2-жүргізуші:
Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. Мұғалімдерге екі шар беріледі. Біреу (геливый шар), мұғалімдердің дауысын өзгерту үшін және екінші қарапайым шардың ішінде мұғалімге арналған сұрақ болады.
Сұрақтар: Домбырада − жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? (әріп)
Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? (жүз)
Теңіздің ішінде қандай тас болмайды? (құрғақ)
25-тің квадраты? (625)
Аспалы жылда (високосный год) қанша күн бар? (366)
1-жүргізуші: Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
2-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
Сахнада, ... сыныбынын оқушылары «» ________ қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
Алдарыңызда, ... сыныбының орындауында, «» қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
1-жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
11-сынып оқушыларының орындауында Хор «_____» әні(сахнаға барлық оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді)
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік концертімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
1-жүргізуші: Аяулы ұстаздар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! Ұстаздар мерекесі құтты болсын!