«бекітемін» «келісілді»


Зиянды заттардан қорғау құралдары мен тәсілдері



бет47/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
Байланысты:
УМКД Енбекти коргау 2кр 2016-2017

2. Зиянды заттардан қорғау құралдары мен тәсілдері Шаңмен күресудің негізгі тәсілі ретінде оның түзілу мен ауаға жайылуының алдын алу болып табылады, мұнда технологиялық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар тиімді саналады: үздіксіз технологияны енгізу,

жұмыстарды механикаландыру; жабдықтарды герметизациялау, пневмотасымалдау, қашықтықтан басқару; шаңданатын материалдарды дымқыл, паста тәріздес материалдармен алмастыру, түйіршіктеу; аспирация және т.б. шаралар.

Шаңмен күресудің негізгі технологиялық шараларын толықтыратын жасанды желдету жүйелерін қолданудың үлкен маңызы бар. Екінші рет қайта шаң түзілумен, яғни, ауаға шөккен шаңның қайта жайылуымен күресуде дымқыл тазалау әдістері, ауаны ионизациялау және т.б. әдістер қолданылады. Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануын технологиялық және басқа да сипаттағы радикал шаралармен төмендету мүмкін болмаған жағдайларда түрліше типтегі жеке қорғаныс құралдары: респираторлар, арнайы шлемдер және таза ауа беріліп тұратын скафандрлар қолданылады.

ШМК-ны қатаң түрде сақтау қажеттілігі өндірістік жайдың жұмыс аймағы ауасы шаңының нақты мөлшерін жүйелі түрде бақылауды талап етеді. Шаң концентрациясын анықтайтын автоматты приборларға өнеркәсіптен сериялы түрде шығарылатын ИЗВ-1, ИЗВ-3 (ауаның шаңдануын өлшеуіш), ПРИЗ-1 (радиоизотопты тасымалды шаң өлшеуіш), ИКП-1 (шаң концентра-циясын өлшеуіш) және т.б. приборлар жатады.

Ауаның сапасының негізгі критерийі ретінде зиянды заттардың шекті мүмкін концентрациясы саналады. Концентрацияны өрнектеудің бірнеше бірліктері бар: массалық, көлемдік, үлестік, пайыздық, т.б. Ауа сапасын санитарлық бағалауда ластаушы заттардың мөлшерін (концентрациясын) ауаның 1 куб метріндегі миллиграммен (мг/м³) өрнектеу қабылданған. Бұл бірлік қоспалардың кез келген агрегаттық күйін (газ, бу, аэрозоль, қатты заттар) өрнектеуге болатындығымен ыңғайлы саналады.

Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың шекті мүмкін концентрациясы (ШМК) дегеніміз – күнделікті (демалыс күнінен басқа) 8 сағат немесе басқадай ұзақтықта (бірақ аптасына 41 сағаттан аспайтын) бүкіл еңбек өтілінде жұмыс істеудің зерттеудің заманауи әдістерімен жұмыс процесінде анықталуы немесе осы және келешек ұрпақ өмірінің кейінгі кезеңдерінде болуы мүмкін ауруларды немесе ағза күйінің ауытқуын туғызбайтын концентрациясы (ГОСТ 12.1.005-88). ШМК шамасы заттардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты келеді. Қоршаған ортаға шығарылатын заттар адам ағзасына әсер ету дәрежесіне байланысты қауіптіліктің төрт класына (ГОСТ 12.1.007-76 «ССБТ. Вредные вещества. Классификация. Общие требования безопасности (с изменениями по И-1-ХП-81; И-2-И-90)» сәйкес) жіктеледі:

төтенше қауіпті заттар, олардың жұмыс аймағы ауасындығы ШМК мәні 0,1 мг/м3-ден аспайды (1 класс);

жоғары қауіпті заттар, ШМК мәні 0,1...1,1 мг/м3 аралығында (П класс); қауіптілігі орташа, ШМК мәні 1,0...10,0 мг/м3 (Ш класс);

қауіптілігі төмен заттар, ШМК мәні 10,0 мг/м3-ден жоғары (IV класс).

Зиянды заттардың нақты концентрациясы ГОСТ 12.1.007-76 сәйкес көрсетілген ШМК мәндерінен аспауы тиіс. Ауаны желдету мен кондиционирлеу жүйесінің қабылдаушы тесіктері және табиғи ағынды желдетудің саңылаулары арқылы үймереттер мен ғима-раттар ішіне енетін ауада өндірістік жайдың жұмыс аймағындағы зиянды заттардың шекті мүмкін концентрациясының 30%-ы болады. Өндірістік жай ауа ортасын санитарлық тексеру үшін келесі әдістер қолданылады: зертханалық (талдамалық), индикаторлық, экспрестік, автомат-

тық.

Зертханалық әдістер дәл келеді және ауадағы уытты заттардың микромөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, олар бірталай уақытты қажет етеді, негізінен оларды зерттеушілік және тексеру жұмыстарында қолданады. Индикаторлық әдістер қарапайымдылығымен ерекшеленеді, олардың көмегімен сапал анықтауларды жедел жүргізуге болады. Мұндай әдістерді уытты заттар концентрациясының өте аз болуының өзі рұқсат етілмейтін (апаттық желдетуді іске қосу, газдалған учаскені бейтараптандыру, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, т.с.с.) жағдайларда анықтаудың шұғыл қажеттілігі кезінде қолданады. Ауадағы уытты заттарды мөлшерлік анықтауды индикаторлық әдістермен тек қана шамалап жүргізуге болады.



Экспресс-әдістер өндірістік жайлар және кәсіпорын аумағы ауасындағы зиянды булар мен газдардың концентрациясын дәл анықтау қызметін атқарады. Экспресс-әдіспен тексеру жүргізу үшін УГ-2 және УГ-3 әмбебап газоанализаторлары, КО-1 кондуктометрлік қондырғы және фотоэлектрлік калориметрлерді қолданады. Үздіксіз әрекеттегі автоматты газоанализаторлар, әдетте, жұмыс орындарындағы газдану деңгейін тіркеуді үздіксіз жүргізеді. Қолдану жағдайы және тексерілетін зат типіне байланысты газоанализаторлар мен газосигнализаторлар түрліше принциптермен жасалған және олардың сезімталдығы да әртүрлі. Сезімталдығы жоғары приборлар ауа ластануын шекті мүмкін концентрация деңгейінде және жарылыс пен отқауіпті концентрация деңгейінде анықтайды, концентрацияның тиісті деңгейіне жеткенде жарықтық немесе дыбыстық сигнал береді. Ауа құрамындағы газ, бу мен шаңды анықтауға қажет сынаманы анализге алуды арнайы оқытылған персонал ауадағы зиянды заттарды анықтаудың техникалық шарттары талаптарына сәйкес жүргізеді.
7 дәріс. Өндірістік жайларды желдету

1. Желдету түрлері. Желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық

талаптар

2. Қажетті ауа алмасуды анықтау

3. Ауаны кондиционирлеу

4. Желдету жүйесінің өнімділігін бақылау

5. Өндірістік үй-жайларды жылыту

1. Желдету түрлері. Желдету жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар Желдетудің мақсаты – өндірістік жайларда санитарлық-гигиеналық нормаларға сай келетін ауа ортасын қалыптастыру. Жайлардағы қалыпты санитарлық-гигиеналық жайларды ондағы ластанған немесе қатты қызған ауаны шығару және оны сыртқы атмосферадағы таза ауамен алмастыру арқылы ұстап тұруға болады. Механикалық желдету жалпы алмасулық және жергілікті болуы мүмкін. Жалпы алмасулық желдету деп үй-жайдағы бүкіл ауаны алмастыруды айтады. Жергілікті желдету зиянды ауаны тікелей оның түзілген жерінен әкетуге арналған. Қызмет түріне қарай желдету құйылымды, сорылымды және құйылымсорылымды болып бөлінеді. Санитарлық-тұрмыстық, қоғамдық және қосалқы үйжайлардағы зияндылықтарды шығаруға қажетті ауа мөлшерін ауа алмасу еселігі бойынша анықтауға рұқсат етіледі. Мысалы, ауа алмасу еселігінің коэффициенті әкімшілік үйжайлар үшін – 1,5-ке (шығару), вестибюльдер үшін – 2-ге (енгізу), 100 адамға дейінгі мәжіліс залдары үшін – 3-ке (енгізу және шығару), темекі шегетін бөлмелер үшін – 10-ға (шығару), демалуға арналған үйжайлар үшін – 5-ке (енгізу) және 4-ке (шығару), жуыну бөлмелері үшін – 1-ге (шығару) тең болып келеді.

Өндірістік үйжайлардың ауасына зиянды заттар бөлінген жағдайда, ауа тартатын және шығаратын желдету жүйелерінің өнімділігін үйжайда бөлінетін зияндылықтардың мөлшері бойынша анықтау ұсынылады. Жұмыс аймағындағы ауа ортасының қажетті параметрлерін қамтамасыз етуге тиісті ауа мөлшерін былайша есептейді:

а) жылу бөлінетін үйжайлар үшін – айқын жылудың артық мөлшері бой-ынша;

б) жылу және ылғал бөлінетін үйжайлар үшін – жұмыс аймағындағы айқын жылу, ылғал және сезілмейтін жылудың артық мөлшері бойынша;

в) зиянды газдар мен шаң бөлінетін үйжайлар үшін – жұмыс аймағына түсетін зияндылықтардың мөлшерін оларды шекті мүмкін концентрацияға дейін төмендету шарты бойынша. Жұмыс аймағы шегінде бөлінетін зияндылықтардың мөлшері белгісіз болса, онда ауа алмасуды бөлінетін зияндылықтардың толық мөлшері негізінде бүкіл үйжай бойынша есептеу ұсынылады.

3. Ауаны кондиционирлеу

Кондиционирлеу – ауа температурасы, ылғалдылығы және тазалығын өндірістік үйжайларға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес ұстап тұру процесі. Ауаны кондиционирлеу жүйесіне қойылатын негізгі талаптардың біреуі – төрт айнымалы шаманың (ауа температурасы; қоршаманың (қабырға, еден, төбе) ішкі беттері температурасының ортамөлшерлік мәні; ауа ылғалдылығы; үйжай ішіндегі ауаның орташа жылдамдығы және бірқалыпты қозғалысы) арасындағы белгілі бір арақатынастарды реттеу.

Сонымен қатар, ауаны кондиционирлеу жүйесімен үйжайдағы газ, бу және шаң концентрациясы реттелуге тиіс. Егер жүйе адамдарға комфортты жағ-дайлар жасауға арналса, онда мұндай жүйе адам денесі шығаратын иісті де төмендетуге тиіс.

Кондиционер деп автоматты реттеу аспаптарының көмегімен үйжайдағы ауа ортасының белгіленген параметрлерін ұстап тұратын техникалық құрыл-ғыны атайды. Үйжайдағы ауаның қажетті күйін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға байланысты кондиционердің екі типі болады: толымды кондицио-нирлеуші (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа тазалығы мен оның қозғалысы жылдамдығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді) және толымсыз кондиционирлеуші (параметрлердің тек бір бөлігін немесе олардың біреуін – көбінесе температураның тұрақтылығын ұстап тұрады).

Суықпен жабдықтау тәсілі бойынша кондиционерлерді автономды және бейавтономды деп ажыратады. Автономды кондиционерлерге ауаны салқын-датуға арналған тоңазытқыш агрегаттар біріктірілген, ал бейавтономды конди-ционерлерді суықтасығышпен орталықтандырылған түрде жабдықтайды. Ауаны дайындау және тарату тәсілі бойынша кондиционерлерді орталық және жергілікті деп жіктейді.

Орталық кондиционердің конструкциясы ауаны қызмет көрсетілетін үй-жайлардан тысқары жерде дайындауды және оны ауа түтіктері жүйелерімен таратуды қарастырады. Оларды көлемі үлкен үйжайларда қолданады, себебі мұндай кондиционерлердің ауа бойынша өнімділігі өте жоғары және 30...250 мың м3/сағ-ты құрайды.

Жергілікті кондиционерлер ауаны тікелей қызмет көрсетілетін үйжай-ларда дайындайды және оны белгіленген аймаққа шоғырланған түрде береді. Оларды көлемі үлкен емес (5003

-ге дейін) үйжайларда қолданады. Мұндай кон-диционерлердің ауа бойынша өнімділігі 1,5...20 мың м3/сағатты құрайды.

Ауаны кондиционирлеу желдетумен салыстырғанда үлкен күрделі қаржыны және эксплуатациялық шығындарды қажет етеді, алайда жұмсалған қаржы еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнім сапасының артуы, жұмыскерлер-дің ауруы және ақаулы бұйымдар пайызының төмендеуі есебінен өтеледі.

4. Желдету жүйелерінің өнімділігін бақылау Пайдалануға енгізілетін желдетуші жүйелер өндірістік үйжайлардағы қа-жетті ауа алмасуды қамтамасыз етеді, осының салдарынан жұмыс уақыты ке-зінде ауа ортасының тиісті параметрлері ұсталып тұрады. Алайда агрессивті

газдар мен буларды шығару кезінде ауаөткізгілер айтарлықтай тез тозады. Шаңның кейбір түрлері (цементті, т.б.) ауаөткізгілердің қабырғаларына жабысу қасиетіне ие болып келеді, бұл олардың көлденең қимасының кішіреюіне әкеледі. Ауаөткізгілерге одан өтетін ауадағы шаңның қонуына желдетуші же-ліні дұрыс монтаждамау, соның ішінде оның элементтерінің жобалық көлбеу-лік бұрыштарын сақтамау септігін тигізеді. Сондықтан желдеткіш қондырғы-

лардың өнімділігін кезеңді түрде бақылап отыру қажет.Желдету жүйесі жұмысының тиімділігі практикада екі әдіспен: тура және жанама әдіспен бақыланады.

5. Өндірістік үй-жайларды жылыту

Жылыту жылдың суық мезгілінде өндірістік үйжайлардағы нормаланатын ауа температурасын ұстап тұруға арналған. Сонымен қатар ол үймереттер мен жабдықтардың жақсы сақталуына ықпал етеді, өйткені бір мезгілде ауа ылғал-дылығын да реттеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта түрліше жылыту жүйе-лері жасалады.

Жылдың суық және өтпелі кезеңдерінде адамдардың болу уақыты 2 са-ғаттан асатын барлық үймереттер мен ғимараттарды, сондай-ақ температураны технологиялық жағдайлар бойынша ұстап тұру қажет етілетін үйжайларды жылыту қажет. Бұл талап жұмысы еңбек жағдайлары бойынша үймереттен тысқары жұмысқа теңестірілетін немесе адамдардың тұрақты болуы міндетті емес (мысалы, қоймалар, т.б.) үйжайларға қатысты емес.

Жылыту жүйелеріне мынадай санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады: үйжай ауасын бірқалыпты қыздыру; бөлінетін жылу мөлшерін реттеу және жылыту мен желдету процестерін үйлестіру мүмкіндігі; үйжай ауасын зиянды заттар және жағымсыз иістермен ластаудың болмауы; өрт- және жарылысқауіпсіздігі; пайдалану мен жөндеу ыңғайлығы.

Өндірістік үйжайларды жылыту әсер ету радиусы бойынша жергілікті және орталық болып келеді.

Жергілікті жылыту ауданы 500 м2-ден кіші болатын бір немесе бірнеше шектес үйжайларға орнатылады. Мұндай жылыту жүйелерінде жылу генера-торы, қыздырушы аспаптар және жылу беруші беттер конструктивтік түрде бір құрылғыға біріктіріледі. Мұндай жүйедегі ауа көбінесе пеште жанатын отын-ның (ағаш, көмір, шымтезек, т.б.) жылуын пайдалану есебінен қыздырылады.

Өз бетінше қыздырушы аспаптар ретіндегі электрқыздыздырушы элементтер орнатылған едендер немесе қабырғалық панельдер, сондай-ақ электрорадиа-торлар сирек қолданылады. Сонымен бірге жергілікті жылытудың ауалық (негізгі элементі – калорифер) және газдық (қыздырушы аспаптарда газ жағы-лады) жүйелері бар. Орталық жылыту пайдаланылатын жылутасығыш түріне байланысты сулы, булы, ауалық және құрама болуы мүмкін. Орталық жылыту жүйелері құрамында жылу генераторы, қыздырушы аспаптар, жылутасығышты жеткізу құралдары (құбыртүтіктер) және жұмысқабілеттілікті қамтамасыз етуші құрал-дар (жапқыш арматура, сақтандырғыш клапандар, манометрлер, т.б.) болады. Әдетте, мұндай жүйелерде жылу жылытылатын үйжайлардан тысқары жерде өндіріледі.

Жылыту жүйелері құрылыстық қоршамалар арқылы шығындалатын жылуды, енгізілетін суық ауаны, сырттан келетін шикізат, жабдықтарды қыз-дыруға және технологиялық қажеттілікке жұмсалатын жылу шығындарын өтемдеуі тиіс.

8 дәріс. Өндірістік жарықтандыру

1. Өндірістік жарықтандыруға қойылатын жалпы талаптар.

2. Өндірістік жарықтандырудың түрлері.

3. Табиғи жарықтандыру, оны мөлшерлеу және есептеу.

1. Өндірістік жарықтандыруға қойылатын жалпы талаптар Өндірістік жарықтану – еңбек гигиенасының аса маңызды көрсеткіші, сыртқы әлем туралы, адам миына көз арқылы келіп түсетін ақпарат сапасының маңызды факторы. Тиімді орналастырылған жарықтану шаршауды төмендетеді, еңбекке қабілеттілікті және жоғары еңбек өнімділігін сақтайды, еңбек процес-терін орындау қауіпсіздігін арттырады, жұмыскердің психологиялық жағдай-ына қолайлы әсер етеді. Өндірістік орындарды жарықтандырудың маңызы өте зор. Зерттеулер өн-

дірістік орындарда жарықтың қанағаттанарлықсыз жағдайы өндірістік көрсет-кіштердің төмендеуіне, көз ауруларына, жарақат алуға соқтырады. Талдау тең-дік жағдайында жылдың ашық күндері жалпы жарықтанудың төмендейтінін көрсетеді. Көрудің нашарлауы, көз аурулары жарық қондырғыларын пайда-лануда нормалық талаптарды сақтауда елеулі бұзушылықтар жіберілген кәсіп-орындарда жиі кездеседі. Жұмыс орнын жарықтандыру – қолайлы еңбек жағдайларын жасаудың маңызды факторы. Табиғи жарық (күн сәулесі) тәуліктің күндізгі уақыты және ол ғимараттардың терезе, шатыр ойықтарынан түседі. Жасанды жарық үшін жасанды сәуле шығаратын қондырғылар пайдаланылады. Табиғи жарық өзінің спектрлік құрамы бойынша ең ыңғайлы болып табылады. Ал жасанды жарық керісінше адамның көру органы – көзімен қабылдауда салыстырмалы күрделігімен ерекшеленеді. Бұл жағдай табиғи жа-рық ағынының күндіз жоғары, түнде төмен қарқынында аз жиілікті, ал жасанды жарықтың үлкен жиілікте болуына байланысты. Осы себепті жасанды жарықта жарық жағдайларының жиі ауысымы көру процестерінің тұрақсыздығына келтіреді, бұл өз кезегінде көздің бейімделіп отыруын ауырлатады. Бейімделу жүктемесінің артуынан көз шаршайды, нәтижесінде адам шаршайды.

Сөйтсе де, жасанды жарық түнгі еңбекті күндізгі еңбекке жақындату үшін аса қажетті фактор болып табылады. Түнгі еңбек жағдайында жарық жұмыс істеушілердің барлығына біркелкі тарамайды. Жарықтың жеткіліксіз жағдайы адам ағзасына ынталылық сезімін азайтады, сондықтан қашан да түнгі еңбек ауыр болады. Дегенмен табиғи және жасанды жарықтың негізі бір. Олардың айырымы тек жарық спектрі мен қарқындылығында. Табиғи жарық, әдетте, көбіне адамдардың бөлмелерде тұрақты болуына байланысты қарастырылады. Жасанды жарық өндірістік, тұрғын үй, қоғамдық орындарды, қойма және қосалқы ғимараттарды, мекеме алаңдарын, жұмыс өндірістік ғимараттардан тыс: көшелер, жолдар, қала, ауыл, тұрғылықты пункттардың алаңдарын жарық-тандыруды қарастырады.

Жеткіліксіз жарықтандыру көру қабілетін төмендетеді (көздің ұсақ бөл-шектерді көру қабілетін), заттарды байқау жылдамдығын нашарлатады. Өндірістік жарықтандыру сандық және сапалық көрсеткіштермен сипатталады.

Сандық көрсеткіштер:

 жарық ағыны – Ф;

 жарық күші – І;

 жарықтану – Е;

 беттің жарықтылығы – Я;

 шағылу коэффициенті – ρ.

Сапалық көрсеткіштер:

 фон;


 нысанның фонмен контрастылығы – К;

 көрінушілік – V;

 соқырлық көрсеткіші – Р;

 жарықтанудың пульсация коэффициенті - kП

2. Өндірістік жарықтандырудың түрлері

Жарық көзінің тегіне қарай өндірістегі жарық: табиғи, жасанды және осы екеуінің қатар пайдалануынан жасалатын құрама жарықтандыру болып үш түрге бөлінеді 1-сурет).

Табиғи жарықтандыру деп тікелей күн сәулелері немесе көкжиектің ша-шыраған жарығының арқылы терезе ойықтары арқылы бөлмені жарықтан-дыруын айтады (2-сурет). Табиғи жарықтану деңгейі жыл мезгіліне, тәулік мез-гіліне, ауа-райына байланысты. Жарықтану деңгейі жоғары болу үшін терезе әйнектерін жиі тазалап тұру қажет.

Сурет 2 – Табиғи жарықтандыру көздері 3. Табиғи жарықтандыру, оны мөлшерлеу және есептеу Табиғи жарықтанудың өндірісте еңбектің оңтайлы жағдайларын қамтама-сыз етудегі рөлі орасан жоғары. Табиғи жарық есебінен (электр энергиясының шығынысыз) жайдың ішінде және жұмыс орындарында жарықтанудың жоғар-ғы деңгейіне қол жеткізуге болады.

Табиғи жарықтануы оңтайлы жайларда адамның өзін-өзі сезінуі табиғи жарығы жоқ жайларға қарағанда анағұрлым жақсы болып келеді. Жайдың табиғи жарықтану мөлшерін жайдың ішіндегі жарықтану (ЕІ) жайдың сыртындағы жарықтанудан (ЕС) неше рет аз екендігін көрсететін са-лыстырмалы шамамен сипаттау қабылданған.

Аталған салыстырмалы шама пайызбен өрнектеледі және табиғи жарық-тану коэффициенті (ТЖК) деп аталады да, е әрібімен белгіленеді:

е = (ЕІ / ЕС) ∙ 100 %.

Табиғи жарықтану коэффициентінің шамасы жарықтық саңылаулардың типі мен өлшемдеріне және олардың жұмыстық бетпен салыстырғандағы орна-ласуына байланысты анықталады.

Жарықтық саңылаулардың орналасу орнына байланысты табиғи жарық-танудың негізгі үш жүйесі болады: бүйірлік (терезе арқылы); жоғарғы ( фонарьлар арқылы); құрама (терезе және фонарьлар арқылы) (3-сурет).

Сурет 3 – Табиғи жарықтандыру түрлері Жайлардағы табиғи жарықтанудың жеткіліктілігі нормалармен реттеледі, осы нормалар бойынша көз жұмыстары жағдайларына байланысты табиғи жа-рықтану коэффициенттерінің мәндері белгіленген (СНиП23-05-95). Табиғи жарықтануды өлшеу люксметрмен жүргізіледі. Фотоэлектрлік люксметр жарықтануды люкс шкаласы бойынша тікелей есептеу арқылы өл-шеуге арналған. Люксметрдің негізгі екі өлшеу шегі (30 және 100) бар. Өлшеу шектерінің ұлғаюы фотоэлемент корпусына орнатылатын жұтқыш құрылғы есебінен жүзеге асады.

Жарықтану шамасы бөлік санының түзетуші коэффициент (К1=0,8) пен жұтқыш коэффициент (К2=10; 100; 1000) көбейтіндісі тең болады.

9 дәріс. Жасанды жарықтандыру

1. Жасанды жарықтандыру, оның түрлері және жобалау.

2. Жарықтандырғыш құралдар және олардың жіктелімі.

3. Жасанды жарықтандыруды есептеу әдістері және оны мөлшерлеу.

4. Жарықтандырудың гигиеналық нормалары.

1. Жасанды жарықтандыру, оның түрлері және жобалау Жасанды жарықтандыру тәуліктегі табиғи жарықтандыру жеткіліксіз са-ғаттарда немесе табиғи жарықтандырудың жайда технологиялық шектеулерге (мысалы, жарылысқауіпті өндіріс) байланысты болмаған жағдайында қолданы-лады.

Жарық көздерінің орналасуы бойынша жасанды жарықтандыру мынадай болып келеді (1-сурет): жергілікті, жалпы, құрама.

Жергілікті жарықтандыру белгілі жұмыстық орынды (үстелді, машина-ны, аспапты және т.б.) жарықтандыруға арналған. Сондықтан жергілікті жарық-тандырудың жарықтандырғыштары (тұрақты немесе жылжымалы) жұмыс бетіне жақын орнатылады. Бөлменің қалған бөлігі жалпы бірқалыпты жарықтан-дырылады.

Жалпы жарықтандыру – барлық жарықтандырылатын алаңға қажетті көріну жағдайларын жасауға арналады. Ол бірқалыпты немесе оқщауланған болуы мүмкін.

Жалпы бірқалыпты жарықтандыру – бөлменің барлық алаңында жарықтатылынудың берілген деңгейде біркелкі таралуын қамтамасыз етеді және бірдей биіктікте орналастырылатын типі мен қуаты бірдей болатын жарықтандырғыштармен орындалады (2-сурет).

Жалпы оқшауландырылған жарықтандыру – жарықтандырылатын алаңның әртүрлі телімдерінде әртүрлі деңгейлі жарықталыну жасауға пайдала-нылады. Жарықтандырғыштардың типі, қуаты және орналасуы жұмыс орында-рының ерекшеліктеріне және орналасуына байланысты таңдап алынады. Бұл жүйеде жарық ағынының қажетті бағыты қамтамасыз етіледі және жұмыс бе-тінде көлеңкелер болмайды. Осы себептен жұмыс беті бірқалыпты жарықтан-дыруға қарағанда сапалы жарықтандырылады және қондырғылардың қуаты төмен болады (2-сурет).

Құрама жарықтандыру – жалпы және жергілікті жарықтандырудың бірге әрекет етуімен жұмыс бетінде қажетті жарықталыну деңгейі жасалынатын жарықтандыру (2-сурет).

Құрама жарықтандыру жұмыс бетінде жарықталыну деңгейін жоғары-латуға мүмкіншілік береді және қондырғылар қуаты жалпы жарықтандыруға қарағанда кіші болады.

Құрама жарықтандыру жүйесін пайдаланудың алғы шарттары мынадай: қажетті жарықталыну деңгейінің жоғарылығы; жұмыс беттерінің орнықты және бейтығыз орналасуы; жарық ағынының белгілі немесе айнымалы бағытта болуының қажеттілігі; жабдық бөліктерінің көлеңкеленуіне байланысты жұмыс беттерін жарықтандыруға жалпы жарықтандыруды пайдалануға болмайтындығы.

Атқаратын қызметіне байланысты жасанды жарықтандыру мынадай болуы мүмкін (3-сурет): а) жұмыстық, жұмысты орындау кезінде қалыпты көру жағдайларын, адамдардың жүруін және көліктің қозғалысын қамтамасыз етуге арналған; б) авариялық, жұмыстық жарықтандыру кенеттен ажыратылғанда жұмыс-ты жалғастыруға арналған; в) арнайы, бұған күзетшілік, кезекшілік, сигналдық, т.б. жарықтанды-руларды жатқызады.

Өндірістік жайларды жасанды жарықтандырудың қолданыстағы нормала-рында (СНиП 23-05-95) мөлшерлік (минималды жарықтану, көру өрісіндегі мүмкін жарықтық) және сапалық (фон, контраст, соқырлық көрсеткіші, жарық-тану пульсациясының тереңдігі) сипаттамалар реттеледі. Номиналды жарықтандырудың шамасы төмендегі параметрлермен анық-талатын көру жұмысының жағдайларына байланысты белгіленеді:

а) көру нысанының өлшемі – жұмыс жүргізу кезінде көзбен көруді қажет ететін ең кіші өлшем;

б) фон – қарастырылатын көру нысанына тікелей жанасатын бет, ρ – шағылу коэффициентімен сипатталады; ρ > 0,4 кезінде фон ашық, ρ = 0,2 .. 0,4 кезінде – орташа, ρ < 0,2 кезінде – фон күңгірт деп есептеледі; в) нысанның фонмен контрасты, қарастырылатын нысан мен фон жарықтықтарының қатынасымен сипатталады. Нысан контрасты К > 0,5 болғанда жоғары, К = 0,2 … 0,5 кезінде – орташа және К < 0,2 кезінде – төмен деп есептеледі.

Жарық қондырғысының жарықтехникалық бөлігін жобалауда төмендегіні таңдайды:

а) жарық көздері;

б) жарықталу мен қор коэффиценттері;

в) жарық берудің жүйелері;

г) шырағдандар, оларды орналастыру және ілу биіктігі;

д) әр бөлме бойынша белгіленген қуатты анықтайды.

Жарық қондырғысының сапасын анықтаудың маңызды факторы жарық берілетін нәрселердің анық көрінуі болып табылады. Жарықтандырғыш қондырғыларды жобалауда жарық техникалық есеп міндеті жеке шамның қуатын және орнатылған барлық қондырғының қуатын

анықтаудан тұрады. Есептеуде ең алдымен берілген жарықты жасау үшін қажетті жарық ағыны

анықталады, ал содан кейін жарық ағыны бойынша стандартты шамдар таңдалады.

2. Жарықтандырғыш құралдар және олардың жіктелімі Жарық құралы дегеніміз жарық көзінен және шамды бекітуге, электр торабына қосуға, жарық ағынын қажетті жаққа таратуға, шамның көз шағылды-ратын әсерін кемітуге, механикалық бүлінуден және сыртқы ортаның зиянды әсерінен сақтауға арналған құрылғылардан тұратын құрал. Жарықтандырғыш деп өзінен аса қашықтықта емес (құралдың гео-метриялық өлшемдерінен 20 еседен қашық емес) нысандарды жарықтандыруға арналған құралды атайды.

Прожектор деп үлкен қашықтыққа арналған жарық құралдарын айтады. Жарықтандырғыштарды жарық ағынын тарату сипаты, атқару міндеті, дайындалуы және орнату тәсілі бойынша кластарға топтастырады. Атқару міндеті бойынша жарықтандырғыштар ғимараттарға, ашық алаңдарға және басқа да нысандарға арналған болуы мүмкін.

Дайындалуы бойынша жарықтандырғыштар оларды қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғау дәрежесіне байланысты үш класқа (шаңнан қорғал-маған, шаңнан қорғалған, шаң кірмейтін) бөлінеді, ал ылғал әсерінен қорғау дәрежесіне байланысты сегіз класқа (ылғалдан қорғалмаған, тамшылардан қорғалған, саңылаусыз және т.б.) топтастырылады.

Жарықтандырғыштардың дайындалуы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету дәрежесіне де байланысты келеді. Жарылудан қорғау дәрежесі бойынша жарықтандырғыштар жарылуға қарсы сенімділігі жоғарылатылған, жарылудан қауіпсіз және жарылудан өте қауіпсіз болып үш класқа бөлінеді. Қызмет көрсетушілердің электр тогы әрекетінен қорғау дәрежесі бойынша жарықтандырғыштарды бес класқа топтастырады. Орнату тәсіліне байланысты жарықтандырғыштар ілмелі, төбелік, қабыр-ғалық, енгізілетін, үстелге қоятын, консольдік (бір шетінен бекітілген) болып бөлінеді.

Жарықтандырғыштың негізгі сипаттамалары: жарық таратуы, қорғау бұрышы және ПӘК.

Жарық ағынын электр тогымен қыздырылатын, ауасы сорып алынған арнайы шыны колбаға орналастырылған вольфрам қылы (вакуумдық шамдар) немесе газбен: азот, криптон, ксенон, аргон (газ толтырылған шамдар) толты-рылған шам жасайды.

Жасанды жарықтандыруға мынадай шамдар қолданылады: 1) қыздыру шамдары;

2) газразрядты шамдар. Қыздыру шамдарының артықшылықтары: құрылысы мен қызмет көрсету қарапайым; жасалуы арзан.

3. Жасанды жарықтандыруды есептеу әдістері және оны мөлшерлеу Жасанды жарықтандыруды есептеу үш әдіспен орындалады:

а) жарық ағыны әдісі;

б) нүктелік әдіс;

в) меншікті қуат әдісі.

4. Жұмыс орнының жарықтылығын бақылау Жарықтандырудың гигиеналық нормалары. Өндірістік жарықтандыру нормалары СНиП 23-05-95 бойынша жасанды, табиғи және құрама жарықтан-дыру үшін қаралатын нысанның дәлдігі және ең кіші өлшемдерімен сипаттала-

тын 8 жұмыс разрядына белгіленген. Жасанды максималды жарықтандырудың минималды жарықтандыруға қатынасы мынадан артық болмауы тиіс:

- люминесценттік шамдар қолданылатын I-III разрядты жұмыс үшін - 1,3;

- басқа жарық көздері үшін - 1,5;

- IV-VII разрядты жұмыстар үшін – тиісінше 1,5 және 2,0.

10 дәріс. Өндірістік шу және діріл





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет