Мектепке дейінгі мекеменің шаруашылық істер жөніндегі орынбасарының
лауазымдық міндеттері
1.Жалпы ереже
1.1. Шаруашылық істер жөніндегі орынбасары қызметіне жоғары
педагогикалық немесе инженерлік-педагогикалық білімі бар, қызмет стажы
3 жылдан кем емес маманды бөбекжай-бақша меңгерушісінің ұсынысымен
тағайындайды және босатады.
Шаруашылық істер жөніндегі орынбасар тікелей бөбекжай-бақша меңгерушісіне бағынады.
Шаруашылық істер жөніндегі орынбасарға бөбекжай-бақшаның кіші қызметкерлері бағынады.
Өзінің қызметінде ол ҚР Конституциясы мен заңдарын, ҚР Үкімет пен білім министрлігінің қаулы-қарарлары мен шешімдері, ҚР «Еңбек туралы» Заңы мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы ережелерді, бөбекжай-бақша жарғысын жеке еңбек шартын басшылыққа алады.
Құқығы
Бөбекжай-бақшаның шаруашылық істер жөніндегі орынбасары өз қызмет бабы шегінде құқылы:
Өз қарамағындағы кіші қызметкерлерге орындалуға міндетті бұйрықтар беруге.
Қызметкерлерден керекті құжаттарды, мәліметтерді, түсініктемелерді талап етуге.
Еңбекқорлығымен көзге түскен қызметкерлерді марапаттау, өз ісіне салғырт қарағандарға шара қолдану туралы бөбекжай-бақша меңгерушісіне ұсыныстар жасауға.
Достарыңызбен бөлісу: |