«бекітемін» «келісілді»



бет50/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77
Байланысты:
УМКД Енбекти коргау 2кр 2016-2017

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Өртке қарсы қорғаныс жүйелері.

2. Өртті сөндіру. Өрт сөндіру тәсілдері және отсөндіруші заттар.

3. Өрт сөндіру құралдары мен техникасы.

4. Өртке қарсы сумен жабдықтау және оны есептеу.

5. Өрттік байланыс және дабыл қағу.

1. Өртке қарсы қорғаныс жүйелері.

Обьектілерде жобалау және тұрғызу кезінде жарылыс пен өрттен болатын зиянды төмендету мақсатында мына шараларды жүргізеді:

1) үйжайды аймақтарға бөлу;

2) өртке қарсы үзілме аралықтарды жасау;

3) өртке қарсы (қабырғалар, қалқалар, аражабындар)

4) өртке қарсы перделер мен экрандар;

5) түтіндік люктер мен шахталар;

6) өртке қарсы аймақтар;

7) жеңіл лақтырылатын құрылымдар;

8) минералдық жолақтар;

9) су бүркеулері;

10) эвакуациялық жолдар мен шығулар

Ғимараттар, құрылымдар мен өрт сөндіру бөлмелері отқа төзімділік дәрежелері бойынша:

1) І дәрежелі отқа төзімді;

2) II дәрежелі отқа төзімді;

3) III дәрежелі отқа төзімді;

4) IIIа дәрежелі отқа төзімді;

5) IIIб дәрежелі отқа төзімді;

6) IV дәрежелі отқа төзімді;

7) ІVа дәрежелі отқа төзімді;

8) V дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға, құрылымдар мен өрт бөлмеле-ріне бөлінеді.

Ғимараттар, құрылымдар мен өрт сөндіру бөлмелері құрастырылымдық өрт қауіптілігі бойынша мынадай кластарға бөлінеді: С0, С1, С2 және С3. Отқа төзімділік дегеніміз материалдар, құрылымдар және үйжайлар-дың жануға қарсы тұру, беріктігін сақтау, өрт кезіндегі жоғары температура әсерінен қирамау және деформацияланбау қабілеттілігі. Отқа төзімділік көрсеткіші ретінде сағатпен (минутпен) белгіленетін және бір немесе бірнеше шекті жағдайларға жетумен сипатталатын отқа төзімділік шегі есептеледі:

1) R (көтергіш қабілеттілігін жоғалту) – кейінгі пайдалану мүмкін болмайтын құрылымның қирауы немесе деформациясы;

2) Е (тұтастықты жоғалту) – құрылымдарда жану өнімдері немесе жалын өтетін өтпелі жарықтар немесе өтпелі тесіктер түзілуі; 3) I (жылу оқшаулағыш қабілеттілігін жоғалту) – құрылымның қызды-рылмайтын бетіндегі температураның орташа есеппен 140 0С-тан жоғары

немесе кез келген нүктесінде 180 0С-тан жоғары температураға көтерілуі .

2. Өртті сөндіру. Өрт сөндіру тәсілдері және отсөндіруші заттарЖануды болдырмау немесе тоқтату үшін, оның қажетті үш шартының біреуін болдырмау қажет: жанушы зат, тотықтырғыш, тұтандыру көзі. Өртті сөндіру тәсілдері:

1) тотықтырғыштың жану аймағына немесе жанушы затқа жетімділігін тоқтату немесе оның көлемін жану мүмкін болмайтындай көлемге дейін шектеу;

2) жанушы заттың температурасын тұтану температурасынан төмен деңгейге дейін төмендету немесе жану аймағын салқындату;

3) жану реакциясын тежеу;

4) жалынды отсөндіруші заттың күшті ағынымен механикалық өшіру.

Жануды тоқтатушы заттар немесе материалдар ретінде мыналар қолданылады:

1) су, химиялық және ауа-механикалық көбік;

2) тұздардың сулы ерітінділері;

3) инертті және жанбайтын газдар;

4) су буы;

5) галоидты-көмірсутегілі қоспалар.

Отсөндіруші заттардың жіктелім көрсеткіштері 1-суретте келтірілген.

Сурет 1 3. Өрт сөндіру құралдары мен техникасы Бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдарына жататын жабдықтар: шланг және стволмен жабдықталған өрт крандары, әр типті от сөндіргіштер, құм толтырылған жәшіктер, керекті сайман ілінген өрт тақталары (щит), су

құйылған ыдыстар, әр түрлі жапқыштар (брезент, киіз, асбест т.б.). Бұларды бірінші деп атайтыны олар өрт шыққан жағдайда ең алдымен қолданылатын сөндіргіш құралдар болып саналады. Бұл құралдардың ішінде ең көп тараған, кең түрде пайдаланатыны қол от сөндіргіштері болады. Олар химиялық көбікті, ауа көбікті, көмір қышқылды, көмір қышқыл-бромэтилді, аэрозольді, ұнтақты тағы басқа түрлі өрт сөндіргіштер болып бөлінеді. Бұлардың ішінде ең көп қолданылатындары химиялық көбікті, көмір қышқылды және ұнтақты от сөндіргіштер. Екінші топтағы өрт сөндіру құралдарына арнайы машиналар, өрттің үлкен ошақтарын сөндіру үшін пайдаланылатын тетіктер мен құрылғылар жатады.

Өртке құралдар қызыл бояумен боялады, оларды басқа жағдайларға пайдалануға тыйым салынады. Алғашқы құралдар жиынтығын арнайы тақта-ларға жинақтап, көрнекті жерге орналастырады, жинаққа: балталар (2 дана), темір сүйретпелер (2 дана), шелектер (2 дана), өрт сөндіргіш құралдар (2 дана), көлемі 0,5 м3 –тан кем емес құм салынған жәшік.

Арналуы мен қолданылу саласына қарай өрт техникасының түрлерін бы-лайша жіктеуге болады: өрт машиналары; өрт сөндіру қондырғылары; өрттік дабыл қондырғылары; отсөндіргіштер; өрт сөндіру құралдары; өрттік қол құралдары; өрттік жеке қорғау құралдары; өрттік құтқару құрылғылары. Өрт машиналары – өрт сөндірудің өте тиімді техникалық құралдары. Олар өрт орнына түрліше отсөндіруші заттар мен қоспаларды, өрт сөндіруші жасақты және өрттік-техникалық жабдықтарды жеткізуге арналған. Өртті сөндіру үшін әр кәсіпорында су құбырлар жүйесін орналастыру керек. Су құбырлары сыртқы (далада жер астында) және ішкі (үй ішінде) бо-лып бөлінеді. Су алу үшін сыртқы құбырлар жүйесінде арнайы жасалған өрт гидранттары, ал ішкі құбырларда өрт крандары орнатылады. Суды өрт болған жерге жеткізу үшін өрт шлангілерімен стволдары (брандспойттар) қолданы-лады.

Өрт қауіпті жоғары өндірістерде өртті автоматтық әдіспен сөндіру үшін стационарлық сөндіргіш құрылғылары пайдаланылады. Олар спринклер және дренчер қондырғылары. Спринклер мен дренчерде өрт сөндіргіш зат ретінде негізінде суды пайдаланады. Бірақ кей жағдайларда судың орнына басқа заттарды қолдануға болады (көбік, инертті газ, ұнтақ құрамдар, т.б.). Отсөндіргіштердің жіктелімі мынадай түрде беруге болады:

1. Отсөндіргіштер тасымалды (массасы 20 кг-ға дейін) және жылжы-малы (массасы 20 кг-нан кем, бірақ 400 кг-нан артық емес) болады.

2. Қолданылатын отсөндіруші затқа байланысты:

- сулы (ОВ);

- көбікті, өз кезегінде былай жіктеледі: ауа-көбікті (ОВП); химиялық

көбікті (ОХП);

- ұнтақты (ОП); - газды, олар былайша жіктеледі: көмірқышқылды (ОУ); хладонды (ОХ);

- құрама.

3. Сулы отсөндіргіштер шығатын ағын түріне байланысты былай жіктеледі:

- ағыны ықшамды - ОВ(К);

- ағыны шашыраңқы - ОВ(Р);

- ағыны ұсақдисперсті шашыраңқы - ОВ(М).

4. Ауа-көбікті отсөндіргіш түзетін көбік ағынының параметрлеріне бай-ланысты:

- төмен еселікті (5…20 есе) - ОВП(Н);

- орта еселікті (20…200 есе) - ОВП(С).

5. Отсөндіруші затты шығару принципі бойынша: құйылмалы; сығылған немесе сұытылған газы бар баллонды; газогенерерациялаушы элементті; термиялық элементті; эжекторлы.

6. Жұмыс қысымы бойынша:

- төмен қысымды (сыртқы ортаның температурасы (20 ± 2) °С болғанда жұмыс қысымы 2,5 Мпа-ға тең немесе төмен)

- жоғары қысымды (сыртқы ортаның температурасы (20 ± 2) °С болғанда жұмыс қысымы 2,5 Мпа-дан жоғары).

7. Техникалық ресурсын қалпына келтіру мүмкіндігі және тәсіліне бай-ланысты: қайта зарядталатын және жөнделетін; қайта зарядталмайтын.

8. Зарядталған ОСЗ-қа байланысты мақсатына қарай:

- А класты өртті сөндіруге арналған;

- В класты өртті сөндіруге арналған;

- С класты өртті сөндіруге арналған;

- Д класты өртті сөндіруге арналған;

- Е класты өртті сөндіруге арналған.

4. Өртке қарсы сумен жабдықтау және оны есептеу

Өрт орнына суды қажетті мөлшерде және жеткілікті арында беруге ар-налған құрылғылардың кешені өртке қарсы сумен жабдықтау деп аталады. Сыртқы өрт сөндіру су құбыртүтіктерінің арын жасау тәсілдері мынадай болып келеді:

1) тұрақты жоғары қысымды су құбыртүтігі: материалдық шығындардың көп жұмсалуы, оны пайдалану уақытының шектеулігі және биік суарын-ды мұнара немесе пневматикалық қондырғыны орнату қажеттілігіне байла-нысты сирек қолданылады;

2) жоғары қысымды су құбыртүтігі: мұндағы су қысымы тек қана өрт кезінде жоғарылатылады және жоғары өрт қауіптілігімен ерекшеленетін обьектілерде (мұнай өңдеу зауыттары, қағаз өндіруші комбинаттар, т.б.) қолданылады. Мұндай су құбыртүтігін шаруашылықтық-ауызсулық құбыртүтікпен жалғайды;

3) төмен қысымды су құбыртүтігі:мұндай су құбыртүтіктері тек қана шаруашылықтық су желілері бар елді мекендерде қолданылады. Өрт кезінде берілетін су көлемі ғана ұлғайтылады, ал желіде 0,1 МПа-дан кем емес қысым ұсталады. Сондықтан су алу әкелінетін өрт сорғыларымен (автосорғылар, мотопомпалар, т.б.) жүргізіледі.

Өртке қарсы ішкі су құбыртүтігін мына жағдайларда қарастырмауға болады:

а) Г, Д категориялы өндірісі бар және отқа төзімділігі I, II дәрежелері үйжайларда олардың көлеміне байланыссыз;

б) осындай категориялы өндірісі бар, отқа төзімділігі III...V дәрежелі үйжайларда олардың көлемі 1000 м3 төмен болғанда.

Өрт сөндіруге қажетті су қорын есептеу төмендегі формулалармен жүр-гізіледі.

Сыртқы өртті сөндіруге қажетті су қоры, м3

QС = 3,6gСTӨ nӨ,

мұнда gС – сыртқы өртті сөндіруге жұмсалатын меншікті су шығыны;

TӨ – бір өртті сөндіруге шығындалатын есептік уақыт, 3 сағат деп қабылдайды;

nӨ – бір мезгілде мүмкін өрт саны.

Ішкі өртті сөндіруге қажетті су көлемін, м3, бір ағынға жұмсалатын су шығынын және бір мезгілде әсер ететін ағын санына байланысты анықтайды QІ = 3,6gІ mTӨ nӨ, мұнда gІ және m – тиісінше бір ағынға жұмсалатын су шығыны және ағын саны.

Өрт резервуарының толық сыйымдылығы, м3

W = QС + QІ + QT, мұнда QT – шаруашылықтық-техникалық қажеттілікке арналған судың

реттелетін қоры, м3.

5. Өрттік байланыс және дабыл қағу

Өрт дабылын берудің автоматты қондырғылары өртті бастапқы кезең-інде бақылауға, оның пайда болу орнын хабарлауға, қажет болған жағдайда автоматты өртсөндіргіш қондырғыларды іске қосуға және түтінді аластауға арналған.

Өрттік байланысты қамтамасыз ету жөніндегі техникалық құралдарға телефондық байланыс, радиобайланыс және түрлі электрлік өрттік белгі беру жүйелері жатады. Өрттік белгі беру үшін қолданылатын хабарлауыштар түр-леріне байланысты температураның көтерілуіне, түтінге, ашық отқа әсерлі хабарлағыштары бар немесе қолмен қосылатын жылулық, түтіндік және қол-

дық болуы мүмкін. Автоматты өрт дабылын бергіштер былайша жіктеледі:

а) әсер қабылдау факторы бойынша: жылулық; түтіндік; жарықтық; құрама; б) әрекет ету принципі бойынша: максималды; дифференциалды; максималды-диференциалды.

ДИ-1 дабылбергіші сезгіш элемент ретінде иондаушы камера қолданылатын тиратрондық реледен, атқарушы органы суық катодты титатроннан тұрады. Иондаушы ретінде радиоактивті плутоний-239 қызмет атқарады. Түтін камераға енгенде иондалған ток азаяды, титатронның басқа-рымдағы торындағы кернеу артады да, ол жанады. Соның нәтижесінде тізбек-тегі анодтық ток қабылдау станциясындағы дабыл белгісінің қосылуын шақыра отырып өседі.

Түтіндік дабылбергіштерді ауа температурасы -300С-тан төмен және +600С-тан жоғары, ал салыстырмалы ылғалдылығы 80% жоғары жайларда, сондай-ақ қышқылдар мен сілтілердің булары болуы мүмкін және қатты шаңдалған жайларда орнатуға болмайды. Жайдың 50-100 м2

еденіне арнап жану болуы және түтін жиналуы мүмкін орындарда 6-10м биіктікте 1 хабар-

лағыш орнатады. КИ-1 құрама дабылбергіші қоршаған орта температурасы шекті мөлшер-

ден асқан кезде немесе түтін пайда болғанда өрт туралы белгі беруге арналған. Радиоактивті көздері бар иондаушы камера және термосезімтал элементтер осы хабарлағыштың сезгіш элементтері болып табылады. СИ-1 жарықтық дабылбергіші ашық жалын пайда болған кезде өрт тура-лы белгі беруге арналған. Жалынның ультракүлгін сәулелеріне әсер ететін СФУ-2 фотон есептегіші дабылбергіштің сезгіш элементі болып табылады. СИ-1 дабылбергішінде инерттілік төмен және салыстырмалы түрде бақылау ауданы үлкен (600 м2 дейін), есептеуіштің қызмет мерзімінің қысқалығы (1 жыл) – оның басты кемшілігі.

ТИ типтес жылулық дабылбергіші температураның артуына әсер көрсете-тін термосезімтал приборлар түрінде болады. Температура әсерімен сыртқа бүгіліп, белгі қосқышты қосатын немесе ажырататын биметалдық табақша сезгіш элемент болып табылады. Дабылбергіштердің ТИ-1 және ТИ-3 секілді екі түрі белгілі. Олар тек ТИ типті шығудағы белгімен ғана ерекшеленеді: ТИ-1 дабылбергіші түйіспелерді қоса отырып, ал ТИ-3 дабылбергіші түйіспелерді ажырата отырып іскеқосылады. Температура төмендеген кезде биметалдық табақша бастапқы жағдайына оралып, дабылбергішті көп мәрте қолдануға мүм-кіндік береді. Көрсеткіштің (датчиктің) іске қосылу температурасы 60-1000С, бақылау ауданы – 15м2

, түйіспелер арқылы ең жоғарғы шекті ток 0,2 А.

14 дәріс. Есептеуіш техникамен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары

1. Компьютердің адамға әсер етуі

2. Бейнетерминал (БТ) және дербес электронды-есептеуіш машинамен (ДЭЕМ)

жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары

3. Электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

4. Электромагниттік сәулеленуден қорғану

5. Компьютерлік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

1. Компьютердің адамға әсер етуі

Компьютерлік технология – адамзаттың прогрессивті жетістігі, алайда адамдар денсаулығына теріс ықпалы бар. Қазіргі таңда адамға компьютерді пайдаланудан және басқа да компьютерлік техника жұмысының зиянын төмендету мәселесі тұр.

Компьютерден шаршаған адамның сырттай іс әрекеттері ішімдік ішкендей болады. Жүрісі өзгереді, анық сөйлемейді. Адам жұмыс процесінде оны байқа-май, компьютер алдында бірнеше сағат отыруы мүмкін.

БТ және ДЭЕМ кәсіби қолданушылардың денсаулығында байқалатын өзгерістер жиынтығы мыналарды құрайды: қозғалыс аппараты, көру мүшелері, орталық жүйке жүйесі және қан-тамыр жүйесі, тыныс алу жолдары, асқазан-ішек жолы аурулары, аллергиялық тітіркенулер, жүкті адамның бала көтеру уақытын ауырлатады, нәрестенің дамып жетілуіне теріс әсер етеді.

БТ және ДЭЕМ-мен жұмыс кезінде операторлардың көру мүшелерінің бұзылуының негізгі себептері мыналар:

анықтықтың жеткіліксіздігі және бейненің контрастылығы;

объектілердің әртүрлі қашықтықта болуы;

ақпарат тқұрылымының қауырттығы;

көздің қайта-қайта бейімделуі;

жарықталғандықтың әрқилылығы;

тұрақты жарық жылтылдау.

Дербес компьютерлердің жұмысы ауаның аэроиондық құрамының нашарлауына алып келеді (жеңіл аэроиондардың саны азаяды, ауыр аэроиондардың саны көбейеді). Жұмыс күнінің басталуынан екі сағаттан кейінгі бастың ауыруы бәрінен жиірек жеңіл аэроиондардың жетіспеушілігінің салдарынан болады. Компьютерлері бар тексерілген бөлмелердің, үй-жайлардың 95%-дан астамында жеңіл аэроиондардың жетіспеушілігі бар. Бөлмелердегі, үйжайлар-дағы ауаның аэроиондық құрамын жақсартудың арнайы шараларынан басқа және де

қарапайым шешімдер бар: таза ауа, көп ылғалдылық, кактус тікенектері, пас-сивтік ионизатор сияқты жұмыс істей алады. Компьютерде жұмыс істеген кезде адам активті көрулік жүктелуде болады: ол мәтінді оқиды, әр уақытта да жұмылдырылған нақтылы деректерді салыстырып (есептеп), символдарды, белгілерді салыстырып оқиды, өйткені ол өзінің жұмысы оларға тәуелді болатын шешімдер қабылдайды. Компьютермен отырған адамның көздері жұмыс күні ішінде 15-20 мың рет қайта-қайта өзгеріп жаңарып (фокустеніп) отыруға тиіс.

2. Бейнетерминал (БТ) және дербес электронды-есептеуіш машинамен (ДЭЕМ) жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары Есептеу орталығының (ЕО) қызметкерлері: ЭЕМ операторлары, деректерді дайындау бойынша оперлаторлар, бағдарлама жасаушылар физикалық қауіпті

және зиянды өндірістік факторлардын әсеріне ұшырайды. Шуылдың жоғары деңгейіне, сыртқы ортаның жоғарылаған температурасына, табиғи жарықтың жетіспеушілігіне немесе болмауына, жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтан-дырылуына, электр тоғына, статикалық электр қуатына және басқаларына тап болады. ЕО-ның қызметкерлері үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтама-сыз ету үшін бұл мәселелерді шешудің жолдары анықталады.

Өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені ЕО-дағы өрттер адам өмірі үшін қауіп-қатермен және үлкен материалдық шығындармен ілеседі. Қазіргі уақытта біздің елімізде бар жасалынған ұйымдастырушылық шара-лардың және техникалық құралдардың кешені, бірқатар есептеу орталық-тарының алдыңғы қатарлы жинақталған тәжірибесі көрсеткендей жұмыскер-

лерге қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін жою ісінде айтар-лықтай біршама үлкен табыстарға жетудің мүмкіндіктері бар. Бірақ та бірқатар ЕО-да жұмыс жағдайларының жай-күйі және оның қауіпсіздігі қазіргі заманғы талаптарды қанағаттандырмайды. ЭЕМ-ның операторлары, деректер даяр-лаудың операторлары, программистер және басқадай ЕО-ның қызметкерлері шудың жоғары деңгейі сияқты, сыртқы ортаның жоғары температурасы сияқты,

аймақтың жеткіліксіз жарықтандырылуы немесе оның болмауы, электр тоғы және статикалық электр қуаты және басқалары сияқты физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерлерімен әлі де ұшырасуда.

ЕО-ның бөлмелері, олардың өлшемдері (ауданы, көлемі) жұмыскерлердің санына және онда орналастырылатын техникалық құралдардың жиынтығына ең бірінші кезекте сәйкес келуі керек. Оларда температураның, жарықтанды-рудың, ауа тазалығының сәйкес көрсеткіштері қарастырылады, айыруларды, өндірістік шуылдан оңашалауды қамтамасыз етеді және т.б. Еңбектің қалыпты дұрыс жағдайларын қамтамасыз ету үшін СН 245-71 санитарлық нормалар бір жұмыскерге 15 м3

-тен кем емес өндірістік бөлменің көлемін, қабырғаларымен немесе саңылаусыз бөліктермен қоршалған бөлмелердің бір жұмыскерге келетін ауданы кемінде 4,5 м2 болуы қажеттігін белгілейді.

ЭЕМ пайдалану үшін келесідей бөлмелерді қарастыру қажет:

- машиналық зал, сервистік және шеттегі аппаратураларды орналастыру үшін бөлмелер, қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандарды, аспаптарды (КӨА–ЗИП) сақтау үшін бөлмелер;

- сорғыш және үрлегіш желдеткіштерін орналастыру үшін бөлмелер;

- қызметкерлер үшін бөлмелер;

- ақпараттарды қабылдап шығару үшін бөлмелер. ЕО-да, ережедегідей, бүйірлік табиғи жарықтандыру қолданылады. Жұмыс бөлмелері және кабинеттерінде табиғи жарықтандыру бар болуы керек. Қалған бөлмелерде жасанды жарықтандыруға рұқсат етіледі.

Тек қана жалғыз табиғи жарықтандыру жеткіліксіз болған жағдайларда қатар қолданылатын жарықтандыру орнатылады. Бұл жерде жасанды жарықтандыру тәуліктің қараңғы уақытымен қатар күндізгі жарық уақытында пайдаланылады. Орындайтын міндеттерінің сипаты бойынша жасанды жарықтандыру жұмыс, авариялық, эвакуациялық болып бөлінеді.

ЕО-дағы жұмыс орындарында ішкі көздермен тудырылатын шуылдарды азайту, сондай-ақ сырттан кіретін шуды азайту өте маңызды міндет болып табылады. Дыбыс таратушы көздердегі шуды азайтуды машинаның негізінің, аспаптарының және тіреуіш бетінің аралықтарында серпінді төсемдерді пайдалану арқылы қамтамасыз етуге болады. Төсемдер ретінде резеңке, пробка, киіз, әр түрлі конструциялы амортизациялар пайдаланылады. Үстел үстіндегі шу шығаратын аппараттардың астына жұмсақ синтездік материалдардан жасалған кілемшелерді, ал оларды орнатылған үстелдің аяқтарының астына қалыңдығы 6-8 мм резеңкеден, киізден төсемдер төсеуге болады. Төсемдерді бекіту оларды тіреу бөліктеріне желімдеу жолымен жасалуы мүмкін. Сонымен, шуды азайту үшін, жұмыс орындарында ішкі көздерден туатын шуды және сырттан кіретін шуды азайту үшін мыналарды істеу қажет: - көздердің өздерінің шуылын бәсеңдету керек (экрандарды, дыбыс айырғыш қаптамаларды қолдану);

- кері қайтарылған дыбыс толқындарының сомалық (қосынды) әсер етуінің нәтижесін төмендету керек (конструкциялық дыбыс жұтатын беттер);

- жабдықтарды ұтымды орналастыруды қолдану;

- шуыл көздерін оңашалаудың архитектуралық жоспарлық және технологиялық шешімдерін пайдалану.

3. Электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

ЭЕМ-ның барлық жабдықтары тәжірибе жүзінде қатысты электр қон-дырғылары адам үшін үлкен потенциалдық қауіп-қатер болып табылады, өйт-кені пайдалану процесінде немесе профилактикалық алдын-алу жұмыстарын жүргізген кезде адам тоқ кернеуінде тұрған бөліктерге жанасуы (қолын тигізуі) мүмкін. Электр қондырғыларының ерекше қауіптілігі: адамға төніп тұрған қау-іп туралы ескертетін ешқандай сигнал бермейтін, изоляциясы (айыруы) бүлі-нуінің нәтижесінде тоқ кернеуінде ашық тұрған жүргізуші сымдар, ЭЕМ-ның табан-тіректерінің корпустары және де басқа жабдықтардың тұрақтайтын корпустары. Адамның электр тоғына реакциясы (сезгіштік жауап беруі) тоқ адам денесі арқылы өткен кезде ғана пайда болады. Электрлік зақымдану-шылықты болдырмауы үшін ЕО-ның әрекеттегі электр қондырғыларына қыз-мет көрсетуді дұрыс ұйымдастырудың, жөндеу, құрастырып-орнату және про-филактикалық сақтандыру жұмыстарын жүргізудің аса маңызы бар.

ЕО-дағы өрттер ерекше қауіп-қатер төндіреді, өйткені үлкен материалдық шығындармен ұласады. ЕО-ның өздеріне тән ерекшелігі – бөлмелердің шағын ауданды болуы. Белгілі болғандай өрт тотығудың және от алдырудың (қосу-дың) жанғыш заттарының өзара әрекеттесулері кезінде пайда болуы мүмкін. ЕО-ның бөлмелерінде өрттің пайда болуы үшін қажетті барлық үш негізгі фак-торлар қатысады. ЕО-дағы жанғыш компоненттер болып мыналар табылады: бөлмелерді акустикалық және эстетикалық өңдеу үшін пайдаланылатын құры-лыс материалдары, аралық қоршаулар, есіктер, едендер, кабель-сымдардың ажыратылып оңашаланулары, перфокарталар, және перфобаулар, және т.б. Өртке қарсы қорғау – бұл адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртті болдырмауға, оның таралуын шектеуге, сондай-ақ өртті жылдам сөндіру үшін жағдайлар тудыруға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың кешені.

ЕО-да от алдыру (тұтандыру) көздері болып ЭЕМ электрондық схемалары, техникалық қызмет көрсетуге қолданылатын аспаптар, әр түрлі бұзылулардың нәтижесінде қатты қызған бөлшектердің пайда болуларының орындарында, электр ұшқындары және доғалары пайда болатын орындарда орнатылған электрмен қоректендірудің және ауаны шартқа сәйкестендірудің қондыр-ғылары, бұл атап өтілгендердің барлығы жанғыш материалдардың жануын тудыруға қабілетті.

4. Электромагниттік сәулеленуден қорғану

Компьютерлер кең спектрлі электромагниттік сәулелендірулер тудырады: рентгендік, ультракүлгін, жоғары жиілікті (10-300 МГц), төмен жиілікті (5Гц-300кГц) және электростатикалық өріс. Бұл тұста келесілерді атап өту керек:

- монитор экранының сәулеленулері өте шамалы;

- бірқатар үлгілер үшін өлшенген толқын ұзындығы 0,32 мкм болған кездегі монитордың ультракүлгін сәулеленулері, гигиеналық норматив 1000 мкВт/см2 болғанда 200 мкВт/см2

-тан аспады, ал бұл бұлтты күннің

ультракүлгіннің қарқындылығынан бірнеше рет аз. Бірақ та, толқындардың ұзындығы 0,3 мкм-нен азырақ сәулеленулер үшін нормативтер 1000 есе аз болатынын, яғни сәулеленулер көбірек қауіпті екендігін есепке алу керек және мұндай сәулеленулердің қандай да бір дозасы пайдаланушыға әсер етуі мүмкін. Монитордың шынысы 0,3 мкм-ден қысқа өте күлгін сәулеленуді кесіп тастауға тиіс болса да, тиімді қорғаныс болып толқындарының ұзындығы 0,36-0,4 мкм-ден кемірек сәулеленулерді өткізбейтін көмпьютерлік сүзгі (фильтр) қызмет ете

алады;

- жоғары жиіліктегі облыста (10-300 МГц) монитормен генерацияланатын электр өрісі норматив 10-80 В/м болғанда 0,01 В/м-ден аспайды; қауіп-қатерді магниттік өрістер тудырады;

- әр түрлі маркалы мониторлар үшін бірнеше рет жүргізілген өлшеулердің нәтижелері мынаны көрсетті: монитордан тікелей жақын жердегі төмен жиіліктегі (3-300 кГц) электр өрісінің жүктелулері әр түрлі елдердегі гигиена-лық нормативтер 50-500 В/м болған кезде 5 В/м -ден аспайды. Қазіргі уақытта осыған ұқсас әсер етулер адам денсаулығына зиян келтіре алады деген сенімді дәлелдер жоқ, дегенмен қауіп-қатерлерді магнит өрістері және неғұрлым төмен жиіліктегі сәулеленулер төндіреді;

- киноскоптың жоғары-вольттік қоректену көзімен тудыратын электр көзінің жүктелушілігі монитордан 10 см қашықтықта 20-30 кВ/м мәндеріне жете алады және нормативтік 20 кВ/м-ден алып түседі.

5. Компьютерлік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар Столдың биіктігі мүмкіндігінше 680 мм-ден 800 мм-ге дейін реттелетіндей болуы керек, стол 725 мм биіктікте болуы керек және аяқтар үшін тұғырықтары бар болуы керек. Пайдаланушының креслосы көтерілмелі-бұрылмалы болуы керек және отырғыштың және арқалықтың еңкіштік бұрыштары және биіктігі бойынша реттелетін болуы керек, сондай-ақ арқалық отырғыштың алдынғы шетінен қашықтығы бойынша да реттелетіндей болуы керек. Жұмыс орыны экранға жақын орналасқан құжаттар үшін пюпитрмен жарақтандырылуы керек.

Пайдаланушының көзінен монитор экранына дейінгі қашықтық кемінде 50 см болуы керек, ең жақсысы 60-70 см. Монитордың экранынан көрші қатардың мониторының артқы қабырғасына дейінгі қашықтық кеміне 2 м болуы тиіс, ал бүйір жақ қабырғалардың аралығындағы қашықтық 1,2 м-ден кем болмауы тиіс. Бір ересек пайдаланушыға келетін аудан кем дегенде 6 м2-ді, көлем кем дегенде 20 м3-ті құрауы керек.

Электромагниттік қауіпсіздік орталығы келесідей ұсыныстарды жасап шы-ғарды:

- экранның төменгі деңгейі көздердің деңгейінен 20 см-ге төмен болуы керек, экранның жоғарғы жиегінің деңгейі маңдайдың биіктігінің деңгейінде болуы керек;

- клавиатураның биіктігін пайдаланушының қолының білезігі көлденең орналасатындай етіп реттеу қажет;

- креслоның арқалығы пайдаланушының арқасын ұстап тұруы қажет; - жамбас және омыртқа аралығындағы бұрыш 900-ты құрауы керек;

- құжаттың түп нұсқасы бар тұғырықты экранмен бір жазықтықта және онымен бірдей биіктікте орнату керек;

- бөлмелердің ылғалдылығын арттыру қажет: компьютерден 1,5 м радиу-сында гүлдерді, аквариумді орналастыру керек; 210С температурасы кезінде ылғалдылық 60% болуға тиіс;

- ересек пайдаланушының монитор экранының алдындағы жұмыс уақытының толық ұзақтығы, тек қана қорғағыш экраны бар қарапайым мониторды пайдаланған кезде, 8 сағаттық жұмыс күні ішінде 4 сағат болуы керек; - әрбір жұмыс сағатының соңында 5 минуттық үзіліс жасау керек, ал 2 сағат сайын 15 минуттық үзіліс жасап мониторды сөндіріп жұмыс орынынан кету керек.

15 дәріс. Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет