Бекітемін Физика кафедрасының меңгерушісі Косов В. Н. 2019 ж. «Атом, атом ядросы және қатты дене физикасы»


Қондырғы құрылғысы және оның жұмыс істеу принципі



бет17/34
Дата16.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#140050
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
5 АТОМНАЯ ФИЗИКА КАЗ лаб 2019 дайын

Қондырғы құрылғысы және оның жұмыс істеу принципі
Қондырғы зерттеу объектісі мен өлшеуіш құралдан тұрады, олар зертханалық столдарға орнатылатын және өзара кабель арқылы байланысатын, конструктивті түрде аяқталған бұйым ретінде жасалған (2-сурет).



2 сурет. -спектрометрдің сыртқы көрінісі

Құрылғы бета-бөлшектердің жүріп өткен жолының ұзындығын және есептеуіште пайда болатын және қондырғымен саналатын импульстер саны бойынша бета спектрдің жоғарғы шекарасын анықтауды жүзеге асырады. Қондырғының жұмыс істеу принципі иондалған сәулелерді есептеуіштің көмегімен бета бөлшектерді тіркеуге негізделген. Есептеуішке толтырылған газды бета бөлшектер иондайды және қысқа мерзімді разрядтар (импульстер) тудырады, оларды қондырғы тіркеп отырады.


Өлшеуіш құрылғы конструктивті аяқталған бұйым ретінде жасалған. Онда зерттеу объектісінен түскен импульстер санын және өлшеу уақыттарын есептеуге, сондай-ақ қондырғымен басқару функцияларын (өлшеу уақытын алдын ала орнату, өлшеудің басталуы мен аяқталуы, өлшеу процесін тоқтату, нәтижелерді нөлге түсіру, есептеуіштер толған кезде автоматты тоқтау) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қосалқы құрылғылары бар бір кристалды микро-ЭЕМ қолданылған. Өлшеуіш құрылғының құрамына сондай-ақ құрылғының өзін және зерттеу объектісін қоректендіруге арналған қоректендіру көзі де кіреді.
Өлшеуіш құрылғының алдыңғы панелінде басқару мен индикацияның мына органдары орналастырылған:

  • СБРОС кнопкасы – өлшеу алдындағы бастапқы жағдайға немесе құрылғымен өлшеуді үзіп бастапқы жағдайға орнатуға арналған.

  • ПУСК/СТОП кнопкасы – бастапқы жағдайға келтірмей-ақ үзуге немесе өлшеу режимін өлшеу басында немесе өлшеуді тоқтатқаннан кейін қосуға арналған.

  • УСТАНОВКА кнопкасы – өлшеу уақытын орнату режимін (қайталап басу арқылы) қосуға және өшіруге арналған.

  • « + » және « - » кнопкалары өлшеу уақытын орнатуға арналған (қысқа уақыт басқанда секунд бірліктері орнатылады, ал ұзақ басқан кезде - ондаған секунд, 99,9 және 999 диапазондарына ауыстырып қосу автоматты түрде жүзеге асады).

  • Сұйық кристалды индикатор – өлшеуді жүргізу барысында бөлшектер санын, өлшеу уақытын, жұмыс режимін индикациялауға арналған.

Өлшеуіш құрылғының артқы панелінде ажырытқыш ЖЕЛІ, жерге қосу клеммасы, сақтандырғышты ұстағыштар (сақтандырғыш тұтқамен жабылған), ашалы желілік шнур, зерттеу объектісін қосуға арналған разъем бар. Өлшеуіш құрылғы желілік шнур көмегімен 220 В, 50 Гц желіге қосылады.


Зерттеу объектісі бета-бөлшектер көзін ұстағыштан, қоректендіру көзі мен импульстерді жасайтын құрылғысы бар есептеуіштен, олардың және алюминий фильтрлері жиынтығының арасындағы арақашықтықты реттейтін механизмнен тұрады.
Бета-бөлшек ретінде активтілігі Бк-ден артық емес, активті бетінің ауданы 1 см2, нуклиді (стронций + иттрий) болатын диаметрі 35 мм сәуле көзінің үлгісін қолдану ұсынылады. Сәуле көзі зерттеу объектісінің құрамына кіретін сәуле көзін ұстағышқа орнатылады. Алюминий фильтрлерінің жиынтығы әртүрлі қалыңдықтағы алюминий қабаттарынан өткен бета-бөлшектердің жұтылуын зерттеу кезінде фильтр қалыңдығын дискретті өзгертуге тағайындалған. Зерттеу объектісіне (есептеуіштен келіп түскен) импульсті амплитудасы және ұзақтығы бойынша жасайтын құрылғы және есептеуішті қоректендіруге арналған жоғарғы вольтты түрлендіргіш кіреді. Зерттеу объектісі өлшенетін құрылғының шығыс разъемына кабель арқылы жалғанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет