Байланысты: Курстық және дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар
3. Курстық жұмысты орындау және оны қорғауға дайындау Студент оқу жоспарына сай міндетті, ғылыми мамандануына сай арнаулы пәндерді тыңдайды. Студенттің курстық жұмысты орындауы теорияны терең меңгеруімен, жүйелі түрде алған білімді ғылыми практикалық талдауда пайдалана білуімен, өзіндік жұмыс дағдыларының қалыптасуымен тығыз байланысты. Осы негізде білім, білігін пайдалана отырып, студент курстық жұмысын жазады.
Курстық жұмысқа жетекшілікті кафедраның пән бойынша оқытушылары атқарады.
Курстық жұмыстың орындалу барысын кафедра бақылап, ғылыми семинарларда студенттің есебі тыңдалып, жұмыстың барысы нақтыланып отырады.
Курстық жұмыстың тақырыбы оқу үдерісінің бірінші семестрінде беріледі. Тапсырмада жұмыстың мақсаты, міндеттері туралы нақты түсінік берілуі тиіс. Жұмыстың негізгі кезеңдері мен орындалу мерзімі, шамамен көлемі көрсетілуі керек.
Курс жұмысының орындалуына ағымдағы бақылауды жетекші жүзеге асырады, жұмыстың орындалуы мен рәсімделуіне кеңес береді.
Курстық жұмыстың бітуіне қарай жетекші жазбаша түрде пікір береді.
Кафедра жетекшісі студенттің курстық жұмысын қорғауға жіберу мәселесін шешеді.
Курстық жұмыс 5 күн бұрын жетекшіге жіберіледі. Қорғаудан үш күн бұрын жетекшінің пікірі жазылып бітуі керек. Жетекші пікірінде мынадай мәселелерге көңіл бөлінеді: жұмыстың ғылыми мамандануына қаншалықты сәйкес келуі, алынған статистикалық көрсеткіштің шындыққа жақындығы, жұмыс нәтижелерінің жүйелі, анық жазылуы, зерттеудің ғылыми практикалық мәні.
Курстық жұмыстың қорғау мерзімі оқу үдерісінің графигіне сәйкес қойылады.
Курстық жұмыстың сапалы орындалуы мен өз уақытында қорғалуын студент өз жауапкершілігіне алады.