Бекітемін: Қысқа мерзімді жоспар


Жаңа сабақты бекіту. Жұппен жұмыс



бет2/3
Дата01.09.2023
өлшемі33,49 Kb.
#105844
түріСабақ
1   2   3
5.Жаңа сабақты бекіту. Жұппен жұмыс
1.Екі экскаватор бір уақытта жұмыс істеп жер жұмыстарын 3 сағ 45 мин орындайды. Егер олар жеке жұмыс істесе бірінші экскаватор дәл осы жұмыс көлемін екінші экскавторға қарағанда 4 сағатқа жылдамырақ істейді. Егер олар осы жұмыс көлемін жеке жасаса әрбіреуі қанша уақыт жұмсайды?
Жауабы: 6 және 10 сағ.
2. Екі бригада бірігіп жұмыс істеп 18 күнде автокөлік жолын жөндеуден өткізу керек болды. Шындығында, жұмысты бірінші бригада бастап, екінші бригада аяқтады. Нәтижесінде жол жөндеу 40 күнге созылды, бірінші бригада өз жұмыс уақытында барлық жұмыстың өздеріне атқарылған бөлігін толық орындады. Егер олар жеке-жеке жұмыс жасаса неше күнде жөндеу жұмысы бітер еді?
Жауабы: 45 және 30 күн
3. Екі комбайын бірігіп жұмыс істеп тапсырманы 6 сағатта бітіре алады. Т Егер бірінші комбайн тапсырманы жалғыз жасаса ол екінші комбайннан 5 сағатқа жылдамырақ жасайды. Бірінші комбайн жалғыз жұмыс жасаса тапсырманы неше күнде аяқтайды?
Жауабы: 10 және 15 сағ.
6. Сабақты қорытындылау.
Дескриптормен жұмыс
Оқушылар өз-өздерін дескритормен жұмыс жасай отырып, қай деңгейде екендерін анықтайды.

Оқу мақсаты

Дескриптор

Тапсырма

+

-

9.4.2.1 мәтін есептерді теңдеулер жүйесінің көмегімен шешу



Айнымалыларды енгізеді

Жұптық жұмыс









Есептің шарты мен белгісіз арасындағы тәуелділікті орнатады

Теңдеу құрады

Теңдеулер жүйесін шешеді

Жауапты негіздейді




https://znanija.com/task/


223012

https://znanija.com/task/


4516822

https://znanija.com/task/


1015317

Сабақтың соңы
3 мин

7.Үй жұмысы
1.Артель жұмысты 20 күнде орындады. Егер артелде 4 адамға көп болса және жұмыс күні 1 сағатқа артық болса, онда жұмыс 10 күнде орындалар еді. Ал егер артелде 1 адам кем және жұмыс күні 1 сағатқа қысқарса, орындалар жұмыс 30 күнге созылады. Алғашқыда артелде неше адам болды және олардың жұмысты жасау ұзақтығын табыңыздар.
Жауабы: 6 адам, 5 сағ.
2. Екі бригада бірлесе жұмыс жасап тапсырманы 8 сағатта орындайды. Бірінші бригада жалғыз жұмыс жасаса екінші бригадаға қарағанда 12 сағат жылдамырақ орындайды. Егер бірінші бригада тапсырманы жалғыз орындаса неше сағатта аяқтар еді?
Жауабы: 12 сағ.
8. Рефлексия.
Оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтайды:
• Мен бүгін білдім...
• Маған қызықты болды...
• Маған қиын болды...
• Мен тапсырмаларды орындадым...
• Енді мен...





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет