«бекітемін» «келісілді»


Басқару органдарының негізгі қызметтері мен міндеттері



бет44/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77
Байланысты:
УМКД Енбекти коргау 2кр 2016-2017

2. Басқару органдарының негізгі қызметтері мен міндеттері

Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін орындайды.

Жеке және заңды тұлғалар нормативтік құқықтық актілер, сот шешімдері, сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенімхат негізінде өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде қызметкерлердің немесе жұмыс берушінің мүдделерін білдіреді.

Жұмыс беруші:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға;

2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;

3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға;

4) қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге;

5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;

6) қызметкерді жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;

7) қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және дәйекті ақпарат беруге;

8) қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға;

9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

10) қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;

11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;

12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;

13) қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;

14) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;

15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;

16) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;

17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;

18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге;

19) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге;

20) қызметкерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және олардың біліктілігін арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге;

21) қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;

22) еңбек жөніндегі уәкілетті органның және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкілдерін, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігінің, еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жай-күйін және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті

қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиға мен кәсіптік ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге;

23) жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек Кодекстінің 31-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге міндетті.

3. Кәсіпорында еңбек қорғау жағдайын бақылау және қадағалау қызметін ұйымдастыру Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.

Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Мемлекеттік еңбек инспекторларына:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы;

2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;

3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;

4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапты болады. Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері: ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.

Ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады.

4. Еңбек қауіпсіздігіне оқыту және жарақаттанушылық

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Еңбек етудің қауіпсіз тәсілдеріне үйрету.

2. Жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу.

3. Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби ауруларды талдау әдістері және

есеп беру.
1. Еңбек етудің қауіпсіз тәсілдеріне үйрету Жарақаттану мен кәсіби науқастанудың алдын алу жөніндегі шаралардың негізгілерінің бірі – жұмыс істеушілерді еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқыту.

Ол жұмыс істеушілерді еңбек қауіпсіздігіне оқытуды жүргізу жөніндегі Ережеге сәйкес жүргізіледі. Ережеде өндіріс қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне қарамастан халық шаруашылығының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарында:

- жаңа жұмысшыларды (жұмысқа қайта қабылданған, мамандығы жоқ немесе мамандығын өзгерткен) дайындау;

- нұсқамалардың әрбір түрлерін жүргізу;

- біліктілікті жетілдіру кезінде еңбек қауіпсіздігіне оқыту қарастырылған.

Оқыту жүргізу жөніндегі жалпы басшылық пен оны ұйымдастыру жауапкершілігі шаруашылықтар мен кәсіпорындар жетекшілеріне, ал бөлімдерде – бөлім жетекшілеріне жүктеледі. Оқытудың соңында оқу жұмысының есеп журналына еңбек қорғау жөніндегі оқу бағдарламасын орындаған, міндетті түрде емтихан тапсырған әрбір тыңдаушыны тіркейді.

Бөлімдердегі жұмыс істеушілерді еңбек қауіпсіздігіне оқытудың сапасы мен уақытына бақылау жасау кәсіпорын (ұйым) жетекшісінің бұйрығымен еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерге немесе оның міндеттерін атқарушы адамға жүктеледі.

Сипаты мен жүргізу уақытына қарай жұмыс істеушілерге нұсқамалар келесі түрлерге бөлінеді:

- кіріспе;

- жұмыс орнындағы алғашқы;

- қайталау;

- жоспардан тыс;

- мақсатты.

2. Жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерге әсер ететін еңбек шартының жағдайы. Өндірістегі жазатайым оқиға – жұмысшы еңбек міндеттерін немесе жетекшімен берілген жұмысты орындауда қауіпті өндіріс факторларының әсер етуі. Жазатайым оқиғаларға өткір уланулар, жылу соққылары, үсу мен найзағай түсу де жатады. Жазатайым оқиғалардың себептері мен жағдайларын білікті анықтау, олардың дұрыс есепке алынуы мен олардың қайталануының алдын алу үшін ғана маңызды емес, сондай-ақ әлеуметтік мәні зор, ол жәбірленушіге шығынды

қайтару туралы сұрақты тез шеше алады, қауіпсіз жұмыс шартын қамтамасыз ету бойынша жетекшімен жүргізілетін жұмысты дұрыс бағалау, жарақаттану себептерін жою бойынша шараларды өңдеуге көмегін тигізеді.

Жазатайым оқиға немесе жарақат – адам организмінің тосын сипаттағы зақымдануы. Әртүрлі жағдайларда бұл зақымдану түрлі факторлардан болуы және соның нәтижесінде зардап шегуші үшін түрлі құқықтық мәселелер әкелуі мүмкін. «Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу» Ережелеріне сәйкес жазатайым оқиғалар төмендегідей түрде жіктеледі.

Жазатайым оқиғалардың жіктелуі:

а) өндірістегі жазатайым оқиға;

ә) өндірісте болған, бірақ онымен байланысы жоқ жазатайым оқиға;

б) жұмысқа байланысты жазатайым оқиға;

в) тұрмыстық жазатайым оқиға.

Өндірістегі әрбір жазатайым оқиғаны дұрыс, әрі дер кезінде зерттеу, жарақаттанудың себептерін анықтауға және профилактикалық шараларды жүргізуге, әкімшіліктердің жауапкершілігі мен зардап шегушіге өтем ақы төлеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Өндірістік жарақаттанушылықты мақсаты сәтсіз оқиғалардың алдын алу бойынша шараларды дайындау мен себептерді анықтау болып табылады.

«Жұмыспен байланысты сәтсіз жағдай ұғымының жалпы сипаты бар, оған «өндіріспен байланысты сәтсіз оқиға» ұғымы енеді.

Жазатайым оқиғаларды тергеу мен есепке алу келесі шараларды ұсынады:

- жұмыс жетекшісіне жылдам хабар беру;

- жарақаттанған адамға дереу бірінші медициналық көмек ұйымдастырып, оны емдеу мекемесіне жеткізу;

- жазатайым оқиға туралы жоғары тұрған жетекшісіне хабар беру;

- тергеуге дейін оқиға болғандағы жағдаймен құралдарды сол қалпында сақтау (егер ол қоршаған ортаға денсаулығы мен өміріне зиянын тигізбесе, апат болмаса және үздіксіз жүргізілуі керек технологиялық процесті бұзбайтын болса);

- жазатайым оқиғаны тергеу бойынша құзырлы комиссияны құру;

- жазатайым оқиғаны тергеу 24 сағат ішінде өтеді (жағдайлар мен себептер анықталады, жазатайым оқиғаның қайталануының алдын алу бойынша шаралар анықталады);

- тәуліктік мерзім ішінде тек кәсіпорын жетекшісімен бекітілетін, Н-I формасы бойынша акт құрастырылады;

- жазатайым оқиғаларды арнайы есепке алу журналында бекітіледі.

Топтық жазатайым оқиға ауыр немесе өлімі бар жазатайым оқиғалар арнайы тергеуге жатады. Жазатайымз оқиғалардың барлық материалдары мен Н-I формасы бойынша акт мұрағатқа 45 жыл көлемінде сақталуға беріледі. Жазатайым оқиға біліктілігі мен тергеу бойынша барлық дау сұрақтар әкімшілік тәртіпте немесе сот органдары арқылы шешіледі.

3. Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби ауруларды талдау әдістері және есеп беру Жазатайым оқиғалар мен қауіпті жағдайларды мұқият зерделеудің нәтижесінде жарақаттанушылықтың себептері анықталады, оларды бірнеше топқа бөлуге болады:

1) Ұйымдастырушылық: оқыту мен нұсқама берудің сапасыздығымен, жұмыс орнын ұйымдастырудағы кемшіліктерге, материалдар мен бұйымдарды текшелеу ережелерін бұзуға, қорғаныш құралдардың ақаулығына, жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) қолданбауға, т.с.с. байланысты.

2) Техникалық: технологиялық процестер, қорғаныш құрылғылары, сигнализация және матамалардың жетілдірілмегендігінен, жабдықтар, икемқұралдар және аспаптардың құрылымдық кемшіліктерінен, т.с.с. туындайды.

3) Санитарлық-гигиеналық: ауадағы зиянды заттардың ШМК-дан асатын мөлшері, шу мен дірілдің жоғары деңгейі, қолайсыз микроклимат және жеткіліксіз жарықтандырумен, т.б. байланысты келеді.

4) Әлеуметтік-психологиялық: ұжымның қауіпсіздік мәселелеріне көз-қарасынан, ұжымдағы микроклиматтан құралады.

5) Климаттық: климаттық спецификалық ерекшеліктеріне, тәулік уақыты мен еңбек жағдайларына тәуелді болады.

6) Биографиялық: қызметкерлердің жынысы, жасы, еңбек өтілі, біліктілігі және денсаулығы жағдайымен байланысты.

7) Психофизиологиялық: назар аудару, эмоция, реакция, физикалық және жүйке-психикалық жүктемелердің ерекшеліктеріне тәуелді келеді.

8) Экономикалық: жұмыстың ырғақсыздығынан, жалақы беру уақытын кешіктіруден, тұрғынүйлік жағдайдың және балалар мекемесінде орынмен қамтамасыз етудегі кемшіліктерден туындайды.

Жарақаттанушылықтың көрсеткіштері нақты өндіріс жағдайына сипатты келетін белгілі бір заңға байланысты өзгеретіні анықталған. Практика жарақаттанушылықты бірден жоюға болмайтындығын көрсетеді, сондықтан жарақаттанушылықтың көрсеткіштерін болжау және осының негізінде оны төмендетудің нақты міндеттерін анықтау ұсынылады.

Жарақаттанушылықпен күресудің ең тиімді жолы – жазатайым оқиға болуы жағдайы деңгейіндегі қатерді жою, басқаша айтқанда – қауіпті жағдайлардың алдын алу және өз уақытында жою. Жарақаттанудың профилактикасының негізін оны зерделеуде ғылыми бапты қолдану жатыр. Оның негізгі 2 әдісі бар:

ретроспективтік, орын алған жазатайым оқиғаларды талдауға негізделеді;

болжамдық, қауіптіліктерді зерделеуге негізделеді.

Ретроспективтік әдістер (статистикалық, монографиялық, топографиялық) жазатайым оқиғалар туралы деректерді жинақтауды қажет етеді. Бұл оның кемшілігі болып табылады. Статистикалық әдіс жарақаттанушылық туралы белгілі бір уақыт кезеңіндегі статистикалық материалды талдауға негізделген. Талдауға қажетті деректер Н-1 нысандағы актілерде, кәсіпорын есептерінде беріледі. Топтық әдіс жағдайлары ұқсас жазатайым оқиғалардың қайталануына негізделген. Топтық әдісте жарақаттар жекелеген біртекті ерекшеліктері бойынша топтастырылады: жарақаттану уақыты;зардап шегушілердің жасы, біліктілігі және мамандығы; жұмыс түрлері; жазатайым оқиғаның себептері, т.б. Бұл жұмысты ұйымдастыру, еңбек жағдайлары мен жабдықтың күйіндегі ең қолайсыз жайттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Топографиялық әдіс жазатайым оқиғалардың себептерін болған жеріне байланысты қарастырады. Барлық жазатайым оқиғалар өнеркәсіптік обьектінің жоспарына шартты белгілермен жүйелі түрде енгізіледі, нәтижесінде ерекше назар аударуды, мұқият тексеруді және тиісті профилактикалық шараларды жүргізуді қажет ететін жарақаттанушылықтың орындары бейнелі түрде белгіленеді.

Монографиялық әдіс бойынша жазатайым оқиға туындаған жағдайлардың кешені жан-жақты зерделенеді. Осы әдіс бойынша жазатайым оқиғаның барлық жағдайлары терең қарастырылады: технологиялық процесс, жұмыс орны, жабдықтар, жеке қорғану құралдары, т.б.

Экономикалық әдіс қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жасау мен енгізу шараларына жұмсалатын шығындар және гипотетикалық авариялар шығындарын болдырмауды есепке алуға негізделеді. Алайда бұл әдіс жарақаттанушылықтың себептерін айқындауға мүмкіндік бермейді және қосымша әдіс болып табылады.

Жарақаттанушылықтың алдын алудың болжамдық әдістерінің құндылығы ерекше. Жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді жобалау кезінде – қауіпсіз жағдайларды жасаудың бірденбір жолы. Бұл жағдайда логикалық-ықтималдылық талдау, қауіпсіздік техникасы ережелері, сарапшылар пікірі және арнайы эксперименттер негізінде қауіптіліктер зерделенеді.

Қолданыстағы өндірістерде ретроспективтік және болжамдық әдістерді үйлестіре қолдану қажет.

Өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу жолдары үш топқа жіктелуі мүмкін:

1) процестер мен жабдықтарды механикаландыру, автоматтандыру және қашықтықтан басқару, роботторды қолдану; өндірістік ортада адамның еңбек жағдайларына бейімделуі;

2) өндірістік берілген жағдайларына сәйкес келетін адамдарды кәсіптік іріктеу, кәсіби және арнайы дайындау, еңбек қорғауға деген оң қатынасты тәрбиелеу, мадақтау және ынталандыру жүйесі, әсер етудің тәртіптік шаралары, ЖҚҚ қолдану, т.б.;

3) қауіпсіз техника, машина және технологиялар, қорғаныш құралдары мен құрылғыларын жасау, өндірістік орта параметрлерін оңтайландыру, еңбек процесін жетілдіру.

5 дәріс. Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайлары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет