Қазақ философиясы Қазақ фольклорының философиялық мазмұны - қазақтардың сантүрлі өмipi мен тарихының бейнесі. Вербалдық қоғамның құндылыктар жүйесінің мызғымастығы. Мақал-мәтелдердегі еркін ойлау, анғал реализм және стихиялық материализм. Қазақтың батырлық және лирикалық эпосының көзқарастық маңызы. Қазақтардың тұтас халық ретінде 6ipiгуi - XV-XVIII ғасырлардың жыраулары мен ақындарының негізгі тақырыбы. Асан Қайғының «Жерұйық» идеясы - тәуелсіз қазақ хандығын құрудың негізі. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармаларындағы адамгершіліктік-этикалық сұрақтар. Қазақ жыраулары ойларының XVII-XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы экономикалық және әскери-саяси дағдарыс кезеңінде өзгеруі. Ақтамберді жырау мен Үмбетей жыраудың пайымдаулары - өмір мен өлімнің, мәңгіліктік мәнін түсінуге бағытталған ақындық философия. Бұқар жыраудың этикалық философиясы. Шал ақынның шығармашылығындағы жақсылық пен жамандық дихотомиясы.
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақтың қоғамдық ойының даму ерекшеліктері. Махамбет Өтемісов шығармашылығындағы халықтық сананың және тәуелсіздік идеясының прогрессивтік элементтері. «Зар заман» дәуірінің ақындары Дулат Бабатаев, Шортанбай Қанаевтың философиялық көзқарастары.
Қазақ Ағартушылығы: қалыптасуының қоғамдық-саяси алғышарттары, еуропалық және орыс ағартушылығынан өзгешеліктері. Шокан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясының антропоцентризмі және гуманизмі. Абайдың философиялық «Қара сөзі» - әлемдік мәдениеттің қайталанбас құбылысы. Абай Құнанбаевтың дін философиясы және адамгершіліктік философиясы.
ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының жұлдызды шоғының қоғамдық-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың философиялық көзқарасы. Әлихан Бөкейхановтың саясат философиясы. Міржақып Дулатовтың тарих философиясы. Ахмет Байтурсыновтың шығармашылығындағы білім және тіл білімі философиясының сұрақтары. Мұхтар Әуэзов философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы. Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы өмір мен өлім мәселесі. Шәкерім Құдайбердиев: ақиқатты іздеу. «Үш анық» - болмыс, жан және адамның адамгершіліктік жетілуі туралы философиялық пайымдау.
Кенестік кезеңдегі Қазақстандық философияның негізгі мәселелері: диалектиканың, жаратылыстану ғылымдарының, ұлтаралық қатынастардың, ғылыми атеизмнің, қазақтың қоғамдық және философиялық ой тарихының мәселелерін, Әл-Фарабидің философиялық мұрасын зерттеу.
Посткенестік кезеңдегі қазақстандық философия: қазақтың ұлттық
философиясы мен мәдениетінің рухани бастауларын, қазақ философиясының «ақтаңдақтарын» зерттеу, тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолдарын іздеу, дәстүрлі және қала мәдениетін философиялық пайымдау, Фарабитану ренессансы.