ТАПСЫРМА 1:Өлшеу жүргізу және заттан (ауадан) өткен альфа-бөлшектің қисығын тұрғызу
1. Қажетті өлшеу уақытын (11÷13 сек) орнатыңыз (жоғарыдағы 7 пунктты қараңыз).
2. Фондық сәулені өлшеңіз (жоғарыдағы 8 пунктты қараңыз).
3. Ұстағышқа - бөлшек көзін орнатыңдар.
Назар аударыңыз! Радиоактивті сәуле көзі тек оқытушы ғана ұстағышқа орнатады және шешіп алады. 4. Сәуле көзі мен детектордың арасын ең аз арақашықтыққа (0,5 см) қойыңыз.
5. Детектордың қақпағын ашыңыз.
6. «Пуск» кнопкасын басыңдар. Таймер тоқтағаннан кейін индикатордың көрсеткішін дәптерге жазып алыңдар. «Сброс» кнопкасын басып, индикатордың көрсеткішін нөлге келтіріңдер. Арақашықтықты арттыра отырып, өлшеулерді қайталаңдар.
7. Қажетті өлшеу уақытын студенттер орнатады(11÷13 сек). 9 пунктті пайдаланып, сәуле көзінен детектордың кіріс терезесінің арасындағы 0,5 см-ден 3 см-ге дейінгі (0,5см ÷ 2,4 см бөлігінде әрбір 1 мм сайын, 2,4 см ÷3 см бөлігінде әрбір 2 мм сайын) арақашықтықтар үшін өлшеулер жүргізіңдер.
8. «Сеть» кнопкасын басып, құрылғыны өшіріңдер. Детектордың қақпағын жабыңдар. - бөлшек көзін ұстағыштан алып, контейнерге салыңдар.
9. Бірлік уақыт ішінде тіркелген бөлшектердің арақашықтыққа тәуелділігінің графигін тұрғызыңдар.
10. Алынған қисыққа сандық дифференциалдау жүргізіп, тәуелділігін тұрғызыңдар. Алынған қисығының төмен қарай құлдыраған бөлігін ( ) бойынша 10 бірдей бөлікке бөліңдер. Қисықпен қиылысатындай өсіне перпендикуляр тұрғызыңдар. Қисықтың төмен қарай құлдыраған бөлігіндегі нүктелерден өсіне перпендикуляр жүргізіңдер. Осылайша, әрбір бөлікке өзінің мәні сәйкес келеді. Әрі қарай алып, график тұрғызыңдар (2-суретті қараңдар).
11. Дифференциальдық қисықтың максимум орны бойынша жүріп өту жолының орташа ұзындығын табыңдар және - бөлшектің энергиясын (4)-формула бойынша есептеңдер.
12. Алынған - бөлшектің энергиясының мәнін анықтамалық әдебиетпен салыстырыңдар ( үшін энергия = 5,2 МэВ-ке тең).