3. Дипломдық жұмыстың құрылымы
Дипломдық жұмыстың құрылымы мынадай элементтерден тұрады:
Алғашқы беті (титул беті, осы Ереженің 1-қосымшада үлгі болып беріледі);
беттері көрсетілген мазмұны немесе жоспары (Үлгі 2-қосымшада беріледі);
нормативтік сілтемелер; анықтамалар, белгілер және қысқартулар (қажеттілігіне қарай);
кіріспе;
тарау, тараушалардан (кей жағдайларда – пункт, тармақшалардан) тұратын негізгі бөлім;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттер тізімі (үлгі 3-қосымшада беріледі);
қосымшалар (қажеттілігіне қарай).
Алғашқы бет дипломдық жұмыстың бірінші беті болып табылады, ол дипломдық жұмыс жайында ақпараттық қызмет атқарады. Алғашқы бетте келесі мәліметтер болады:
дипломдық жұмыс орындалған ұйымның атауы;
жұмыстың тақырыбы;
жұмысты орындаушының тегі, аты, әкесінің аты;
шифр және мамандықтың атауы;
ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
қаласы, жылы.
Алғашқы бетті дипломдық жұмыстың жалпы беттер санына қосады, бірақ алғашқы бетке нөмір қойылмайды.
Кіріспе жұмыстың өте маңызды бөлімі, өйткені ол тақырыпты ашып қана қоймайды, сонымен қатар барлық керекті біліктіліктің көрсеткіштерінен тұрады.
Кіріспенің ортақ құрылымы: тақырыптың өзектілігі; зерттеудің мақсаты; зерттеудің міндеттері (үш міндет); зерттеудің нысаны және зерттеу пәні; зерттеудің ғылыми болжамы; зерттеудің практикалық маңызы, диплом жұмысының құрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |