Қауiптi өндiрiстiк фактор - қызметкерге әсер етуi еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндiрiстiк жарақатқа немесе кәсiптiк ауруға) немесе өлiмге әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор. Зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiстiк факторлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары.
Зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б.
2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газ, бу, шаңдар.
3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |