып келген құсығын ақтарған кісінің арманы не екен?!. Көбіне мен айтарымды ішімде ұстап, тісімді тісіме қойып келген пұшайман емеспін бе? Сен оны білесің. Білесің, жанымды ұгасың...
Не керек, осыдан таң ағарғанша отырдық. Ендігі әнгімеміз «Абай жолы» романы төңірегінде болды.
Мұғамила - Мұқаңның тұңғыш баласы, әрі жүрегіне үлкен дақк салған баласы. Ләйләсі бой жетіп калған кез, Мәскеуде оқуда еді. Бірде Мұқаңның Ләйләсі туралы сұрадым.

  • Оу, Бөпеш, Ләйләм ақылды боп ержеткен балам ғой. Өзінен үлкен үміт етіп жүрмін. Ұлғайғанда зор таяныш бола ма деген үмітім бар. Апыр-ай, Ләйләм бар ғой, мен ұнамаған бір іс істеген емес әлі күнге. Пәлі, серіктікке жараса, ата үшін ұлы не, кызы не!? Бала жақсы боп тумайды ғой, әттең. Қатты бір күрсінді жазушы. Сонда мен Мұғамиланы еске түсірген едім. Бірақ сұрауға Мұқаңнан батпағам...

Мұғаш тым жас шағында Мұқаңмен жасы кұралпы бір адамға тиді. Бұл кезінде Мұқаңды қатты күйзелткен іс болған. Ол Мұқаңның қуғыннан көз ашпаған кезі. Түрмеге де түсті. Ажал аузынан шак та қалған. Мұғашқа жанашыр да жоққа тән еді. Балапан қыздың қараусыз, қамқоршысыз жүргенін пайдаланып, жоғарыдағы адамның колына түсіргенін біз білетінбіз.
Көп үзамай ол да қамалып, атылып кетті де, Мұғаш далада қалғандай болды. Мұкаң сырттай камқор боп, баспана тауып беріп, қаражат беріп, қатарға қосып жіберген-тін. Бірақ, Мұқаң дүниеден өткенінше тұңғыш қызына бейілденбеді. Мұғаштан туған жиендерін қанша әлпештегенмен, өз кызына іші бір жылымай өтті. Ұлы адамда осындай да қаттылық болған.
Тәкежан Ойқұдығы асфальт жолдан көрініп тұрады. Онда 1990 жылға дейін мал азығын дайындайтын оқушылар бригадасы отырды. Әзімбай балалары жөнінде сөйлегенде, Мұқаңның ғасырлық мерекесіне орай жазылып, баспадан шыққан қарындасы Разаққызы Гүлнар мен оның күйеуі жазушы Әмен Әзиевтің «Мұхтар аға» кітабынан мына үзіндінің маңызы болғандықтан алып, келтіреміз.
«Разақ атамыз Ақтөбедегі лагерьден 1954 жылы бо- сады дедім. Ақылдан әлі таймаған ақсақал інісіне қиянат жасамаймын, кесел келтірмейін деп, лагерьден шыға сала, жолда қаладағы Мұхтарға соқпай әйелі Әлила мен баласы Болаттың кейінгі мекен еткен жері - Талғарға тура тартады. Бұл кезде Қытайдан елге Әлиланың ағасы Бердеш те келеді. Алматыдан Үмия апайдың ажырасып кеткен бұрынғы күйеуі Қабдеш те табылып, Разақ пен Бердеш қосы- лады. Ұзақ сағыныштан соң, бастары қосылып, қуана қауышқан үш шал Мұқаңа сәлем беруге шығады. Ойларында түк күдіктері жоқ бұлар, жаңа ме- кен-жайдың алдына келіп, есік қоңырауының түймесін басады.
Үйде жалғыз қалып, кабинетінде жұмыс істеп отыр- ған жазушы есікті өзі ашады. Үш қарияны көреді. Бірі - лагерьден босаған, бірі - Қытайдан келген, соңғысы да «сау сиырдың боғы емес», бәрі де кеңес өкіметінің ызғарына талай іліккен адамдар. Үшеуі ойламаған жерден сау ете түседі, Мұқаң қатты қина- лыпты. Амалы құрып, салқын қабақ танытыпты. Со- дан амандық-саулық сұрасу, тізе бүгіп, тіл қатысу рәсімі жөнді болмапты. Бір кезде қашып Қытайға өтіп, «жан сақтаған» Бердешке Мұқаң шұқшиып: «Сіз, әлі тірі ме едіңіз» деген үкімге бергісіз салқын сөз де айтып салыпты».
Елпілдеп жеткен үш ақсақал, басы өзінің ағасы Разақ болып, ақыры үйден тайқып отырыпты. Кейін Мұқаң ардақты ағасын машинасымен алдырып, бір ай бойы жібермей, жеке өзін бағып-күтіп, көңілін аулап, әзер дегенде өкпесін тоқтатьппы.
Рақаңның Мұқаңа берілгендігі сонша, ол Қараған- дыда, біздің үйде ауыр сырқаттанып жатқанда да, үнемі інісінін амандығын тілеп, оған ылғи өзегін үзіп отыратын. Бір әңгімеде:
- Мұхтардың 1916-1917 жылдарда Алашорда партиясын аздап жағалағаны, солардың сарынына еп- теп іліккені рас. Оның осынысын НКВД менен тесіле сұрап, өлердей сабап, жанымды көп кинады ғой. Бауырымды қалай ұстап берейін. Түгін де айтпадым. Кейде суық, кейде ыстық карцерге салып, шөлден, аштан катырып, қаншама ұрып-соғып есімді шығарса да азапқа көніп бақтым. Әлихан Бөкейхановты көсем тұтқан Ахмет Байтұрсыновты мақтап мақала жазған, Жүсіпбек, Міржақып, Мағжандармен айнымас дос болған Мұхтардың жаңағылар сияқты атылып кетпей, аман қалғанына мен таң қаламын» - деді. (Алматы «Өнер» 1997. Гүлнар Омарханова, Әмин Әзиев. «Мұхтар аға» 147-148 бет.)
Бұл үзіндінің маңызды мәлімет беретін жері - 1931 жыл күзіндегі кеңес өкіметіне қарсы болған «Шыңғыс- тау көтерілісі мен Шәкәрім Құдайбердіұлының атылуы- на байланысы барльны. Шәкәрім қажының елден оңаша, Шақпақтағы Саят қорасында жатып алатыны әркімге аян. Кеңес өкіметіне қарсы Шыңғыстауда 1931 жылдың 3 қыркүйек күні көтеріліс болғаны, көтерілістен соң тұпа- тура бір ай өткенде, 3 қазан күні Шәкәрімнің ГПУ қолы- нан атылғаны да анық. Бұл аш халықтың көтерілуін күні кешеге дейін «Шәкәрім көтерілісі» деп атақтап келгені және рас. Шәкәрім қажы терең ой, кемел акылдың ада- мы. Кеңес өкіметінің Шыңғыстаулықтардың бесті-онды сойылы, бірер мылтығы бар қолынан құламайтынын білмеді деуге болар ма?! Көтерілістің басталуы мен Шәкәрім атының қаралануына Бердеш бастаған Әзімбай балалары кінәлі болған.
Көтерілістің көрнекке шыққан басшысы Солтабай- ұлы Қасымбек, оның інісі Санияқас, Жаппарқожаұлы Раманқұл (жалған аты Қарабала) болса, сол кездегі Текежан балаларының басшысы, Құнанбай ұрпақта- рының Қажыдан кейінгі үлкені Бердеш еді.Сол көтеріліс туралы, Шәкәрімнің көтеріліске қатысы жайында кейін де мынадай ақиқаттың шеті шығып, жазылып жүр.
Ұлы Отан соғысы ардагері марқұм Тілеуінбердин Зәкен мынаны айтып еді. «1947 жылы Сібірде кашып жүріп ұсталған Солтабаев Қасымбек кешірім ап 1950 жылдар басында «Хрущев жылымығы» аталған кезде елге келді. Кешіріммен келген, артындағы коңырауы басылған кісі ғой деді ме, ағайындар дәмге шақырып жатты. Сол кісімен бірнеше үйде дәмдес болдым, 100 жасқа бет алған Сабыржан, Әлімбет, Садырбаев Жақыш, тағы сондай Шыңғыс елінің жайына жетік ақсақалдар мәжілістес болып жүрді.
Сонда ол кісілердің Қасымбектен шұқшия сұрай- тыны - 1931 жылғы өзі басқарған көтеріліс пен Шәкәрім қажының атылу жәйі, әсіресе Олжабайдың торы жорға атынын Шәкәрім қажы астына қалай түскені туралы бола берді. Қасымбекке қариялар тарапынан қойылған сұрақтың ең өткірі Әлімбет ақса- қал қойған мына сұрақ па деймін. Әлімбет:
- Қасымбек, сенің Қытайға қашпай, Сібірге шығып кетуіңнің себебі не? Семейден калай өттің? Саған мынадай күйек сақал, жебелі мұрт бітпек түтілі бетінде қылтанақ жоқ, шыбын тайып жығылардай көсе емес пе ең? Шәкәрім қажының сол көтеріліске қандай қатысы болды? Шәкәрім атылғанда астындағы торы жорғаны кайдан, кімнен алып мініп жүргенін таба алмай қайранбыз біз?
Қасымбек: - Әй, ақсақалдар-ай, ол Тәңір ұрпақ ба- сына қайтып келтірмесін дейтіндей заман болды емес пе? Жұрт жаппай ашықты. Малдан тұқым қалуы неғайбылға айналды. Қалай қармансақта құтылар жол жоқ. Әсіресе, Қазақстан басшысы Елтай Ерназаровтың келуі келешектен күдер үздіріп жіберді. «Белдеуде бұзау қалмасын»,- деген не сөз? Қазақ жаны малында. Ерікті-еріксіз шұғыл бір қимыл керек сияқтанды. Бір тұяқ серпіп көруге бел байладық. Милициясы, я белсендісі күннен-күн асса қағынып бара жатты. Ары ойлап, бері ойлап дегендей Шақпақтағы қажыға келдік. Бердеш бар, мен бар ойымызды жайлап жеткізіп жатырмыз. Қажының өңі кашып, екеуімізге кезек-кезек қарай берді. Осы кезде Қажының ұлы кіріп келді.
Қажы: - Зият, сен мыналардың келісінен хабардарсың ба?
- Иә, қажы. Ерте ме, кеш пе бір әрекет керек қой...
Қажы: - Е,е, сойқанды белсенділер ойыны осыған әкелді деңдер. Олар ойнайды, ал сендердің ойындарың осылады. Соның соңынан халықтың соры қайнап, сор- пасы төгілмек... Менің тілімді алсаңдар, бұл сөз осы жерде қалсын! Сендер айтқан жоқсыңдар, мен естігенім жоқ! Сендердін бір-ер жүз сойыл, он шақты мылтық- тарыңнан құлайтын совет жоқ! Мұның тамыры тереңде. Тоқтаңдар, тыйылыңдар, қарақтарым! Енді қайтып сөз де жасамаңдар. Біреуден біреу естіп, ГПУ тұқымдарыңды құртып жібереді. Жалпақ жұрттың қанына қалмаңдар. Бұдан кейін маған келмеңдер? Бұдан кейін келсеңдер өзім ұстатам сендерді. Барыңдар! - деп айдап тастады. Зият әкесінің қасында қалды. Бір-ер күн аралатып, Қажы қасынан Зият келді. Біз кеткеннен соң да Қажы айтқанынан қайтпапты.
Енді біз басқа әрекетке көштік. Ақылдаса-ақылдаса кеп, жұртқа Шәкәрім атынан сөз тастайтын болдық. Әр рудағы бұрынғы ел иелеріне арнайы кісі аттандырып, көтерілуге шақырдық. Күнін 2 қыркүйектің кешінен бастап, 3-күні деп белгіледік. Басталуы Шұбартаумен шектес Бақанас аулы болсын. Соңымызға ерген елді біржола ашындырып алу үшін бұл елдікі емес коммунистер мен комсомолдардың бір-екеуін құрбан етейік дестік. Қарабала Бақанаста тұратын, оның өші сондағы мұғалім Рамазан екен. Менің өшім РККИ-дің бастығы Олжабай еді. Сонымен, не айтары бар, соны істедік қой...
Амал қанша, көрбала ел Қарасартовтың оғынан 2-3 адам мерт болысымен дүрк қашып берді. Тоқтата алмадық. Өзгесі белгілі... Зият қашқан бетінде Қажыға барған.
Сонымен, қашқынға айналдық. ГПУ соңымызға түсіп берді. Үстамай қоятын емес. Жер жөнін білетін екі адамды Қытаймен арадағы шекараға жіберіп едік, «жорғалаған тышқанды өткізетін түрі жоқ»,- деп келді. Ендігі ақылымыз мынаған сайды. Қайтсек те Қытайға өту керек. Жан қалатын да, жанды сақтайтын да жер сол. Ол үшін бірінші, жер жайына өбден қанық адам керек. Екінші, Қытайға барғанда бізді қай әкеміз карсы алады. Онда барғанда да күнкөріс керек. Мен айтты дейін бе, Бердеш айтты дейін бе, бәрібір, Қытайға паспортымызбен барсақ қана сыйлы боламыз, қоршылық көрмейміз Паспортымыз Шәкәрім қажы болу керек
Қайткенде де қажыны бірге алып өтуіміз — екі мақ- сатымызды да орындайды. Қажыдан артық жер жады- сын білетін кісі бола ма?! Ал, ол жаққа да Қажы даңқы жеткен кісі. Көлеңкесі бір топқа ғана емес, мыңға жетеді.
Қажының бұл жақта да қимайтыны жоқ: Баязиты буынып, Ғафуры түрмеде бауыздалып өлген. Ахаты мен Қабышы түрмеде. Оларды жоққа санау керек. Қажы туған жер мен аруақты қимай, Шыңғыстаудан топырақ бұйырсын деп қана отыр.
Арттағы бала-шағаға қарайлағанмен қолды боламыз. Шекарадан аман өтуді Алла жазсын. Аласапыран басылысымен бала-шағаны әкету өзіміздің қазіргі өтуімізден қиынға түспейді. Осыған «жә» дес- кенмен, алдымызда өтуіміз қиын бөгет тұрғаны да еске түсті. Қажы айтқанымызға иланса жақсы, иланбаса не істемекпіз. Мұны бәрінің үлкені Бердеш екеуіміз оңаша шештік.
Ұзақ жол жүріске жайлы деп Олжабайдың Торы жорға атын Зиятқа жетектетіп, өзімізден бұрын жібереміз де, соңынан іле өзіміз барамыз. Қажыға айтарымыз мынау болмақ. «Сіз Қытайға бізбен еріп жүресіз. Жүрісі жайлы Торы жорға атты мінесіз. Мұнда қимайтын ештеңе қалған жоқ. Қалған бала-шағаны әзірше бір Төңірге тапсырайық! Мына зобалаң басылысымен алып кетуге біз кепілміз.
Біздің аянатынымыз жоқ, бәрібір өлген кісіміз. Сізді алмай кетпейміз. Сүйегіңізді болса да Қытайға апара- мыз. Онда барғанда қай әкеміз күтіп отыр. Біз паспор- тымызды ала бармақпыз. Ол паспортымыз - Сізсіз! Тірі апарсақ та, елі апарсақ та көлеңкеңіз жетеді бізге!»
Сөзіміз де, ісіміз де осылай болды. Қажы зарлап- зарлап, ақыры ерді бізге. Қажы ерген соң, жаңа күш бітті. Жүріс-тұрыста, жер-жол табуда қысылысымыз жоқ. Бәрін Қажы нұсқайды. Қуғын күшейді. Кеткеннен басқа жол қалмады. Аялдауға болмайтын болды. Шыңғыстың баурына - Аршалыға құлап, одан жайлауға шығып, Қытайға бет алған жолда Қажы атылды ғой.
Қажы «кітаптарымды ала кетем» - деген соң, бір інген түйеге азық-түлік пен кітаптарды артып алғанбыз. Қажы атылған соң, қашқаннан қашып Қамбардың Көкшетауына шығып кетіппіз. Жерді тани келе ес жиғандай болдық.
Қажы «Мұқаншиды басып жүрмеу керек. Онда күзет күшті болмақ. Біз жоғары өрлеп барып, Іленің калың қамысы арқылы өткеніміз дұрыс болады»,- деп отырып, өзінің «Үш анық» кітабы мұқабасының ішкі бетіне карта етіп, сызып та көрсеткен-тін. Сонда бет алғанда маған бір ой түсті.
«Шекарада бізді күтіп, жасанып әскер тұр. Қысыл- шаңда акыл табатын Қажы жоқ. Көппен жүргеннен жалғыз жүрсем сыйымды болармын. Менің жөнім Сібірдегі қазақтар болар. Бийск, Рубцовка, Барнаул кеткенім дұрыс. Шыңғыстау - Семей жолына жолама- уым керек». Сол Көкшетаудан Дегелеңді сырттап Кемпір бекетін басып, Қиық (Лебяжі) қаласына ойысып, Қызылтай ауылы арқылы Сібір түстім де кеттім.
Ендігі қиындық - көселігім болды. Бір құшнаш - емсек орыс кемпірін тауып, кемпір колдан дәрі жасап, жағып, бір ай шамасында сақал-мұртты қазақ болдым да шықтым.

  • Қасыңда кімдер болғанын айтпадың-ау, Қасымбек.

  • Қасымызда көп адам болған жоқ. Бердеш пен екеуіміз, Зият, Абайдың Гүлбаданынан туатын Көкше Дүтбайдың Мұхтары және екі Керей жігіті бар еді. Қарабаланы ГПУ ұстап, Қарауылда өзі етін өзіне жегізіл, азаптап өлтірген-тін.

Бердеш ақсақал бұл сөздің бірін де айтпаған кісі. Әуелі, «Шәкәрім атылғанда ол топтың ішінде жоқпын да» деген.
Разақ, Қабдеш, Бердеш үшеуінің 1954 жылы Мұқаңа сәлем бере барғандағы Мұқаң сөзін Әмен Әзиев сәл жасытып жазған. Мұқаң Бердешке «Ойпыр-ай, Бердеш-ай, Сен де жер басып тірі жүр ме едің?!»,- деген ғой. Мұкаңа бұл сыйымды, Мұкаң ғана айтуға тиісті сөз. Сыйымды болатыны - Бердеш Шәкәрім атын жамылып, Шыңғыстау халқын көтеріліске шақырды, халық қырғын тапты, Шәкәрімдей адамды адастырды. Оны білмейтін, ол істі жеңіл бағалайтың Мұқаң ба?!..
Енді Тәкежан Ойқұдығынан өтіп, Акперді Ойқұды- ғына ауысайық. Оның сол жак бетінде 6-7 шақырым- да Шолақтерек жотасы тұр.
Бұл күнде Шолақтерек пен батысы Сарыадыр, түстігі Тайлақбай аталатын жазық бойында көпжыл- дық еркекшөп (житняк) өседі. Кеңшар кезінде салынғ- ан егіс кырманы, дән қоймасы, мәдени қос көрінеді. Ал, адырды іргелей ертеде Абай заманында бар дала жолы жүргенде адыр таусылар түстігіндегі аласа төбе- ден асқанда, аузынан суы шығып жататын апан - құдық Тайлақпай құдығы аталады. Бүгінгілер оны Тұмсық құдық атап жүр.
Мұқаң Абай хақында роман жазу үшін көп ойланып, толғанғанын, роман өзегін ашатын кілтіне іргелі Қодар өлімі оқиғасын алғанын жазады. Қодар ісі - өмірде болған іс. Ал, Мұқаң жала еді, ол баласыз қалған Қодардың жерін алу үшін жақын туыстары Жексен мен Жетпіс өсектің өртін өршітіп жіберіп, Құнанбай оны күллі Бөкенші, Борсақ жерін өзі алу үшін пайдаланып еді деп алады.
Мұқаң халқымыздың ұлы ақыны өмірінен роман жазғанда оның шыққан тегі, өскен ортасын барынша айқын етіп, аршып көрсетпей, Абайдың тек ақындығын ғана суреттесе тым жалаң болатынын кімнен кем білсін. Өйтсе, халқының Абайы болар ма еді Абай?! Сондықтан, романның бірінші кітабында ақынның аты- тегі, өскен ортасы, сол кездегі халқымыздың тұрмыс- тіршілігін, кәсібін, салт-дәстүрін танытуды максұт еткен. Онда, алдымен, әрине ақынның әкесі Құнанбайдың руының орнын көрсетпек керек еді.
Соған орай, Құнекеңнің Қодар оқиғасы үстінде көрсетілуі шарт. Бірінші, Құнанбай Тобықты руының кісісін де өлім жазасына бұйыратын әмірші денгейіндегі Бас әмірші; екіншіден, рудың бар жеріне де ие боп, сол жолда қиян-кескі арпалыс, күреске түскені, соның күллісі - бала Абайдың, жасөспірім Абайдың көз алдында боп, болашақ ұлы ақын, ұлтжандыұлы санаткер - сол қиянаттарды көріп, біліп, өсу үстінде жетілгенін көрсеткен.
Бұл аталғандарға коса, ақынның келешегіне де сы- баға сол күрес, сол тартыс болғанын, Абайдың абай- лығы да сол қиянатты жолдан шығып, әділет жолына түскенін, сондықтан да Абай туған халқының ұлы аза- маты болғанын көркем сөз суретімен берген.
Тобықты руы тарихында бұл елге үш-төрт ғасыр бойына үш оқиға беттеріне түскен шіркеудей, көңілдеріне түйткіл боп келген. Әнет бабаңның көшке ере алмай тау басында қалуын бұлар ол жалғыз бізге емес, бүкіл халқымыз басына түскен ауыртпалықтың ауыр бір көрінісі деп біледі.
Ал Қалқаманның оққа байлануы мен Кебектің ат құйрығына таңылуы жөне Қодардың дарға тартылуына келгенде кімі болсын күмілжи береді. Тіпті, осы үш оқиға сауал боп Абай алдына тартылыпты деген де сарын бар.
Абай Құнекеңнің тірі кезінде, Найман Ұлан - Бұлаң- ның асына туыстарына басшы боп барса керек. Тобық- тыларға бөлінген үйге Абай бастап кіргенде, тіркестіріп тіккен кигіз үйдің біріншісінде бір келбетті қарт отыр- ған екен.
Абай ізетпен сәлем беріпті. Қарт:

  • Құнекеңнің Абайы сенсің ғой, қарағым. Көрсем деп ем, көрдім? Сөлеміңе рахмет! Алла разы болсын! Мына бір сөзге мойын бұршы. «Садақтың оғы», «аттың жалы», «түйенің қомы» деген бар ғой. Сен шешу айтпасаң, ешкім айтпай жүр, қарақ - депті. Абай тыңдапты да, еш жауап қатпай, төргі үйге еніп кетіпті. Қарт та қайта сөз өрбітпейді.

Серіктері Абайға:

  • Абай-ау, бөріміз бір саған бастатып, сен бар деп сеніп келдік. Өлгі шалдың сөзі не сөз? Жауабы жоқ сөз бе? - десін дейді.Абай:

  • Ол дауасы жок сөз. Дауасын тапсам да оны ұғатын сендер жоқ!.. Садақтың оғы дегені - «Тобықты Қалқа- манды неге оққа байлап бердің?» Аттың жалы дегені - «Кебекті неге ат құйрығына сүйретіп өлтірттің?» Түйенің қомы дегені - «Қодарды келінімен түйенің қомына дарға тартқаның калай?» деген сөз емес пе? Дауасыз сөз дейтінім сол! Дауасын сендер айтасыңдар ма, әлде?!.

Бір Тобықты:- Біз оны біле қоятын болсақ, бәріміз Абай болмас па ек. Өзің айтсаңшы, Абай?

  • Оның дауасын келешек айтады, келешек, -депті дейді Абай.

Тобықтыларға кездескен киракезік осы үш оқиға кезінде бүл руды билеуші өз тұсындағы қазақ ұлты- ның маңдайына сирек бітетін аса кесек тұлғалы қай- раткерлер. Әнет - бар қазак баба деп атаған, қазақ жолына да, шариғатқа да жетік ғұлама. Кеңгірбай- «тістеген жерде тісім, ұстаған жерде қолым кетсін»,- дейтін тізесінен қан келсе де каймықпас би. Қодарды жазалауды өз қолында ұстаған Құнанбай туралы жеткілікті айтылған. Осы сөздерді айту себебім - бұл біртуар кемеңгер жандар сол кездегі ұлтымыз тірлігінде кездесе бермейтін кермелі, шешілмес күрмеулі, асырмас асулы іске кездескендігінен барған, қатал үкімге және дұрыс барған дейміз.
Қалқаман өзінің немере қарындасын қатын етсе, бұл ұлтымызда үрдіске айналып, елдігімізден не қасиет қала- ды? Жеті ұрпақ ауысқанша қан араластырмайтын, тегімізді аздырмай сақтап келген асыл салтымыз кұрымақ. Ол кұрыса, халқымыз да кұрымақ. Бұл жөніндегі биология ғылымынан жазып, тәлімсімей-ақ қояйын.
Кебек ақ қой сойып, аруакты атап, ақ бата жасалған, күйеуі ұрын келген, біреудің оң жақтағы қалыңдығын алып қашты.
Жасалуына бас кеңесші Әнет бабаң болған Тәуке ханның «Жеті жарғысында» қалың малы төленіп, күйеуі ұрын барған, ақ бата жасалған қалындық алып қашылса, еркек те, әйел де ат құйрығына тағылып, сүйретіп өлтірілетін бап болып, үрдіске айналған. Ежелденелімізде, жер дауы мен жесір дауы халық берекесін кетірген дауасы жоқ бүліншілік басы болғандықтан, Төле, Қазыбек, Әйтекедей кемеңгерлеріміз осындай қатал заң аркылы ел бірлігін сақтап, сырт жауына қарсы халық боп жұмыла күресу шарты сол заң деп білген және өте дұрыс енгізген ол үрдісті.
Енді «Ақтабан шұбырындыдан» соң, есін әлі жия қоймай, ата қонысы Шыңгыстауға іргесі тиіп, әл жия- мыз ба дегенде Кебек Матаймен арандатуға барады. Тобықтыға «не құру, не Матайдың дегеніне көніп, Шы- ңғыста ірге теуіп, ұрпақ өсіріп, ел болуды» ұсынғандай тағдыр. Кеңгірбай Кебекті құрбан етіп, Тобықты руын сақтап қалуды таңдайды. Сіз Еңліктің нагашысы Қабанбай батыр, берілген жері Сыбан Байқара «азуы алты қарыс» Ақтайлақ би туысы екенін ұмытпағай- сыз. Кебекті қорғаймын деп, (Кебек батыр үйленген адам) Тобықтылар соғысқа шықса, кімдермен шайқа- сатынын бағамдайсыз ба? Онда «аз ауыл Тобықты» қалың Найманның қарсысына шығып, тұқымы құрымақ, телімге түспек. Кеңгірбай бидің кемел ақыл иесі, қайыспас берік қатты мінездің адамы болатын- дығы сонда - ол Кебек қандай ел ардағы, ер шолпаны болсын туған жұрты үшін құрбан етеді.
Ел иесінің елі үшін еткен құрбаны қазақ тарихында жалғыз Кебек болмаса керек-ті. Елі үшін «еркек тоқ- ты - құрбандық» мақалы Кебек тұсында тумаған. Осы арада салқын ақыл, таразысы әділ, салмақты ой иесі халқымыздың бір азаматының Кеңгірбай би жөніндегі бір үзік бағасы ойға оралды.
Абайлық жазушы Көмен Оразалиннің 1980 жылы 60 жасқа толу мерекесіне Алматыдан жазушы Ғаби- ден Мұстафин, ақын Әбу Сөрсенбаев ақсақалдар келді. Қайту сапары Кәменнің туған ауылы Кұндызды арқы- льі болды. Қадірменді ақсақалдарды ел шеіінен шыға- Рып салуда райком хатшысы Хафиз Матаев болмақ-тын. Бірақ, хатшыны Семей обкомы шұғыл шақыртып, Қонақтарды құрметпен ұзатьш салу кеңшар директоры, райком мүшесі Ғылымбаев Мансұрға міндет етілді.
Ақсақалдар шығарып салардағы дастархан мәзірінен дәм татып, аттанар да Мансұр:

  • Ардақты, ағалар! Ауылымызда қона жатып, құрметімізде боп, аттанып барасыздар. Бәріміздің аяулы ағамыз Мұхаң (Әуезов) «Жолаушылықтың ең жақсысы - отбасыңа аман-есең оралғаның» - деп еді ғой. От бастарыңызға есеншілікте оралыңыздар! Бейнетсіз жеткейсіздер! Тілегіміздің үлкені осы!

  • Ғабиден аға, Хафиз Матаев «қадірлі қарттар қай- тарда не айтты? Қандай пікірде кетті?» -десе не дейін?

  • дейді. Күлімдеген Ғабең: қабағын кере түсіп:

-Хатшыңа, Хафизіңе мен Шыңғыстаудан Кеңгірбайдың табанының ізін көрдім деп айтты де!.. - дейді де, қоштасып жүріп кетеді. Бұл үлкен жазушы, үлкен адамның біздің елге соңғы келуі болады.
Ғабеңнің сөзінде бүгінде Абай елі атанған бұл елдің ел болуының басында Кеңгірбай бидің тұрғанын атап көрсету бар ғой.
Қодар өлімі кезекте тұр. Қодар ісі - өмірде болған іс. Ендеше, ондай сүмдықты істеушілерді де елден ала- стау да дұрыс болмак. Қодардың Борсақ руынан екені мәлім. Борсақтан Егізбай, Сегізбай, Алма, Жазыбай, Қазыбай туады. Қодар - Қазыбайдың бел баласы және Керейбай, Қияқбай, Қаптаубай, Қиял батыр, Шуашбай

  • жиыны алты ұл болған.

Олжайдан Айдос, Қайдос, Жандос болғанда, Жан- достың «жігіт-ақ!» атын иеленіп, келе-келе Жігітек бо- лып аталуы осы Қайдостың екі баласы - Бөкенші, Бор- сақпен байланысты болған. Қайдос ерте өліп, әйелі Ай- сана екі баласы - Бөкенші, Борсақпен жесір қалады. Жандос он екі жастағы кенже ұл екен. Айсана ана- мыздың қайнысы Жандосқа каратса деген ойы болса керек. Бірақ Олжайдың артын тырп еткізбей билеген адуын Айпара абысыны Айсананы ұнатпағаны ма, жесір абысынын көре тұра, қайнысы Жандосқа өз сіңілісі Әшкенді әпереді. Айпараға қарсы келер «шөккен түйеге міне алмайтын» Айдос атамызда хал бар ма? Айсана анамыз бұған өте назаланып, екі ұлын алып, бір өзбекке тиіп кетіпті. Айпара ананың акылымен артынан Жандос аңдып отырып, бір түнде капысын тауып, екі інісін ұрлап алып келіпті. Айса- на зар ұрып, соңынан келгенмен, жесір, өзі бөтен біреуге тиіп кеткен әйелге бала бере ме? Балаларын ала алмаған Айсана Айпараға арнап кетерінде: Айпара, Әшкенменен абысынды,
Демеңдер Айсананың сағы сынды.
Жаманды қос жетіммен теңдеп алып,
Сала бер жат жұртпенен жарысынды, - деп ай- ткан өлеңі ел есінде сақталған. Жұрт Жандостың бұл ісіне ырза боп, «бәрекелді, Жандос, жігіт-ақ екенсің!» деген сүйсіністі сөзімен барып Жігітек аталған дейді.
Борсак атына сай, борсиып тамақ іше беретін болғ- ан. Шын есімі Шегедек деген сөз бар. Ал, Бөкенші ағасы Жігітекке серіктікке жарап, Олжай би атын өшірмей, Олжай аулы, Олжай балалары деген аттың сақталуына көп үлес қосыпты.
Жігітек (Жандос) Бөкеншіден бұрын өлсе керек. Бөкенші кадірлі ағасының сүйегін Өзірет сұлтанға (Түркістанға) апарып жерлегенде, Бөкенші сүйегін өкесі Жандос үшін еткен еңбегін қайырғандай боп, Кеңгірбай би де Түркістанға апарып жерледі деп оты- ратын еді, өзі Жігітек Орынбайұлы Тілеке ақсақал.
Жоғарыда айтылғандай, Тобықтылардың есінен кетпей жүрген осы үш оқиға, үш тағдыр туралы осы өлкеде туған үш алыптың үшеуі де калам тартқан. 1880 ж. «Дала уәлаяты» газетінде «Қазақтардың есінен кетпей жүрген бірер сөзді» ғалым-жазушы М.Мағауин Абай жазды деп жүр. Ал Шәкәрімнің «Қалқаман-Ма- мыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларын жазуда Абай ақыл берген делінеді. Тіпті, Мағауия жазған «Еңлік-Кебек» поэмасьш Мұқаң өз архивінде сақтап кеп, поэма нұсқа- сьш 1951 ж. жариялатумен бекітті. Қазір ғылыми-әдеби айналымда Мағауия мен Шөкәрім жазған поэмалар- дың екі нұсқасы бар. Мағауия «Еңлік пен Кебек» қисса- сын Шөкөрімнен бұрын жазған. Шөкөрім «Еңлік- Кебекті» баспадан шығарған 1912 ж. Мағауия жоқ та. Ел есінде Мағауия нұсқасын тыңдап, Абай баласына «Көсем көселікке салған екенсің. Ел арасы бүлінеді. Жа-
рия етпе!» деп тыйым салып, киссаны қайта жазуды Шәкәрімге тапсырған деген де сөз сақталған.
Мұқаң 1917 жылы пьесасы «Еңлік-Кебекте» Кеңгірбайды ашық кіналауға бармаса, түзеген нұсқа- сында пара алды дегенді ұқтырады да, соңғы нұсқада Кеңгірбайдың қиналысын ашып, билікті Матай биімен оңаша келісіммен айтқызып, көрерменді күдікте кал- дырады. Романда Абайға ашык кінәлатады биді. Осы- лай етпеске Мұкаңның шарасы бар ма?!. «Қодар ісі бо- лған іс еді»- дей тұра, роман кілтін ашу үшін Қодар- дың өлімін алу, оны кінәсіз деу, жазушыға, біріншіден, кер заманның тежеусіз билік етуші феодалдары өз мақ- саттары үшін кедей, нашар тап өкілдерін өлтіруге де барды, екіншіден, Тобықты елінде сондай катыгездік жасаушылар басында Абайдың әкесі Құнанбай тұрды. Бұл феодалдық замандағы халықты іштен жегідей же- ген, тоқтауы жок - ру таласы еді. Ол - сонау Қодар өлімінен, Абайдың балалық шағынан басталған, әкесі Құнанбай мұра етіп тастап кеткен ру таласы. Абай- дың сабалуына да жеткізген ашыған у деп таныла- тын, роман оқиғасының өзегі, жұлыны етіліп алынғ- ан. Сонымен катар, Қодар оқиғасы Құнанбайды көзі тірісінде де ел тазалығы, ел намысы үшін күресер, ел басы зор қайраткер етіп көрсеткен де, романда Құнанбай бейнесін тым биіктетіп өкеткен. Соны дөп басқан, тап басып таңдап алған оқиға еткен Мұқаң.
Ал, Шәкәрім қажы ше? Қажы өмірінің соңғы жыл- дарында жазған жырды. Шөкөрім Қодар өлімін тарих тексеретінін жақсы білген. Сондықтан, Қодар өлімінің оқиғасына өте маңыз беріп, шашау сөз жібермей, тап- тұйнақтай шағын қып шығарған «Қодардың өлімі» шығармасы 39 шумақ, 156 жол өлеңнен тұрады.
Ол - Қодар, барымташы, елдің басы, Жыртылмасын деп жүрген ел жағасы.
Ар сүймейтін бір істі қылғаннан соң,
Аямаған Олжайдың кәрі - жасы.
Ойласаң бұл істің көп мағынасы.
Не қылған есті жақсы соны ойлашы.
Өз бауырын өлтірген ел данасы
Не күндестік, немесе кек қуған жок,
Ел бұзбауға ойлаған бұл айласы.
Бұдан соң окиға романдағыдай өрбітіледі. Істі Құнанбай Солтабайұлы Барақтан естиді де, анық-та- нығын Бөкенші - Борсақ басшысы Сүйіндіктен өтіледі. ЛСорға Жұмабайды жіберіп, Қодардың қаруын алды- рып, байлап алдырады. Ант аткан күнәкөр Қодар жа- засын Құнанбай айтады.
Билікті Құнекең айтты! Үкім орындалу керек! Екі антқа жаны ашысын кім елжіреп, Беттеріне түкірді бәрі де кеп.
Борсақтың басшы адамы батыр Қиял,
Болмады «таспен атпай дарға асам» деп. «Екеуін өлтірмеймін кұр қинамай,
Бейнетті көрсетемін бұған талай».
Екі атанға арыспен арқан тартып,
Жүрді жиып Жылқыайдар шатқа қарай.
Үкім орындалысын өке-шешесі бір Қиял батыр бас- қару керек!
Анау жартасқа апарды елден таса,
Терең құз Хан өзенге құйған аша.
Қатын сонда Қиялға жалыныпты,
«Қодарды бір сүйгіз деп тым болмаса». Тайлақбай осы кезінде жастау бала, Жақсыларға сөз айтты тұра сала.
Құнекең мен Сүйекем, мынаны өлтір,
Бөбең болсын демесең шын масқара.
Барып ойға түскен соң таспен атты,
Көпке шейін тыпырлап тулап жатты.
Әбден еліп болған соң отын өкеп,
Екеуінің сүйегін отқа жақты.
Қодар өлтірілді. Ел елдігі мен ер ерлігі, ел иесінің беделі артты! Міне, осы - Шәкәрім талғам-тағылымы. Ал, Мұхтар - мұхитымыз жазған романдағы оқиға ха- қында Мұқаңа қалам алғызған дәуірді еске алсақ, же- тер!
- Иө, Қиясекең үстіне киім кимесе, жартылай жа- лаңаш жүріп - ақ дулатып, тамақ таппаса да уайым- сыз тоқ жүрсе, бұл қу адам бола ма?..Ал сондай «қу», «рахат ғұмыр» кешуші кісі даладағы сасыр сабағы қурайдан сыбызғы жасап алып, зарлы әуенмен саз, күйінішті күй аңырататыны несі? Әуелі өлең шығарса, онда да өлшемнен, ұғымнан тыс дүниелер ұсынады-ау!
Беліме буынғаным он бес аркан,
Ел кезіп, елеуреген мен бір дархан.
Тұсына кызды ауылдың келгенімде Арқаным шешіліп кетіп талкан-талқан.
Беліне он бес-ақ арқан буынған ерің қызды ауыл- дың тұсына келді. Буын-буыны босады. Аяғы басуға келе ме, келмей ме?! Он бес арқан буынатындай белі бар дию еріңнің буыны босағанда он бес арқан буыны- лған бетте тұра ала ма? Әрине, талқан-талқан болмақшы!.. Жаратылыс күші ерге жетер өйел әсерінің куаты осы, қарақ!..
Ал, осыншама өнері, күші, терең ой ойлауға да қабілетті пендеңіз - неге шайхы-пөни болды екен?!. Міне, бізді осы жай көптен-көп ойға батырды. Біздіңше, Қияс- пай атасы Қодар сұмдьпын бар салмағымен тани-біліп, яғни қазақ табиғатьша жат, сұмдьщ іс деп санап, дүние ісінен баз кешіп кеткен жан. Әуелі, ол жарықтық ел боп жиналып, Қодар мен Қамқаны дарға тартьш, таспен атып, денесін өртеп жібергенін көзімен көрген де болар-ау!
Жә, осымен тізгін тартып, жоғарыдағы уөдеміз бой- ынша Тайлақбайдың кім екендігін, көлдің атауы мен емдік қасиетіне көшейік. Тайлақбай - Бөкеншінің немересі. Шөкәрім «Қодардың өлімі» атты өлеңінде оның кім екенін ашып-ақ көрсеткен. Егер аяушылық жасалып, Қамқа өлген соң, Қодар тірі қалдырылса, елдің елдігі, ердің ерлігінің құны қала ма? Жас Тай- лақпай осыны аңғарып, Қодарды өлтіруді батыл ұсы- нуымен іргелі ірі азамат болғаны көрінбек. Тайлақбай құдызғының шығысында Сарадыр мен Қоңырадырды жалғағандай көл жатыр. Көлді бүгін Қасқабұлақ көлі атайды. Біз Қасқабұлақ бұлақ аты дегеміз. Көлді ерте- де - Үшқараның көлі атаған.
Көл суын Үш биіктен - сонау Шолпан, мына Сарадыр мен Қоңырадырдан алады. Көл осы үш биік орта- сындағы шұңғыма ойда тұр да, бар қар суы көктемде сонда кұйылып толады. Құрғақшылык жылдары кейде соры бетіне шығып, ақ тұз басады. Біздің жас ша- ғымызда жұрт бірауыздан Үшқараның көлі дейтін. 1950 жылдарға дейінгі картада да солай жазылатын. Мұканды сөйлетейікнгі!...
«Тайлақбай кұдығының кақ қасында Үшқараның ашы көлі бар. Соның сор батпағы жел науқаска мың да бір ем деген сөзді көп естіген Дәркембай, өзінің Базаралы досын жаз бойы астауға, батпаққа салып емдеген-ді.
Енді сол емнің арты бұрын қорғаншақтап жатқан Базаралыны қатарға қоса бастады. Ол жайын Базаралы өзі әзіл ғып сөйлейтін.

  • Е, бұқпа торғай сияқтанып, әншейін «бұға берсем құтылады екем» деп, сол аурудан текке қоркып жата беріппін...

  • Сорға түсіп жазылдың ба?

-Сордың өзі ем болды-ау!- дегендерге де өзілмен жа- уап айтатын:

  • Несін айтасыңдар, мен баяғыдан күншуақтап, кұс мамықта мамырлай рақат тапқан жанмын ба! Сондай сордан, соққыдан жол табам деген жансебіл емеспін бе?! - дейтін.(«Абай жолы» Үшінші кітап. 254-бет).

Тарихқа аты мөлім, Саптаяқ немересі Мұстафаұлы Төуке батыр есімі де осы Үшқара биігі мен көліне байланысты. Тәуке батыр жиі-жиі қашқын боп жүрген. Сондағы көп жүретін мекенінің бірі осы ба- уыр жері, осы Үшқара маңайы болыпты. Жан-жағы жазық, ана Қоңырадырдан не Сарадырдан, я Шол- паннан Қарауылдап отырып, қуғыншыны бұрын көріп, кұтылып отырған. Үшқара көлінің оңтүстігіндегі Шолақтерек биігі мен көлінің арасы 3-4 шақырымдық жазык алқап. Ертедегі табиғаттың жомарт, суы мол кезінде тұтасып жатып, кейінде бөлінгендей. Бұрынғы көл орны екені көрініп тұра- ды. Шөбі - сорға шығатын өсімдіктер.
Мұқаң романының төртінші кітабының «Қапада» атты тарауында бұл мекенді Молалы су атайды. Кітап тарауының атын да Абайдың жан достары Дәркембай,
Базаралы, баласы Өбіш казаларына байланыстырып, акынның капа-қайғысына бағындыра қойған.
«...Абай көңілі көтеріле алмай, қайта капалана түсті. Кәрі сырлас қарт досы Дөркембай өмір мең өлім арпалысы үстінде жатыр.
Ербол сөніп калған отты осы шакта құрғақ тезек салып, қайта қоздандырып үрлей түсіп еді. Енді бір сәтте лаулап тұрып, маздай жанған от Абай мен Дәрменнің жүзін ауру адамға анық керсетті. Аурудың аппақ сақалы ұзын күйде ұйысқандай. Кесектеу мұрны қазір сүйірленіп, қырлана түскен. Кішілеу көздері ашылар-ашылмастай сәл ғана сығырайып, төмендеген. Ағарған қалың касы ретсіз ұйпаланып, көзіне қарай жайылған. Дерт жеңген қарт өзіне үңілген екі жүзге кезек карап, сәл ғана езу тартқандай болды. Өте, ақырын ғана дауыспен:

  • Абай-мы-сың?- деді. Кірпігін ғана козғап, өзіне қарай шақырғандай. Абай оның не тілегенін аңғарып, аурудың сақалына бетін әкеп баса берді. Науқас бұны- сы кұптап, бас изегендей ишарат жасады да, Абайды құлағынан, самайынан, маңдайынан қоса иіскеп, сүйгендей белгі етті. Көптен көзден шықпаған кесек там- шы, ыстық жастар Абайдың көзінен кәрі дос Дәркем- байдың мұрнына, оң жақ бетіне сап-салқын тамшы боп кат-қат тамды.

...ЕЬпц бір шақта Дәрмен мен Рахымға кезек көз ауда- рып жатқан Дөркембай тағы да бір нәрсе айтарман болды. Еріндері сәл қыбырлай түсті. Сол сәтте тағы да айқын сыбыр естіліп еді. Дәрмен анық ұғыньш, нық тоқып алу үшін ағасының аузына өзінің құлағын да такай төнді.

  • Рахымды саған тапсырамын... Осыны адам ету жайын сен де өз мойныңа карыз етіп ал!.. Сонымен ақта Абай тәрбиесін!..- деп, бұнымен сөзін бітіріп, енді көз қиығын Абайға бұрды. Жаңағы Дөрменше Абай да еңкейіп құлағын тақады. Аурудың бұған айтқан сы- быры, тіпті өлсіреп жөне қыскарып азайған еді.

  • Рахымды... оқуға берцгі! Бұны да адам етші! - деп соңы арыздасу сөзін осымен тамам етті....Саналы қарттың өлер алдындағы қамырығы мен арманын Абай Дәрмен мен өзі ғана боп, оңаша бір ай- тысып, ойласып көрген. Сонда Дәрменге:

- Дәкең, сен екеуімізге арыз айтып, қарыз айтты- ау! Қатты тапсырғаны мынау жас баласы Рахым бол- дьі ғой. Күн көре алмайды, аш-жалаңаш калады деме- ген шығар. Бірак әлдекім боп қалмасын, «біреуің қам- корлық ет», «біреуің адам ет» деп екеуімізге міндеттің екі басын салмақ етіп салғандай еді. Мен ойласам, мұсылманша оқуы жаман емес екен, өзінің оқуға зейіні де, бейілі де бар көрінеді. Мына Рахымды ілгері окытайық. Сен Жаңыл мен Рахым үшеуің осыны акылдасып, біз қайтканша бір байлау жасандар! - де- ген. (М.Өуезов. «Абай жолы» Төртінші кітап. Қапада. 118-119-бет.)
Үлы жазушы романынан алынған бұл үзінді бай- ыппен барласак, және де сырлар ашады. Енді біз Мұқаңның қазақ елінде тап болғанын көрсететін жа- тақтар жөніндегі желілі суреттердің басталуына, ягни жатақтар мекені, еңбек орындарына кезігеміз.
Сонымен қатар, өзі романның аса соқталы кейіп- керлері - Дәркембай, Ербол секілді Абай достарының өмірден өтуіне куә болумен бірге, жазушы шартты түрде алған прототипті кейіпкерлерім дегенмен кейбірінің ұрпақтарын да біліп, есімін де атап, нұсқап кейінгі ұрпақ білсе екен соларды дегенін де ұға кетсек керек. Роман- да Тобықты елінің «атасы табыстырмай аталының зор- лығы табыстырған» еңбекші момын жұрты «жатақ» ата- лып, егіншілік еткен қоныстары деп Ералы жазығы, Шолақеспе, Миялы, Жанқара, Суықжал, Мөмедін- Қабыл, Молалы су, Ақеспе, Білде қоныстары аталады.
Осы қоныстарда сол жатақтар дән егіп, дән алған күні кешегі ауыл шаруашылық серіктестіктері мен артелдері, кеңшар еккен егін алқаптары орны әлі сақ- талып отыр.Қоңырадырдың ортасындағы көпке мәлім орын ол - Саяжанның Аққолқасы аталған алқап. Адырдың кең қолатында үлкен қара жай орны жа- тыр. Саяжан көп жасаған, (1970 жылдарға шекті) ұзын бойлы сары шұбар адам еді. Күле сөйлеп, аға
жөнелетін көңілді - ақ көйлек қарт болатын. Бөкеншінің үлкен ұлы Байкөбектен Сүгір бай туса, Сүгірұлы Өмірзақтан Ырсак, одан Саяжан туады. Са- яжан Сүгірдей мың айдаған бай шөбересі болғанмен, ұрпақты бола алмағандықтан ба, дала жүмысына бейімді боп, бері келе жатақта қала беріпті. Бірак, аукат- сыз емес, орта күйі болған. Бір тамашасы, Саяжан ха- қында бүгінгі демократиялык сайлау жүйемізге шақ, бірақ аңызға бергісіз әңгіме ел есінде мөрдей басылып сақталып келеді. Елі есен болса, Сәкеңнің бұл әңгімесі әсте де ұмытылмас. Саяжан ақсақал менің әкеммен түйдей құрдас еді, үйімізде де жиі болатын. Сәкең:

  • 1910 жылдардың бірінде Сүгір ауылдарында ауылнай сайлау жиыны болды. Жиынға болысымыз, сайлаушы орысымыз да келіп отыр. Зайыр көңіліме сол отырғандар ішінде ауылнайлыққа өзімнен лайық- тысы да, оңтайлысы да жоқ. Бірақ болысымыз да, ақса- қалдар да маған бейіл білдіре қоймады. Көңілімде на- мыс оянып, желіге келе бір тәуекелге бел будым. Сай- лаушы орыс, бір жақсысы, қазақша үғады, сөйлеуі де тәп-тәуір. Содан дәметтім. Жиын ашылып, ортамыз- дан ауылнай сайлау керектігін хабарласымен, іле тұрып, сөйлеп жөнелдім.

  • Туыс-ағайындар! Бұл жиынымыз құтты жиын бо- лады! Мына Қызылшолақ орысымның келуін жақсы- лыққа жорып тұрмын (орыс «аканаузы» деп бір қозға- лып қойды). Ауылнай сайлайық, бірақ ортамыздан бір жақсымызды сайлайық! Осында, ортамызда атасы ел бастаған, анасы көш бастаған аузының ебі, аяғының желі бар бір азамат отыр. Соны сайлайық ауылнайға. Болысеке, сіз де, ақсақалдар, сіздер де мені ауызға қақпаңыздар!

Меніңше, сол жігіт аулынайлыққа лайық! Ағайын арасындағы көп кезігер араздықты басып, құраздықты қойғызар сол! Осы күнге шекті соңынан өсек сөз ерген жоқ оның! Жаманшылыққа барған жоқ. Бір Құдай, бір аруақ деп соның етегінен ұстайық.
Ағайындарым аузыма қарап қалған. Үлкендер аң- таң.
Қызыл шолақ орыс: - Ой, аканаузы, молодец! Ол жігіт кайда? Нука тұрсын! - деді.
- Кім тұрсын?
Қызыл шолақ орыс маған қарап: - Әй, ол кайда?
Мен: - Ол - мен, Ырсақұлы Саяжан едім!
Кызылшолақ: - Ой, аканаузы! Самаваныш (само званец)! - деп (жақын тұрармын ба?) қамшымен тартып-тартып жіберді. Шетке кашып кеттім. Ел күлкігебатты. Осыдан өзін-өзі ауылнайлыққа ұсынған, өзін-өзі мақтаған Саяжан болдым.
Ендігі Бөкенші жатақтарының шоғыр қоныстанп егінді көп еккен жері - Төрбұлак бойы. Қора-жайсалып, жатақ болғандар - ағайынды Тазабек, Төлеубек деген кісілер. Тазабегінен ұрпақ бар, 1930 жылдар ішінде өлген. Төлеубегі Қарауыл аулында, сал аурудан 70 жасты аралап барып, 1960 жылдарда дүние салды.
Бұл орын кейін де Жаңаталап шаруашылықұжымының орталығы боп, Төрбұлақ аты ұмытылып, қоражай иесінің атымен Тазабек аталып кетті. Қазірдесолай аталады.
Қоңырадырдың жотасынан Қасқабұлақтан келетінжолмен Шығысқа асып түссек, аса кең қарағанды алқап жатыр. Ол ертеден қазірге дейін Ербол қарағаныаталады. Алқапты Мәмедін-Қабыл, Тастықұдықадырып қоршап, Дүйсембайдың Ақбиігіне ұштасса, солындағы Сарыжырық адыры, Аралтөбе, Тышқан биіктеріне тіреледі. Ал тура алдындағы қарағанды алқапДүйсембай биігіне тақағанда жіңішкеріп барып, Еренайдың Ақбиігі мен Суықжалға жалғасады.
Ақын өмірін білетін және Мұқаң романын оқығанадам Ербол есіміне әбден қанық, әм оның есіміне іші жылып та отырады. Романда Ербол - Абай асығы жан сұлу ауылынікі, бозбала Абай мен Тоғжанарасының дәнекері. Бері келгенде де Абай Ерболдыкөрмесе сағынып қалатын болған, ақын қысылғандасүйеніш, демеу көрер жан қиысар досы. СемейдаСалтанатпен кезігіп Манас батырдың көпіре сөйлеуіненхабардар боп, Әйгерім сұлу Абайға салқын қарап, ақын өз көңілінің түзулігін ұқпаған, ұққысы келмеген жарынан, отбасынан жалғыздық көргендей болмаушы ма еді.
«Жым-жырт үйде күндегі дағды бойынша шам жа- ғылып, Абай кітабына енді үңіле бастағанда, отаудың киіз есігі серпіліп, шапшаң ашылды да:

  • Кеш жарық! - деп Ербол кіріп келді. Абай орнынан қалай атқып тұрғанын өзі де байқамай қалды. Қарсы ұмтылып барып Ерболды құшақтаған бойында төрге әкеле жатып:

  • Бәсе келші! Сен болмай тынысым тарылғандай жабы боп кетіп ем. Отыр, шешін. Әйгерім! Көрпе сал! - деп қатты әбігерленіп, балаша қуанды.

Ерболдың келгеніне Абайдың соншалық аласұрға- нына Әйгерім күліп жіберді. Бір сәтке шын тамашалап қалды. Өзімен жақсы күндердегі Абай мінездерін еске алды. Анық бір күн көрмесе, осылай ашыла ұмтылысып, қуанышпен аймаласып көрісетін. Сол отты шағын ойлаумен, Абайды кызғанып та қалды. Жүректің ойда жоқта алай-түлейіне түскен еді».(«Абай жолы» 2- кітап. Оқапта. 170-бет.)
Жазушының бұл суреттемесін ақын мен Ербол дос- тығының сонау жастық кезден бері үзілмеген сырлар сарқынының бір ұшығы дейік те, және мына бір үзіндіге назар салайық.
«Алда келе жатқандар - Байкөкше, Абай, Ербол. Бұлардың аттары Шардың мөлдір суына ауыздығымен бас қоя берді. Ұзақ жүрістің мерзім дағдысын жақсы білетін және осы топты Қарамолаға қарай өзі бастап келе жатқан Байкөкше қазір барлық топқа үлкендік әмір етті.

  • Аттарыңның ауыздығын алыңдар! Енді Шарды қайта өтпейміз. Кешке таң асады ғой. Ел орынға отыра барып қалармыз. Аттарды біраз суытып, анау арғы жағада сәл шалдырып та алайық! - деген. Жұрттың бәрі атының ауыздығын аттан түспей тұрып алды. Абайға катар келе жатқан Ербол Абай еңкейе бергенде, оның денесінің толықты, ауырлығын еске алып, өзі бұрын еңкейді. Абай мұның қылығына сүйсінсе де, жеңіл әзіл айтты.

  • Япыр-ай, тым құрыса, «Өз атын өзі суаруға жарамайды» деп мазақ та қылмайсың. Үп-үлкенбасың- мен өзіңнен бұрын мені ойлауды бір қоймасың-ау, Ербол!

Ербол күліп қойды:

  • Е, баяғыдан бойға сіңіп кеткен жаман әдет қой «Сені осындай шаруа қолынан келмейтін епсіз бақыр» деп мүсіркеп үйренген әдетім ғой!

Мол дене, кесек келбет, қабілеті бар Абай туралы Ерболдың «бақыр», «мүсіркеу» деген сөздері жақсы әзіледі. Жолдастары да күліп тыңдасты».(«Абай жолы» 2- кітап. Қоршауда. 266- бет.)
Кім-кімде болсын шуағы мол жастық шаңта айры- лыспай қосақталып жүре бергісі келетін жанқиысар досы болатыны шүбәсіз ғой! Бірақ, өмірініңсоңынашекті достығы үзілмейтін бақыт әркімге бұйырабермейді-ау? Әсіресе, өмірі кесек-кесек оқиғаларға жиі кезігетін ірі тұлғаларда ондай достар айрылғыштығы сирек те болмаса керек. Абай мей Ербол достығы да қайғылы деп атауға сиятынхалге кезіккені - болған ақиқат.
Бүгінгі зерттеушілер ақынның:
Күшік асырап ит еттім,
Ол балтырымды қанатты,
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты - дейтін өлең шумағы осы Ербол Көмекбайұлына арналған деп жүр. Бізде сол пікірді мақұлдаймыз. Абай мен Ербол достығының басталуы мен аяқталуы жайындағы кей деректерге тоқталып көрейік.
Ербол Көмекбайұлы Бөкеншінің Жанақ деген табынан делінеді. Солай сөйлеп отырған үлкендер Ерболды Бөкеншіге сіңген қырғыз дегенді және қосыпотыратын.
Қазіргі Абай өмірін зерттеуші кейбірінің акын менЕрбол достығы Тоғжанмен байланысты деп қадап айтып жүргеніне де біз бейілміз. Абай жарықтық Тоғжанмен арадағы тілхат қып қыз ауылдасы Ерболды салып қойып, құштарымен жолығып жүріпті. Тасып жатқан Қарауыл суынан қызыл өгізбен өткізіп салатын Ербол азаматтығы әлемге мәлім әңгіме ғой. Соның бір үзігі есепті мына бір әңгімеге назар салыңыз. Ертеде бұл басылса да кейіннен сөз болмай жүр.
Есболат руының Жолжақсы атты бір жігіті Абайдың жас бозбала шағында қасында көп жүріпті. Тегі Есболат руының азаматтары пысық, тілді, қушыкеш әрі малтапқыш келеді. Жолжақсы әңгімесі:

  • Абай күн үлкен бесіннен кете ат ерттетіп, Қарауыл бойына, Тоғжанмен кездесуге жүріп кеттік. Шыңғысты бөктерлеп, өзенге таяй бергенде қой жайып жүрген біреу көлденендей, тосып тұр. Абай кұралып- тас бозбала екен. Танымадым. Сәлемдескен соң: «Абай мырза, біздің ауылдың жігіттері ат ұстап, әзір отыр. Қолға түсіп қалмаңыз», - деді. «Бұл кім?» - десем.

  • Сүйіндіктің қойшысы. Қырғыз Көмекбай баласы Ербол деген жігіт, - деді.

Кеш қараңғылана уәделі жерге келгенде, Абай бұрынғыдан атты жақын ұстап тұруды тапсырып, қызға кетті. Көп уақыт өткен жоқ, шапқан ат дүбірі шықты. Біз де жөнелдік, Қарауылды іргелей, Көлқайнарға қарай тартып келеміз. Іңір қараңғысы ғой, ат дүбірі бойынша қуып келеді. Қуғыннан құтылып, Көлқайнардың адырына шыққанда ай туды. Абайдың мінгені ақжал Сары жорға ат еді. Қарасам Ақжал аттың үстінен ақ көбік ұшып жатыр. Абай болса, қара тер басып, өзі семіз жігіт, ілгері кейін кетіп, алқынып тұр екен. Көңіліме қалжың келді.
Ақылыңа қарасам данасың,
Ісіңе қарасам баласың.
Ат шаба алмай жығылса,
Қолға да түсіп каласың.
Бұл шіркінді мұнша күйттеп не қыласың! - дедім.
Абай: «Әй! Жолжақсы! Оны олай айтпаса керек!»
Сап, сап, көңілім, сап көңілім,
Саяламай, сай таппай,
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бай таппай, - деген өлеңінін үш-төрт ауызын айтып тастап барып, аттан түсіп еді.
Ертеңінде Абай Ерболды шақыртып алды. Осыдан ба- стап Ербол ел кісісі болды да кетті. Әрі тілді, әрі жұғым- дьі да епті Ербол артында Құнанбайдың Абайындай қол- даушысы, қорғаушысы болса, неге көтерілмесін биікке! Тіпті, Ерагаң Құнекеңнің де көз киығына іліккен. Ербол- дың Абай қасыпа еріп, сеніміне енуі екеуінің 15 жастағы кезі, 1860 жылдар шамасы. Ал Құнекең 1885 жылы дүние салған. Құнекеңнің баласы Абайға риза болмаған жерлері де болған екен. Ол - Абайдың «кешегі жау елдіңбөлтіріктерін» дос деп біліп, маңына жинауы болса ке- рек. Бұл Құнекеңнің Абай басына қоятын романдағы үш мінінің екіншісі де болып шығады. Әкесі Абайға: «...екінші дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Ішінде жатқан сыр ұшығы жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басыңа ел үйірілмейді».(М.Әуезов «Абай жолы» 1- кітап. Қияда.)
Ахат Құдайбердиев, Әрхам Ыскаков, Ниязбек Алдажа- ров үшеуі де Абай туралы естеліктерінде Ерболдың Абай- ды қалай сатьш кеткен оқиғасына тоқталмай өтпеген.
Ахат болса, оқиғаға бірге араласып, баршасын көзінен өткерген Шәкәрім Қажының көргені мен білгенін, әсіресе қажы ұлы ағасының бір сенген кісісіне кұлап берілер сенгіштігіне деген ренішін сездіреді, оны ауызекі әңгімеде ашық айтып отырған.
Романның III кітабының «Абай аға» тарауындағы келесі сайлауда болыстыққа кімді сайламаққа батала- суға келген, Тобықты руын ашса алақанында, жұмса жұмырығында ұстаушы билердің аттарын қуғызып, қораға қаматқан Оспан тентектігі анық ақиқат екен.
Мұқаң романында да, Ахат, Әрхам, Ниязбек естеліктерінде де билеушілер Жидебайдан аттанғанда көргендері ғұмырларында көрмеген қорлық, әрі салса мазақ боп танылады. Бәрінің де ерлерінің алдыңғы қас- тарын опырып, шұнтитып жоқ қып жіберген.
«...Мұнда төрт старшын Сак-Тоғалақтың атқамінер Абыралы, екі старшын Жігітектің басы - Бейсенбі, Есболаттан Оразбай, Көтібақтан Жиренше, Бөкеншіден Күнту, Жуантаяқтан Байғұлақ, Топайдан Байділда ба- р».(М.Әуезов. «Абай жолы» Абай аға тарауы. 37-38 бет.)
Мұқаң қорлық көріп Жидебайдан аттанушы ел ба- сыларын атағанмен, болған екі оқиғадан ауытқиды. Роман бойынша, «Құдайын ұмытқан Құнанбайларға» қарсылыққа шығуға ант-уәде, баталасу Кенгірбай мо- ласы басында болады. Құпия бүлікке уәделесуші - саны жоғарыдағы жеті би.
Ахат Құдайбердиев естелігінде (әкем айтты дейді) «баталасуды Шәкәрім көзімен көруші, құлағымен естуші, ант-уәде Кеңгірбай басында емес, Ақшоқыдағы Құнанбай атам зиратында жасалған және билермен бірге Ербол Көмекбай баласы да болған» дейді.
Билер Жидебайдан аттанғанда Шәкәрім Семей ба- ратын боп, солармен Семейге қарай бірге жүреді. Билер сол бетінде, Шәкәрімге тіс жармастан Құнекең басына құран оқуға бұрылады да, зират ішіне кірген соң, одан дұға оқуды Шәкәрім дұға қайырып болып, батаға қол жайғанда Жиренше, Оразбай, Күнту, Бейсембі, Байғұлақ, Байділда және Ербол бар мойындарына кісесін сап кезек-кезек сөйлеп, «ездерін Абай мен Оспан қорлағанын, бұдан былай Қажы ұрпағына қарсы шығатынын, оны Құнекен аруағы кешуін өтініп, ант етеді де», Шәкәрімге ләм демес- тен аттанысып кетеді. Шәкәрім дереу қайтып, «Бұзылған тамдағы» Абай аулына жеткенше түн ауып кеткен екен. Шәкәрім әуелі Мағашқа хабарлап, болған жайды Абайға айтуға ақын үйіне келеді. Абай ұйық- тамаған екен «Мағашпысың?» деп дауыстап, шам жаққызып, есік аштырады. Болған оқиғаны Шәкәрім Абайға айтады. Абай Шәкәрімді тыңдап ап, бір-ақ сұрақ қойған екен: «Бата ішінде Ербол да бар дейсің бе?» - деп.
«Ербол да бар!» - дегенімді естіді де, «жүре бер» деді Абай ағам. Өңінен маған сеніңкіремегенін аңғардым.
Абай ағам Ерболды шақырып ап сұраса, Ербол «Абай-ау, маған не қыл дейсің? Біресе бір інін болыстығынан түскісі келмейді, біресе бір інің болыс мен болам дейді. Соның қайсысының көңілін тап дейсің?! «Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзінде тұрса екен жанса, күйсе, - деген сен бе, басқа ма? Жасымызға жетпей алжығанымыз ба екеуіміздін?» - депті. Бұдан соң, Абай ағам Ерболға күдіктенуінілергеыңғай бермей койған екен.
«Сонымен үш айдан соң қан жайлауда, Құнанбайдың үлкен аулы отырған Пұшантайда сайлау күні келген.
«Құнанбай балаларының талай жылдан жемдеп жүрген айлалы досы - Казанцев ояз көп күймемен қоңыраулатып, жер күңірентіп келген болатын.
...Бұл жолы Құнанбай балалары болыстықты Оспанға беруді ұйғарған. Оның алғаш рет ұлықтықты сұрағаны - осы жол. Бұл күнге шейін Құнанбайдың өз балаларынын қайсысына болсын өзінің мол дүниелігін іркіусіз керекке жаратқаны болмаса, Оспан өз басына түк тілеп көрмеген еді. Қазіргі шақта жасы қырыққа тақалған, бақ-дәулеті барынша шалқыған Оспанның бір үлкен арманы бар. Ол - бала. Оспанның Еркежан, Зейнеп, Торымбала деген үш әйелі бар. Бірақ, үшеуінен де өлі бір нәресте иіскеп көрген жоқ...
Сондыктан биыл аға-іні тобына:
- Мен тым құрыса, осымен алаң болайын. Осы бір жол ұлыктықты маған беріндер! - дегенде, бар Ырғ- ызбай, Құнанбай боп, ар жағын айтқызбастан, «ендігі болыс Оспан болсын» деп ұйғарысқан.
Ел не дейді? Жұрт жайы қалай, оны тегінде Құнан- бай балалары ойлауды ұмытқан. Олар болыстықты өздеріне ортақ, төл аты деп білетін. Бүгін біреуі иемденіп жүргенімен, өзге Құнанбай балалары «ертеңгі күні өзімнің де тақымға басарым» деп қарайтын. Құдайы мен аруағы әдейі осылар үшін бөліп беріп қойған «үлеспеген еншісі», «басыбайлы берекесі» санайтын.
Казанцевті Оспанның үйіне түсірмес бұрын бар Құнанбайлар «осы үй болашақ болыстың үйі» деп әкелген Ұлық та Оспанның сыйын көріп, парасын, құрметін қабылдап жатқанда «болысым», «сайланатыным» осы деп сенгенді».(М.Әуезов. «Абай жолы» 3-кітап, Абай аға» тарауы 39- бет.)
Бұдан кейінгі окиға ауызекі әңгімеде болсын, естелік жазушыларда болсын Мұқаңның романындағыдай өрбиді. Оспан болыстыққа өтпей қалады. Болыс боп Құнанбайларға қарсы жақтың бірі - Бөкенші Күнту сайланып кетеді. Казанцевтың әйелі Анна Мит- рофанованың «көзі шарасынан шыққандай шаншыла қарап, оқыстан шаңқ етіп айқайлап «как так!» деп қал- ған сөзі, қалың жұртқа ояз қатыны да «көтек» деді десіп таралады.
Біздің айтпағымыз: Шәкәрім қажы сөзі бойынша жазылған жоғарыдағы Ахат естелігінде сайлаудын дайындығы «ел алу», «ауыз біріктіру» дейін әрекеттердің бәр-бәрін Абай досы Ерболға сеніп тапсырып, алаңсыз болады. Туғанінісі Ысқақ, Шәкәрімнің бірінің айтқан күдіктеріне құлақ аспай, «досы» Ербол сайлау үстінде «қас» болып шыға келуінің куәсі болып қала береді.
Ахат естелігінде «Оспан сол сөтте ел алдында «Әй, Ербол! Екеуіміздің біріміз-ақ жер басып тірі жүреміз!»

  • депті» дейді.

Ал, Абай ше?!
«Өзге Құнанбай атаулының бұл сағаттардағы «сағым сынды», «бағыма нұқсан келді» деген беймаза байбаламын Абай түсінсе де, өз бойына дарытпаған. «Мұқаттым» деп, «кара жерге отырттым» деп қара борандатып Оразбай, Жиреншелер кеткенмен де, өзінің бұл күндегі ісіне, еңбегіне ойы берік, бойы бекем Абай селт етіп, шіміріккен жоқ, қайта қылшьны құрамағаңдай қымсынбайды. Соған жа- ңағыдай қылаң ұрып, кдлжың айтып жүрген мыскылшыл жүзі айғақ». (М.Әуезов «Абай жолы» 3-кітап. 45-бет.)
Ұлы Абай бойына жарасымды, ұнамды-ақ қылық. Бірақ тірліктегі пенделікте бар ғой. Абай жарықтыққа Құнанбайшалардың бірінің болыстыққа өтпей қалуынан гөрі сеніп жүрген, «сеніскен досының» сатқын екіжүзділігі қатты батқанға ұқсайды. Туған інісі Ысқақ, Шәкәрім, сүйікті Мағаштарды ілтипатқа алмай, Ерболға, жан досына сенбеп пе еді! Бұл ұлы жанның жан сыры - «Сеніскен досым да жоқ, асығым да»,

  • өлеңінде тұр.

Бұл «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» атты өлеңіне де енген.
Бұл өлең жолдары біз сөз етіп отырған Мұқыр бо- лысы сайлауынан соңғы төрт-бесті жылдардан соң, ал, «Күшік асырап ит еттім» өлеңі алты жылдан кейін жа- зылған. Абайды алдаған, сатқан тек Ербол ғана ма десек те, бізше осы жоғарыдағы өлең жолдарының бәрінде де ерекше - тым құлай сенген досына деген терең түңіліс бар. Ақын өмірін зерттеушілердің күллісі ақынның өзі сенген досы Ербол еді, ендеше мына өлеңдер де сенімді досы Ербол опасыздығы ақын ойына қайта-қайта орала берген. Әйтпесе, «Жау таяғы өтпейді» мақалын бар мағынасымен ұғатын Абай ғой деген олар.
Ақын досының қазаға тең қастыққа баруының себебіне көп ой жіберіп, надандықтан, заман кінәсынан екендігіне де бара отыра, өзімнен де болды ма дегендей өзіне тексеріс те жүргізгендей болған. Қараңыз: «Жақсылығың күнде ұмыт, бір жаңылсаң болды кек». Иә күнде-күнде еткен жақсылығыңды ұмыта қап, бір ісіңді ұмытылмас кек етеді арзан дос дейді де, ақын «Пайдасынан бой суыт, өзі тимей жүрсе тек, жарыса өсек сөзінен айта берсін шарқ ұрып» деген тоқтамға келеді де, ол шіркіннің құны жоқтығын:
Сыйласарлық тектінің,
Кім танымас нұсқасын?
Күнде өзімнгіл ептінің,
Несін адам ұстасын?- деген үкіммен бекітеді.
Біз жоғарыда 1884 жылғы болыс сайлауындағы Ер- бол тарапынан жасалған істі қазаға тең қастық деп тегін атағамыз жоқ. Бұл ел ішіндегі істе Абай дегені болмаған бірінші іс болады. Халқына да, қаладағы ұлығына да дегені болып келген Абай алғаш рет тоқтатылады. Тіпті, жұрт аузында Қажы айналасы «Кісі бар екенін Күнту болыс болған соң, Құдай бар екенін Оспан өлген соң білді» -деген сөз қалған.
Бұдан соң Абайды да өз қасынан қас шығарса, қала ұлығын жемсауласа жеңуге болатындығына қастарының көздері жетеді. Тіпті, 1898 жылы Көшбикедегі Абай басына жасалған кол қастығының басталуы. Осы 1884 ж. сайлаудан соң десек те болады.
Енді бір сөз қалып барады. Ол - осы оқиғадан соң «Абай мен Ербол арасы қалай болды екен?» деген сөз. Мүмкін, «күнде өзімшіл епті» есебін тауып және де жу- ықтаған шығар ақынға. Жоқ. Тағдырда да әділдік болса керек. Қулығын бәйгеден келтірген соң, Ербол ғұмыры 2-3 айға жетпеген, ол шұғылынан дүние салған. Сол жылдың тамыз айының соңғы ыстық күндерінің бірінде, Семей қаласынан қайтып бара жа- тып, 41 мүшелінде, Күшікбай бұлағының қала жағындағы «Қызыл-қызыл» аталатын төбелер тұсында ат үстінде жан тапсырған.
Тағы да гу-гу өсек таратылған. Қүнекең әулие ғой «Ыбырайдың басын Ербол алады, Ерболдың басын Ыбырай алады» деп еді. Сол сөзі келмеді ме? Оспанның хан жиынның алдында: «Әй, Ербол, екеуімізді біреуіміз-ақ жер басып тірі жүреміз» дегенін еске алысады. «Оспан Ерболдың үзеңгісіне у жақтырды. Абайсыз оны істей алмайды Оспан. Бұл - Абай ісі» деген өсек таратылады.
Абай Ербол жаназасында болып, бір кездегі досының қазасына қатты бейіл беріп, мәңгілік қонысына аттандырып салады.
Опасыздығынан кейін Ербол Абаймен кездескен жоқ дейміз. Егер кездессе, ел есінде қалса керек еді. Бірақ, Абай кейін қасы емес, бір кездегі досы Ерболды іздей берген сияқты.
Мұқаңның Ербол туралы егжей-тегжейлі сұрап, зерттегеніне күмән болмас. Сонда да ұлы романның басынан соңына шекті дос жаран, қас дұшпан дейтін- дердің күллісінен ұлы ақын қасында болатын да осы Ербол болады. Ақын қуанса бірге қуанатын, мұңайса, мұңдасары, тіпті ағайын туыс, үй-іші жар, бала ара- сындағы үйішілік дейтін істердің бөрінде де Ербол дос атқарыспайтын іс жоқ.
Мұқаң Ербол опасыздығын біле тұра неге олай етті дегеннің жауабын қазір өзіңізде бере аласыз. Жазушыға Абайдай данаға лайықты дос бейнесін көркем- деп, сомдап беру керек еді. Бұл әрі оқиға өрбуіне әрдайым септігін тигізетін болса, әрі басты кейіпкер бейнесін толықтырмақшы. Осы мақсатын кемеліне келтіріп орындаған (Бұл жетпейтін сөз ғой бұл жер- де), қай елдің қандай ұлы адамының болсын касында Ерболдай досы болсын дейтін деңгейге көтерген. Мұқаң, оның Абайға еткен опасыздығын ту баста, роман кейіпкерлерін іріктеу үстінде-ақ ұмытпаған. Бір топ роман кейіпкерлерін прототип етіп алдым дегенде оның ішіне Ерболды қосқан. Бұл - жазушының романдағы Ербол тарихта болған шын Ербол емес деп ескерткені. Біз Ербол хақында сөйлегенде осы шындықты әрдайым естен шығармауымыз шарт.
Көркем шығармадағы көркем бейнені сол көркем әсерлі қалпында тани берейік. Бірак, өр тарихи адамның өз ісін, әрекеті мен берекетін өз еншісі етейік!
Ерболдан ұрпақ жоқ. Жалғыз ұлы Мағауия жастай өлген.
Романдағы қалың бұқараның аса ірі өкілі, соқталы бейне Дәркембайдың тарихилығына аз тоқталу артықтық етпес деп ойлаймыз. Дәркембай атты кісі - Кеңгірбайдың шөбересі, өз әкесі - Көпдәлі, оның әкесі - Қалыбай.
Мұқаң Дәркембайды да ойдан алынған бейнеге қосады. Бірақ, оның бергі бір ұрпағынан аңдаған адамға романда мол хабар береді. Абай елінде 1970 жылдардың соңына таман дүниеден қайтқан Рахым Жандыбайұлы атты молла қарт болды. Абай өлендерінсіз сөз сөйлемейді. Көзін тарс жұмып ап, аға жөнелгенде, тыңдай бер. Діни сұрағыңа үш нұсқада жауап қайырады.
- Бұл сұрағыңа, шырағым, - дер еді Рахаң, - мета- физика былай десе, марксизм былай дейді. Ал ислам діні бойынша оның жөнін былай ұқсақ болар. Кей-кейде ол туралы Абай хакім былай деген дер еді.
Бұл аудан ауқымы түгіл, облыста онымен дін жай- ында білім таластырар кісі болмағаны хақ еді. Осы адам ғұмырының көбін еңбек түзеу лагерінде, жеке тергеу
орны қамақта өткізді. Өзі «Медресе Ғалияда» Сұлтан- махмұттан бір сынып төмен оқып тамамдаған. Мах- мұтпен жақсы таныс, біліс болған. Мұқаңмен көп пікірлескен. Әр айдалуының арасында Шыңғыс жеріне, туған еліне келгенде ислам діні бұл жұртта еңсесін бір көтеріп қалатын. Рахаң қылышынан қан тамған Яго, Ежов, Берия ма - бәрінің кезінде дінді насихаттаудан, Аллаға кұлшылық етуден тыйылмаған кісі.
Лагерьде де, түрмеде де дәретін алып, намазын оқып жүре берген. Мұқаң Дәркембай есімді кісіні жатақ кедейлерінің өкілі етіп алып, Дәкеңді қалың жатақтың ортасы - Қоңырадыр, Молалысуда жерленді деп, Дәркембайдың баласының есімін Рахымды атайды. Абайға «Рахымды адам етнгі!.. Оқуға берші!..» - деген өсиет-аманат тапсырады. Мұнысымен Мұқаң Шыңғыс- таудың елі мен жерінде мұсылман дінін насихаттап, та- ратудан бір жалықпаған, түрмеден қуғындаудан қай- ыспаған, дініне берік, Мұхаммед іліміне иманы кәміл Дәркембаймен бірге туған Жантелгігің немересі Рахым Жандыбайұлының есімі өшпесін, кейінгі ұрпақ, танып, біліп жүрсе дегендей. Егер қазір аудан ауқымындағы жаңадан салынып, ашылып жатқан бір мешітті Рахым Жандыбайұлының есімімен ресми атандырса, марқұмның дін жолындағы шеккен азабы, көрген бейнеті өтелген, ал ұлы Мұқаңның да келешек ұрпақ Рахым Жандыбайұлын ұмытпаса екен деген ойы іске асқан болар еді.
Тәукенің осы бауырда, қашамада, Серікбай үйінде жатқанда қолға түсіп айдалатыны бар.
Тәукенің бұл қылмысты әрекеті 1911 жылы болған. Ол - Мұхтар Әуезов «Текшенің баурайында» атты әңгімесгінің тарихи негізі. Мұхтар әңімесінде батыр аты - Жортар, әңгімелеуші - Сүлеймен. Біздің буынға жеткізген - руы Бөкеншіге сіңген тұзақшы Тұрсынбай- ұлы Оразбек бақсы (Соғыс жылдары дүниеден қайтты).
Тәуке батырдың соңында оның туысы, өскен орта- сынан өңге әр ру-руда батырға жан-тәнімен берілген, ерлігі мен еерілігіне табынушы жолдастары мол болған. Тәукенің бір рудан екінші руға барғанда атшысын ғана ертіп жүріп, шабуыл, аттаныс бола қалса, аяқ астынан соңынан қол құрап ала қоятыны содан екен.
Біз әңгімелегелі отырған оқиға Мұқаңың «Текшенің баурайындағы» әңгімесінің мазмұнынша өрбиді. Тек, Мұкаң әңгімесін-дегідей батырдың бауырын қалың- дығын ұзатып әкеле жатқан жігіттің ел-жұрты жазықсыз жазалап еді деген сөз айтылмайды.
Оразбектің айтуынша, Тәуке тобы қыз ұзатып әкеле жатқан бай көшке кезігеді де, көштегі ер-азаматтар қарсылығын оңай жеңіп, Мұқаң әңгімесіндегідей, елден оңашалыққа алып барып, қалыңдықтан бастап құдағи, құдаша аталатын әйелдердің қызығын көреді. Тәуке қалыңдықпен болады. Қалындық Жетісудағы Маман, Есімбек, Тұрыс- бектер ұрпағы - Айман-Шолпан сіңілісі болып шығады. Маман әулеті - ақ патшадан дворян чинін алған әулет. Ол әулет кісісін сенаттың рұқсатынсыз қамауға алмайтын тәртіп болған. Оны Тәуке батыр жақсы білген. Сондықтан, батыр алқыны басылған соң, ақылға келіп, көштен сабақты жіп алмастан, бетін түзеп қоя береді. Сөйтсе, қыз арабша хат таниды екен. Тәукенің винчестеріндегі «Тәуке Саптаяқұлы» деп ойылып жазылған жазуды оқып, зорлықшының кім екендігін әбден біліп алып, кейін жеңгесіне айтады.
Оразбек қыздың жеңгесімен болған едім деген. Қыз қанша ақталғанмен, сыпсың сөз жеңге арқылы таралып, Тәуке ісі Маман ұрпағына мәлім болып, Наймандар Сенат арқылы жоқшы болып шығады. Маман әулеті бір Тәукені қудалап қоймай, Тәукені қолдаушылар деп Тобықты елі басшылығының күллісін жазалатуға кіріседі. Бұл жолғы Тәуке лаңының руластарына тарттырар зардабы әлі алда болатын. Семей оязы кеңсесінің бұл ойы іске асады. Стөку ұсталады да, тергеу үстінде қинауға шыдамай, Тәукенің жатын орны Қашамадағы Серікбай үйінде үйілген шөп астындағы қазып алған жертөле екенін айтып, үстінен түсіріп, ұстап береді.Тәуке батыр өзінің «Ел қайда, туған жер қайда» атты әнінде оны ашық айтады.
Айта бар, барсаң сәлем Марияға,
Тәуекел салдым қайық дарияға.
Үйінде Серікбайдың жатқанымда,
Шығарды Стәку ит жарияға.
Мария Үсенқызы - Тәуке батырдың әйелі. Үсен - Жуантаяқ Тоқтамыс батырдың шөбересі. Сонда Мария — Тоқтамыстың төртінші ұрпағы болады. Перзент көтермеген кісі. Тәуке өмірден ұрпақсыз өткен.
Сонымен, Стәкудің көрсетуімен Қашамада Серікбай үйінде ұсталып, Тәукені алдымен Қарқара түрмесіне, одан кейін Аягөз түрмесіне қамайды. Ақын Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен келіншектің айтысы» дейтін шығармасы осы оқиғамен байланысты шыға- рылған. Әрине, Тәуке қандай қинау көрсетілсе де, мойындамайды. Өрі ақын, әрі сері, әм сазгер, ер Тәуке несіне болсын шыдап береді. Тобықты елінің бас- шылары болса, «өз қолыңмен істедің екен, ендеше несі болсын мойыныңмен көтересің» дегендей еш әрекетсіз жата береді. Бұған Есімбек, Тұрысбек намыстанып «Тобықты істер ісін істетіп, белгілі безбүйректігіне салып, менсінбегендей болып отыр. Енді біз несін аянамыз. Атымыз жарамаған жерде қалайық» десіп, Сенатқа қайыра шығып, Тобықты елбасыларынан он жеті кісіні қамаққа алғызады. Олар: Ырғызбайдан - Тұрағұл, Ырзықбай, Шөпіш, Көкшеден - Балтақай, Ақылтай, Алтынхан, Матай- бай, Жігітектен - Маңқа, Тілеуке. Мәмбетейден - Мұсатай, Ике, Мырза - Бөдейден - Тәліп, Тәйтік, Серік, Дүйсен, Әнеттен - Серкебай.
Көкбай, Шәкәрім аты көрсетіндіге енгізілмеген. Зерт жұмысы үш жылға созылып, Тәуке сонша жыл қамақта болып, бір рет қазақы билік, екі рет орыс соты болады. Осы қамақтан Тәуке қыр жіліншіктен сүйек туберкүлезіне шалдығып шығыпты. Орыс дәрігерлерінің емі дәру болмай қазақ емшісіне қаралса, Тәукеге емші «Жіліншігінді үскімен тесіп, ішіне адмас салу керек, үскіге шыдай аласыз ба?» дейді. Тәуке шыдайтынын айтыпты. Үскімен тескізуге келіп, ауру аяғын сау аяғының үстіне қойып отырғанда екі иығынан үш-үштен алты жігіт кеп, баса бастапты.
Тәуке: - Бұларың не? - деп, олар: - Қазір шыдай алмайсыз ғой. Ем дұрыс болсын деп тұрмыз! - депті.
Тәуке: - Тартыңдар ары! Бір шегенің кіргеніне шыдай алмасам несіне Тәуке боп жаратылдым. Кірісіндер! - деп отыра беріпті.
Мен бүгінгі, оқырмандардың үскіні білетіндігіне күмәндімін. Үскі елулік шегені қосқандағыдай жуан- дығы бар, ұшы сәл жалпайтылған дүкенде суарылып, ағашқа сапталған аспап, онымен мал сүйегін, тақтайды теседі. Тескенде білек жуандығына таяу шомбал ағаш саппен төбесін қатты басып ұстап тұрады да, екі кісі қысқа қайыспен ағаш сапты орап, екі басынан зы- рқыратып жүргізіп береді. Тақтай мен сүйекті тескенде ағаш, сүйек үгіндісі бұрқыраи шығып жатса, тірі адамның етті сүйегін тессе - не бұрқырамақ!? Әрине, алдымен қан, сүйек үгіндісі ше?
Тәуке аяғын сол қалпында салып, қос қолымен санын қысқан бетте отыра беріпті. Үскіні жүргіздіріп, жіліншігін тесе бастағанда-ақ батырдың басынан аққан терін үш кісілеп сүртіп үлгіре алмапты. Емші жіліншік майға алмас салып, аққан қанды құрғатып болып, батырды сөзге тартса, батырдан үн шықпайды. Бай- Қаса, Тәуке есінен танып қалған екен. Сүт пысырым- дай уақыттан соң, терең бір дем алып, көзін ашып- ты. Кейіннен қасындағы жігіттер «Батырдың саусақтарын ажыратып алу өте қиын болды. Ердін саусақтары қара санға бойлап еніп кеткен екен» депті.
Біз жоғарыда Есімбек, Тұрысбек қарындасына соқтьш;- каны үшің Тәукенің өзі ғана жазаланбай, руластарына тигізер лаңы мен тарттырар зардабы алда еді дегеміз.
1911 жылы жасалған сойқанды іс дауы 1913 жылдың көктеміне шекті созылады. Ақыры іс - Тобықтының бойынан асып, күллі Қарқаралы, Абыралы аты- рабындағы Қаракесек Арғынды шарпиды.
Алғашқы орыс соты тергеуі үстінде елдің шарай көзіңше өзінің масқараға ұшырағанын жайып салудаң ұялды ма қыз: Тәукені танымайтынын, тұтқындағанмен оған жеке күрке тігіп, еш мазаламағанын айтады. Сот Тәукеге ақшадай айып кесіп, оған Наймаң жағы келісіп, тоқтайды. Бірақ, Тұрысбек, Есімбек көп уақыт өтпей істі қайта қозғап, бұл іске Тәукенің жалғыз басы жауапты болмай, Тобықты бар ру, Ұлпа отанымен жауапты болмақ керек, онсыз тоқтау жоқ- десіп, бағанағы аталған Тобықты елінің «17» адамын түрмеге алдырады.
Осы кезге дейін Тәукенің жеке басын құрбан етуге бейілді. Тобықты руының басшылары өздері құрыққа ілінген соң, судан шыққан балықтың күйіне түседі, Күллі мал-мүліктерін, бар беделдері мен жақын-жуық, құдандалы жұрттарын іске қосып, Найман еліне бүкіл Арғын жұрты боп салмақ салады. Ақыры істі Қазақы жолмен бітірмекке пөтуөласады да, билікке екі жағы да, туысы Тобықты екендігіне қарамастан, ақын Нарманбет Орманбетұлын таңдайды.
Нарманбет Қарқаралыға үй тіккізіп, істің анық- қанығын анықтауға кіріседі. Билік Қарқаралыда ай- тылмақ болады. Тобықтыдан сөз ұстайтын Мұсатай Молдабайұлы болады да, түрмеден босатылады. Нарекеңнің тексеруі екі айға созылса керек. Күте-күте зарыққан Мұсатай акынға кісі жіберіп, «Нареке айтатын билігі болса айтсын да. Осынша зарықтырғаны несі!» - деген сәлем жолдапты.
Сонда Нарманбет: - «Ел тентегі елге құт, мал тентегі малға құт» деген бар еді. Мұсатай тентек екен ғой. Келесі сәрсенбінің сәтінде билік болады. Шыдасын - деген екен.
Билік - тіркестіре тігілген, үш киіз үй-ішінде айты- лған. Қатысқан кісінің дені Арғындар боп, алыстан ар- нап келген даугер Наймандар аз кісі екен. Дау иелерінің екі жағын тыңдап боп, Нарманбет:
Қойдан қойдың несі артық- Бір сұғымдай еті артық.
Аттан аттың несі артық-
Адымдай баскан жері артық.
Ерден ердің несі артық-
Бір сөйлеген сөзі артық.
Екі сөйлеген ерден- Б...кенің к.ті артық.
Өршітілген өсектен,
Пайда қуған егестен- Қарындастың аты артык,
Айғайласып келгенде- Аруақтың бөсі артық.
Ердің көрген бейнетін,
Елдің көрген Нәубетін,
Үмытыскан ағайын- Бәрінен де сол артык,
Керіскеннен дос артық.
Тентекке тыйым - сол.
Айыпқа бұйым-төлеуі
Екі елге, - туыстық - жол! деп билік айтыпты. Нарманбет Найман ағайындарды осынша кісі қазасын- дай етіп күллі елді айыпты еттің, Тобықтының маң- дайына біткен жақсы-жайсаңдарың жаппай қамаққа алдырдың және алғашқыда «тоқтадым» деп ап. Соңынан істі қайыра қозғадың - деп айыптайды.
Енді екі ел аруағын ойла, қаны бір қазағың-туысың, досың әрі қарындасының абыройы шашылмауын ойла, күллі бір рудың ерлеріне бостандық бергіз, олар айыпты десең, айыбына дүние алып біт! - деген билік етеді.
Найман сөзін ұстап келген Тілеміс би бірінші болған орыс сотынан соң, сот үкіміне «ризамыз, бітістік» - деп қол қойған кісі екен, үндемей отырып қапты. Тілеміс би тосып, одан үн шықпаған соң, Наймандар тобы жамырай сөйлеп, бұл билікке тоқтамайтынын айтып, шулапты да кетіпті.
- Мұсатай қолына қос ауыз мылтық ұстап отыр екен, шаңыраққа қаратып, екі оқты кезегімен атып-атып жіберіп, «Бошан! Бошан! Арғын! Арғын!» — деп айғай- лап, үйден шыға жөнеліпті. Отырған Арғындар Мұсатай соңынан еріп кетіп, Найманның азғантай тобы жеке қала беріпті.
Осыдан Қаракесек-Тобықты ашық бірігіп, Арғындар: «Наймандықтар Арғын аруағын шақырған билікке тоқтамады» - деп Найман елінің адамдарына өкпе айтыпты.
Іс тергеуге қайта беріліп, Мұсатай қайыра қамалып, уақыт өте беріпті, қыс өтіп, жаз шыққанда, Қоянды-Қарқаралы жәрмеңкесінде Тәуке бастатқан Тобықтыларға орыс соты ашылыпты.
Сот тергеуі үстінде қыз бен Тәукені беттестіріпті. Бұл жолы қыз Тәукені таныпты. Тәуке қанша бұлтарғанмен, қыз куәлігі сөйлеген сайын қатая берген соң Тәуке сөзін сотты әділ жүргізілмей, орыстың ақ патшасының қылмыстық заң кодексі баптарының өрескел бұзылып отырғанына арнап:
- Ақ патшаның әділ сотының қай кодексінің қай бабында қылмыскер деп күдікке алушының қол аяғына кісең салып әкеп, мынау жәбірлеуші емес пе? - деп танытатын төртіп бар. Мен патшаның өзіне, сенатқа арызданамын. Әйтпесе, үстіме қазақы киім кигізіп, астыма ат мінгізіп, осы жәрмеңкедегі қазақтар арасына жібер. Қыз содан таныса, өлтіруіңе де бейілмін - деп тұрып апты. Тәуке сөзін таза орысша айтыпты. Сот алқасы сол мәжілісін жауып, келесі мәжілісін бір аптадан кейін ашпаққа тоқтапты.
Бір-ер күннен соң, Тәукенің ұтықты уәжіне тоқтап, құрған сот комиссиясы батырдың киінуін, атын өте құпия ұстап, базардағы салт қазақтар арасына жіберіп, қыздың тану амалын ұйымдастырыпты. Қыз бұл аттылардың арасында: «Тәуке Саптаяқұлы жоқ!» деп мәлімдеп, комиссия құжатына қол қойыпты. Тәуке сол зобалаңнан солай құтылыпты.
Кейіннен тобықтылар ішінде қызға жеңгесі арқылы таза 1000 сом беріліп еді деген сөз таралған. Ал, заң орындарына берілген пұл, пара сөйленбейтіні параның ондай жұмыста дағдылы іске айналғандығынан болар.
Мұсатай босап келген соң, үлкен той жасаған. Ол тойдың өтуі туралы Сапарғали Бегалин «Замана белестері» деген кітабында жазған.
Жә, Тәуке жөнінде осымен тоқтап, Тәукеден бұрын өткен бұл елдің бұландай бұлықсыған әрі ері, әрі серісі, Бұланай тауындай даңқтысы Базыкең - Базаралы ха- қында әңгіме өрбітер кез де келген сияқты. Базаралы Қауменұлы - Арғынның XVIII ғасырдағы белгілі билерінің бірі, әрі батыр Кеңгірбай Жандосұлының немересі - тарихи адам(1833-1887).
Мұқаң бұл бейнені ойдан алынған (прототип) бейнеге қоспай тарихи тұлға қатарында қалдыруында жа- зушының ақиқаттан айнымағаны, әм Базаралының та- рихи тұлғасының да жазушы суреттемесіне лайық бо- ғаны деп танысақ жөн.
Базаралыны Шыңғыс атырабы Тарбағатай, Аягөз, Қарқаралы, Баянауыл ауқымындағы ел-жұрт күні кешеге дейін естерінде ұстап, арыстың бітімі, сымбатын, беттілігі мен жүйрік тілділігін, қорыта айтқанда, бүкіл адамдық болмысын аңыздап әңгімелеп келген. Қазір Абай елі үлгі-стандартқа айналған салт - «Жігіт сырттаны» бәсекесін «Жігіт-Базаралысы» деген атпен өткізіп өте дұрыс істеп отыр. Абай елінің арғы-бергі тарихында Базаралыдай бітімі мен кісілігі тұтас келген азаматы болмаған.
Базекеңнің өзгеден ерек касиеті жас бозбала кезінен-ақ аңыздалып, Сәкенше айтсақ «күрсінткен сұлулардың көкем-ауы» болған.
Өз тұсында «адамның арыстаны» атанған - Құнекең-нің жас тоқалы, Мұхтар апекесі Бердіқожақызы Нұрғанымның да есін алғандай іске ұрындырғаны да сол еректігінен болады. Базаралы хақында сөз бастаган соң, ұлы романдағы Мұқаң берген бейнеге, әм бізге жеткен сол тұстағы көрнекті ақындар өлеңдері мен естеліктерге сөз салмасақ, зор кемістікке соғар іс өткен боламыз.
Романдағы Базаралы-Нұрғаным арасындагы құштарлык қатынастың басталуын Мұқаңның дәлелдеуі мен әдіптеуіне құлақ салыңыз. «...Мұсақұл төбелесі сияқты, Бөжейдің асы сияқты үлкен жиындардың бәрінде Қараша мөн Қауменнің ер жеткен азамат балалары көп аузына ілініп, көзге түсе беретін. Шетінен намыскер, өркөкірек және мықты, отты. Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты сұлу, әрі шешен жүйрік. Жігітек ортасы мақтан еткендей атпал азамат, атан бітімді жігіт еді. «Ерлік пен мықтылығы сай».
...Құнанбай есіктен көз алмай ойланып қап еді. Аздан соң Нұрғанымға қарап:

  • Шіркін Базаралы! Бұл өңірдің жігітіне бітпеген сырың мен нұрын бар. Ішіңде жатқан тұнық мөлдір сырың да бар. Тек сорлы жазған, қарымы шолақ Қауменнен несін тудың екен? - деді. Қызығып та, қыз- ғанып та сөйлеген сияқты. Базаралы шығып кетті. Құнанбай жалғыз көзін жұмды да, қабағын түйіп ой- ланып қалды.

Нұрғанымның жақсы ертегісін қайталатқан жоқ. Сыйпатып отырған аяғын да жиып алды... Шындап ой- ласа, Тәкежандардың шектен асып жатқан істері бар.

  • Өзгелер бір төбе, Базаралы бір төбе емес пе еді? Аянышты білсе етті, шіркіндер? - деп күрсініп қалды.

...Астан кейін Базаралы қарсы үйге жалғыз жатты. Қай мезгіл екені белгісіз. Бірақ қап-қараңғы үйдің ішінде бір кезде сескеніп оянды. Байқаса, дәл қасына біреу кепті.

  • Ой, бұ кім? - деп еді.

  • Сескенбе менмін! - деген үн есітті. Нұрғанымның үні екен.

  • Бәтір-ау, мынау жынды неғып жүр?!. - деп, База- ралы басын көтеріп алды. Нұрғаным сасқан жоқ. Сал- мақпен ақырын ғана күліп қойып:

  • Тоқта, саған менің көңілім сен жоғыңда қосылған... Мырзаның өз тілі қосқан! - деді де, Базаралыны қатты құшақтап кеп, сүйіп алды.

Жігіт те бұдан әрі үн қатқан жоқ. Екеуі өзгеше бір ыстық жалынмен үш қайтара сүйісті... Базаралы қия алмай, бірге түрегеп:

  • Жаным-ай, жай тұрған жүрегімді астан-кестен еттің ғой. Енді несіне кетесің? - деп тағы құшақтады. Бірақ, Нұрғаным енді бұдан тартынып, босаңқырап алып:

  • Қайда жүрсең, аман жүр! Жаным да, тілегім де бір сендік Базекем! - деп, тағы бір рет асығыс сүйді де жалт беріп жүріп кетті... Нұрғаным кеудесіне сыймастай қуаныш әкетті. Ол қуанышы - өмірінде ең алғаш татқан әйелдік махаббаттың қуанышы болатын.

Құнанбай әнеугүні Базаралының сымбатын мақтап, туысына сүйсінген еді. Бүгін кешке, дұшпан көзі болса да, бұндайлык азаматқа аяныш керектігін айтты. Осы кездің екеуінде де кырқылжың қарт өз аяғының қаншалық шалыс басылғанын, қалайша жаңсақ кеткенін сезген жоқ».(Роман Эпопеяның «Қияда» атты тарауы.)
Роман басылып шыққаннан (1942 ж-дан) күні бүгінге дейінгі қай ұлттың зиялы жұрт, қалың көпшілігі дейтіндерінің қай өкілдері болсын Базаралы бейнесін «Абай жолы» романындағы ең соқталы бейнелердің легіне қойып келеді. Романдагы Құнанбай бастаған ел билеушілер бейнесі Шекспир сомдаған әлем әдебиетіндегі кейіпкерлерден еңсесі төмен емес деп танылып отырса, сол бейнелер қолынан келген іс, әмір- құдіретті Базаралы атқара алмайды дей алар ма екенбіз.
Шешен десе шешен, отты да бетті. Жаратылыс бер- ген бітім, тұлғасы қандай! От тілді, орақ ауызды, жол- барыс жүрек, қалжыңда қанжардай тілер, алмастай ояр ойсаң жан! Аңызға шыққан бір сырлы, сегіз қырлы жігіттің сырттаны. Қай топ, қай алқалы жиында ала- сармас-ақ бейне! Оқырман көңілінде, Базаралы тарихи тұлға есебінде өмірде романдағы бейнесіндей болды ма екен деген сұрақ тұруы - табиғи құбылыс.
Мұқаң роман-эпопеяның 28 тараулы 4 кітабындағы «құз-қиялы, қат-қабатты шытырман, бел-белесті, түн- түнекті, қападағы, қастықтағы, от пен су, азап пен бей- нет, айдау, байлау, қинауға салғанда: соның күллісінен Базекең бар жараны оп-оңай сілкіп тастап, сақ-сақ күліп, ортадан ойып алған орнына кұп жарасып дүниеден өткен.
Базаралының айыбын, романда Мұқаң Құнанбайды сөйлетіп:
- Шіркін Базаралы! Бұл өңірдің жігітіне бітпеген сыртың мен нұрың бар. Ішіңде жатқан мөлдір сырың да бар. Тек, сорлы жазған, қарымы шолақ Қауменнен несін тудың екен! - деген бағамен айқындайды.
Мұқаң ел ақсақалдарынан жинаған материалдарын да Базаралы бағын «ойнас пен ұрлық қайырды» - деген сөзін қалдырған екен. Ал, романда кезінде бүкіл Тобықтыға жайылған Әнетқызы Балбала мен Құнекеңнің кіші әйелі, Мұқаңның үлкен апекесі (Бердіқожа қызы) Нұрғаным арасындағы ашыналықты бүркеп, бұлталақтатпай ашық жазады және «алтынмен аптап, күміспен күптеп» дейтіндей көркемдеп, ер мен әйел құштарлығының кесек көрінісі етіп бейнелейді.
Нұрғаным мен Балбала екеуі де хан жайлауда халқы алдында ақ некені арамдауға барады. Екеуінің де халал жұптылары теңдесі табылар дейтін адамдар емес! Құнекеңнің қарттығынан өңге кінә қоя алармысың! Ал Балбала баратын жері - Олжай, Торғай табы болғанда да Торғайдың үлкен ұлы Жабағының немересі, Байтөреұлы Бесбесбай батыр. Бесбесбай - Базаралы, Балағаз, Абылғазылар ізін баса шыққан Тобықтының бас батыры болған кісі. Бесбасбай батырлығын алда әңгімелейміз.
Әйел нәзік жан иесі болғанмен, сезімі сезгіш, аңғары танығыш десе, қос сұлудың Базаралыға құштарлығы әм жасырмай-ақ ашық та жария күйде табысулар Базекең бейнесін биіктете түспек.
Мұқаң өмірінің соңғы жылдарының бірінде ұзақ жылдар суысып жүрген туысы, Сарыағаш курортында тұратын Ахмет Әуезов отбасында көңілі қош болып отырып, құрдасы Ахметтен «Абай жолы» романы ту- ралы пікірін білгісі келіпті.
Ахмет: - Мұхтар, романың бүтін дүние мойындаған шығарма ғой, Менің айтпағым - бір-ақ кісі бейнесі ту- ралы. Нұрғаным апамыздың етегін Базаралыға ашқы- зғаның не? Онсыз да Базаралы-Базаралы еді ғой.
Мұқаң: - Пәлі! Пәлі! Ойбүй, Ахмет, мына жерде жүр екенсің-ау! Ең алдымен, шындық өлмей ме!? Одан соң, ғашықтар жылайды ғой. Шындық шіркін сен қанша бүркесең соншалықты ашыла бермек. Нұрғаным апамыз басындағы тағдыр - шалға барған бар қазақ қыздарының тағдыры емес пе еді?! Оны сен білмегенде кім біледі! Бүгінгі шалдар, сондай трагедияның тірі куәлеріміз - біз. Абайдай арыс баласы бар Ырғызбайдан тараған шоғыр туыстарының көз алдында ғашығымен табысады. Тіпті, Оспан су бермей қойғанда ас үйі ішінен құдық қаздырғаны кәні. Мен оны ойдан шығарыппын ба? Осының бәрі жалған деп айта алармысың сен! Соның бәрін намыс етіп, жасырып қалсам менің кім болғаным! Апамыз сол ісінің тірісінде де, өлген соң да тексеруге, тергеуге алынатынын білмеді дейсің бе? Білді!.. Біле тұрып, ғашығы, құштары үшін соған барды. Сонысымен де ол аса биікке көтерілген. Пәлі, Ахмет! Сен Базаралыны көтеру үшін Нұрғаным әрекетін жазғансың ғой десең, беріден ойлап тұрсың деймін мен! Тегі, әдеби шығармада бір бейнені көтеру үшін екінші біреуді төмендету — шартты нәрсе.
Базаралы Нұрғаным арасындағы оқиғасыз да өмірдегі болмысымен, романдағы өзге суреттеулермен де қаны сорғалаған кесек тұлға болар еді. Базаралы жігітшілігін Балбала арасындағы оқиғамен беруімен тоқтатсам болар еді. Жоқ, жаңа айтқандай, бірінші шындық өліп, ғашықтар жылайды. Екінші, Базаралымен арасындағы оқиға арқылы Нұрғаным апамыз аспандамақ. Шалға барған қай қазақ әйелі ғашығына бола үй ішінен құдық қаздыра алды. Айта алмайсың! Пәлі, мен Нұрғаным апамыз өрлігін романның бірінші кітабында: «Сол Бураханның кіші қарындасы Нұрғанымның басы бос екен... Өзі жас та болса, кесек ірі денелі, нұр жүзді болатын. Әсіресе, толқынды қою қара шашы мен бет бітімі бөлек. Жүзіндегі әдемі қызылымен қатар, бет тұлғасы да сұлу, шошақтау, біткен үлкен қара көздерінде аса бір қайратты ашудың және естіліктің оты болатын» деген сөздермен беруді бастағам. Нұрғаным бейнесінің негізін сонда салғанмын. «Шошақтау біткен үлкен қара көздерінде аса бір қайратты ашудың және ерліктің оты болатын» деген сөздерге назар салсаң етті, Ақа-ау!» - дейді.
Ахмет: «Мұхтар айтқан соң иландырмай қоя ма?» деген сөзді ғана айтқанды. Ал, Базаралы-Нұрғаным арасындағы оқиға мен оған Абай көзқарасы хақында ел әңгімесі мынаны айтатын.
Абай ас үйінен құдыққазғызып ап, Базаралымен онаша ашық жатып алғанын білген соң, Нұрғанымға «тыйылсын!» деген сәлеммен кісі жіберіпті. Нұрғаным Абайдың жіберген кісісі Құдайберді әйелі Төлебикеге:
- Пәлі, Ақылды деп жүрген Абайымыз да мына жер- де жүр екен ғой. Мені Базекеңе мырзаның өзі қосқан.Тарылмасын Абай! Ғұмырымда көрген рахатты шағым осы! Қисын соны!- депті. Абай қайтып кісі жібермеген. Нұрғаным бір тәуліктен соң ғашығын қайырған.
Нұрғаным сөзі: «Үйіне кіргеніме екі жыл толғанда, мырза алысқа, бір үлкен асқа кетті. Келген соң өзіне-өзі кейіп отырды. «Осы қаттылығым-ай! Ас аяқталарда жігіт сыны боп, бір сырлы, сегіз қырлы» жігіттің сырттаны жүлдесін Кіші жүздің бір жігіті жеңіп алды. Тәйірі, Қауменнің Базаралысының қолына су құюға жарамайтын жігіт. Бекер айдаттым!»-деп өкінді. Мен мырза мойындаған Базаралы қандай жігіт екен депсырттай құмартып ем. Көргенде өзімді өзім ұстай алмадым!» Ал, Құнанбай мен Нұрғаным арасындағы әңгіме еш сөйленбейді. Шамасы, ың-шыңсыз біткен. Бірақ, өсек шіркінніңоты өшуші ме еді. Бүксіп-бықсып, әлі түтіні үзілмей келеді ғой.
Базаралының кесек мінезінің бір үзігін замандастары Базыкеңе лайық ерлік, кісілік деп бағалап жеткізген. Ер Иркутскіде айдауда 6 жылдай жүріп, жұрт қошеметтеуімен үйіне келіп отырса, бәйбішесі Өдек көзіне көріне қоймапты. Ағайындарымен қауышып, едәуір уақыт оздырса да Өдекжоқ бопты. Базаралы шыдасын ба «Оу, ағайын, менің Өдегім көрінбейді, ол қайда?» деп сұрайды. Ешкім жауап бермеген соң, сұра- ғын және қайталапты Базыкең. Бір үлкен туысы «шы- рағым, Базаралы, Өдектің бетінде шіркеуі бар еді. Содан ұялып, көріне алмай жүргеніғой. Білерің бар еді, қарағым... Кешіргейсің келінді...» деп майдалай баста- ғанда, Базаралы: «Шақырыңдар Өдекті!» деп, өзге сөзді тыңдамайтын түр байқатыпты. Ағайындары Өдекті еңгізіпті үйге. Базыкең орнынан түрегеп, баурына басып, құшағына алып тұрып: «Базаралы алты жыл да етегіне намаз оқып жүрді ме екен. Өдектің қонағын күтіңдер бәрің. Бүгін Өдек қасымда отырса керек!» деп тізесіне-тізесін тигізе отырғызыпты.
Базаралы дүние салғаннан кейін Өдек: «Есіл ерім-ай, «сен сөйттің-ау» деген бір сөз айтпаған бетінде кетті- ау», - деп жылаған екен. Базаралыдағы мінез кесектігінің бір көрінісі осы.
Ол шақта жер аударылған қазақтың отбасын бір ла- уазымды адамның қасына кірме ғып отырғызып қоятын тәртіп болатын. Базаралы жер аударылған соң, оның отбасын Тәңірберді қасына алып, Өдек Тәңірбердіден Аязбай атты ұл туған екен. Қазіргі шежіреде Базаралыда екі ұл - Кенесары, Аязбай болған деп жазылып жүргені содан. Аязбайдан ұрпақ жоқ. Кенесарыдан Бекежан, одан Арыстан туған.
Дүниеден 1990 жылы өткен Алаш арыстарының бірі Ахметжан Қозыбағаровтың баласы, Алаш Қозыбағаров - Базаралы жиені Базаралының қызы Тұрардан туған. Қозыбағарова Тұрар Базаралықызы - 1914 жылы 26 қаңтарда Семей қаласында өлгеніне 10 жыл толуына орай Абайды еске алу кешінде Жүсіпбек Аймауытов Біржан болғанда, Тұрар ханым Сара боп айтысқан кісі.
Мұқаң романында Базыкеңнің Иркутскіден келуін қашып келіп еді дейді. Ал, ертедегі қарттар Базаралы қашып емес, күш өнерінің арқасында рұқсатпен келген дейтін. Бұл нұсқада Базаралы өзінің келуін былайша түсіндірген.
«Үркіттің колониясына ойын-сауық қойып, өнер көрсетуші цирк кеп, үйретіңді аюды алдымызға әкеп, кімде-кім аюмен күресіп жықса, айдаудан босатылатынын хабарлады. «Аю деп зорайтқанмен ол да ит емес пе»- деп ойлап, күрескім келді. Сол жерде колония бастығымен шарт жасастым. Мен күрес үстінде өлсем - сұрауым жоқ. Жықсам - тоқтаусыз азат болуы керек-ті.
Майданға қара құлын терісінен тігілген тайжақым бар еді, сонымды киіп шықтым. Аю тырнағына төтеп берсе, сол берер дегендегім ғой. Аю менен жылдам болып шықты. Шоқтығыма алдыңғы аяғы менен бұрын тиіп, қырқа шалып ап басқанда сүйегім сықыр-сықыр етті. Шынымен иттен жазым болғанмын ба деп, ашуым кеп менің де оң қолым жотасына тиген бетте, сол қолымды ашадан салып жіберіп, көтеріп ап, соқтым кеп! Басым аюдың арандай ашылған аузына дәл келер ме!? Қысылғаным сонша, бо- саған оң қолыммен ашылған ауызға жұдырығыммен қойып қалдым. Аюдың тісі қаусап, жұдырығым сол бойында аюдың көмейіне дейін кіріп кетті. Аю азуын баса алмай, аузы қанға толып кетті. Аяғын жиырып, серіпкенше үстінен атып кеттім. Аю өкіріп, аузы қан-қан, ұмтыла жүгіреді. Үйретушілері ие бола алмай жатыр. Тайжақымды бөксерін түсірген екен, шешініп, жамылып тұра бердім. Колония бастығы сөзін жұтпай, екі күнде рұқсат қағазын берді.
Тегі, ЬІрғызбай әулеті мен Кеңгірбай әулетінің екіге жарылып, жікке бөлініп өшіге қоятын реті жоқ-ау! Бірақ, ешкімге де абырой бермес сол істің болғаны анық. Ал, соншама ел тоқтаған ересен ақыл иелері сондай іске неге барған?!
Екі жағы да мал-мүлік үшін таласып, соңы өштік- қастыққа айналды десек ол жетпеген сөз болады.
Айдос, Жандос - бір Олжайдың баласы. Әйтекұлы Ол- жай Әнеттен соң Тобықты жұртын билеген, ал Олжайдан кейін «Жігіт-ақ» деп атақталған Жігітек-Жандос ел биледі. Оны Айдос бәйбішесі, Тобықтыньщ әулие анасы - Ырғызбай, Көтібақ, Торғай, Топай секілді дыр төрт ұлды туған Рамазан қызы Айпара жеңгесі қолдады.
Қайнысының Жандос - Жігітек аты аздық еткендей Кішекем атады. Сол Кішекесінің үлкен ұлы Кеңгірбай да Айпарадан қолдау тапты. Жігітек ерте өліп, оны Бөкенші Әзірет Сұлтанға апарып жерледі дегеміз. Тобықты жұртын Шыңғысқа орналастыруда Айпараның аналық ақылы, батагөйлігі маңызды болған.
Шыңғысқа келгеннен соңғы бұл елдің, әсіресе Олжай руының тұтастығы баршаға мәлім. Арысы Мұсабай, берісі Үш Олжай ұжымы Қарамендедей биі бар Дадан (Өмір) Тобықтыны бұл өлкеден ығыстырып, қоныс аудартады. Енді кеп Құнанбай тұсында, бұл ағайындар арасындағы алалык басталып кетеді.
Кеңгірбай Тобықты тізгінін Өскенбайға ұстатады. Өскенбайдың анасы Керей ер Жәнібектің ағасы Есіргеміс қызы дегенбіз. Кейбіреулер сый-сыбағаны жиі- жиі әкеліп жүріп, би көңілін жібітіп Кеңгірбай батасын Құнанбайға әперген Зере бәйбіше еді, Кеңгірбай батасын Өскенбайға емес, Құнанбайға берген дейді. Бұның дәлеліне Кеңгірбайды жоқтауын Зере шығарған дегенге меңзейді. Бұл «Жоқтау» деген кітапта жазылған.
ЗереКеңгірбайби жоқтауын айтқан, жоқтауды шығармаған. Кеңгірбайғажоқтау шығарған кісі – Байқара Жуантаяқ Қазгел жырау. 1991 жылдың қыркүйек айында Жезқазған облысы Ақтоғай ауданының Тоқырауын өзені жағасы, Айырық деген жерде Рысбетек Е^біДКТыиыҢ Өмір руынан (Даданнан) шыққан Қараменде би (1720-1818) асына Абай ауданынан арнайы шақыртумен барған топта мен де болдым. Бастап барған Абай аудандық атқару комитетінің төрағасы Байбота Орынбайұлы еді де, рухани жетекшіміз, жасы тоқсанға тартқан қарт ақын Шәкір Әбенұлы болды.
Туысымыз Дадан Тобықты еліне, Қараменде би асына бара жатқандықтан, әңгіме өзегі Қараменде мен Кеңгірбай араздығына - Дадан Тобықтылардың Балқаш, Тоқырауын өзеніне көшуі хақында болмағы орайлытын.
Қарт жырауға қойылған сұрау мына төңіректе еді. Қараменденің би ретіндегі орны қандай? Сіз ұлы би дейсіз, ұлы би болса, Кеңгірбайдан неге жеңілді, жеңілген соң көшті емес пе? Өкпелеп көшкеннен соң, туыстар аралас-құраласы болған ба?
Төменде қарт жырау жауабының мазмұнын баяндаймын. Шәкірпікірін өзгертпеуге тырысамын.
«Қараменді - ұлы би. Абылай заманында Арғын тайпасының ең әлдісі де малдысы - жеті момын: Ағытай, Қарауыл, Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін жөне оның екі баласы болған. Момыннан Қанжығалы Бөгенбай, Бәсентиін Малайсарыдай батыр шыққан. Абылайдыңөз ордасын тігіп, Атығай, Қарауыл, Қанжығалыдан төрт отау үй түсіруі тіпті де тегін емес және бас акылшысы, көріпкел көмекей әулие Бұқар жырауды да ұмытпайық, сендерше, сыртқы істер министрі. Қарамендені «Хан тірегі» деп те атайды, Бір әңгімеде Қалдан Серен жиені Шарышты өлтірген соң, қол жіберіп, Үлы тауда аң аулап жүріп, ұйықтап жатқан жерінен Абылайды ұстатып алдырыпты. Қазақтар елшіден елші жіберіп, тіпті орыстарды араға салып, Абылайды өлтіртпеу қамын жасапты. Тұтқындық халіне қарамастан Абылайдың өзі де сөзбен де, іспен де қайрат жасап, қалмақ ханының сынына толады. Сынына толғаны ғой, Қалдан Серен қарындасы Топышсұлуга қосып, күйеуі етіпті. Шамасы, Қалдан Абылайды өзіне жақын етіп, қайырғысы келмегенге ұқсайды. Абылайдай ердің оралуы ұзағанына алаң болған Төле би, Келте би және Абылайдан 10 жастай кіші Қара- менде Шақаұлы барады. Қалдан бұларға шарт қояды.
«Хандарыңды көптің ішінен танып аласыңдар. Ол үшін топ алдынан үш рет өткіземіз. Танып ала алмасаңдар, менде мәңгі құлдықта қалады. Келіспеске шара жоқ. Қалмақтар Абылайға түрі, түсі, бітім - тұлғасы ұқсас 100 жігітті іріктеп ап, кешкі ала көлеңкеде қазақтардың алдынан өткізіпті. Екі рет өткенде топшылаған адамдары Абылай болмайды. Үшінші соңғы кезек келгенде, Қараменде: «Хан қараса, біз тұғыр, хан келмес пе, тұғырына мінбес пе!» деп дауыс көтере айтып, төртта- ғандап тұра қалыпты. Сол кезде Абылай саптан атып шығып, Қарекеңнің арқасына мініп алады. Осындай та- пқырлықпен аты шығыпты Қараменденің.
Қарамендені жас кезінде Айтқожа сыншы былай деп сынаған екен. «Жастық - жорға жан қоймас, шешендік мұнан құтылмас, шеберлік мұнан артылмас, басы - алтын, кеудесі - күміс, бөксесі - мырыш екен. Әттеген-ай, арты нашар болмаса, — депті. Қараменде бидің өмірі сол сынды растаған.
Қарекең Бұхардан 35 жасқа (Бұхар жырау 1685- 1777ж.ж) Бөгенбайдан 30 жасқа (Бегенбай 1690-1775) кіші, Жеті Момынның бұл ардагерлері қартая бастағанда ол күшіне мінген жас та, ал олар дүние салғанда кемеліне келген шағы болады. Бұхардан соң 41 жыл, Бөгенбайдан соң 43 жыл жасаған да, ол Кеңгірбайдан 15 жаска үлкен боп, ел билеуді сонша жыл бұрын бастаған. Сондықтан да, Қарекең орны Кеңгірбайдан жоғары саналған. Нарманбет Орманбетұлының 1901 жылы әкесін жоқтауында:
...Ханға басшы - Қарекем.
Дінге басшы - Құнекем. (Құнанбайды айтып отыр)
жеті момын тегім бар-
Бізден артық кім екен?
Қазақтан асты Әнет би...
Қараменде бабамыз.
«Үш жүзге» өрнек Үлгі айтқан...
Осындай артық затымды-
Айтпағаным мін екен!- деп масаттана жазған еді.
Қарекең Тобықтыны толық билеп, Жеті Момынды құшағына сыйғызған мезетте Тобықтының Мұғажарға, онан Шыңғысқа көшу дүрбелеңі жүреді. Бұл Орта жүз Абылайхан, Қабанбай, Бөгенбай, Малайсарылардың қал- маққа қарсы соғыстарының соңғы түйінді кезеңі болады. Бұл соғыста Мұсабай ұрпақтарынан Кеңгірбайдай әрі би, әрі батыр, Мамайдай қолбасының түлеп өсіп, өрлеп өсу мезеті келеді. Шәкәрім қажы Тобықты көші 1780 жылға тақалғанда Шыңғыс бөктерінде ілінді десе, Шыңғыс бөктеріндегі Қыдырға - Жуантаяқ (Дәулетек) ұрпақтары, Ши бойына - Дадан ұрпақтары қонады. Ал, Мұсабай ұрпақтары - Көкен, Доғалаң, Орданы қоныс етсе, Көкше - Ащы су бойында тұрақтайды. Мөмбетей - Семейтау, Атымтай арасын иемдене береді.
Бұған көп болмаса да дәлел мынау: Қыдырды күні кешеге шекті Жуантаяқ қоныс етті. Мұсақұл, Жидебай, Борсықбай - Жуантаяқ балалары. Жуантаяқтан үш ұл - Жиеншора, Байшора, Байқара тарайды. Аты аталған Мұсақұл, Жидебай - Байқаратабынан. Байқара Жуантаяқ Қарамендемен бірге көшпеген болар. Өйткені, Қара- менде айрыла көшуге бел байлап, күзде, Бақанасқа көшерлікке Мұсабай, Көкше, Жуантаяқ балаларын ша- қырыпты дейді. Үш Олжай бармаса керек. Өзге Мұса-
байлар бар, Көкше, Жуантаяқ бар көшерлікке барған Тобықтылардың басшысы Жуантаяқ Қазгел жырау Қарекең үстіне дауыс сап кірген екен. Есімде сақталғаны “оң бүйірім ойылғандай, оң көзім суалғандай етесің бе, бұ неғылғаның?» деген сөз. Өзгесін ұмытыппын.
Қарекең бар жұрт жиналып, дәм ішіп отырғанда:
- Туыс ағайындарым, мен Кеңгірбайға өкпелеп көшіп бара жатқаным жок. Бұрынғы өткен бабаларыма өкпелеп барамын. Бұлардың атасының атын күшік қойған солар. Күшік өсіп, қапса бөксереді. Келешек ұрпақтарыма «Көрінде өкіргір Қараменде Күшіктің талауына салып, тепкісіне тастаған!» дегізгім келмейді. Және бүгін келмесе де, ертең келетін ұзын шашты, көк көз бар! - депті.
Қараменде бұл күзде, қыс ерте түсіп, көше алмай қалып, келесі көктемде көшкен екен. Ал, өздерің қазір Оспан көлі деп жүрген Жидебайдағы көлді Боқтының көлі дейтінін білуші едім. Бұл Боқты Дадан Тобықты Боқты ғой, Мырза оның көк айғырын ұрлап сойып ап, сол үшін Кеңгірбай мен Қараменденің араз болатыны, арасына Кембай жүретіні. Оны күнде оқып, естіп жүрсіңдер. Осы кейінгі 10-15 жыл бедерінде «Жидебайды Мамай руының адамы Өскенбай, Құнанбайдың бірі Мамайға берген бір қызының киітіне киген» деп жүр. Бұл - адасқандық. Ондағысы Орда тауы - Мамай жері, Жидебай сол Мамайдың бірі болу керек деген болжам. Олар Мұсақұл, Борсықбайды, тіпті Боқтының кім екенін білмейтіндер.
Бәрің де оқығансыңдар, осы сапарларыңда Байқара Жуантаяқтардың осы тоқырауын келуі жөніне көңіл бөліңдерші.
Ал, Шыңғыстағы көп Тобықтылар мен дадан Тобық- тылардың көшкеннен кейінгі аралас-құралас болған ба дегенге келсек, болған. Тіпті, күні кеше, 1920 жылдарда Тоқырауын бойынан Жуантаяқ Тышқанбай деген кісі көшіп кеп, Семейде үй-жайы бар бай болғанын білемін. Тышқанбай Қытай өтіп кетіп, оның Омарбек деген баласынан туған Ғазез деген немересі 1955 жылы біздің Кұндыздыға Шыңжаннаң рұқсатпен көшіп келіп, 1990 жыл басына жетпей Жаңа-Семей қаласында дүние салды. Тышқанбайдың өзі Шәуәшекте өлсе керек. Ал мен не деймін: «Шәкір - Кеңгірбайды жамандайалмайды, Қарамендені мақтай алмайды, осынымды ұстаныңдар!». Шәкір пікірі осы болды.
Сонымен, Қараменденің ірі би болғаны талассыз. Бірақ, Мұсабай ұрпағы көп боп, «көп қорқытады, терең батырады» кебі келеді де, көш үстіндегі жаугершілікте болсын, өзге шайқастарда болсын Мамай батыр мен Кеңгірбай көзге түсіп, бедел алып, өз табына толық ие болып алады. Іштегі іргесі әбден бекіп алған бұлар сырттан да абырой тауып атақтанады. Сол шаққа дейін Тобықты руында меншікті өз ұраны болмапты. Бір жо- рықта Тобықты қолы зор жеңіске жетіп, басшысы Кеңгірбайға Абылай хан сыйлық бермек болғанда, ол сыйға Тобықты ұранына хан есімін иеленіп, «Абылай- лап!» шабуға рұқсат беруін сұрапты. Хан рұқсат етіпті. Кеңгірбай беделін зорайтатын да іс болады бұл. Мамайға Шақшақ Жәнібек ту берген екен. Осылайша, іріленіп алған жас би Кеңгірбай Дадан балаларының бұрынғы өктемдігіне жол бермеу әрекетін бастайды. Малын ұрлап, кішісі үлкеніне қарсы келу сияқты әрекет жиілейді.
Алғашқыда Мұсабай, Кішік балаларының мұндай істерін ұсақсынып жүрген Қарекеңнің уақыт өте келе араласуына тура келеді. Бара-бара тыя алмайтындай күйге түсті. Қараменденің күллі Дадан руының ІІІыңғысты тастап көшуіне себеп болған Кеңгірбайдың Қарекеңе бұтағы кесілген, кептірілген тобылғыны бөтен кісі арқылы сәлемдемеге жіберуі, тобылғыны ұзақ ұстап отырып Қараменде: «Іс бітті, татулық дәмі үзілді. Мен деген Дадан баласы көшін ыңғайлап дайын отырсын.. Мына тобылғы арқылы «Сен қартайдың, суалдың. Өрісің тар. Кезек менікі, мына жиынға мен барамын. Қу қақпас үйде отыр» дейді Кеңгірбай. Енді елдік жоқ», - дейтіні ең соңында, Боқтының көк ала айғырын сойған Мамай інісі Мырзадан Қараменденің теңдік ала алмауы - бәр-бәрі Кеңгірбай - Мамай бастаған Мұсабай ұрпақтарының өзге Тобықтының жеме-жемгебәрінен де өсіп, өніп, көбеюінен, олардан Кеңгірбайдай теріс озу мықты биі шығуынан болады. Қашанда бір оқиғаның басталуына болмашы нәрсе себепші болады, бірақ, оның тамыры тереңде жатпақ қой. Қараменде мен Кеңгірбай араздығының түп-тамырыбұрыннан орын алып келген Қараменде билігін тыйып, Кеңгірбайдың билікке келуі мен Мұсабай ұрпақтарының Шыңғыстың шұрайлы жеріне мекен етуге ұмтылысы болған. Дәлірек айтсақ, екі бидің таласы - билік пен байлық. Кеңгірбайдың Тобықты жұртын ел еткен орасан ұлы еңбегін бағалап, оны әулие бабамыз дей тұра, тарихта, ішінара кейде жұртшылықта Қабекең дегенде бір нәрсеге күмілжи беретіні бар. Бұл елден елді бөлді, өзі аз жұрттың бір бөлігін айрыла көшуге мәжбүр етті дегені болса керек.
Мұсабай ұрпағының басшылары Кеңгірбайдың билік пен жер байлығына (жерге бай болса, малға да бай) қол жеткізу үшін тайынбастығына көзі анық жеткен Қара- менде, сол шақтың үрдісі бойынша, көнгіп құтылады.
Ал, тап осы қиракезік іс Қабекен ұрпақтары Жігітек пен Ырғызбай ұрпақтары алдына да сыбаға боп тар- тылады. Мұхтардың «Абай жолы» романында сурет- телген шайқастардан аңғаратыныңыз: Жігітектерде «күллі Тобықты кешегі атам Жандос - Кеңгірбайдан қалған меншігім, Тобықтының жері де, елі де біздікі. Одан қолымызды қағатын, еркімізді тыятын ешкім болмауы керек» дегендей пиғыл үстем болады. Шынын айтсақ, бұл пиғыл осы туысы ерен, отты жүрек туыстар ұрпағының көбін ұрлыққа жеткізген жаманшылық жолы болады.
Біздің жұртта «Бісміллә, бок жегеннің алды осы!» деген мәтел бар.
Бұл - Жігітек атамыз ұрпақтарының, оның ішінде Қараша аулына түскен бір жас келін аузынан шығып, бүкіл ел көлеміне тарап кеткен сөз.
Ал, Ырғызбайдың ұлы Өскенбайға Қабекен елтізгінін ұстатып кетті, батасын берді. Өзі жаратылысынан адал, ақ көңіл Өскенбай елін адал баскарып, бәрінетеңби болғысы келеді. Осы үрдісті оның ұлы Құнанбай мырза да ұстанады. Бірак, бұл жолдағы бөгет, өз туысқаны Жігітектердің алысқа да, жақынға да істейтін зорлылығы, зомбылығы, ұрлығы болады. Алдымен, өз туыстарын бұл жаманшылықтан тыймаса, өздерінің ел басқарушыесебіндегі құны қанша деген сауалды шешуге Ырғызбай ұрпақтары да өсіп, іргелі елге айналған. Бір кезде Дадандыкөшіріп жіберіп, Шыңғыстау атырабындағы Дадан жерлерін бөлісуден алған қоныстар бұларга тарлық ете бастайды. Олар да Шыңғыс қойнауындағы «өлкелі өзен», «құйқалы қоныс» алуға ұмтылады. Сөйтіп, тағы да ағайындытуыстар арасында билік пен байлық үшін күрес жүріп береді Қараменде мен Кешірбай арасындағы талас- тартысіспеттес күрес 40-50 жыл өтпей-ак кайта өршиді.
Күрестіңболмағын болжалдап, алдын алу шараларыжасалғанға ұқсайды. Зере бәйбішенің Кеңгірбай немересіБөжейді, Болсамбекті асырап ап, ақ сүтін емізіп өсіруіосының дәлелі секілді. Бірақ, мүдде тоғысына қолдан жасалған ол амал ұзақ бөгесін болмай қалады.
Абайдың:
«Қолдан достық жасап ем болар болмас,
Ит мұрындай наданның жыртты бірі» - дегені келеді.
ҚұнанбайЖігітек ағайындарымен ұстасуға өзі ізденді дегенкісі қателеседі. Қайта Құнанбай ағайындарыныңкөп тентектігі мен артықтығына ұзак шыдағансияқтанады. Бірде-бір әңгімеде, мұрағатта егер оқиғаның шынсырына үңілсеңіз, Құнекең өзі барып, Жігітектерге тиісіп еді демейді. Керісінше, олар Құнекеңе көпісте көлденең тұра бергені көрінеді.
Семейдегі Республикалық Абай мұражайының қорында Құлбаев Жақияның Абай туралы жинаған материалдары сақталған. Жақыпбек - мұражай ашылған 1940-50 жылдар аралығында Архам ЬІсқақұлымен жұмыс істеген зерттеуші.
Жақыпбек жинаған естеліктің мазмұнын келтіремін.
Тобықтының Мәмбетей руында Төлебай, Ибақ,Қайранбай дейтін білікті кісілер болған. Төлебай Құнекеңнен 3-4 жасқа үлкен. Ибақ - Еркежанның өкесі, Қай- рамбай - Ибактың інісі, Абаймен кұрдас. Окиға күздің бокырау мезетінде болған екен.
Құнекең сәлемші жіберіп, Төлебай, Ибақ, Қайрам- байды шақыртыпты. «Аягөзден 11 карулы солдат алғ- ыздым. Жігітектің азаматтарын айдатамын. Құдала- рым біраз кісімен келсін», - депті. Мәмбетейлер 20 кісі боп барыпты. Жігітек ауылдарын қамап 17 азаматын тұтқындапты. Таң қараңғысында барып, алған екен. Екі тұтқыннан бір түйеге мінгізіп, Базаралыны ғана жеке түйеге мінгізіп айдап жүріпті де, Тұрлы деген бір Жігітектің мойнына жіп таққызып жетектеп, бір солдат артынан найзасын тіреп, бір солдат жаяу айдап жүріпті. Күні ысып кетіпті. Алда Құнанбай - жалғыз. Артта Мәмбетей кісілері, ортада айдалған Жігітек жігіттері келе жатыпты. Жаяу айдалып келе жатқан Тұрлының өн бойынан тер құйылып, діңкесі құрып келе жатқанда, Мөмбетей, Төлебай тобы қасынан өте бергенде Тұрлы: «Әй Төлебай, Ибақ! Құдайдан қорық, Құнанбайдан қорық. Ақ қой сойып, ақ бата тілескен, Құдай дескен құда емес пе едіңдер. Шынымен, ат сауырын беруге жарамағандарың ба?- деп тұра қапты.
Төлебай, Ибақпен Тұрлы құда екен. Төлебай сөзден ұялып қазақ-орыс бастығына кеп «Мына Тұрлыны атқа мінгізуге болмас па?» деп, ол Құнанбайға барып хабарлапты. Құнанбай атын көлденендетіп арттағылар- ды тосып тұрыпты. Бетінің түгі бозғылданып, тік тұрып кеткен екен дейді. Төлебайға: «Мәмбетей балалары екі көттіліктеріңді бір қоймадыңдар-ау!» деп ажырая қарапты. Төлебай ештеңе дей алмай, тығылып қалса керек. Сонда Қайрамбай саңқ етіп: «Ей, Төлебай, Ибақ! Біз Құнанбайга келгенде осыны естиміз деп келіп пе едік! Өз қорлықтан жат қорлық! Тарт!» деп тұра жөнеліпті де, Төлебай, Ибақ бірге кетіпті. Мәмбетей тобы үн шығармастан 5-6 шақырымға алыстағанда арттарынан шаң шығыпты. Таяғанда Абай танылыпты. Абай бұларға тоқтамастан өте шығып барып, аттан түсіп, тосып тұрыпты.
Мәмбетейлер жеткен соң, Абай басынан тымаған алып, қолына ұстап тұрып, Төлебайға: «Әке, бұ не қыл- ғаныңыз, ақ жаулықтыша қашып. Не кінә қойып, не мойныңызға кінә алып кетіңіз», - деп аулына қайтып баруын сұрапты. Ибақ болса құдасы Құнанбаймен кетісуді ұнамаған болар «Төке, Абайжандікі жөн ғой. Өскенекең аулына, үлкен шаңыраққа қайта түсейік!» депті. Абай болса, құрдасы Қайранбайға салмақ салып, райынан қайтарғандай болыпты. Зере әже отырған үйге түсіпті. Абай бір құлынды сойғызып, Мәмбетейлер күтімін өзі басқарып, не сөз болса екі құрдас Абай мен Қайранбай сөйлеп отырыпты. Құнанбай бұлардың үстіне келмепті. Таңертеңгі асқа Құнанбай Мәмбетей адамдарын өзі отырған үйге, үстіне шақыртыпты. Құнекең жұрт жайғасқан соң:
- Төке, қартайғандығым ба, ашу үстінде аузымнан бір оғат сөз шығып кетті-ау! Жасыңыз үлкен еді. Кешірім етіңіз! Айыбыма белдеуге ат байлатып қойдым. Мынау үстіңізге жапқаным! - деп, иығына жамылып отырған орман ішікті Төкең иығына жауыпты. - Жә, өзге Жігітекті көлікке мінгізіп, Тұрлыны жаяу айдатуымның мәні бар еді. Кішекең ағайындармен араздық басталған соң, көрнеу де, көмескі де малымды ұрлады. Білсем де білмеген, көрсем де көрмеген боп, әйтеуір шығынға шыққан мал ғой деп жүріп жаттым. Өзге өзгесін қайтейін егіздің сыңары Құсқараала деген атым бар еді. Жылқының суреті болатын. Соны осы Тұрлы ұрлап сойып алды. Жігітек ішінен күмән ұстатып, үлкен жиында би алдына салғанымда Жігітектер «өлтіреміз» деп қорқытып, күмәнім тайқ- ып кетті. Сонда осы Тұрлы жұрт көзінше «Ей, Құнанбай, енді менен көзіңнің құнын сұра!» деп айқай салды. Осы сөз ішіме шемен боп қатып еді, - дейді.
Төкең шырайы түзеліп, басын изеп, мақұлдағандай болған соң, Ибақ: - Мырза, Төкең інісіне қатыгездік ете қоймас. Өз малымызды өзіміздің жетектей жөнелгеніміз жараспас. Ат жылқыға қосылсын. Жеңгеңіз жинақылығы өзіңізге мәлім ғой, мырза. Төкең ішікті кисін! — депті.
Осыдан соң, екі жақтың да кірбіңі тарқап, Мәмбе- тейлер ырзалықпен аттаныпты.
Жігітек балалары мен Ырғызбай балалары арасындағы бітіспес араздықта және бір сөзді талдап көрсетпесек сөз түгелденбейтін де секілді. Қалың Жігітек Кеңгірбай батасын өз ұрпағының біріне бермей кетуіненаразы еді. Бірақ, оны сыртқа шығара алмайтын. Өйтсе, біріншіден, Би аруағына шек келтіреді, екіншіден өздерінің Өскенбай, Құнанбайдан төмендігін ашып алатын болады. Оны да Мұқаң романда басып өтеді.
«Бала Абай қасында атшысы Қарабас бар Байдалы Төлеуұлына әкесі сәлемін апарып, Байдалы сөзін әкесіне жеткізеді. Сәлемші Абайға Байдалы: «Ендеше, жаттан айтсам, сырттан айтқан болады. Саған айтсам, әкеңнің өз көзіне айтқаным! - деп, аз бөгелді де, - «татуластық, табыстық» деп ек кеше тамам Арғынның тобында. Сол татуласқан сиқым осы ма? Тәтті күнде тағы артыма қалжуыр байлайтын болса, анадағы араздықтан мұның несі озды? Не жаздым! Сенің әкеңе не жаздым осы мен, Жігітек? Атаң Ырғызбайға атам Кеңгірбай оң батасын беріп, би сайлап еді. Өз баласы, өз туысы жоқ емес еді ғой сонда. «Осы болсыншы» деп бермеп пе еді? Ал бұл болса, бүгін мінеки, алысқа абыройы асса, айналып кеп Жігітекті жаныштайды. Жақынға жауықса, жағалап кеп тағы Жігітекті жентектейді. Бір жібімей кеткені ме үстіп? Шапқа түрте-түрте барып, ақыры бір күн «өлермен бол да, отқа түс, соны кермей тоқтамаймын!» дегені ғой мұны- сы. Қоймас болса, сол қолқасын алар. Алмай тынбас сенің әкең! Осыны айт! Бір мен емес «Жігітек сәлемі» деп айт осыны! Ал мына жерін алсын, бір бұл емес, тағы тапсын, тағы алсын»,- деп, қолын бірақ сілікті де тоқтап қалды.
Абай әкесінен көз алмай қарап отырып сөйледі. Құнанбай басында мұны аса салқын отырып тыңдады. Тек «Жігітекті жаныштаудан тоқтамады ғой», «Босаспады ғой!» деген Байдалы дауына келген жерде ғана қабағын лезде қатты түйіп ап, Абайға тіксіне қарады. Баласының өзін барлап, «Осының өзі қандай?» дегендей.
Бірақ Құнанбай өз баласы туралы екі ұшты болуын тез жойып, Байдалы сөзінің салмағына көз салып кетті. Есітті, ұқты. Жалғыз-ақ түк шіміріккен жок. Ашумен демігіп, ернін шығарды. Өз байлауы өз ішінде. Жауап айтқан жоқ. Абай әкесіне осы сәлемді әкелгенде, бір шешілер, бір сөйлер деп еді. Ол болмады».(“- Абай жолы” романының “Шытырманда” тарауы. 140-141- бет.)
Құнанбай баласы алдында неге шешілсін!? «Ашу-
мен демігіп, ернін шығаратын» орайы бар. Өйткені, Бай- палы шынын ашып отырган жоқ. Жеңер ақынның, ұтық- ты дау сөзін айтып отыр. Байдалы шынын айтса, алды- мен, Өскенбай-Құнанбай билігін мойындамаған өз білместігін айтуы керек еді. Оны айтпай, бұларға да бөтен емес, қаны бір атасы Кеңгірбай берген батаны бұлдайды. Бата - сатусыз болғанмен, қата есептеусіз кетпеу керек.
Асылы, ақылы асып туған Кеңгірбай би батасы қате берілген болмай шықты ғой! Бата алған Өскенбай, оның бала немере, шөберелері би батасын ақтамады ма? Би дүние салғанда Тобықты Шыңғыс тауына тұтас ие болма- са, биден кейінгі Өскенбай - Құнанбай жеті Момын атала- рының іргесі тиген өлке-өңірді тұтас иеленді емес пе?
Жоғарыда келтірген түпкірлік ойдың иесі, жазушы Ғабиден Мұстафиннің: «Мен Шыңғыстаудан Кеңгірбай бидің табанының ізін көрдім!» сөзінің мәйегі сол ғой.
Қайран, Базекем-ай! Сен шошытьш қуған жылқы тұя- ғының бораны тұрған Шолпан адырына беттейміз енді... Оң жағымызда Ақыл ағаң қуырдақ жібітіп отыратын орын - Қаржау, Кәрішал, Өтепбай, Көк құдықтары.
Шолпанадырының бұл бөлегі - Сарыадыр жақ шеткісі.Оның іргесіне қазіргі Қасқабұлақ ауылы орналасқан.
Шолпан адырының орта тұсына көз салсақ, су тартатынмұнара асқақтайды. Ол - Әнет бабаң екінші әйелінен туған Жаубасар дейтін ұлының ұрпақтары мекені-кейінгілер Манақбай бұлағы атайтын жер. Ертедегі қоражай орны көрініп жатыр. Бұлақ тартылған.Су көзі байқалмайды.
Бұл Қасқабұлақ Шолпан адыры іш-тысындағы бес Қасқабұлақтың бірі-Кіші Қаскабұлақ, кей-кейде Шәкәрімнің Қасқабұлағы деп те аталады. Кіші Қасқа- бұлақтың ағып шығар жері - Шолпан жотасының оңтүстік-шығысының шеткі тұмсығы.Сарыадыр менарасында кең аңғар сай. Сайдың батыс төскей биігіңдеақ кірпіштен тұрғызылған зираттар. Өзін бір қала дерсің. Бұл зиратта соңғы елу жылда ғана төрт ұрпақ жерленіп, жай тапқан.
Бұл Кіші Қасқабұлақ Шәкәрім Қасқабұлағы деп те аталған деп ек қой. Иә, бұл Қасқабұлақ Шәкәрімнің әкесі Құнанбайұлы Құдайбердінікі болған. Торғайдың кейінгі үлкені Төлепберген ақсақал бұл орында аталары Шәкәрімнен 1880 жылдар соңында алып, Шағыр, Айтоқа, Өмірелер қыстағанын, өйткені олар бұлақтан арық алып, суымен егін суғарғанын айтатын. Яғни, мұнда Торғай жатақтары отырған.
«Шәкәрім қажы жылдың қай маусымында болсын қалаға барар, қайтар жолында бұлақ басына тіке кеп түсіп, жуынып-шайынып барып қана өзін құрметтейтін ағайынының бірінің отбасына кіреді екен. Осы әдетінен Қажы өле-өлгенінше жаңылмап еді» дейтін Төлепберген.
Бүгінде Қасқабұлақ Шыңғыстау бауырының елі мен жерінің құтты орталық мекеніне айналды. Қасқабұлақ - қала іргесіндегі ауыл! Сағаттық жол ғана қаладан бөліп тұр! Керегі мен қажетін қаладан тасып отыратын қазіргі ауыл үшін жол ел тағдыры десе де болады.
Халқының орналасуы осылайша сәтті шешілген бұл ел - алда да бақытқа жетіп, бақуатты болатынына нық, сенімді ел!
Бай, қуатты бола бер, туған ауылым!


МӘРТЕБЕЛІ БАУЫР ЖЕРІ





Біз Бауырдың жері, елі, ері туралы әңгіме баста- ғанда, алдымен Ойқұдық, Сарыадырдан түстік шығыска қарай, көлдерді жағалай отырып, Шолақтерек адырына ауысуымыз шарт.
Шолақтеректің басталған жері шынында да жұп-жұмыр. Биіктің ортасы асу бел. Бауырындағы бұлақ Дәркембайдың Тұщыбұлағы.
Шолақтеректің бауырында көл жатыр. Бұл - бауыр жеріндегі үлкен көлдің бірі. Көлді бүгінгілері Бурахан көлі атайды. Олар қателеседі. Бурахан - Уақбайұлы Бозамбайдың немересі, 1912 жылы Көкбаймен бірге қажыға барған кісі. Күзеу қорасы осы елдің түстік шетінде мінбелей тұрған сонау адырдың түбінде.
Бурахан күзегі шетінде тұрған көл - Шолақтерек көлі.
Шолақтерек көлімен жалғас есепті көрінген көлдің аты - Үлкен Қара көл. Көлдің арғы шетін көмкеріп жат- қан адыр - Күйгенбұлақ адыры. Бұлағы бергі іргесінде. Қара көлдің үлкені болған соң, кішісі де болу керек дейсіз ғой. Иә, Кіші Қаракөл де бар. Ол бағанағы Бурахан адырының шығыс баурында.
Осы өлке - түгелдей Көкше және Жігітек руларының күзеулік қоныстары. Мына Дәркембай Тұщыбұлағынан басталып, Шолақтерек жары мен көлінің арасындағы кіші Қылыдан Күйгенбұлак, Қыдыш құдығы, Шөпті көл, Құржар, Тастықұдық, Қазан шұңкыр, Актінің басы, Мойынсу, Дүйсембай Ақбиігі, Тікенекті, Суықжал Жігітек руының күзегі болады.
Ал, Көкше руының күзеулігі - осы Шолактеректің Тұщыбұлағынан басталып Садықан, Сасықбастау, Са- рқыз, Бозамбайдың Тастықұдығы, Кіттті Қаракөл, Ол- жай мен Қакабайдың Аққұдықтары, Шұға, Еркеқыз, Малды құдығы, Боқай кемері, Бестас, Тақырбұлак, Жауынбай, Әлібек бұлақтары, Мәңгезер, Досымбай қарағаны, Керішті, Шолақеспе, Миялы биігінің іштысы, Қожа адыры, Шошқалы көл, Жанқара, Ағыбай қарағаны мен Екіүйтіккенге шығады. Ұзыны мен ені 30x10 км, жалпы аумағы 300 шаршы км жер. Мұқан романда Көкше руын шөре - шөреде жүретін руға«жатқызып, оның сұңғыла шешен, жүйрікбасшысы қаратай Сапақұлын «майысқақ» деп атайды. Мұқаң кемсініп те, кішірейтіп те жазып отырған жоқ. Бірақ, ол баға берілу себебіне тоқталсақ жөн болар. Істің шындығы, ақиқаты ашылар.
Көкбай ақынның «Көкшеге» атты өлеңінде осының негізгі себебі ашылады. Көкең Көкшеге «Байқұс-ау, Мұсабаймен тұрғың бірдей, ол жұлдыздай болғанда - сен Үркердей», - дейді. Иә, Мұсабай «Көптігі аспандағы барша жұлдыздай болғанда, оның ағасы Көкшеұрпағы тек бір шоғыр үркер жұлдызындайдеп отыр. Сөзіміз айқынырақ болу үшін талдап көрейік.Тобықтыдан Рысбетек, Дәулетек (Жуантаяк), Рысбектектен Көкше, Өмір (Дадан,) Мұсабай тарайды. Демек, Жуантаяқ, Көкше, Даданнан өзге Тобықтының күллісі Мұсабай ұрпағы. Қазіргілерге түсінікті болу үшін тарата сөйлесем: Бүгінгі Мамай, Мырза, Жаман-тобықты, Үш Олжай (Айдос, Қайдос, Жандос, яғни Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, күллі Жігітек, Бөкенші, Борсақ), Әнет, Бәкең, Тоғалақ, Сақ, Саққұлы, Есім, Есболат, Күллі Мәмбетей, Үмбетай (Мотыш, Құлық, Байғазы т.б) т.б. бәрі, баршасы Мұсабай ұрпақтары. Егер кез келіп, шыққан руын айтушы не Көкше, не Жуантаяқ, не Дадан болмаса, онда оның Мұсабай болғаны.
Көкшенің үшінші ұрпағы Шобанның Бәйімбетін сөйлеуге ауысамыз. Бәйімбеттен Мардан, Жанғазы, Боқай үш ұл туады. Ал Марданнан, Көкшенің саурысы- Жарылған, Есбай атты немерелер тарайды.
Боқай - Архатай, Мамай батырлармен бірге шыққан батыр .Шәкәрім «Бір жорықта Шыңғысқа Мамай келген» десе, Мамай соңынан ту ұстап, қол ерткен. Сондағы батыр қолы ішіндегі Архатай, Боқай, Мәтен Сияқты батырлар еді. Қазір де Шыңғыс жерінде Мамай батыр мекені Орда тауы мен Хан биігінің арасындағы көрнекті биік Боқай биігі аталады. Мамай Шыңғысқа келген бетте қазір Ордадағы ауыл мекендеп отырған Жолбарыс сайының басына шатырын тігіп, Орда тауын өз мекені еткен. Көкше руы Ащысу өзенін бойлап, Архат пен Орда тауының арасын иеленген. Ал,МамайОрда тауынан 6-7 шакырымдай жердегі Боқай биігіа берген. Оның бауырында біз кейінірек сөз ететін Тоқымтыққан төбесі бар.
Жалпы, Боқай атамыз ұрпақтарының ғылымга ісшендікке, оқу, өнерге өте бейім екендігін атап көрсет- песем, бұл туыстар қадір - қасиетін білмегенім болар еді де, ол әулеттің туыс - тұлғасы түгелденбес еді.
Боқай ұрпақтары оның үш ұлы Кәдірберді, Есберлі, Қауқаннан тарайды. Батыр балаларының өскен, әрі білікті азаматтары - Кәдірберді ұрпақтары. Одан қазақ ұлтына мәлім, халқымыздың Тайыр Жомартбаев (1884-1938) - драматург, педагог, жазушы. 1911 жылы Уфа қаласындағы медресе «Ғалияны» бітіріп шығады. Көп жылдар Өскемен, Қатон-Қарағай жақта ұстаздық етеді.
Ол Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеевтер қатарлас «Қыз керелік» романы және «Балаларға жеміс» шығармаларын 1912 жылы шығарған. Тайыр алғашқылардың бірі боп, 1913 жылы «Айқап» журна- лының 9-санында (208-209-бет) Абай шығармалары жайында «Замандастарға жауап» деген мақала жазған.
Тайыр шығармашылығы мен ұстаздық жолы оның Абайдың талантты шәкірттерінің бірі болғандығын, әм Абай ұлылығына қанық алғашқы Абай шәкірттерінің елеулісі екендігін танытады. Тайыр өз шығармаларына Абай өлеңдерінің әсерін айта келіп:
«Кешегі өтіп кеткен хакім Абай,
Оның да сөзін ұғып қалғандар аз»- дейді де, Абай ақын, ғалым ғана емес, хакім де деп білген. Абай жарықтықтың өзі, ғалымның бәрі хакім емес, хакімнің бәрі ғалым» демеуші ме еді!
Бүкіл Шыңғыс елінен Абай мен Көкбайдан, Шәкәрімнен соң жазба әдебиеттің бірден - бір өкілі болып шыққан Тайыр - өз ізімен шәкірт тәрбиелеп, өсіріп шығарған, «шәкіртсіз ғалым - тұл» екенін терең ұққан кісі.
Ақын, ұстаз Есентай Бердин (1899-1976), ұстаздар: Боранбаев ЬІбрай (1904-1942 ж), Жақсылык Жармұхаметов, СоциалистікЕңбек Ері Шайжүнісов Жақия, Үкіжан Қордабаевтар, Тайыр туыстары - Сәрсембай, Ыбырайым, Хасен, Қабдолла ІІІәмәли, Хасен балалары _ Байбосын,Ербосын, Садуақас, Сыбанбай, Бейсембайлар Көкбаймедіресінен сауат ашып, есейе келе Тайыр Жомартбаевөнегесімен өсіп, тәлімінен тәрбие алғандар.
Есентай Бердин Тайырдан 7-8-қа кіші, Семейде Тай- ыр қолындатұрып оқып, алғашқы өлеңін Тайыр үйінде жазған. Ал, Жақсылыкты Тайыр Семей педтехнику- мына өзі түсірген. Жақсылық Жармұхаметов (1895- 1978) 1931 жылы Тайырды іздеп Зайсан, Катонқарағайға (Шолақеспе бастауыш мектебінде мұғалім боп тұрып кеткен) Шайжүнісов Жақияны ертіп кетіп, Жақия жолда Көкпектіде М.Горький атындағы балалар үйіндежұмысқа тұрып қалады да, Жақсылық содан Шыңғыстауға1947 жылы бір-ақ оралды. Тайырдыңінісі депол жақта да қуғындалып, тұрмыс соққысына да ұшырағанекен. 1976 жылы Құндызды аулында дүние салды.
Абай еліне мәлім ұстаз, тоқсан жастан асып дүние- ден өткен, Үкіжан Қордабаев ақсақал Тайыр соңынан ергеннің бірі еді. Молда алдында өте зерек, қағылез Үкіжанды Тайыр байқап қалып, Семей мектебінің біріне оқуға түсіріп, кейін педтехникумды бітіруіне ықпал жасайды. Үкіжан «Көкбай ақынның кіші қызы Бүбіжан Слободкада (қазіргі Жаңа-Семей) күйеуде екен. Сол кісі Тайырдан сұрап алды да, сол апамыздың қолында тұрып оқыдым. Тайыр аға айына бір рет келіп оқуымды тексеріп, тәтемізге «жұмыс басты қып, оқуыма бөгет жасамауын» тапсыратын еді. Ал елден Көкең келгенде Тайыр аға үнемі сәлемдесе кеп, күнұзақ мәжіліс құратын еді. Тайыр ағамен бірге, Көкеме келген Мұхтар Әуезовты талай-талай көрдім дейтін.
Тайырдың әкесі бір туыстары ішінен және немерелерарасынан мемлекетімізге танымал мемлекет басқару мен ғылымның ірі-ірі қайраткерлері шықты. Боқаев Садуақас Хасенұлын Тайыр ағамыз 1924 жылдары Москвадағы Ломоносов университетінің физика-математика факультетіне апарып, ол кісі 1937 жылғы аласапыран
қарсаңында өз мамандығы бойынша аса көрнекті ғалым болады. Тайырды халық жауы деп ұстағанда Садуақаста ұсталып лагерьде өлген. Садуақас Қаныш Имантаев Әлімхан Ермековтардың ізін баса шыққан қазақтағы ма- тематика ғылымын меңгерген ғалым болды.
Садуақас Боқаев Хасенүлы (13.03.1907-1942) 1932ж. МГУ-ді бітіріп, аспирантурада қалып, доцент, 1934- 36 ж. КазПИ-де декан, 1937 ж. КазГУ-де профессор болды. Орта мектепке арнап математикадан оқулық жазған.
Әнін әнші Әміре 1925 жылы Парижде асқақтатқан Ағашаяқ әнінің иесі шын есімі Берікбол Көпенұлы да - осы Боқай батырдың ұлы Есбердінің шөбересі. Ағашаяқ (Берікбол) атамыздың сазгерлігінің үстіне цирк өнерін меңгергенін, бишілігін атауымыз керек. Ағашаяқтың өзін де, өнерін де көрген Нығмет Мағауияұлы оның 11 түйенің үстінен бір демде кезекпе-кезек секіргенін жазған еді. Ал, ол жарықтык күйге билеуімен қоса, бір мықты жігітті тұғырғып, екі аяғын тұғырға тұрған жігіттің қолтығына тығып ап, бауырына түсіп, екінші жағынан шығып, кеудесімен үстіне көтеріледі екен. «Ағашаяқтан үйреніп едім» деп, жас кезінде 1936-39 жылдарда Берсінбек Төнекеұлының (1903-1979) билегенін өзіміз көрдік.
Ағашаяқтың цирк өнерінде өзінен артықтығын Ша- шубайдың мойындағанын осы шығарманың бірінші бөлімінде Шашубайдың «үш арманын» естідім деген Кенжебайұлы Жұмағазы айтқан еді.
Шашубай сөзі: «Жасымда ұрлық шіркінге мен де араластым. Бір кеште, тау ішінде, төрт серігіммен, олар да төртеу екен, бір топ жаумен бетпе-бет кездесе кеттік. «Әкем кезіксе де аламын» дейтін ұрылар сертін ұстан- ған немелер болса керек. Дереу ұрысқа әзірлене кетті.
Екі жақтың жеңгені олжаға (ұрлық малды) ие бо- латын болды. Ұрыста менен басым басшымыз жекпе- жекке шыққанда қарсы жақтан да біреу шықты. Екеуі ұрыса кеткенде қарсы жақтың кісісі аттан түсіпқалыпеді, көзді ашып-жұмғандай сәтте біздің «мықтының» атына мініп кетіп бара жатты. Біздің «мықты» аттан түсіп қапты. Ойланып тұратын емес, жекпе жекке енді мен шықтым.
Екеуіміздіңкезіккен жеріміз қия бет боп, қатарласа бере ұрайындегенімше, әлгі атымның артына қарғып мініп, тақымымнан алып, тастап кеті аттан. Екеуіміз сойыл-соққыкөрмей-ақ аттан алындық. Амалсыз «сен кімсің дегендейсөйлесуге мәжбүр болып қалдық. Сөйтсек, оларда Тобықты, өз туысымыз болып шықты. Әлгі екеуіміздіаттан алатын Берікбол Көпенұлы — Ағашаяқекен.Менің жолдасым бар әлінше ұрып түсірмек боп, сойыл сілтегенде ол ат үстінен секіріп кетіпті де, жерденаяқтай тас алып, бүйірден таспен ұрған екен біздіңжігітті. Ал, маған істегені - әлгі. Содан туы- стар табысып, сол тауда жатып, жан-жақтан жылқы алып ап, олжаны бөлісіп алып, тарап ек. Сонда Ағашаяқ екеуімізөнержарыстырғанымызда, ол менен аса берді.»
Көріп, біліп отырғанымыздай бұл ата балалары - ғылым, өнердің қай түрінен болсын өзіндік орны бар әулет. Тіпті, осы бөлімнің басында Көкше руының сау- ырысы үздігі, Есбай, Жарылғап болып еді десем, Боқай атам балалары соңғы 70 жыл ішінде туыстар даңқын шығарған ата болып отыр.
Мардан ұлы - Жалғыз Белібай. Белібай Тобықты руындағы - үлкен. Бай елге ұйытқы, кең мінезді кісі болған екен. Марданнан көрі оның жалғыз ұлы Белібайдың байлығы, туыстарын топтастырған қамқ- орлығы көп айтылады.
Белібайдың бәйбішесінен екі ұл - Есбай, Жарылғап, жоғарыда айтқан Жанғазының тоқалын Белібай асып, одан - Бесбай, Шыңғыс туады. Есбай - Белібайдың үлкені. Одан кейінгі - Жарылғап. Есбай балалары –Сарымсақ, Сапақ, Жамантай, Кебентай, Бәйтен. Бұлар Есбайдың бес жүйрігі аталған. Кісіні жүйірік атау - оның жөн-жоба білетін аңғарғыштығымен, сөз шешендігіне байланысты болады. Бұл ағайындылардың бесеуі де, ең алдымен тілді, шешен болды деген сөз.
Есбай- Ырғызбай, Кеңгірбаймен замандас. Бейіті Жидебайға баратын асфальттың оң жағында тұрғанМұсақұл төбесі Өртең, Орда жақ қарсысында, 1955 жылдарға дейін құламаған, биіктігі Кеңгірбай кесенесінен кіші, мұнаралы кесене болатын. 1992 жылы барсам, құлапты. Кірпіштері қора қалыбымен құйылған саман кірпіштен көп кіші. Кесене іргесінде қабір көп. Тұрған орны - төбешік үсті.
Көкше руына Белібайдан кейін оның немересі Сарым- сақ иелік етіп, би болған. Тобықты руына кезіккен Еңлік- Кебек дағдарысында Шыңғыстағы елге Көкше қолын ба- стап Сарымсақ би келген екен. Қабекең Матаймен тіктесуге рұқсат етпей, атасы Әнет бабаңша Қалқаман- ды оқ өтіне жіберіп, садақ оғы тисе - ажалы жетті, ти- месе - тағдыры құтқарды дегендей аңысын аңдау, несіне болсын шыдау, тосу саясатын қолданған ғой. Матайлар үш бірдей адамды (бірі күнәсіз үш айлық сәби ғой) өлтірмес деп ойлауға да болар да. Өкінішке орай, іс жа- маншылыққа шапты. Еңілік пен Кебекті өлтіріп кеткені анықталады. Баланың өлі, тірісі белгісіз, табылмайды. Құн сұрайтұғын емес. Тобықтыларға енді не істеу ке- рек?!. Бүкіл ру халқы қатты толғанысқа түседі. Бұрын мұндайда үйін жығып көше жөнелетін, не соғысатын. Ол екі нұсқаның біріне де қол артуға болмай, жұрт дағ- дарады. Ру басшысы Кеңгірбай болса үстіне ешкімді кіргізбей жатып алады. Сонда бидің (қазіргіше) қабыл- дауын сұрап, Сарымсақ әлденеше рет сөз салыпты. Би ақыры рұқсат етіп, үстіне кіргізіпті. Сарымсақ Кеңгірбай биге «Би кермелі кезеңге кез келдік. Асырмайтын асу болмас, кезең ғой. «Еркек тоқтының құрбандық» болға- ны - Арғыдан келе жатқан жол емес пе?! Күйзелсек те, күйремейік! Тәуекел де-де тас жұт, қызыл өңеш қой, өткізер. Сыбан ермей, Матай тақ қалды емес пе! Осыны есеп етейік! Қалың Арғын туысымыз еді ғой, маңымызға келмесін, шаңын бермей ме?!» депті. Кеңгірбай: «Өз ақылым ақыл-ақ, кісі ақылы шоқырақ деуші ем. Біреудің білгенін екіншінің жол етуі сол жолдың түзулігіне сендіреді. Сарымсақ ащы, бірақ кей дертке дәру. Көбей! Тобықтының осындағы бар ауылын Кіндік төбені ай- налдыра қондыр. Шаңдат. Арғынның батыр, билерінің атын шығара бер. Тоқтам осы! Кейінгі іс кейін» депті.
Көбей Тобықтыларды қазіргі Борсықбай төбесін, (ол Кіндік төбе) айналдыра қондырып, жас әйелдерге дейінтымақ кигізіп, атқа мінгізіп, Қыдырдан, Шунайдан бері ат қойғызып, «ой, баурымдатып» шаңдатыпты-айкеп. Ал, малшы атаулыға сұрағанға Арғыннан «пәлеңшекең би, түгеңшекең батыр, Даданнан Қараменде т.с.адамдар келді» - деп айтыңдар деп, дақпырттатыпжатыпты. Сонымен, апта өткенде Көбейді бас қып,Сыбанға сөз салыпты.
- Біз Арғынның пәлен биі, түген батыры келдік, үш бірдей кісіміздіөлтіртіп отыра алмаймыз. Жесір - Сыбандікі екенірас. Сыбан Матаймен бір ме? Бір болса, тұрысар жерін белгілесін, Сыбан мен Матай, - деген сөз айтылады. Сыбан: «Жесір біздікі екені рас. «Тобықты тұрысатын жерін айтсын» деген Матай сөзіне қосылғанымыз және рас. Бірақ біз Матайға үш кісі өлтір дегеміз жоқ. Матайға енді қол коспаймыз», - деп жауап қайырады.
Қабекеңнің тосқаны осы екен. Кісі өлтіріп ап секемденіп отырған Матай елін екі шеттен түн болса шауып, жылқы алуды бастап кеп жібереді. Көкшелер Ащысудан кезең асып кеп, Мұқыр жақтағы Сыбанмен шектес Матайларды шапса, Хан, Қарауыл шетінен Ол- жай, Жуантаяқ батырлары шауып береді. Екі шеттегі халқы дүрліккен соң ортадағысы да отыра алмай, Матай жұрты Шар, Қызылсу, Делбегетей бойына ауа көшіп жөнеледі. Көптен көздеген жерлері босасымен жер иелену дүрмегіне Көкше де қосылып, Сарымсақ бидің бастауымен Маян қорығы, Мұқыр, Тақыр өзендерінің бойына Көкше көші құлайды. Жай, бейбіт шақта да тұрғы биіктерден қарауылы түспейтін ел тұтас шаңды көріп дүрлігіп қалса, келе жатқан өз туыстары Көкше көші екенін біледі.
Сонда Қабекең: «Дадан кетіп, Көкше алыстап, кұлазып, алаң едім. Иншалла, ісіміз оңалуға бет алған сыңайлы. Қос өзенді өрлесін Көкше, жерінің бергі шеті Хан биігі болсын. Көкшенің бетін бұрмаңдар!» депті. Көкше руы сол жерлерді мекендеген. Сарымсақ Тақыр өзенін өрлей кеп қонғанда, сапақ көші Хан биігін бетіне ұстап, биік шығысындағы бұлақ бойына үйін тігіпті. Ал, Балтай, Қаракүшік балалары Хан биігінің оңтүстік шығысынан айналып, тауға кіре орналасқан. Есбайдың, Жамантай, Бәйтен, Көбентайы Тақыр аяғында қалады да, Жарылғап Тақырдың оң жағалауында тауға кіре орналасыпты. Сөйтіп, Тобықты атамыздың немересі Көкше ұрпақтарының 8-9 буынға жеткенде Шыңғысқа қолы жетіп, орналасу жөні осылайша болған екен.
Көзіңіз жеткен шығар, Көкшені Шыңғысқа қоныс-тандыруда, тіпті Кебек қазасынан соң Кеңгірбай ойына бойлаушының бірі, Матай руының Шыңғысты бо- сатуында Есбайұлы Сарымсақтың еңбегі зор болған.
Бидің қазіргі Көкбай аулы аталып отырған Тақьгр өзенінің оң жағалауында бейіті тұр. Топырақ өзі алғаш керегесін жайып, шаңырақ көтерген жерінен бұйырған.
Сарымсақ биден Алатай, Қуаныш, ЬІсмайыл, Үркімбай туса, Тобықтының ірі байы болған Алатайдан Уандық, Елубай, Мыңбай, Құрмаш, Қырықбай, Дүзбай, Дүзіке туады. Уандықтан Абайға алғашқыда құда, кейіннен қызы Күлбаданды алған күйеу болған, құбылмалы адам бейнесін беретін «Дүтбайға» деген өлеңін арнаған, Абай заманында Көкше руын билеген тұлға - Дүтбай (1850-1915).
Бүгінде Есбай балаларының арасынан әжептәуір ұрпақ бары да - осы Сарымсақ би ұрпағы.
«Жақсы ата жаман балаға қырық жыл азықтығынан ба», әлде өздері жақсы туды ма, бидің өзінен соң да ұрпақтары алыс пен жақынға ықпалы үзілмегендей.
Алатайдың көпке шейін балалары шетіней беріп, Уандықты зарығып барып көріпті. Сол кездегі аузы дуалы, қасиетті Үйсін Саршуаш биді тойына шақырса» би келе алмапты. Уандық туғанына жыл толмаған шақта, күзде Боқай руынан Балақай мықтыны (Алатай үйінің жылқысын бағатын қосбасы екен) шақырып ап, Алатаудағы Үйсін Саршуаш бидін қонысын түсіндіріп, Би қосына барып жылқышыларын байлап тастап, жылқыдан Ірімшік дейтін айғырдың үйірін ғана бөліпайдатып жіберіп, өзінің қоста қалып, жылқышыларды күтіп, өз тамақтарын өздері ала барып, қостан, ешқайсының Балақайдың өзінің де дәм татпауын, жол- дастары үйірді айдап кеткен соң, үш күн өткенде Саршуаш жылқышысының бірін босатып қана кетуін тапсырып, аттандырып салыпты» дейтін батырдың жалғыз ұлы Серікбай қарт (1877-1968).
10-12 күн өткен шамада, қасында жиырмаға тарта серігі бар Саршуаш би кеп, Алатай үйіне түсіпті. Аунап-қунап демалатыны бар, ел басшыларымен сәлемдесерібар Тобықты еліне Үйсін биі жарты айдан астам жүріп,қайтарында Алатай үйіне келіпті. Аттанарда Саршуаштан «бұйымтай» сұрапты.
Саршуаш: - «Бір үйір жылкы осылай карай жел- деп кетті» деп еді балалар.
Алатай: - Апырай, Сіздің жылкыға тиіп жүрген кім екен,аты-жөнін білесіз бе?
Саршуаш: - Балақай деген Сарымсақ би үйінің бас жылқышысы болса керек.
Алатай дереу Балақайды тергесе, мойындамапты. Бай ашуланып Балақайды қамшымен тартып-тартып жіберсе керек. Сонда Саршуаш би:
- Тоқта, Алашжан! Қамшынның даусы «айтпа!», «ай- тпа!» деп шығады ғой! — депті.
Алатай күліп:- Би, танып, біліп қойдыңыз. Ірімшіктің үйірі кеше жылқыңызға қосылды. Сіз оны үйдің төріне шыққан сәтте айдаттырып жіберіп ем. Қолтығы терлеген жоқ шығар. Сізді жалғызға бата берсе, деп шақыртып едім, келмедіңіз. «Мал - адамныңбауыреті» деген сөз бар еді. Жылқысының құты Ірімшікті үйірімен алғызсам, би келер деп үміт етіп едім. Айыбым әзір. Жалғызға батаңызды берсеңіз,-деп өтініпті. Би батасын беріп Уандыққа, сый-сияпатымен аттанған екен.
Дүтбайды Көкше руы ру құты санаған. Уытты ақын Көкбай жас шағындағы бір өлеңінде «Дүтім кетсе, Көкшенің құты кетер» деп жайдан-жай айтпаған. Абайдың Көкше еліне болыс болғаны мәлім. Көкше руы қоңыр Көкше болысына кіреді де, іргелі ру Мамай және Жамантобықтымен болыстас болғандығы ма, бұл болыс елінде ру тартысы күшті боп, болыс жұртын тыныштандырып, бірлік-пәтуаға, келтірту мақсатында ояздың тікелей тағайындау(назначение) жолымен Абай болыс болған екен. Сондағы Абайдың серіктікке алған адамдары Күлембай Бозамбайұлы, Жанатай Жамантайұлы, Нұрамбай Күлембайұлы т.б. және Дүтбай Уандықұлы болды. Тіпті, Дүтбайдың інісі Дүйсекеге Семей қаласына орыс мектебінде оқытқан тұнғыш қызы Күлбаданды беріп, құдай қосып, баталасқан құдасы болады. Дүтбай мен Абай жарықтықтың бірінің інісі, бірінің күйеуі Дүйсеке өліп, Дүтбай әмеңгерлік жолымен Күлбаданға үйленгенше әзіл - калжыңы араласқан сыры бір дерлік дос-жар адамдар болған. «Дүтбайға» атты өлеңді Абай сол тұста жазған.
Көкбай ақын «Көктерге» атты өлеңінде Дүтбай ағасына сөз найзасын қадағанымен, өте сыйлап өткенін айтады жұрт. Көкең жасында өлең айтып, ән салып жүргенмен, Дүтбай алдында өлең айтып көрмеген екен.
- Дүтаға Семейге келген еді. Көкше Сары Тоғанбай оязға арыз жазып бер деп болмады. Алмақ акыма келіскен соң, «ертең таңертең келе ғой» деген едім. Дүтағаң ат ерттетіп, «менімен базарға бірге жүр, атшым жай келеді» деді. Атты ертеп қойып, сыйпақтап жүрмін. Тоғанбайы құрғыр көріне қоймады. Дүтағаң киініп шықты да, аттанбақ болды. Тоғанбай әлі жоқ. Дүтағаңды қолтықтап аттандырғанымда көше басынан әлгі құрғырдың көрінгені. Астында көк байталы бар еді. Дүтағаңмен бірге жүруім керек. Онда ақшадан ай- рыламын. Дүтағаң мені тосып тұр.
Дүтаға-ау, не істерміз қайтар күні,
Жолдасқа ат ертте деп айтар күні.
Базарға жеке өзіңіз жүре берші,
Жүндеп тастап барайын мен көк байталдыны, -дедім.
Дүтағаң күліп жүріп кетті. Бұдан кейін ағамкөзіншеөлең айта беретін болдым, - деген Көкбай ақын.
Қазір Есбай, сонан соң Жарылғап ұрпақтары» күзеулік жерлері туралы айтпақпыз. Бестас - айналасы тақырлау, көл десе де болар, үлкен қақ және үш бұлақты қоныс. сарымсақ атамыз балалары бұл араны өздері ғана күземей, қасында Көбентай, Бәйтен ұрпақтарымен қоныстас болған.
Бәйтеннен- Аманжол, Кәкей, Мейман, Жұман, Тұрсынбек, Мұқаметжан.
Аманжолдан- Берді, Әлжан, Майқы, Бошан. Бошан жау қолынан өлген. Шыңғыс сыртында, Көкше жайлауында, Бошан өлген жер. Бошан көтерген тас бар. Бердіден ғана ұрпақ бар. Бердіден- Есентай, Ысқақ туады.
Есентай көрнекті ақын еді. Көкбай ақын мен Тай-
ырдың шәкірті, екеуінен де дәріс алған. Абайдың әйел- дер басына азаттық әперудегі ісін насихат ететін «Қыз Жәкен» деген поэма жазып бастырған.
Жанатай Құнанбай, Абаймен достығын үзбеген кісі екен. Бұл Жанатайдың Құнанбай мен Абай ұлылығын тани білген ойы сергек кісі болғанын көрсетеді. Көкбай:
Тобықты - арғы тегім, затым - Көкше,
Жасым кіші болса да сөзім кексе.
Жанатай - әкем аты, атым - Көкбай,
Сеңгірдей тасқан шыққан еп - ерекше, - дейді. Әкесін мақтан еткендей.
Жанатайдың баласы Көкбайдың Абай тәрбиесінде болуына жанама болса да ықпал еткені сөзсіз. Әрине, Көкбай дарынды болмаса, жай сыйласқанмен, Абай Көкбайды қасына ұстамас еді.
Тегінде, Есбай ұрпақтары ақындық қонған - ұрпақ. Біз, осы шығарманың өн - бойында айтқандарынан естелік келтіріп отырған, Жамантайдың Қаратайының немересі, өзі акын Мұсатайұлы Ыбырайша ақсақалдан және бір естігенімізді келтіреміз.
«Абайдың алғашқы жинағы тараған кез. Көкең Үйінде сол тақырыпта әңгіме өрбіді. Мамай ішінде Құланбайұлы Кемелбай бастап «Абайдың кітабында Шәкәрім қажы мен Көкбай молдадан көп өлеңдер кіріп кеткен деседі» ғой деп, соның жөнін сұрады. Бұл сөзді тағы біреулер қостай кетті.
Көкбай от алып, қамысқа түсіп, қатты ашуланды.Қу ауыз, қазақ! Қу ауыз, казақ! Абай сияқты ақын біреуден қарызға өлең ала ма?!. Сен Абайға өле кіргізгенмен, ол Абай өлеңіне келе ме, сіңісе ме?!. Сорлылар-ай, Абай өлеңіне теңесер, Абайдікі дейтіндей тегі, қазақта өлең бар ма, бола ма?!. деп неге ойламайды екен, - деп осы бағытта ұзақ сөйлеп, басылғанда

  • Әйтседе, Көке, сіз бен Қажыдан өлең енгең бе кітапта? - деді біреу.

Көкбай: - Қажыдан біреу ол - «Бір дәурен кемді күнге - бозбалалық.» Менен «Қыз сөзі», - деп сөйлеп кетті.
Абай жарықтық осы атыраптағы дарындыларды қыс басында, алғашқы соғымда бір, жайлауға шыққанда бір жинап, тапқан-таянғанымызды тыңдап, сарапқа салатын. Бағасын беретін, алдағы ісіне тапсырма алатынбыз... Кезекті сондай бір жиында Абайдың өзі «Айттым сәлем, қаламқас» өлеңін оқыды. Ғажап! Сол жерде бұл өлеңді әуенге де қосуға болатынын айтты. Ақылбай отырып:

  • Абай аға, бұл жігіт сөзі ғой, қыз жігітке неге жауап бермейді? Сіз оқымаған қызға емес, оқыған қызға жазып отырсыз. Қаламқас жігітке жауап қайыруы керек, - деді.

Абай аңырыңқырап, ойланып отырды да: - Апырай, мынау жөн сөз екен. Әй, Көкше, сен жазып әкел! - деп күн белгіледі. Шамасы, белгілеген күніне үш ай бар. Абай өлеңіне әсерленіп алған мен, көп ойланбай- ақ, келісіп, «жігіт сөзін» көшіріп алдым. Күндер өтіп жатты. Қыз сөзі туа қойған жоқ. Бір ай қалған мезетте қысыла бастадым. Содан Абай ағамның өз өлеңіне сүйеніп жазып әкелдім. Абай ағам қыз сөзінің «Шым жібектей оралып,
Тал шыбықтай бұралып Салмағыңнан жаншылып,
Қалсын кұмар бір қанып.
Бізді тұрсаң ойға алып,
Шыныңменен толғанып.
Сіз - қырғауыл, біз - тұйғын,
Тояттай бер, кел де алып», - деген жеріндеқозғалақтап қойып басылып еді.Мұны жаздым ойланып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет