«Бекітемін» «ФаиЗаман» жшс-гі



бет2/6
Дата29.11.2022
өлшемі129,75 Kb.
#53630
1   2   3   4   5   6

Д/ойын:«Не артық»

О/шарты: Балаларға дәрігер құралдарының ішінен артығын алып тастау керек.
Айша балаларға ризашылығын білдіріп, қоштасты.
Қонақтарға сау болыңыз дейміз.
Әрқашан ауырмай деніміз сау болсын!

«Бекітемін»
«ФаиЗаман» ЖШС-гі
«Күншуақ» бөбекжай-бақшасының
МДҰ-жетекшісі ___________ Г.К Нұртаза

«Ойын түрлері» апталығы
«Үстел-үсті» ойындар
Тобы: «Айшуақ»
Күні: 01.11.2022ж
Тақырыбы: «Сурет құрастыру»

Дидактикалық міндеті. Балаларды тұтас затты жеке бөліктерден құрастыруға жаттықтыру; ерік-жігерін, мақсатқа талпынуын тәрбиелеу.
Ойын ережесі. Таңдауда қателеспеу. Кім басқалардан бұрын жинап, өз картинкасын атап айтса, сол жеңеді.
Ойын әрекеттері. Жеке бөліктерді қарастырып, тұтас картинка құрастыру.
Ойынның барысы. Қорапта әр түрлі заттар бейнеленген тұтас картинкалар болады: жеміс-жидектер, ойыншықтар, өсімдіктер. Екінші қорапта дәл осы картинкалар төрт бөлікке бөлініп салынған. Тәрбиеші балаларды картинкалармен таныстырады. Олар картинкада не бейнеленгенін атап айтады. Сосын кейін картинканың жеке бөлігін көрсетіп, балалардан сұрайды:

  • Сендер қалай ойлайсыңдар мына кесінді қай картинканікі?

  • Алмұрттікі, – деп жауап береді балалар.

Тәрбиеші картинканың жеке бөлігін тұтасқа орналастырады.

  • Ал енді алмұрттың басқа бөлігін табайық.

Балалар тәрбиешімен бірге алмұрттың жарты бөліктері бейнеленген картинканы тауып, тәрбиешіге береді. Барлық жеке бөліктер табылып, тұтас картинканың қасына қойылған соң, тәрбиеші балаларға:

  • Балалар, қараңдаршы, тұтас алмұрт шықты. Қазір мен сендерге картинка беремін. Айманға алманы, Берікжанға қызанақты. Айжан сен өз картинкаңды тап! Жанбекке сәбізді беремін. Картинка қайда жатыр? (Осылайша барлық бала бір-бір картинкадан алады). Ал енді жеке бөліктерден тұтас картинка құрастырыңдар. Бөлінген картинкалар үстелде жатыр.

Іздеу, табу, табылған жеке бөліктерді орналастыру үрдісінің өзі балаларды қызықтырады.
Ойынды кубик, пирамида және т.б. заттарды пайдалана отырып та өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет