Жұмыстың қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелері мен тұжырымдары баспа бетіне ғылыми мақала түрінде жарияланымынан кейін дипломдық жұмыс қорғауға жіберіледі.
Жоғарыда Ережеде көрсетілген тәртіп бойынша рәсімделген дипломдық жұмыс ғылыми жетекшісінің қорғауға жіберуге болады деген оң пікірімен қорғаудың алдында 10 күн бұрын кафедраға қорғауға ұсынылады. Кафедра дипломдық жұмысты қорғауға жіберу мәселесін шешеді және рецензент тағайындап, бекітеді. Ресми оппоненттің (немесе рецензенттің) ғылыми дәрежесі, осы салада ең кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет. Оппонент маман шығарушы кафедраның мүшесі болмауы тиіс.