Бекітемін «Раййан» бөбекжай-бақшасы» жшс атқарушы директоры Стамқұл С. Б. Ағылшын тілі мұғалімінің лауазымдық міндеттері


Мектепке дейінгі мекеме дене шынықтыру нұсқаушысының



бет2/9
Дата09.05.2022
өлшемі32,84 Kb.
#33470
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мектепке дейінгі мекеме дене шынықтыру нұсқаушысының

лауазымдық міндеттері.



  1. Педагог қызметкерлер адал және шын ниетпен жұмыс істеуге, еңбек тәртібін сақтауға, әкімшілік үкімін дер кезінде және дәл орындап отыруға, оқу-тәрбие жұмыстарын, оның тиімділігін арттыруға, техника, өрт қауіпсіздігін сақтауға, жұмыс орнында санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауға міндетті.

  2. Жұмыс ұжымында еңбек тәртібін бұзуға төзбеушілік, еңбек міндеттерін адал орындап, қызметкерлерге қатаң жолдастық талап қою жағдайы жасалады. Адал еңбек еткісі келмеген педагог қызметкерлер жөнінде қажет болған реттерде тәртіптік және қоғамдық ықпал жасау шаралары қолданылады.

  3. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жұмыс жүргізеді.

  4. Стандарт талаптарына сай салауатты өмір салтының маңызын түсініп, оны балаларға үйретеді.

  5. Ойын сабақтар, балалар мерекесі, спорттық жарыстар мен басқа да мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады.

  6. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді, спортқа бейім балаларды анықтайды.

  7. Таңғы гимнастиканы, дене шынықтыру сабақтарын, спорттық тынығу мен ойын-сауықтарды ұйымдастырады.

  8. Балалардың ойын қызметін ұйымдастыруға атсалысады, түрлі қимылды-спорттық ойындар өткізеді.

  9. Педагогикалық кеңестерді дайындауға қатысады, әдістемелік бірлестіктің жұмысына атсалысады.

  10. Мұғалімнің жұмысына байланысты мәселелерді қарау оның тікелей қатысуымен өткізіледі. Егер 3 рет келмеген жағдайда ұжымның шешімімен мәселені қарауға болады.

  11. Балалар мен жұмыс істеуде озық тәжірибе енгізеді.

  12. Балаларды спортқа бейімдеу мәселелері бойынша ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңес береді.

  13. Бала денесін дамыту мен сауықтыру бойынша өзінің іс-әрекетін отбасымен ынтымақтастық негізінде құрады.

  14. Мұғалім баланың жыл бойы дене дамуының оң динамикалық нәтижелеріне қол жеткізуге міндетті

  15. Мұғалім педагогтік әдептілік нормаларын сақтауға, өзін мәдениетті ұстауға, талапқа сай киінуге міндетті және жауапты.

  16. Мұғалім бөбекжай-бақшада сабақтан тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға міндетті.

  17. Кесте бойынша қатаң түрде медициналық тексеруден өтеді.

  18. Баланың өмірі мен денсаулығын сақтауды өз жауапкершілігіне алады.



Бекітемін

«Раййан» бөбекжай-бақшасы» ЖШС

Атқарушы директоры

___________Стамқұл С.Б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет