Оқу практикасы басталмас бұрын, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы бойынша оқу практикасының әдіскерлерімен бағдар беру конференциясын өткізеді. Бағдар беру конференциясының мақсаты – оқу практикасының өткізілу тәртібін, оқу практикасының мазмұнын және оның міндеттерін, студенттердің оқу практикасы барысында орындайтын жұмыстарының мазмұнын түсіндіру және толық мәлімет беру.
Практиканың бірінші күнінен бастап студент өз жұмысының күнделігін жүргізуге міндетті, кейін оның материалдары есеп беру кезінде қолданылады.
р/с
№
Оқу практикасының бағдарламасына сәйкес студенттің орындайтын жұмыстар тізбесі
1.Оқу практикасы бойынша бағдар беру конференциясына қатысу.
2. Оқу практикасынан өтуге дайындық жұмыстары.
- оқу практикасының жеке жұмыс жоспарымен танысу;
- оқу практикасының күнделігін толтыру бойынша кеңес алу.