Әртүрлі мүшелер жүйесі бойынша оқыту екі нұсқада жүргізіледі.
1-кезең: анатомия-2, гистология-2, физиология-2, және ішкі аурулар пропедевтикасын оқы-ту.
Кезеңнің негізгі мақсаты: белгілі мүшелер жүйесінің анатомиясын және гистологиясын оқып-білу және ересектер мен жасөспірімдердегі осы мүшелер жүйесінің жұмысын қамтама-сыз ететін физиологиялық процестерді түсіндіру. Физикалық мәліметтерінің қалыпты жағ-дайдағы көрсеткіштерін жүйелеу, осы жүйенің толық физикалық зерттеуін жүргізуді үйрету.
2-кезең: патологиялық физиология-2, патологиялық анатомия-2 оқыту, визуалды диагнос-тика әдістерін үйрету, осы жүйе бойынша жиі кездесетін синдромдар кезінде қолданылатын фармакология препараттарын оқыту.
Кезеңнің негізгі мақсаты: Ересектерде және жасөспірімдерде жиі кездесетін синдромдар-дың патогенетикалық және патоморфологиялық механизмдерін студенттерге түсіндіру, физикалық зерттеу кезінде синдромдарды таба білуді, қосымша зерттеу әдістерін тағайын-дауды үйрету, алынған нәтижелерді интерпретациялау және синдромдық емді жүргізуді үйрету.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.
Білім алу деңгейі
|
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер
|
Салыстырмалы үлестірілімі
|
Б 1.1.
|
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ(1)
БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибек жүзінде қолданады.
|
0,7
|
Б 1.2.
|
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ(1)
АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерді іздей алады, әдеби дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі.
|
0,2
|
Б 3.3.
|
КӘСІБИ ТҰЛҒА (1)
ТОПТА ЖҰМЫС ЖАСАУ: топта жұмыс жасау қабілетін көрсетеді.
|
0,1
|
Достарыңызбен бөлісу: |