Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жы-лындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәй-кес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және сумма-тивті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәй-кес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10 % аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күн-де тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақ-тарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсау-лығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90 %-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгеруші-сінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
2.1.Кіріспе. Дәрігер мамандғын дайындауда тұрақты білімі мен тәжірибесінің қалыптасуы-ның негізгі шарты фундаменталды пәндерді клиникалық пәндердегі игерген тәжірибелік бі-лімі мен дағдыларының қосарланып, үйлесуі болып табылады.
Интеграцияланған бағдарлама өз алдына келесі талапты кояды. Жасөспірім ерекшелік-теріне байланысты ішкі мүшелердің, жүйелердің қалыпты қызметін білумен қатар сол қыз-меттердің ауытқуларын меңгеруді талап етеді.
Интеграцияланған бағдарлама бойынша студенттер ішкі мүшелердің қалыпты қызметі-нің ауытқуларын бөлек-бөлек алынған жүйе бойынша фундаментальды тәртіп негізінде оқып үйренеді.
Бағдарлама негізі адам ағзасының сегіз мүшелер жүйесінен құралған: жүрек-тамыр, ты-ныс алу, ас-қорыту, жүйке-жүйесі, несеп бөлу, эндокринді, тірек-қимыл мен тері және оның қосалқылары, қан жасау жүйесі.
Интеграцияланған тәртіп негізінде оқыту фундаменталды және клиникалық тәртіптер-дің әдістемелік нұсқауларды түбегейлі өзгертеді.