Heгізгi құзыреттілктер: «Философия» пәнін оқу курсантқа мына мүмкіндіктерді береді:
Білу •философияның пәнін, қызметтерін, негізгі бөлімдерін және бағыттарын •философияның адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлін
•әлемдік және қазақ философиялық ойынын негізгі даму кезеңдерін •философияның ipгелi мәселелерін, олардын койылу ерекшеліктерін және философияның қалыптасу үрдісінде шешілуін
•адамды, табиғатты және қоғамды зерттеуде қолданылатын негізгі философиялық теориялар мен әдістерді
•қазіргі заманғы отандык және әлемдік философияның өзекті мәселелерін
Жасай білу •арнайы философиялық терминологияны және философияның категориялық- ұғымдық аппаратын колдануды
•философиялық түпнұсқа мәтіндерімен шығармашылық және сыни түрде жұмыс жасауды
•зерттеліп отырған философиялық сұрақтap бойынша өз ойларын логикалық түрде баяндауды
•философиялық білімнің генезисі мен дамуының ерекшеліктерін сараптауды •философияның әртүрлі мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын қалыптастыруды және оны дәлелді түрде жақтауды
•қазіргі заманғы жаһанданудың өзекті мәселелерін түсінуді •философияның ережелері мен категорияларын әртүрлі әлеуметтік ағымдарды, фактілер мен құбылыстарды бағалауда және сараптауда колдануды
2.ОҚЫЛАТЫН ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
«Философия» курсы бакалавриаттың барлық мамандыктарына нeгiзгi және жалпыміндетті болып табылады. Оны оку барысында курсант философияның нeгiзгi даму кезеңдері, қазақ халкының философиялық ойынын ерекшеліктері туралы білім алады, философияның негізгі мәселелерімен, ұғымдарымен және категорияларымен танысады.
«Философия» пәнін оқытудың міндеті: - курсанттардың бойында дүниені танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру;
- курсанттарды ұлы ойшылдардың философиялық мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын қалыптастыру;
- өз ойларын логикалық турде баяндай білуді, философиялық пікірталасты сауатты жүргізуді және қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын дәлелді түрде қорғай білуді дамыту;
- қазақстандык патриотизмді калыптастыру;
- болашақ маманның казіргі күрделі де өзгермелі заманда көзқарастық және рухани бағдарға ие болуына ыкпал ету.
«Философия» пәнін оқытудың міндеттері: - философияның тарихи даму кезеңдерін зерттеу;
- қазақ халкының қайталанбас философиялык дүниетанымымыен таныстыру;
- философияның негізгі білімдері мен даму ағымдарын, оның рационалдылығының формаларынын трансформацияларын карастыру;
- ғылыми танымның қазіргі заманғы әдістері туралы білімді игеру;
- болашақ мамандардың бойында философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Философияның тарихи дамуының қысқаша очеркі.
Дүние және ондағы адамның орны туралы дәстурлі-мифологиялық түсініктің дағдарысы және философияның пайда болуы. Философия - адамның ақыл-ой арқылы өзіндік анықталуының жаңа типі. Ежелгі дүние философиясы. Қазақтардың алдынғы философиясы. Ежелгі Шығыс: Үнді, Қытай, Египет және Вавилон философиясы. Біздің дәуірімізге дейнгі VI ғасырдың бірінші жартысы: мифология мен көне грек ғылымының әсерінің нeгiзiндe антикалық философияның туындауы. Ортағасырлық философия және дін. Қайта өркендеу дәуіріндегі философиялық ой және өнер. Жаңа дәуір философиясы және ғылыми білімді негіздеуге талпыныс. Ағарту дәуірі: дін мен теологияны философиялық сынау, ақыл-ойды қоғамдық прогресстің қозғаушы күші ретінде түсіну. Классикалық неміс философиясы. Марксизм философиясы: тарихты материалистік тұрғыдан тісіну талпынысы. XVIII-XXI ғасырлардағы батысеуропалық философия: философиялық бағыттардың көптүрлілігі. Қазақ және орыс философиясындағы адам, ұлт және Отан тағдыры мәселелері.