Бекітемін «Раййан» бөбекжай-бақшасы» жшс атқарушы директоры Стамқұл С. Б. Ағылшын тілі мұғалімінің лауазымдық міндеттері



бет7/9
Дата09.05.2022
өлшемі32,84 Kb.
#33470
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лауазымдық міндеттері

Бөбекжай-бақша меңгерушісінің шаруашылық істер жөніндегі орынбасары мына төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:

    1. Бөбекжай-бақшада шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын басқарады.

    2. Бөбекжай-бақшаның кіріс-шығыстарын есепке алып, қатты және жұмсақ инвентарларды дер кезінде бухгалтериямен бірге отырып, есебін жүргізу, сақталуын қадағалау.

    3. Бөлме-жайларда және тиісті аумақта тазалық сақталуын қамтамасыз етеді.

    4. Шаруашылық құрал-жарақтардың сақталуын, оның қалпына келітіруі мен толықтырылуын қамтамасыз етеді.

    5. Бөбекжай-бақшасы аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын басқарады.

    6. Бөлме-жайлардың жағдайын қадағалап, олардың өз мерзімінде жөндеуі үшін шара қолданады.

    7. Жарықтандыру, жылыту және желдету жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін бақылайды.

    8. Қызметкерлерді кеңсе және шаруашылық тұтыну заттарымен қамтамасыз етеді.

    9. Қойма шаруашылығы жұмысын ұйымдастырады, оның дұрыс сақталуына жағдай жасайды.

    10. Тамақ блогы мен кір жуу бөлмесінің үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасайды.

    11. Кіші қызмет көрсетуші жұмыскерлерді басқарады.

    12. Қажетті есеп беру-есепке алу құжаттамасын жүргізеді, оны бухгалтерия мен балалар бақшасына өз уақытында тапсырады.

    13. Санитарлық-гигиеналық ережелердің, өртке қарсы шаралардың және балалар мен ересек адамдардың тіршілігіне қауіпсіз басқа да жайлардың орындалуын қамтамасыз етеді.

    14. Қажетті жиһаз, ыдыс-аяқ, жабдықтар мен ойыншықтарды өз уақытында алады.

    15. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын, жаңа оқу жылында және жыл бойындағы кезексіз жөндеу жұмыстарын дер кезінде ұйымдастырып басшылық жасау.

    16. Бөбекжай-бақшаның қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты мәселелерін шешуге көмек көрсету.


Білу керек

ҚР негізгі заңдылықтар актілері мен нормативті құжаттарды, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Конституциясын, «Білім туралы» Заңын, «Еңбек туралы» Заңын, басқару және бақылау қызметі негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлаудың қазіргі әдіс-тәсілдерін, бақылаудың теориялық негізін, бөбекжай-бақша дамуы үшін нормалық-құқылық база жағдайын, бөбекжай-бақшаның материалдық жағдайын (бары, пайдалануы, дамуы), санитарлық-гигиеналық жағдайларының деңгейін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет