Байланысты: Курстық және дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар
4. Рәсімделу тәртібі Дипломдық жұмыс компьютерлік тәсілмен А4 форматты ақ қағазға 1 интервалмен орындалуы тиіс. Шрифты: KZ Tımes New Roman, 14 кегль. Беттің параметрлері: жоғары жағы – 15 мм, төменгі жағы – 20 мм, оң – 10 мм, сол – 30 мм. Жалпы көлемі – 45-50 бет.
Дипломдық жұмыс бөлімдерінің атаулары қатардың ортасына бас әріптермен соңына нүктесіз жазылады. Тақырыпшалардың атаулары абзацтан бас әріппен асты сызылмай, соңына нүкте қойылмай жазылады. Компьютерде терілген жұмыста тақырыптар қара шрифтімен бөлінеді.
Дипломдық жұмыс беті араб цифрімен нөмірленеді, нөмірлену титул бетінен басталады, бірақ 1-бет қойылмайды. Беттің нөмірі төменгі оң жақ бұрышына қойылады.
Иллюстрациялар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер) мәтінде өзі жөнінде түсініктемелерден соң беріледі. Иллюстрация – Сурет және оның нөмірі (араб цифрымен), суреттің астына жазылады, сурет жөнінде түсініктемеден соң беріледі.
Дипломдық жұмыста сандық көрсеткіштер кесте бойынша беріледі. Жұмыста кестенің саны бірнеше болған жағдайда араб цифрымен «Кесте 1» деп нөмірленеді, кестенің сол жағына кестенің аталуынан кейін қойылады. Егер жұмыста кестенің саны бір ғана болса, нөмірленбейді.
Формулалар мен теңдеулер мәтіннен бөлек қатармен ажыратылады. Формулаға дейін де, формуладан кейін де бір бос қатар қалады. Формулалар мен теңдеулер, тілдік модельдер сан жағынан бірнеше болса, дөңгелек жақшада араб цифрымен нөмірленеді.
Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер мәтінде тік жақшамен беріліп, араб цифрымен пайдаланылған әдебиеттің нөмір саны, беті көрсетіледі. Библиографиялық сілтемеде, яғни дипломдық жұмыстың әдебиеттер тізімінде монография, мақалалар жинағы, мерзімдік ғылыми журналдарға сілтемелердің үлгісі 3-қосымшада беріледі. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 20-дан кем болмауы тиіс.