Д.Исабековтің «Тіршілік» повесіндегі объективті және субъективті идеялардың ерекшелігіне талдау жасаңыз.
О.Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі образдар жүйесіне талдау жасаңыз.
О.Бөкейдің «Атау кере» повесінің тақырыбы мен проблематикасына талдау жасаңыз.
Суреттеу тәсілінің қай түрі? Қолдану жолдарын түсіндіріңіз:
«...Өстіп жүріп мен оның бет-пішініне көз тастадым. Жүнін жұлған құстың денесіндей бүршік-бүршік бетіне үсіген картоптай емін-еркін мұрын жайласыпты. О баста оны әлдекім лақтырып жібере салғандай, бір жағына қисая жабысқан екен. Бір көрген адам оны әне-міне құлап кетеді екен деп минут сайын күткендей еді».
Суреттеу тәсілдерінің қай түрі? Жасалу жолдарын түсіндіріңіз:
«Ақымақтар-ай, тентектер-ай түге! О, жарым естер-ай десеңші!
Бойына сыймаған күйініш пен өкініш Қарекеңнің жан түбінен осы бір сөздерді лақтырып тастады. Не жетпейді, опыр-ау, не жетпейді екен бұларға. Ел тыныш, қой үстіне боз торғай жұмыртқалап, ақ түйенің қарны ақтарылып жатысы мынау. Белі сырқырап жұмыс істеп жатқан да жоқ қой жүдә. Енді не жетпейді бұларға? "осыла« жесін, осылар кисін» деп жар құлағың жастыққа тимей, жарастылықты өмірлеріне жаның сүйсініп,
Кейіпкер портреті мен мінездеудің айырмашылығы неде? Төмендегі кейіпкер бейнесі қандай тәсілмен жасалған?
«...Даусы жуан, ашық. Сөзге өте құмар. Бірақ өте салмақты. Көп тыңдайды. Өзі бір әңгімені айтуға кіріссе, өте әдемілеп, бажайлап айтады. Бір қызық әңгімелерді айтып отырғанда өзі сол уақиғаны сол сәтте қолымен істеп отырғандай суреттеп, жандандырып сөйлей біледі. ...Қимылдары салмақты, жүріс-тұрысы марғау сылбыр. Өмірінде ерінген емес. Өте тәуекелшіл. Жолдасы үшін отқа, суға бірге түсуге еш уақытта іркілген емес. Қорқу, үрку оның әдеті болған емес...»
Т.Әбдіковтің «Оң қол» әңгімесіндегі идея мен композиция бірлігін дәлелдеңіз.
М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасының сюжеті мен композициясына, образдар жүйесіне талдау жасаңыз.
Абайдың «Ескендір» поэмасының тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Қажым Жұмалиев саралаған ұйқас түрлерін көрсетіп, әрқайсына мысал келтіріңіз.
Төменде берілген өлең шумағын құрылысына қарай талдаңыз:
Бұл өмірде жаны жарқын жақсы адамдар қанша көп,
Армандаймын, соның бәрі менің досым болса деп.
Қарсы алдымнан күле қарап келе жатса бір адам,
Іштей гүлдеп кете барам, шаттығына қуанам.
Әлем әдебиетіндегі өлең құрылысының түрлеріне мысал келтіріп, талдаңыз.
«Өлең өлшемі» дегеніміз не? Қазақ өлеңінің өлшеміне мысал келтіріп, талдаңыз.
«Өлең ырғағы» дегеніміз не? Мысал келтіріп, талдаңыз.
«Өлең құрылысы» дегеніміз не? Мысал келтіріңіз, талдаңыз.
Дулат Исабековтің «Тіршілік» повесіне әдеби талдау жасаңыз.