Психолог мына міндеттерді орындайды:
Білім алушылардың психологиялық және әлеуметтік игі ахуалын сақтауға бағытталған кәсіби қызметті іске асырады.
Түрлі профильдегі және бағыттағы психологиялық диагностикалар өткізеді.
Педагогикалық ұжымды, ата-аналарды тәрбиеленушілердің тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша бағыттау мақсатында, зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды.
Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамытушы және түзетуші бағдарламаларды, білім беру қызметін жоспарлау мен әзірлеуге қатысады.
Баланың дамуындағы психофизиологиялық ауытқу дәрежелерін анықтайды, психопедагогикалық түзету жасайды.
Әлеуметтік бейімделудің пайда болуын профилактикалау шараларын жүргізеді, білім алушының дамуына кедергі жасайтын факторларды, түрлі психологиялық көмектер көрсету шараларын қолданады.
Педагогтарға психологияны іс жүзінде қолдану мәселелері бойынша кеңес береді, педагогтар мен ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құдыреттілігін арттыруға ықпал етеді.
Белгіленген үлгіде құжаттама жүргізеді.
Ішкі еңбек тәртібі ережесін, бөбекжай-бақша жарғысы талаптарын сақтайды.
Жауапкершілігі.
Психологқа бөбекжай-бақша меңгерушісінің алдында мынандай жауапкершілік жүктеледі:
Жүктелген міндеттерді орындамағаны; жарғының, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің, ҚР-ның заң шығарушылық актілерінің, басқа жергілікті-құқықтық актілердің, лауазымдық нұсқаудың белгісіз себептермен орындалмауы.
Кәсіби қызмет үшін пайдалануға берілген құндылықтар, аспаптар және басқа материалдар, жабдықтар, мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету.
Педагогтар мен балалардың құқы мен бостандығының бұзылуы.
Психологиялық жұмысты, инновациялық қызметті, өзін-өзі жетілдіру бойынша жұмыстарды нашар ұйымдастыруы.
Лауазым бойынша өзара байланыс және өзара қарым-қатынас
Психолог:
Бөбекжай-бақша меңгерушісі бекіткен, жұмыс күні тәртібімен график бойынша жұмыс істейді.
Бөбекжай-бақша әдіскерімен, медициналық қызметкерлермен, тәрбиешілермен, пән мұғалімдерімен өзара байланыс жасайды; басшылықпен, тәрбиешілермен ақпарат алмасады, бөбекжай-бақша меңгерушісіне кезең бойынша өз қызметі туралы есеп береді.
Белгіленген үлгіде кезең бойынша өз қызметін өз бетімен жоспарлайды.