ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқу практикасы
(барлық педагогикалық мамандықтар үшін)
Оқыту формасы __күндізгі, ОБ
Кафедра: Жалпы және қолданбалы психология
Курс ____2 _____________________
Семестр __ 4_______________________________
Апта саны ___15 (аптасына 1 күн)_____________
Алматы, 2022
Жұмыс оқу бағдарламасы: барлық педагогикалық мамандықтар бойынша Оқу практикасының жұмыс оқу бағдарламасын Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, пед.ғ.магистрі Бейсембаева К.Д., аға оқытушы, магистр Кудушева Н.А., оқытушы, магистр Сәлмеке С.А. дайындады және білім беру бағдарламасы мәжілісіне ұсынылды.
«____» ___________2022 ж. Хаттама №_________
Кафедра меңгерушісі: _______________PhD, қауымдас.профессор м.а Ниетбаева Г.Б.
Жұмыс оқу бағдарламасы институттың Ғылыми кеңесінде мақұлданды
«___»_____________ 2022 ж. Хаттама №_________
1. Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 2 курс студенттерінің оқу практикасы болашақ мұғалімдерді кәсіби іс-әрекетке даярлаудың ажырамас бөлігі, оның ішінде қазіргі заманғы оқушыны тұлғалық қалыптастыру мен дамытудағы өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігі болып табылады.
Оқу практикасының мақсаты – білім беру мекемесіндегі оқыту процесінің психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілуін бекіту, теориялық оқыту нәтижесінде меңгерген білім, білік, дағдыларды студенттердің тәжірибе барысында қолдану қабілетін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |