«Бекітемін» «ФаиЗаман» жшс-гі


«Бекітемін» «ФаиЗаман» ЖШС-гі



бет3/6
Дата29.11.2022
өлшемі129,75 Kb.
#53630
1   2   3   4   5   6
«Бекітемін»
«ФаиЗаман» ЖШС-гі
«Күншуақ» бөбекжай-бақшасының
МДҰ-жетекшісі ___________ Г.К Нұртаза

«Ойын түрлері» апталығы
«Ұлттық» ойындар
Тобы: «Айшуақ»
Күні: 02.11.2022ж
Тақырыбы: «Күш сынасу»
Ойын барысы: Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
(Слайдтан ұлттық ойындардың түрлері көрсетіледі).
Ұлттық ойын түрлері:
«Аламан бәйге» ойыны
«Қыз қуу» ойыны
«Асық ату» ойыны
«Алтыбақан тебу»ойыны
«Тақия тастамақ» ойыны
«Арқан тарту» ойыны
«Күш сынасу» ойыны
(Тосын сый). Есік қағылды. Балалар қонаққа Бай мен Алдар Көсе келіпті.
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Сәлеметсіздер?
Бай: Алдар Көсе екеуміз сендердің балабақшаларына қонаққа келіп едік. Осы балабақшада қазақтың ұлттық ойыны болып жатыр деп естіп едік халықтан. Бізде ұлттық ойындарына қатысып ойнағымыз келіп тұр. Бізді ойнатасыздар ма?
Алдар Көсе: Ендеше екеуміз бәс тігейік. Қай топ жеңетін болса, сол бәстескен заттарымызды қалдырып кетеміз. Жарайды.
Бай: Қойындағы дорбасын алып, ортаға қояды.
Алдар Көсе: Қолындағы домбырасын ортаға қояды. Балаларды 2 топқа бөлді.
1 - топ «Байдың» тобы, 2 -топ «Алдар Көсенің» тобы.
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Арқан тарту» ойыны.
Ойын шарты: Арқанның ортасынан қызыл матамен байлайды. Арқанның 2 жақ шетінен балалар ұстап тартады. Қай топ арқанды өз жағына тартып алса, сол топ жеңіске жетеді. Арқанды тартқан кезде 1 бала құлап қалса, құламаған топ жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.
2 - ойынымыз «Күш сынасу»
Ойын шарты: Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.
Ендеше бүгінгі сайыста Бай мен Алдар Көсенің топтары ойынға жақсы қатысты. Алдар мен Бай бізбен қоштасқалы тұр. Олар тағыда осындай жарыстарға қатысуға асығып тұр екен. Сау болыңыздар балалар. (Екеуі қоштасты.)
Балалар енді тыныс алу жаттығуын орындайық.
Қанеки қолдарымызды 2 жаққа созып, жоғары көтере, мұрынымызбен терең тыныс алып, қолды төмен түсіре, ауызбен демді шығарамыз.
Бүгін бізге кімдер қонаққа келді.
Қандай ұлттық ойындармен таныстыңдар.
Қандай ұлттық ойындарын ойнадыңдар Сау болыңыздар!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет