«бекітемін» «келісілді»


Қауіптіліктер. Қауіптіліктер жіктелімі



бет25/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77
Байланысты:
УМКД Енбекти коргау 2кр 2016-2017

1. Қауіптіліктер. Қауіптіліктер жіктелімі

Қауіпті жағдай – жазатайым оқиғаның туындауының аса жоғары ықтималдылығы болатын жағдай. Қауіптілік – адамға теріс ықпал ететін және материалдық зиян әкелетін немесе қоршаған ортаға қиратушы әсер ететін құбылыстар немесе процестердің туындау жағдайы.

Қауіптіліктер пайда болу көзіне байланысты жіктелуы:

1) әлеуметтік;

2) табиғи;

3) биологиялық;

4) экологиялық;

5) техногендік;

6) соғыс уақыты қауіптіліктері.

Әлеуметтік қауіптілік – жеке тұлғалар немесе адамдар тобының өзара қарым-қатынасынан туындайтын қауіптіліктер. Табиғи қауіптілік – жер бетінде болатын дүлей зілзалалар немесе адамның табиғатты дұрыс пайдаланбауынан болатын қауіптіліктер. Биологиялық қауіптілік – жанды объектілерден туындайтын қауіптіліктер. Экологиялық қауіптіліктер – топырақты, ауызсу және шаруашылықтық су көздерін, ауаны өндіріс қалдықтарымен, адам тіршілігі өнімдерімен, адам ағзасына зиянды ауыр металдар және олардың қосылыстарымен минералды тыңайтқыштар, пестицидтер, консерванттар, мұнай өнімдері, қалдық газдар, жану өнімдері, химиялық заттар, соның ішінде аса қауіптілері – фреон, күкірт қышқылы, фосфор, азот және т.б. ластау нәтижесінде туындайтын қауіптіліктер. Техногендік қауіптілік – адамның өндірістік қызметіне байланысты қауіптіліктер мен зияндылықтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет