Үскірік қарлы бұлт басын жуып. Зор кеудемен бұлттан асқан басы, Күн ашықта жалтырап жылтыр тасы. Аю, арыстан, піл, барыс - хайуанаттар, Қойынында бір сақтаған ол - анасы.- деп айтқанда бойына тітіркенумен бірге бір қуат біткендей. Айтылар әңгімесі аяғынан, Әдеті ата-мұра баяғыдан Қаны қызса қанжарын қайырмайды, Өзгенің бұрын сермер таяғынан деген жерінде сол шеркеш қасына қазір қанжарын ұстап келіп қалғ- андай да болады. Ал, «Екі көзден жас атып ыршып кеткен, Сорғалап сорағытып әжім беттен. Жуан, қалың білектей бурыл мұртқа, Тоқтамай сол бетінде барып жеткен. Бар ұлдарынан айырылып, бар тірегі-жалғыз қызы өлгенін естіген қатыгез, зұлым Жүсіп кім-кімнің сәтке де болса аянышын туғызады. Шәкәрімнің “Ләйлі-Мәжнүннен” мынаны оқыған жасқа не кеңес етерсіз? Мәжнүн - Ләйлісінің қайғы- сымен тау-тас кезіп, ғашығының есімін атағанда Ләйлісінің атын қайталаған жартаспен жауаптасуы: Әй, жартас, мен айтқанды, сен айтасың, Дертімді мазақ қылып ұлғайтасың. Ләйлінің менен өзге ғашығы жоқ, Ұқтыршы, сен Ләйлі деп кімді айтасың? Сенің де Ләйлі дегеп жарың бар ма, Ішіңде мен секілді зарың бар ма? Атама ғашығымның құрметті атын. ЬІнсап қыл, рақым, ұят, арың бар ма? Жандырма жанып тұрған жүрегімді. Ерітпе атын айтып сүйегімді. Ләйлінің атын жалғыз мен атайын, Зарлатпа, бер жалынған тілегімді. Ләйлі де: Сөйлесті аспандағы айды көріп, Жүресің жердің жүзін сен тексеріп, Бір түнде дүниені шарқ ұрасың Мәжнүннен қуантсаңшы хабар беріп. Қайда жүр тірі жүрме, не қылып жүр? Ішімді ғашық оты жандырып тұр Болсаңда сен де мендей күнге ғашық Нұрымен жарқырайсың, жанбайсың құр. Күн ғашық сағандағы салды нұрын, Бар ма еді өзінде нұр онан бұрын? От салды жүрегіме менің Мәжнүн, Аузымнан шықты жалын, көрдің түрін. Мұнан соң барды аяңдап тоғай жаққа, Жеміс пен ағаш еккен бау-шарбаққа Түндегі жылы желдің лебізіменен, Сөйлесті жасыл гүл мен жапыраққа. Жылы жел ғашығымның лебіндейсің, Сен мені не білесің, не білмейсің. Желменен сыбырласқан жапырақтар Шын ғашық болсаң неге егілмейсің? Түн болса дымқыл шықпен буланасын, Өтірік ғашықпын деп қуланасың. Қан ағыз ғашық болсаң жас орнына, Егіліп жыламайсың, суланасың. Сенің де жарың болса Ләйлі аттас, Қайғылы сорлы болсаң өзім заттас, Сен неге қанды жасты ағызбайсың, Болып па ең ғашығыңның дертінен тас? Сөйлесті онан кейін жұлдыздармен, Жаным-ай, көрдің бе - деп Мәжнүнді сен? Жарымды жаным сүйген бір көре алмай, Сұрайын бір хабарын көрінгеннен. Ей, жұлдыз күндіз тудың, түнде батып, Қасыңды кімге ымдайсың қимылдатып. Ғарыппын мен де өзіндей тұтқындағы, Зарлаймын күні бойы үйде жатып. Қаптайсың түн болғанда жердің жүзін, Сорлымын қатты тартқан қайғы сызын. Сендерге дүниеде таса жер жоқ, Мәжнүннің тым болмаса көрсетші ізін. Күні кеше өлтірілген Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр тағдырларына бұл ауыл егілмей, тыңдаушы ма еді... Абай аталарының: Ғашықтық құмарлық пен ол - екі жол, Кұмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол - өлеңін бұл елдін қай еріксіз ұзатылған қызы ғашығына соңғы қошы қып айтпап еді... Ілуде бірі болса да Пушкин мен Абай Татьянасы үлгісімен жігітке жауап қайырмады бұл өлке сұлулары. Тіпті, бұрынғы қазақ, салтымен алтыбақан, ақсүйек ойындарында қызға бұл өнір жігіт көңіл білдіруден тыйылып, хат арқылы табысуға, көңіл ашуға көшкелі қашан?!. Әуез атаның Әзірет Әлінің «Сал-Сал», «Зарқұм» со- ғыстарын түнді түнге аударып айтатыны бар. Кейінгі шақта бұған «Дубровский», «Боран» қиссалары косылып тыңдасуда. Әсіресе, ол Мұхтар мен Біләл, Ахмет бар Омархан арбамен Тышқаннан келе жатқан жолда «Арқар қоңыр» аттың алып қашуымен байланысты қайта-қайта айтылып тындалатын болды. Мұхтар «ат алып қашып, келе жатқанда қиссаның мына өлеңі ойыма түсті дейтін». Шал Антон бишік бұлғап, божы қақты Сар желді күрмедегі ат, шеткі ат шапты. Өткенін қанша уақыт пайым етпей Владимир тым терең ой ойлапты. Ат пыр-пыр, арба күр-күр, қоңырау шылдыр. Тау-ағаш кейін қалып, қақты бұлдыр, Бұлардан Владимир түк сезбейді, Әкетпес әлдеқайда көңіл құрғыр. Той-томалақ, қыз ойнақ, келін түсіру, қыз ұзату секілді қызықтар, кешкі алтыбақан тербелісіндегі жұп-жұптан да, баршасы қосылып айтатын әндері, орине Абай өндері болады. Бертінде Қаске (Қасым- бек Әуезұлы) дауыс қосып айтатын әндерді ескі түрлі мақамында бөліп айтып, қосылуды үйреткен-тін.Арыда Құран Кәрім мағынасын айыра білудегі араб тілін, ертедегі қиссалардағы парсы тілін үйренуге ден қойған бұл ауылдың кейінгі жастары орыс тілін үйренуге шұғыл бет бұрды. Қасымбек, Жағыпарлар бастаған бір тобы өздері бір жасақ кұрайды. Семей қаласына таяулық па ауыл азаматтарының сауда-саттыққа да араласы молайды. Шыңғыс елі жаз шықса Семейден бергі ұрымтал қоныстарға ауыл қондырып, бие байлап, қымыз саудасына кірісті. Үлкен қожаның інісі Самархан мен Омархан сонау келген жағы оңтүстікпен қатынастарын жалғастырып мал мен жеміс саудасында жүр. Бұл ауылдың ішіп-жем, киім-киісінен де көрінеді. Ұмытылып кеткен құрма, өрік, шабдалы, алма, алмұрт жемістерімен бірге, киімде шағи, дүрия молайды. Қыз желеңдері бастарына топы киюді шығарды, Үлкен Қожаның өзі де құрма, шабдалы жеміске құмар-ақ. Есіне бала кезі түсетіні ғой. Үлкен қожа ту- уын Түркістанда туғанмен өсуі, мұнда болса да атамекенін сөз етуден іркілмейді. «Бесігіңді түзе» кітабында Тұрсын Жұртбаев (кітаптың 300-беті) «...әуелі Шыңғысты наймандар мекендеген, кейін Машан тауын Тобықтының Жуантаяқ, Мотыш, Сақ, Тоғалақ тобы жайлаған. Кең өлкенін жер- су аттары белгісіз болғандықтан, өзен-көл, тау аттары оның есімімен аталған. Сарғалдақ батыр, Әуездің әкесі - Берді, Бердінің әкесі - Саяқыптың (Саяқ) ағасы» - дейді. Тұрсын осы кітабының келесі бетінде «Саяқыптың әкесі Мұхмұн мен Сарғалдақ бірге туысады, екеуінін әкесі ПІаһанәдір» деген Ниязбекті қостей кеп, ...екшей келгенде Мамаймен бірге Шыңғысқа келген Саякып (Сақып) болса керекті. Себебі, ағасы Сарғалдақтан қол үзіп кетуі екіталай. Ал Әуездің жиені, Самарханның Зура дейтін кызынан туған Мәжит Диханбаевтың «Мұхтар туралы естеліктер» кітабында (1997) 6-бетте «Бердіқожадан бес ұл туады. Ең үлкен баласы - Үсен. Одан кейінгілері Бурахан, Әуезхан, Кенжехан, Самархан. Бураханнан Қожабырхан дүниеге келеді. Ол денелі, ұзын бойлы аса палуан адам екен. Сондықтан да, оны Құнанбай өз жанына серік етіп ұстаған. Құнекең 60 жаскқа келгенде Бердіқожанын кенже қызы Нұрғанымды алуына осы Қожабырхан себеп болды» дейді. М.Диханбаев «Құнанбай Бөжеймен араздасып, Бөжей арызбен Қарқаралыға барғанда, артынан көп адамды ертіп Құнабай да сол жаққа жүреді. Сонда ол Бердіқожаны да ақылшы ретінде Қарқаралыға ертіп барады» дейді. Саясатшы Құнанбай Шыңғысқа, Шоқанға салу үшін Бердіқожаны ертіп алу ақылға сияды. Ендігі бір сөз Бердіқожа балалары Құнабай Нұрғанымға үйленген соң, Бөріліге Архаттан көшіп келді ме? Саяқып, оның баласы Бердінің Архаттағы қонысы - Бетағаш. Саяқып пен Берді Бетағашта жерлеген деген жазушы Кәмен Оразалин, Сарғалдақ Шыңғысында Тобықтымен ере келді деген Тұрсын Жұртбаев пікірлерін қостаймыз. Машан тауының түстік шығысында Көксеңгір тауының «Сарғалдақ» дейтін өзен «Қоңыр Әулие» түбінде Шаған өзеніне құйып жатады. «Сарғалдақ өзенінің жағасында Сұңқарлан аталатын қоныс бар. Сұңқарлан - қажыға барған Жуантаяқ руының кісісі. Бейіті сонда. 1920 жылдан беріге дейін мектеп болған жер. Өзеннің аты осы араны қожа ма, төре ме Сарғалдақ деген кісі мекен еткен екен. Соған байланысты аталған» деген Әбіш Қарсамбекұлы. Оны Леймен ақын да қостаған. Олай болса, Сарғалдақ қажының Шыңғыста болғанына еш күмән жоқ. Оны жер аты сөйлеп тұр. Бөрілінің батыс бетінде әлем әдебиеті алыптарының бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың мұражай Үйі тұр. Аумағы 200 шаршы метр жерді алады. Көрікті ғимарат - Абай елі, Шыңғыс жерінің терістік шетіндегі ең мәртебелі, қасиет қонған орын бұл! Ата-тек баяныда жазушының арғы тегі Мұхаммед пайғамбар мен Әзірет Әліден басталғанын баяндай кеп, ана кесене Мұқаңның әкесі Омархан мен анасы Нұржамалғажазушының100жылдық мерекесіне байланысты тұрғызылды. Нұржамал Әбсеметқызы - Алматы қаласы, Қапшағай, Іле бойындағы Байсерке ауылында туы өскен. Әбсемет - Абайға жиен. «Абай жолы» романындағы Абай баласы Әбдірахман күтімінде боп, дүние салардағы үй иесі осы Әбсемет. Абай өлеңмен сәлем жолдайтын адамы да осы. Әбсеметтің әкесі Әлімбек Кұнанбайдың інісі Жақыптың қызынан туады. Абайдың өлеңінде жиен деуінін себебі де сол екен. Әбсемет жиенің,
Ол сенің біреуің, Достығын достықпен, Өтемек тілеуім - дейді ғой ұлы ақын. Демек, шешесі арқылы Мұқаңда Құнанбай тегінің қаны бар болып шығады. Омархан 1856 жылы туып, 1909 жылы, Нұржамал 1912 жылы дүние салған. Бірақ жазушы жетімдіктің еш тауқыметін тартпай, бұла боп өскен. Өйткені, Қожа ұрпақтарының ынтымақты, берекесі, бірлігі берік болады. Әсіресе, ең маңыздысы Тобықтыға Ырғызбай, Құнанбай, Абай айналасының қадірлісі, ұстазы Әуезханның аухатты, малды болуымен бірге, Абай ауылының жас балаларын оқытып, тәрбиелеуден ештеңе аямайтын үлгісін ұстануы болады. Жазушының өзі жайындағы мағлұматқа назар сал- сақ та Мұқаңның соны бекітетінін көреміз. «Бердіқожа өзге қожаларша қожалық етіп, үгіт айтып, дінге ұйретіп жүрді ме, жүрмеді ме, оны білмеймін, «солай қылды» деген сөзді естігенім жоқ. Одан бері үлкен әкем Әуез, өз әкем Омархан аты қожа дегені болмаса, қожалықтың жолында істеген өзге қара қазақтан бөтен ешбір іс болған жоқ. Бұлай болуына да қисыны жоқ. Өйткені, Тобықты іші ертеден соншалық діндар, соншалық надан да ел болмаған сияқты. Ішінен Құнанбай, Абай сияқты кісілер шыққан соң фанатизм, қараңғы наным азайып, ақылға бой ұрғыш, көзі ашықтау ел болғанға ұқсайды. Сондықтан, бұл елдеп қожа да көптің ауқымына түсіп, бұрынғы ата кәсібінен жаңылып кеткен сияқты. Менің үлкен әке 1918 жылы дүниеден өтті. Өз әкем 1909 жылы дүниеден өтіп еді. Бұлардың ішінде қайсысында да діндарлық, сопылық белгісі жоқ, қайта әр нәрсеге Абай үлгісімен, ақылымен қарауға тырысушы еді. Абайдың сондайлық ұстаздық, үгітшілдік әсерін мен кішкентай бала кезімнен өз әкелерімнің қалпынан да анық көруіме болушы еді» деген жазушы. Мұқаңның мұнда «Қожалықтың жолында істеген өзге қара қазақтан бөтен ешбір ісі болған жоқ!» деп қадап айтатыныол - қожалардың бала сүндеттейтін кәсібі жайлы ғой. Әуез айналасындағы қожалардың бала сүндетін кәсіп етіп еді дегенді естімегенімізді айтуымыз керек. Мұкаңның ең алғаш жарық дүниеге келген жері со- нау көрінген қараған ортасындағы «Аяққараган» ата- латын орны. Мұқаң 1943 жыл шілде айының соңғы жартысында Шыңғыстауда, Абай елінде болған сапарынан қайтқан соң «Ақын аулында» деген ғажап шежіре-очерк жазған. Ол ағымдағы көп басылымдарға, жинақтарында басыла тұра, осы Бауыр жайында жазғаны калдырылып келген. Біз очерктегі Бауыр жөніндегісінен жазушының ғасырлық мерекесі үстінде ғана хабардар болдық. Онда да толық емес. Тек, «Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім Бөрілі» деген сөзі қолымызға тиісімен бұл сөзді серектас әкеп, сол тасқа кашап ойып жазу керек деп шештік. Мерекелік комиссия да мақұлдады бұл пікірді. Тас кіші Ордадан, Еңлік-Кебек үй тасынан таңдалып әкелінді. Мұқаңың тасқа қашалған сөзін ұғу үшін сол сапарындағы серігі Қайым Мұхаметхановты тыңдау керек. «Сол кездегі Абай ауданындағы жалғыз автомашина аудан орталығы Қарауыл ауылының іргесіндегі Бидайық ұжымының 1,5 тонналык машинесіне мініп, Мұқаң екеуіміз қазіргі Қасқабұлақ әкімшілігі ауқымындағы «Жаңаталап» ұжымы аталатын ауыл орталығы Тазабек деген жерге кеп түсіп калдық. Ұжым басқармасының төрағасы Сақалұлы Исатай деген кісі екен. Сөзі де, өзі де, үй-іш тұрмысы да таза,мәдениетті адам екені байқалады. Құндызды ауылынікі, Жамантобықты Сақал қажының кішіәйелінен туған боп шықты. Әбен болыстын жақыны екен. Сол тұстағы әнгімеден де хабардар. Мұқаң көңілді отырды. Бір мал жеп, тамақтанған сон, Мұқаң Бөрілі Аралтөбе - Тышқанға барғысы келетінін айтып, екеуімізге екі ат және бір атшы ертуін сұрады төрағадан. Қарауылдық Кенжетілеу Доланбекұлы сонда екең, сол кісі дайын бола кетті. Үшеуіміз Бөріліге беттеп жүрдік. ІІІыққаннан Мұқаң үнсіз болды. Қаражырықтағы бейіт, бір-ер қора орнына біраз айналып, Бөріліге келдік. Бұл менің бұл орынға бірінші келуім еді. Бөріліде бір жан, бір мал ұшыраспады. Мұқаң қыстауы аңғайсанғай. Есік-терезесі ашық, сылағы түскен. Көріксіз-ақ! Мұхтар бұрынғыдан да тұнжырап, түсі қара барқын тартып, еріні көгеріп, аттан түсті. Қыстауды бір айналып, терезе жақтағы (қыстақтың түстік жағында) салма құдыққа барып, қора-жайға кірдік. Бөлме-бөлмені, мал қора іштерін аралай жүріп, әр бөлменің кімдікі екенін, атасы мен әжесі бөлмесін, өзі оқу оқыған жерін, анасынын бөлмесін, Разақтың, оның әйелдері Мәкежан мен Әлила бөлмелерін бас-басына жіктеп түсіндіріп кеп, Қасымбек ағасы мен жеңгесі Ғалия бөлмесіне көп тоқтап тұрды. Және қайыра кеп, анасының бөлмесіндегі үй-жиһаздарының жиналған, тұрған орындарын, атасы мен әжесінің төсегінің тұсын көрсетеді. Осылай ескі қорада жүріп, бүргеге де жем болдық. Мұхтар шықпаған соң қайда барасың. Ұзақ бөгеліп, сыртқа шығьш, үй алдындағы төбеге шығып, киімімізді қағьш, бүргеден, шаң-тозаңнан арылғандай болдық. Мұқаң осы төбеден өзі дүниеге келген «Аяққараған- ды», «Бас қарағанды», «Бүйрек қараған», «Сарбұлақ». «Қарабұлақ» тарды, Тума бойын нұсқап көрсетіп, екінші төбедегі Арынбек, Ағзам қораларын сыртынан айналып шықты. Бұл қоралар маңы толған қабірлер екен. “Бұл жаманшылық жылы аштан өлгендер қабірі болса керек»- деді Мұқаң. Бұдан соң, қыстауға қайта кеп, Мұқаң «әке-шешем басына барамыз» деп, атын жетектеп, төбемен жүрдіКенет:«Қайым «Көксеректе» ақ қаншық қасқыр мен Көксерек бір ауылды торып, ауыл иттері сезіп қап, үріп шығып, өзге иттер сескеніп, төбе басынан «кәр жіберіп тұрды» деуші едім ғой. Мынау сол төбе. Ал, қара ала төбетерленіп, төбеден төмен түсіп кетіп, Көксерекке жем болатыны анау «ойпаң» деп нұсқады. Аттарды жетектегенбетте тізеден сәл жоғары қаланған екі тас бейіткекелдік. Тас бейіттер қыстаудан 150 метрдей қашыктықта.Тек қыстаумен арадағы белден асып түсу керек. Бұл бейіттер қыр беткейінде тұр. «Шығыс шеткісі әкем мен анамдікі, батыс шеткісі «Қасымбек аға мен Ғазиза жеңғемдікі» - деп, маған дұға оқытып еді Мұқаң. Осыдан соң Аралтөбе, Тышқанға барғанын жоғарыда жаздық. Жолжазбасындағы «Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім -Бөрілі» делінетін сөз жөні сол. ЬІғы-жығы ел, мыңғырған мал, бақуатты, жәрмеңке- дей базарлы орын - ендіқаңыраған қора, аңыраған аңызақ жел, аспанында шырылдаған бозторғайы, жерінде жорғалаған саршұнағы ғана бар орын боп мұңға батқан. Одан ары қазбалап не десін-ай!... Нені ойлады екен, Мұқаң!?.” Мұражай табалдырығын аттап, ішке толғаныспен енгенде көзге алдымен тұғыр үстінде тұрған Мұқаңның кеуде мүсіні (бюст) түседі. Тұсына алты бөлімнен тұтасқан жіпсурет (гобелен) ілінген. Жібінің түсінде ашық түсті еш бояу жоқ. Ағы, көгі, қызыл, қара бояулары түсі жасытылып, ағы-бозғылға, шымқай көгі- көкшілге, қарасы-қоңыр, шымқай қызыл-күлгін қызыл түске ендіріліп қанықтырылған жіптер. Суретші шебердің бұл тәсілін ақ мөрмөр жасалған Мұқаң мүсіні ашып түр, Жін суретті жасап тоқушы шебер Ирина Ивановна Хмелева ханымның бұл туындысында Мұқаң туып - өскен Шыңғыстау табиғатын, қазақ сахарасының түс-келбетін өсімдік, ішінара жануарлар дүниесін бермек болған. Суретшінің сол мақсатына жеткені күмәнсіз. Кең сахараның мол өсер шөбі-селеуді кендір жібін тіннен шашақтап өткізіу арқылы берсе, терек, ақ қайың, көл үстіндегі шағала, тау-тас, сай - жыра қойнауларын жоғарыдан танытса, атқып қашып бара жатқан архар, қалықтап ұшқан қарлығаш, судан шығарып балапандарын өргізген үйрек тобын жіпсуреттің төменгі етегінен тоқып шығарған. Үйлесімді көрінеді. Мұқаң мүсінін жасаушы сол кездегі (1987) Абайлық жас, қазір марқұм боп кеткен Мұратбек Жанболатовтың бұл жұмысы мұражай көркін енгізіп, келушіні риза ететіне сөз жоқ. Мұаң жарықтьщ мүсінін жасауға көп мүсіншілер ат салысқан ғой. Кезінде Е.Вучетичтің Мұқаң қабіріне койылған мүсің хақында жазылғанды оқығанбыз, көргенбіз де. Ұлыға лайық ғажап дүние дегенбіз. Ал, мына мүсіннің жаса- уындағы риза етері - мусіннің қарапайымдылығы мен табиғилығы. Мәрмәрі Текелінікі екен. Мәрмәр бедері костюмінде жылтырланбаған. Ал, 48 жастағы Мұқаңның қашып бітіп таусыла қоймаған бұйра шашының шекедегі шоғыры, қасқа маңдайы ұмсына біткен иегі, көз жиегіндегі қабақ астынан біткен кілегей қатпары, қалың еріні, қомақтана көрінер иығы - бәр-бәрі қонымды. Біздің ойымызша, Мұқаң мүсіндерінің бәйгесі болса, осы мүсінді жарысқа қоссақ, ұяла да қоймаспыз. Мұражай кіреберіс алаңшасының солында тас қабырғалы бөлме шошала есігінен арғы тұғырда қолтаңба қойылар тақта мен осы маңның карта-схемасын көрсек, оң қабырғаға көз салған кісі тереңнен тартып, өз ғұмырын жасаған мұражай иесінің орыс және казақ тіліндегі мына сөзін оқиды. Қазақшасы: «Кейбір ретте мен өзімше жастық шағы мен бүгінгісінің арасында ғасырлар жатқан шежіреші адам бола алар едім деймін. Көргенім, бастан кешіргенім, байқағаным жөнінен XX ғасырдың орта шеніне, тіпті сонау Европаның да емес, одан әрман Азияның орта ғасырынан келген адам сияқтымын.» Орысшасы: «Я мог бы явиться человеком-справкои, у которого между отрочеством и сегодняшним днем лежат буквально века, по всему тому, что я видел, пережил наблюдал, я перешел в середину XX столетия как бы из далекого». Бұл сөздер екі бөлек шыныға алтын әріппен жазылып, қабырғаға қондырылған, жоғарыдағы сөзді оқыған азамат Мұкаң өмірінің жалпы нобайына ойлы көзін жібермеуіне жол жоқ. Мұқаң бұл сөзді 1956жылы Москвадағы әлемдік беделі бар, кең таралымды «Огонек» журналында басылған «Колониализмупозор!» (отаршылдық-масқаралық) мақаласында жазған екен. 1956 жыл тарихқа отаршылдықты айыптаған, Африка құрылығындағы отаршылдық жойылған жыл боп енген. Мақала соған орай жазылғанмен, Мұқаң көкейінде туған ұлтының ғасырлар бойы орыс отары болғаны, болып отырғаны тұрғанына таласар кісі болмас та. Келушілер енді мұражаймен танысудағы кіре берістің сол жағындағы тар дәлізбен жүріп, шошаламен жалғас Әуез атаның «Мінәжат бөлмесін» көреді. Онда шымылдықты сүйек төсек, жастық үстіндегі Тобықты үлгісіндегі тымақ қымыз тегене, үш көрпеше, көпшік, оң жақ іргесіндегі жез леген мен қашқар кұман, шыныланған тұғыр ішінде Құран Кәрім, Бердіхан қожа әулетіннің шежіресін, Меккедегі кағба мешіті суретін көріп өтеді. Қарсы қабырғадан -Қожа Ахмет Яссауи кесенесінін суреті мен жазушы өзі жазған өмірбаянынан алынған мына сөздерді оқиды. «Мен 1897 жылдың 28 сентябрінде Семей облысы, Шыңғыс болысындағы Әуезов Омархан деген кісінің семьясында туыппын. Соцалистік Ұлы Октябрь рево- люциясына дейін ұлан байтақ қазақ даласы, оны мекен еткен халық тек әкімшілік жағынан (уйез, болыс) ғана бөлініп қоймай ру-руға да жіктелген ғой. Менің аталарым XIX ғасырдың бас кезінде Орта Азия жақтан кеп, Тобықты руына сіңіп кетіпті. Бұл-кәдімгі менің романымның қаһарманы Абай Құнанбаевтың руы». Бұл үзінді Мұхтар аталарының Шыңғысқа Құнанбай шақыртуымен келген деген пікірімізді растай түссе, Қабырғадағы Түркістан: қаласындағы діни ғимараттар көрінісі бұл әулеттің Кожа Ахмет, Арыстанбаб әулиелермен туыстығына, сол Түркістаннан осында келіп Қоныстанғанына мезгеу жасайды. Енді мұражайдың негізгі бөлмелеріне ауысамыз. Әуез қажының үлкен бөлмесі-Мұқаң өміріндегі із қалдырған ұмтылмайтын бөлме. Жазушының ең алғаш хат танып, білім әліппесін үйренген бөлмесі. Тіпті, бұл бөлмені осы атыраптағы елдің, Абай аулы мектебі десе болады. Әуез қожа беріге дейін бала оқытуды осы бөлмеде өткізген. Абайдың Тұрағұл, Мекайылынан бастап, Ақылбай балалары түп-түгел осы бөлмеде Әуезден оқыған. Абайлық ғалым-тарихшы Мұсатай Ақынжанов Мұқаң шақыруымен 1916 жылы осы бөлмеде бала оқытқанын жазады. Қабырғаға орнатылған, шыныға жапсырылған фо- тобейнелермен қорапшалардың алғашқысында Мұқаң туыстары - Разақ, Әуездің кіші әйелі Сақыпжамал ана мен Ахмет Әуезұлы, жазушының қарындасы Үмия, Құдыри бейнелері тұрса, екінші-үшінші қораптар ішінде көне араб әрпімен жазылған Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірбаяны, Орта ғасыр тарихы кітаптары, ертедегі шыны сиясауыт және жазушының Семейдің бескластық бастауыш мектебін бітірген куәлігінің, 1911 жылы Семей қаласындағы. «Ярыш» футбол командасы кұрамының ішінде жартылай қор- ғаушы жас Мұхтар, ұстаз И.Я.Малаховтың, Қасымбек, Ахмет Әуезұлдарымен бірге түскен Мұқаң, мектептің сырт суретінің фотобейнелерінің көшірмесі қойылған. Бұл заттық ескерткіштер - жазушының балалық балғын жастық шағынан дерек беретін аса құнды заттар. Сақыпжамал ана мен балалары, Разақ, Мәкежан, Ахмет, Үмия бейнелерімен қоса ескі қыстау сурет арқылы көп нәрселер басы ашылады. Қыстау суретімен сөйленер сөз - ең алдымен, туған елінің асыл ұлы қыстауын бүгінге сақтап, жеткізгенін дәлелдесе, одан соң оның да кешегі зобалаң жылдар тауқыметін тартқаны болар еді. Айрықша сөз Разақ Омарханов жөнінде болу керек. Бұл кісі - Мұқаң ғұмырына ерен із калдырып, қазақтың ұлы перзентіне ерекше туыстық еңбегі болған кісі. Келешек Мұхтар өмірінен жазушы адам ол туралы терең тебіреніспен бейнелеуге лайық жан. Разақ (1882-ІХ-1956 ж) - Әуездің інісі Самарханның баласы. Самархан пысық, адал, туыс арасында Әуезге бейім болған. Омарханды тәрбиелеп, саудағабейімдеп, өзі араласқан ортамен таныс етіп жүрген. Са- мархан дүниеден өткен соң, әмеңгерлік жолмен жеңгесі Мәдинаға үйленіп, Разақ және қарындасы Зура екеуін Омархан өсіріп, тәрбиелеген. Омархан Мәдинадан Біләл деген ұл көріп, Біләл ерте өлген. Разақ пен Зура Омарханды әкем деп танып, оның есіміне жазылған. Омарханның Нұржамалға үйленуіне Самархан себепші болған. Разақ - немерелер арасынан ерте ержетіп, Омархан өлген соң, Әуез үлкен үйіне ие. Абай «Разаққа» деген өлең арнағанда ол 14 жаста екен. Ал, Разақтың інісі Мұхтарға деген бейілі, ықыласы айтып тауысқысыз. Мұқаңның алғашқы әйелі Райханға үйленіп, айырылысу кезіндегі, Кәмила тұсындағы Ракаң көрген, естіген азап, шығын - бейнеті орасан екен. Мен Райхан апайға жиен тиістімін. Райхан Мұқаңнан соң, менің нағашым Баяхмет Тоқболатовқа тұрмысқа шыққан. Ол кісіден туған Қаныш есімді қызы 1946 жылы Ново- Покровкада қайтыс болды. Райхан апай қайнысы Токболатов Бекахметтің қолында тұрып, Мұғамила қолына сол қайнысы үйінен барды. Кейіннен Мұқаңның «Сөніп-жану» әңгімесіндегі Сыз- дықтың қыз таңдап жүріп, болашақ жарымен алғаш кезіккендегі сөз арнауы Райхан апам сөзімен дәлме-дәл келді. Мұқаң зердесі ұшталған жазушы ғой, ұмытпай есінде қайта жаңғыртқан десек, Райхан апамның Мұкаңның алғаш танысудағы сөзін (1917-1943) жиырма жеті жыл бойы ұмытпағаны сүю атты сезім құдіреті шығар. Мұқаңмен айырылу жәйін сұрағанымызда томсарып, албыраған қызылкүрең жүзі бозарып, көзінің шо- шақтау жанары жасып барып мынаны айтқан еді. «Мұхтар қаладан жеңіл машинамен екі жолдасын ертіп келді. Аяққарағанда отырғанбыз. Түскеніме үш Шылдан асқантын. Таңертеңінде машинасын жіберіп, әке-шешемді, Қаратай ағам бастатқан ағаларымды алызды. «Туыстарды қонақ етелік!»- деді маған, Екі қой сойдық. Туыстарым үстіне және қонақтар келді. Мен жерошақ басында сорпа суытып отырғанмын. Күтуші жігіттерден қайта-қайта шақыртып болмаған соң, үйгекелдім. Бесқанатты ақ отауымыз болатын. Үй толы кісі. Мұхтар сөйлеп кетті. Оның сөзі қандай, елді ұйытып отыр. Ұққанным, менімен айрылыспақшы. Есімде қалғаны: «Менің келешегім қараңғы. Болжап болмайды. Райхан оқымаған, әрі момын. Менімен еремін деп жүріп, бір жерде қаңғып жүріп өліп қалады» дегені. Бағанағылар ішінде сот та бар екен. Мұхтар «айрылысамын» дейді, мен «айрылыспаймын» деймін. Шешем біраз айқайлап еді, Қаратай ағам басты. Қаратай ағам мен Мұхтар өте сыйлас болатын. Ақыры сот ашылып, мал-мүлік пен қызым Мұғаш маған, Мұхтарға сегіз айлық Шоқан тиесілі боп шешім шықты. Сот шешімінен кейін отауымыз жығылып, жүк тиеліп, мал саналды. Мен: «өлтірсеңдерде бермеймін!»- деп, Шоқанымды бауырыма басып жатып алдым. Ауылда жыламаған кісі жоқ. Өкіріп, дауыс шығарып жылаған Разақ ағатайым дауысы анда-санда естіліп жатты. Мұхтар да жылапты деп есіттім. Ақыры «Мәкежан тәтем мен Сақып енемнің» қарағым, Райхан, тұр. Сот Мұғашыңды өзіңе берді ғой. Соны ал» деген соң, тұрып ем, Мәкежан тәтем Шоқанды алды да жөнелді. Жарығым Шоқанымды содан көргем жоқ. Жастан аса іш аурудан Мөкежан төтем қолында өліпті... Мұғашты іздесек, оны Мұхтар алдына алып, тау асып, қашып кетіпті. Іздегендер таба алмай келді. Жүгі тиелген көлік, саналып алынған малмен тұра ала ма? Көш қозғалды да жылай-жылай мен де кеттім. Сөзім басында Разақ ағатайымды айттым ғой. Мен кеткенде кісісі өлгеннен кем болмады. Жер шұқып, өксіп жылап қалды. Інісі десе, жаны жоқ еді. Өлуге бартын. Кәмила сорлыға да бәйек боп, жанын үзермен бопты. Бірақ, Кәмиламен айрылысуда Мұхтар елге келмеген. Мұхтармен қоштасып шығарған өлеңін ертеде естіп едім. Ол да жылап жүріп, бертінде дүниеден өтсе керек пақыр...» Бүгін ойласақ, Райханның Мұқаң алдында еш кінәсі жоқ адам. Өте көрікті, «алма мойын, алма бет» кісі еді. Егер айыбы болса, сол құлағы ауырлау еститін секілдітін.
тін. Сұңғақ, сыла, кірпияз таза, ибалы жан еді. Дауыс көтеруді білмейтін. Ал, Мұқан екеуінің арасына Кәмила Мағауияқызының түсуімен қатар, Мұғаш апай жазған « шешем Райханның айтуы бойынша, білгенім мынау. Некені бұзу туралы үкім шықканда шешем шымылдық- тын ішінде жылап отырыпты. «Неге былай етті»?- деп сұрауға именіп, әкемнің бетіне қарауға қорғана беріпті. «Жазығым - оқымағаным, қала өміріне ылайық емес шығармын деп ойлапты»- деген сөз дұрыс та шығар. Мұқан өмірбаяны әңгімесінде өзінің алғашқы рет орыс тілінде еркін шығарма жазып, мүғалімнің +5 - ке бағалағанын айтқан. Жазған шығармасы Еңлік- Кебекпен, кос ғашық жатқан Ералы жазығымен және ұлы атасы Абай суреттеген «алты қанат ақ орданы шайқалтқан» Шыңғыстың ақырған ақ бораны туралы болған. Жазушының 5-6 жас мөлшерінде, қыста Ералы жа- зығында шанаға түйе жеккен бір шалмен екеуі ақ бо- ранда адасыпты. Түтеген боран ішінде, таудан гөрі жа- зықта, белгі ететіні жоқ тұлдырда адасу өте қиын бо- лады. Ақ түтек боран ішінде адасып жүргенде түйе болдырып, жынын шашып жатып апты. Шал «өлдігін» айтып, жылап Мұхтар баланы ескі жыртық киізбен орап-шымқап отырғанда, жылқы отарынан елге қайт- қан жылқышы кезіккен екен. Сол боран кейіннен де түсіне еніп, Мұқаңды қорқыта берсе керек. 15 жастағы Мұхтар оқитын сынып балаларына орыс тілінің жаңадан келген жас мұғалімі Василий Иванович По- пов «Әркім өзін толғандырып жүрген тақырыпта еркін шығарма жазуды» қосады. Сонда Мұқаң сонау бала кезіндегі боранда адасуын есіне алып, «Буря» атты шы- ғармасын жазған екен. Мұғалім Попов шәкірт Мұкаңды тақтаға шақырып, «Мұхтар Омарханович, сен «Большой писатель» бола- сың +5 қойдым!» деген. Мұқаң «ол кезде ондай мәдениетіміз жоқ, әттең сол алғашқы шығармамды сақтамаппын» деп өкінген. Мұнда қазақтың жазба әдебиетінде дала пейзажын берудің асқан шеберінің тұңғыш шығармасының бо- ранды суреттеуі мен болашақ қайғылы тағдырын төрткүл дүниеге жаюшысын ажалдан сақтаушы Еңлік кыз бен батыр Кебек аруағы емес пе екен де дейсің! Бөлме ортасындағы Абай-Әйгерім, Тұрағұл үйлерінің макеті. Пьесаның алғашқы қойылымы жөнінде жоғары бөлімде жазылғантын. Осы арада Мұкаң бәйбішесі Райхан апа айтқан: «1917 жылдың мамыр айында кожа аулына келін болып түстім. Ауылдар жайлауға шықпай, Ойқұдық - Ералы бойында отырды. Мұхтарды біресе Шәкәрім қажы, біресе Тұраш аға шақыртып маза бермейді. Кейде 2-3 күн сол кісілер қасында болады. Мен болсам сағынып отырамын». Мұхтар қандай!.. деген сөзін еске алу орайы да келді. Әрине, осы естеліктің өзі-ақ жасынан Мұқаңды кімдер тәрбиелеп, оған кімдер рухани ұстаз болғанына дәлел де. Фото-сурет жиынтығында Республикаға мәлім артистер Нұридден Атаханов, Хасен Байырманов, Құлатаев Байділдә, Құлатаева Жамал, Сіләмбек Кңідырали, Ибади Матақов қойылса, төмендегі қатарда бастарын түйістіріп екеу жатыр. Оның бірі Ұлы Отан соғысының құрбаны, әнші Әли Құрманов, екіншісі - Фазыл Шалағанов. Фазыл Шалағанов 2004 жылы дүние салды. Ұрпақты. Мұхтар мүғалімдер семинариясын 1919 жылы тамамдап, БК(б)П-ға мүшелікке өтеді. Семей Губисполкомының жат жұрттықтарды еңбекке орналастыру бөлімінің меңгерушісі, 1920 жылы Губисполком төрағасының орынбасары, 1921 жылы төрағасы болып істейді. Қабырғадағы фотолар сондағы сурет. Ал, турникетте тушпен сызылған мәліметте Мұхтар бөлім меңгерушісі болып жүргенде Жүсіпбек Аймауытов нұсқаушы болып істеп Семей Губисполкомы төрағалығынан 1922 жылдың жазы соңында КАЗЦИК-тін жауапты хатшысы, президиум мүшесі қызметіне Республика еңбекшілері съезінде сайланып, жоғарылатылады. Осы қызметтен Мұқаңның туған ұлты үшін отқа түсуі басталады. Мұкаң Орал облысынан іссапардан оралып, съез мінбесінен «орыстың жаңа отаршылдарына қалай қарсы күресу» керек деген мазмұнда сөз сөйледі. Бұл жалындаған жас Мұхтардың орыс болшевизімнің ұсақ ұлттарды жаншуына ашық қарсылығы еді. Бұл туралы филология ғылымының докторы Тұрсын Жұртбайдын «Талқы» кітабынан оқу керек. Мұхтар съезде сөйлеп кана коймай, Торғай, Оралдын аштан өліп жатқан қазақтарына азық-түлік көмегіндегі орыс азаматтарын таратып, комитет мүшелігіне қазақ зиялыларын енгіздіреді. Комитеттің төрағалығына ұлт жанашыры жалынды Смағұл Садуакасовты тағайындатып, іс сапар құжатына өзі қол қойып, Семейге комитет басшысының өзін жібереді. Смағұл Семей Губкомының секретары, болашақ СССР ішкіістер министрі болып,1937жылдың алапатын ұйымдастыратын Н.И.Ежовтан бастап, орыс басшыларды Қазақстан автономиялы өкіметі атынан орындарынан босатып қайтады. Әрине, бұл тегін кетпейді. Мұхтар ашық та, астыртын да қуғындауға түседі. Үш айдан соң Мұқаң партбилетін Семей Губкомына байланыс бөлімі арқылы жолдап (ол кезде партия мүшесі қай партия ұйымынан өтсе, сол ұйымнан шығарылады екен), “партия мүшелігіне езін лайықты деп санамайтын” өтінішін қосып жібереді. Мұхтар Ленин партиясы мүшелігінен осылай шығарылады. Мұхтар бұдан соң Ташкентте Орта Азия университетіне еркін тыңдаушы боп тіркеліп, «Шолпан» журналының алқасында Мағжан Жұмабаевпен бірге жұмыс істеді. Содан Қазақстан өкіметі Семей педтехникумына қазақ әдебиеті тарихынан оқытушылығына шақырып, әдебиетіміз тарихын оқытуға бірден-бір лайықты адам деп таниды. Осында жүріп Мұкаң тұңғыш «Қазақ әдебиеті» тарихын жазады. Осы «Қазақ әдебиеті» тарихы 1925 жылы баспадан аз санмен шыққан екен. Біздің қолымызға онда да аз санмен, 1990 жылы тиді. Семей техникумының 1924-25 оқу жылында тамам- даушылары фотосынан: Ректоры Әбікей Сәтбаев бастаған ішінде Ғалиақпар Төребаев, Мұқаң оқушылары- мен, техникум бітіруші шәкірттерден Әлкей Марғұланов, Мұсатай Акынжанов, Кенжалы Айманов, Шайбай Айманов, Дүйсекин, Дүйсебаев Кәрім т.б. көреміз. Мұкаң анасы бөлмесіндегі жәдігерлерде: жазушы шығармашылығының алғашқы жиырмасыншы жылғы басталуларын жалғастырып келе, Мұкаңның Абай шығармасын зерттеуін Абай өлеңдерінің тұңғыш баспа көруі, жазушының Абай романына қалам тартуын, Семей қаласынан Шыңғыстауға барар жолдың жасалған бояулы кескін-макетін алға тартады. Сол босағада «Қорғансыздың күні» әңгімесінің 1922 ж. Орынбор каласында орысша басылымының сыртқы беті, одан соң Тұрар Рыскұловтың фото-көшірмесі, кітапша ішіндегі «Қараш-қараш» кітабының орыс тіліндегі басылымы тұр. Енді біз сәтке жазушы өмірінің осы бір ауыртпалығы мол, табысы да бар кезеңіне тоқ- талайық. Мұхтар өмірінің осы бір Ташкенттік кезеңінде қазақтың ерек тұлғалы азаматы Тұрар Рысқұловпен етене танысып, білісіп онысы өміріне, әм шығармашылығына игі әсер ықпалы тиген бақытқа бастайды. Мұхтар Тұрар әкесі Рысқұл Жылқыайдаров тағдырынан Шыңғыстау елінің Көксерек сырттан азаматы Базаралы Қауменовтей Алатаудың Көксерегін көргендей болады. Екеуі де жеке-жеке бір-бір көксерек. Топ ішінде айдыны асады. Өздерінің тиісері жоқ. Тиіскеннен есе алмау өліммен тең олар үшін. Екеуі де серттің кісісі. Қайралған кек қанжары Базаралы құлашы кең, өйткені оның туыс-айналасы өзі тектес алысқанды алып түсерлер. Рысқұл ортасы, туыс айналасы-жасқаншақ, қорқа соғар ауыл бөріалалары. Ерек туған өзі. Соған лайық ісі де ерек. Сол ерек ісі басын жояр болса да кек жолында. Басын жояр іске өкінбей барған. Тұрар әкесі туралы әңгімелері жазушы көзіне, алапатты азаматтық тұлға болмысын танытқан. Сахараның не бір саңлақ дарабозының қаны мен жанына қаныққан Мұхтар терең толғанысқа түсіп, ол «Қараш- Қараштай» романға пара-пар хикаяны берген. Бұл хикая басталуынан аяқталуына дейін үзілмеген өшпенділік, кек қайтару есесін жырлайды «Оқуғаұғымды ерекше талапты момын қара бала болашақ заманньш белгісіз жарығына осы абақты ішінде сенген көңілмен кун санап ержетіп келе жатты» дейді. Алайда, сол қара баланы да әкесі тағдыры тосқан еді. Мұқанды осы ажалдан құтқарушы болғанын мұра- жайтанытушы айтуға тиіс. 1931 жылдың жазында екі жылдық абақтыдан жазушыға өкпе ауруынын ашық созылмалы түрі жабысқанда, РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Төрағасы орынбасары Тұрар Рысқұлов Евпатория санаторийінде қатарынан үш айға тегін емдеу - күтімінде болуға көмек етпесе, қазақ халқының Мұхтары қайтер еді?! Мұқаң «сол отызыншы жылдар ішіндегі абақтыдағы аштық азабы көріме бірге түседі» деуші еді деген. Мұқаң өмірбаянында өзінің 1923 жылдан бастап Абай туралы роман жазуға материал жинағынан жазады. Жа- зушы-ғалым 1937 жылға шекті Абай өмірбаяньш, Абай өлендерінің жинақтарын (1933, 1940, 1945, 1954) шығарған. Абай өлеңдерінің тұңғыш баспадан шығуына еңбек еткен Әлихан Бөкейханұлы, Кәкітай Ысқақұлы, Тұрағұл Абайұлы мен Көкбай Жанатайұлдары болғанын қабырғадағы фото-сурет көшірмелері бекітеді. Әлихан Бөкейханов, тіпті, 1905 жылы Абайдың өлгені туралы Семейдің «Степь» атты орыс газетіне қазанама да жазып бастырған. Осы арада Мұқаңның Абайтанушылығы көрінбек. Қысқаша шолсақ, Абайдың алғашқы Санк-Петербургта Илья Бораганский баспасынан шыққан жинағындағы өлендері 5399 жол, ал Мұхтар Әуезов жинап, зерттей, бастырған ең соңғыдағы өлендері 7133 жол, 45 қара сөз, бір тарихи сөз. Мұқаңның монографиясымен ашылып, І.Жансүгіровтың сарашалдығымен шығатын тұңғыш толық жинағындағы Мұқаңның мәтіндік (тек- стологиялық) түзетулерінің өзі 261 екен. Қараңыз: Сонда Мұқаң сонау 1909 жылдан 1954 жылға дейінгі аралықта нобайлап айтқанда, Абай өлендеріне 1734 жол өлең тауып қосқан болады, 45 қара сөзі мен 1 тарихи сөзі өз алдына жеке дүние. Ал, қабырғада бейне суреттері Коиылған Тұрағұл мен Шәкәрімнің ақынның тұңғыш жинағына жазған алғы сөзіндегі «Абайды Абай еткен үш қайнар - Шығыс классикалық поэзиясы мен орыс және батыс классикалық әдебиетті, қазак халық поэзия-сы» деп саралануы мәңгілік пікір болып қала бермек. Сонымен, Мұқаңның Абайға сіңірген зерттеушілік, танымдық үлесі - Абайдың түбегейлі (канондық) ғылыми түпнұска өмірбаяны, шығармаларына ғылыми мәтіндік өзгеріс енгізуі мен жинап бастыру, ең ұлы еңбегі Абайдың өәлеми көркемдік бейнесін жасауы. Ал, Мұкаңның бұл жөніндегі сөзі тым қарапайым - «менің іздеуім Абайды тану нәтижесі - «Абай» романы, монография деп білем. Осыған өзім емес бәрі, Абайды зерттеуші жолдастар, көмек етті, ой қосты, қарыздармын... нәтижелері біздер ғана емес, халыққа, халықта...»(М.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материал». 51-бет. Издательство «Наука» Казахской ССР Алма-ата, 1988.) Ал, Мұқаңның тікелей ықпал етуімен екеуі де қасірет пен ауыр сырқат үстінде болса да Абайдың ақындық лабораториясы жөнінде баласы Тұрағұл мен шәкірті Көкбай естеліктерін айтса мұражайтанушы тағы ұтады. Енді, Мұқаңның «Абай» романын жазуға барлау үстіндегі ең кезенді шығармасы 1937 жылы А.С.Пушкин қазасының 100 жылдық мерекесіне орай алғаш «Известия» газетінде басылған. «Песня Татьяны в степи» кейіннен қазақ елінің ағымдағы бар басылымдарында «Татьянаның қырдағы әні» деген атпен басылған әңгімесіне тоқталмаққа керек. Қазіргі үшінші, төртінші бөлме Самархан-Мәдинә- Разақтың бөлмелері бұрын ауызғы, төргі бөлме болыпты. Үшінші бөлменің сол қабырғасында Мұкаңның 1928 жылы Ленинград университетін бітіріп кеп, Ташкенттегі Орта Азия Университетінің аспирантурасына түсіп, академик Гавриловтен үш жылдық тапсырма алып, өзі де алғаш Абайтанудан арнаулы дәріс окуды бастауына тиек болар отыздан сәл асқан жазушы, ғалым бейнесі, жазушы жары В.Н.Әуезованың (Кузмич) Мұқаңның «Көксерек» хикаясын жазуынан еетелігі келтірілген.Он, қанатты жазушының аға, ұстаз серіктері - Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Халел Ғаббасов, Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғүлан, Әбдірахман Байтасовпен бірге түскен фото- суреттері ілінген қабырғада ірі жоспардағы Құнанбай бейнесі мұражай қабырғасындағы күллі суреттің иесі Поротопенконің салуымен бейнеленген. Төртінші бөлмеде ортасында жазушының Алматыдағы мұражай үйінің макеті, төрінде мұражай кітапхана шкафы, Мұқанның бағындағы соңғы жұмыс сәті. Костюмі, күлсалғышы, Ләйлә Мұхтарқызы мен В.Н.Әуезованың колтаңбасы бар «Абай жолы» романының 1976 ж. басылымы және турникетте бәйбішесі Райхан Кәкенкызы мен тұңғыш кызы Мұғамиланың, немерелері Ернармен досы, ғалым Ысқақ Дүйсенбаевтың, ұлдары Ернар мен Мұраттың, екінші реткі үйленген жұбайы Кәмила Мағауияқызы Абай немересі, Мұғамиламен бірге түскен фотосы және Мұқанның Мұратқа жазған үш, оның ішінде дүние салардан 40 сағаттай бұрын жазушы Кәмен Оразалин арқылы Абай еліне жолдаған, Мұратын тапсырған соңғы сәлем хаты мен Мұрат анасы Фатима Ғабитованың, Мұраттың фотосы қойылған. Мұхтар Ташкентте Джек Лондон шығармашылығымен шұғылдана жүріп, қазақ сахарасының серісі дала көкжалының қазақ әдебиетіне (психикасын) кұлқын тұңғыш ашқан даңықты шығармасын - «Көксеректі» жазады. Біздіңше, бұл Мұқаңның әлемдік әдебиет классиктерімен өнер бәйгісіне алғаш қосылуы және сол бәйгі жүлдегерінің бірі боп шы- ғады Мұқаң. «Көксерек» 1928 жылдың желтоқсаны мен 1929 жылдың қаңтар айының алғашқы күндерінде жазылып «Жаңа әдебиет» журналының № 2-3 сандарында жарияланады. 1930 жылдың қыркүйегінде қазақ зиялыларын тұтқындау басталып, университетте 17 қыркүйек күні Кошке Кемеңгеровпен бірге Мұхтар жабылады. асында бұл тұтқындау 17 кісі боп, кейін соңы 70кісіге жетеді. Алғашқы айыбы - И.Ф.Голощекинге қастандық жасамақ болған делінсе, ол айып дәлелденбеген соң, ұзақ тергеу жүріп, үш түрлі айып таққан айыптау қортындысын шығарады. Бірінші - «Алаш» партиясының мүшесі, жастар ісін басқарған президиум мүшесі, екіншісі - Алаш өкіметінің атынан Колчакпен кездесу жасаған, үшіншісі - башқұрт ұлтының өкілі Закиди Валидимен кездескен, басмашылықты қолдады деген. Мұның біреуі де ату үкімін шығаруға жеткілікті-тін. Мұқаң үш айыпты да мойында- маған. Мұражайда 1949 жылы 2 қаңтар күнгі өз қолымен өмірбаяндық құжатты (анкетада) «ешқандай саяси партияға мүше болғаным жоқ» деп толтырған жазушы. Мұқаң Алаш партиясының қатардағы мүшесі ғана емес, жастар ісін басқарушы президиум мүшесі де, Колчакпен қазақ шаруаларына қару қолданбауды, қазақтардың Колчак әскеріне ат пен ас беретініне кепілдік беретінін, ал Закиди Валидимен басмашылықты Қазақстанға таратпау жөнінде келіссөз жасаған. Бұл үшеуі де болған және үшеуі де Мұхтардың туған халқын апаттан аман сақтап қалу үшін бас тіккен қасиетті де ұлы ісі хақында филология ғылымының докторы Тұрсын Жүртбайдың «Талқы» кітабынан кең таныса- сыз. «Талқы» Тұрсын Жұртбаев. А. 60-289 беттер. Алматы «Қазақстан» 1997 ж. Түрме қапасы екі жылға созылған. Айыптау қортындысы шыққан. Енді үкімді тосуда. Міне, осы азапты сарыла күту үстінде Мұқанның құтқарушы тағдыры, қазақтың бақытты келешегі мен Абай атасының желеп-жебеуші аруағы құтылудың жалғыз талын қолына іліктіреді. Түрме камерасында ұстаз- ағасы Ахмет Байтұрсыновпен ұшырасады. Мұхтар мен Әлімхан Әбеуұлы Ермековке Ахмет Байтұрсынов «Сендер жассыңдар. Біз сияқты саясатта аттарын шығып, әйгіленіп қалған жоқсыңдар. Біз қанша «жаз- дық жаңылдық» деп қанша жалынсақ та олар сенбейді және түрмеден шығармайды. Осы тұзақтың түскені түскен. Сендер қателеріңді мойындап, ашық хат жазындар. Бәріміз бірдей өліп кетсек, арманымызды алдағы күнге кім апарады. Екіншіден, сендер әлі ешнәрсе тындырған жоқсыңдар, халықтың парызын өтеңдер. Үшіншіден, бұлар сендерге сенеді. Сондай-ақ, олар халыққа бізді жексұрын көрсету үшін қатесін мойындайтын адамдар іздеп отыр, оған сендер лай- ықтысыңдар. Бұл да күрестің бір түрі деп ақыл айтыпты» - дейді Қайым Мұхамедханов. Мұхтардың атақты ашық хаты осылай жазылған. Мұхтар еркіндікке шықкан. Сіз біржола құтылды демеңіз. Сот үкімі үш жылға шартты жазаға кесіліп шығарылған. Бұл - өкімет кез келген уақытта қажет білсе, үш жылға тағы да қамай алады деген сөз. Мұқаң әлемдік атаққа шығып, төрткүл дүниеге өйгі болып жүргенде мойнына үш жыл түрме жазасын арқалап үрейде жүрген. Жазушы Әбдіжаміл Нұрпейісов осы Бөріліге, мұражайға келіп тұрып: «Мұқаңдай милициядан қорқатын кісі көргемін жоқ. Қасына погонды кісі жуықтаса, селк ете түсетін еді» дегені сол болар. Мұқаңның отбасылық өмірі туралы не сөйлену керек?.. «Қарагөз» трагедиясындагы Карагөз бен Кәмилә тағдырын байланыстырып сөйлейтіндер де бар. Кәмила тағдыры жазушы жүрегінде із қалдырғаны анық. Сондықтан, да жас қыз, құштар жігіт арасындағы сүю мен күю суретінде Кәмилө тағдыры - Мұқаң қаламында қылаң беруі заңдылық. Әйтсе де, Мұқаң мен Кәмиләның ажырасу жөніндегі «Абай» журналының 1997 ж. №4 санында басылған Сейітжан Тәбәріков пікірі құптарлық деп білеміз. «...Бұрынғы «ұлтшыл» деген айдарына енді «шын- жырбалақ, шұбартөс» Құнанбайдың шөбересіне үйленген» деген шала соңына және байланған. Жанжары Мұхтардың жалгыз жолы ажырасу екенін Кәмиләнің адал жүрегі сезді. Сезді де Мұхтардың Семейге соңғы келген сапарында Кәмилә көз жасына ерік бере отырып, үш күн, үш түн қоштаса оты-рып, соңғы байлауын өзі айтып, өзі шешті. Мұхтар қанша жалынып, жалбарынғанмен Кәмиләні райынан қайтара алмады. Екеуі де таңды таңға ұрып, аһ ұрып күрсіне отырып, зобалаң заман, зорлықшыл, қиянатшыл саясат пен үстемдікке лағынет айтты. Көп ұзамай өксікті қайғы басылды. Кәмилә дүние салды. Ал, Мұхтар бұл жер-қайғыны тағы да арқалаған бойы 29 жыл ғұмыр кешкен еді». Бізше, дәл, анық жазылған. Мұқанның бергіде, өзіне жекжат келетін қазақтың біртуар азаматының ұрпақсыздығына катты кейіс білдіргені естелік болып та сөйленіп жүр. Біз мұны Мұқаңның Фатимамен ара қатынасы хақындағы пікірге тірейміз. Мұқаң жолдастары арасында Ілияс Жансүгіровтың ақындығын, адамдығын жоға- ры бағалап, «Абайдан кейінгі ірі ақынымыз» деген. Құлагер ақын кеткен соң, оның жанұясына қатты қамқор болады да, Фатимамен арада көңілдестік туады. Тағдыр екі ер баласы (Валентинадан туған) өлген соң, Мұқаңа Фатима шешеміз бүгінгі «аяулы Мұратайды» (Мұқаң сөзі) берді. Мұкаң Кеңес үкіметінің несіне болсын шыдап, қазақ зиялысының бүгін алдыңғы легінде тұрған Мұрат Әуезовты ержеткізді, өсірді, азамат етті. Біз Мұхтардың Мұхтарлығы осы десек артық болмас!.. Мұражайға жеке адамдар мен түрлі ұйымдардан тарту еткен сыйлықтар жиналған «Сыйлықтар бөлмесінен» соң, соңғы екі бөлме жазушының жол- сапары, «Атаулы күн мерекелеріне» арналған бөлмелер. Мұқаң сонау 1931 жылғы үш жыл шартты түрме жазасы үкімін арқалай жүріп (кесігі 1956 жылы ғана кешірілген) шетел сапарына шығады. Алдымен, шетелдік сапарын Үнді мен Европа - Берлиннен бастап, Жапония, Америка Құрама Штаттарына саяхаттаумен аяқтайды. Қос бөлме кабырғалар мен сөрелерде сапар фото-суреттері, сыйға тартылған әсемдік бұйымдар, оған қоса жазушыға Кеңес үкіметі берген үш орденнің, филология ғылымы докторлығы, Академиктік, МГУ-дің профессорлығы, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтар секілді атақ - дәрежелерінің кұжаттар көшірмесі қойылған. Ең төргі бөлмеде Мұкаңның Шыңғыс жерінде, Абай елінде 60, 70, 80, 90, 100 жылдық мерей тойлары фото-суреттері, өзімен 60 жылдығында ере жүрген жолдастарының фотолары койылған. Мұкаңның 40 жасы 1937 жылдың жаппай жазалау, жабу, ату кезеніне, 50 жасы - 1947 жылдың «Ленинград», «Звезда» журналынының СОКП ОК-нің айыптаушы қаулысынан туындап, Қазақстан зиялыларын қуғындауды, ішінде Мұхтар да бар, бастау кезіңіне тұспа-тұс кеп, тек 1957 жылы ғана халқының асыл ұлын дәріптеп, мадақтап, бауырына басып, емірене сүюіне мүмкіндік туады. Мұқаңның 60 жылдықмерекесіндегі Семей қаласы зиялылары мен Қасқабұлақ ауылындағы туған жұртымен кездесудегі сөзі - көп басылымдарда жария сөз. Қарауылдағы сөзі таспаға жазылмай кап, жарияланған жоқ. Біз, шамамызша, есте қалғаннан сондағы сөзін келтірсек дейміз. Мұқаң жүк машинасының үстіне жасалған мінбеге шықты. Алдында ғана Қалибек сөйлеп Мұқаиды риза етіп, күлдірген еді. Мұқаң жүзінен сол күлкі тарамаған болатын. Мұқаң біраз сөйлеп кеп, сөзін аяқтардай боп тұрып, кілт басқа өңге ауысты. « Мен Қасқабұлақта туған жер, туғаы елімді сіздер мен біз бір жан, бір тәнбіз деген едім. Қазір де сіздерге сол сөзімді қайталаймын. Осында Мұхтар туған еліне келмейді, ұмытты дейтіндер болса керек... Бұл - қата сөз. Қайталап айтамын қата, қата сөз бұл!.. Апырау, Шыңғыстың елі мен жері сенің ұйқыда түсімнен, ояуда ойымнан кеткен жерің бар ма, айтыңдаршы!.. Мейлі мен Европа төрінде, Берлинде жүрейін, мейлі Үнді елінде, мейлі Жапон елінде болайын, ойымнан кеттің бе?!. Қай уақытта, қай шығармамда сені еске алмай, жазбап едім Шыңғыс, Шыңғыс елі?!.Менің сіздерге айтайын деген арманды, иә-иә асыл арманды және бір сөзім. Шыңғыстың елі мен жері сендер дүнияга Абайды бергенсіңдер!.. Сендер әлі де халқыма Абайдай перзент бересіңдер.. беруге тиіссіңдер... бересің! (Жазушы көзіне жас алды) Мен соны көрмей кетіп бара жатырмын. Әлде, сол мына қара табандарым арасында тұр ма екен?.. Осы Қарауылда, анау Жидебай, Орда бойында менде жалаңаяқ жүгіріп жүргенмін. Мұхтардың аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ. Халық пен халық, адам мен адам біліммен теңеседі, ұлт дүнияға берген тұлғалы ұл-қыздарымен өлшенеді. Айтсаңдар, әне, Абайды айтыңдар... Абайды айтыңдар!.. Мені осында осындай ой бунайды жұртым... Тәңір жазса, әлі-ақ келесі жылдардың бірінде ортаңа келемін. Менің де бір-ер қара домалағым бар. Орталарыңа әкеліп қосамын! Әзірше, осы келісіме ырза болыңдар. Менің ықлас бейлімнің бөтендігі жоқ. Сіздермен біргемін! Риза-хош көңілім бұл, жұртым!..» Біз де еңсесі биіктей беруге лайық асыл халқымызға ұлы Мұхтар тілегендей Абай, Шәкәрім, Көкбай, Мұхтар тектес перзент бере гөр деп шығарма нүктесін қоямыз! Ұлы Мұхтардың алтын құндақ, асыл бесігі Бөрілі мекені мөртебесі биіктей берсін! Осы кітаптың жарық көруіне демеушілік жасап, қолғабыс еткен азаматтығы үшін Амантай Мұқатайұлына, Ардақ Арнаұлына ризашылық сезімімді білдіремін.
Автор ҰЛЫЛАР МЕКЕНІ Редакторы Т.Ибрагимов
Техникалық редакторы Қ.Қасенова
Компьютерде терген Ж.Байғаскина
Көркемдік суретшісі М.Жамиев
Корректоры А.Жакипова «Информ-Арна» баспасы
005010. Алматы, Бөгенбай батыр көшесі 86 үй Теруге 09.09.2010 ж. жіберілді. Басуға 13.09.2010 ж қол қойылды. Пішімі 84*108.1/32. Баспаханалық кағаз. Қаріп түрі «SсһооІВоок». Келемі 21,25 баспа табақ. Таралымы 1000 дана. Тапсырысы 0910.