«бекітемін» «келісілді»



бет46/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77
Байланысты:
УМКД Енбекти коргау 2кр 2016-2017

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Зиянды заттардың қауіптілігі кластары, адам ағзасына әсері

2. Зиянды заттардан қорғау құралдары мен тәсілдері.

1. Зиянды заттардың қауіптілігі кластары, адам ағзасына әсері Шаңдар – ерекше зиянды заттар тобын құрайды. Шаңның пайда болуы күнделікті автомобильдерге қызмет көрсету, металл мен ағаш өңдеу, автомобиль мен агрегат бұзу, бояу, термиялық және гальваникалық өңдеу, пісіру жұмыстарын орындаумен, басқа да техникалық процестер бойынша жұмыстармен байланысты.

Өндірістік шаң дегеніміз өлшемдері бірнеше микроннан микронның бөліктеріне дейін болатын жұмыс аймағы ауасындағы қалқыма күйдегі қатты бөлшектер. Ауа дисперсті орта болғандықтан, шаңды – аэрозоль, ал қатты бөлшектерді – дисперсті фаза деп атау қабылданған. Өндірістік шаңды түзілу тәсіліне, шығу тегі және бөлшектерінің өлшемдеріне байланысты жіктейді. Түзілу тәсіліне байланысты дезинтеграция және конденсация шаңы (аэрозолі) деп жіктейді. Бірінші түзілу тәсілі бойынша шаң қатты материалдарды қирату немесе ұсақтауға және сусымалы заттарды тасымалдауға байланысты өндірістік операциялардың салдарынан пайда болады. Шаңның екінші түзілу тәсілі – жоғарытемпературалы процестерде металдар немесе бейметалдар буының салқындауы немесе конденсациясы салдарынан ауада қатты бөлшектердің пайда болуы.

Шығу тегіне қарай шаң органикалық, бейорганикалық және аралас болып келеді. Шаңның сипаты мен зиянды әсерінің байқалуы негізінен оның шығу тегімен анықталатын химиялық құрамына тәуелді келеді. Шаңды жұту тыныс алу органдарының зақымдануына – бронхит, пневмокониоз немесе жалпы реакциялардың өрбуіне (интоксикация, аллергия) әкелуі мүмкін. Кейбір шаңдар канцерогендік қасиеттерге ие. Шаңның әсер етуін жоғарғы тыныс алу жолдары, көздің шырышты қабығы, тері қабаттары ауруынан байқауға болады. Шаңды жұту пневмония, туберкулез, өкпенің қатерлі ісігінің туындауына ықпал етеді.

Пневмокониоз кең тараған кәсіби аурулар қатарына жатады. Шаңды тозаң

бөлшектердің өлшемдері (дисперстілік) бойынша жіктеудің маңызы жоғары:

● көрінетін шаң (өлшемі 10 мкм-ден үлкен) ауадан тез шөгеді, жұту

кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарына тұрып қалады, әрі жөтелу, түшкіру,

қақыру арқылы кетеді;

● микроскопиялық шаң (0,25...10 мкм) ауада орнықты келеді, әрі жұт-

қанда өкпе альвеолына түсіп, оның ұлпасына әсер етеді;

● ультрамикроскопиялық шаң (өлшемі 0,25 мкм-ден аз), өкпеде оның 60...70%-ы тұрып қалады, бірақ оның зақымдау қаупі төмен, себебі, оның жалпы массасы шамалы ғана.

Шаңның зиянды әсері оның басқа да қасиеттерімен анықталады: ерігіштік, бөлшектер формасы, олардың қаттылығы, құрылымы, адсорбциялық қасиеттері, электрзарядталғыштығы. Мысалы, шаңның электрзарядталғыш-тығы аэрозольдің орнықтылығына ықпал етеді; электрлік зарядталған бөлшектер тыныс алу жолында 2...3 есе көп тұрып қалады.

Шаң негізінен тыныс алу жолдарына зиянды әсер етеді, жоғарғы бөлімдерде, өкпеде ауру тудырады. Шаңдар тек өкпеге ғана емес басқа дене мүшелеріне де зиянды әсерін тигізуі мүмкін: көзге, теріге, ас қорыту органдарына. Зиянды шаң денеде язва, экзема, дерматит, ісік, көзде қабыну; тамақта бронхит, астма туғызады. Шаңның аса көп химиялық белсендігі (хром, мышьяк) бар түрі ұзақ әсер етуде бұзылулар мен мұрын қуыстарының жабылуына әкеледі. Шаң

өкпеде және лимфатикалық тораптарда жиналады, оның бұзылуына әкеледі. Шаң теріге тітіркенушілік әсер етуі мүмкін (синтетикалық смола, әк, кальций корбидінің шаңы) және әр түрлі ауру процестеріне (дерматиттер, экземалар) әкелуі мүмкін. Тұзды және терлеу темірлерінің қуыстарына ене отырып, шаң бөліктері бітелуге әкелуі мүмкін, микробтың енуі мен қарсы тұруын төмендететін, терінің қалыпты іс әрекетін бұзады.

Өткір қиырлары қатты шаңдар көз жарақатын тудыруы мүмкін. Абразивті шаң қарашықтың бұлыңғырлануына әкелуі мүмкін. Хромды, қорғасынды, марганецті (аккумуляторлық, гальваникалық, пісіру, мысты-радиаторлық учаскелер) сияқты токсикалық шаңдар ас қорыту органына аз көлемде түссе де улануды тудыруы мүмкін.

Санитарлық нормаға сәйкес жұмыс зонасының ауасында шаңдардың ақырғы шекті концентрациясы (АШК) белгіленген (мг/м3).

Уланудың кез келген формасында өнеркәсіптік улардың әсер ету сипаты оның физикалық белсенділігі – уыттылықпен анықталады. Өнеркәсіптік улар дегеніміз өндірістегі тиісті санитарлық-техникалық шаралардың жүргізілмеуі мен еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауы нәтижесінде адам ағзасына және оның жұмысқабілеттілігіне кері әсерін тигізуші улы заттар.

Заттардың адам өміртіршілігіне зиянды әсер ету қасиетін уыттылық деп атайды. Химиялық заттардың ағзаға уытты әсер етуі келесі факторлармен анықталады: заттардың концентрациясы және агрегаттық күйі, құрамы, физикалықхимиялық қасиеттері, ағзаға ену жолдары және олардың ағза ұлпаларымен өзара әсерлесуі, жинақталу (кумуляция) және ағзадан шығарылу қасиеті, әсер ету ұзақтығы, ауа ортасының жағдайы, т.б.

Ауа құрамында газ буы немесе аэрозоль түрінде болатын зиянды заттар адам ағзасына әлеуетті қауіпті әсер ету дәрежесі бойынша қауіптіліктің төрт класына бөлінеді:

I класс – төтенше қауіпті заттар (хлор диоксиді, озон, т.б.);

II класс – қауіптілігі жоғары заттар (күкіртсутегі, күкірт және тұз қышқылдары, күйдіргіш сілті ерітінділері, т.б.);

III класс – қауіптілігі орташа заттар (күкірт диоксиді, камфара, т.б.);

IV класс – қауіптілігі төмен заттар (аммиак, этил спирті, т.б.).

Адам ағзасына әсер етуші негізгі зиянды заттарға мыналар жатады: қоздырғыш заттар, бұл заттар тыныс алу жолы ұлпаларының бетін, сілекейлі қабықша және теріні зақымдайды (қышқылдар, сілтілер, аммиак, хлор, күкіртті қосылыстар, т.б.); тұншықтырғыш заттар – ауадағы оттегі мөлшерін сұйылтатын физикалық зиянды газдар (көмірқышқыл газ, азот, метан, т.б.); улар, қан айналымы жүйесінің ішкі органдары (бензол, фенол) мен нерв жүйесінің (спирттер, эфирлер) зақымдануын туғызатын заттар;

ұшқын есірткі заттар (ацетилен, ұшқын көмірсутегілер);

өнеркәсіптік шаңдар, бұлар ағзаның аллергиялық реакцияларын туғызады немесе инертті келеді.

Уытты заттар адам ағзасына тыныс алу органдары (бу, газ, шаң), тері (негізінен сұйық және майлы өнімдер) және асқазан-ішек жолдары (сұйық, қатты және газ тәріздес заттар) арқылы енуі мүмкін. Зиянды заттар адам ағзасына көбінесе тыныс алу органдары – мұрын қуысы және өкпе арқылы енеді. Өкпеден улар қанға сіңіріліп, бүкіл ағзаға тарайды.

Әртүрлі химиялық өнімдердің тыныс алу органдары арқылы ағзаға ену қабілеті де түрліше болады, бұл негізінен жекелеген заттардың суда, ұлпа сұйықтықтарында және ағза ортасында ерігіштігіне байланысты.

Аммиак, хлорлы сутегі және күкірт диоксиді суда жақсы еритіндіктен жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегейлі қабатында тұрып қалады да, олардың қоздыруын туғызады. Хлор және азот оксиді суда нашар ериді, сондықтан олар тыныс алу жолдарының кілегейлі қабатында тұрып қалмай, өкпеге сіңіп, оның қабынуына әкеледі. Шаң да адам ағзасына тыныс алу органдары арқылы еніп, зиянды әсе етеді. Шаңның ықпал ету дәрежесі оның бірқатар қасиеттерімен анықталады. Осы қасиеттерден шаң бөлшектерінің мөлшері ерекше мәні бар. Мөлшері 0,25-тен 10 мкм-ге дейінгі шаң бөлшектері аса қауіпті келеді. Олар жоғарғы тыныс жолдарына шөгіп қалмайды, өкпеге енген соң ауамен кері қарай шықпайды.

Көптеген уытты заттар ағзаға тері арқылы енеді. Тікелей тері арқылы майда жақсы еритін заттар (көмірсутегі, металорганикалық қосылыстар, т.б.) енуі мүмкін. Ұшқындығы жоғары сұйықтықтар тері бетінен тез буланып, ағзаға ене қоймайды. Алайда, бұл ұшқын заттар паста, иісмай, желім құрамына енетін болса, онда тері бетінде ұзақ сақталады. болса теріде ұзақ уақыт сақталады. Қатты заттар да ағзаға тері арқылы өтеді. Анилин және нитробензол сияқты

ұшқындығы аз заттар қауіпті келеді. Өндірістік жағдайларда уытты заттар асқазан-ішек жолы арқылы өте сирек түседі, олар көбінесе кір қолдар арқылы енеді. Улы заттардың ағзада жинақталуы (кумуляциясы) олардың алмасуы немесе шығуы ағзаға енуден гөрі жай жүретін жағдайда ғана болады. Кумуляцияланған улар (сынап, қорғасын, мышьяк) ағзада жинала келе, оған ұзақ әрі күшті әсер етеді.

Уытты заттардың ағзадан шығуы тері, бүйрек, өкпе, асқазан-ішек жо-лы арқылы жүргізілуі мүмкін. Өкпе арқылы негізінен тез кебетін заттар (спирттер, эфирлер, бензин, т.б.), бүйрек арқылы – суда жақсы еритін заттар, ауыр металл қосылыстары (қорғасын, сынап), ал марганец негізінен асқазан-іш жолы арқылы шығарылады. Майда тез еритін барлық заттар (мыс, мышьяк, сынап) тері арқылы шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет