Балаларды шахмат ойынын одан әрі үйренуге ынталандыру.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі// уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Кіріспе
-Сәлеметсіңдер ме! Сендер қандай ойындар ойнағанды ұнатасыз? (Балалардың жауаптары)
-әрине, әр түрлі! Көшеде баскетболды, футболды, серпімді секіруді және т.б ұнатасыңдар.
-Суртте не көріп тұрсыңдар?
-Шахмат ойыны туралы кім,не біледі?
Әлемде керемет және пайдалы ойындардың ішінде шахмат ерекше орынға ие. Шахмат ойнау өте қызықты. Біреу жақсы ойнайды, тіпті достары да ойнайды, ал біреу бұл керемет ойынмен таныс болмауы мүмкін. Бірақ біз бәріміз бірге ойнауды үйренеміз және жақын арада тіпті әкеніде немесе атаныда жеңетін шығармыз! Сонымен, біз неден бастаймыз? Әрине, бірге шахматтың пайда болуы туралы аңызбен танысайық.
Үнді патшасы Джамхур дүние салғаннан кейін оның екі баласының арасында таққа отыру жөнінде үлкен талас туады. Көп кешікпей патшаның балалары Гав пен Талханд әскер жинап, соғыс ашады. Бұл соғыста Талханд жағы жеңіліске ұшырайды. Оның өзі піл үстінде кенеттен қайтыс болады.
Соғыс аяқталған соң анасы кіші ұлының қайғылы қазасына ашынып, Гавқа «бауырыңды өлімге қалай қидың» деп аналық айып тағады. Гав анасын жұбату үшін және қиян-кескі соғыста ағасына ешкімнің де қару көтермегенін, оның жарақатсыз өлгенін көрсету мақсатымен ел ішіндегі дана-ақылгөй адамдардың бәрін патша сарайына жинайды. Солардың ішінен бір айбынды да дана адам майдан алаңын бейнелейтін тақта жасайды. Оны өзара тең шаршыларға бөліп, тақтаның екі жақ бетіне қару-жарақтары бар әр түсті әскерді бейнелейтін фигураларды тігеді. Шахтар(патша) әскер қатарының орта шенінде, оның қасына шахтың оң қолы-уәзір (ферзь), екі жағына екі піл, пілдердің жанына түйе мінген екі жауынгер (бұл фигура қазір жоқ), оның қатарына екі жауынгер тігіледі. Тақтаның екі жақ шеткі шаршыларына аузынан қанды көбік бұрқыраған екі рух-тұра (ладья) қойылады. Осыдан кейін ол фигураларды кезекпенен жүріп қиян-кескі соғыстың барысында қолбасшылардың өмірін сақтай отырып, қырғынға ұшыраған әскерлерді бейнелеп береді. Міне, Гав жағының тағдыр жаршысы тұраның (ладьяның) жазуы бойынша Талханд дүние салған, яғни шах мат болған.
Сонда тақта үстіндегі соғысты және кенже баласының өлімін осылайша көзімен көрген ана қалған өз өмірін азалы жағдайда өткізген екен дейді.
Білімдерін жинақтау
-Шахматтың сиқырлы әлеміне ену үшін бірнеше сұрақтарға жауап беру керек.
1. Шахмат ойыны қай жерде дүниеге келді?
2. Үнді шахының пікірінше, армияны немесе шахмат фигураларының шағын отряды басқару қиын?
3. «Шахмат» сөзін қазақ тіліне аударыңыз.