Бекітемін «Раййан» бөбекжай-бақшасы» жшс атқарушы директоры Стамқұл С. Б. Ағылшын тілі мұғалімінің лауазымдық міндеттері


Мектепке дейінгі мекеме музыкалық жетекшісінің



бет3/9
Дата09.05.2022
өлшемі32,84 Kb.
#33470
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Мектепке дейінгі мекеме музыкалық жетекшісінің

лауазымдық міндеті.
1. Педагог қызметкерлер еңбек тәртібін сақтауға, әкімшілік үкімін дер кезінде және дәл

орындап отыруға, оқу-тәрбие жұмыстарын, оның тиімділігін арттыруға, техника, өрт

қауіпсіздігін сақтауға, жұмыс орнында санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауға

міндетті.

2. Жұмыс ұжымында еңбек тәртібін бұзуға төзбеушілік, еңбек міндеттерін адал орындап,

қызметкерлерге қатаң жолдастық талап қою жағдайы жасалады. Адал еңбек еткісі

келмеген педагог қызметкерлер жөнінде қажет болған реттерде тәртіптік және

қоғамдық ықпал жасау шаралары қолданылады.

3. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына

сәйкес жұмыс жүргізеді.

4. Стандартқа сәйкес балаларға музыкалық тәрбие беру мен эстетикалық дамуды іске

асырады.


5. Музыкалық сабақтар, балалар мерекесімен басқа да мәдени-көпшілік іс-шараларды

ұйымдастырады.

6. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды.

7. Таңғы гимнастиканы, дене шынықтыру сабақтарын, спорттық тынығу мен ойын-

сауықтарды ұйымдастыруға қатысады.

8. Балалардың ойын қызметін ұйымдастыруға атсалысады, түрлі музыкалық-

дидактикалық ойындар өткізеді.

9. Балаларға би үйретеді.

10. Педагогикалық кеңестерді дайындауға қатысады, әдістемелік бірлестіктің жұмысына

атсалысады.



  1. Мұғалімнің жұмысына байланысты мәселелерді қарау оның тікелей қатысуымен өткізіледі. Егер 3 рет келмеген жағдайда ұжымның шешімімен мәселені қарауға болады.

12. Мұғалім баланың жыл бойы дене дамуының оң динамикалық нәтижелеріне қол

жеткізуге міндетті .

13. Мұғалім педагогтік әдептілік нормаларын сақтауға, өзін мәдениетті ұстауға, талапқа

сай киінуге міндетті және жауапты.

14. Мұғалім бөбекжай-бақшада сабақтан тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға міндетті.

15. Балалармен жұмыс істеуде озық тәжірибе енгізеді.

16. Балаларға музыкалық тәрбие беру мәселелері бойынша ата-аналар мен тәрбиешілерге

кеңес береді.

17. Бөбекжай-бақша тәрбиеленушілерінің музыкалық даму деңгейлерін бақылап отырады.

18. Кесте бойынша қатаң түрде медициналық тексеруден өтеді.

19. Жұмыс күнінің ұзақтығы 7.12 сағат 8.00-16.12 дейін

20. Баланың өмірі мен денсаулығын сақтауды өз жауапкершілігіне алады.




Бекітемін

«Раййан» бөбекжай-бақшасы» ЖШС

Атқарушы директоры

___________Стамқұл С.Б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет