Бекен исабаев



бет3/8
Дата04.07.2022
өлшемі0,85 Mb.
#37470
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ұлылар мекені

Нәубат ҚАЛИЕВ,
саясат ғылымының докторы, профессор.
Астана қаласы,2001 жыл.





Ақшоқы - ел мен ердің құтты мекені, тарихы бай жер. 1912 жылы Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» қиссасында Ақшоқы атауы:
Надан елдің болады діні қатты,
Тапсырмай Қабекеңе аманатты.
Шеткі Ақшоқы басында қалған бала,
Шырылдап күн батқанша жылап жатты,-деген шумақтар арқылы баспа бетіне тұңғыш түскен.
Ақшоқы тауының жеке биігі үшеу. Олар: Шеткі Ақшоқы, Үлкен (орта) Ақшоқы, Кіші Ақшоқы деп аталады. Сөз Шеткі Ақшоқы хақында болмақ.
Ақшоқы тауы оңтүстіктен солтүстікке созыла біткен. Соның оңтүстік шеткісі Шеткі Ақшоқы делінеді. Кейде жұрт оны Ақмағамбеттің Ақшоқысы деп те атайды.
Өскенбайдың өр тоқалы Таңшолпаннан Шұбар, Елеусіз, Тілеуберді туады. Ақмағамбет Шұбардың баласы. Оның ескі қорасы орны бүгінде жойылған жоқ. Зираты осы өз Ақшоқысында.
Ақмағамбеттің жалғыз ұлы Ақкенже - 1917 жылдың маусым айының 7 жұлдызында Абай-Әйгерім үйінде Ойқұдықта қойылған Мұхтардың «Еңлік- Кебегінде» Кебек ролінде алғаш ойнаған адам.Өз ортасында мінезділігімен, мырзалығымен аты шыққан аяулы азамат. Ол - 1928 жылы мал-мүлкі мүсәдіре болып, 1934 жылы қуғында Шымкентте өлген. Абай баласы Тұрағұл сүйегін 1938 жылы бульдозермен сырып тастағанда, бұл жарықтықтың да сүйегі бірге күрелген. Қазір Ақкенжеден немере, шөбере бар.
Осы арада тас сарандықтан тағдыр өшіналғандай бір оқиғаны айту шарт. Қазақ әдебиетінде «тоқсан мынды жетпіс жыл бағып, жеті жапырағына тісі тимеген» Қара- байды келеке ете тұра, жаңа түскен жас келінді құрт ұрлауға мәжбүр еткен ене сараңдығьш айыптауға емеурін білдіре тұра, әйел сараңдығы жете суреттелмеген.
Ақмағамбетте қой малының өзі бес мыңға жеткен. Байдың жалғыз ұлы Ақкенже сыртқа мырзалығымен, мейірімділігімен атақтанса, оның анасы «үйге кірген жыланға ақ құймайтын», «Кесіп алса, қаншықпайтын» қаратас Тырмыжық атанған. Шәкәрім, Көкбай, Тұрағұлдар Ақкенжені кұрметтеп, «Кенже мырза» деседі екен. Сол кенже мырза үйіне қонаққа арнап сойылған малдың еті қазанға салынуын өзі бақылап, ет бір қайнаған шамада ғана қонақтар қасына орнығып отырады екен. Ақкенжені ғана аңдып жүрген тақыс Тырмыжық қос келіннің қарсылығына қарамай: «Ойбүй, адыра қалғырлар, барды бірақ асып не болды!» - деп, тұлан тұтып кеп, еттің денін салып әкететін болған. Алдыға ет келгенде пәленің шешесінен келгенін білетін Ақкенже жер шұқып отырып қалады екен. Шәкәрім, Көкбайлар: - Бәйбішені білеміз ғой, Кенже мырза, сен ренжи көрме, - десіп Ақкенже үшін ашық қабақпен аттанысып отырған.
Абай шығармаларының көшірмесі Мүрсейіт Бікеұлыньщ 1971 жылы 88 жасында дүние салған үлкен ұлы Рақымбай карт (жалған аты Қисық), абайлық жазушы Роллан Сейсенбаевтың бір кейіпкерінің прототипі өле-өлгенше мынаны айтудан жалықпаушы еді.
«Өкем дүниеден қайтқан соң (1917) артында қалған Қойшыман екеуміз жоқшылық қасіретін қатты тарттық. Мен Ақмағамбет үйінде жалға жүріп қой бақтым. Бай үйінде оннан астам жалшы бармыз. Күтімімізді Тырмыжық бәйбішенің өзі басқарады. Киімді айтпағанда, ішетін тамақ мардымсыз, аштың аз-ақ алдымыз. Сол жылы қысы құрығыр ерте түсіп, каңтар-ақпан үскірігіне шыдау қиын болды. Малшы атаулы ақылдаса кеп, бай шошаласына түсіп, ет ұрламақшы болдық. Ішіндегі ең жеңілі мен болдым да, беліме арқан байлап түсіп, шошаладан тамақ алып шығып жүрдім. Әйтеуір түскен соң, ет алып қана коймай, «білмейтін» ғып пісі тамақтардан да алып шығатынмын.
Ақпан ортасында ұрлығымыз ашылды. Тырмыжық бәйбіше тоқашты санап пісіреді екен. Санаса 187 тоқаштан 84-ін ұрлаған екенмін. Содан бәйбіше жеті саулығымды айыпқа алып, өзімді ұрып-ұрып айдап тастады. Ешкім ара түсе алмады. Алмақ ақым болсын, болмасын күйіп кетті. Тек күзде Ақкенже маркұм шешесіне білдірмей, саулықтармыды қозысын ертіп,қайтарып берді. Сол Тырмыжық бәйбіше 1932 жылы аштан өлді. Қайда жерленгені белгісіз, көмусіз қалды десе де болады. Марқұм, табалағаным болмасын, тағдыр мазағына кезікті».
Қыстау түстігіндегі төбелер шетінде, бауырында қақ суы бар шаншылған биік тұр. Қақ «Бидайық» аталады. Биік төбе: Еңлік пен Кебектің жолсыз жазаға тартылған жері. Екеуі ат құйрығына осы жерде байланған. Денелері осы биіктің қарсысынан тұп-тура 14 шақырым қашықтықтағы сонау бұлдырап көрінген төбешікке жерленген. Ол төбені Мұқаң «Абай жолы» романында «Ералы жазығындағы Кішкене төбе» дейді. Қазақ энциклопедиясында «Шұбар төбе» деп жазылған. 1950 жылдардың басында алғаш көргенімде сол төбеде жиырмаға тарта қабірлер бар еді. Ең үйіндісі молы - Еңлік пен Кебек жерленген қабір болатын. Еңлік өлер алдындағы өтінішінде сүйгенімен екеуінің денесін бір қабірге жерлеуді өтінген екен. Шәкәрім қиссасында:
Тастапты бесігі мен баласын да,
Обалға өшіккен ел қарасын ба.
Еңлік-Кебек моласы бүгінде тұр,
Таймақ пен Ералының арасында, - дейді.
Таймақ - көл аты. «Еңлік-Кебек» ескерткіші тұрған төбенің қарсысына көз салсаңыз: Шығыс - түстігіндегі шұбардан ары кемер байқалады. Бүгінде суы тартылған Таймақ көлінің орны - сол. Аумағы құнан шамтырымдай. Көл табаны құмдақ. Суы тұщы. Қазірде де ылғал мол жылдары көл орнына су жиналады.
Осыдан-ақ мал аяғынан күн көрген ел үшін Таймақ көлдің орны айрықша болғаны анық. Бұл атыраптағы көлдер Шыңғыстың өңге өлкесінен мол ұшырасқанымен, мал ішуге жарамсыз тұзды келеді. Соған орай, Абай тұсында-ақ Таймақ көлге талас қатты өршісе керек. Мамай руының Үзікбай Бөрібаев деген біреуі осы көл қақында Абайды өмір бойы жалалап, арызданғаны мәлім.
Таймақ - Мамай батырдың Еламан деген баласының туған немересі. Көл сол кісінің атымен аталған.
«Еңлік-Кебек» ескерткіші тұрған өлке ертеде Шаңтимес, Көкжайдақ аталатын еді. Оны басы ТарбағатайдыңАрбалы, Сарытау аталатын бөлігінен ағып шығатын Ащы су өзені басып өтеді де, тасыған жылдары бүкіл жазыққа жайылып, көк шалғын өседі. Бұл шалғынды пәйектің ұзыны атшаптырымға созылып, төрт-бес козы көшке кетеді. Мұндай шалқар нуға шаң кайдан жетсін. Өлкенің ертедегі атын ел ұмытпай түстігіндегі жалғыз биікті әлі күнге Шаңтимес биігі деп атайды.
Бұл атырапқа Ералы атауы кейін берілген. Ералы - Бөжейдің әкесі (1792-1864).
Еңлік-Кебек ескерткіші кең жазықтың оңтүстік шетіндегі төбеде тұр. Бұл жазық - мол пішендік. Түстігінен ащы су өзенінің жары кемерлеп кеп, Кебек төбесінен өтісімен кеңейе түседі де, су жайылған жылдары пішені қалыңдап, гектарынан жиырма центнерге дейін шөп береді. Ол Құнанбай қорығына ұласады. Одан ары Қашқынбай - Кіндікті-Жұпар-Нан қорықтары боп жалғасып, Көкен тауына шығады. Сөйтіп ені - 20, ұзыны 50 шақырымдық пішендік жайылымдық болып, шөбі шүйгін, малға тойын берекелі қоныс құрайды. Ал оңы мен солын - Шолақтерек, Тайлақбай, Сарыадыр, Шолпан, Сарттың арқалығы, Ақшоқы, Аршалы жоталары қаусыра қоршап, серіктесіп отырады.
Ералы - жасы Өскенбайдан он жастай кіші Кеңгірбай бидің баласы. Кеңгірбай Тобықты руын билеуді өз баласының біріне бермей, Өскенбайға бергені анық десек, өз руластарының жығасы жығылмауына бүкіл өмірін арнаған сұңғыла бидің Ералыға көңілі толмағаны ақиқат болып шығады. Ералы - көп жасап өлген адам. Ол дүние салар кез (1864) Уақ руы қазіргі Қасқабұлақ әкімшілігі жер ауқымынан арылмаған да болар. Ол ағайын туыс, бала-шағасымен соңғы арыз-хошында өзі жерленген төбені нұсқап, «ертең мұнда Ералым жатыр демейсіндер ме, ана төбеге жерлеңдер» деп өсиет еткен деседі. Мұнысынан қарт бидің өлген соң, өз туыстарына моласымен де қызмет етпек болғаны байқалады. Содан бері бұл өлке Ералы жазығы, Ералы қорығы атанады. Ералы би жатқан төбе - бүкіл жазық ортасындағы жапа-жалғыз төбе.
«Еңлік-Кебек» ескерткіші тұрған төбенің батысында Сарттың арқалығы немесе Шолақ арқалық аталатын белдеу жота бар. Оны Семей-Қарауыл күре жолы кесіп өтеді. Шолақ арқалық аталуы түсінікті. Ол көлденеңдеп, көлбей біткенімен, бас аяғы шолтиып көрініп тұрады. Ал Сарттың арқалығы аталуы қалай? Жазушы-ақын және ғалым-зерттеуші, Шоқантанудың көрнекті өкілі Сергей Николаевич Марковтың Шоқанның 1850 жылдың 16 сәуірінде басталған Қашқар саяхаты жөнінде жазылған «Асқарға аттанғандар» кітабының 40 бетіне («Жазушы» баспасы, Алматы 1971) көз салайық.
«Шоқан Арқаттан ортаазиялық сарттардың кигіз үйлерін кездестіріп, бүған қайран қалды (Ол кезде саудагер өзбектерді осылай атайтын). Өзбектер жүз шақты шаңырақ екен. Шоқанның сұрақтарына олар: біздің әкелеріміз Арқат өңіріне осыдан шамасы 70 жыл бұрын, яғни, 1786 жылдары келсе керек. Содан бері осында мекендейміз - деп жауап береді.
Күре жолда көлденеңдеп жатқан Сарттың арқалығының шығыс түстігінде жалғыз биік Шаңтимес тұр. Оның батыс іргесін Ащысу өзені іргелеп ақса, оңында Таймақ көлі жатыр. Сарттардың Арқаттан ауысқаннан кейінгі шоғыр қоныстанған мекені - осы Шаңтимес. Бүгінде жатқан қора орны соның айғағы. Сарттардың Ералы қорығына иек арта, Арқалыққа Ащысу өзенінің жайылатын тұсына қоныстануынан шаруагерліктің есебі көрінеді. Олар керуен тартатын күш-көлікке азық дайындаумен қоса, мол пішенге мал бордақылап, оны Семей-Аягөз базарына шығарып отырған. Сол сарттар ұрпағынан біраз отбасы Арқат аулында өсіп-өнуде.
Шеткі Ақшоқы мен Үлкен Ақшоқының арасында аумақты ескі қораның орны және көгалды бұлақ бар. Бұлақ Ырғызбай ұрпақтарының бірі Есіркептікі - «Есіркеп бұлағы» аталады. Ал қора бұлақтан онша алыс емес, Абай інісі Ысқақтың баласы Ахметбектікі. Қазір қора іргесінде мәрмәр тас тұр. Таста «Бұл Құнанбай қажы немересі Ысқақ ұлы Ахметбектің қыстауының орны. Қойған жиендері - Ерсәлімұлы Балтабек, Құдайбергенұлы Өзіхан, 1995 ж.» деген жазу бар. Балтабек - Қапиза, Өзіхан — Үбісан атты Ахметбектің қыздарьшан туған. Бұл екі мұңлық - Құнанбай ұрпақтары болғандықтан, қуғын-сүргін қорлаудьщ небір түрін көрсе де, шыдап, жалғыз ұлдарын ел азаматы ғып жеткізген аяулы аналар. Қапиза ұзақ жасап, Семейде дүние салды, Үбісан да Семейде жерленді. Ахметбек 1937 жылдың зобалаңына ілініп хабарсыз кеткен.
Ендігі сөз Үлкен Ақшоқы жайында. Бұл қоныс туралы бізге жеткен мағлұмат ұшан-теңіз. Тегінде тобықты әулетінің бұл маңға қора-жай салған іргесін алғаш көмген жері осы Үлкен Ақшоқы болып табылады. Архам Ысқақовтың өз ата-тегі мен ұлы атасы Абай жөніндегі естелігінде Құнанбайдьщ Ұлжаннан туған үш ұлы - Тәңірберді, Абай, Ысқақ қалындықтарьш бір күнде бір қоныста түсіріп, күзінде әрқайсысына 50 жылқы, 200 қой, 10 түйе мал енші беріп, жер еншісіне Ақшоқы тауын бөлгені, бірақ Тәкежан «Тәтемнің мұнысы әділет емес - деп бүгінде Әзімбай қыстағы деп жүрген қонысқа қонып алғаны, ал Абай мен Ысқақ «біз әкемізге қарсы келмейміз» деп Ақшоқыны қоныс қылғаны айтылады.
Абай Ділдаға 15 жасында үйленген. Сонда Ақшоқы тауы Абайға 1860 жылдан бастап мекенжай болады. Бізше, осы атырапқа салынған қыстау қораның алғашқысы сол Абай, Ысқақ қорасы болса керек. Қазірде Ақшоқының Құнанбай мен Кәкітай зиратынан жоғары сай түпкірінде сол кезде салынған Абай қорасының іргетасы жатыр. Сол орында Абай мен Ділдәнің тұңғышы Ақылбай туған.
Үлкен Ақшоқыны Ысқақ мекен етеді де, Абай көп ұзамай Кіші Ақшоқыға ауысып кетеді. Кіші Ақшоқы Үлкен Ақшоқыдан бір жарым шақырымдай ғана таудың батыс шеті. Кіші Ақшоқыдағы қораның ішкі-сыртқы құрылысын Мұхаң «Абай жолы» эпопеясының «Еңісте», «Оқапта» атты тарауларында суреттегенді. Біз Кіші Ақшоқыдағы Абай өмірімен байланысты бірер оқиғаны келтірумен шектелеміз.
Әбдірахман сүйегін Алматыдан 1895 жылғы наурыз айының соңғы күндерінің бірінде Абай осы Кіші
Ақшоқыдағы қыстауында қарсы алады. Сүйекті тасушы жұрт қарасы ересен мол болады. «Әбішті Үлкен Ақшоқыдағы Құнанбай қасына жерлеуге алып жүргенде: Абай пәуеске соңында салт бара жатыр еді. Сақ руына сіңген керей Байысұлы Қыдыралы артынан барып сөйлесіп еді, Абай пәуескені тоқтатып, жолдың оң жағындағы шиді нұсқап, солай жіберді» - деген көргендер. Үйден біраз адамдар шығып, пәуескеге барыпты. Абайға Қыдыралы Әбіштің жүзін ашып соңғы рет қоштасуға рұқсат сұраған Ділдә мен Магрипа сәлемін апараса керек. - Абай пәуеске үстінде табытты ашып, шымылдық тасасында қоштасуға рұқсат қып еді - депті кейін Қыдыралы. Мұны мен 1946 жылы Қыдыралымен немере туыс Алдажар деген кісіден естіген ем.
«Әбішке Ділдә мен Магыш тақай берді. Енді анасы солқылдап еңіреп, құлыным деп зар төкті. Талайдан Әбіштің қасынан ұзамаган Майқан мен Өтегелді екеуі де казір еңіреп жіберіп, жерге отыра кетісті. Мағышты Ділдә өзі оң қолымен кұшақтай түсіп, сүйемелдеп әкеліп еді, ол жылай да алмайды, тағы да үнемі тала береді. Өлік таңбасындай болып өз жүзіне түскен көк таңылақ таңбасы бар. Ол дәл төсекке тақап кеп, енді Әбіштің жүзін Ділдә оң қолымен ақыреттен ашқан шақта, сылқ етіп құлай кетті. Ғажап, Әбіш ұйықтап қана жатқандай, өңі бұзылмаған. Ділдәнің жасты көзі байқағаны: тек самайының шашы ғана аздап түскен екен.
Екі әйелді көп тұрғызбай Өтегелді мен Майқан қолтықтарынан сүйеп, қайта әкетуге айналды. Сол сәтте ғана үні, тілі шыққан Мағыш жасын да, зарын да бірақ шығарды.
Әбішім, жаным, антым міне. Жүзіңді көріп... атаған сертім сол... Мен де талақ еттім тірлікті... Жетемін, тез жетемін соңыңнан... - деді. Талып жығылған қалпында Өтегелдінің бауырына қарай құлай берді». (М. Әуезов. Шығармалар жинағы, 12 томдық. 7-том, 214 бет, 1968).
Бір ғажабы осы зарлы қоштасу болған орында түп- түп ши бүгінде өсіп тұр.
Ал жаңағыдай анасы мен жарының қоштасуына берген рұқсаты үшін де Абай соңынан каңқу-жала сөз ереді. Қаскөй дұшпандары Абай Әбіштің құрт аурудан өлгенін біле тұра, ол аурудың жұққыш екеніне көзі жете тұра, Абай Мағышқа қоштасуға әдейі рұқсат етті деп даурығысқан деседі.
Мағауия да осы Шеткі Ақшоқыда дүние салған. Үлкен Акшоқыға, Құнанбай қасына жерлеуге Мағаш сүйегін алып жүргенде Абай: «Мағашымның сүйегін ауыртады» деп, жол үстінің ұсақ тасын теріп, пәуеске алдында жаяу жүріп отырыпты деген де сөз бар. Және бір сөз Абайдың сүйікті ұлымен соңғы қоштасуы жайында.
«Сонда Абай Мағаштың жас балалары мен Баймағанбетті ғана алып, зират басына кейіндеп барыпты. Жылап жүрген ер мен әйелдерді жүргіздіріп жіберіпті. Балалар мен өзі моланың ішіне кіріп, біраз отырады да, тағы бір кезек Баймағамбетке «балаларды алып шыға бер» деп белгі етеді. Содан кейін балаларды арбаға отырғызып тыста тұра береді. Абай жапа- жалғыз, баласының жас қабірінің басында, екі сағат тапжылмай, сыртқа шықпай қалып қояды. Кейін кешке таман ғана моланың ішінен шыққанда сақалы аппақ болып, беті-жүзі күлбеттеніп, бар денесі жер тартқан жандай құр сүлдерімен ғана шыққан екен. Баймағамбетің енді ғана есіне түседі. Абай сонда бұған бір-ақ ауыз сөз айтыпты. («Абай жолы» романының 4- кітабы. 422-бет).
Мұқаңның қадай тоқтап «Абай сонда бұған бір-ақ ауыз сөз айтыпты» дейтіні: Баймағамбет «Абай моладан шыққан бетінде»: - Ей, Тәте, (Абай әкесі Құнанбайды тәте деп атаған) аруақты ер едің, мені Мағаштың артына қойма, ал қасыңа» деп, белдігін мойнына салып, сақалынан алты тарам боп жасы тамшылап, қажының зиратын үш айналып жіберді, мен бөгей алмадым», - деп жеткізген.
Үш Ақшоқы төрт Ұлжанның бірі (Құнанбайдың Ұлжаннан туған ұлдарын ертеде солайша топтап атаған) ЬІсқақтың мекені болып қалғанын бағана айтқанбыз.
ЬІсқақ өзге Ұлжандарға қарағанда ертеден бүгінге шекті ұрпақты. Ысқақтың өзінен Кәкітай (Әбдіхакім), Ахметбек, Ырысқұл ғана болғанымен, алғашқы



екеуінен тараған Әрхам бастаған Біләл, Даниялдары да білікті де, білімді адамдар болып танылған.Бәрі де әдебиетке бейім, ақын жанды адамдар.
Біләл аса қатал ел тітіреген болыс та болған. Ат басы тірелген үйінен «үйде төре бар ма екен?» - деп сұратып ап (онысы баласы бар үй ме дегені екен), — «төресі» бар үй екен - десе түспейтін болған. Бір ауыл-а бір ауру кісі бар екен десе, маңына жоламаған.
Бірде өздеріне «атасы көрші, өлімі ортақ» нағашысы саналатын Әнет руының кедей аулының бір үйінен түсте қуырдақ жеп отырып, бір түйірін аузынан алып, «мынау қандай ет, өмірімде жеп көрмеген етім екен»,- депті. Атшысы «ол өкпе»,- деген. Біләл «сен маған өкпе бердің»,- деп кедей байғұстан ат-шапан айып алған. Әдебиет сыншысы, жазушы Тұрсын Жұртбаевта М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі Ақан болыстың прототипі осы Біләл еді деп жазып жүр.
Біләл мен-мендігін өз ағайын-жұртына, тіпті әкесі Кәкітайға көрсетуге де іркілмеген. Кәкітай 1915 жылдың қысында кіші әйелі Бибі үйінде ауырып жатқанда, көңілін сұрай келіп, «Кәкем қалай?» — депті де, дағдысынша, аттан түспей, кайтып кетіпті. Есі кіресілі-шығысылы боп жатқан Кәкітай: «осы Біләл келді ме?- дейді екен. Біләл ісінен түңіліп отырған туыстың бірі Көкітайға жасырмай, бәрін айтса керек. Сонда Кәкітай: — Әй, Біләл-ай, жынданып өлерсің-ау, сен жынданып өлерсің-ау, — деп кейіген екен. Сол Біләл айтқанындай жынданып өлген.
Мұқаң романында Кәкітайды Абай тәрбиесін алған адал жастың бірі деп танытып, Абай балалары Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия қатарында бейнелейді де, Кәкітай бойында ақындық барлығын үшінші кітаптың «Абай аға» атты тарауында «шоң» деген сөздің маңайында өрбітіп, ол ұлы ақын маңындағы жас төлдің елеулісінің бірі дегендей ой тастайды. Сонысына орай, Кәкітай кешегіге шекті ел есінде турашыл, адал азамат боп сақталған. Тегі Абай өлгеннен соң Шыңғыс еліндегі билігі бұзылмайтын екі адамның бірі — осы Кәкітай болады. Небір аразды, жаулық, кісі құны, мал барымтасы, жесір, жер даулары
Шәкәрім Құдайбердіұлымен қатар Көкітай алдынан бітім тауып отырған. Бұл екеуі дау иелерінен: Кәкітай - Қажы, Қажы: - Кәкітай алдына бардың ба? - деп сұрап алады екен. Егер дау иелері біріне барған болса, екіншісі билік айтпаған.
Мүрсейітұлы Рақымбай ақсақал әкесінің көңілін сұрай келген, аттан түспей қайтып кеткен жоғарыдағы Біләл әрекетін айта келіп, мына бір жайды да әңгіме еткені бар: «1915 жылы көктем айында Кәкең қатты ауырып нашарлаған соң, көңілін сұрай туыс-жақын, ағайын жұрт келіп жатты. Соның бірі: - Кәке, қалың қалай, тәуірсің бе? - деп еді, Кәкең, - Тәуір емеспін, - деді. Ана кісі, жаңылмасам, бізге ағайын - ку Мұса еді, - Әй, Кәке-ай, мінезің-ай, «тәуірмін» дей салмайсың ба? - деп реніш білдірді. Сонда Кәкітай: - Өтірік қанына сіңген Кішіктің баласыай, өлгелі жатып та өтірік айт дейсіңдер ме?! - деп налыды. Сол күні Көкітай қайтыс болды», — дер еді.
Мұқаң романда Оспан артында Өзімбай туындатқан дауда «уақытша тыныштық үшін Көкітай Оспан үйіне өрі бас-көз, әрі киімшең бала боп кіретін болды» дейді.
Ысқақтың ерке, би әйелі Мәнікеден қыз бала боп, жастай өлген. Алғаш айттырылған бәйбішесі Тектіден Көкітай (Әбдіхакім), Ахметбек, Ырысқұл, Рахила деген ұлдары мен қызы болған. Кәкітай да - екі әйелді. Бәйбішесі - Салихадан: Архам, Біләл, Даниял; кіші әйелі - Бибіден: Уалит, Самат, Бөзила туған.
Кәкітай Үлкен Ақшоқыға (Үлкен Ақшоқының ЬІсқаққа тиесілі екенін айтқанбыз) бәйбішесі Салиханы отырғызады да, өзі кіші әйелі Бибімен қыстау салдырып, өмірінің көбін соңда өткізген. Оны бұрын Бибі қорасы деп те, кейін Бойдақ қой деп те аталған.
Бойдақ қой деп атау қыста саулықты Ақшоқыда ұстап, бойдақты осында қыстатқандықтан екен. Кіші Ақшоқыға баратын жол үстінде, қалың ши ортасындағы құлаған қора орны - сол Бибі қорасы.
Бибі қорасының терістігінде, қол созымдай жерде өркеш-өркеш жарық, шымды жайылма су кезігеді. Суы жер бетіне шып-шып шығып жатады. Осы маңның



Тесіпшыққан атын алуы содан. Ащысу өзенінің жары түстікте 4-5 шақырымда жайдақтап, суы сіңіп, осы арада жер бетіне тесіп шығып жатады.
Тесіпшыққаннның түстігіне қарай, шөп реңі қыр тартып, жер беті дөңестене түседі. Тек Шолпан жотасына тақай бере ой түсіп, көгалды қорық, пішендік болып кетеді. Сонда кешеден бүгінге шекті бұл алқапты Қорық-Құнанбай қорығы атандырып жүрген жерлер - Кіші Ақшоқы бауырындағы Бидайық қағынан, оның қарсысындағы Қоянды, үш Ойқұдық, Тесіпшыққан, Қашқынбай, Сарбас, Атан, Серікжан қоныстары болады. Бұл қорықтың Ши, Жидебай қорықтарынан бір ерекшелігі: ана қорықтар жиегіндегі өзге майда өсімдіктер дұшпаны - шеңгел секілді тікенекті бұталар мұнда кездеспейді. Ойқұдық, Тесіпшыққан, Қашқынбай пәйектерінде таза шалғын өседі. Ералы қорығында шөп қалың өсу үшін жыл аралатып Ащысу өзені тасып жайылуы шарт. Қатарынан екі жыл су жайылмаса, Ералы жазығының беті быт-шыт боп жарылып, шөп атаулының ақ тамыры шығып, тақырға айналады.
Құнанбай қорығында, көбінесе Ойқұдық, Қашқынбай, Тесіпшыққанда су келмеген жылдары да қалыпты шөп өсе береді.
Енді қорық бойын ертеде кімдер мекен қылды дегенге тоқталмақ ләзім. Ақшоқыны Шыңғыс елінен алғаш қоныс етуші Құнанбай балалары Абай мен Ысқақ дегенбіз. Сонда бұл өлкені олардан бұрын ешкім мекендемеген бе деген сұрақ туады ғой.
Мұнда ел болған. Болғанда да, бүгінде бар, кімдер екендігі де бізге мәлім ел. Ол ел: қазірге шекті ұрпағы - Ертістің сол жағалауын мекендейтін Уақ жұртының Байқадам, Сапақ деген бөлімі.
Байқадамның зираты бұрын Репинка атап келген, Кіші Қарасу елді нүктесінен алыс емес, Мұқыр өзенінің оң жақ қабағында тұр. Сапақ мазары Қашқынбай пәйегінің шетінде Кеңгірбай моласы мәнзелдес шошақ мазар. Демек, бұл Ащысу өлкесі Тобықты жұртынан бұрын Уақ руының мекені болғаны анық.
Ал Қашқынбай кім? Қорықтағы Сарбас, Атан, Серікжан атанып жүрген қыстақтар маңы кімдерге қоныс болған?
Тарих ғылымдарының докторы Ләйлә Мұхтарқызы Әуезова «М.О.Әуезов творчествосында Қазақстан тарихының проблемалары» атты кітабының 54-бетінде Омск мемлекетік мұрағатынан: Қашқынбай Боранбаев деген биге Құнанбай өзі жасаған заңсыз қылығын айтып, жоғарыға шағым жасауға батылы барғаны үшін тал шыбықпен аяусыз дүре соққызады», - деген дерек келтіреді. Қашқынбайдың әкесі Боранбай Тобықты еліне белгілі адам. Ол - Өскенбайдан жасы біраз үлкен- деу, онымен Тобықтыны қатар билеген кісі.
Кер аскақтың кемелі Кеңгірбайым,
Салаң құйрық, салпы етек Боранбайым.
Ізі, жолы еліне құтты болсын,
Бесті айғырдай сақылдап Өскенбайым, -деген Байқара Алпыс ақын өлеңінде. Кеңгірбайға серік болып, бірақ ерте өлген Ырғызбайдан соң, Боранбайдың ел басқаруы көңілдегідей болмай, билікті Өскенбай алғанынан хабар береді. Қашқынбай ұрпақтарының бір шоғыры ауданымызда өсіп өніп жатса, бір бөлімі Алматы қаласында тұрады. Мұхтар Әуезовпен жас күнінен араласта боп, Мұқаң тәрбиесін алған, қамқорлығын көрген, республикаға танымал журналист, аудармашы Сармурзин Ғайса - сол Қашқынбай немересі. Бертінде бидің Мұсылманқұл деген шөбересі өте тілді азамат бопты.
Көтібақтың Тоқсанбайынан даугер Қазыбек атты Абаймен замандас кісі болған. Бітімсіздікті ұстанған пәлеқор, дауды өзіне кәсіп еткен адам, оны Тобықтының Науы десе де болады.
1927 жылдың қысы аса қарлы боп, көктемде Ащысу қатты тасиды. Қар үстінен кызыл су жүріп кетіпті. Жұрт көше қашқан екен. Қашқынбай ауылы Доғалаңға қарай көшіпті. Кіші Ақшоқының батыс сыртында Берікқара деген жер - даугердің қыстауы. Ауыл үстінен өтпек көш адамдары 96-дағы кәрінің күл үстінде дәреттеніп отырғанын алыстан көріп келе жатады. Шал тышқақ болса керек, селт етпей отыра беріпті. Соны аңдыған тілді Мұсылманқұл бұрылып кеп, қарт атасына сәлем беріп тұрып: - Ел аузы уәлі ғой, ата. Сізді тышқақ қана жеңер деуші еді, тышқақ ілінген екен, енді көріспеспіз, хош бол! — деп жөнеле беріпті. Сонда Қазбек:

  • Әй, Мұсылманқұл, сен жөн айтасың. Ел аузы уәлі. Жұрт үйіңнен үркіп шыққыр Қашқынбай деп еді. Үйіңнен үркіп шықтың ба? - деген екен. Кәрі даугердің - Мұсылманқұл атасы Қашқынбайдың кезінде билікті бұрып айтқандықтан, қара халықтан қарғыс алғанын айтқаны екен.

Осы орайда бүгінде сирек ұшырасатын орамды біраз әзіл еске түседі.
Абай елінде ауданның отыз жылдай жетекші басшысының бірі болған Ғабдуллин Рымхан атты азамат туған еліне келген Сармұрзин Ғайсаны карсы алушылардың бірі боп жүріп, былайша әзілдеген екен.
Әзілге Әуезов бір тарихи тұлға есімін өзгертпекші болғанда, Жүргенов Темірбек айтқан уәж негіз болған.

  • Ғайса аға, мына інілеріңіз Молдағали мен Әбдеш жетілді: бірі совхоздың білдей партком секретары, екіншісі — миллионер совхоздың аюдай ақырған директоры және туыстарыңыз мансаптан ғана жетіліп қойған жоқ, ой саналары да өсе түсті. Мына Молдағали атасының атын өзгертпекші. Маған соны сізге айт деп отыр. Бұлар атасының атын Басыбоқ қоймақшы. Соған Сіз не айтасыз? - депті Рымхан.

Сонда Ғайсекең: - Ойбай, Молдағали, Әбдеш қойыңдар. Былғанған бір-ақ жеріміз былғансын, өзгертпе атам атын! - деп айғайлап жіберген. Рымхан әзілін әдемі қиыстырса, Ғайса да жауабын тапқан.
Әлденеше жерде аты аталған Атан, Сарбас, Қайса, Серікжан қоныстары Қашқынбай қорығының іргесінде бір-біріне жақын. Бұл ауылдар кейі Көтібаққа, кейі Әнетке кірме, жиен секілділер. Атан - Көтібақтың Шоқасына жиен, арғы атасы - Бәсентиін-Сарбас болса, ол да солай - Әнетке жиен.
Серікжан маңындағылар Әнеттің Қызылбас дейтін бөлімі. Шежіреші қарттар Қызылбас есімі - Игілік, оны бір жаугершілікте Әнеттің Өтеғұл деген баласына тартуға берген деседі. Қызылбастықтар осы әкімшілікте бірталай ұрпақ.
Бұл қоныстар ортасында Жаңаауыл деген жердің орны ерекше.
Жаңа ауыл - мектеп аты. 1925-1927 жылдары Шыңғыстау елінде оқу-ағарту жұмысында барынша көңіл бөлініп, халық арасынан шықкан мецанаттар сол уақытына лайықты төп-тәуір мектептер салған. Олар: бүгінгі Сарғалдақ ауылдық әкіміндегі - Қаражал, Қасқабұлак әкімшілігіндегі осы - Жаңаауыл, Шолақ еспе т.б. мектептері. Жаңаауыл мектебінің алғашкы мұғалімі С.Сейфулиннің шығармасында аты аталатын журналист, ақын Тұлғажанов Бөпебай болған. Ол кісі Мұқаңа Абай туралы мол дерек беруші Қатпамен немере, өкелері Қорамжан, Тұлғажан бірге туысады.
Ащы су өлкесінде Кіндікті корығының орны бөлек. Кіндікті атауы жердің бітіс-бедеріне, орнына сай қойылған. Ералы би жатқан төбешіктен бергі елу шақырым жазық алқап бір бұдырсыз келіп, осы арада ғана белін бір буынатындай. Сондыктан да тұрқы кіші, енсіз бұл бел-өлкенің кіндік төбесі - Кіндікті делінген.
Кіндікті қорығы Кіші кіндікті, Үлкен кіндікті деп бөле атала береді. Кішісі - белдің түстік іргесі де, үлкені - терістік бауыры. Кіндікті қорығын бертінде Жуантаяқтың Жиеншорасы табынан - Қара аталатын бөлімінің ұрпақтары коныс қылған. Басшылары - Қыстаубай деген кісі. Оның зираты - Үлкен кіндікті мен Жұпар қорығының жапсарындағы төбешік үстінде тұрған шошак зират. Тегінде, шошақ зират әркімге тұрғызылмаған. Қадірі ағайынынан асып, аймағына жеткен кісілерге ғана салынған.
Бізге жеткен әңгімелерде Қыстаубай атан бітімді, шешен, ортадан ойып орын алар бетті кісі болған деседі. Және өңге кісілігімен қоса ет жегіштігі де орасан болыпты. Өзі оразбайшыл екен. Абай қарсысынашығуға жараған Оразбай тұрғы-тұрғыдан елді өзіне тартқанда, айрықша көңіл бөлген елі Жуантаяұ руы болған.
Тобықтылар Шыңғыс бойына тарап қоныстанағанда тиесілі сыбаға жерін алмақ түгіл қолда барынан айырылып қалған Жуантаяқ руы болып қалады. «Еңлік-Кебек» қиссасында:
Әр елдің батыры бар некен-саяқ,
Әйтсе де, батыры көп Жуантаяқ.
Қыдырды алып Шыңғысқа қол созыпты,
Матай-сатай дегенді тыңдамай-ақ, -деген шумақ бар. Бұл шумақта Шәкәрім ешнәрсені көтере жазып отырған жоқ.
Жуантаяқ түгіл бергі Арғынның үш ту алған қолбасшысы Тоқтамыс батырдың моласы бүгінде Қыдыр тауының Қарауыл төбе жақ тұмсығы мен Бөрілі биігінің арасындағы Белбасар төбесінде тұр. Тоқтамыс Лақаұлы 1800 жылдар шамасында өлген деп шамаланады. Батыр денесінің Қыдырда емес Шыңғыстың ұлы жотасына иек арта жатуы да, жоғарғы өлең шумағьшдағы тұжырымды бекіте түседі. Демек, Тоқтамыс батыр өз руластары ІІІыңғысты мекен етпек болған шақта тірі. Ол дүниеден қайтқан соң ғана Жуантаяқтар Шыңғыс сыртына, Бұғылы-Машан тауларына сырғытылған. Тек Жуантаяқтың Төлебайы (Мұқаңның «Абай жолы» эпопеясының 1- кітабында еске алынатын Байғұлақ айналасы әм Бақай батыр ұрпақтары ғана Қыдырдан кетпеген.
Құнанбай Мұсақұл соғысы үшін кінәланып, дуанға жауапқа шақыртылғанда, ара билікке жүретін ел тоқтар кісілерді атайтыны бар ғой. «...Құнанбай араға түсетін кісілерді атап берді. Бұның бірі - Тоғалақ ішіндегі мықты жас Байғұлақ. Екіншісі - Құнанбайға араз болса да, кеше Жігітектің жасағына келмей қалған Көкше - Қаратай. Ара ағайын деп осы екеуін алу керек. Байдалыға соларды салу қажет. Байлау осы болды», - демей ме. («Абай жолы» 1-кітап. 233-бет. 1979)
Бұл жерде бір сөздан басын аша кету жөн болар. Мұқаң «Тоғалақ ішіндегі мықты жас Байғұлақ» дейді. Ендеше, осындағы «Тоғалақ ішіндегіні» деуін анықтай кету қажет.
Мұқаң «қалың туысы Шыңғыс сыртына кетіп, Қыдыр тауында көп Тоғалақ ортасында қалып, тірлікті бірге кешіп жүргендіктен, Байғұлақты «Тоғалақ ішіндегі» деп отыр. Әйтпесе, Байғұлақ Жуантаяқтың үш баласының бірі. Жиеншорадан Жұмық-Нарымбет- Өтеғұл-Төлебай боп жалғасатын Әулеттің Бәзіл батырының баласы. Бәзіл - әрі бай кісі. Бізге жеткен «Қадиша-Олжабай» өлеңіндегі аяғына кісен салынып кеп, Абай алдына барғанда басына бостандық алатын Қадиша қыз - осы Бәзіл қызы.
Тобықты руының Шыңғыс тауының іші-сыртына тарап қоныстануы 1835-1870 жылдары ішінде болған. Шыңғыстан сырып салған ескі кегін бір алмақ талабын бергі Наймандар 1834 жылдың жазында Серікбай бидің басшылығымен Тобықтыдан барымта алған. Және өзге емес Өскенбайдың ауылына салған шабуылды. Осы қақтығыста бидің асыранды баласы Бостамбек найзаға шаншыльш өлген. 30 жасар Құнанбайдың өзі Серікбай қолындағы Қазыбек батырдың найзасына тосылған. «Біржан-Сара» айтысында Сараның «Қазыбек Құнанбайды найзалаған төрем түгіл Төлеңгіт жорығында» дейтіні - осы жай. «Оң жақ кеудемнен найза тиіп, көп жатып, азар жазылдым»,- деген Құнанбай.
Архивтегі материалда іс орыс ұлығының тергеуінде болғаны, Тобықты руының атынан сөзді Құнанбай Өскенбаев ұстанып жүргені жазылып калған. Міне, осы оқиғадан соң-ақ Құнанбай әкесі Өскенбайдан Тобықты билігін біржолата алған.
Бәзіл Төлебайұлы ызақор, тоқтауы қиын батыр болған. Жасы Құнанбайдан аз үлкен де болар. 1965 жылы дүние салған Тоқтамыс батырдың бәйбішесінен тараған ұрпақ — ескі сөзді Әбіш Қарсанбеков мынаны айтатын: «Құнекең Қыдыр тауын мекен ғып отырған Мырза - Жөкең, Есім мен Текебай, Жуантаяқ басшыларын жиып ап:
- Мырза - Жөкең, Есім мен Текебай, сендер Құндызды, Шет, Бөрлі, Сарықорық бойына көш, сол жерлерді мекен ет. Есім, Текебайдың Қанай, Шония батырын Найманның Сыбанына, Барақ Төреге қарсы саламын. Жуантаяқ баласы, сен Шаған өзенінің басына Бұғылы-Машан тауына, Шыңғыстың сыртына көш. Сол өлкені қоныс ет. Сенің көп батырыңды Арғынның калың Қаракесегіне қарсы саламын. Найман Есім - Текебайды қысқандай болса, Мырза-Бөдей барсың; ал, іргеңді басып көп Көкше отыр. Қаракесек Жуантаяқты алардай болса, - арқаңды тіреп калың Мәмбетей отыр.
Кеше Мұғажардан өгдеп келгенде, «ата қоныс» Шыңғыс деп келгенбіз. Өлгеннің аруағын тірінің келешегін ойлаған ел мен ер осыны істейсің. Кешегі қан құйысқан Матай, бабамыз Кеңгірбайдың сақалын кескізген Уақтар бері ендемей тұрар деме. Біз бар, Саңмұрын, Бәйімбет бар - ұлы дария Ертісті бетке ұстап солардың алдын аламыз.
Шыңғыс - Арқаның саурысы, ағайын. Ел болсақ, осында боламыз, ерің де осында тумақ. Кеңдік етсең, кемдік еткенің. Ашылған алақаннан жұмулы жұдырық артық. Тастүйін беріктік, кайыспас қаттылық қана керегің. Ердің ел шетінде, елінің күзетінде тұрар кезі келді. Күзет - көптің емес, аздың, бір болғанда, бірегейдің ісі. Бізді шетке шығарды, шығара қуды десең, - қателескенің. Шетке салсам, елімді қорғар ерім дегенім.
Қане, қайсың не айтасың? - деген.
Алдымен Тоқтамыстың артына ие - Қыдырбай батыр түңлігін сыпырып, қалың Жуантаяқ дүрк көтеріле Бұғылы-Машанға көшкен екен. Соңынан Есім, Текебай, Мырза, Жөкең қозғалып, Құндызды, Сарықорық бойына барған.
Мезгіл қараша айы екен. Тек Қыдырда Бәзіл айналасындағы Төлебай табы қала беріпті. Бөзіл түйіліп отырып - отырып: «мен Шыңғыс аспасын»,- депті де қойыпты.
Осы оқиға хақында Төлебайдың Қожамбетінің ұрпағы 1987 жылы дүиеден қайтып, Бөрлі де жерленген Ленин орденді Еркінбеков Қалиасқар ақсақал былай деген-ді.
-Бәзіл жайын білетін Құнанбай «тік келмейін, алыстан коғамдайын, туыстарынан бөлініп канша отырар дейсің»,- деп ойлап, бірер жылды өткізіп алыпты. Бәзіл болса, көп Жуантаяққа ат ізін салмай қойыпты. Батырдың илікпесіне көзі жеткен соң, Құнекең Бәзілді қырына ала бастапты (Ол кездегі қырына алу дегеніңіз - қоныстан қысады; жүріс-тұрысына аңду койып, ақ- қарасынаа қарамай, ұрлықтың төлеуіне жығады). Соның кебін киер кезек Бәзілге де келсе керек.
Сорына қарай, Майбасардың Қара ала аты жоғалады. Ізі-тозын ешкім біле алмайды. Іздеуші сарп ұрады. Сонда барып Қүнекең: — Қара ала атты Бәзілден басқа ешкім алған жоқ. Соның ғана ісі. Бөзілді маған шақырыңдар! - депті.
Бәзіл екі шақырғанға да келмепті. Үшінші шақыртуда ғана атқа қонса керек. Атының басын Құнекең отырған үйге бір-ақ тіреп, өмір иесінің үстіне рұқсатсыз кіріп тұрып:

  • Уа, Құнанбай, неге шақырттың мені? - депті.

Құнанбай үндемейді. Сәл тұрып, сұрағын және қайталайды Бәзіл. Құнекең тағы да үндемепті. Бәзіл шығып жүре беріпті.
Батыр кетісімен әпербақан жандайшаптар:
-Мырза, бұл қайткеніңіз? Бәзіл басынды ғой бізді. Неге үндемедіңіз? Біз дайын едік қой! - десіпті.
Құнанбай: - Оңай деген Бәзілді. Шіркіннің жең ұшында сапысы әзір тұр емес пе? Үн шығарып, Қара ала атты атасам-ақ салмақшы сапысын. Бір тай үшін өлерім жоқ! Енді Бәзілде жұмыстарың болмасын! Тым құса боп кеткен екен. Қаншаға барар дейсің. Тосайық артын! - депті.
Жылға толмай Бәзіл батыр дүниеден шұғылынан өтіпті. Құнанбай ел ішінде жоқ екен. Қырқы толмай Бәзіл орнына кұран оқи келген ол: - Батыр дүниеден шұғыл кетті, - дейді. Сырқаты не болды екен? - депті.
Сонда Бәзілдің 12 жастағы кенже ұлы Байғұлақ:

  • Оны әкем сіз біледі деп еді деген. Сөйтсе, жұрт ішінде Бәзіл Құнанбайға құса боп, у ішіп өлді деген сөз жүрсе керек. Байғұлақ ана сөзінде соңы меңзеген.

Құнанбай:

  • Бұл арадағы шатас сөз. Әкең ер еді. Ер қадірін білмейтін мен емес. Байғұлақ, шырағым, әкеңнің кыр- қын атқарған соң, маған келерсің.

  • Байғұлақты осыдан соң Құнанбай ұнатып, атқа мінгізіп, ел ұстатып еді, Абай да әкесінің сонысын ұстанды. Бәкең дүниеден қайтқанша алдынан шыққан жоқ. Сыйлап өтті. Баласы Ермағанбетті өзінің биі етіп, сан дауға салды. Келелі кеңес, ырғасқан ірі бір дау тұсында төбе би де қойғаны бар. Оның өзі бір сала әңгіме, - дегені бар.

Біз осынша ұзақ әңгімені Кіндікті қорығына Қыс- таубай бастаған Жуантаяқтардың қоныс еткенінен шығараған едік қой. Енді соған оралайық.
Ғалым Қайым Мұхаметхановқа Абайдың «Ішім өлген, сыртым сау, көрінгенге деймін-ау» өлеңін беруші Оразбай Аққұлының туысы Кенжебаев Жұмағазы марқұм:

  • Оразбай Қыстаубайды мешкейлігі, жегішітігі үшін ертіп жүрді деген кісі оғат сөйлейді. Ол кімнен болсын ет жүрегі селт етпейтін, кімге болсын керегіне жарайтын адам екен. Оразбай: «Қыдыр тауынан көшірген Құнанбай еді, мен оның баласы Абаймен алысуға шықтым», деп бар Жуантаяққа сөз салғанда, Байғұлақ баласы Ермағанбет екеуі қыза қоймайды да, өзгесі Оразбай сөзіне ергендей болады. Сол кезде Оразбай Кіндіктіге Қыстаубайды қондырған. Өле-өлгенше қолына ұстаған. Бірде Оразбай: Семейде Қамали қазірет бүгін Абайды қонақ етпекші дегенді естиді де, Қыстаукеңе сол қонақтың ішінде болуды тапсырады.

Қамали Қыстаубайды көрмеген екен. Қасына төрт- бес кісі ертіп, салт келе жатқан Абайга көше қиылысында тосып тұрған Қыстаубай қосыла кетіп, Қамали үйіне бірге түскен. Қазірет оны Абайға еріп келушінің бірі деп білсе керек.
Дәм сыйында қапі болмайды. Жеміс суымен бірге дастарханға түшпара әкелгенде, манадан бері тамақтың қай түрін болсын ойсыратып отырған Қыстаубай үлкен қасықпен түшпараның үш-төртеуін аузын тоғытып жіберіпті. Түшпара Қыстаубай екен десін бе, аузына күйдіре, өртеп жіберсе керек. Қыстаубай екі алқанымен ұртын уқалап-уқалап жіберіп барып, түшпараны аузынан алып: - Қалқайған құлағыңды ұрайын, өртеп жіберді ғой! — деп кілемге атып жіберіпті.
Мұндайды көріп-білмеген Қамали барынша шамданып:

  • Абай мырза, ғайыбым не, мына жалмауызыңа адал дәмімді тілдетіп, ақ дастарханымды харамдатқаның калай? - депті.

Абай күлгендей боп:

  • Осындағы кінә өзіңде-ау, қазірет. Татар ағайындар қазақтарға үлгі шашам деуші едіңдер. Түшпара татар жұртының тамағы еді. Осы күнге дейін бұған түшпарадан татырсаң етті, бір-бірлеп қана жегізіп қатырсаң етті. «Досыңның асын қасыңдай же!»,- деп үйретілген қазақ туысыңның бірі - бұл. «Бір тойған - шала байлық» деген қазақ, ет көрінсе қайтеді күйсей бермей». Дәміңді қайта жасатарсың, - деген.

Қыстаубай.

  • Қайран Абай-ай, мені Оразекеңнің жіберіп отырғанын біле тұра, мәжілісін бұзғаныма қыңқ демеді-ау! Оразекең болса, сойғызып-сойғызып айдап тастар еді ғой, - деп отырғанын естідім, - деп еді Ыспан кажы дейтін. Кіндіктіге Жуантаяқтар қоныстануы жөні осылай болған.

Ал, Қамали - Абайдан он жастай үлкен. Абай ұстазы Ахмет Ризаның баласы. Кәмен Оразалин «Абайдан соң» романының 46-бетінде Абайдың қырқын Семей қаласында бергенде Қамали жасы жетпістен асып кеткен еді деп жазады.
Қайым Мұхаметханов: - Абайды жерлеуге Семей шахарындағы дін өкілдерінен Қамали қазіреттің баласы, Ұлы атасының есімі қойылған кіші Ахмет Риза қатысыпты. Мен оның өз аузынан естідім. Ұлы Абайдың жаназасын Махмұт молла шығарған, підиясын ақынның шәкірті - Көкбай оқыған.
Бұдан ары Ащысу өзені алқабымен алға жүргенде Жұпар, Нан корығы бар дегенбіз.
Жұпар мен Нан да Оразбайға тиесілі. Бұл қоныстарды Оразбайдың әкесі Аққұлының Уақ руының зорлықпен иеленгені туралы «Абай жолы» эпопеясы 4-кітабының «Қастықта» тарауында Архат съезіндегі Абай куәлігімен сөйленетіні белгілі.
Жұпар қорығы ойлау боп көктемде су іркіліп, бидайық өссе, Нан дөңестеу. Шығысы Көкен тауының іргесіне, батысы кеңейіп Аршалыға шекті жетеді. Соған орай, ол көкпек пен қара оты, изені мен таралауы аралас кең қорық. Байдың үш мың жылқысы көбінекей осында жатқан. Сондықтан да «бұл менің үш мыңымның наны» дейді екен Оразбай.
Нан барып тірелетін Көкен тауының шеткі биігі - Саршаның Сарышоқысындығы көп қора Сақ руынікі. Нан қорығы ұштасатын және бір құйқал қоныс - Әлімбет бар. Ол - Сақтың бес ұлының бірі, жер де сол кісінің есімімен аталған.
Батыс көкжиектен көрінген сұлу тау - Доғалаңның қара Қоңырбиігі, Өтепбайдың Көкбиігі мен Сарыбайдың Сарыбиігіне кезігеміз.
Аршалыны аласа болғанымен, тау дегізетіні аралары сирек бітсе де, бір-біріне кигізілген тәлеңке іспеттес қалақ тасты жартастары.
Ол - Кеңгірбай бидің ойын шешетін атақты Көбей бидің қонысы. Шәкәрім «Еңлік-Кебек» қиссасында көбейді «Жүзбембет деген таптан шыққан есті кісі. Әрдайым Кеңгірбай бидің сөзін сол шешеді» дейді. Шежіресінде Жүзбембетті Тобықтыға жиен деген. Мұкаңның пьесасында да Көбей аса ділмар, орамды дала шешені боп бейнеленген.
Таудың Аршалы делінетіні беті көкпеңбек аршаға толы. Жас аршасы тасқа тамырын қадап жабысып жатса, қуы көктемгі қой үстіндегі жабағы жүндей боп қобырап жатады. Шіркін, күзгі боқырау түскен кезде киіз туырылықты қазақ үшін қу аршадан артық бұл далада отын болады деймісің!
Аршалыдан бергі қалың адыр қатпар-қатпар қойнаулы, шаншылған биіктері ат шаптырымға созылып, жықпыл-жықпыл тау жотасын кұрайды. Терістік шеткісі бұрын Қондыбайдың Қара биігі аталса, бүгінгілер Ешкі өлмес тауы деп жұр.
Көкбиік пен Сарыбиіктердің ертедегі аты сақталған. Мұқаң эпопеяның бірінші кітабында Шыңғыстың желіне тоқталып, оны қатты соққанымен, мал үшін игілік желі дейді де: «Бұл өзі оңынан соғатын жел, сондықтан оншалық көп суық әкелетін жел емес. Бірақ соғуының каттылығы тым ерекше болады. Бөктерде қиыршық тастарды ұшырып соғатын кара жел.
Шөп атаулыдан да қой оты - мық жусан мен тырбықай бетеге болмаса, өңге бойшаң, тамыры босаң шөптерді жұлып әкететіні бар. Тегінде Шыңғыстың асыл шөбі - мық жусан. Бұл - қойдың ырысы. Ал қыстау атаулы қойға жайлылық жағынан бағаланады. (М.Әуезов 1-кітап, 93 бет).
Мұқаң жазғанындай, қыстау атаулы қазірде де қойға жайлылық жағынан бағаланады. Сол орайда айтқанда: жоғарыдағы үш биіктің қой малына деген құнары айрықша. Мәселен мұнда мық жусаны, тырбықай бетегесі ересен мол өседі. Қондыбайдың қара биігінің Ешкі өлмес тауы аталуы да соған байланысты.
Ертедегі бір жұтта көп ешкісі биіктің тас-тасына сіңіп кетіп, (жұт кезінде өлмелі арық-тұрақты есепке алып жүруге мұрша болмайды ғой) қар кетіп, күн жылынған соң табылады. Қара суға төніп тұрған таста ешкілер ықтай тамағын тауып жеген. Жалаңаш жартасты биікті «Ешкі өлмес» биігі деп сонда атаған да; кейінде, бүкіл жота солай аталып кеткен екен. Ешкі өлмес қандай кыс болсын қап-қара боп, бетегесі мен мық жусаны ашық жатады.
Ал, Көкбиік одан гөрі бетегелі, жусанды. Жалпы, Көкбиікте ұрғашы тоқты қысыр қалмайды. Сондықтанда мұны мекен еткен Өтепбай: малды, қойлы болған. Биігі де Көкбиік десе, дегендей, ұшар басына біткен жартасы алыстан көгілдір тартып тұрады.
Сарыбайдың Сарыбиігі бұл екі биіктен де аумақты, еңселі. Шөбі көбінекей сарғыш көде болып, селеуі де мол өседі. Бұл жоталардың бір ерекшелігі: суға бай, бұлақты, иірім қара су болады.
Бұл биіктерге ие болушылар Қондыбай - Байқара, Сарыбай - Топай, Өтепбай - Өнет руларының адамдары. Мұның алғашқы екеуі - «Абай жолы» эпопеясындағы Мұсақұл шайқасының қаһармандары.
Архам Ысқақовтың Абай хақында жазған естелігінде: «Мұсақұл соғысында» Жігітектің Базаралы, Балағаз, Абылғазы бастаған батырларына алғаш рет төтеп берілді. Алғаш рет қол күшінде олардың дегені болмады. Қажы оларға қарсы Сарыбай, Қондыбай, Құлыншақтың бес қасқасы секілді батырларды салған еді»,- дейді. 1989 жазында 90 жастан асып дүние салған Өтепбайұлы Нұғман ақсақалдың төмендегі әңгімесі де көп жайдан дерек береді:
«Біз Әнет бабаның өз ұрпағымыз. Қыдырдың сыртында Әнеттің Қызыл шоқысы деген жер бар. Сол маңдағы көп қоралар орны Әнеттердікі. Қыдырдың батыс сыртындағы қорық - Әнеттің Ақ шиі аталады. әкемнің шешесі Сары бәйбіше аталған кісі, мынаны айтып еді: - Үлкен аталарың Тоқпан ұлды адам - жеті ұлы болған. Менің ақсақалым Дүйсенбай ең үлкені еді. Түскеніме екі жылға айналғанда, қар екінші жауған, Қызылшоқыдағы көп ауылға Мырза (Құнанбай) келді. Бабаңның тірісі түгел жиналды.
Мырза:
- Әлі ұрпақ өседі, жер өспейді. Жер алу керек. Бауырда Көкбиік бос тұр. Оның солындағы Қара биікке Қондыбай, оңындағы Сары биікке Сарыбай қонды. Тоқпан, сен балалысың ғой, мына үлкенің Дүйсембай Көкбиікке көшсін. Қоныс-мекені сол болсын, - депті. Енем жылап жүріп, Мырзадан екі күнге рұқсат алыпты. Біз екі күннен соң көштік. Құс төсегіміз бен бір көрпе, бір жастығымызды еншімізге тиген қоңыр кұнажынға артып, қарға етік басы көмілетін, жаяу шығып, Шонжырға жетіп қондық. Шонжырда ел бар екен. Екі күн сонда жатып, тынығып, үшінші күні Көкбиікке келсек, атам күрке әкеп тігіл қойып, тосып отыр екен. Сол жылы бойыма Өтепбай қарағым бітті, - деп еді. Әкем Өтепбай 1850 жылы туған екен», - дейтін Нұғман ақсақал.
Ешкі өлместің шығыс түстігінен Берікқараға қарай шығатын өзек Күлмен сайы аталады. Осы атаумен совхоз жеріндегі ел аты 60 жыл бойына аталып келді. Күлмен кім?1929 жылдың маусым айында ауылдық өкіметті советтендіру, ауылдық кеңес кұрамына өңкей кедейді сайлау науқаны жүреді. Бауыр халқын жинап, жиналыс өтпекші орын осы Күлмен сайы болып белгіленеді.
Ол кезде Доғалаң бойынан ел әлі қозғала қоймаған. Бұл тұста Байқара руының Ақынаев Үбіғали деген жаланаш кедейі жұлынып шығып, егдеп тұрған шағы екен. Өзі; «Осы жолы ауыл кеңес төрағасы болатыныма сенімді едім» -дейтін. Ауылдық совет құрамы, төрағасы ашық дауыста, көпшіліктің қол көтеруімен сайланатын тәртіпте болып, Үбіғали терағаның орынбасарлығына өтіп, бастығына сайланбай қалыпты. Төрағалыққа о да кедей Кенжебаев Жұмағазы деген жігіт сайланады. Бірақ ол туысы жағынан Есболат Аққұлыньщ Оразбайы мен Бегімбеттің Ыспанына (ол шакта тірі) жақын.
Үбіғали өзін алданғанға санап түтігіп отырады.
Бұдан соң, жиналыс ауылсовет атын қою мәселесін талқылайды. Ауылдық советтің атын әр топ өз мекендері атымен атандырмақ үшін жандарын салып, таласқа түседі. Міне, осы арада Үбіғали кіріседі дауға. Марқұм еңсегей бойлы, марал бас, алақан көз, отты жанар, жоталы, сөл шолақтау, кең, колтырауын танаулы, өкіректеп, орып сөйлейтін шешен тілді, ұрымтал, келте дауда алынуы екіталай кісі еді.
Ол:

  • Ауыл советіміз аты - Ақшоқы не бауыр, не Қорық болсын десе, - сендер Ырғызбай - Құнанбайды тірілткелі отырсындар, Ақшокы, Қорық, Бауыр Құнанбай тұкымының емін-еркін билеп, төстеген жері. Ауыл совет аты - Доғалаң аталсын десе, - онда Сақ, Тоғалақты даңқтамақ- сыңдар,- деп, жеңістік бермей, көпшілікті сал қылады.

  • Ауданның өкілі мен жаңа сайланған кеңес ағасы батыл кірісе алмайды. Олар батым кірісе, Жұмағазының Есболаттың жуан тұқымынан екенін айтатын болады Үбіғали.

Ақырында Үбіғалиға: «Өзің ұсын, өзің аташы ауыл атын» дегенге келеді көпшілік. Сонда Үбіғали:

  • Ана жатқан сандықша қабір - Күлмен деген бір жетім өскен, жесір әйелдікі деп еді. Бұл жерге алғаш жерленген сол болғандықтан, жердің сол әйел аты-

мен аталғанына таластарың жоқ шығар. Ол да мен секілді есе тимей, сорлы боп өткен. Өкімет кедейдікі екені рас болса, әйел теңдігі шын берілсе, ауылымыз сол жетім, кедей қызының атымен аталсын, Күлмен ауыл советі болсын, - дейді. Көпшілік бірауыздан қолдайды ұсынысты. Мұны Үбіғали өзі айтатын және оны мақтан да ететін.
1960 жылдарда кеңшардағы мектеп шежіресін жазу үстінде Үбіш арнап кеп, «Күлмен Байқара Бекжанның қызы деп жазыңдаршы» деген соң, қағазға түсірген ек сол кейінге дейін тарихи шындық боп сөйленіп, жазылып жүрді. Ал Күлмен атының ақиқаты жоғарыдағыдай.
1994-95 жылдарда Қазақстан Республикасы бойынша елді нүктелер атауларына тексеру жүргендей бір толқынды шара жүрді де Мұхтар атындағы кеңшар тұрғындары да өкімшіліктің атын өзгертуді еске алысып, өздері біле қоймайтын Күлмен есіміне емес, ұжымдарының атына жерлерінің атын алып, Қасқабұлақ ауылы деген атты иемденді.
Бұл өңір туралы Шәкәрім де қалам тартқан. Ол «Әділ- Мәрия» романыньщ қайғылы халін осында өрбітеді.
«Марттың жиырма бесі күні Әділдің ауылы қыстаудан көшті. Бұл жазғытұрым ол ауыл Доғалаңның қиын тасында болып, түнде үйге келуге қолайлы және Доғалаң маңында су көп болғандықтан қоныс жаңартуға жайлы. Апрельдің он бесіне қараған түні Мәрия толғатқан соң, он бесі күні Әділ Серікбайды ауылға тастап, Доғалаңға жалғыз кетті. Жүрерінде Серікбайға:
- Мәрия аман-есен босанса, мені Алтынды бұлақтағы Дарадан тап, - деп барып Дараның басындағы Серектастан ауылға қарап телмірді де отырды». («Жазушы» баспасы, Шәкәрім шығармалары, 535- бет). Шәкәрім Доғалаңның ең биік нүктесін алып жазып отыр. Ұлы жанның көзіне ілінген бұлақты бүгінгілер де Алтындыбұлақ, биік жартасын Серектас дейді.
Шонжырдағы асу сай аузында құлаған зират орны жатыр. 1960 жылдарға шекті құламаған үлкен қара бейіті болатын. Бұл қорымға Тоғалақ Өтепберген молда жерленген.
Бейіт сол кісіге тұрғызылған. Демек, Шонжыр Тоғалақ руының қонысы. Өтепберген Тоғалақтың тоғыз ұлының бірі Балтаның немересі 1910 жылдар ішінде жүзді алқымдап дүние салған, молда кісі. Өзі есепдар, ортасына салмағы жететін, аз сөзді, ойындағысын дабырламай, дабырайтпай орындайтын сыпайы, бүкіл Тобықты жұртына мәлім кісі болған.
Осы Өтепберген Өскенбай асына қатысқан, мол естелік айтқан кісі.
Мұқаңның бала жігіт шағындағы досы Орынбайұлы Тілеке қарт:

  • Өтепберген молда Өскенбай би асына қатысқан. Қүнекемнің жұмсауында болған. Менің жиырманың ішіне кіргенміде молда мынаны айтты деп еді:

  • Сол кезде Тобықтыда қара танитын санама ғана кісі едік.

Құнекең арабша жақсы айыратын. Бидің асы Қамбардың Көкшетауында, Көкжайдақ дейтін жерде берілді ғой. Өсекеңнің жаназасын ортамыздан үздік шықкан Көкше Төлетай деген жас жігіт шығарғантын. Мырза жаназаға жиылған молдаларды тыңдап кеп:

  • Көкшенің қара кұнаны бәйгеден келіп тұр екен. Би жаназасын сол жігіт шығарсын, - дегенді сонда айтқан болатын. Төлетай кейінде Меккеге барып, қажы атанды. Бірақ, дүниеден ерте өтті. Аста Мырза Төлетай екеуімізді кереші ғып белгілеп, қасымызға 4-5-тен жігіт бөліп қойды. Жылмиған жорға мінгізді. Қоншымызды ақ қағазға толтырды. Біз асқа келушілердің алдынан шығып, әр топтың, қай жүз, қай рудан, бастаушы кім, қанша кісі екенін жазып, шабар жігітімізден Мырзаның тура өзіне жіберіп отырдық. Құнекең соған қарап, келушілерге үй бөліп отырды.

Ас күндері былайша бөлінеді: Бірінші күн - жерошақ қазар күн. Бұл күні ас малы сойылып, ет пісіріледі.
Екінші күні қонақ күтер күн. Үшінші күні - ас тарқар күн.
Келуші нөпір астың бірінші күнінен де қабылдана береді. Астың екінші күні қонақтар тек қана күтім көру керек. Біреуге біреудің сәлемдесер, жүз көрісер күні де осы. Бәйгеге қосылатын аттар, әр саланың сайыпқыран өнерпаздары да ас басқарушыларға осы күні мағлұмданады. Үшініші күні астың негізгі бәсекесі өтеді. Осы күні ат шабады, балуан күреседі, қыз қуу, жамбы ату, теңге ату, аламан бәйгі, құнан бәйгі, жаяу жарыс, түйе жарыс, аударыс сияқты ойынның бәрі өтіп болады.
Бұдан кейінгіде ас иесінің жұмысы жоқ. Бәйге үлестірілді ме, жұрт тарауға тиіс. Қара жығу, тұл атты сою, сеп бұзу, соңғы жоқтау жыры секілділер жақын- жуық, ет жақын, туыстар ісі.
Жұрт бірінші күнгі сөскеден бастап-ақ төрт тараптан бірдей құйыла бастады. Мырза да иісі қазақ ұлтын жинар жерді тапқан-ақ! Шалғыны белден мидай жазық. Не айтары бар - Көкжайдақ десе, - Көкжайдақ, сулы да нулы өлке! Ас үйлері шоқ-шоқ ақ қайың мен көк бұйра тал-терек қоршаған алаңқ- айларға алқақотан боп тігіліп, өлке көркіне көрік қосты. Мырза жөне Мырза маңындағы топ үйлері көтеріңкі жерге тігіліпті. Оларға бүкіл ас аймағы алақанға салғандай көрінбек. Амал қанша, Төлетай екеуімізге оның бәрін қызықтауға мұрша қайда?
Қаптаған салт аттылар тасқынының бір шоғырынан кейін екінші шоғырына жетіп, жөнін қағазға түсіріп, Мырзаға тізгін ұшынан жөнелтеміз. Түс қия қалжырай бастадым. Сөйтсем, Мырза оны ескерген екен. Қайта оралған шабардың бірі торсық толы қымыз т.б. дәм жеткізді. Сусынды жайланып ішуге мұрша болмады, ат үстінде сусындап, ісімізді атқара бердік.
Бір ғажабы: біраздан соң келушілерде бір төртіп, реттілік барын байқадым. Ас ауылы көрінген шама жеткен соң ғана жіті жүре бастайды. Онда да сол бетінде сау ете түспей, қарсы алушы керешінің екінші кезегін тоспалап, алдынан шығушыға еріп өздеріне арналған үйге беттейді. Мұнда да үй бас сайын ат ұстар, үйге бастар жігіттер тобы дайын ғой. Осы аласапыран шапқын шілде айының сәскесінен іңір караңғысына шейін созылады.
Ымырт түсе бергенде маған тиесілі жақ күннің батысынан сыбызғы үні естілді. Ырғағы сазды, қоңыр, «мен келемін» дегендей. Тобыммен салдыртьш жөнелдім. Бұл баршамыздың қалжыраған кезіміз. Өлі - келеміз, өлі келеміз, - кісі қарасы көрінбейді. Сыбызғы үні не үзілмейді, не жеткізбейді, «мен келемін», «мен келемін» деп сызылтады келіп. Қойшы, тоқты еті пісер уақыт жосылтқанда ұшырастық-ау жолаушыларға. Сам жарығы астынан он шақты кісінің қарасы байқалады. Алдарында тау шұбар атты бір дәу келеді, соңында бір-бір жетегі бар бес адам. Жөнін сұраймыз ғой баяғы.

  • Шұбыртпалы жұртымыз, ныспым - Ағыбай, деді дөу.

Шабар жігіттің бірі ұшыртып ауыл тартты. Енді келетін кісінің орайы шамалы. Солармен ілесіп біз де келдік ауылға. Ат та барлықты өзімде де жай шамалы. Әй, сол күні астымнан онға тарта жорға ат ауыстырдым-ау деймін.
Дәуге бес қанат үй бөлген екен. Бәріміз аттан қатарлас түстік. Мырзаға келіп, сыбызғы үнінің соншалықты қашықтан естілгенін келушінің аты да, өзі де өзіміз көрген пендеден бөлек екенін айтып жатырмыз. Бір жігіт кеп, - соңғы қонақ:

  • Мырзаға таңертең жүздесермін. Біздің жеріміз алыс қой, ана аттарды Мырзаның белдеуіне байлаңдар, ағамыздың азасына салғаным, - деді деп, бағанағы жетектегі бес атты алып келді.

  • Аруақты ер еді Ағыбай. Жылқыдан бір ақ байталды әкеп жыға қойыңдар, - деді Мырза.

Бүкіл ас ауылы ай астында маңып қалған. Мың сан кісі шағиға оранып, шағи үстінде жүрген соң, аяқ дыбыры, ат дүбірі мен дүрсілі дегендер естілмейді екен. Шағи дегенім судыраған көк бояқ, шалғыны ғой Арқаның. Содан түн ортасы болмай-ақ сусындары қанған болуы керек, өр үйден үнпаз әншібектер ән қалықтата бастады. Сол кезде Мырза:

  • Батыр сусындаған болар. Ерге өзім барып сәлемдесейін. Ең шағын қонақ солар ғой, біразың менімен жүріңдер, - деп, Ағыбай отырған үйге бастады. Мен де ердім.

Мырзаға Ағыбай түрегеп амандасты. Екеуі төс түйістірді. Ағыбай: - Ағамыз орны жаннат болсын, артын күткеннің бақыты өссін! - деп көңіл айтты. Құнекең ырзалығын білдірді. Ықыласты әңгіме өрбіді. Бір кезекте Мырза:

  • Батыр, мына балалар сіздің «сыбызғының үні бір көш жерден естіледі, ұзақ шабуылдап әрең жеттік. Сонша жерге де сыбызғы үнін жеткізетін кісі болады екен- ау» деп отыр - деді.

Ағыбай уық қарынындағы сыбызғысын алғызып, шалқасынан жата кап тартқанда, мұрынынан шыққандемі түңлікті дауылдан кем желпілдеткен жоқ, ұйқы- тұйқы етті. Ал денесінің зорлығын неге теңейін: отырған- да керегеден басы асып тұрады. Түсі ойдым-ойдым қара шұбар, құлақ қалқаныньщ үлкендігі тап бір қарыс бар.
Көп созбай, ас ойыны, бөсеке, бәйге жайын айтайын. Бөйгі аттар екінші күн кешінде айдалып кеткен, ұзын саны 500 шамасында болса керек.
Үшінші ас тарқар күн - жұрт тамақтанып, сусындап болған соң, ас қызығы басталды.
Алдымен теңге алу, қыз қуу, жамбы ату, жаяу бөйгі, түйе жарыс өтіп келіп, өзіміз көрмеген екі ойын түрі басталды.
Бірі - ұйыған қатық толы тай қазанға алтын теңге тасталып, тістеп алып шығу бәсекесі. Ешкім теңгені алып шыға алмады. Адамның кесер басы, бет-жүзі айран-айран болып шыққанда күлкілі болады екен.
Одан соң: масаты кілем жапқан қаймалы інгенді ортаға әкеп шөгеріп, бұйдасын қазыққа байлады. Жаршы:

  • Ұрғашы жыныстыдан біреуі тыр жалаңаш шығып, бұйданы тісімен шешсе, түйе мен кілем соныкі, - деп хабарлады. Алғашында ешкім шыға қоймады.

Көптен соң жиыннан бір әйелдің шешініп жатқаны байқалды. Сарыкідір тартып қалған қатын екен, бүркеніш жамылып, түйе қасына кеп:
Ерлер, ерлер,
Ерлер туған жерлер.
Қараймын десең де өздерің біл Қарамаймын десең де өздерің біл Арыстың бұл асында
Бұл бәйгені алмақ дүр - деп бүркенішті сыпырғанда, Құнекең әйелге шапан жапқызып жіберді. Бұйданы шешкізген жоқ. Кілем жабылған інген үстіне қосып, «шешіндірген айыбымыз»,- деп шапан берілді әйелге.
Күн бесінге айналғанда ортаға балуандар шықты. Мың сан адам гуілінен құлақ тұнды. Ортаға бір дәу шықты. Өзгелер оған қарағанда кұлжаның қозықасындай ғана. Жаршы ас халқын үш айналып шыққанда бүкіл қазақтан өлгінің қарсысына ешкім шықпады. Бұл кім дескенімізде: «Дадан тобықты», «Көтен палуан», «Палуан Көтен», десті.
Бесін ауғанда ат көрінді. Өзге аттан екеуі қара үзіп келеді. Бірінші ат пен екінші аттың арасы екі желі арқан бойы екен. Екеуі де бір түсті екен, кұла торы көрінді. Өзге аттар да қарақшыдан өтіп жатты.
Әлгі әйелден басқаға бәйгі тимеген. Байқасақ Құнекең «шаршадым»,- деп тынымдауға кетіпті. Ат келуіне орай бірқауым уақыт озды. Енді құжынаған ас халқы бәйгі үлесін күтті.
Менің есімде қалғаны алтын қабақ ату жүлдесі Кіші жүз жігітінікі, бас балуан бәйгесі жықпай алған Дадан палуандікі болды, ат бәйгесіне келгенде күмән туды.
Құнекең: «Бірінші келген ат Алшекеңнің құла торы аты, түйе бастаған тоғыз бидікі»,- депті. Аттың бас бөйгесін Алшынбай алды. Бұған біздің Тобықтылар қатты наразы болды. Өте-мөте дүрлігіскен Мөмбетей айналасы еді.
Алғаш ат келгенде-ақ бар тобықты бірінші келген ат Мотыш Қосжетердің құла аты деп ұран шақырысқан-тын. Енді кеп Құнекең жатқан үйінен жаңағыдай парман жіберген. Осы арада Мырзаның басқарған серіктері басалқаға түсті. Айырықша жұлқынған Мотыш жігіті Қарақанға Доғал би: -Тоқтал, шырағым,
Құнанжанның бір білгені бар шығар дегенде Көкше Қаратай шешен:

  • Арысымызға күнде ас бере бермеспіз. Абырой тауып тұрып; тарыдай шашыламыз демесек, тоқтайық. Аз ашуды әспеттеп, аруақты арзандатпайық! Ас та, аруақ та, абырой да өзіндікі, Қарақан мырза, - деді.

Бұдан өңге қыңқ еткен дыбыс, шың еткен үн шыққан жоқ. Енді ел ағалары Мырзаға риза - қош айтысамыз деп Құнекең жатқан үйге келді. Қарасы да мол еді. Мырза көп күттіріп барып шықты үйден. Маңына біз жуи аламыз ба? Сөз сарыны ас берекесіне деген разылық сияқты. Құнекең шешілмепті. Жауабы қысқа бопты. Естуімше Қаратайға «Қуанышта шашылмақ жөн емес»,- депті деді.
Біздің «қонақ тарайдымыз» жай сөз екен, тек сейілген екен қонақтар. Бұл күні де жүз үй толы қонақ күттік. Өткен күндерден жеңіл әрине.
Бұлар аса алыстың адамдары - өзбек, қарақалпақ, қырғыз, ойғыр жұртындағы қазақ ағайындары десті. Кейі асқа деп төрт аяқты мал түгіл кұл мен күң өкелген екен. Мысалы, өздерің көрген Ғабитхан молла бар ма - асқа керей Шүршіт байдың тартқан жігіті ол.
ЬІрғызбайдың төрт ұлының кенжесі Жортардың ұрпағы, Семейдің Республикалық әдеби-мемориалдық Абай музейіне тапсырған қолжазба естелігінде Алда- жаров Ниязбек Өбдіғалиұлы былай деп жазады:

  • 1851 жылдың жаз айында Құнанбай әкесі Өскен- бай биге Арғын ішінде Қамбар руының жері Көкше- таудағы Көкжайдақ деген жерде ас берілген. Асқа үш жүздің қазақтары - ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз түгел шақырылған. Асқа өзбектерден - Ташкенттен сарттар да келсе керек. Осы асқа Құнанбайдың дос адамы, руы Сары - Лепсінің бойында тұратын бір бай адам бидің асына сойсын деп 15 ту бие сыйлық жіберіпті. Осы биенің біріне мінгізіп жас ноғай жігіті Ғабитханды жіберіп, былай деп Құнанбайға сөлем айтыпты: «Мына ноғай жігіті мұсылманша жақсы біледі, жақсы ғұлама молла, Құнанбай біржолата қолына ұстап пайдалансын. Ғабитхан сол кезде солдаттан кашып келген молда болса керек. Қазақтын кең сахарасына сіңіп кетем деген ойда. Онысы дұрыс болып өздері руым Ырғызбай деп кетті. Естеліктің «Ғабитхан кішкене молла» бөлімінде (5-бет):

«Өтепберген молланы және сөйлетеміз:

  • Алыстың адамдарын күтіп, астың берекесіне көңіліміз толы, мамыражай отырғанда күжілдеген біреудің:

  • Қулар бейгенің өңгесін талап өкетті. Түйені боса- ғасына байла Мырзаның. Мен өз ағамның асынан өзім бәйге алам ба екен? - деген дауысы шықты. Бұл Көтен палуан екен. Мырзаның үстіне кіргіздік. Құнекеңнен қанша сескенсек те сылтауратып жүріп, орын тауып отырдым-ау. Көзінен нұр, жүзінен иман төгіліп тұрған қияпаты келіскен жан екен палуаның.

Қүнекең палуанға айрықша ілтипат білдірді. Бір өредікте Мырза палуанға:

  • Палуан аға, жасыңыз нешеде? Өзіңізден күші ас- қан кісі болды ма? - деді. Палуан:

  • Жасым төрт мүшелге жетті, биыл 49-дамын. Он тоғыз жаста едім. Қараменде бидің ауылына келдім. Бидің Ташкенттен бес күншілік жерде болатын асқа жүрмекші екенін естідім. Үш бәйге ат жаратыпты. Де- лебем қозып барғым кеп, би маңында көп жүріп алсам керек. Би ауылыма қайтпай, неге бөгеліп жүргенімді сұрады. Асқа бірге барғым келетінін айттым. Би рұқсат қылды. Астыма жарамды ат мінгізіп, киім кигізіп ертіп өкетті.

Ас күнінен үш күн бұрын барып тынықтық. Бәйгеге би үш атын да қосты. Бір аты да бөйгеге ілінген жоқ. Күрес басталды. Майданға «қоңыраулы қоңыр» деген Қоқан палуаны шықты. Жаршы бүкіл жұртты екі айналып шыққанда бір адам белсеніп шықпады. Жаршы үшінші айналымға кетті. Бізге жуықтап келеді. Шыдай алмадым. Жүгіріп би алдына кеп, қолымды жайып бата сұрадым.
Би:

  • Алда соқ, аллауакпар, - деп бата берді. Жүре шешініп, барған бетте ұстаса кеттім де, сарт етіп іштен шалып алдым. Еңкейттім, шалқайттым, - тастай алмадым. Енді бөгелсем лақтыратын. Шалған аяғымды жұлып ап, қырқалап қақтым кеп. Күрс ете түсті. Секіріп жөнелдім. Палуан жатқан бетінде калды. Өліп кеткен екен. Аяғым бүйірден жазым тиді ме деймін. Осы адамның кабырғасын кайыстыра алмадым, інім, - деді. Біраздан соң Мырза тағы да:

  • Палуан қолыңыздың білезігіне не болған - деді. Өзгеміз байқамаппыз, қарасақ палуанның оң қолының білезігі шор екен. Палуан:

  • Менің жас жігіт кезімде қонысымыз аса биік тау- лы жер еді. Біз қыстайтын шаттың басын арыстандар мекен қылатын. Мезгіл жазғытұрым еді. Бір жақтан келсем жылаған анамның дауысы шығып жатыр. Анам:

  • Тар құрсағым кеңіткен, тас емшегім жібіткен, тұңғышым-ай, итке жем болдың-ау. Барма деп ем бол- мадың. Сен Көтен емессің, кайратың төмен. Шіренгенде бесігіңді ғана сықырлататынсың сен. Көтен болса, бесіктің тартпасын үзетін деп ем, тіл алдың ба, құлыным-ай! - деп зарланды. Ағамды арыстанның айғыры жеп қойыпты. Не болғанымды білмей кеттім. Қарманғанда қолыма мойыл шоқпарым ғана түсті. Арыстанның жымына жөнелдім. Шаттың басында бір ұя арыстан өсетін. Айғыры күркіреп, мен келе жатқанда жол бере беретін еді. Бұл жолы олай етпеді. Тұра ұмтылдым. Арыстан қарсы секіргенде ұрдым кеп шоқпармен. Бүктеліп түсті. Қарасам басы быт-шыт боп, миы шашырап, тұмсығы жерге еніп кетіпті арыстанның. Ашумен шоқпарды асыра сілтесем керек. Білезігім сонда тайып кетіпті. Ет қызуымен байқамаппын, содан шор бітті, - деді.

Ертеңінде ас қонағын түгел таратып, Қаракесек, Қамбар боп өзіміз қалдық. Құнекең ризашылык білдіріп, бас-басымызға сый үлестірді. Қажының мырзалығында өлшеу жоқ қой. Ойлағанымыздан асырып тараттты үлесті. Бес жүз үй толған қонақты ет пен қымызға апталап мелдектеткеннен кейін артылып калған мал-мүлікті сұрамаңыз. Ас беруші кедейленбек түгіл байып қайтады екен астан. Бағана бір Ағыбайдың өзі бес құр ат әкеліп ағамызыдың азасына деп байлады дегем. Құда-жекжат, дос-жаран дегендеріңіз «аза» деп табынымен әкеледі екен малды. Жинқтап айтқанда ас шығынына деп айдап барған мал үстіне мал косып кайта- тын болдық.
Аяғын шала калдырмай және бірер сөз қосайын. Осы үлес үстінде қолайсыз бір-екі мәнағам шықты. Бірі - Майбасармен; екіншісі ат бәйгесіне байланысты бол- ды. Майбасар Бөжейдің Наймандағы нағашысының бір айғыр үйір жылқысын ұрлатып алғызып, асқа сойғызып жіберіпті. Бөжікең біліп, малын қайтар десе, Май- басар шала тындайды.
Осыдан реніш туады.
Мәмбетей жағы аста аруақ шақырып келген аты- мыздың бағын байлады деп өрекпи берді. Ақыры елден бұрын асқа тіккен үйін жығып, кетерде Қарахан дейтін жігіті Құнекең жатқан үйдің маңдайшасын ұрып тұрып: Құнанбай, сен кұла аттың бағын кайырсаң, сенің бағыңды Құдай қайырсын! - деді. Құнекең айылын да жиған жоқ.
Майбасар мен Бөжей арасындағы ұғыспаушылықты естігенде Мырза қатты кейіді. Сонда Қаракесек Балта ақынның Мырзаға айтқан тоқтау сөзі елге кең тарады. Ақын Мырзаға:
Үш жүзді жиып ас бердің,
Келістіріп сәйкесін,
Арғынды тегіс биледің,
Алшысы мен төйкесін.
Келсең кел де кез болды,
Кейи де беріп қайтесің,-деп еді.
Ас жөнін баяндайтын бұл сөздер ішінде басын аша- тын біраз жай бар. Ол: аз Тобықтының бүкіл қазақ ұлтын жиып ас беруге жарағаны және өз жерінде емес, Қаракесек Қамбар жерінде беруі туралы сөз. Тобықты руын кемсіткенде «ақтабан аттың бөйгесінде келген аз Тобықты» деп келді. Бірақ халқымыз ортасындағы бұл жұрттың өзіндік өз орны барлығына ешкім талас кылған жоқ. Қандай шала байласын Арғын тайпасының бір бұтағы емес дей алмады. Бізше, Тобықты рының даңқтану басы Кішікұлы Өнеттен басталады. Ұлтымыздың ғасырлар бойына үзіліңкіреген ғалымдык Әнеттен жалғасын тапса керек. Шәкәрім «Өнет бабаң Арғынның ел ағасы, әрі биі, әрі молла ғұламасы» деді.
Академик Әлкей Марғұлан Әнетиң Бұхардағы ең жо- ғарғы діни оқу орнын бітіріп, ғұламалық, яғни академиктік дәреже алған құжаты сақталған деген. Әнеттің Қаз дауысты Қазыбекке де ұстаздық еткені күман туғызбайды. Әнеттен соңғы Қараменде, Кентірбай билер, онан бергі Ырғызбай, Өскенбайлар да халқымызға мәшһүр адамдар. Біз бұл арада халқымыздың «Елге бай кұт емес, би құт» деген мақалын және би атаулының бәрін бір өлшеммен бағаламау керектігін еске аламыз.
1846 жылы шекаралық бастық генерал Вишневский басқарған комиссия кұрамына кіріп, Омбыдан Жетісу-Сарыарқаны аралаған сапарында поляк революционері Янушкевич жазған күнделік хатында: - «Құнанбай бидің жасы Барақ сұлтаннан біраз үлкен. Бұл да дала өңіріне аты кең жайылған адам. Қарапайым қазақтың баласы. Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес, жүйрік тіл берген. Іскер, өз аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен құран қағидаларының жетік білгірі. Қазақтарға қатысты россиялык жарғыларды бес саусағындай біледі. Қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Қарапайым Құнанбай әулиенің даңқына бөленген одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, бай да, кедей де шалғай-шалғай ауылдардан келіп жатады.
Тобықты туының сеніміне ие болып, ол ел билеушінің қызметіне сайланған. Ол өз қызметін бақайшағына дейін біліп, бар қайрат-жігерін сарқа төгіп атқарады, иегін көтерсе болды, әр бұйрығы, әр сөзі орындалады.
...Барақтың қасында ақсүйектер (сұлтандар) ақсүйек емес,сүр сүйек боп көрінеді, ал барлық байлар Құнанбайдың кебісін кигізуге жарамайды», - дейді.
Шәкәрім:
Келгені Тобықтының осы маңға,
Мың жеті жүз сексенге тақалғанда
Елді бастап әкелген Мамай батыр Орда, Көкен, Ащысу, Доғаланға, - деп, Шәкәрім Тобықтылардың Шыңғысты қайыра қоныс ету жайын тайға басқан таңбадай айқын көрсетеді.
Арғын тайпасының Шыңғыстың ежелгі мекені болуы, оны қалмақтан 1740 жылдар ішінде босатуда тобықты батырларының да қатысып, 1780 жылға тақалғанда Жеті Момынның алдыңғы, екпінді тобы боп келуі басы Кеңгірбай соңы Құнанбай боп Уақ, Матай руларынан Шыңғыс тауын «ата мекеніміз»,- деп, таласып, дауласып жүріп мекен қып алуында мықты дәлел болады. Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиевтің музей қорығындағы естелігінде:
«Найман күре» - Шыңғыс тауының моңғолша аты. Найман деген сөз - сегіз мағынасында. Сонда «сегіз өзенді тау» деген сөз болып шығады.
Тобықты да Кеңгірбай мен Мамай батыр бастап, 1780 жылдарға таяған кезде Шыңғысқа кірген. Бұл кезде Шыңғыстың ішін Найман, сыртын - Керей, бауырын - Уақ, батысын - Арғындар алған. Кеңгірбай алдымен өз туысы Арғынмен айтыса-тартыса жүріп, Шаған өзенінің бойын алған. Одан кейін Уақты қуып, Шыңғыстың бауыр жағын алған. Одан соң «Үш балапан» деп аталатын Бөкенші, Хан, Қарауыл өзендерін Матайдан босатып, Шыңғыс сыртындағы Барлыбай өзенін Найманнан, арғы жайлауын Керейден босатып алған.
Құндызды өзенінде Жетісу оязы мен Қаркаралы оязының бас қосқан съезі болады. Тобықты Құндыз- ды өзені ата қонысым, Шыңғыстан аккан өзенінің бірі, Найман зорлықпен алып отыр, - дейді.
Екі ояз келісіп «өздерің биге салып, қазақ жолымен бітісіңдер, егер бітісе алмасаңдар, билігін біз айтамыз», - деп, қазақтың өздеріне береді. Тобықты билері жерді алғысы келеді, Наймандар бергісі келмейді. Сөйтіп олар тоқтамға келе алмайды. Сонда Құнанбай тұрып, «біз бұл дауды шеше алмайды екенбіз. Өмірінде дауға түсіп, билік айтпаған кісіге айтқызайық билікті» депті. Осыған Найман да, Тобықты да тоқтайды. Найман Қисықты шығарады, Тобықты Мәмбетей руынан Доғал деген момын, адал адамды шығарады. Бұл екеуі де малды адамдар.
Құндызды өзенінің таудан шыға беріс жағасындағы қабақта моланың орны бар. Ол мола үйілген тас, қалмақ моласы ма, қазақ моласы ма белгісіз. Сол молаға күнде ерте оншақты шал келіп, моланың басьгаа отырып - отырып күн батарда қайтады. Мұны күнде ерте тұрып, байқап жүретін ояздар: «Бұлар неге күнде анау жерге барып қайтады?» - деп сұрайды. Сонда Жұмабай: «Тақсырлар, олар - Тобықтының шалдары. Анау үйген тас ерте кезде өлген Тобықтының, сол отырған шалдардың ата-бабасының моласы. Енді екі ел мына Құндызды бойына таласып жатқанда олар жер Найма- нға кетсе, қайран ата - бабаларымыздың моласы жат елде қалып, елдің малы таптайды ғой, бастарына келіп дұға оқып, қоштасып, күнде жыласып қайтады», - дейді.
Құнанбайдың сенімді атқосшысының бірі - Керей руынан жорға Жұмабай. Ол өте пысық, сөзтапқыш адам болған. Оны Құнанбай ояздардың астарын дайындап, жұмыстарын орындап тұруға тағайындаған. Жылпос жігіт ояздарға үйір болып алады. Айтқандарын екі қылмай, әбден жағып алған.
Қисық пен Доғал өмірі билік айтып көрмеген, оңаша шығып Құндыздының жағасына келіп отырысады. Өлден уақытта Доғал: «Ау, Қисық, екеумізді билік айтуға зорлап шығарды. Құдайға да, ағайындыға да ұятты болмай, қандай билік айтамыз. Сен не айтқың келіп отыр», - дейді. Екеуі көп отырады. Әлден уақытта Лоғал орнынан түрып,құбылаға қарап.
- А, Құдай, адам да сенікі, жер де сенікі. Сенің жаратқан жеріңе кесіп, пішіп билік айту күнә. Қателесіп айтсам, өзің кеш, - деп Қисыққа карап: - Біз несін таласамыз. Құдайдың өзі билігін айтып қойған жоқ па белгісін салып? Өзеннің ағысымен күншығыс жағы Наймандікі, күнбатыс жағы Тобықтынікі болып, бөлік өзешгің арнасы болсын, - дейді. Сонда Қисық: «Өзің Доғал десе, Доғал екенсің ғой», - деген- де, Доғал: «Өзің Қисық десе, Қисық екенсін ғой, Құдайдың өз билігіне риза болмайтын», - дейді. Сөйтіп бұлар да келісе алмайды.
Бұған Наймандар разы болмай «Құндызды, Шет бойын бұрыннан қоныстанып көлемі, бүкіл Шыңғысты алып, оған тоймай, Құндыздыға қол салдың ба, Тобықты» дейді.Сонда Құнанбай: «Құндызды, Шет бойы Шыңғыстан бөлек емес, Шыңғыстың сегіз өзенінің бірі, мен Найман жерін даулап отырғам жоқ, атам Жеті Момынның алған, қонған жерімді қайтар деп отырмын. Сен біз алыстан көшіп келгенше, Шыңғысты иемденіп алдың. Көптігіңді істеп ерімді қазаға ұшыраттың. Малымды талауға салдың, зорлық жасап жерімді бермей келдің. Шығарған бидің кесіміне де көнбей отырсың».
Ояздарға келіп билерге салынғанын, қалай билік ай- тқанын түсіндіреді. Оған Найман адамдарының көнбегендігін түсіндіреді.
Сонда Қарқаралы оязы тұрып: «Бұл жер ежелден Тобықтының жері болғанына көзім әбден жетті. Біріншіден, Құнанбайдың дәлелі толық, Наймандікі зорлық жөне бір үлкен дөлел. Біз осында келгелі, осы дау басталғалы Тобықтының бірнеше көрі адамдары күнде ерте анау бұрынғы ата-бабаларының моласына дұға қылып жүрді. Олар жеріміз Найманға кетсе, ата- бабаларымыздың молалары қалады, - деп уайымдап, қайғырып келіп жүргенін біз күнде көрдік. Ал, Найман, сенің жерің болып, анау ата-бабаларыңның моласы болса, біреуің неге барып дұға оқымайсыңдар? Сендер жақтан бір адамның барғанын көргеміз жоқ. Сонайтылған билік дұрыс айтылған. Біздің айтканымыз: бөлік Құндызды арнасы болсын». Сөйтіп, Тобықты қолы жетпей жүрген Құндызды бойын қайырып алады.
Мұнда біраз жайларды тарата түсуге, түсіндіруге тиіспіз. Алғашқысы - Шыңғыстағы сегіз өзен жайы. Янушкеевич: «Шыңғыстау тауларындағы Бақанас, Қалқаты, Көксала, Тайөзен, Құр, Жайма өзендері оңтүстік батыс бағытты ұстап Балқашқа қарай, Шаған, Досбол, Тоқырау, Байқара, Бөкенші, Егізбалапан, Қарауыл, Тақыр, Мұқыр, Мақаншы, Құндызды, Қос, Шар, Шет өзендері солтүстік бағытты ұстап ертіске қарай ағады. Бұл тауларда Сыбан және Тобықты қазақтары жайлайды». (хат-күнделіктер, 179-бет).
Жетісу сапарында Янушкеевич қатысқан экспедиция жайлауда, Пұшантай қонысында Құнанбай қонағы болғанын, өзінің Құнанбайдан ел мен жер тарихын, тіпті Шыңғысхан осында жерленбеді ме деп сұрағанын жазады. Демек, Янушкеевичке Шыңғыс өңіріндегі өзендерді Құнанбай айтқан болар. Поляк револю- ционері Шыңғыстың іші-сыртындағы өзен санын жи- ырмаға жеткізеді.
Ал, Шыңғыстау ежелгі сегіз өзенді тау емес пе еді? Тобықты Шыңғысты «өзімдікі» деп; Жеті момынның атынан өзгеден даулағанда «ата мекеніміз» - сегіз өзен бойын аламыз деп шайқасқа түспеп пе еді? Сондағы сегіз өзен қай өзендер болу керек? Бізше, ол сегізге сырттың ірі өзендерін қосқан жоқ тек, сол сегізге сырттан басын алып, Шыңғыстың ұлы жотасын кесіп, бауырына құлайтын Шағанды ғана енгізген. Сонда Шыңғысты ондаған ғасыр бұрын сегіз өзенді тау атандырған бүгінгі өзендер: Шаған, Бөкенші, Егізбалапан, Қарауыл, Мұқыр, Тақыр, Құндызды, Шет өзендері. Осы арада қазіргі адамдар Мақаншы, Досбол, Тоқырау, Байқара өзендері қайда, Ащысу өзені неге аталмаған деп сұрауына болады.
Біз Мақаншы дегенді біле алмадық, ал Досбол, Бай- қара, Тоқырау-Жасар, Өтей елді нүктелері тұсындағы
Шыңғыс жотасының асуларының аты, сол таулардан ағып шығатын өзендер. Егізбалапаны Хан, Қаражартас өзендерін айтқаны. Бұдан соң Ащысудьщ Шыңғыстан ағыш шықпайтыньш, оған Шеттің кұятынын еске алу шарт.
Енді Құндызды жағасындағы тас молаға дұға жасап ояздар көзіне түсуші Тобықты тобын да айту керек. Құнанбай даудың қазақ жөнімен бітпейтіндігін ба- сында-ақ шамалағанда, әртүрлі әрекетті ерте әзірлеген. Молаға шалдар тобын ертіп барып, қалайда орыс ұлық- тарының көзіне түсуді ұйымдастырған кісінің аты - Көкше руының Бөйіт деген биі. «Құндыздыны Найман- дардан алуда атамыз Бөйіт би Құнекеңе көмек еткен» дегенді Көкшелер бүгін де айтады. Бәйіт Құнанбайды жоғары бағалаған. Баласы Байболат Жиреншенің інісі Жомарттың қызы Қадишаны үлкен ұлы Ақболатка ай- ттырып, Шоқамен кұда болып ап, Құнанбайға карсы топтың батасына кіріп кепті. Бәйіт Құнанбайдан үлкен екен. Өзінің еріні жырық бопты. Байболат «Құнанбайды өйтетін болдық, бүйтетін болдық» деп жосып отыр- ғанда, төсегінде отырған көрі би күліпті. Баласы секем алып: - Өке неге күлесің? - дегенде,
Бәйіт:
Әкең байғұс күледі-ау,
Бір нәрсені біледі-ау.
Сынық мүйіз тарғыл бұқа
Тақымыңнан іледі-ау, - дейді. Іле шала Бай- болат ауыл старшындығынан түсіріліпті. Құнанбайдың кекшілдігін, есесін қайырмай қоймайтындьнын сөйле- генде осы бір тақпақ сөз ұзақ уақыт бойына айтылып келген.
Билікке отырушы екі би жөнінде де тоқталайық. Доғал - Мөмбетей Мотыштың «құт қонған» дейтін мың біткен байы. Ағайынды алаламайтын берекесі үшін халық жақсы көрген. Доғалекеңнің жемпаздығы ха- қындағы аңыз Құнанбаймен байланыстырылады. Доғал хал үстінде жатыр деп естіп, «жайын көзіңмен көріп, хабарын бер» деп Құнанбай арнаулы кісі жібереді. Құнанбай кісісі барса, Доғал қатты ыңқылдап отырады. Алдарына кешкі ас әкелінеді. Өзгесінебір астау ет тартылып, ал Доғалекеңе жеке астау ет әкелініп, екі жігіт екі жағына отыра қалып, ет таусылғанша асатыпты биге. Сусынына ет артынан Доғал қос тегене қымыз ішіпті.
Ертеңіне Құнанбай кісісі Доғалға өзін Құнанбайдың бидің сұрап кел деп жібергенін айтып «мырзаға не сәлем айтасыз» -дейді. Сонда Доғал: «Құнанжанға сәлем де! Тез жетсін! Өздерің көріп отырсың, тамақтан қалдым ғой», — депті. Хабаршы адам «Иә, тамағың қалған екен-ді», - ішінен айтып, асықпай, араға бір қонып келген екен.
Құнанбай: - Бидің халы қалай екен?
Хабаршьі: - Би жалпы сырқат болғанымен халсыз емес екен.
Құнанбай: - Бидің тамағы қандай екен? Маған не айтты?»
Хабаршы: - Кешкілігіне ғана бір қойдың еті мен екі тегене кымыз ішті. Өлетін кісі сонша тамақ іше ме? Өзі сізге «тез жетсін, тамақтан қалдым»- деді.
Құнанбай: - Құтым-ай, дуалы аузым-ай, дүниеден көшеді екен ғой. Неге тез жетпедің?»- зәрлене қарап, дереу атқа қоныпты. Сол бетінде бөгелмей суыт келе жатқанда алдынан жаназашы шыққан екен,- дейді.
Құнанбай бас боп, тобықты елі Доғалға Орта жүзді жиып ас береді. Жайлауда, Көксеңгірдің баурайында, Бидайық көліндегі ас берілген жерді кейінде Қырықошақ атаған. Салтта ас өткен орынды Қырықошақ атайтын бо- лар, өйткені Өскенбай асы өткен Қамбардың Көкшетау- ындағы орын қазірде «Қырықошақ» аталады.
Доғалекең асында бірінші келген ат Тобықтыныкі болады. Қариялар оны Абаймен байланыстырып сөйлейтін.
Ас өткенде Абай 9 жаста екен. Асқа қосылмақшы жүйрік аттарды іріктеу үстінде Құнанбай баласы Абайға: Мына аттың қайсысы жүйрік, Абайжан? - депті дейді. Абай: - Анау ақ табан Қоңыр бесті жүйрік, - депті.
Қара жарыста аттар алдында Құнанбайдың Ұзын құлақ торысы келе жатыпты. Екінші өлгі айтылған ақ табан Қоңыр бесті екен.
Құнанбай: - Абайжан алда ұзын құлақ келеді ғой. Абай: - Алдынан кісі шығарып аттарды сонау белге дейін айдатыңызшы!
Аттар Абай нұсқаған белге көтеріле Ұзын құлақтын алдына Қоңыр бесті түскен екен. Құнанбай: - Абайжан, Қоңыр бестінің Ұзын құлақтан озатынын қалай білдің?
Абай: Тәте, Қоңыр бестінің бақайы Ұзын кұлақтан бір елі қысқа. Асқа келген аттарды қараған сейістер Найман Қисықтың Көксары атынан озатын бұл өңірде жылқы жоқ дегенге тоқтапты. Көксарыны Құнанбай да көреді. Бәйге аттар бір күн бұрын жіберілмейді. Жөнін сұрағандарға ас басқаруыш Құнанбай «күн салқын (күзге таман берілген ас), аттар ертемен айдалса да болады» деп ырық бермепті.
Бәйгеде Көксары үшінші болып келеді. Түйе бітімдес иір-иір келген, айырдың үлегіндей ат екен, жаңа қызса керек. Сонда Уақ Сабал ақын айтқан өлең мынау: Тобықты, ас беріпсің Доғалыңа,
Ризамын, бәрекелді, қоғамыңа.
Тай шаппайтын жерінен ат шаптырып,
Қалдың-ау Көксарының обалына.
Ақын бәйгенің жері жақын болды деп кінә қойып отыр.
Жә, Сонымен Өскенбайдың асы берілген 1851 жылы Тобықты руының асса қазақ, қалса орта жүзге даңқтанып басшысы Құнанбайдың аруағы асып тұрған кезі еді. Халқымызда «Арғын болсаң, Алтай бол, Найман болсаң, Матай бол, Алшын болсаң, Адай бол, ол болмасаң, мейлің құдай бол!» - деген мақал бар. Тобықты болса Найманның Матайын ығыстырып, Хан Шыңғысқа ие болды. Ал басшысы Құнанбай өз тұстастарынан озған, қабілеті артық қайраткер болып танылып, 1849 жылдан Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болатын. Құнанбайдың Қарқаралы дуаныны бастығына көтеріліп, сол кездің ұғымынша төре тұқымынан алғаш рет билік алып «хан - болған қара» деп даңқталуына аз болса да тоқ- тауымыз қажет секілді.
Қарқаралы дуанын билеу деген сөз: ең алдымен, бүкіл Арғын тайпасын билеу деген сөз. Ол үшін Қаракесектің Қазыбегінің ұрпақтарына ұнау керек. Ол кездегі бергі Арғынның билігі Алшынбай қолында екені мәлім.
Абылай өлгеннен соң (1781) да қазақты төре тұқы- мынның бірінен соң бірі биледі. Бергі Арғынды: Бөкей- Бірәлі-Шалғынбай Құсбек билеп, бұл Алшынбайдың тынышын кетіреді. Төре - қашанда төре. Алшынбайға өз ыңғайында болатын қарадан шыққан санаткер керек еді. Ага сұлтандықты төре, хан тұқымынан алғанда, ол қараның өкілі қырғында ылау салмай шығатьш сұңғыла саясатшы, жеті тоспаға бөгелмес шешен болмаққа керек. Оның үстіне ол бет бергенінен тайқымас, айтса қайтуды білмес, алмастай қатты болуы шарт. Арғынның Алшынбайының бұл керегінің бәрі бір Құнанбайдан табылады.
Кейбіреулер өзі зор болғаны мен шыққан ортасының кішілігін ескермей Құнанбай Қамбардың Көкшетауына баса қонып, әкесіне ас берді дейді. Өзіміз аса қадірлейтін Ниязбек ақсақал да естелігінің «Ас бергенде» деген бөлімінде: «Ас басталардың алдында Тәттімбет бастаған бір топ адам Алшынбайға барыпты. «Мына ат төбеліндей Тобықты бізді басынды, жерімізге келіп, Өскембай биге ас бергелі жатыр»,- десе, Алшынбай: «Жарайды, оны бара көрерміз», - деп, өздерін ертіп, ас берілетін жерге беттепті. Мұны естіген Құнанбай Алшынбайдың алдынан шығып, сәлем беріп, Алшынбайға: «Ағаңыздың асы қайырлы болсын!» - депті де қайта кетіп қалыпты. Алшынбай жолдастарына: «Өлгі Құнанбайды көрдіңдер ме? «Ағаңыздың асы қайырлы болсын» деп бар салмақты бізге тастап кетті. Енді осы асты дұрыс өткізу бізге міндет», - деп қалың Арғын Өскенбай бидің асында табақшы болыпты» дейді.
Мұнда жалпы сарыны дұрыс болғанымен, дәл емес жағдаяттар бар. Біз бұл жөніндегі Қаракесектің «Кедей» деген табынан 1979 жылы 91 жасында қайтыс болған Иебайұлы Сағындықтың мына пікірін қостаймыз.
«Ас беру жөнінде тоқталған соң, астың берілетін жерін белгілеп барып хабарлайды халыққа. Өсекеңнің асына бүтін үш жүзге хабар салғанда ас орынын бірге хабарламады, жұрт үй тіккенде барып бірақ білді деген жай сөз. Менің естігенім: Құнекең Қамбардың Көкшетауын ас орны деп белгілеуді Алшекеңмен келіседі де, Қамбардың алдынан өте қоймайды. Қамбар елінің иесі Жапалақ естіп жүрсе де елемей жүрген екен дейді. Енді кеп Көкжайдаққа Құнанбай үй тіктіре бастағанда, өзге Қамбарлар батырды мазалап, «бізді Құнанбай басындыны» солар айтыпты. «Жарайды оны бара көрермізді» Жапалақ батыр айтып, қасына біраз кісі ерітіп Көкжайдақ көрінер шамада тігілген үйден бір қылаң атты шығып, аттан түсіп, бұларды тосып тұрыпты. Бұл Құнанбай екен. Ол Жөкеңе сәлем беріпті де: «-Ағаңыздың асы берекелі болсын, батыр!» - дей сала атына міне сап, жүріпті де кетіпті.
Жөкең: «-Өй балалар, мына Құнанбай асып емес, сасып келген екен ғой. Бар салмақты бізге тастады-ау. Біразың елге қайтып, үй өкеліңдер. Сойыс мал да өзімізден болсын. Енді осы асты дұрыс өткізу бізге міндет», - деп ас тәртібін Қамбардың, Жапалақ, Сар- тымбай батырлары бас боп, өз қолдарына алыпты. Ал, қалың Арғын Өскенбай бидің асында табақшы болды деген сөз де әнтек қой. Қаракесек Жалықпасы мен Қам- бары бар, күллі Тобықты күтуші болса жетпей ме?»
Өскенбай асы қазақтың үш жүзінің басын қосқан санаулы астың бірі ғана болып қоймай, бірегей боп ба- ғаланатын даңққа жетті. Бұл астың артқаны оның ай- ырықша ұйымы салтанаты, ретті өткендігі болып са- налған.
Кейбіреуге Өскенбай асынан соңғы Бөжей реніші, аста бірінші келген Қосжетер атына бөйге бермеу, одан туындаған мәмбетейліктер өкпесі секілділер ас берекесінің бұзылуы болып көрінбеуі керек. Мұның екеуі де сыртқа шықпас,ет пен терінің арасындағы желкөбік іспетті ағайын кемпірназы ғана. Құнанбай «тай тулап үйірінен шықпас» деп өз руының мәртебесін үлкен саясатқа кұрбан етіп, дұрыс істеді деп ұқсақ жөн.
Арғынның Алшынбайының екінші келген атына бас бәйгені берсе, ол үпгін ұлы би еңбегі сіңген, сіңбек түгілі өткен де. Ас жөнінде сөз жеткізушілер Қосжетер құла атының жүшріктігін қалай таныды, бұрын ол ат бәйгеге қосылмаған ғой дегенге кеп тоқтай берген.
Бірақ бәрі де құла ат өнерін танушы адамды ата- майды. Құла аттың жүйіріктігін танып, ұлы аска қос- қызушы адамның аты - Төті. Ол - Машан тауының оңтүстік батыс сыртында, Сарғалдақ өзенінің сол жа- ғасына жерленген. Тас зираты күні бүгін бар. Жергілікті жұрт ол араны «Тәтінің басы» деп атайды. Қарсамбекұлы Әбіштің сөзі: «Төті Қосжетердің түйешісі болған. Руын білмеймін. Қосжетер аса бай адам емес. Жылқысы 5-6 айғыр үйірінен аспаған. Түйелі болса керек. Жылқысынан жүйрік шыға береді. Қосжетер - Мотыштың екінші әйелінен туады. Үрпағы бар. Құнекең бай өкесінің асына сауын айтқан соң, Қосже- тер өз үйінде отырып «Мырза сөлем айтыпты. Би асына ат әзірлейтін болсын, «жылқысынан жүйрік шыға беруші еді ғой» деп. Біз қай атты дайындасақ жөн» деген. Қосжетерде бұрыннан келіп жүрген үш бәйге ат болған. Соны күтімге алады. Бір күні ауыл адамдары жыйылып отырғанда түйепгі Тәті кеп: «- Бай, Сіз Өсекең асына менің астымдағы атты қоссаңыз қайтеді?» - дейді. Жұрт күліп келекеге айналдырады. Бай: «- Құла ат баршын тартып қалды емес пе және ол шабушы ма еді?» - дейді. Төті құла атты, ең болмаса, ана үш атыңызбен қатар қара жарысқа салып көріңізші деп жалынады Қосжетер Төтінің бетін қайырмай, үш жүйрікпен бірге қара жарысқа салыпты. Құла ат жақыннан да, алыстан да байдың үш бәйге атын мал деп те маңына дарытпап- ты. Сөйтіп құла ат астан бір жыл бұрын күтімге алынады. Дәмелі үш аттан озған соң-ақ, Қосжетер айналасы құла аттың жүйіріктігін мойындап, Төтіден мүның жүйріктігін қалай білдің дейді екен. Сонда Төті «Құла ат аста озып келсе ғана айтамын»,- деп қана қойған. Хош. Қосжетердің құла аты астың алдын шайқады, 500 жүз аттан озып келді. Енді Төтінің бағы да аспандаса керек қой. Қосжетер пайымды адам болар. Түйеші
Тәтіні жеке ауыл қондырып, алдына екі айғыр үйір жы- лкы сап, көшуіне түйе, көгеніне деп қой беріпті. Тәтіден ұрпақ жоқ-ау деймін осы. Жә, енді Тәтіге өзі байқаған Құла аттың сыйпат өнерін айтқызу шарт емес пе? Тәті: Мен Құла атты тайынан мішп ем түйеге. Жасы биыл 13-ке толды. Сол 13 жыл ішінде жылқыда жоқ үш сый- патын байқап, қайран қалушы едім. Біріншісі - сол тай- ынан Құла ат ағындап барып тастаушы еді тезегін; екіншісі - тұңғыйық қара суды жүзіп, ең тұнығынан ішетін, бәрібір бой бермейтін болған соң, еркіне жіберетінмін; үшіншісі - жауынның ең жылдамы өткіншісі ғой, мейлі жақында, мейлі алыста жүрейін, өткінші жауын іліне бастағанда Құла атпен «шу» деп жөнелгенде үстіме бір тамшысын тигізбей үйіме кеп тік ете түсуші ем»,- деген.
Құла ат дегеннен екі сөз ойға оралады. Кенжебаев Жұмағазы марқұм: «1918 жылдың жазында Әлихан Бөкейханов бастаған «Алаштың» бір топ азаматы Оразбайдың Медеуінің үйінде айға жуық қонақ болды. Әлекеңе сәлем берушілер Медеу үйін басып жатты. Жас жігіт кезім. Күтушінің бірімін, жылмаң қағам. Ауыл Терісбұлақта. Бір күн кеште маған Төуке батырды шақырып кел деді Медеш аға (Медеуді жұрт Медеш аға дейтін). Келсем, батыр төсегіне жаңа жатқан екен. Батыр «Бұлар енді маза береді деймісің? Қарындарын толтырған соң, сөз керек болғаны ғой» деп жетек атқа мініп келді. Баршасы құрметтеп Төукеге төрден орын берді. Мәжіліс қызды, өлден сон, Әлихан: «Батыр, не жүйрік, не жорғаны жайладыңыз ғой. Өзіңіздің тақымыңызға жаққан, айырыкша ұнаған бір жылқыны атар ма едіңіз?», - деді. Біреулер «ҚұлаСерек ше?» деп жатты. Олардың айтқаны Уәйіс ақынның «Тәуке мен Келіншек» қиссасындағы «Астымда Құла Серек бұлаңдаған» деген сөзбен байланысты еді.
Тәуке: «Құла Серек төл атым емес еді. Тоғалақ Жайық байдың Күнтуғанының аты - Құла Серек. Жайықтың Ыбырай деген момын баласы болған. Сол ел жайлаудан қайтарда Керей ауылының біріне жел-деген түйе келді ме деп барса, «сен мал ұрлағалы жүрсің»,- деп байлап тастапты шалды. Бұған Сақ, Тоғалақ рулары қатты намыстанады. Бір кезде Құнанбаймен түйдей құрдас Жайық туған баласының атын құрдасының баласының атына қоя берген екен. Жайықтың Ыбырайы осыдан аз жыл бұрын өлді.
Мен Абыралының болыс баласы Араб шақырғанға келсем, қолды жиып қойып басшы болып бар деп ша- қырған екен. «Ел шауып, кісі өлтірсең, шошынба»,- деп батаны берген Араб біздің жақтан дейтіні сол Уәйістің. Сонда міндім Құла Серекті. Сол бетінде тақымымнан алмады Күнтуған. Кұла Серек кісі кемітетін жылқы емес еді. Әйтсе де, Әлекең сұраған соң, өзіме аса ұнаған бір қылқұйрықты туралы айтайын.
«Бір аттаныста Жетісудан асып барып, Қытай қазақта- рьшан жылқы алдық. Жылқыны айдатып жіберіп, тосқауылда өзім қалдым. Қуғыншы шықпады. Бойды кеңге салып, жылқыны ұзатып жіберіп барып қуып жетіл отырдым. Бір күні серігім Стаку екеуіміз жылқы артынан жарысып жөнеліп едік, Стакудің астындағы құйрық-жалы күзелген керқұла байтал Құла Серекке шалдырмай қойды. Шамасы 10-12 шақырым шаптық-ау деймін. Ертеңінде қасымда әлгі байталмен Стаку және калды. Байталға көз сала бастадым. Бітімі жерден пішіп алғандай дейтін. Бұл күні жылқы 20 шақырымдай ұзаған шамада ат басын тағы жібердік. Өлгі байтал және шалдырмады. Керқұла байталға шын қызыға бастадым. Ертеңінде Стакуға «Қоя бер мына байталды. Тұқым алатын жануар екен, бір жерде ұшып қалар»,- деп қоя берттім. Содан Құла байтал терін әбден үккен соң, ұстатьш мініп, көрдім өнерін. Не бір шан- шылған биіктің басына шауып шыққанымда, мені ауырламады, иә танаулап ешікпеді. Өмірімде қатты ұстанғаным - жорық олжасынан серіктерімнің қольш қақпайтынмын, көбіне олардан қалғанын алатынмын. Бұл жолы ол дағдымнан жаңылдым.
«— Әй, жгііттер, осы олжаның өзгесінен бер, берме, оны өздерің біл. Мен мына Керқұла байталды алдым», - дедім. Сол жануарды 13 жасқа келгенше құлындатпай міндім. Ел арасында жұрт Тәуке байтал мініп жүр дер,- деп мінбейтінмін. Жорықта жетекте ұстайтынмын. Қысылшаң, болар-ау дегеңде ғана ер салушы едім. Сол жануар бір кезде мына Аққойтастан түлкінін күшігі қашып, қуып жетіп, еңкейіп, қамшымен ұра бергенімде аяғын кесе басқан. Солтақтап қалды. Содан «қой, бұл жануардың жанын қинамайын, он жыл мінгенде бір іренжітпеп еді»,- деп жылқыға жіберіп, соғымға сойдым. Ғұмырымда осындай жылқы баласын мініп көргенім жоқ»,- деді.
Отырғандар дуласьш жатты. Әлихан аузы шабан, зор денелі, қою мұртты, қара сұр кісі екен. Жұрт дабыры ба- сылған соң «Балқаш, Тоқырауьш бойында осы күнде «Бес- қасқыр» деген құла ат бар. Жасы тоқырап қалған ат. Ұлы дүбір бәйгеге қосылған жоқ. Оны «Бесқасқыр» дейтіні: кезіккен қасқыр қанша болса, соншасын жетіп соғады. Бірде бес қасқыр ұшырасьш, бәрін жетіп соқса керек.
Ақан серінің Құлагері де Қытай жағынан саудадан келген. Ал, батыр, Сіз де Керқұла бедеуді Қытай қазақ- тарының жылқысы деп отырсыз. «Бесқасқыр» да сол жақтан әкелінген емес пе екен. Бәрінің де түстері құла, бір тұқымнан таралған жүйріктер-ау,» деді Өлекең.
Бұл той 1945 жылы мизам айының 25-27 күндері өтті. Абай атамыздың ғасырлық мерекесі оның туған жер, өскен елі ортасында ең алдымен, келген қонақта- рымен ерекшеленеді. Бұл кез - 1931-1937 жылдардағы голощекиндік-сталиндік нәубет пен алапаттан аман қалған өнер мен әдебиет алыптарынан біразының бар кезі. Ұлы Отан соғысы жеңісінен соң, іле-шала ұлы ұстаздарының той қызығына мәртебелері көтеріліп, мерейлері тасыған күйде келген еді жарықтықтар.
Олар: әнші-күйші қауымыньщ басы, Сал Біржан мен Сері Ақанның көзі де, өзі де - Естай Беркінбаев, қазақ совет әншілерінің ақиығы, сүйікті Жүсекең-Жүсіпбек Елебеков.
Халық ақындарынан - Сыр сүлейі Нартай, төгілме сөзді Төлеу, нар үнді, сапырма сөзді Нұрлыбек, сыпайы, сырбаз Сапарғали тобы боп; палуандар - күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов соңында еріп; жазушы-ғалымдар халқы - қазағымның тірі Абайы, «ой тереңі, сөз шебері» Мұхаңа-Мұхтар Әуезовке бастатып кеп қатысты емес пе?!.
Мизам айының 25 күні Қарауыл өзенінің Ақжар алқабына жарымын тіліп ап тігінен қойған жұмыртқа іспеттес ақшаңқан киіз үйлер қалашығы үш ауыл боп қонған. Ең қалың ауыл, әрине, ақын ауылы - Абай ауданынікі; екінші көрікті ауыл - Абыралы жұртынікі; үшінші ауыл - алғы екеуінен гөрі шағын болса да, сал- танатсыз емес, көрніі Шұбартаулық ағайындар ауылы. Үш ауыл жұрт бүгін ерте тұрды. Күн көтеріле, астына құрым сары ат мінген, қолында ту үстаған Күлмен ауылсоветінің төрағасы жасы қырықты алқымдаған еңселі кісі Рақымбаев Мұхтар «ат шабар!» «ат шабар!» деп айқайлап, қасына 2-3 жігіт ертіп, той ауылдарын аралап шықты да, туды алғашқысынан көтере желбірете түсіп, Шыңғыстың балақ іргесіне шауып жөнелді. Ас жұрты дереу атын ерттеп дегендей қарбаласқа түсті.
Ту бір кезде Абай атамыз Сүйіндік ауылына кеп, Тоғжанмен сыр бөлісіп шығып, қызыл көк биеге ақын, қызыл өгізге Ербол мініп тасыған Қарауылдан өтетін жерден бір шақырымдай қашықтықтағы тақыр төбеге тігілді. Енді жұрт аттысы атты, жаяуы жаяу ағылды, төгілді, құйылды Тойтөбеге қарай. Кісі селі жиыл- ғанша сәске болды. Жұрт екіге жарылып отырысты. Күншығыс қанатында - Абай, Ақсуат, Шұбартаулықтар; күнбатыс қанатында - Абыралы, Жаңа Семей, Шар, Жарма, Бородулиха, Новопокровка, Новошульба аудандары мен бүкіл Семей қаласының келуші халқы боп жайғасты. Мұқаң бастаған астана, алыс жұрт қонақтары ақын елі жағында болды. Мұқаң болса, бір топ серігі қасында, қоңыр жорға ат үстінде еді. Майдан даласы ортадағы кәдімгі тақыр жер еді. Ортаға жетектеген 4-5 жас шамасындағы баласымен Қажымұқан жеке барып отырды. Екі топтың балуандары да өз жағының алдына шығып, тобымен орын алды. Ортадан бәйгі аттар Шыңғысты бөктерлеп, батыс терістікке, Борлы биігін бойлап айдалды...
Той қызығы палуандар күресімен басталды. Ортаға бір атан түйе өкелінді. Атанның екі өркеші жығылуға сөл бейімделген екен.
Арқасында шіликенің табы көрініп түр. Қажекең орнынан тұрып, шешінді. Үстінде ол кезде «англиский» деп атайтын сарғыш матадан мол тігілген сырт көйлегін шешіп, дамбалмен ғана қалды. Палуан бөгеліссіз іле қос қолын көтеріп түсіріп, бұлшық еттерін, тұтас денесін ойната бастады. Бағана байқағанмын іркілдеп түскен қарнынан башпайының басы ғана көрінетін еді, енді сол саба қарны тартыла қап, арам шеміршегінің үстінде қос жұдырықтай бөтеге боп тұр.
Түйенің бұйдасын ұстатты-ау деймін Қажекеңе. Са- тырлаған шапалақ үні даланы көміп кетті. Палуанды атан қалқалап еді, Қажекең басы қос өркеш арасынан үшінші өркеш боп бәрібір көрініп тұрды бізге. Сол сәтте айқайға басып, үні қандай зор еді жарықтықтың, Нұрлыбек ақын шығып ортаға палуанға арнап өлең ағытты. Нұрлыбек басыла бергенде, сырнайын құлаштай созып, алқаракөк шапанының етегі жер сыза, қаршыға бойлы, қияқ мұртты, алкүрең жүзді біреу өнге басып берді. Ондай келбет - бітіміне үні, өнері келіскен жан болады деп әлі күнге білмеймін. Дауысындағы қоңырау еміс-еміс, сылдыр-сылдыр, шылдыр-шылдыр естіле ме, өлде сонау Шыңғыстан үн созған құс баласының үні ме!.. Той жұрты тына тьга- дап қалды. Бұл - Қызылордалық Нартай ақын екен.
Осы жерде ешкім күтпеген бір күлкілі оқиға ел есін енгізгендей болды. Киношылар Қажекенді бәйгесіне ти- ген түйе қасына түсірмек больш еді, палуанның оң жағы- на Нұрлыбек барып түрғанда ол кісі де зор денелі, ақьш- ньщ басы Қажекеңнің иығына жетті. Кенет палуанның солына барып, Абай ауданының атком председателі Мыңжасаров Жағыпар тұра қалғаны. Той халқы жарыла күлді. Қалайша күлмесін. Жойдасыз алып, оның оң сы- ңарында иығынан келетін кіші дәу, ал сол сыңарында бойы шардақ (әрине палуанмен салыстырғанда), қарны қауақтай, борбайы таяқтай боп көрінген өңі тұтқыш қара барып тұра қалса.
Халықтың күлкісі басыла бере батыс қанаттағы жұрттан қою мұртты, денесі жартастай тұп-тұтас бір балуан шықты ортаға. Біздің қанаттан ұзын бойлы, сида біреу шапшаңдай басып, қараға таяй берді. Екеуі
бірін-бірі аңдып, бірер айналғандай болғанда шаң бұрқ ете түсті. Біздің ұзын ойнақтап келеді. Қара балуан жерде жатыр екен. Ол бірақ кетпей ортада тепсініп тұрып алды. Сол шақта үстіне әлем-жәлем киініп, астына Көккасқа атын мойнынан «өссә», «әссәлап» каққанда қаз тұрғызып, тағы сол секілді ат ойынын көрсетіп жүрген біреу бар еді, сол адам атынан қарғып түсіп, тез-тез шешініп, белсеңіп тұрған қараның алдына бара қалды. Қара мұрт және шалқасынан түсті. Одан кейін де 3-4 жұп балуан күресті. Ол кезде дауыс күшейткіш аппарат жоқ, бар хабар жеке адам дауысымен хабарланады. Бәрінің дауысын ести алмадым. Өзім танығаным - үшінші жұпқа шыққан өз ауылымыздың Төлеуғали Желдібаевы. Бұл кісінің тұлғасы аса кесек еді. Қасқабұлак колхозында бастық боп тұрып, бірер жыл бұрын істі болып, сол сапардан оралғанына аз күнтін. Сталиндік қамақ күтімі белгілі, абайлықтар гуілдеп балуанын аяп, «тым жадау екен, күресе ала ма» деген хауіп айтып жатты. Төкең қарсыласы өзіне лайық кезіккен- ау, төрешілер екі қайтара айырып, екі мәрте кайталап күрестіргенде де алыса алмай, бәйге екеуіне бөліп берілді. Кейіннен білсем, бұл бүгінгі Абыралы ауданындағы Ақбұлақ ауылының мұғалімі болған Рахимов деген балуан екен.
Күрестен кейінгі кұнан бәйгесінде Шұбартаулық- тардың Құлаторы кұнаны бірінші келді. Теңге алу бәйгесінде Семейдің Абай театрының әртісі Сіләмбек Қыдыралиннен озғаны болмады. Сілекең өзі туған Шы- ңғыс жұртының салты бойынша басын шытпен таңып- ты. Астында - мейіздей кып қатырған қоңыр ат. Көсілте салған жүйріктің ағынында жерді шұңқырлап көміп қойған теңгелі шүберекті іліп үлгереді деп ой- лау қиын, ал әкету ойлаудан да киын ғой.
Бірақ машықты теңгеші атының басын ірікпей ағын- датқан бетінде іліп алып, қак жарылып отырған екі қанатқа теңгені кезекпе-кезек лақтырды-ай кеп! Он- нан аса рет шауып өткенінің бір жолында да уысы кұр кайтқан жоқ Сілекеңнің.Өзге теңгешілер де еңкейіп, кейі желіп, кейі лекіте шауып өтіп жатыр-ау, бірақ бұлардың ішіндегі ең шебері дегеніміз үш жолдың екісінде КҰР кол қайтып отырды. Қыз қуу ойынында Абайлық екі қыз - Құндыздылық Қаншайым мен Бірліктік ақын қыз Ыбырайханова Сара үздік өнер көрсетті. Өте-мөте шегірлеу көзді ақсары Қаншайым Жаңа Семей ауданы әскери комиссариатының капитанын қамшы астына алып қайтқанда, жігіттің аттан түсе қашқаны әсерлі болды. Бұл қос апайымыз бүгінгі қыздарымызша аты жете тұра, жігіттен қаймығып иә әсіре мәдениетті, нәзік, ибалы бойжеткен көрінбекші боп, ат жүргішін селқос сілтеп, қатарласа шауып өтпеді жігіттермен. Тап сол марқұмдар жаға ұстасса да, бүгінгі жігіттеріміздің көбі ат үстінде қала қоймас-ау! Ұлы ақынның 150 жылдық тойында Сара мен Қаншайымның сіңілілері өнерлерін қайталады. Сол арулар аруағы бір көтерілген де шығар сонда.
Той күні үлкен бесіннен ауды, бірақ бәйгі аттар қарасы көріне қоймады. Халықтың ат жолына қадалған көзі талғандай еді. Той суретін дөл жеткізу үшін сол 100 жылдықтың көркем шежірешісі Төлеу Көбдіков ақынның «Ақын тойы» толғауын бұдан былай ауық-ауық сөйлетуім шарт. (Жырларым. Т.Көбдіков «Жазушы» баспасы. 1975)
Бәйгі алды жалғыз қара озып келіп,
Жарайды баласы да атқа серік.
Біле алмай кім аты деп тұрғанда,
«Абай» деп ұран салды өте беріп.
Көмбеден озып барып азар тоқтап,
Өзін де қосқан екен таза баптап,
Ширығып оқ жыландай ыршып түсіп,
Үйтқып жүр тоқтай алмай ойда алақтап. Қарысып әл бермейді тартса да іркіп,
Өрескел қашық болған арасы да,
Бір аттың лақтырған тозаңынан Шыңғыстың шаңға толды даласы да.
Осыған көрмеген жан нанасың ба,
Бұрқырап сулығынан көбік бүркіп, Долданған ыза кернеп жас батырдай
Жібер деп басын шайқап, жұлқып, сілкіп. Ерекше озып келді өкімденіп,
Артқы аттар азар келді секіп, желіп.
Алысып ауыздыққа әл бермейді
Бүйірі жаңа қызған секілденіп.
Тіпті жас түспегендей құнан тісі,
Оза алмас тұлпар шапса бұдан күші. Аканның Ңұлагері секілденген Ат екен Керторының ұнамдысы.
Сонымен, Ұлы Абайдың 100 жылдық тойындағы болған ұлы дүбір ат бәйгесінде «Ақанның Құлагері» секілденген Керторының ұнамдысы Абай елінің қол- тума аты бірінші келді. Бұл Кер ат осыдан 100 жыл шамасында өткен Абайдың ұлы атасы Өскенбайдың асында қазақтын бар желдіаяқ жүйрігінен озып келген «Қосжетер Құлаторысы» шыккан Шыңғыстың Шаған өлкесінің тумасы болатын. Оны көкірегі даңғыл, көзі сыншы ақын Төкең Құлагерге бекерге ұқсатпаған да болар. Біз де Әлихан Бөкейхановтың айтқанындай Ақанның Құлагері, Қосжетердің Құлаторысы, Тоқырауынның Бесқасқыры, Төукенің Бедеуі-төртеуіне Абайдың 100 жылдығындагы Керторы атты қосып, осы бес құла бір тұқымнан шыққан жүйріктер емес пе екен?!.
Кер аттың тұлпарлық сипатын тану үшін одан кейін келген аттар жайына аз-маз тоқталмақ жөн. Өзгеден озып, кер атты ғана алдына салған Абыралы ауданындағы «Орджоникидзе» колхозының басқармасы Шәріпхан жаратқан сүліктей қара ат көмбеден сар- тылдап желіп қана өтті. Ал үшінші келген Архат ауылының қара айғыры шауып келуге жараса, төртінші бәйгеге іліккен Аякөз ауданының Көкжорға аты көмбе шетіне жете, қолтығы дірілдеп тұрып қалды. Бесінші «Бірлік» колхозының Ермұса қарт баптаған «Ақбестісі» болды. Сегіз атқа бәйге белгіленген екен, біздің Күлмен ауылының Шыңғожаның Балта- байы баптаған Ақтабан биесі сол соңғы бәйгеге ілікті.
Ендігі айтар бір жай. Сол күнгі күннің шекеден өтер шыжғыр ыстығы. Жаздың айы - Мизамның күн шыққаннан сам батқанша қайтпайтын, үп еткен желі, сәтке болса да желпіп өтер самалы жоқ күні сол той қүнге дәл келер ме?
Бұл ыстық аптабын бар жұрт тартты ғой, әйтседе, одан көрген бәйгі аттар зардабы айырықша болмақ. Бәйгіге шапқан аттан үшеуі ұшып өліпті.
Осыдан келіп ми кептірер осындай ыстықта бәйге- ден ат оздырған ат сейістер мен ат бегілер, бәйге атқа шапқан балалар өнері мен төзіміне, ой жүгірткен ләзім болмақ. Осы күні ойлаймын сол шақта сонау кездегі Күреңбай сыншы мен ұлы Абайдан ат оздырушы На- манай атбегінің (Наманай туралы алда жеке өңгімелейміз) ісін жалғастырушы ізбасарлары үзілмеген әлі бар кез екен деп. Мен осы бәйгеден бірінші, екінші, бесінші, сегізінші келген ат бапкерлері мен бәйге атқа шапқан балалардың бәрін көрдім, дөмдес болдым.
Кер аттың бапкері Болыспай деген кісі еді. Жасы сол кезде елуге енді ілінді ме екен. Бұл Шыңғыс аты- рабында Болысекең қосқан ат бәйгеден екінші келіп еді деп ешкімде айта қоймас. Бұрында да Болыспай қосты ма, ол ат келіп отырған. Кер аттың сейісі - (ат сейісі деп жүйріктігін таныған ат сыншысын айтады) сол кездегі Абай аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, бұдан жиырма жыл бұрын дүниеден өткен, «Қазақ ССР оқу ағарту ісінің үздігі», сталиндік репрессияның азабы мен дәмін он жыл татқан Байырбеков Үлықбек болды. Кер ат оқу бөлімі мекемесі меншігі. Үқаң тақымында жүргендіктен «Оқу бөлімінің Кер аты» атанған. Оган мініп шапқан бала менен бір жас қана кіші Әдибаев Жұманбай білікті ұстаздардын бірі боп жүріп 1980 жылы дүниеден өтті.
Тегі, абайлықтардың көбі-ақ оқу бөлімінің алты жа- стағы Кер атынан гөрі Саржал ауылының Қарасұр ай- ғырынан дөмелі еді. Қарасұр айғыр бұрынғы бөйге- лерде Шыңғыс жылқысының аяғын тыйғантын. Бапкері де құнанынан сырбілгі ат бапкері Ақметжантын. Қарасұр айғыр, Кер ат пен Архаттың Қара айғырынан өңге ат «секіп», «желіп» келіп жатқанда, көмбеден ағындап шауып өтті. Кейінде Ахметжанаксақалдың айғырдан емес, үстіндегі баладан болды дегенін сан естідім. Бүкпесіз сөйлейін: Қарасұр айғ- ырды мінген бала облысымызга танымал қаламы жүйрік журналист, әрі сөз жүйрігі, өсіресе тақпақ сөздің ділмары Бәтташ Сыдыков болатын. Амалың қанша, сөзбен жарысу, сөз бәйгесі атпен жарысу, ат бәйгесіндей болмаганы гой.
Екінші келген қара аттың бапкері Оспанов Шәріпхан бәйге атқа көп шапқан, жүйрік аттың сыны мен сырына жетік кісі екен. Қара атқа мінген бала бәйге ат ауырлай қоймайтын қолтоқпақтай қара шал Шәкең баласы - қара мұрт Хамит еді. Хамит бұдан 25 жыл бұрын қайтты дүниеден.
Атқа шабушы екі замандаспен әңгімелесіп, «аттарын қалай шаптыға» тірелгенде, Жұманбай марқұм: - Ат қосушы екі ағамнан мынандай тапсырма алғам.
«Болыспай: - Атың құлашын жазған соң тұқырт- пассың. Ат саған бағынса, сен атқа бағын. Зәуі сайтан, Кер ат салғаннан шықпаса, онда кәдік. Сонда да қыспа. Ал шыққаннан шерте жөнелсе - кұдайдың бергені.
Ұлықбек: - Кер ат шыға салғандай болса, алдына түсетін жүйрік байқалмады. Атың әбден сабасына түскенше, топтан шығандама. Жер ортасына шекті ша- ңыңды үзбессің. Жер ортадан ауа жіберші еркіне керк- алқаны. Сонан бастап ұзап салмас па екенсің? Тепкіге түсіп «мен озам!», «мен озамға!» келе калсаң, тақымды қатты салма атқа, тек жебей бер тақымыңмен, көзін сүрте бер, Жұмаш!
Жұманбай: - Екі ағаның осы айтқандарын бұлжыт- падым. А дегеннен шықты Кер ат. Онға тарта бала біразға шекті үйдек-түйдек отырдық. Менімен үзеңгілеске келген ат болған жоқ. Тек, Күлменнің Ақтабан биесі, мінген баласын танитынмын, біразға дейін күйрық тістесе ілесіп еді, артынан калып қойды.
Ұлықбек: Хош, көңіл көкте. Кер аттың бәйгеден кел- ген қошеметіне күліп, қуанышының құшағында ұйық- тап шықтым. Таңертеңінде күндегіден сөл жайлау Мұқаң үстіне келейін. Менің іркілер орайым да жоқ. Өзім - той комиссиясының мүшесімін әрі бәйгіден аты келген, «бағы асқан»жігітпін. Ағалармен сәлемдескен соң, Мұқаңа қарай бердім бе, ол кісі әдетінше жөткірініп алып:
-Ұлыкбек, менде шаруаң бар-ау, сыртқа шығайын,

  • демесі бар ма?

-Мұқа, атыңыздың бәйгесі қайырлы болсын! Мен бәйгеге тиген ат бастатқан тоғызды таратқаным жоқ, сізге қараттым, аға!
-Пәлі, пәлі, азамат! Нені ойлап едің?..
-Той ағасы да, ел ағасы да - сізсіз. Ат бәйгесіне тиген атты жетекке аламын да, кер атқа мініп кеп, қазір сізге жұрт алдында ұсынамын.
-Әй,әй ...Ұлықбек! Оның былайша жөн көрінгенмен, арыдан ойласақ жөн шығар ма екен?.. Біздің ел бұрын- нан мұндай ұлы дүбірде озған атының бәйгісін аға ба- ласына бермеуші ме еді, ойланшы өзің... Жөн де, жол да соны айтады. Қазір бар да Кер атыңа мініп, бәйгесіне тиген атты жетегіңе ап кел де, облысыңның басшысы, Арғын аға баласы - ана Рымбек Ильяшовқа тізгінін ұстат, қалқам.
Содан, Мұхтар аға айтқанындай, бүкіл той халқы- ның көз алдында Рыекеңе бәйге басы атты сыйладым. Барша той жұрты: «Уа, пәлі, абайлықтар, білгендерің

  • бұл! Аға баласы - Арғындікі ғой орайы! Таптың аза- матым», - десіп өзімді марапаттап алды да кетті. Сөйтіп, бұл Ұлықбектің Абай атам тойында кемеңгер Мұқаң кеңесі, Керқалкамның өнері арқасыңда бір емес, екі мәрте мерей - мәртебесі көтерілгені бар.

Шәріпхан қарт (1974) айтқанды. Қара ат қас жүйрік еді. Кер ат болса, ол бір Ұлықбектің мәпесінде жүрген ат. Ол кездегі колхоздың жайы белгілі. Бастықпыз деп «жүнімізді сыртка қампайтқанымыз-бен», әманда жанымыз мұрынымыздың ұшында жүретін еді ғой. Иесі сондай жайда жүргенде оның мінген аты не күймен жүрмек. Қара ат күйсіз, қанжілік еді. Өйтпесе, өзің көргендей, көмбеден желіп қана өтер жүйрік пе ол? Кер аттан өнерінің кемдігінен, ие бабы табылмағандығынан емес, жіліксіздігінен қалды. Ал бәйгенің бесінші келген жүйрігі Ақбестінің бапкері көпті көрген
Абай туралы естіген білгені мол, Мұқаңа мағлұм Ермұса Телібаев хақында жазушының 1943 жылғы «Ақын елінде» очеркін сөйлетейік:
«Мұқыр - Тақыр бойында «Бірліқ» колхозына бастық боп отырған Ермұса да - үлкен әңгімеші. Бапты сабадан кұйылған сары қымызын сапыра отырып бір күн, бір түн нелер қызық әңгімелер шерткенде айтқанын қайта айтпайтын. Абаймен өзі тілдеспесе де, ұққаны мен қанғаны көп ірі әңгімешінің бірі осы - Ермұса». (М.Әуезов. томдық шығармалар жинағы, 8-том. 89 бет).
Осы адам Ақбестінің бабын келтіре алмады десек, аруаққа әм өнер иесіне де обал жасаймыз. Аты «Ақбесті» деп даңқталғанмен, дөнен еді. Жылқының ең әлсіз, күдірге шаба қоймайтын шағы осы дөнен жасы болуы тиіс. Ақан сері де Құлагерді дөненінде бәйгеден келді демей:
Құлагер, әкең - тұлпар, шешең - сұңқар,
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар, -деп қана әнге қосуы тегін бе?
Бізше, дөненді мұндай ұлы дүбір бәйгеде бесінші келтіру асқан бапкерге төн өнер. Ендеше, Ермұса Телібаев та белгілі ат бегінің бірі.
Ақын 100 жылдығынан бергі елуден астам жыл ішінде ауданымыздан сан жүйрік шықты. Қайнардың «Спутнигі», Саржалдың Көкторғайы, Абай колхозының Кербалағы мен Балакері, Бірліктің Жапалкүреңі мен Аймаңдайы, Құндыздының Садақжирен мен Құлақасқасы, Қызылтудың Кезбасторысы, Күлмендегі Мұқаңның - Қызыл жирені - әрқайсысы бір-бір елдің ұран шақыртқан жүйріктері еді-ау! Көкторғай, Кербалақ, Жапалкүрек, Қызылжирендер ауданымызды койып, облыс аралық ат жарыстарының алдын шайқаса, Алма- ты ипподромында Балакер ат «Абайлап!» ұрандап сан өтпеп пе еді.
Бұл жүйріктерді күйіне түсіруші бапкерлер есімдерін де еске алмақ парыз. Олар: Қайнарлык Кәрібай, Саржалдық Шаймардан, ҚарауылдықӘлімғали, Сабырбек, Бірліктік Дүйсембөй, Оразбек, Тоқтамыстык Өбіш, Жамқан, Қасқабұлақтық Тілеке мен ЬІбырайша, Құндыздылык Балтабай т.б. марқұмдар.
Бергі 5-10 жыл беделіндегі жүйріктер мен ат бапкерлері ше? Жоқ ағайын. Жүйрік атты да, атбегіні де атауға қаламым түгіл, тілім шоркақ тартады. Өйткені, қатарын мана санап өткен сан мерекенің ат бәйгесінде жерге қарап қалган бұл аудан. Өлде Шьнңыс өңірінің жылқысы азып, топырыш торы, қойшы коңырына қарап калдық па екен? Жоқ, жоқ тағы да жоқ! Біз мұнымен Абай елі, Шыңғыс жерінде жүйрік әлі үзілген жоқ, тек жалпы жылқыға, өте-мөте жүйрікке деген қам- қорлық, құштарлық, үзілді дегіміз келеді. Өр пенде ақын бола алмаса, әр жылкы жүйрік те бола алмайды. Ендеше кейінгі салтымыз - 100 саулықтан жүзден артық қозы өсірген, қалса шаруашылықтың, асса аудан басшы- сының «кенже ұлы боп алшаң басатындардың қам жыл- қысын тосьш қоса салып, содан аруақ шақырар желді- аяқтарды шығара қоймақ үрдіспен жүрдік қой. Жоға- рыда аттары аталған жүйріктеріміз «жылқымен көзі шыққан» парасат иесі қариялардың көңіліне қонған. Тізіінен ұстап шөп үздіріп, тұнығынан сүзіп су, желпіп отырып жем беріп, орнын сәби жөргегіндей құрғатып, бөбегіндей әлдилеп мәпелеуімен шабушы еді ғой.
1954 жылдың 1 май тойы бәйгесіне қосуға әкелген Мұқаңның Жирен төбел атын (Мұқан Қызылжирен деп атауды ұнатқан) косылар түнінде кергенімде (сағат таңғы үш шамасы) ноқтасын сыпырып, тап-таза қораға бос жіберген екен, сартылдап аяңдап, түскен сұлы дәндерін бір-бірден теріп жеп жүр екен. Ат жалт-жұлт карайды, (Мінезі ауыр, жайда жүрісі салбыр болатын) ширыққандай. Таңертеңінде бапкері Ыбырайша картқа айтып едім, жүзі нұрлана күліп:
- Ой, оның таңертең әзер оянды, барсам, қорылдап жатыр, - деді. Сол күнгі шапқан-ай жануардың. Ол кез- де Көкторғай, Көкайылмен, Аймандай, Жапал күрең, Кезбастардың баршасының бар кезі. Айналма бәйге болды. Жирен ат шыққаннан алда еді, 32 шақырымдық бәйгеде, сол бетінде, еш жүйрікті капталына келтірмейозып келді. Бірінші айналымда желтоқымы, екінші айналымда ішпегі ұшып түсіп, мінген баласы - Сер- кебаев Бакытбек маркұм ердің құр басымен кеп еді.
Бағана той балуандарының аты-жөндерін толық ата- мағанбыз. Шындығында, тойдың бас балуандары - Абыралы мен Ақсуат балуандары болды. Балуан бәйгесінің түйе бастатқан тоғызын Кажымұқан алса, ол - қазағымның атын әлемге танытқан жойдасыз күш иесіне деген халқының құрметі - сыйы. Батыс қанаттан, Абыралы тобынан түскен балуанның аты Өшкен екен. Жасы сол кезде қырықтың жуан ішінде болар. Әшкен 1920-1930 жылдар ішінде Семей - Қарқаралы өңірінде талай күштіні бүктеген, жауырыны жер иіскемеген балуан болыпты. Оны Қажымұқан мен Мұқаң жете таниды десті. Спорттық бақ әм спорттық сәт деген бар. Сол бағы таятын сәт Өшкенге осы ұлы тойда келді. Әйтпесе, бір тойда қатарынан екі жығылар ма?! Әшкенді екінші рет жыққан шұбартаулық Өбдірасыл сері.
Енді Абай 100 жылдығында жыққан балуанға айы- рықша тоқталуымыз қажет. Төлеу ақын балуандар күресі туралы:
Балуандар жағаласып жармасқанда,
Алысып, айдахардай арбасқанда,
Балуаны Ақсуаттың лақтырып,
Астына бір балуанды дәл басқанда.
Атылған айбат шегін арыстандай Шығарды бұрқ еткізіп шаңды аспанға, -деп толғанды. Дәулен жайында абайлықтар есінде жүрген жөне бір оқиғаны келтірейін.
Дәулен балуан 1947-1949 жылдарда Абай ауданы- ның шикізат дайындау мекемесінің қоймашысы болып істеді. Сонда 1949 жылдың 7 қараша тойында Абай 100 жылдығында үшінші жұпта күресетін Желдібаев Төлеуғалимен күресті. Ол әдетінше Төкеңді атып жіберді. Төкең ұстастырмай алдап түсірді, қайта шығар Дәуленді деп тұрып алды. Төкең адуынды өрі ел құрметіндегі адам, өңештеп болмай қойған соң, Дәулен: - Әй, Төке, менің бір адаммен бір жерде екі күреспейтін әдетім еді, егер қолым тимеді десең, жауырындабес саусағым таңбасы калмаса, ертең таңертен осы араға кел және ұстасып көрейік, - деді.
Төлеуғали: - Шіркін, Дәулен шын балуан ғой. Ертеңінде айнадан қарасам, жауырынымда мөрдей ба- сылып бес саусағының ізі қалған екен. Ақымақпын ба, одан кейін Дәуленнін қарсысына бармадым.
Жаңылмасам, 1945 жылдың мизамының 24-і күні бесінде Одақтың көп жерінен келген қонақтарды бас- тап, Семейден той ауылына Мұхтар Әуезов кеп түсіп, қанаты жайылған жүк машинасының үстінде Абайға арнап ұзақ сөз сөйледі. Бұл менің Мұқаңды алғаш көруім еді. Шамасы, Мұқаң келбетіне, дауыс мәнеріне тәнті болған шығармын, әйтеуір бір сөзі де жадымда қалмапты.. Жасым 78-ге келді. Одан бері сан жиын, той-мереке атаулыны көре жүріп, Абай 100 жылдығындай халқының баршасына қызығы түгелдей жеткен, еңбектеген баладан еңкейген көріге дейін жүрегін қуантқан ұлы мерекені айта алмаймын. Ауданымыз бір Мұқаңның 60, 70, 80, 90, 100 жылдық бес бірдей мерекесін, Абайымыздың 125,150, Шәкәріміміздің 130 жылдығы тойын өткізді, қонағын күтті. Бәрінде де аруақ қолдап, аудан жұртшылығы ұятқа қалған жоқ. Қайта өр мерекеден соң ұлылар елінің даңқына даңқ косылып отырды. Ішіміздегі кей мақтан сүйетіндеріміз «Біздің Абай елі мұндай санама қонақ түгілі бар қазақты бұдан 150 жыл бұрын күтуге жараған. Бүгін де бұл сөз бе?»,- деп те жүрді. Алайда бізше кейінгі тойлардың бірде-бірі бүгінде не қажеттің бәрі табылып тұрғанда, соғыстан арып-ашып шыққан жұрт өткізген, Абай 100 жылдығының ас-тойына тең түсе алмаса керек. Біз кейінгі той-мерекелердің қонақ күту, салтанаты не тәртібіне көңіліміз толмай айтып отырғамыз жоқ. Онысының бәрінде көп жоқ. Өттең, кейінде бұқара ха- лықтың бар тобына бірдей жеткен той қызығы шықты ғой. Бұл тойлар тамашасы мен қызығы қалың бұқарадан гөрі ірікті топқа, «ең жақсылар» қауымына тиесілі болып келгені шынның шыны емес пе еді. Олай болса, міннің де міні сол болмақ. Осы арада Шашубай Қошқарбаевтың үш арманын паш етейік. Жоғарыда Өлихан мен Тәуке батыр туралы естелік айтушы Кенжебаев Жұмағазы сөйлейді:
«Мен 1948-1950 жылдарда басыма іс түсіп, жыл кесіліл Ақтоғай станциясы түбіндегі еңбекпен түзеу лагерінде болдым. Кесікті күнімді өтеп шьнып, жүдеу киіммен Ақтоғай станциясындағы жүгіртпе базарға келдім. Базардағы аз кісінің арасында, соңында шұбырт- қан әр жастағы адамдары бар бір қарт жүр екен. Сұраға- нымда әлгі карт Шашубай ақын боп шықты. Келіп сәлем бердім. Шашекең жөнімді сұрады. «Абай елінікімін, ла- герден шыққан бетім» деп едім ары қарай сөйлетпей, үйіне алды да кепі. Әбден жүдеп шыққан басым, аптадан артық жатқанымда, құр аттың күйіне түстім.
Шашубай ақын: «Шырағым Жұмаш, сөз ұғарлығың бар екен. Тәңір берген аз өнерім арқасында, халқымның құрметін көріп, әжептәуір жасқа келдім. Өзімнің паруайым болса, көргенім көп. Байқап отырсың ғой, мен перзентсізбін. Бірақ ол маған арман емес. Арманым өңгеде. Мен де балалы болғанмын. Жеткен 4 ұлды 31 жылдың аштығына бергем. Арманымның күллісі ұлы Абаймен байланысты десем де болады. «Қошқарбайдың Шашубайымын, болғанда малға кедей, сөзге баймын»,- деп асқақтаймын-ау, бірақ аузымның дуасы шамалы болды.
Ертеректе Нарекеңе-Нармамбет Орманбетұлына еріп, Жетісу баурайына барыш, бір бай үйінде қонақтап жаттық, өзіміз бесеуміз. Қайтпақшы боп отырғанымызда, таңертенгі шай үстінде сәлем істеп бір әйел кірді үстімізге. Үсті-басы таза, біраз аялдап отырып, «Мен сізге келдім. Адасып жүрген бір қарындасыңызбын, көп Тобықтыдан боламын. Ерім мына байдың койшысы. Бір уыс сүйегіңізбін ғой, қорашсынбасаңыз, от басында болып, дәм татсаңыз деп келдім, аға». Әйел жылады. Нарекең іркілмеді: «Қазір барамыз,қарағым», - деді. Байды ертіп туысымыздың үйіне келдік. Бай малшысының үйі дейтін емес. Үй іші тиянадай. Дәмді де баптап берді қарындасымыз. Дәм соңында ықылас білдірмегіміз бар. Сонда күйеуі екеуі қолын жайып отыра қалды да, қарындасымыз:
Нараға, мал тілемеймін Төңірден, дәм жазып, мына күйеу балаңызбен қосылғаныма бірқыдыру жыл болды, бір шыр еткенге зармыз, аға, - деп және көзіне жас ірікті. Нарағаң көңілі келгеннен риза секілді еді, енді тіпті тебіреніп кетті:
Жеті өлікке жан берген,
Жеті қатқа өң берген.
Адамзатқа әр берген,
Қара жерге нәр берген Жаратушы сенен!
Бабай түкті шашты әзиз Тіледім сенен!
Осы карағымның маңдайына ырыс бер, Берсең ырыс, дұрыс бер. Ернін ұлға тигіз, уысын пұлға тигіз аллау- акпар! - деп бата берді. Содан бері көп уақыт өтті. Кім есте қалады, қарындас та ұмытылды, өзімізден де ес кететін уақыт жетті. Бар бала-туыстан 1931 жылдың аштығында айырылып, қу басым қаңғып Қарқараға бардым.
Буын кетіп, әл құрып жүргенімде бір бәйбіше, өңіме үңіліп тұрып қолымнан ұстап, жетектеп алды да кетті базардан. Үйіне келіп «Нарбай, а, Нарбай, Шашу шал екеуің мына нағашыңды шомылдырыңдар қазір» деді. Зіңгіттей екі жігіт шешіндіріп, әбден тазалап, жуын- дырды, үр жаңа киім әкеп киіндірді. Екеуі, нағашылап үстіме түсіп жүр. Айран-асырмын, тамаққа әбден тойғызып, көрпемді жауып салды. Ертеңгі ас үстінде әлгі бәйбіше маған қарап: «- Шашу аға, мені танымадыңыз-ау»,- деді.

  • Танымадым, қарағым, - деймін.

  • Шашуаға, баяғыда Нарекең бар, бес кісі келіп, шаңырағымыздан дәм татқаныңыз бар еді. Нарекеңнің батасы тиіп, содан мына бес жиеніңізді көрсетті алла! - деп отыр. Сол жылы қарындасымыз тұңғыш ұлына жүкті болып, босанғанда атын Нарекеңнің есімінің бас бөлегін алып - Нарбай, екінші ұлына менің есімімнің бас бөлегін алып Шашу шал, қалған үш ұлына да сол жылғы келген үшеуінің атын қойыпты. Не керек, жетісіп қалдым, бүл күнге шекті от оттап, су ішуіме

осы қарындасым себепші болды. Міне, Жұмаш, На- рекең аузының дуасын қарашы. Мен ондай болмадым ғой. Абайдан көп кіші емеспін. Ол жарықтық дүниеден өткенде қырыққа ғана толған едім. Бірақ мен Абайды көрмеген кісімін. Алдында болмадым. Неге дейсің? Абайдан қорықтым. Естіуімше, Абайдың алды қатты. Әй, осы жолы Абай ағама барармын-ау деп шығам да, Бақанасқа бір-ер қоналқа жер қалғанда қожырай бас- таймын. Осынымды Нарекеңе айтып едім:
- Сен Абай ағаның алдында жөн отыра аласың ба? Бірдеңені бүлдіресің де, Абай мәңгілік жуылмайтын сөзбен өлтіріп салар. Сен Көкбайдан әулие емессің. Ал сол Көкбай, Өріп, Шәкәрім үшеуін бір-ақ ауыз өлеңмен бүктеп тастаған Абай. Бармағаның жөн де болар, - дегені Нарекеңнің. Апыр-ау, айтса ол Абай және өзімнің ағам. Неден қара басты мені. Неге алдын көріп жүздеспедім деп қатты армандаймын, Жұмаш қалкам.
Бұдан соң, сол Абай ағамның 100 жылдық тойына және бара алмадым мен. Дүниесі кұрғыр, жаңадан үй салғызып жатыр едім, мына кемпір «бір кетсең, жоғала- сың да, үй бітпей калып, ел жұртка күлкі боламыз»,- деп ал зарласын кеп. Құдайым-ау, баспанасыз емес едім, келесі жылы да бітер еді ғой сол үй. Міне, менің көкірегімде осы үш қиял - арманымның үлкені, ең зоры боп жүр.
Сонымен, біз данышпан бабамыз Абайдың ғасырлық той мерекесі туралы көргеніміз бен білгенімізді, сезімімізге еткен әсерлерін әңгімеледік. Енді күллі әлем халықтары мерекелеген 150 жылдық тойын сөз етсек дейміз.
Абайдың 150 жылдығы шығыс халықтарының арғы бергі тарихында болып көрмеген көлемі, теңдесі жоқ қызықтылығымен ерекшеленді. Тойға тігілген киіз үй саны 1500-ге жетіп, Қарауыл биігін батыс іргесіндегі ша- лқар жазыққа көше-көше боп тнілді. Ак шаңқан киіз үй қаласы Шыңғыстау бөктерін сәулетке бөледі. Сәулет қана емес-ау, күн нұрына шомылған сол қала түн қара- ңғылығын білмей бір ай бойына халқына деген Абайдың өз жарық сәулесіндей нұрға бөленді. Ілияс Жансүгіров Сағынайдың асына қатысқан адам санын өлеңге қосып:
Асына Сағынайдың ел жиналды,
Бас қосып үш жүз бірдей мұнарланды
Бойында Қаркаралы, Қу Ереймен Мың сән қол бұлтша шөгіп жатып алды. Қайнаған қыбыр-қыбыр құрттай болып, Сарыарқа мал мен басқа кетті толып.
Теңіздей жер қайысқан келген қолға,
Тұмандай шаң-тозаңы көкті шалып, - деп тол-
ғайды.
Ал 150 жылдықта келген халық саны елу мыңнан асқан. Оның сыртында тойға арнайы рұқсат қағазбен ғана жіберіледі деген дақпыртпен келе алмай, келсе, Семей қаласында қалып, тек Семейдегі той қызығын көріп қайтқан жұрт каншама?!.
Тойға арнап тігілген киіз үй санын 1500 дедік. Бұл қазақ жерінің түкпір-түкпірінен ұжымдар мен кеңшар- лардан, завод, фабрика т.с.с. ұжымдардан аудан, облыс әкімшіліктерден тойға арнап әкелінген үйлер ғой. Киіз үй әкелмеген мыңдаған адамдар қайда жайғасты десеңіз: ол ағайындардың көбісі күндіз автокөліктерінде болып, кешінде көліктеріне әрі тұрақ, әрі өздеріне демалыс орны үшін Қарауылдан үй жалдады. Жасырары жоқ, үйлерін, аулаларын жалдай, қалтасын қалыңдатқан, сонысымен мақтанып жүрген көп жас азаматтарды көрдік. Қарттар болса, «кой, Абай атамыз тойынан пайда таппай-ақ қояйык»,- деп, үйін, ауласын тегін берсе, жастар жағы Абай тойынан қалтасын қалыңдатты. Аға ұрпақ «қонақасы, жатын орын - қазағымның басты еншісі» деген ежелгі үрдісімізді ұстанса, жастар нарық заңын қолданды.
Той жұртын азық-түлік, сусын тағы басқа күнделікті қажетті нөрселермен жабдықтау мінсіз ат- қарылды десек, асырғандық емес. Киіз үй қаласындағы жұрт өз тамағын, ас-су дегендерін өздерімеи бірге әкелгендер ғой. Ал, өзге жұрттың қажеті Қарауыл іргесіндегі сауда қалашығында өтелді. Отын, су демекші, той күнінен ай бұрын Қарауыл жазығынан ауыз су көзін іздеу, зерттеу жүргізілді де, жер асты су қоры табылды. Содан, киіз үй көшелері бойыншасу құбыры тартылды. Осылайша той ауылы су тап- шылығын көрген жоқ. Су тасу әбігерінен, күніне той үйлеріне шандатып келетін 150-200 су автомашинасы тасқынынан құтқарды.
Сондай-ақ, той бәйгесіне қосылатын аттарға да «ашық аспан қорасы» жасалды. Тіпті, бәйгі үстінде аяғы кетіп, діңкесі кұрып «тезек терген» аттарды қамай тұратын, той жұртшылығынан екі шақырым оңашаға да шарбақ қора жасалды.
Президент және оның қонақтарына күллі той халқы көрер, көрінер биіктікте, партерде мың сан халыққа, палуандар айқасатын майдан алаңы, ойын- сауық қойылар сахна секілді арнайы орындар болды. Палуан күресі, ойын-сауық та сонда қойылып, қыз қуу, теңге алу, цирк нөмірлері, атты әскер ойындары көрсетілімдері мен жорға жарысы, аттар бәйгесінің қысқа қашықтықтағы (20 шақырымдық) және ең бәсекелісі 40 шақырымдық бәйгесі халық алдынан өткізілді де, оны той халқы мейлінше қызықтады.
Тойдағы жүлде беретін әр түрлі төрешілер шешімін тыңдаған халықтың көңілін айырықша бөлген бір ха- бары - киіз үйлерге орын тағайындаған хабар болды. Тойга тігілген мың жарым үйдің ұлттық өрнек пен өсемдік үйлесімі табылған деп танылып, бас жүлдені жеңіп алған үй - Семей облысының Үржар ауданының үйі болды. Егер үй көлемінің үлкендігін атасақ, Өскеменнің 24 қанат үйін атаған болар едік.
Енді біз Ұлы ақынның 100 жылдығының көркем шежіресін жырлаған Төлеу ақынның шәкірті, марқұм семейлік Қалихан Алтынбаевтың той өсері суымастан жазған өлеңінен үзік-үзік үзінділер келтіріп отыруды жөн деп білеміз. Суреттеме - дастан аты - «Жер кіндігі - Қарауыл».
Төлеудей шалқар емес, шақ қанамын,
«Соған шәкірт болғам» деп мақтанамын. Абайдың жүз жылдығын Төкең жазды,
Мен бүгін жүз елуге тоқталамын.
Мың тоғыз жүз тоқсан бес- айы- тамыз,
Өзі аңыздан жаралған Қарауылда Бір той өтті секілді ертек, аңыз.
Осы той бес жыл бұрын хабарланды,
Адамдар алдын ала дайындалды.
Басталып тойдың басы Лондонда,
Аяғы Қарауылда тамамдалды.
Стамбул, Париж, Алматы, Мәскеу, Семей, Қарсы алды келгендерді «кімсің?» демей.
Асыл сөз Абайға арнап актарылды.
Даяшылар жаланып әлекедей.
Бұл жолдарды акын толғауының кіріспесі деп қарайық та, ақынды ағылтайық!
Нұрсұлтан ұшып жетті тік ұшақпен,
Қарсы алды халық оны кең кұшақпен. Барлығы бір кісінің баласындай,
Мүлде «жоқ алауыздық, қырық пышақпен». Күн өрлеп тас төбеге жеткен шақта,
Көп машин бет түзеді батыс жаққа. Жиырмасыншы ғасырды дүр сілкіндірген, Парыз ғой тағзым ету ұлы аруаққа.
Барған соң ұлы дүрмек «Жидебайға»
Бас иді - Шәкөрім мен ұлы Абайға.
«Ғаламның сегізінші ғажабы» деп,
Президент баға берді мына жайға.
Басқа сөз, басқа теңеу жараған ба,
Кесене әсер етті әр адамға.
Басындағы тақияң жерге түсер,
40 метрлік биіктікке қарағанда.
Аспанның қос діңгегі сияқтанған,
Қос кесене тұңғиық сыр ақтарған,
Аппақ тастан өріліп, сап түзепті,
Бұрынғы ескі бейіттер құлап қалған.
Енді аз болса тиердей басы бұлтқа,
Кесене таң көрінді барған жұртқа.
Президент лента қиып, сөз төгілтті,
Шешен ғой танымал-ды барлық ұлтқа. Саңылақ жүйрік қалай ағындаса сыйымды. Қазақтың самалды Сарыарқасы жаралғаннан бері бұл ұлан даладаОсы кесененің бастапқы үлсі қазақ киіз үйлері, әсемдігі хақындағы ақын жырына кұлақ түрейік!
Жиырма төрт канаты бар Өскеменнің Аумағы бар жұртындай көшкен елдің Тұп-тұтас көк темірден пісіріпті,
Ісі осы техникасы өскен елдің.
Өйтсе де Үржар болды бас жүлдегер,
Князьдың сарайындай көрсең егер.
Ескі мен жаналыкты үйлестірген Десеңші неткен саусақ, неткен шебер!
Биік тақтай еде, көк қақпалы,
Сән басқыш, өрнекті есік кос жаппалы,
Уықтары күптеген аллюминмен,
Шым жібектен есілген бау тартпасы Баяғыда Омбыға патша келіп,
Деуші еді «Шыңғыс үйін көп мақтады». Сондай-ақ ЮНЕСКО-лық Майор мырза, Таңырқап, қайран қалып, мін таппады.
Бәйге, айтыс, күрестен құры қалган Облыс бедел алды Үржардан.
Майордың «ғажап» деген жалғыз сөзі Аңыз боп ел алдында кете барған.
Ұлттық ат үсті ойыны әдетте қыз қуумен басталма- ушы ма еді. Тыңдайық ақынды.
Қыз қуу тамашаяың бір төресі,
Әркімнің бұған қызар делебесі.
Қу түлкі құйрығымен алдағандай,
Бұл жолғы қызық болды ережесі.
Әр қыздың мойынында алтын алқа Жігіт жетсе, соны алмақ жұлқа, тарта.
Жете алмай өзі қашса, қамшы жейді,
Арқасынан түскенше ұшып жаңқа.
Он жұп боп сұрыпталды қыз, жігіттер,
Қымбат алтын алқадан бәрі үміткер.
Жеті қыз жөнелді жігіт қуып Басқаға алаңдамай, көз тігіп көр.
Көкпектілік Анаргүл көзге түсті,
Аты жүйрік жеткізбей құстай ұшты.
Киімі үстіндегі жалт-жұлт етіп,
Өз де өңді қыз боп құртты мысты.
Жігіт қашты бүркелеп бетін жауып,
Желкеңе жуан қамшы төнді хауіп.
Анаргүл қамшы үстіне қамшы үйіре, Президенттің алдынан өтті шауып. Мұнараның басында нысана атым Тұрған жаршы - Үржарлық Құсан ақын, Қолма-қол өткір шумақ айтып салды, Мұндайда Құсан ба екен тұсалатын,
-Соқ бойжеткен, қамшыңды аямай соқ!
Қыз сабаған жігіттің арманы жоқ,
Соңыра қартайғанда айта жүрсін Арқасының тыртығы ескерткіш боп.
Жігіт ептілігінің дәлеліндей теңге алу бәсекесі қайда делік те!
Осылай Құсан сері ду күлдірді Тілінің қыршаңқысын бір білдірді.
Теңге алу басталды да, үміткерді Шытқа түйген мың теңге ұмсындырды. Жарманың бір жігіті қи сыпырып,
Жайраңдап шыға келді бір жұтынып,
Ала алмаған жігіттер тұнжыраңқы, Көмескілік жапқандай ай тұтылып.
Атың болсын аласа бас бармақтай
Қолың болсын ұп-ұзын жез қармақтай
Денеде ашаң, арық, жеңіл болсын
Жел үп етсе ұшатын боз қаңбақтай
Бұл үшеуі сай келу өте сирек
Бақыттыға, ептіге есе тимек
Мал шіркін арыстанның аузында ғой
Сағың сынып, жігіттер, болма күйрек. Халқымызда мұндай ұлы мерекелі той түгілі, жайшы- лықтағы жиынымыз арыс күшін сынар күрессіз өтер ме? «Күрес» деп жаршы даусы шықты қатты,
Жөңкіліп жұрттың көбі сонда тартты.
Аю мен жолбарыстың айқасындай.
Кілем үсті қарбалас болып жатты.
Бәрі де аптық келер алғашында,
Бір аздап сөз түседі сабасына,
Жер құшты павлодарлық, ілінген соң
Жамбылдық Жақитовтың жамбасына.
Таңдап алып шетелдік маркасынан
Машина сыйға тартты Жақитовқа. «Жарайсың!», - деп қақты да арқасынан.
«Түйе палуан» Самат болды Марқакөлден Оған ешкім шықпапты жалпақ елден.
Жүз отыз килограмм салмағы ба
Қажымұқан ба өмірге қайта келген.. ?
Ат бәйгесіне аяқ бассақ, ат үш топқа бөлініп бәсекелесті. Біріншісі - әрине, жорға жарысы, екіншісі _ жиырма шақырымдық жеңіл бәйгі, соңғысы 40 шақырымдық аламан бәйге. Бұл өлкеде соңғы кездегі ала- ман бәйге 32 шақырымнан аспаған еді. Сонау ертедегі аңыздап сөйленетін астарда, аттарды қоналқаға жібергінде, бәйге қашықтығы жетпіс шақырымға тар- тқан. Мысалға Өскенбай асындағы ат шапқан жер қашықтықтағы 64 шақырым, ат шыдай ма деп күдікгінбеңіз жылқы жарықтықтың бабы табылса, жер өлшеу болмайды екен. Ақынға сөз берейік!
Баталды ең әуелі Құнан жарыс,
20 шақырым - жер емес онша алыс.
Әйтсе де талай атты қалжыратты,
Ыстық күн, кесек бәйге, үдей шабыс.
Бірінші аты келді Қызыл Орда,
Ежелгі астанамыз, ескі қорда,
Қырғыздың жорғасының бағы жанды,
Тайпалып жөнелгенде өңкей жорға.
Жүз отыз ат қосылды аламанға,
Аламан желік берді әр адамға.
Шетелдік машинадан бәрі үміткер,
Басқаны сыйпығым деп санаған ба.
Аламан жарылқады он екі атты,
Бес-алты ат өлімтік боп жолда жатты.
Дәріден бе, полигон зәрінен бе,
Ойлантты осы жұмбақ жамиғатты...
Қазақи жылқылардың созып бұтын,
Жол алды дегерестік асыл тұқым.
Жамбылдың облысының тұлпары озып
Таралды осы хабар елге мұқым.
Жалпы жиыны бұл той бәйгесіне біржарым мыңға тарта қыл кұйрықты жықы малы салынды. (Біз қыз қуу, теңге алу, цирк, әскери ат ойындарына пайдаланылған аттарды және жорға, жеңіл аламан бәйге жарыстарына қосылған сәйгүліктерді қосып отырмыз). Бір жорға жарысына үш жүзден, жиырма шақырымдық жеңіл бәйгеге төрт жүзге тарта ат қосылғанын ескерсек, сол сан шығады.
Ат бәйгесіне ақын көп тоқталмаған. Онда біздің көңілімізге кірбең келтірген жайлар баршылықтын.
Ақын аламан бәйгіге шапқан аттан бес-алты жүйрік «өлімтік боп жолда жатты», «қазақы жылқылардың со- зып бұтын, жол алды дегерестік асыл тұқым» деген өлең жолдарымен сездірген өз пікірін.
Біріншіден, аламан бәйгіге шапқан аттан 4-5 ат көмбеге 1-1,5 шақырымдай жерде шауып келе жатып жығылып түскен бетінде өліп кетіп жатса, үшінші келген бір ат, көмбеге 15 метрдей қалғанда жығылды да, өлді. Мінген баласы өліп кеткен атының жүгенін сыпырып алды, келесі ат келгенше, жүгенін ұстап мөреден өтті. Ал, бірінші келген қордайлық дегерес тұқымдас ат, бәйгіге тігілген «Мерседесін» алысымен 100 метр жүруге жарамай өліп кетті.
Жазушы Медеу Сәрсекеев кейінде «бірінші бәйгі Көкшетаудың қаракөк атынікі еді, әттең бала ат басына ие болмай қаракөк оң жаққа бұра тартып, басы үзеңгіге ғана жетіп келе жатқан екінші атты өткізіп алды» - деп жазды.
Той қызығын тамашалаушы халық ат жарысындағы бәйгі аттар өліміне зор күдік келтірді. Біз де сол күдікті бөлісеміз. Неге ағындап шауып келе жатқан аттар көмбеге аз қалғанда сүрінбей, бірден өліл кетеді?..
Бірінші келген жүйріктің 10-15 минуттан соң кенеттен жаны үзілетіні несі?! Күмән «допинг» деген пәле екен. Спортта хайуан атқа түгілі спортшы кісіге де өзін- өзі білмей кетіп, аласұртып, қанын құтыртатын дәрі егіп, белгілі уақыт мөлшеріне лайықтап береді екен. Жұрт өлуші аттар сондай арамзалық кұрбаны болды деп күдіктенгенін әлі сөйлеп жүр.
Енді «қазақы жылқылардьщ созып бұтын» - деген ақын сөзін тараталық. Ұлы той басталмақшы 10 мизәм күнінен бір күн бұрын, 9 мизамда ежелден көруге құмартып жүретін, Адайдың көк мойынының тұқымынан шыққан жүйріктерді көргім келді. Сұрастырғанда ақын кесенесін салушы шеберлер басшысы Тоқтамыс Сайын Маңғыстаудан екі «КамАЗ»-бен Адайдың көк мойыны тұкымынан үздік шығып жүрген бес жүйрік аттың әкелінгенін айтты. Адайлық ағайындар Көлқайнардың батысындағы бір қыстаққа тоқтап, аттарын баптап отыр екен. Жерлестеріне Сайын бізді алып барды. Бапкері төрешілер алқасы өткізбекші жиынға кеткен екен. Көп тостырмай келді. Елуден сәл асқан, екі таяк таянған кісі екен. Өзі - жылқышы. Біраз бұрын мертігіп қалыпты.
Сәлемдесіп, «атыңыз бәйгелі болсын!» - деген тілегімізге көңілсіз жауап қатты да: «Атымыз шаппайды бұл аста»,- деп салды. Біз таңырқай тыңдастық. «Бес мың шақырымдық қашыктықтан екі «КамАЗ»-бен несін әкелген аттарын?..» дейміз - дағы. Оны сәлден сон ашық айттық әрі аттарының бұрын білінген өнерлерін сұрастырдық.
Барушы біздер Өскенбай асына қатысып, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуші Өтепберген молланың немересі Ша- лағанұлы Фазылбек ақсақалды қолкалап ерте барғанбыз. Ол - ойланбай, толғанбай сөйлемейтін салмақты, сырбаз кісі. Сайын Тоқтамыс - болсын, болмасын өнер иесі ақын. Сайын - дәстүр дегеніңізді «менен сұра» - дейтін азамат. Ат иесін құлай тындаймыз.
- Мына Сұрқұла Түркменстан мен Маңғыстауда аңыз болған ат. Жасы онда, осыдан үш жыл бұрын Ашхабадта Түркіменстан президентінің мерей тойы болып, Қазақстаннан жалғыз барып жалғыз атты, осы Сұрқұланы қостым. Көп аттың алғы легінде келіп- келіп, соңғы айналымда ағылмайсың ба жануар. Мәреге жалғыз қара болып, қос құлағы қоян құлағынша жымырылып, құлаштаған бетінде төрешілер отырған жерге келді де, үркіп, халықты айналып шауып өтті. Төрешілерге барсам, атың мөреден өткен жок деп бәйге бермейді.Айқайлап, ойбайлап жүріп Президентке еттім. Түрікменбашы дауыс зорайткышпен: «Түркімендер, сендердің баққандарың жылқы емес! Есек! Есек! Қазақтың бәйгесін беріңдер! - деп айқай салды. Бас бәйгісі шетелдік «Мерседес» машинасын иелендім. Одан беріде де Сұрқұла алдына ат салмай келіпеді, биылғы9май бәйгесінде мына бір Көк ала бесті жеңіп озғаны. Ал өзіме мына Сарықаска бесті ұнайды. Осы ұлы бәйгіде бағын ашпақ едім мұның, әй сәті болмады енді...

  • Неге олай дейсіз? Аттарыңыздың жарауы келіп- ақ қалған секілді ғой...- дейді Фазыкең.

  • Жоқ, ағасы! Өзіңіз қараңызшы, бәрі де тасырқап, жер баса алмай мамырлап жатыр емес пе?!. Осында келгеннен бергі күніне бір мезгіл аяңдатқанға тұяқтары шыдамады. Бесеуі де ақсап тұр. Бұлар құмға шабатын аттар. Бұл жер өте қатты, тасы ұсақ, қиыршық. Ат тұяғын жеп қояды екен. Біздің аттар шаппаса керек мұнда. Бәйгеге бірі де ілікпейді.

Шынында, қарасақ, бәрі калақтай жұка тұяқ. Жай тұрып, жерді баса алмай, аяқтарын кезегімен көтере береді. Шіркіндердің мүсіндеріне көз тойғандай! Бас- тарында қырым ет жоқ, кескіл бас, кұлан жал. Кеуделері көріктей, алды тік біткен, қабырғалы, бөкселі, шөмек, шынтақтары сыртқа қарай түрулі тұр, құлақтары тас төбесінде, камыстың қияғы дерсің.
Ат шапқаннан бастап әр айналым сайын екі көзім сол бес атты іздеумен болды. Аламан бәйгінің аттары бірер айналымнан соң, үш буын боп шауып еді. Соңғы айналымға шекті Маңғыстаулық Сұрқұла мен Көк ала бесті іркес-тіркес шауып алдыңғы лекте жүрді. Соңғы айналымда мәреден өткенде екеуі де жоқ болды. Сай- ыннан сұрасам Қарауылдың төсіне қарай ең соңғы ұмтылыста мөреге жетпей екеуі де қалт тұрып капты. Қараса екеуінің алдыңғы аяғына да тас кірген.
Сонымен, ұлы бәйгенің алдыңғы жүлдесін қазақы аттар ала алмады. Бар жүлде асылданған жылқы тұқымдарында кетті. Жарайды, тұқымы асылданған жүйрік дейік. Аттардың жүгіру қарқыны да жоғары болды.Мәселен, ақынның 125 жылдығындағы бәйгі аттар қарқынын өлшегенімізде аттар шабысының ортақ жылдамдыгы сағатына 33-35 шақырым еді. Ал, мұнда аламан бәйгідегі аттар шабысыньщ ортақ жылдамдығы сағатына 38 шақырым болды. Қуанарлық қарқын -бұл! Бірақ, бізді өкіндіретіні - осынша бәйгі аттар ішінен осыншама қашықтыққа шапқанда бір жылқының ертедегі-дей құйысқаны сартылдап, бүктеле, қызып шауып, алдағы аттарды біртіндеп тастап озбағаны. Соны көрмедік!
1954 жылы 7 қараша күні осы Қарауылда Абайдың өлгеніне 50 жыл толуына арнап ат бәйгесі болғанда, Бірлік ұжымының, Аймандай аты озған еді. Аймаңдай аттың сол күнгі шабысы 32 шақырымдық соңғы айналымдағы алдыңғы аттарды буып тастағандай етіп, ағындап озғаны қандай еді!.. Қазақы жылқының қас жүйрігінің жері ұзақ болғанда осылай шапса керек деп өлем көрермендеріне көрсетсе болғандай еді. Біз әлде ескіні көксеп, кері тартып отырма екенбіз. Әйтеуір, осы бәйгеде өте мәнді бір нәрсе жетпей қалды. Қалихан ақын да соны іздеді деп ойлаймыз. Байқауымша, Көкшетаудың екінші жүлде алған қара көк аты қазақы тұқымнан ба деп едім. Сол ат Жамбыл ақын- ның бір жылдан соңғы өткен аламан бөйгесінде бірінші боп келіпті деседі. Абай тойының аламанынан аяғы кет- пей, қарқыны қайтпаған қара көк өнері ғажап-ақ қой!.. Егер ол қазақы жылқы тұқымы болса, онда асыл тұқымды жылқы ғана қазіргі жүйріктер деген сөз бергі сөз болмақ. Онда біз аттарымызды бәйгіге іліктіре алмаған кінәні жылқы тұқымынан емес, ат бабын келтіре алмас өз білместігімізден көруіміз керек.
Ау, ағайын, ат бәйгесіне қоса қыздық па, халқымыздың төл өнері - ақындар айтысына құлақ салайық! Ақындар бұлттай төнді, мұздай кұрсап,
Ер қаруы- бес қару түгел жұмсап.
Ел намысын жіберу қандай қиын,
Самайдан тер домалап Бұрша-бұршақ.
Шықкан соң екі күндей жекпе-жекке,
Танытты Мұхамеджан өзін көпке.
Адын-артын сөзбен орап «Апатайлап»,
Көндірді Әселханды жол бермекке.
Айтыстың нәтижесін қорытындылап:
Сөйлейді Мағжан аға сипап, сылап.
Екудің тақымдары толып қайтты,
Алатаудың сырты күліп, іші жылап.
Сыйлықтан басқалар да құр қалған жоқ,
Әйтсе де дәрежесі бір болған жоқ.
Мұқаметжан секілді мұрттан күліп,
Әселханша теңселе ырғалған жоқ.
Бұл айтыс екі ақынды шаттандырды,
Алматы мен Шымкентті мақтандырды.
Президент кеңесшісі Кекілбаев,
Екеуге мәшін сыйлап аттандырды.
Абайға арнау айтты қырғыз ақын,
Сол екен Алатауда құз бұзатын.
Ұсанның көрігіндей гу-гу етіп,
Қиқу сап, алқым кернеп, тым қызатын.
Қомызын оңды-солды қол шабақтап,
Жарты сағат дегенде бітті адақтап.
«Ай көлім», «Шоң Манасым» жарайсың деп,
Қол соқты тұс-тұсынан жұрт мадақтап.
Осы өлеңді, ақын шабытына серік боп көп созып алдық па, ойын-сауыққа тоқтамай-ақ, той жөніндегі мағлұматты мың-сан қонақ күтімі суреттемесіне келтірумен аяқтасақ жөн болар дейміз.
Комиссия ауылдарды аралады,
Үйлердің ішін-сыртын бағалады.
Жасаудан, дастарханнан,даяшыдан
Көп сынап, ешқандай мін таба алмады.
Бауырсақ, жент, қазы-қарта төбе-төбе
Қазекең барын аяп қалсын неге?!
Жинаса бір араға малдың басы
Тұрар еді тағы бір «Қарауыл төбе».
Иіс аңқып бал ымыздың мұрын жарар,
Жарасып мүйіз ожау, сары тегене.
Қай ауылға, қай үйге бас сұқпаңыз:
Ләббәйлап, қол қусырған жақсы өнеге.
Уақытша үстен басқан қиындықты
Мүлде ұмытып кеткендей жиын тіпті,
Ерулікке шақырып бірін-бірі,
Он екі күн толғанда үйін жықты.
Елдіктің, дархандықтың бір айғағы:
Жазылып құрыс-тырыс қай-қайдағы Қарауыл биіғінен кош айтқандай
Тігіліп Қазақстан көк байрағы.
Қалған ел Қарауылдың жазығына,
Евразия кіндігіне, қазығына
Сойылып мың жарымнан жылқы, сиыр, Жиырма мың қой жепті азығына.
Миллиардқа таяу сома жұмсалыпты,
Ренжімеңіз «шығын деп мұңшалықты»
Абай тойы арқылы таныды әлем.
Қазақ атты 10 миллион бір халықты.
Шыдасын тойды қалай тіл жырламай Кіреді түсімізге күн құрғамай,
Қажылыққа барғандай болып қайттық,
Әркімнің жүрегінде бір-бір Абай!
Иә, ақын той шығынын тұспалдап қана айтқан. Бізше, оның нақты сомасын нақтылауға келмес-ақ! Шыққан шығын, тойды өткізу мен әзірліктің «азабы» мен «бейнеті» ақын өлеңіндегідей «Абай тойы арқылы таныды әлем қазақ атты 10 млн бір халықты», «Қажылыққа барғандай болып қайтты, әркімнің жүрегінде бір-бір Абай» сөзімен өтелді.
Біздіңше, халық деген алыптың Бейілі мен Көңілі, «халық күші - алып», «халық бейілі - дархан», «көңіл түссе - көл» екені көрінді осы тойда. Халық Абайының халқына деген жанашырлығы мен ақ пейілінің қарызынан аз-мазын қайырғандай болды. Өзгені айтпағанда, қазіргі тежеусіз кеткен тәртіпсіздікті Абайын сүйген халқы көрсетпеді ғой. Ай бойына созылған дайындық, той үсті, тойдан соңғы жиналу үстінде криминалды қылмыс түгілі ұсақ бұзақылық та болған жоқ. Ал, қу ауыз өсек өршіп, тойда қаза болатын адамдар санын айтып жатты. Сонда да халқымыз толқымады, қозғалмады.Той басқарушылар мен өткізушілердің «азабын» рахат, «бейнетін» зейнет деп ұғалық. Ол азаматтарға Абай атасының аруағы корған, өмірлеріне жол басшы болғай!
Енді бір айтар сөз - басшыдан қосшыға дейінгі халық өкілдерінің ой толғаныстары хақындағы сөз. Ол толғаныстардың мәні: халқымыздың дара Абайының, дана Абайының бір жарым ғасырлық ұлы жиынын арғы-бергі тарихымыз бойынша халқымыз бойына жиған салт-дәстүрлеріне сай ұлтымыздың қолы жеткен осы заманғы өнер-білім деңгейіне сыйғызып сәтті өткіздік. Абай жарықтықтың «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі - бос» өсиеті жүзеге асқандай болды. Данамыз тойы жаңа XXI ғасырға аяқ басқан ұлтын Қазақ жерін мекендеуші ұлт өкілдерімен бұрынғыдан да бекем достастырды. Кейінгі кезде қазақтың кемсітіліп аталған жанама аттарын қайта атап, қоржынына салып әкеткісі келіп жүрген кей озбыр топтарға «Байқа, бұл халыққа қоржының тарлық етер! Саны аз болғанымен, салмағы, орны тарих үшін қай саны мол ұлтыңмен барабар! Әлемнің мәдени-тарихи дамуында өзіндік үлесі, соған лайық ұлы ұлдары болған, әлі бола беретін данышпандар беретін ұлт!» дегенді ұқтырды.
Бірақ, алдағы күндерде ардақтыларымыздың мерекелерін осылайша өткізу шарт па!? Ардақтылар мерекесін жаңаша әм лайықты етіп оңтайлы өткізсек қайтер? Міне, осылайша ізденіс пен толғаныс Мұхтар Әуезов 100 жылдығына дейін жетті де өз жемісін берді. Бұл үрдіске айналса да болар. Өйткені, Мұқаң 100 жылдығындағы басталған мереке өткізудің жаңа үрдістері Сәбит Мұқанов, Қаныш Сәтбаев 100 жылдықтарында қайталанып отыр. Оны халқымыз жатырқамай қабылдады. Біз де соны қолдаймыз!
Бірақ, кейбіреулердің соңғы мерекелерді ЮНЕСКО көлемінде өткізбесек те болатын еді деген жөнсіз көсемсуін естіп жүрміз. Көсемдік жақсы, бірақ ол ессіздікке, білместікке апарып жүрмесін!
Сүйер ұлың болса, сен сүй,
Сүйінерге жарар ол.
Сүйкімі жоқ құр масыл би
Сүйретіліп өтер сол,-демеп пе еді ұлы Абай.
Сүйер ұлың, сүйінер ұлың көп болсын, халқым!
Шонжырдың батыс сыртында 1930-1932 жылдар ашаршылығын туған топырағында қайыспай қарсы алған қайсар қарттың сүйегі жатыр. Аяулы қарттың есімі - Әйнекбай. Бүгінде жергілікті жұрт Қақпан тасты атамай Әйнекбай қойтасы деп атайды. Әйнекбай - Сақ руының ортадан жоғары дәулеті болған адамы.
1931 жылдың көктемінде Әйнекбай ауылы ашығып, тері пысырып жей бастайды. Сонда Әйнекбай аулын жинап «Сеңдер бүгін тері жесендер, ертең тері біткен соң не жемексіңдер?.. Жандарьщ қалса, қалада қалар. Жина- льш терілетін не қалды, бөгелмей, жаяу-жалпы Семейге жете көріңдер» деген өсиетін айтыпты. «Сіз қайтесіз?» - деген балаларына: «Осы уаққа шекті Әйнекбай аталып ем, туған жерімде қаламын. Маған шамаларың келгенше қойжуа теріп әкеп, бар қуыс ыдысқа су толтырьш, төр тамға төсегімді салып беріңдер. Адам пенде ғой, зәуі сайтан, шығып кетіп жүрермін. Не сүйегімді ит-қүс иіскеп жүрер. Тамның есік-терезесін кірпішпен қалап, сыртын сылап кетіндер», - деп Әйнекбай қарт солайша аштықтан ажалын тосып қорасында калыпты.
Қасқабұлақ ауылының Шолақеспе ұжымы 1938 жылы Доғалаңға мал фермасын көшіріп әкелген. Ыбырайша Мұсатайұлы да малшының бірі болып келіпті. ЬІбырайша:
- Мен де ашаршылықта ішкі Россияға босқанның бірімін. Сонда Әйнекбайдың тірідей қыстауында қалғ- анын балаларынан естіп едім. Әйнекбайды жете тани- тынмын, талай дәмдес, дастархандас болғанмын. Қасыма Қамбарбай Оразбайұлы деген аяулы бір азаматты ертіп келсем, Әйнекбайдың төр тамының есік-терезесі сылаулы екен. Терезедегі кірпішті алып, ішке түссек, Әйнекбай жарықтықтың еті аққан, құс төсегінің үстінде жатыр екен. Екеулеп қабірін қазып, жаназа намазын шығарып, өз ұлтына жерледік. Атамыз қазақ «алты күн ашыққаннан ақыл сұрама» - деген нақылын бағзы заманда айтқан. Бірақ, алты күн түгілі алты жүз күші аштықта да кісілігінен жаңылмаған Әйнекбай тектес адамдар жоқ та емес. Қарауыл селосынан Көкбай аулына барар жолда Олжай аталатын қой қыстағы бар. Қыстақ алдында тас зират тұр. Бұл - Құнанбай, Қаратайлармен замандас Есентайұлы Бектастың зираты. Мұқаң Ілияс Жансүііровтьщ редакторлығымен 1933 жылы шыққан «Абай өлендері жинағының» соңғы сөзі есебінде басты- рған «Абай және оның туысы» деген монографиясында Құнанбай жыл шықканда Көкше руына сиез өткізбекші боп қысым жасайды. Сонда осы Бектас келіп: «-Ей, Құнан- бай, (ол Құнанбайдан екі жасқа үлкен) қыстың айы алтау еді, енді сенімен жетеу бола ма? Оьез ашсаң, жарқырап жаз шықпаушы ма еді, күркіреп көктем келмеуші ме еді?.. Бұл не қылмағың?» - депті дейді. Сол Бектастъщ баласы Құдайымберді 1931 жылдьщ аштығына ұшырап Семейге қарай шұбырьш шыққаңда балаларына:
«-Қарақтарым,жаман-жақсы әкемнен Құдайымберді болып туып едім, барған жерден не тосып тұрғаның қайсымыз біліппіз. Маған мына әкемнің қасынан қабыр қазыңдар»,- деп, қабірде тірідей қалыпты. Өлген шалдың бетін көргендер кейін жасырыпты. Қазіргі жастар халқымыз 1931-1933 жылдарда күзгі шыбынша кырылды дегенге сенбестікпен қарайтынын байқаймыз.
- Оу, қалқалар-ау, ол нәубет болған. Сталиндік со- циализм дегенді жөнімен ұғыңдар. Оны оралтпау үшінәрдайым күресіңдер!
Доғалаңның ең биігі - Серектастың күншығыс бау- ырынан кең қолат ашылады. Қолаттың кеңдігі 20-30 мың жылқы иірсе болғандай. Сонау Шыңғыстан сұрапыл соққан бұл қолатта шөп басы қимылға келмейтін кезі жиі болады. Қолатқа келер дауылды Серектас доңғалы жонын тосып қарсы алып, бері жібере қоймайды. Осы қолаттан шығысқа шығатын сай бойы қалың қызыл шілікке лықа толып өседі. Сол шіліктің оң жақ шетінде қызыл гранит тастан қаланған тас бейіті - Берікбай бақсынын бейіті. Берікбай Қанашұлы - Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» қиссасындағы Олжайұлы Қалқаманның ағасы Байбөрінің төртінші ұрпағы. 1914 жылы Семейде қазақ зиялылары Абайдың өлгеніне 10 жыл толуына орай ұлы ақынды еске алу кешінде оның баласы Сләмбек қобыз тартып, бақсы ойынын көрсеткен кісі.
Одан арғы Қыңыржалдың үзілген тұмсығында қамысты бұлақ жиілеп, домалақ төбелер көбейеді. Сол төбелер жүлгесіндегі шеткі дөң - Есіргеміс дөңі, бұлағы - Есіргеміс бұлағы. Бұлақтың батыс тұмсығын айналғанда ескі қора орны, тас бейіт тұр. Оны бүгінгілер Дүйсетай қорасы дейді. Дүйсетай ол орынға 1938 жылы Шолақеспеден көшіп кейін қоныстанған. Арғы иесі - Бәкең руынан Қалмырза деген кісі. Қалмырзаны 1931 жылы НКВД Қарауылда өз етін өзіне жегізіп өлтірген. Тас бейіт - Ырғызбайдың бәйбішесі Ермек Есіргеміс қызының бейіті.
Ниязбек Алдажаров естелігінің «Шешелер шежіресі» бөлімінде Ырғызбайдың әйелі Ермек - Ашамайлы Керей Бердәулеттің немересі. Ол кісі Доғалаң тауының күншығыс бауырында Есіргеміс деген үлкен дөң бар, соның басына жерленген деп үлкендерден естігем (21-бет). «Тобықты руының кай ғасырда қалыптасуы» бөлімінде (9-бет): «Ырғызбайды Ер Жөнібек жақсы көрген. Осыған орай өзінің жақсы көрген карындасын берген. Біздің шешеміз Жәнібектің қарындасы, аты - Ермек. Жорықта жүргенде бұлардың колына ұзатқалы отырған бір бай қызының жасауы түседі. Осы жасауды Жәнібек жолдастарына үлестіргенде Ырғызбай Жәнібектен тек қыздың сәукелесін сұрап алыпты, сол сәукеленің моншақтары кейін Ырғызбайдың әр балаларының үйінде сақталды.Сол моншақты атамыз жорықта жүргендегісі белгісі еді деп қастерлеуші еді», - дейді.
Ырғызбай әулетін бұрынғылар құрметтеп сөйлеген- де Өжекең ұрпағы деп атаған. Бұл Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай анасы Айпараны атағаны емес. «Әжекең» деп Ырғызбайдан тараған Өскенбай, Мырзатай, Өсер, Жортар - төртеуінің ұрпағын қосып сөйлегені.
Ырғызбай бәйбіше, тоқалды еді деген де сөз жоқ. ЬІрғызбай ұрпағы осы Ермек анадан өрбіген. Ермек ана қадірлі аналық боп, жасап өлген кісі. Осы жолдың авторы Ермек ана жатқан дөңнің - Есіргеміс, бұлағының Есіргеміс бұлағы аталу себебін көп іздестірді. Тобықтының ірілі-уақты руларының бұрыннан бүгінге шекті шежіресін ақтарғанда Есіргеміс деген кісі атын кезіктіре алмай дал болды. Сөйтсек, оны Құдайбердиев Ахат Шәкәрімұлы Абай музейіне тапсырған естелігінде жазған екен. Музей қорындағы НП-4464 15-кітапшаньщ «Құнанбай туралы» бөлімінін 6- бетінде: «Өскенбайдың әкесі Ырғызбай өте балуан, батыр болған адам. Атақты Керей Ер Жәнібек жолдас болып, талай жорықта ерлік көрсеткен. Сол ел қорғаудағы және ел намысын жібермеудегі ерлік-батырлығына сүйсініп, Ер Жәнібек ағасы Есіргеміс батырдың қызы, қарындасы Ермекті Ырғызбайға қалыңсыз берген. «Екі асылдан ер туар деген ойда болған»,- дейді.
Демек, Ермек ана - Ер Жәнібектің ағасы Есіргеміс батырдың қызы. Осыдан барып Абайдың ұлы әжесі жерленген дөң-төбе мен бұлақ атының төркіні танылады. Шамасы Ермектен бұрын Есіргеміс батыр сол төбеге жерленіп, Ермек ана әкесі қасына қойылған болар. Оған дейін бұл жер Есіргеміс есімін иеленіп, сол атау бізге жеткен шығар. Енді жер атына ие Есіргеміс, Ермек ана аттарын мәрмәрға ойып жазып, қорымына құлпытас қою міндеті бізде.
Қымбатты окушы, бізге енді Ақшоқыға кайта оралу керек. Әне, Ақшоқы оңында Сарттың Арқалығымен қолтықтасып ап сыртын беріп қарсымызда жатыр.
Мағауияның қонақасысы Шеткі Ақшоқы мен Үлкен Ақшоқы арасындағы Есіргеп бұлағында өткізілген. Абайға көңілін білдіріп, ақынның кайғысын бөлісуші туған жұрты Абайдың өз қазасына шекті толассыз келіп жатқан. Соның ішіндегі айырықша көрінген әм соңына кеп сөз, мол алып қашты лақап калдырған Оразбайдың келу жөні болады. Оразбай осы күзекте Мағашқа бата жасаған екен. Ол тап қайтарында:
-Абай, сен өледі екенсің. Кел, кешу айтысайық! депті. Естігендер шошып кеткен. Абай:
-Дұрыс айтасың, бай. Мен өлемін. Кешу айтыспағымыз жөн! - деп, орнынан тұрып, - Кештік, қиямет қайымда жолығысайық! - десіп, құшақтасып тұрып қоштасыпты.
Бата оқырға келуші Есболаттар ұзап шыққан
-Ойпырмәй, бай-ай, тірі өлтірдің ғой. Осындай - қастық болар ма?! Өзі қан жұтып отырған Абайға сен өледі екенсіңің қай қисынға сияды. Мұның –қаскөй тілек, бай. Абайымыз - халқымыз, қазағымыз емес еді! Тірі қайтпадық...
Қыстаубай:


Оразбай: -Тоқтат, Қыстаубай! Сендер сезбес болады деп, мен қапы ұра алмаймын. О несі! Неге көрмейсің, неге сезбейсің, түге. Абайдың денесіне ажал еніп кетіпті. Бір сөзін бір жерде екі айтатынАбайды қашан көріп ең, а?.. «Ел қайғысы - ер қайғысы еді. Ер қайғысы ел қайғысы неге болмасын! Еліме рахмет!» деген сөзді екі қайталады емес пе, жаңа аңғарсаңдар? Абай селк етіп шошып, селк етіпшошып маңайына қарай береді. Көзі қыдырыстайды. Бәріміз шулап, үстінен арыз жазып, өсектеп жалалап, жабылып жүргенде шіркей ғұрлы көрген Абай бар ма еді бізді, а! Ет жүрегі селт етіп пе еді оның... Енді бүгін балаша шошынып, селк етіп кетіп отыр...Қайран арыс - Абай жоқ бізге. Жоқ... Жоқ..
Бұл Абай мен Оразбайдьщ ең соңғы кездесуі болған.1
Оразбай Аққұлыұлы (1837-1921) - Тобықті еліндегі Бұғылы болысының байы, қажы. Руы - Есболат. Шежіреде Мұсабайдан Толымқожа, Шегір Шегірден - Бораншы, одан - Есболат. Кайыпберді - Есболаттың асырап алған баласы. Қайыпбердіден Қош қар, одан Аққұлы туады делінген.
Оразбай жұлынып туып, қолы мол байлыққа жетіп малды әмір-құдіретке жету үшін де, атақ-даңқын шы ғару үшін де жұмсаған. Омыраулап, орып сөйлейтін Тобықтыға кірме, нашар атадан туса да азуын айға білеген. Ұлылық данышпандығы айтпағанда «еңкейсе, Ертісі, шалқайса, Шыңғысы бар», ойды-орысты, кырда казақты уысында ұстаған ақыл иесі, баспен, байлықпен Оразбайды он орап алар, тегінен Қара көк Абайдың сағын сындыруға жараған кісі.
Романның өн бойында Абай әділеттік етер жиын топ ішінде, оның қарсысында жарып сөйлер сөзімен, ықты- жарды тыңдамас кесек ісімен «жалғыз көзді, ұзын селдір қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, ер жүзді Оразбай» - отырады. Мұқаңның бұл суреттемесімен алдымызда тірі Оразбай отырғандай. Өйткені, Оразбайды Мұқаң тірісінде көрген. Тұрағұл қызы Ақыш естелігінде Мұқаң Оразбай немересі Медеуұлы Санияз үйінде 1918 жылы айлап жатып, Оразбай әулетімен араласта болғанын айтады.
Оразбай «Абай жолы» эпопеясының 2-кітабының үшінпіі тарауы «Еңістеден» төртінші кітаптың соңғы тарауына дейін Абайға қарсы күресер пәлелі топтың басында жүреді.
Біз енді бұл адамның аталған, аталмаған істері ел аузында калай сақталып келген, кей әрекеттерінің шындығы кандай, сондай-ақ бұл адамның жеке басыньщ, болмысының күшті жағы неде дегенге тоқталсақ дейміз.
Алдымен, сөзіміз Оразбай Аққұлының баюы, мал жиып Тобықты руының ең малдысы болуға қолы жетуі туралы болмақ.
Оразбайдан қалай байыдыңыз деп сұрағанда «Оның несін сұрайсыңдар. Ағайынды бесеуіміздің ортамызда өңі бүтін бір шапан болды. Соны ертеңгісін қайсымыз бұрын тұрсақ, сонымыз киіп кетуші едік» депті.
Бірде Оразбай аулы көшіп, көш жүрерде бір мал- шысынан: «Жұртта ештеңе қалып қойған жоқ па?» - деп сұрапты. Малшысы ешнәрсе қалмағанын, жұрт орнын өзі қарап шыққанын айтыпты. Сонда Оразбай әлгі малшысың ертіп кеп, жұрт орнын тексеріп, қотанда Қалған жалғыз тал сабауды алғызып, тақымына қысып Жүріп кетіпті. Кейін малшысы Мейманқұл «Бай сабауды қайтер екен деп жүрдім. Жаңа жұртқа келген соң, сол сабаудан бізге ерінбей жалықпай өз қолымен төрт құрттауыші жасап беріп еді»,- депті. Құрттауышсайын қой өріп кеткен соң, Оразбай кой орнынан койдың түскен пұшпак, төс жүндерін жинап алып, қолы босаса-ак, өз үйінің оң жағына тайтері жайғызып, түтіп, әлгі қалдық жүннен көгеннің бұршағын есіп отырады екен. Оразбай өлгенде жаназа, підия садақасына деп 100 ат жаратқан. Соның бәріне байдың өз қолынан істелген киіз тоқымды, түп-түгел жіптен есіліп жасалган айыл, тартпа, құйысқан секілді ер- тұрманымен сыйлаған.
Оразбай жігіт шағында ұрлыққа да араласыпты.
- Ұрлыққа араласып жүрген шағымда Құнекеңнің нағашы жүрты Бақы Матайдан шоғыр жылқы алдым. Айғақ, куә табылмауы тым ойластырылған, сәті табы- лған ісіміз еді. Бірақ, Қүнекеңнен Тобықты елінің ісін жасыруы өте қиын еді. Жарықтық өзі қатысқандай, не көріп отырғандай етіп ой-болжаммен-ақ қолмен қой- ғандай ашатын қоймаңды. Мал иелерін ертіп, үлкен Шұнайдағы үйге келді. Әкем Қүнекеңнен едәуір үлкен еді. Содан аз жыл бұрын дүниеден өткен-ді. Шиырға салып едім, мырза бұлтартар болмады. Бір әредігін та- уып аттанып кеттім де, үйге жоламай қойдым. Ойым: «Бәрібір, Құнанбай құтқармайды. Жығылсам да, жы- ғылысымды жеңіске пара-пар етсем»,- деймін. Ақыры бір тоқтамға кеп, мырзаның қайтысын тостым. Мыр- заны әкем інісі Сеңгір аға күтіп, аттандырып салды.
Құнекеңдер қайтып келе жатыр. Алдарында - мыр- заның өзі. Келте сайдан өте бергенде 7-8 кісі атты қойып кеп жібердік. Астымда боз атым бар, алда өзіммін. Үңіле шауып, найзамен түйреп тастардай боп, Құнекеңе шүйіліп кеп қалдым. Құнекең: «Тәйт, тентек»,- деп қолын серпіп қалды. Сасып қалғаны көрініп тұр. Атымды шапшыта кеп: «Мырза, бетіңіз кайтпасын! Малды алмасам да артығымен қайтарайын, батаңызды беріңіз!», - деп қолымды жайып тұра қалдым.
Құнекең: «Ерден иман кұтылмайды деп еді. Сенің де бетің қайтпасын! Алысқанынды алда соқ! - деп бата қайырды да: - Мына кісілердің шаруасын өзің бітір», - деп жүріп кетті. Бұдан соң менде жан қала ма, өзіме өзім айып-қиыбымды молынан кесіп, Матайлар жыл- кысының көзі барының көзін, көзі жоғына екі бестіден мал қайырдым. Артынан Құнекең бұныма өте ырза бо- лыпты деп естідім. Мен осылайша, дуалы ауыз, қасиетті Құнекеңнен бата алғанмын және «алысқаныңды алда сок»,- деп алғанмын. Ыбырай (Абай) менімен босқа алысады. Ыбырай әкесі болғанмен, Құнекеңнен мендей бата алған жоқ ,-деп борап сөйлеген екен.
Жалпы, Құнекең Оразбайдың, шынында, бетін қай- ырмаған сияқты. Құнекең биліктен қалған, Оразбай да қартайынқыраған шамада Оразбайдың үлкен баласы Медеу мырза Есболаттың ру ішілік бір жиынында Жансеркенің ата-тек, асты-үсті дегенін жездей қақтап жер жебіріне жетіп боқтапты. Жаңа ғана у тілін кімге болсын тыймай, Медеу мырзаға қарсы кеп, көнбей отыр- ған Жансерке үннен қалып отыра беріпті. Тілдеп-тілдеп болып, басыла берген Медеуге Жансерке жұрт көзінше: «- Әй, Медеу, бар жынынды бүркіп болсаң, сөз тыңда! Менің жеті атамды былғап болдың ғой. Мен өз аруа- ғымды өзім былғамаймын. Сенің ана отырған (бойжет- кен қызы сол арада отыр екен) үлкен қызың Қапияң- ды...» деп салыпты. Арты белгілі. Бар Есболат айыптап, Медеу оны үш жылға жер аударыпты. Жансеркенің әкесінің Құнекең арызын тындап боп: «Абайға бардың ба?» - депті. Ол Абайға барғанын, бірақ Абайдың жау- ап бермей, үнсіз қалғанын айтыпты. Құнекең «- Е-е, билік қос қарада (Оразбай мен Абайды айтқаны) қалды ғой. Өз қасыма көшіп кел. Балаң келгенше қасымда боларсың», - деп ауылына көшіріп алған екен.
Көкбай ақын Оразбай өлгенде қонақасы үстінде оты- рып, байдың тілділігін, дауда ұтымды сөйлейтінін еске алыпты. Көкең: «Абаймен жұлқысқан араз кезі. Оспан дүниеден өткеніне жылдан асқан. Күз мезгілі еді. Қасымда Ағашаяқ т.б. бар Оразекең ауылын жанап өтетін сапар кез боп, байдың ауылынан өтіп кетуге ұялып, сәлем беруге келдік. Мен Оразекеңнен аулақтау жүретінмін. Бай өзі қаласа еркіңе қоймай сөйлетіп, соңы бірдеңеге ұрындыратын. Ертеде Оразекеңнің еркіме қоймай оязға арыз жазғызып, оны сөз саптасымнан, Абай ағам танып қойып, өлеңмен құтыльш емғой. Абай ағам «Жанатайдың қуы сен не істеп жүрсің? Анау арыз сен жазды деп тұр ғой» - дегенде:
Жігітке кедейшілік үлкен салмақ,
Жүргем жоқ біреуді алдап, біреуді арбап.
Қысқа жіп күрмеуіме келмеген соң,
Жіберсем жіберген шығармын кендір жалғап -деп мойындап құтылғанмын.
Кермеге ат байлап жатқанда үйден Оразекеңнің ашулы дауысы шығып жатты, үйге кірген соң да бай ашуы тарқай қоймады. Ағашаяқ (Берікбол) Оразекеңе батым еді. Оразбайдың шешесі Ағашаяқтарға апа, Көкше қызы болатын.
Ағашаяқ: «- Бай көгің ұстап отыр ма?! Нең жетпей калды?» - деді.
Оразбай бізге жалт қарап: - Әй, кайсың барсың, мына көкшелерге мал сойыңдар! - деп біраз түтліп отырды да, сөйлей жөнелді. - Мына шірік туғандар арбасы ши- қылдаған Уақтарға жылқымның бетін қайтартып отыр. Түнде жылқым Көкенді сырттап жайылған екен, Уақтар қайта айдап сапты. Соны маған жаңа айтты. Шіріктер... Олардың сенгені Нұркесі ғой. Нұркесі Серке шықса, өздері ерке шықпақ қой! Ісім сонымен түссін енді!
Ағашаяқ тағы да: -Бай, Нұркемен араларың ашыққа шығып па еді? Алыстан шабынып, өзіңді-өзін қамшылағаның ба мынауың? Алдыңда Абай тұр. Әлде Абай алысуыңа жарамай, Көкен аспақсың ба? - деп қалды. Оразбай шапшып түскендей болды.
-Құнанбайшалардың асқағына орай бір іс істегеніміз рас. Ол Құдайға да, адамға да аян. Онымыз жасырын- ның ісі емес, жарияның ісі еді. Түбі бұлар тыныш қой- мас деп Күнту тұсында Бұғылыға шығып алғаным да рас. Оспан оған қойды ма? Қасымның алыстағысынан қойынымдағысы жақсы деді ме, Шыңғыс болысына екі старшын Есболатты қосып алды. Онысымен қоймай, қаладан арбаға байлап әкелді өз қолымен. Абай даныш- пан дейсіңдер. Қазақ «інісін ұрып, ағасына бар» демеуіш ме еді. Інісінің сотқарлығын қолдағандай өзі түсіп берді соңыма. Оспан арбаға таңып әкеле жатқанда, Қорықта Көтібак Баймырза аулында бір сөз айтып ем, соны естіп, Абайың қатты да қалды емес пе?.. Арбаға таңылған мені көргенде Баймырза «Ойбай, Оразеке, мынау не?» деп шошып кетті. Мен «Е, Баймырза, неден қорықтың?.. Ол- жай ежелгі өз ісің ғой - бұл! Абай мен Оспанның соқыр көрсе жыны бар емес пе?! Бір соқырды аштан өлтіріп еді, бір соқырды байлап өлтірмекші!» - дегенмін. Сол Абайың өзі аздай, Уақтың Нұркесін соңыма салып отыр. Алыстағы ой ғой бұл. Нұрке қаладағы ұлықтармен алса, қырда Абайға мен оңайға түссем керек. Абай ез қасымнан да жау шығарып қойды. Менімен үзеңгілес шыққан Сармырза Есентай да жау боп отыр. Аз бұрын Есентай мен Абай құда болысып еді, енді Есентай жа- улыққа ашық шықты. Бұрын Мәмбетей жеріне де жылқы шығарушы ем, қазір бір бастырмайтын болды. Мәмбетей Абаймен қосылған соң арзанға түспес деп, Есентаймен жұлқысудан тартыныңқырап отырмын. Бұдан былай не болса да, Нүркемен, Абаймен болмақпын... Солай менің нағашыларым, бір қолымды Абай, екінші қолымды Есентай ұстаса да, маңдайымен Көкенді сүзіп жатыр көрі жиендерің! - деді.
Оразбай сөзіне өсерленіп, қозғалақтап кеттім. Оны аңғара қойған Оразекең: «- Ей, Көкбай, бірдеңе дегің кеп отыр ғой. Не айтсаң да айт көзіме!» - деді. Шыныңда, өлең оралған екен ойыма:
Сенбісің Қара бүркіт омыраулы,
Бұл күнде болып тұрсың елмен даулы. Шұнайдың бұйратындай мына Оразбай, Қалайша жеңем дейді асқар тауды.
Асқардың жел соғады бүйірінен,
Тіліңнің таптың пайда сүйірінен.
Қарада касқыр соққан қартаң айғыр,
Дөнен куып шығарған үйірінен,- дедім. Оразбай қарқылдап күліп: «-Ой, Көкшем-ай, айттың-ақ! - «Дауасыз көрілік» десе, кәрілікке ем қонбайтынын айтқаны. Ал, менше, дауасыз да шындық. Оған тоқтау бар ма?!. Әй, Медеу, Көкбайға ат алғыз», Деп, байдан сөйтіп бір ат мініп едім депті.
1920-21 жылдары Шыңғыс атырабындағы рулар арасы үлкен кақтығысқа түсіп, ақыры үш арыс азаматтың
қазасына соққан. Үшеуі де атып өлтірілді. Азаматтар өлтірілгенімен, екі жағының да қолы жеткен ешнәрселері жоқ. Сонда ғана ел билеунгілердің естері жиналып, бере- кеге келмекші, бітім таппақ болды. Билік Бөкенші Әкімқожаұлы Мұсажан үйінде, кінәләсу да келісу де сол шаңырақта болмақшы боп рудың қасқа, жайсаңдары жиналды, - дейді Ыбырайша Мұсатайұлы. - Мен Көкбай молдаға атшы боп бардым. Көк касқа құрбаңдық шалы- ньш, кұрбандық етін жеп болған соң, соңғы түйінге-пәтуаға келу мәжілісі басталды.
Суырылып сөйлеуге кіріскен Абайдың Тұрағұлы, Әкімқожаұлы Мұсажан ақсақал (1859-1933) болды. Екеуі кезектесіп сөйлеп, «кеден-кеден болды, кеден неден болды» дегенді ашыспасақ береке-бірлік дегеніміз бітеу жара боп қалады ғой. Қанша қанымыз бір дегенмен, ішінара партияға жіктелгеніміз рас. Құдайдан жасыр- мағанды адамнан жасырғанымыз болмас. Шарай көзімізше, екі жақтан екі кісі шығып ашығын сөйлейтін болсын десті. Бұған айырықша тіленген Мұсажан еді. Көкбай кінәласуды қостамай бейтарап отырды. Көкбай бір Құдай, бір Құран деп айтыспай-ақ бітісуді ұнағандай.
Едәуір уақыттан соң, бөгеліңкіреп барып, кінәләсуға партияның бірінен алдына қамшысын тастап қойып, Шәкәрім кажы шықты. Жұрт мұны күтпегендей ажар байқатты. Мен болсам, Шәкәрім білімі, ақындығы, та- рихшылдығына құлдай кұлап табынатын дағдым бой- ынша қажымен айтысуға кім шығар деп ойлаймын. Әрі қажы қарсысына біреу шығып сөздерін, әсіресе қажыны тыңдауға кұмартқандаймын.
Кенет қажыға қарсы Көтібақ Жиреншеүлы Құлкенін (шын есімі Құлсүлеймен) шыққанын көріп аңырыпқалыппын Шәкәрімдей ғұламаға мына сақау қалайынша төтеп бермекші десем керек. Қажы алдындағы жатқан қамшысын бір қозғап қойып сөйлей жөнелді. Қажы сөзі бір сүт пысырымға созылды. Қажының ол сөзінде не жоқ! Сөйленген сөздің баршасын тауыса алмаспын. Ең жеңіл сөзі «сеніп жүрген байталға айғыр шапты дегендейін» деген сөз болды. Алпыс басты сегіз қанат киіз үй толған кісі жым-жырт Құлкенің «Болдыңыз ба, қажы?» деген сөзінен жұрт оянғандай Қажы: «Болдым!» - деді.
Құлке де ортаға қарай ұмсына түсіп, қамшысын қозғап қойды. Мен әлі де алғашқы «мына сақау қажыға қарсы не сөйлемек екен?» дегенді қайыра ой- Өйткекі, Құлке сақау болатын. Құлке сөзін бастады.
_ Қажы - дейді Құлке,- партияға кірген соң, парти- янын не аяғы, не басы шығармын. Осы айтқаныңыздан - ак тырнақтай ақтығым жоқ.
Мен ендеше сен сақау, неменеңді сөйлемексің деймін ішімнен. «Бірақ бір сөз бар ғой, бір, бір сөзбар ғой» деп созып тұрып алды да, жұрт назары түгелдей өзіне ауған соң, Құлке: «Қажы, Абай сабалғанда сіз неше жастасыз, мен неше жаста едім?!» - деп салды. Күллі отырғандардың баршасын бастан бір-бір салып қалғандай әсері болды бұл сөздің. Ортаға шыға отырған қажының басы екі аяғының арасына еніп кетті. Қажы басы - маралдың басындай ұзын біткен, сақалымен алғанда кезге жуық қой. Көкбай моллаға карасам түсі аппақ қудай боп кетіпті. Көпшілік кісісі өлгендей күйге ұшырады. Құлке қояр емес: «Қажы, мен тосып отырмын!» - деп үш қайталады. Қажыда үн жоқ. Сонан соң барып Құлке: «Мен болдым!» - деп алғашқы орнына құйрығымен сырғып барып отырды. Өзім сол сәтті ойласам қазірде де әлсіреп кетемін. Несін айтайын, өлі тыныштық бір қауымға созылып барып, басы күбір-күбір сөз, жыбыр-жыбыр қимылмен басталып, сөзі құрғыр сөйлене бастады. Алға тегене-тегене Қымыз әкелініп, сапырылып жатыр. Сөзді Мотыш руынан Әділұлы Ике бастап, Олжайдан «қу бастан Қуырдақтық ет алатын Жігітек Әбділдә қостап, Құлық руынан Нұрақтың Смағұлы күле сөйлеуге ауысты. Түстеріне қарасам «ақтары ақ, қызылы- Қызыл» жайнап отыр. Мұсажанда да көңілділік бар. Кенет Көкбай молла: «Ел бұзылса, табады шайтан өрнек» - демеп пе еді Абай. «Қуға қу намазшамда, итанға сайтан тар жерде жолығады. Бұл отырыстың не мәні қалды! Аттанайық!» - деп орнынан тұрып кетті. Бәрі де тұрысып тарап жатты.Ауылдан ұзағанша қалыпты жай жүріспен келе жатқан Көкен көз көрім ұзаған соң, қоңыр жорға атты ағынды жорғасына салды. Қасымызда Мырза, Бөдей, Жамантобықтының ел басшылары келе жатқан. Бәрі де Көкеңнен қалмай дүрк жөнелді. Кекбай тоқтар болмады. Ат басын ірікпей келеді. Топ таяса жүрісін қатайта түседі. Көкеңнің атқа отырысы бөлекше еді. Тіп-тік боп, еңсесі биік қалпын сақтайтын. Ал қазір денесі кішірейіп, құнысып кеткен. Біраз жер қатты жүріспен жүрген топ ат басын ірке бастады.
Мырза Боздың Әлісі: - Апыр-ау, мына Көкбай қона- қасыдан қашып келе ме, бізбен бірге жүргісі келмейді ғой! - деді.
- Жоқ,- деді, - Сақал қажының Серғазысы, - осы молда жылап келеді. Біз ермей-ақ қояйық. Бүгін Көкбай бізге қонақасы беретін күйде болмас!
Мырза, Жөкең кісілері беттерін басқа ауылдарға бұрған соң, атымды тебініп Көкеңе жеттім. Көкең шын- ак жылаған секілді. Көз алдына сора қатыпты. Өлсін- әлсін сіңбіре береді.
Кейбір жеңіл ойлаушылар Шәкәрім қажы Абайға қастандық жасаушыларға кезінде жасырын қосылып қап, соңынан өкініп отырған жоқ па? Құлке қажының бетіне соны салық етіп отыр деп жүрмесін! Біз осы жайды ойлап жазғымыз келмей, көп-көп бөгелсек те, естігенімізді бұлжытпауды жөн көрдік. Біздің ше, ондай ойға бару бұл жандарға қиянат болады.
Ыбырайша карттың топшылауынша, біз де соған қосыламыз, Шәкәрім қажы күллі тобықты руының осынша ер-азаматын оққа байлаған окиғаға жеткізген партиялық жікті туғызған бізден кейінгі ұрпақ, Құлке сен де ішіндесің, сендерсің деп отыр. Сендердің тұстарында ел берекесі бұзылды. «Толғағы бір Тобықтының баласы» (бұл Өскенбай би сөзі) бірін-бірі қашан орыс оғына байлап беріп еді десе, Құлкенің де тосқан сөзі осы екен. Күн бұрын кұрған қақпаны да осы екен. Тосқаны болды, қақпаны капты.
Ал, Қажының төбесінен жай ұрғандай, басы тізесіне түсуі мен Көкбайдың көзінен жасы ағып,ішінен қан кеткендей болуы - кеше ғана Абай сабалғанда екеуі- де еліне танымал қайраткер, елдің бірегей азаматтары, Абайдай хакімнің даналығын ұғынған, ұстаздан соңғы ел иесі бізбіз деп жүрген жандар емес пе еді?!. Көкбай мен Шәкәрім «Абайға жасалмақ қастандықты, біз неге білмедік, неге алдын алмадық» деп ғұмыры бойына күйінді болған еді ғой. Енді кеп шарай жұрт алдында өздеріне кінә ғып тағып, бетіне соққанда не десін?!. Ақталсын ба, қарғансын ба?..
Сол өртті салған Оразбай «ел көзі» қыла ма, я шыны ма Абай дүние салған соң, ақын есімін аузынан тастамай өл-өлгенінше ардақтап отырыпты. Абай дүниеден қайтқанын есту сәтіндегі Оразбай әрекеті елге кең жайылған.
Абайдың дүниеден өткенің хабарламақшы жана- зашы алдымен алыстағы елге аттандырылады ғой. Балашақпақтан Дегелеңдегі Қаракесектерге жіберілген жаназашыдан хабар естіген ағайындарының бірі кеп Абайдың өлгенін Оразбайға жайдан-жай, тіпті қуанғандай боп хабарлай салыпты. Оразбай «Ой, бауырымдап» боздап жылап кетіп, әлгі пәруайсызды сабай жөнеліпті. Оразбай «Ойбай-ойбай, жетесіз ит! Абай өлгенше, Оразбай қоса өлді, арысың кұлады. Күнің сөніп, айың батты! демейсің бе, ойбай! Енді не болдым! Ойбай, Абай, Абай! Мен неге артыңда қалдым!» - деп аңырапты. Бай сабасына түскен соң, жиналған ағайындар ішінен бірі:
- Оразеке, мынауыңыз не? Тірісінде Абаймен сый- ластығың жайы алты алашқа мәлім болды. Ал, ол жа- рықтық дүниеден көшкесін мына жоқтауыңызды түсіндіріңізші!- депті.
Оразбай: «Мені аяғы аспаннан салбырап түсті деп пе едіңдер? Шыққан жерім белгілі. Шөкімдей Есболаттан шықтым. Тіпті, шынға келсек, оның да бел баласы емес, асыранды Қайыпбердіден туамыз. Кең Алла алдыма мал бітірді. Маңымда қара-құра болсын деп Семей уезіне шашырап кеткен Есболаттың «ойдағы отызарба жыны мен қырдағы қырық арба құтырғаның» жинап, Шұнайдың қос биігіндегі екі старшын Есболат елі еттім. Мені «Абайдың кім екендігін білмейді», «оны- мен теңмін деп алысты» деген кісі қаталасады. Абай «ел бүлігі Тобықты» деп тегін айтқан жоқ. Мен «ел бүлігі» деп жалпақ Тобықтыны атамай, «ел бүлігі - Олжай» - дер едім. Қараңдаршы, Көшбикедегі бүліктен соң, Абай үш Олжай -Айдос, Жандос, Қайдос басын қосып, біріктіріп еді, бүлінген Тобықты бар ма қазір. Міне, Абай дүниеден өткен тұста, іпүкір, Тобықты бір кісінің баласындай бүтін ынтымақты ел. Бұл — Абай ісі. Абайдың өзі сабалганнан кейін кек қумағанын қалай түсінесіңдер сендер?!. Абай өз қатесін түсінді. Құнанбай әулетінің «Құдайдан тудық» дейтіндей зорлық, зомбылығын тыймады. Өз басында да асқақтық болды. Соны ұқты да жарықтық «кек артынан кек туады» деп аймағына, ағайынына құшағын айқара ашып кеп жіберді. Халық құшағына сыйды да кетті. Одан соң, туыс жұртын Абайдан ажыратар күш жоқ еді. Бұл, меніңше, Абайдың өз жүртымен мәңгілік табысуы. Ал, сендер соның бәрін біле тұра, сен неге қарсы шықтың деп отырсыңдар ғой. Шынға келсек, Абаймен тендескісі келген мен емес, өз туыстары - Олжайлар. Жігітек жұрты - кешегі Кеңгірбай жұрты, күллі тобықтыны «ел етті» дейтін ұлы би әулеті. Олар билік басында болмаса да, бар Тобықтыдан үстем отыруы керек. Айдағысы келсе, малын, алғысы келсе, жанын алса да Жетектерге ешкім тоқтау салмауы керек. Оған кеше Құнекең, бүігн Абай жіберген жоқ. Айдостың өзі ішінен Көтібақ көптіііне сеніп, Қай- дос пысықтығы мен «пыш-пыш» өсек, жұгымдылыгьш бұлдай иненің жасуындай жерден өтіп отырды.
Мен ше?!. Мен Абайға қарсы партия - жікке еніп, шың басында болумен атымды шығарғым келді. Ой- тасам, ел арысы аталған тұстан, оған қарсының аты да ұмытылмай, қатар аталады екен. Абай атымен қатар аталған адамның арманы не?.. Мейлі, кейінгілер жа- мандап-ак сөйлесін мені. Абаймен бірге атым аталып жүруді кім қанша мың жылқыға сатып ала алатынын айтсыншы маған!
Жә, шіріктер шынды айтқыздьшдар-ау! Жаназашы да кеп қалар, камға кірісшдер!», - деп токтапты. Осы Оразбай- дын мьшасьш костамасак та, кей сөзінің жаны бар екені рас қой. Ал, осы Оразбайдьщ мына ісіне қалай қарау керек?
Абай ауылына шоғыр кісіні ертіп келіп, қаза қайғ- ысынан шөккендей боп отырған Оразбай өлікті жөнелту үстінде бір оғаш қылык жасаған.
Өліктің артын күтуде марқұмның тең құрбыласына сый тарату рөсімі бар. Сонда, Оразбай иығына Тобықты ішіндегі Сақ руына сіңген Керей Қыдыралы әкеп орман жапқанда «Арысымның артын сіңбе Керей жөнелте ме?»,- деп сөз шығарыпты. Абай өлгенін есту үстіндегі Оразбайдан өзге Оразбай ма, не деуіміз керек?.. Әлде, «Мен сүйсем де, тістей сүйіп үйренген-мін»,- дейтін Жүзтайлақ секілді тұлға ма Оразбай?!.
Бұл заңғарың көп жұмысты кесек істеп, кесек те орады екен. Үлкен ұлы Медеудің әм өз атын шығару үшін де аз өрекет етпеген. Медеуге жайлауға шыққанда, жайлаудан қайтқанда екі рет енші беретін болған. Өзімен тұстас сырласы болмаса, аулына келген кісіні «ана ас берген ауылға бар!» деп Медеу аулына жіберіп отырған. Түстік өз бетінше, Медеу үйі түн аумай етін түсірмейді екен. Алыстан келе жатқан қонақ болса, келіп жетсін деп тосатын болған. Осымен Медеудің мырза атын шығарыпты. Медеуді мұсылманша оқытыпты. Оразбай өлгенде Медеу әкесінің жаназасын өзі шығарып, садақасын басқа моллаға бергізіпті.
Сол атырапқа алыстан келген азаматтарын Медеу қонақ етпей жібермейтін болыпты. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап байлардың оқу мәдениеті жұмыстарға мал мен пұл жұмсау дәстүрі қалыптаса бастаған екен. 1925 жылы Қыдыр бөктеріндегі бұрынгы Ақтан бұлақ, қазір Медеу өкімшілігі тұрған жерден Медеу өз пұлына мектеп салғызған. Медеу мектебінің алғашқы мұғалімі боп Сұлтанмахмұттың ағасы Шаймардан Торайғыров істеген. Сұлтанмахмұт Медеудің Санияқас деген ұлының үйінде айлап болған. Сонымен, Оразбайдың
малды атағын шығаруға жұмсаған үрдісін ұстаған ба- ласы Медеу аты сол мектеп ашуының аркдсында ұмы- тылмайтын есім болып отыр. Абай елшің бір вкімтттілік ауылы - қазір Оразбайұлы Медеу ауылы аталады.
Медеу 1931 жылғы 3 қыркүйектегі «Шыңғыстау көтерілісінен» кейін іле-шала Семей түрмесіне кама- лып, аралда атылған.
Мұқаң «Абай жолының» төртінші кітабында Сақ - Тоғалақ руының Сейіт деген жігітін Абай өлеңін айтқ- аны үшін Оразбай тірідей құдыққа көміп, бұған намы- станған Сақ - Тоғалақ руының 500-дей азаматы Оразбай ауылын шауып, Оразбайдың желісін қиып, үш жа- рым мың жылқысын айдап алғавын жазады.
Бұл - болған іс жөне Абайға жасалған қастандыққа бір жыл толар - толмас мезетінде болған. Оразбай тірідей көмгізген кісінің аты - Сейіт емес, Ержігіттің Бейсембайы деген азамат. Тоғалақтың Есенаман дейтін баласының ұрпағы. 1923 жылы қайтыс болған. Қыс- тауы, зираты Қыдыр тауының бауырында Медеу аулы- нан Қарауылға қарай 12 шақырым жерде.
«...Тоғалақ көп ел болса да, қонысы аз, жер тарлық ететін себепті әр қоныста қалың топ ауылдар боп жиі қонады. Бұлардың туысы Сақ деген ел бар. 0 да осын- дай мол өскен елдің бірі. Сақ-Тоғалақ кейде аттары қосылып айтатын бір-ақ ел тәрізді, өздері тату және жанашырлығы, сотқарлығы аз, момын ел. Саны көп болғандықтан, бұл елді басынып, зорлық ету оңай емес. Сол себепті көршілес Есболат, Олжай сияқты рулар- дың байлары, содырлары көп жуан елдер дәл осы Сақ- Тоғалаққа соқтыға бермейтін» (Романның 4-кітабы. «Шайқаста» тарауы.)
Әкесі Абыралыдан соң, Сақ-Тоғалақты Абыралыұлы Араб билеген. Арабтың бәйбішесі Оразбайдың үлкен қызы Күбішә дейтін кісі екен. Демек, Араб - Оразбайдың күйеу баласы.
Оразбай Арабтың күйеулігін пайдаланып, Жайлау да Шақпақтың бауыры - Айсұлудың Ақтасынан үш шақырым жерде, Тай өзенінің жағасына тақау Күйік биігінің оңтүстігіндегі Ақтопырақ дейтін қонысқа қона-ды екен де, басы бүтін қоныс етуге айналыпты. Сақ- Тоғалактың есті-басты кісілері Арабқа «Оразбайға күйеу болсаң бәйбішеңе қалың мал төлеп алмап па ең, киітке жер бермеген едік қой. Жерді қайтарт!»,- деп салмақ салыпты. Омыраулы Оразбай күйеу баласы Араб айтқанын тыңдай қоймапты.
Бұл шақта Абайға қол жұмсаған топтың да өз арасына да іріткі кірген еді. Бұларды Абайды сыртынан канша, қалай каһар аттаса да зорлардың кезектегі сөзі деп қабылдап жүрген жұрт күрт өзгерген болатьш. Ха- лыктың бар тобы - бай, жарлысы болсын Оразбай, Жи- ренше, Бейсембі, Қаражан, Смағұл, Әбен,Мұсажан, Өзбергендердің Абайға қол жұмсауға баруын шектен шықкандақ деп бағалап, өзге мінезге ауысқан-тын. Мәсе- лен, баласы Мұсажан Абайды өлтірмекші болуды мақұ- лдаса, әкесі Әкімқожа ұлы ақьш үшін жаньш қиғанадай еді. Оразбайдың қызының күйеуі Араб кілт бұрылыс жа- сап, Абай баласы Магауиямен ақыреттік дос больш ала- ды. Өбен болыстьщ жақьш туысы Сопы нойыс, әрі мақау Нұрғазы Абайға қамшы сілтегенде, Абай үстіне жығыла кетіп, Нұрғазы қамшысына арқасьш тосқан.
Осылайша, жыл толмай-ақ, қара ниет топ ел- жұрттан оқшауланып қалған-тын. Соның бірі Оразбай еді. Халықтың іштен тынған ашу-ызасының сыртқа шығуына жоғарыда айтылған Сақ-Тоғалақ руының Ақтопырақ деген қонысын Оразбайдың бермеуі сыл- тау болады. Күйік биігінің басына жиналған 500 кісінің қарсысына Оразбай 400-дей ғана қол құрай алған. Оразбай қолының ішінде Күсен батыр бастаған, Жу- антаяқ Қараша би бастаған Дүзбембет қолы, Жігітектен де біраз адам болышы. Мұқаң Жігітектен Базаралы бар дейді романда. Анығында, Базаралы бұл кезде өлген. Екі жақтан кісілер шығып, мөміле сөз жүргізіп, бейбіт тарауға айналған кезде, Жуантаяқтан Күсен, Дүзбембеттен Қараша, Жігітектен Балаға- зыұлы Ибақ бар ұран салып, Есболат қолына тиіп кеп жібереді. Өңкей ірікті батырлар Есболат қолының алдын жусатып жіберген. Есболаттықтар Ақтопырақта отырған Оразбай ауылына қарай қашыпты.
Ауылына қол қара дауыл боп төніп кеп қалғанда, Оразбай ауыл кісілерін далаға шығармай, «кісі жашзым болады, шықпаңдар»,- деп ұстап отырыпты. Қол Оразбайдың желісін қиып, үш мың жылқыны айдап әкетіп, Араб ауылына иіріп қойып, шетінен бауыздай бастапты. Арабтың бәйбішесі, Оразбайқызы Күбішә төркін жүртының жылқысын қыра бастаған- да шыдай алмай, күндігін басына салып, дауыс шығарып, әкесінің ауылына жаяу жөнелген екен. Бәйбішесін тоқтатпақ болғандарға Араб ақырып, ұрсып соңынан ешкімді жібермеді - деген-ді Күсенұлы Уақас ақсақал. Күбішә жылап-жылап, түн ауа үйіне қайтып кепті.
Ауылының үстін қол басып, желісін қиып, жылқы- сын айдап бара жатқанда Оразбай «Жарайды, енді жы- лқымның беті қайтты»,- депті. Осыдан кейін Оразбай малы өсуде емес, өшуде, азаюда болған. Бай дүниеден қайтқан 1921 жылы Оразбай үйінде үш жүзге жетер- жетпес қана жылқы болған екен.
Абайға қастандық жасауға баталасу нүктесі Жігітек ішіңдегі кірме ру Қаңлының басшысы Арықматай үйі екен. Бұл Қаңлылар тобьш Кеңгірбай би Сыр бойынан ертіп кеп «Қаңлы тұқымын алалап, шеттет- сендер, мен жер астында тыныш жатпаймын. Қаңлы — менің бауыр етім» деп өсиеттеіггі ұрпақтарына. Демек, Арықматай шаңырағындағы баталасу Кеңгірбай шаңырағында баталасумен тең бағаланған. Ал, ол Оразбайға керек-ақ! Күні ертең «су жайылып, сабасына келгенде» Олжайлар өзді-өзінен көріп үстасып жатса, Оразбай тасада қалыс қала тұрар да. Бірақ, Оразбайдың бұл есебі толық орындалмайды. Оны Абайдың кектен кек туғызбай, ағайындарымен табысуы орындатпайды. Осылайша, Оразбай Көшбикедегі оқиғадан соң, тақ қалады. Сондықтан да болар, ол заңғарың содан былайғы өр намазының соңынан жасайтын батасын «Тәңірім, Сақ-Тоғалақпен қолдас қылма, Жігітекпен жолдас қылма»,- деп аяқтайды екен.
Осы аласапыран аяқталмай жатып, Оразбай Меккеге қажылық сапарға аттанып кетеді. Меніңше, артына осынша лаң туғызған кісі патшалық мекемелер тарапынан оңайшылықпен шет жұртқа, Меккегеқаржылық сапарға жіберілмесе керек-ті. Бұл біздің Абай өміріне қастандық жасаушылар орыс ұлықтарымен сөздес болды, олар патша мекемелерінің емеурінімен Абайға қол жұмсады деген пікірімізді бекітеді.
Оразбай қажылыққа 65 жасында аттанған. Қасына інісі Бегімбетұлы Ыспанда ертіп барады. Оның қажыға барып - қайтуының өзі аңызды әңгімеге толы.
Оразбай Меккеден қайтар кезде іш аурута ұшырайды. Ол елдегі тәртіп бойынша Мекке қаласынан қажылар 10-15 шақырымға шекті жаяу шығуға міндетті екен. Бұл біріншіден, қасиетті орынға қажылардың құрметі делінсе, екіншіден, ол іш ауруды таратпаудыц шарасы екен. Іш ауруға шалдыққан адам ауруын жасырмақ. Соны білудің оңай әдісі қажыларды 10-15 шақырым жерге жаяу жүргізсе сырқаттың іш ауруы білінбей қоймайды. Арнаулы сақшы топ іш ауру кісіні сөйтіп жібермеген.
Мұны білген Оразбай қатты сасқан екен. Әдісті өзі тапсын, не інісі Ыспан тапсын, әйтеуір Ыспанның қай- ратының арқасында Оразбай Меккеде қалмай, елге қайтыпты. Ыспан ағасының бойындай сандық жасатып (Оразбай бойы шағын кісі екен), ағасын 15 шақырым бойына сандыққа салып, арқалап алып шыққан.
Осыдан бірер жыл бұрын Құнанбайды Ызғұтты ар- қалап алып шыққан дейтін біреулер шығып, баспада жа- риялатты. Ау, ағайын Құнанбай сандыққа сия қоятын денесі шағые кіс емес. Шәкәрім, онын баласы Ахат мар- құмдарды еске түсірген кісі Құнекенді сандыққа сыяр кісі десе, оның Мюнхаузен болғаны-ақ. Ал сол лақап арқылы Ызғұттыны абыройлы, атақты атандырмақ болса, онда да адасқаны - ақ! Ызғұтты жалған атақка зәру кісі емес.
Абай ауылының Керей руынан сіңген Байбота, Жанбота деген жылқышылары болған. Соның Жан- ботасының әйелі Майра шешей 1953-1959 жылдары Қарауыл селосында көрші болып тұрғанда мынаны айтты. Ол кісі 1967 жылы 90-нан асып дүние салды.
- Менің күйеуім Жанбота Абай үйінің ұзақ жыл жы- лқысын бақты. Енем Абаймен, күйеуім Мағауиямен түйдей кұрдас еді. Өзім Тұрағұлдың әйелі Сақыпжамал- мен бірге түсіп, баланы да қатар көтеріп жүрдік. Са- қыпжамалдың туғаннан кейін омырауы жарытпайтын да, Ақышынан бастап бар баласын еміздім. Енем көріксіз әйел-тін. Содан ба, Абай ол кісіш «Сұлу» деп атайтьш.
Мағаш өлгенде біз Абай ауылында Кіші Ақшоқы- дамыз, Мағаштың қонақасысын бергеннен кейін, жай- лауға көшуге жинақтала бастады ел. Алдымен Көкүйірімде аз күн отырмақшы болды-ау деймін. Көкүйірім қанша қашық, жылжып қонатындай-ақ қоныс. Көшетін күні ауыл үйлерін жайырақ жықты. Абай пәуескемен Мағаштың балаларын алып бейітке, қажы басына кетті. Қашанда көштің алғашқы күнінін абыр-сабыры көп болады. Содан ба, жай қозғалды көш. Көкүйірімге таяғанда Үлкен Ақшоқыдан жолға Абай пөуескесі көштен бұрын түсті де, жүрт шетіне, көгалға тоқтап түрды. Қай қоныста болсын, қашан болсын Абай үйі бір-ақ жерге, бір-ақ орынға тігілетін. Ол орынды күзде қой қордасымен жауып кететін де, көктемде үй орны құп-құрғақ болып тұратын. Көш түйесі ентелеп, жұртқа келді. Түйенің алдын шөгере бастағанда Абай атшысы Баймағамбет: «Абай ағам жүкті түсірмесін дейді» деп келді.
Жұрт аңтарылып қалды. Үлкендер пәуескеге, Абай қасына жиналды. Естігеніміз Абай бұл біздің қоныс - Көкүйірім емес депті дейді. Осымен әжептәуір уақыт өтті. Көптен соң Абай пәуескеден түсті. Қасына еркектер еріп, құдық басына барды. Сонда Абайдың бас бармағын тістеп тұрып қалғанын мына шыққыр көзім көрді, қарағым. Сөйтсек еркектер «Абай аға-ау, мынау жылқы су ішкенде өзіңіз отыратын тұғыр тас емес пе, бұл Көкүйірім»- деген- де Абай шатасқаньш біліп, бармағын тістеген кезін көріппіз біз. Зират басынан қайтқанда қайғыға жеңгізіп алса керек қой, жарықтық. Сол түні Абайдың тілі байланып шықты. Содан бастап, 2-3 күнде бір тілі байланыпқалатын болды Абайдьщ. Ақыры дүниеден тілсіз кетті, соңғы арыз-хошыш айта алмады ұлы ақын...
Жылау, сықтау деген не, қайсысын айтып тауыса- мыз. Халық күрсінісі, ағайын қайғысы өз алдына бол- ғанда, өз ауылы, өз отынын басы қасыретіне не теңессін!.. Обал-ай, обал-ай!.. Шарасынан лықсып асқ- ан өнерге, шаттыққа толы тірлікті ауыл-аймақ тұл жетім қалды... Қатын қайғысы қазан-ошақ басында, бәйбішелері нені арман етті дейсің ғой. Ділдә бәйбіше, Еркежан, Әйгерімдер әр нені сөйлеп кеп, бір нәрсеге қатты өкінгені, соны өте-мөте арман қып, өкініштерінің зоры өткені әлі есімде.
Мағаш күн жылынғаннан бері жеке киіз үйде жа- татын. Қасында көбінекей Абай, Ділдә бәйбіше, Әйгерім, Еркежан отыратын. Мағаштың кіттті әйелі Мөржан бол- са, ол осыдан бір-ер ай бұрын сүлеленіп ауырып жүріп қайтыс болғантын. Балаларының үлкені Уасила 13- 14-те, кішісі Кәмила 2-3 жаста ғана еді. Бәйбішесі Дәмөгей адуын адам, ауылдың сыртқы шаруасына жүретін. Мағаш нашар тартқан соң, Қажы айналасы жайлауға шықпай, Ақшоқьпа көшіп келген болатын.
Сол қаза түні Абай Қажының үлкен шаңырағы, Ер- кежан үйінде екен. Ел орынға отыра: «шақырады Сізді, Мағаш нашарлады» дегенде Абай марқұм не болғанын білмей кетсе керек. Мағаш үйінің төріне соғылып, оң жақ шекесін керегенің көгіне жыртқызып алыпты. «Мағауия өлгенде Абайдьщ беті жара еді» дейтіні - сол жұрттың. Мағаш түн ауа үзіліпті. Қасында Абай, Ділдә, Шәкәрім, Тұрағұл, Кәкітай ғана болыпты. Дауыс шығарып жылаған ешкім болмады. Есіл Мағашты жақсы көретін аға, іні, жақын, туыс, құрбы, құрдас, дос-жаран, әркім өзімен-өзі боп, үнсіз жылауда. Үлкендер үн шығармаған соң, жастар қайдан дауыстасын. Ернімізді тістеп, булығып жылаумен таңды атырдьщ. Мағаш жатқан үйде тырс етіп шыққан дыбыс жоқ. Байқаймыз: үйге кіріп-шыққан бірен-сарандарда да үн болмады. Қаза үстінде айқай салып жылаған да бір жосын екен ғой. Жаның күйер аяулы жан қайғысына үнсіз егілген деген неткен ауыр! Езіліп кеттік!..
Күн көріне жылқы келді ауылға. Еркектер барып ат ұстады. Қалың ағайынға жаназа хабарын беру керек қой. Екі көзім Мағаш үйінде. Бір кезде Абайдың ағасы Тәңірберді бастаған 4-5 үлкен үйге кірді-ау. Олар барған соң да шыққан үн болмады. Естуім: Мағаш үзілген шақтан бастап, Абай сүйікті ұлының басында көзінің жасы тамшылап, үнсіз отырыпты да қойыпты. Бәйбішесі Ділдә да Абайдан батып дауыс шығара алмаған. Тәңірберді барып «Абайжан, тұр, мәйітті оң жаққа алсын»,- дегенде ғана қозғалған. Ауылдың бар адамы сол үйдің алдындамыз. Есіктен алдымен Ділдә шықты, артында Абай келеді екен. Ділдә бірер аттады да, жалт бұрылып, айғайлап барып Абайды бас салды. Абай отыра кетті. Сол-ақ болды, Ақшоқы бойын «Мағаш-ау!» «Мағашым! Асылым!», «Арысым, Адалым»,- деген жоқтау зар кернеді. Үлкендер кезекпе-кезек Абайға көрісе бастады. Біраздан соң, әншейінде Абай үстіне кіре алмайтын, келін-кепшік саналатын жас әйелдер де Абайға көрісіп жатты. Осы мен де көрістім Абайға. Соның бәрі өңге өлім үстіндегідей емес, жұрттың Мағашқа деген шьш бейілі мен Абайдай асылдың асыл ұлынан айырылғанына жаны ашығанынан еді. Бұл жалған Мағауиядай жанды да дүниеге әкеледі екен-ау! Қасы-көзі қиылған, қағаздай жұқа қағылез ақсұр, қабақ шытып ренжуді, біреуге зекіп, дауыс көтеруді, «сен» деп сөйлеуді білмейтін асқан биязы еді. Өңге түгіл некелі өйелі Дәмөгей адуындап, бұрқ-сарқ сөйлеп жүргенде де «Әй, Дәмеш-ай, қоя қойсаңшы»,- дер де, қояр еді. Кейін де Дәмөгөйдің тұмсығына жел түсіп, Мағаш Мөржанды түсірді. Дәмөгей содан кейін тіпті құтырды. Мағашқа, одан барып Мөржан байғұсқа жөнді-жөнсіз тисетін-ай келіп. Әбден болмаған соң, Мағаш кейде қатуланып қолына қамшы алатын, тілдеуді, ұруды біле ме Мағаш, құр айбар көрсеткен болады да. Дәмөгейге керегі сол, Абай ағам үйіне қарай жөнелетін. Бірде мен Тұраштың бір баласын емізіп отырған ем, көгеріп алған Дәмөгей келіп кірді үйге. Келе Мағаштың үстінен арызданып, Мағаш ана жәдігөйінің тілімен ұрды, қолы тиді деді. Өзі Абайдын атын атайды екен. Абай қасьша отырғызьш, мандайынан сыйпап, көз жасын сүртті жұбатып. Шай ішкізді. Сөйтіп отырғанда Мағаш келді. Абай камзолының етегін көтеріп, «Араша, Мағаш, араша»,- деді. Мағаш томар бояудай қызарып, бұрылып шықты да кетті. Сонда Мағауия болыс еді.
Абай аға зейілді адам ғой. Ол кісі кей-кейде адамдарға катты ұрсып, жерлеп, ауыр жаза бұйыруға айналғанда Мағаш ара түскенде, әкесі сап басылады десетін еді. Соңғы кезде қалың ел Мағаш алдынан тарап жататын. Ағайынның алыс-жақынының Мағаш тілін кайырғаны болмайтын. Апыр-ау, ана шағын бойына соншама мінез, кісілік қалайша сыя берген деп жұрт аңыз ететін. Қайтсын, жарықтық, іш пен сыртқа бірдей тиянағы еткен тірегі Мағаш құлаған соң, өзі де құлап түсті.
Қой, бағанағы, қаза үстіндегі Абай жайынан көргенімді тамамдайын. Күн сәскеге барғанда үлкендер Абайды колтықтап апарып, өз үйіне енгізді. Күн сол күні әскере ыстық болды. Өзі етті-женді Абайды бар әйел кұшақтап, көрісе беріппіз ғой. Біз байғұста бас бола ма, бөріміз сүйіп жақсы көретін Мағаш үшін егілгенімізді, әкесі арысымыз Абайға шақпағанда, кімге шағамыз дедік пе екен, толас бермей, тынысын тарылтып жіберсек керек. Бір кезде Абай енеме: «Сұлу-ау, мені өлтірдіндер ғой», - депті. Енем маңын әйелдерден сейілткенімде Абайды ақкөбік жауьш, тері сүмектеп кеткен екен. 5-6 кісі орнынан әзер тұрғызып, үйіне алып жүргенде, буынын баса алмай, сүйеумен азар жепі, - дейтін.
Кейін Абай марқұм болған соң, Ділдә бәйбіше бас- тап, өкініш етіп «Өзі етті адам, ыстықта буынып кетіп, бір тамырына зақым келді-ау! Тілі байлануы содан ғой, бар дерт сонда жабысты»,- десетін еді.
Абай ауылы Көкүйірімде көп отырмаған. Ауыл-ай- мағын асықтырып, сыртқа жайлауға тез жетуге бұйыр- ған ақын. Сонау шақта, бала Абай оқудан қайтып, ата- анасына, одан ары қалың халқының ортасына жетуге асықса, енді даналыққа жеткен кемел шағында дүние- ден кетуге асыққандай болған. Иә, ұлы жан өмірден өлімге асыққан... Ал ол жарық дүниеге алғаш кеп, кіндік қаны тамған қасиетті бұл өлке жетімсіреп, құлазып қал- ғандай хал кешкен-ді. Ұлы Абайдың өзі болса,
«Мен ішпеген у бар ма?»
Еріксіз түсер ылдидан
Еркіңмен шығар өр артық.
Итшілеген өмірден,
Көсіліп жатар көр артық, -деп, үміт-тілек, күш-дәрмені таусылғандай болып көшкен бұл өнірден.
Бірақ, күйік меңдеткен ұлы Абай Шыңғыстың өзі туған бұл бауыр топырағында өз рухынан ұшып түскен бір асыл дөн өніп, ұлылыққа нәр жинап, өсіп жатқанын байқамаған болатын. Ол өскінге ұлы ақын рухы бесігінде жөргек шүберегіне оралған сәттен терең сіңіп, қаны мен жанында ұмытылмас боп дарыған еді. Ол ұлан Абайдан соңғы халқының үміті, туған жұртының күш-қуаты, медеу-дәрмені болу сыбағасы бұйырған Мұхтар еді.
Енді біз Көкүйірімнен шығып, Ақшоқының батыс жотасымен, Ұлы Абай соңғы рет жұріп өткен жолмен жүреміз. Асылы мұндай жоталар үстіндегі бұрынғы көш жолдары бүгінде соқпасы аз жайдақ автожолға айналған. Көкүйірімнен шығатын сондай тақта жолмен биіктің төр сайынан тік түскенде алдымыздан шығыс жақ бар болмысымен ашылады. Шексіз жайқын жазық боп ойқұдық қорық далалаы созылып, сенен жасырары қалмайтыны өз алдына, көзіңіз Шолпан адырынан арғы бел-белес, белдеу төбелерден, асып Күшікбай Арқалығына, болар-болмас боп көрінген Тышқан -Байғабыл, Миялы жоталары ұшына тіреледі.
Төр сайдың түсе беріс аузында түп-түп ши өскен, оңында таспен қиылған бастау. Ал сайдың екі жақ қанаты кеңіп, аймақты қолатқа айналды. Ертеден Үлкен Ақшоқы аталатын осы жер.
Қолаттың Кіші Ақшоқы жақ батыс шетінде үлкен биік тас және ақ силикат кірпіштен қаланған зираттар көрінеді. Зират-бұл атыраптағы бір кездегі ел мен жер иесі болған Құнанбай Өскенбайұлынын кабірстапы. Ал, қолаттың оң қанатына екі-үш желі арқандай жерге қадам бассаңыз аумағы мол ескі күл, құланды қора орнына кезігесіз. Бұл осы әңгіменің басында айтылған Ысқақ әулетінің қыстау орны.
Кіші Ақшоқыдан келетін жол биікті іргелеп түссе, іргедегі төбешіктердің аз-маз жазаңында Құнанбай қажының кең ауқымды алып тұрған тас бейіті тұр. Бейітті қазір «Құнанбай қабірстаны» деп дұрыс атап жүр. Өйткені, бейітте бірөңкей қажының өз ұрпақтары жерленген. Егер қарадан кісі жерленген бе десек, Қажының өз зиратында екі адам - Сары Тарақты руынан Төлепберді Майшоқыұлы мен Ызғұтты (Шибай) жерленген.
Құнекең зираты ең зор зират дедік. Оның іргесінде біз көрген 40-жылдарда үш тас сандықша (ат бесік) бар еді. Ахат Құдайбердіұлы: «1885 жылы Омбыда Халиолла өліп, қажы сүйегін алғызып, Ақшоқыға жерленді» дейді. Ал, Архам Ысқақов: «Халиолла сүйегі Шыңғыста, Айғыз қыстауы - Сарықатын деген жерде жерленген», - дейді.
Біз бұл жөнде Ахат Құдайбердіұлының емес, Архам Ысқақұлының дерегін мақұлдаймыз. Құнекең 1886 жылы мизам айында өліп, өзі зират иесі есебінде зираттың сол жақ іргесіне жерленген. Ал, Халиолланың сүйегін Омбыдан алғызып тұрып, сүйікті ұлына Қажы зират тұрғызбай қоймайды. Ертеден бар үш сандықшаның біріне Халиолланың жерленетін жөні жоқ.
Ақшоқы атырабының жәйіне Ахаттан гөрі Архам әбден жетік кісі.
Архамның әкесі Кәкітай түгілі Ысқақтың қонысы - (1860 жылдан бері) осы Ақшоқы. Архам өзі үлкен Ақшоқыдан 1883 жылы туып, 1925 жылға дейін осында тұрған. Ал, Ахат болса Шыңғыста туып, ержете келе оқуда болып, одан қуғындалумен жүріп, Жамбыл об- лысында, Алматы маңында өмір кешкен. Біз Халиолла Шыңғыста, анасы Айғыз қыстауы Сарықатын деген жерде жерленген дейміз.
Құнекең зиратының ұзыны - 13,5 метр, ені - 10 метр, шикі кірпіштен қаланған. Зират кұлаған соң, Кеңшар 1977 жылы жергілікті тастан қайта тұрғызған, ұзыны мен енінің бұрынғы қалпы сақталған. Зираттың тау жақтағы бөлігі - Көкітай бейіті, Құнекең зиратына жалғас тұрғызылған. Оның ұзындығы қажы зираты жак бөлегінен 4 метрге артык - 17 метр. Екі зират бөлегінің ені бірдей 10 метрден. Сырт қарағанда бұл құрылыс тұтас бір-ақ зират боп көрінетін-ді. Тек, шығыс түстікке қараған екі есік қана зираттың екі бөліктен тұратынын білдіретін.
Зираттың екі бөлігіне де мәйіттер төрт қатар боп жерленген. Құнанбай зиратының төрдегі қатарында (кейбірі жер боп кеткен, жігі білінбейді) 6-7; одан төменгі екінші қатарында 8-9; үшінші қатарында да сол шамада; төртіншісінде - 11 - барлығы отыздан астам қабір бар сияқты. Ал, Кәкітай жак бөлегінде жалпы саны 50-ге тарта қабір байқалады.
Сонымен, бұл зиратта кімдер жерленген дегенге кел- сек, зираттьщ сол жақ төрінде зират иесі жерленетін тәртіп сақталган. Құнекең өз зиратының төріне, сол жақ іргесіне жерленіпті.
Біздің қолымызда Ысқақ шөбересі, Әрхам қызы Ма- рияның (жалған аты Мінәш) қойын кітапшасы бар. Мінәш 1943 жылы тамыз айының 6-жұлдызында әкесі Әрхаммен бірге келіп, зираттағы ата-баба, туыстары- ның орнын белгілеп, жазып алған көрінеді. Жазуы да сол уақытына сай қара қарындашпен түсірілген.
Кітапшада Құнекеңнің сол жағында баласы - Ысқақ, одан соң Тәңірберді, Қажының аяқ жағында (екінші қатарда бірінші) Әбдірахман, одан соң Ысқақтың аяқ жағында Мағауия қабірленді деп тұр.
Кәкітай атам Ысқақұлы, Құнанбай, Ысқақ ата, Төкежан ата
Оспан, Абай ата Жидебайда жатыр, Әбіш аға.
Кітапшадағы жазуы. «Соғыс кезі, колхоз зиратқа шөп үйеді екен інгіне. Бірақ аталар басы ашық қалған. Жерде ігішен қалдықтары. Дегенмен, әкем сол зираттағы бес адам есіңде болсын» деп тапсырды.
«Кәкітай атам Құнанбай атам қасына жалғап, қасында жатсын деп әдейі зират салыпты. Іргелес жатқаны сондықтан. Құнанбай қажы атама қатарлас өз балалары Ысқақ ата мен Тәкежан ата, қажы атамның аяғында Әбіш (Әбдірахман), Ысқақ атамның аяғында Мағаш (Мағауия) аға жатыр деп біл».
Абай ата Оспан бейітінде. Ұлы аналарымыз, Зере, Ұлжан, Құдайберді - бәрі Жидебайда деген. Түрегеп тұрып қарындашпен сызып алғанмын. Онан кейінде келсек туыстарға көрсеткем. Әкем әкеліп көрсетті 6 август 1943 жыл.
1988 ж. «Жазушы» баспасынан Мұздыбай Бейсем- баев марқұмның «Абай және онын заманы» атты кітабы басылып шықты. Зерттеуші кітабында Москвадағы «Центральный Государственный военно-исторический архивтен (ЦГВИА) алып, мьшадай дерек келтірген: «Құнанбай аға сұлтан кезінде, 1850-53 жылдар өз пайдасы үшін елге алым-салық салып, түйе, жылқы жинады» деген көрсетінді болып, тергеуде екі адам Құнанбайдың баласы болып жауап беріпті. Бірі - Ыз- ғұтты Құнанбаев 20 жаста: «Әкем үшін елден мал жи- науға қатысқан жоқпын». Екіншісі - Солтанбек Өскен- баев - 16 жаста: «Маған ешкім де түйе, жылқы берген жоқ» деп жауап берген. Жоғарыдағы архив ООА - Ф- 3, 3650, К - 487 Л- 316.
Мұздыбай: «Солтанбек Өскенбаев Құнанбай әулетінің шежіресінде жоқ. Құнанбай неше түрлі амал-әрекеттер жүргізіп, біреуге өз баласын беріп жақындасып, біреудің баласын өз баурына салып алып достасып кететіні көп болған деседі. Соңдай көріністердің бір түрі ме деп ой- лаймыз. ...Ызғұтты, Солтанбек тағдырлары тым көмескі, күңғірт. Ел есіңде сақталмай, тез ұмыт болуы да сол се- бептен болса керек», - дейді кітаптың 100-беті.
Біздің анықтауымызша, бұл зиратта марқұмдарды жерлеудің өзіне тән бір тәртібі байқалады. Төргі қатарда - ата балалары да, екінші қатарда - немерелер, үшінші қатарда - келіндер, төртінші қатарда — ағайындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет