|
-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары
|
бет | 72/77 | Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 1,24 Mb. | | #11334 |
| Байланысты: УМКД Енбекти коргау 2кр 2016-20171-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:
Еңбекті қорғау пәнінің мақсаты.
Пән нені оқып үйретеді?
Пәннің оқып үйрену объектісі.
ҚР Еңбек кодексі қашаннан бастап күшіне енді?
ҚР еңбектің құқықтық негіздері қандай құжаттарда белгіленген?
«Еңбекті қорғау пәні» барлық мамандықтарда бірдей оқытыла ма?
Физикалық жұмыстар қандай түрлерге бөлінеді?
16-18 жасқа дейінгі ер балаларға бір рет көтеруге рұқсат етілетін шекті жүктеме қандай?
16-18 жастағы дейінгі қыз балаларға бір рет көтеруге рұқсат етілетін шекті жүктеме қандай?
18-ден жоғары жастағы ер адамдарға шекті жүктеме қандай ?
Әйел адамға ауысым бойы тасымалдауға рұқсат етілетін жүк салмағы қандай?
Ата-анасының жазбаша келісімімен еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшерін көрсетіңіз.
Жұмыс аптасының ұзақтығы, сағ.
Күнделікті (ауысым аралық) тынығу уақытының ұзақтығы, сағ
Тынығуға арналған үзіліс уақытының ұзақтығы, сағ
Тәулік ішіндегі қандай мерзім түнгі уақыт болып есептеледі?
Үстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде неше сағаттан аспауы тиіс?
Үстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде ауыр жұмыстарда неше сағаттан аспауы тиіс?
Үстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін айына неше сағаттан аспауы тиіс?
Үстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін жылына неше сағаттан аспауы тиіс?
Талдаудың статистикалық әдісі нені анықтайды?
Монографиялық талдау әдісінің мақсаты.
Топографиялық талдау әдісінің мақсаты.
Еңбекті қорғауға оқыту қандай жағдайларда жүргізіледі?
Еңбекті қорғау жөніндегі алғашқы инструктажды кім жүргізеді?
Еңбекті қорғау жөніндегі кіріспе инструктажды кім жүргізеді?
Еңбекті қорғау жөніндегі қайталау инструктажын кім жүргізеді?
Еңбекті қорғау жөніндегі жоспардан тыс инструктажды кім жүргізеді?
Лауазым иелерінің еңбекті қорғау жөніндегі жауапкершілік түрлері.
12.3.005-86 стандарты қандай талаптар қояды?
12.1.005-86 стандарты қандай талаптар қояды?
12.2.005-86 стандарты қандай талаптар қояды?
12.4.005-86 стандарты қандай талаптар қояды?
12.5.005-86 стандарты қандай талаптар қояды?
Респиратор өлшемі қалай таңдалып алынады?
Противогаз өлшемі қалай таңдалып алынады?
Шаң сүзгіш респираторлар маркаларын атаңыз.
Газ сүзгіш респираторлар маркаларын атаңыз.
Шлангалы противогаздар қандай жұмыстарда қолданылады?
Еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына байланысты кәсіпорын жұмысы тоқтаған кезде жұмысшы жалақысы қандай мерзімге сақталады?
Еңбекті қорғау жөніндегі инструктаж және білімін тексеруден өте алмағандар жұмысқа жіберіле ме?
Әкімшілік жұмысқа алар алдында жұмысшыға қандай ақпарат беруге міндетті?
Медициналық байқаудан бас тартқан адамдар жұмысқа жіберіледі ме?
Өтем мөлшері неге байланысты анықталады?
Жазатайым жағдайларды дер кезінде тексеруге кім жауапты?
Жазатайым жағдайлар қандай мерзімде тексеріліп болуы қажет?
Жіті улану қандай мерзімде тексеріліп болуы қажет?
Жәй улану қандай мерзімде тексеріліп болуы қажет?
Жазатайым жағдайды кім тексереді? (комиссия құрамы)
Қандай жазатайым жағдай өндірістік болып есептеледі?
Қандай жазатайым жағдайлар Н-1 актісімен толтырылады?
Тәртіптік жауапкершілік түрі нені қарастырады?
Әкімшілік жауапкершілік түрі нені қарастырады?
Кәсіпорындағы еңбекті қорғау күйі қалай анықталады?
Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігіне даярлық деңгейі қалай анықталады?
Жұмыс орындарының санитарлық күйінің деңгейі қалай анықталады?
Қолданылатын техникалардың қауіпсіздік деңгейі қалай анықталады?
Жұмыс орындарын паспорттаудың мақсаты қандай?
Жұмыс орындарын аттестаттау қандай уақытта қайталанып өткізіледі?
Жарықты сипаттайтын параметрлерді атаңыз.
Метеорологиялық жағдайлар параметрлерін атаңыз.
Салыстырмалы ылғалдықтың өлшем бірлігі.
Абсолюттік ылғалдықтың өлшем бірлігі.
Салыстырмалы ылғалдық дегеніміз не?
Абсолюттік ылғалдық дегеніміз не?
Максимал ылғалдық дегеніміз не?
Максимал ылғалдықтың өлшем бірлігі.
Шуылдан қорғаныс шаралары.
Дірілден қорғаныс шаралары.
Шуыл, діріл деңгейлерінің өлшем бірлігі.
Дыбыс қысымы логарифмдік деңгейінің шекті мәндерін көрсетіңіз.
Дыбыс қарқындылығы логарифмдік деңгейінің шекті мәндерін көрсетіңіз.
Дыбыс қарқындылығының шекті мәндері.
Дыбыс қысымының шекті мәндері.
Діріл жылдамдығының шекті мәні, м/с.
Діріл үдеуінің шекті мәні,м/с2.
Бірінші көздегі шуыл деңгейі - L1, екіншісі - L2 болғанда, жалпы шуыл деңгейі қалай анықталады?
Дыбыс қысымы 2*10-4 Па болса, оның логарифмдік деңгейі қандай?
Зиянды заттар бөлінбейтін бөлмелер үшін ауа алмасу қалай анықталады?
Зиянды заттар, шаң бөлінетін бөлмелер үшін ауа алмасу қалай анықталады?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|