Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
«Еңбекті қорғау»
Мамандық: «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика», «Шет тілі:екі шет тілі», «Аударма ісі», «Менеджмент»
|
|
Оқу түрі _____ КҮНДІЗГІ/ СЫРТТАЙ______ ___
|
|
Негізгі білім: _ЖАЛПЫ_ОРТА, ОРТА КӘСІБИ ______ ______________
|
Барлығы _2__ кредит
Курс ___3,4__
Семестр __5,7__
Сынақ ______
Емтихан _____
Курстық жұмыс_____
Аудиторлық_30_сағ.
Барлығы сағ. __90_____
.
|
Дәріс _15_сағ.
Семинарлық_15_сағ.
Тәжірибелік сағ.
Зертханалық ___ сағ.
ОСӨЖ 15_ сағ.
СӨЖ _45_сағ.
|
Орал, 2016ж.
Пәнді оқытудың реті студенттерге дәріс оқудан, студенттердің оқытушымен бірге өткізілетін өзіндік жұмыстарында дәріс кезінде туындаған сұрақтарды талдаудан, семинар сабақтарына дайындықтан және студенттердің өзіндік жұмыстарынан тұрады.
Дәріс сабақтарына студенттер дәріс материалдарын конспектілей отыра, қатысуға міндетті. Жаңа тақырыпты талдау барысы өтілген материалды негізге ала отырып өткізілетіндіктен, дәрісте қайталау сұрақтарын, қазіргі заманмен байланыстыруға, логикалық ойлауға арналған сұрақтар қоюға болады.
Практикалық сабақтарында студенттер тақырыптардың сұрақтарына міндетті түрде дайындалып келуі тиіс, силлабусста көрсетілген, және қосымша сұрақтарға, студенттердің бір-біріне қоятын сұрақтарына дайындалып, тақырыпқа сәйкес қызықты фактілер, мемлекетімізде және әлемде болып жатқан жағдайларды тақырыпқа сәйкес байланыстырып келтіруге болады.
1 Практикалық және семинарлық сабақтардың басты мақсаты студенттердің теоретикалық білімдерін тереңдету, бекіту және практикада қолдана білуге дағдыландыру
1.1. Ұйымдастыру талаптарына сипаттама:
- практикалық сабақтардың мамандықтың оқу жоспарына сәйкестілігі;
- пән бойынша практикалық сабақтардың дәріс, лабораториялық жұмыстар, курстық жұмыстар және оқу пәндерінің басқа түрлерімен байланысын анықтайтын (пәннің үлгі және оқу бағдарламасы, сабақ кестесі т.б.) құжаттардың болуы ;
- практикалық сабақтарды пәннің белсенділігін арттыратын жаңа технологияларды, оқытудың техникалық құралдарын пайдалана отырып;
- практикалық сабақтарды пәнді игерген лектордың немесе курсты білетін оқытушының өткізуі (курс тарауларын білуі және жеткізе білу шеберлігі), институт кітапханасында бар оқулықтарды таңдай білуі;
- студенттердің практикалық сабақтарды орындауға дайындығын тексеру және практикалық сабақтың өткізілу түрін ұйымдастыру;
- студенттердің аудиториялық сабақтардан тыс өздік жұмысын бақылаудың түрін, құрылымын және көлемін анықтау.
1.2. Практикалық сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:
- практикалық сабақтардың мазмұны, пәннің негізгі тарауларын қарастырушы, практикада қайта жаңартуды талап ететін оқу бағдарламасына сәйкес болуы;
- аталған пән бойынша оқу сабақтарының басқа түрлерімен байланысын қамтамасыз ету;
- студенттердің практикалық сабақта жаңа білімдерді өздігінен қолдана білу қабілетін дамыту
- қойылған міндеттерді ұтымды шешу тәсілін табуға үйрету
1.3. Әдістемелік сипаттағы талаптар:
- оқытушымен студенттің практикалық сабақтарға дайындығы;
- талас тудыратын сұрақтарды нақты талқылау және қате пікірлерді жою ;
- пәннің үйренуге қиын тарауларына зейін қою және оларды үйренудің тиімді жолдарын қарастыру;
- студенттің пәнді игеру қабілетін ескеру
Семинар сабақтарының ең көп таралған түрлеріне:
- шағын әңгімелер;
-семинарлық баяндамалар жүйесі;
- рефераттар талқылау;
- диспут семинар
- теоретикалық конференция жатады.
Студенттердің өзіндік жұмысы - бұл сабақтың ерекше түрі. Ғылымның белгілі бір саласындағы білімдерін толықтырып, танымдық қызығушылықпен өзіндік жұмыстарды орындауға бағытталған. СӨЖ сабақты меңгеруде материалды жан-жақты зерттеумен, шығармашылық белсенділікпен, логикалық ойлауды дамытумен байланысты. СӨЖ аудиториялық уақыттан тыс оқытушымен бірге (СОӨЖ) және аудиториялық уақыттан тыс оқытушысыз (СӨЖ) жүргізіледі.
Студенттердің өздік жұмыстарында алған теориялық білімдерін кеңейтуін және таным әрекеттерін белсендіруін, сондай-ақ таным процесінің тәсілдерін меңгерудің құралы.
Силлабус жұмыс бағдарламасында студенттердің курста көрсетілген тақырыптар бойынша өздігінен орындауы үшін тапсырмалар жүйесі келтірілген, оларды бақылау формалары мен кестесі, сондай-ақ негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі берілген.
Өздік жұмыстары негізін ғылыми-теориялық және кешенді тапсырмалар құрайды.
Студент өздік жұмыстарын орындау барысында нақтылы нұсқау және әдістемелік кеңес алады.
Курста көрсетілген өздік жұмыстарының әрбір тақырыптарын талқылау оқытушы мен студенттердің өздік жұмысы бойынша дөнгелек үстел түрінде ұйымдастырылады.
Оқытушы студенттердің шығармашылық жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, ынталандырып отыруы, сондай-ақ тапсырмалар мазмұнын жетілдіруге кеңес беруі және оны тексеруі міндетті.
Ескерту: жазбаша жұмыстар (реферат, конспект, бақылау жұмыс) келесі критерий бойынша бағаланады:
жұмысты қойылған талаптар бойынша жасап, уақытында тапсыру.
барлық жазбаша жұмыстарда пайдаланған әдебиеттерді көрсетілу керек;
жұмыс мазмұны бойынша аяқталған болу керек және сіздің ойлау процесінің логикасы көріну керек.
Студенттердің өзіндік жұмысы оқытушымен бірге (СОӨЖ) дәріс сұрақтарын талдауға оны нақтылауға арналған.СОӨЖ-де студенттер оқытушыға дәріс бойынша туындаған сұрақтарын қоюға, семинар сұрақтарына, өзіндік жұмыс тапсырмаларына дайындалу барысында кездескен қиындықтарға оқытушыдан жауап алуы тиіс.
екі қызмет атқарады: кеңес берушілік және бақылаушылық. – бұл оқытушының студентпен біріккен іс-әрекеті, оқу сабақтары диалогтық қарым-қатынаста өткізіледі, мысалы: тренинг, дискуссия, іскерлік және дидактикалық ойындар, презентация, жекелік , топтық жобаларды жасау және т.б.
Әрбір сабақтарына тақырыпты тереңдететін оларды дамытатын, талдау жасататын, тапсырмаларды шешетін материалдар дайындау керек (кейстер, ролдік ойындар, тесттер, сөзжұмбақтар және т.б.).
Реферат түрінде әкелінген ақпараттарға талаптар:
Реферат мәтінінде кездескен термин сөздерге, символдық белгілерге түсінік беру.
Өлшем бірліктерді халықаралық жүйе бірліктерімен белгілеу қажет.
Рефератта иллюстрация және кестелер оның мазмұнын ашып рефераттың көлемін азайтатын болса ғана қолданылады.
Рефереатты жазу кезінде мағынасыз шұбалыңқы сөйлемдерді ,жалпылама сөздерді, қайталауларды, мәтінді түсінуді қиындататын артық сөзбен сөйлемдерді қолданбау қажет.
Ешқандай мөр басылған мәтіндер қолданылмайды.
Термин сөздердің түрлі мағынада қолданылуын қадағалау.
Сөздердің, символдардың қайталанып келуін қадағалау.
Ғылыми аппаратты безендіруде келтірілген фактілер,цитаталар қай көзден алынғаны туралы сілтеменің болуы қажет.
Рефераттың қорытынды бөлімінде жалпы қорытынды жасалады. Қорытынды сілтемелерсіз жасалады.
Жұмыс соңында қолданылған әдебиеттер жазылады.
Әдебиеттерді құруда бірнеше тәсілдері бар: алфавит бойынша, басылым бойынша, рефераттың кіріспесіне сәйкес, басылым уақытына байланысты болып келеді.
Рефератты бағалауды есептеледі:
— мазмұнының толықтығы мен бірізділігі;
— негіздемелердің берілген материалдардың шындыққа сәйкестігі;
— студенттердің рефератпен жұмыстану барысындағы жеке орындау деңгейі
Реферат тақырыптары бойынша студенттер теоретикалық конференцияларда және семинар сабақтарда жауап береді. Үлгілі рефераттардың авторлары гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттер жұмыстарының сайыстарына қатысатын болады.
Библиографиялық тізім материалдың толықтай қамтылуы бойынша ерекшеленеді. «Библиография» деп басылымды максималды толықтай қамтитын тізімді айтуымызға болады.Көбіне «Қолданылған әдебиеттер тізімі» деген атпен қолданылады.
Сілтемелерді мәтін асты тізімінде алфавит бойынша жазған дұрыс. Библиографиялық тізім алыну көздеріне қарай жасалады.
Библиографиялық сілтемелер — бұл мәтіндеги, басқа құжаттарда бар ақпаратты еске түсіре отыратын библиографиялық мәліметтер жиынтығы. Библиографиялық сілтеме мәтінде толық немесе жартылай келтірілуі мүмкін.
Мәтін ішінде сілтемелерді қолдану жол үсті жүргізіледі.
Бір құжатқа сілтеме жүргізілетін болса оның жалпы бет саны көрсетіледі.
Құжаттың жарты бөлігін келтіргенде оның керекті беттерін нүктеден кейін бас әріптермен жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |